Пекин, Шанхай, Гуанчжоу және Шэньчжень тәрізді Қытайдың бірінші деңгейлі қалаларындағы мүліктің бағасы бұрынғы дәрежесіне қайтып келді. Нью-Йорк, Лондон және Гонконг сияқты әлемдегі ең қымбат қалалармен салыстырғанда, бұл қалаларда бір үйге деген сатып алушылар саны бір жарым есе көп. Осы тұрғын үй нарығындағы қысымды азайту үшін Қытайдың төрт бірінші деңгейлі қалаларында ғана емес, бүкіл аймағында тез орын алып жатқан урбанизацияны басқарудың жақсы жүйесі керек.
Әрине, бірінші деңгейлі қалаларда ең өзекті мәселелердің бірі тұрғын үйлермен байланысты және қала басқармасы нарықты реттеу үшін көп күш жұмсайды. Пекинде, мысалы, инвестиция жасау мақсатымен сатып алынатын екінші пәтер үшін алғашқы жарнаның мөлшері оның бағасының 80 пайызына дейін көтеріліп, резидент еместерге мүлдем мұндай инвестиция жасауға тыйым салынды.
Бірақ бұл жай ғана уақытша шешім болып табылады. Мәселені ұзақ мерзімде шешу үшін, үкімет тұрғын үйге деген сұраныстың жоғары екенін және шектеулі ұсыныс жағдайында өсіп жатқанын ескеруі керек. Бұл жағдай жақсы қоғамдық инфрақұрылым бар, экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізе алатын қалаларға жиі жас талантты қытайлардың тез өскен ағынының салдарынан туындаған. Шешім қабылдайтын жауапты органдар урбанизацияны қадағалау барысында мемлекеттік бақылау мен нарықтық күштер арасындағы тиісті тепе-теңдікті анықтауы керек.
Қазіргі уақытта урбанизация қысымын қытай қалаларының 600-ның 100-і сезінуде, ол жерде халықтың жалпы санының 52,8 пайызын құрайтын 714,3 млн тұрғындар орналасқан. 2016 жылы олар Қытайдағы ЖІӨ-нің 75,7 пайызын құрады. Осы 100 қалалардың алтауында өткен жылда ЖІӨ 10 пайыздан жоғары болды, салыстырмалы түрде ұлттық орта деңгей 6,7% болды. 82 қалада ЖІӨ өсімі 6,7% және 10% аралығында өсті; тек 12 қалада 6,7 пайыздан төмен өсті.
Мүмкін одан да айтарлықтай маңызды факт ретінде, 33 қытай қалаларында жан басына шаққандағы ЖІӨ 12,475 доллардан асқаны болар, ал бұл Дүниежүзілік банк стандарттары бойынша, олардың жоғары табыс дәрежесіне жеткенін білдіреді. Төрт жыл бұрын тек 16 қытай қалалары осы деңгейден асып өткен еді. Осы жоғары табыс қалаларындағы урбанизация, бірінші деңгейлі қалалардың тәжірибесіне қарағанда, Қытайдың керемет даму тарихын жалғастыру жолдары туралы көбірек құнды деректер беруі мүмкін.
Қытайдың эволюциялық экономикалық өсу моделі: Фошань тарихы атты жаңа кітап (біздің біреуіміз авторлар қатарында болған), сол қалалардың бірі бойынша тақырыптық зерттеулер ұсынады. Соңғы жылдары, Фошань Гуанчжоу, Гуандун провинциясының астанасынан тыс ауылдық округтен Қытайдағы ең серпінді дамып жатқан индустриялық қалаға айналды, онда 2016 жылы жан басына шаққандағы табыс 17, 202 долларға жетті, ал Бейжіңте 16,624 және Шанхайда 16,251 доллар болған. 2015 жылы, Фошаньдағы ЖІӨ 8,3% -ға өсті, ал Бейжіңде 6,7% және Шанхайда 6,8% болды. Қала ЖІӨ-нің 60 пайызын өнеркәсіп өндірісі құрайды.
Сонымен қатар, шектен тыс борыш үлкен алаңдаушылық тудыратын елде, 2011 жылы Фошаньда борыштың ЖІӨ-ге коэффициенті тек 85% құрады, ал бұл ел бойынша 121% болған орта көрсеткіштен әлдеқайда аз. Фошаньдағы жедел ЖІӨ өсімі Қытайда ең жылдам болды, ол тиісті жергілікті үкімет қолдауымен болған жеке сектор қаржыларының арқасында жүзеге асты. Сондықтан ол борышқа емес, өзін-өзі қаржыландыруға тәуелді болды. Сол сияқты, Фошаньда ЖІӨ-нің 30-40 пайызына дейін құрайтын негізгі қаржыландыруға жеке сектор инвестицияларының үштен екісін жұмсалған.
