Дағдарыс мәдениет саласына қаншалықты әсер етіп отыр? Шоу бизнес өкілдері салқынын сезе бастадық дейді. Ал, көпшілігі мемлекеттен қаржыландырылатын, шығыны көптеу театрлардағы жағдай қандай? Жалпы театрды бизнес көзі ретінде қарастыруға болады ма? Бұл туралы 7kun.kz еліміздегі театр басшыларынан сұрап білген еді.
Қазақстанда қазіргі кезде ресми тiркелген, мемлекет қаржыландыратын 55 театр жұмыс iстейдi. Ашылып, жабылып жататын жекеменшік театрлардың саны белгісіз. Мемлекеттік мәдениет ошақтары дағдарыс бізге әсер ете қоймайды, дейді. Әрі олар театр бизнес көзі болмайды дейді. Ал жекеменшік театрлардың басшылары дағдарыс салқынын сезіне бастадық, қазір концерттен табыс тапқанымызға емес, шығынсыз өткергенімізге қуанамыз деп отыр. Дағдарыстың әсері тимесе театр бизнес көзі бола алады дейді олар. Асылбек Боранбай- «ТТТ» театрының директоры: Бізге тек экономикадағы ғана емес көрермендер дағдарысы да әсер етіп жатыр. Ресейде халық театрды өздері іздеп келеді, билеттің бағасы нақты белгіленген. Ал қазір біз концерт қоямыз десек, соншалықты бір табыс тапсақ деген үміт болмайды. Қарызданбай, аман-есен өткеріп шықсақ деген ой ғана тұрады. Мұның өзін дағдарыс тигізген бірінші әсер десек те болады. Халықтың қымбат билет алатын жағдайы жоқ.Қазір біз Республика сарайында концерт беруден қорқамыз. Өйткені оның арендасының өзі 5 млн теңге. Жарығы 2000 доллар, сахнаны безендіруге кем дегенде 2000 доллар керек.Бір концерт қою үшін қыруар қаржы керек. Көрерменіңді жоғалтпау үшін сапалы қойылым керек. Республика сарайына бару өте қиын. Жалға алу бағасы - 5 млн теңге. Қосымша жарығы үшін 2000 доллар, залды безендіру үшін тағы 2000 доллар төлеу қажет. Әртістердің киімі мен сатып алатын шығармалар бар. Барлығын есептегенде 10 000 мың доллардай болады. Мемлекет немесе қалалық әкімшілік тарапынан ешқандай жеңілдіктер болмайды. Тіпті мемлекеттік деңгейдегі сатира театры да жоқ. Бір Мәскеудегі 500 театрдың 100-і сатиралық және олардың барлығында қолдау бар. Бізге өте қиын. Тым болмаса жалға алу бағасын төмендетіп берсе дейміз. Менің театрымда 9-10 адамдай жұмыс істейді. Жалақыны тек гастрольдік сапардан, концерттен табамыз. Облыс сахналарына да қаншама қаржы беру керек. Осы жалға алғаныңа байланысты билет бағасын белгілейміз. Егер көрермен толық келетін болса, шығынды жабады. Дегенмен бізде билет бағасы қолжетімді. Ең қымбат билет - 5000 тг. Өткенде Е.Петросян концертін қара едім. Ең қымбаты 30 000-40 000 тг тұрады. Қазір театр саны көбейіп жатыр. Бірақ дәл мынадай жағдайда театрды табыс көзіне айналдырып, бизнес жасау мүмкін емес. Өзім де байып кетейін деп театр ашқаным жоқ. "Өнер қырандары" театрының директоры Мадияр Серікбаев: Қазіргі кездегі дағдарысты енді-енді сезіп жатырмыз. Жақында облыстарды аралап, гастрольдық сапарға шықтық. Барлығының көруге деген ынта-жігер, бірақ сол келуі сиреп қалған. Ұйымдастырудың қымбаттауы да концертті қоюға әсер етеді. Әзірше гастрольдік сапарда шыққан шығындар өзін-өзі жауып келе жатыр. Өзімізде асыра сілтеуге ұмтылмаймыз, жоспарлағанымыздай болады. Театрдың шығынын өтеуі өте қиын. Әсіресе, "Өнер қырандарының" шығыны көбірек. Театрдың реквизиті көп, костюм мен гримге көп мән береміз. Сахнаны әрлеуге де көп күш салынады. 100 пайыз ақтап шығады деген сенім жоқ, әзірге. Қаржыландыруда өз мойнымызда. Қарызға алатын бір-екі ағаларымыз бар. Концертке дейін аламыз, кейін қайтарымыз. Ал енді тек өз қалтамыздан шығаруға тырысамыз. Алматыда өткен концерттің өзіне 5 млн теңгеге жуық қаржы кетті. Оның өзі орта есеп. Шын сапалы дүние жасаймын десең, қаржы көбейе береді.
