Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Brent маркалы мұнай бағасы 36,17 долларға арзандады

Brent маркалы мұнай бағасы 36,17 долларға арзандады

Brent маркалы мұнай бағасы дүйсенбі күні 36,17 долларға арзандады. Мұндай көрсеткіш соңғы 11 жылда мұнай нарығында тіркелмегендіктен рекордтық деңгей болып отыр, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Brent маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерсі дүйсенбі күні 0,68 долларға(1,84%) арзандап, барреліне 36,2 болды. Бұдан бұрын сауда кезінде баға 36,17 доллар болған. Бұл көрсеткіш 2004 жылдың 13 шілдесінде тіркелген. Жұма күнгі сауда кезінде Brent  маркасы 0,18 долларға(0,49%) арзандап, 36,88 доллар болды. WTI мұнайының фьючерс белгіленімі Америка қор биржасында(NYMEX) дүйсенбі күнгі саудада 0,34 долларға түсіп (0,94%), баррелі  - 35,72 долларды құрады. Фото: money.caravan.kz

Похожие материалы