Фошань қаласының даму стратегиясы оны Меруерт өзенінің дельтасындағы өркендеп дамып келе жатқан аймақтың жеткізу тізбектеріне енгізуге бағыттылған, осылайша бүкіл әлеммен байланысты қамтамасыз етіп, Гонконг, Шэньчжень және Гуанчжоу сияқты жаһандық қалалар қатарында кіреді. Сондай-ақ стратегияға әлемдегі ең ірі жарықтандыру және жиһаз нарықтарын құру үшін мамандандырылған секторларында дағдыларды дамытып, әлеуетін арттыруда да кіреді.
Фошань қазір көптеген жеке меншік фирмалар мен шағын және орта кәсіпорындар қала бойынша 30-дан астам мамандандырылған индустриялық кластерлерді таратып, жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграцияланды деп мақтана алады. Midea Global, мысалы, тұрмыстық электр құралдарын өндіру және сату бойынша жаһандық көшбасшы болып табылады.
Қала, сондай-ақ әрқайсысы басқалардың салыстырмалы артықшылықтарын толықтыра отырып, осылайша ұжымдық дамуды қолдап отыратындай, көршілес қалалармен де байланыс құрылды. Сонымен қатар, Фошаньнің табысты болуының ең үлкен себебі деп оның Қытайдың басқа қалаларымен болған және ішкі қарқынды бәсекелестікке ықпал етуі болар.
1980-шы жылдардың басында алғашқылардың бірі болып ауылдық кәсіпорындар мен жекешелендірумен эксперимент жасаған қала басқармасы жеке кәсіпкерліктің дамуына үлкен үлесін қосты. Атап айтқанда, олар қолжетімді емес тұрғын үй немесе қажетсіз кеңсе ғимараттарын құруды болдырмай, халық біліктілігін көтеру және қажетті инфрақұрылымды дамытуға қолдау көрсетіп келді. Артық қуат пен тұрғын үй құрылыс нарығындағы қысым көптеген кедергілер жасаған елде, бұл ақылды саясат болды.
Табыс кілті нарықтық сигналдарды тиянықты байқап, сараптай білген басшылықтың икемді тәсілдерінде болды. Мұндай мониторинг арқасында Фошаньнің жергілікті үкіметі жаһандық жеткізу тізбектерінің күрт қайта құрылым өзгертулерін танып және уақытылы тиісті жауап берді, атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету және денсаулық сақтауды жақсартты; осындай әлеуметтік қызметтерді еңбек мигранттарына да көрсете отырып, шамадан тыс ластануды да шешті.
Жергілікті басқару органдары Фошаньнің жеке кәсіпорындарының 2008 жылы басталған қайта құрылымдау қиын процесін аяқтауына да үлес қосқан. Мысалы, керамика өнеркәсібі лас, шығыны тым көп және толымсыз өнеркәсіптен таза, энергияны үнемдейтін салаға айналды және бұл жетістік негізінен қалалық үкімет әзірлеп, енгізіп және қадағалап отырған жоғары стандарттар арқасында болды. Алайда, Солтүстік-Шығыс Қытайдағы жергілікті билік органдары шамадан тыс өндіруді реттеу, артық левередж, жоғары мәміле бойынша шығындар және технологиялық жаңғыртудағы олқылықтарды шешу үшін қажетті құрылымдық реформаларды жүзеге асыруға қарсы күресуін жалғастыруда.
Қытайда қалаларының әлеуеті туралы оқып-түсіну артып келе жатыр. Фошань мысалы дәлелдегендей, қалаларың өсімді қолдау үшін бірегей қабілеті бар, олар оны бәсекелестікті нығайту, инновацияларды дамыту, және ескірген өндірістерді тоқтату, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешу, ластанумен күресу және технологиялық ақауларды басқара алатын еңбек күшін құру арқылы жасай алады. Қытай урбанизацияны басқаруда нарықтық күштерді жеңуге тырыспай, оларға назар аудару арқылы әрекет етіп жатқанда, жүзеге асқан Фошань моделі баға жетпес дәлелдей бола алады.
Авторлар туралы: Эндрю Шэн Гонконг университетіндегі Азия жаһандық институтының құрметті қызметкері және тұрақты қаржы жөніндегі ЮНЕП Консультативтік кеңесінің мүшесі, ал Сяо Гэн, Гонконгтағы Халықаралық қаржы институтының президенті, Гонконг университетінің профессоры болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024