Экономика
Доллар бағамы 376 теңге болды
2016 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 376 теңге болды. Бұл туралы биржа сайты хабарлады.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 376 теңгені құрады. Максималды курс — 376 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 376 теңге болды.
Таңғы сессияда сауда көлемі 800 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 1.
Алматы қаласындағы (15:47) ақша айырбастау бөлімшелерінде доллар 378 теңгеден сатылуда. 20 қаңтардағы доллардың ресми бағамы 377,10 теңге болды.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Фото:kapital.kz