Театрға күнде сұраныс жоқ, гострольдер болмаca, оның өзі шығынБылтыр бір қарындасымыз ұйымдастырушы болды бізге. 2-3 жерге апарған соң, енді театрға жоламаспын деп кетіп қалды. Топырлаған адамның тамағы мен жатын орнын тауып беруі ең қиын екен дейді. Шынында, театрға тек төзімді адамдар керек. Халықтың сұранысында болсаң ғана, табыс табуға болады. Қазір дағдарыс салдарынан Алматы облысындағы гастрольдік сапарларымызды тоқтаттық. Халық есін жиып алғанша, ол да дұрыс шығар. Бізге де бірнеше жігіттер келгісі келеді. Бірақ олардың ай сайынғы жалақысын төлеп отыратындай мүмкіндігіміз жоқ. Жекеменшік театр иелерінің айтуы бойынша, негізгі шығын - залды жалға алу мен декорацияға жұмсалады. Мемлекет тарапынан қолдау мен жеңілдіктердің болмайтындығын тілге тиек етеді. Ал тікелей мемлекеттік театр иелері әзірге аса қатты мұқтаждық көріп отырған жоқ. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры - Ерлан Біләл: Әрине, дағдарысқа байланысты қаржының жетпейтіндігі рас. Бірақ жоспардан қалып жатқанымыз жоқ, барлығын орнымен жүріп жатыр. Қазір дағдарыс келді деп қол қусыратын уақыт емес. Керісінше келген қиыншылықтан қалай құтылудың жаңа жолдарын іздеу керек. Мемлекет қолдауынан бөлек, театр қосымша табыс табуға болады. 20 жыдық тарихы бар "Сезам" театрымен келісіміміз бар. Жаңа жыл кезінде бірге жұмыс істеп, сахнамызды береміз. Ал театр билеттерінің құны тұрақты. Бұрын енді 150 теңге мен 1000 теңгенің арасында болатын. Қазір 400 бен 2000 теңгенің арасы. Тұсакесер кезінде билет 2500 теңгеге дейін барады. Дегенмен, Мәскеу театрларымен салыстырғанда бұл түк емес. Олардағы билеттің орташа бағасы 10 000-нан жоғары. Залда көрермен лық толы отырады. Театрға ең алғаш келгендегі табысым 25000 теңге болды. Сондықтан қазіргі жағдайымызға тәубә деймін. Жалғас Толғанбай - М. Әуезов театрының актері: Дағдарыс театрдың қойылымдарына ешқандай әсер етіп жатқан жоқ. Біздің алда қойған жоспарымыз бар, сонымен жұмыс істеп келе жатырмыз. Әзірге байқалып тұрған жоқ. Қазір тек жұмыс істеуіміз керек. Өзіміздің тапқан табысымызға өмір сүруді үйренуіміз керек. Дағдарыстың бізге үйретері де болды. Осыған дейін арқасын кеңге салып жүрген халық жиналып, тойды да азайтты. Қазір бір жалақыға өмір сүре алмайсыз. Киноға, жарнамаға түсеміз, той бизнесі де бар деген сияқты. Бірақ сырттан тапқан табыстан гөрі, театрдан тапқан қаражатымның бір берекесі болады. Ғ.
Жұлдыз Ерік "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024