Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Білім беру несиесі туралы не білу керек?

Білім беру несиесі туралы не білу керек?

Білім алу аз қаржыны талап етпейді. Алайда ЖОО-ына түсе алмаған жас түлекті не ақылы оқи алмайтын жастар тағы бір мүмкіндік бар екенін естен шығармаған жөн. Ол - білім несиесі. 7kun.kz білім несиесі туралы және оны алу тәсілдері туралы толықтай түсіндіреді.

Оқуыңызды қаржыландырудың негізгі 3 түрі бар:
  • мемлекет есебінен – мемлекеттік білім гранты және мемлекеттік білім несиесі, жоғары оқу орнының өз гранты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың гранттары мен стипендиялары және т.б.;
  • мемлекеттік емес қаржы көздері – атаулы стипендиялар, халықаралық ұйымдардың гранттары, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың жеке гранттары, түрлі қорлардың демеушілік көмегі және т.б.;
  • жеке қаржы есебінен – өз қаржысы, банк несиесі.
Мемлекеттік білім несиесі білім ақысын төлеу үшін конкурстық негізде беріледі. Несие алушы, жоғары оқу орны және банк арасында үшжақты келісім жасалады. Онда мына мәселелер қарастырылады:
  • толық оқу мерзіміне төлейтін несие көлемі;
  • несиенің берілу мақсаты;
  • несиені беру шарттары мен оны өтеу мерзімдері;
  • тараптардың міндеттері, оның ішінде несиені алушының несиені қайтару жөніндегі міндеттемелері (тұрақты табыс көзі бар бір немесе бірнеше жұмысқа қабілетті адамның немесе заңды тұлғаның сенім білдіруі).
Оқу бітіргеннен кейін банк Сіздің оқуыңызға жұмсалған бюджеттік қаржылардың жалпы сомасын көрсетіп, хабарлама береді. Ал мемлекет кепілдігімен берілетін несиенің әдеттегі тұтынушылық несиелерден айырмашылығы неде? - пайыздық мөлшерлемесі нарықтық мөлшерлемеден төмен – 15 %-дан, кепілзатсыз несиелердің мөлшерлемесі 28% және одан да жоғары; - несие мерзімі ұзақ – 12 жылға дейін, кепізатсыз несиелер ең ұзақ дегенде 3-5 жылға дейін; - кредиттің сомасы шектеусіз, бастысы жалпы оқу құнынан аспауы қажет. - оқу кезеңіне және оқуды бітіргеннен кейін 6/12 айға несиені өтеу мерзімі ұзартылады, кепілзатсыз несиеде оны өтеу бойынша мерзім ұзартылмайды. Білім несиесін төмендегі үш банктен ала аласыздар. Олар: 12583965_764358473694499_1193086451_n (1) 12499520_764359377027742_317671133_oҚарыз алу үшін артықшылықтар
  1. Несие талапкердің/студенттің өзіне ресімделеді, яғни оқыту бойынша жауапкершілік талапкердің/студенттің ата-анасынан өзіне  ауыстырылады;
  2. Оқыту барлық деңгейлері: бакалавриат, магистратура, докторантура, техникалық және кәсіби білім;
  3. Оқытудың барлық нысаны: күндізгі, cырттай, күндізгі, кешкі, қашықтықтан;
  4. Несиенің жоғары мерзімі;
  5. Қарыз бойынша сыйақының оңтайлы мөлшерлемесі.
  6. Несие сомасын өтеуді студент оқығанда және оқуды аяқтағаннан кейін 6 ай мерзімге ұзарту.
  7. Несие сомасы шектелмеген, бастысы оқу құнынан аспаған.
  8. Қарыз алушы несие сомасын  «қолына» алмайды. Несие сомасы оқу орнының есеп шотына әр семестр сайын білім алушының қажеттілігіне қарай беріледі;
  9. Несие барлық колледждерде және ЖОО оқу үшін Қазақстанның әр ірі қалаларының банк-серіктестері бөлімшелерінде беріледі.
Несие алу үшін қадамдар:
  • Кеңес алу үшін «Қаржы орталығы» АҚ немесе несие беретін банкке барасыз;
  • Қажетті құжаттар түгенделіп, банкке өткізіледі;
  • Банктің және Қаржы орталығының оң шешімінен кейін несие сомасы оқу орнының есебіне жүзеге асырылады
Қарыз алушыға қажетті құжаттар пакеті: жеке куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат, соңғы сессия үшін транскрипт немесе талапкерлер үшін ҰБТ сертификаты (нотариалды расталған көшірме), оқу кезеңі үшін құнын көрсетумен төлемге шот немесе білім қызметтерін алуға шарт, банк талаптары жағдайында өзге құжаттар, кемінде 18 жастағы қарыз алушыға қарыз алуға ата-анасының нотариалды расталған келісімі  (ресми қамқоршылар). Қоса қарыз алушыға: жеке куәлік, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын құжат, табыстар туралы жұмыс орнынан анықтама, соңғы 6 ай үшін зейнеткерлік шоттан көшірме, банк талаптары жағдайында өзге құжаттар мүмкін.

Егер қарыз алушы қарызды жаппаса не болады ?

Егер ЖОО аяқтағаннан кейін белгілі бір уақыт ішінде қарыз алушы қарызын жаппаса не болады? Мерзімін өтеуді кейінге қалдыру мүмкін бе? Әлеуметтік сипаттағы қандай да бір жағдайлар назарға алына ма?

Банктер несиені ұсынғанда қайтарудың нақты мерзімдері мен шарттарын көрсетеді. Қарызды қайтару да арнайы шарт бойынша жүзеге асырылу қажет.  Білім несиелерінің артықшылықтарының бірі - негізгі қарызды өтеуге жеңілдікті кезеңді ұсыну. Білім несиелерін кепілдендірудің стандартты бағдарламасы бойынша жеңілдік кезең уақытында қарыз алушы ай сайын банкке тек пайыздарды ғана төлейді. Ал жеңілдік мерзімі біткен соң негізгі қарызды өтеу басталады.

Қарыз төлеуші қаржысын банкке өтемесе, банк  Қаржы орталығына арнайы хабарлама жібереді. Қаржы орталығы банкке кепілдік міндеттемелер сомасын төлейді. Енді қарзы өтеуді өндіріп алу құқығы банктен Қаржы орталығына өтеді. Яғни қарыз төлемеген адамға орталық еліміздің заңнамаларына сәйкес арнайы шаралар қолданады.

Жұлдыз Ерік "7"

Қосымша деректер "Мемлекеттік қызметтер және онлайн" сайтынан алынды. Фото:cnn.com

Похожие материалы