Экономика
Теңге сауда апталығын күрт нығаюмен бастады
2016 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 371,10 теңге болды. Бұл туралы биржа сайты хабарлады.
Бұл көрсеткіш 22 қаңтар күнгі таңғы сессия көрсеткішімен (380,80) салыстырғанда 9,7 теңгеге нығайды.
Доллардың орташа бағамы 372,80 теңгені құрады. Сауда-саттық көлемі - 201,3 млн доллар. Келісімшарт саны -81.
Ақша айырбастау орындарында долларды 372-375 теңге аралығында сатып жатыр.
Фото:news.caravan.kz