Қазақстан Республикасының егемендік қатынасқа өтуіне байланысты нарықтық қатынастардың қалыптасып, күннен күнге дамуының алғышарты жоспарланған мемлекеттік меншікті жеке немесе ұжымдық меншікке айналдыру қажеттігі болып табылады.
Меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:
- жеке иемдену нысандары;
- ұжымдық иемдену формалары;
- қоғамдық иемдену нысандары жатады.
Осы аталғандардың ішінде меншікті иеленудің ұжымдық нысаны нарықтық экономикадағы қызмет етуші барлық ұйымдасқан серіктестіктер мен акционерлік қоғамдарға тән. Ал өз кезегінде бұл шаруашылық нысандары ұлттық экономика дамуының негізі болып табылады. Сондықтан осы шаруашылық нысандарының меншіктік формадағы қатынастарын, олардың нарықтық сипатта толық қызмет етуін қарастыру және меншік категориясының өзіне тоқталып өту осы тақырыптың негізгі мақсаттары болып табылады.
Осылайша менің курстық жұмысымның тақырыбын «Түрлі меншік және шаруашылық нысандары» деп алдым.
I-тарау. МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ
1.1 Меншік түсінігі және меншік қатынастарының орны
Меншік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізгі бөлігі болып табылады. Меншікті қатынастардың екі тәсілдемесін ажырата білу керек.
Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.
Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сипаттау арқылы сипаттайды. Бүкіл қоғамдық құрылыстың өзегі болып табылатын меншікті келесі 2-ші суреттен көре аламыз.
Меншіктің экономикалық мәні келесідей түсініктер арқылы сипатталады.
- Екі жұп категорияларының өзара байланысы: иемдену және жатсыну;
- Жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
- Өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
- Табыстарды үлестіру тәсілі;
- Субъектілік-объектілік талдау;
- Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету – қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдыруың мүмкін еместігін білдіреді.
- Оқшауландыру – деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамамндануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті.
Қоғамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді. Бір жағынан қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық спатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы – ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
- Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды. Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.
Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді тікелей өндірушілермен өндіріс процесінде, айналым саласын айналып өтіп қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері сипаттайды. Бұл жағдайда, бір адам бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі.
4.Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
- Меншік субъектілері: жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік топ, өндірістік ұжым, халық, басқару органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат, интелект, жұмыс күші болып табылады.
Меншіктің заңдық мазмұны құқықтық өкілдіктермен сипатталады. Меншік құқықтары бұл адамдар арасындағы экономикалық пайдалануына байланысты қалыптасатын билік ету құқықтарының санкцияланған тәртіп қатынастарының жиынтығы.
Меншік құықтарының жүзеге асуы үшін меншік құқықтарының айрықшалануы өте маңызды. Меншік құқықтарының айрықшалануы – бұл меншіктің объектісін, субъектісін және меншік формасына өкілдіктерін анықтау. Жалпы экономикалық теорияда меншіктің толық құқықтар шоғыры 11 элементтен тұрады.
- Иелік ету құқығы, яғни игіліктерге айрықша нақты бақылау жасау құқығы;
- Пайдалану құқығы, яғни игіліктердің пайдалы қасиеттерін өзі үшін пайдалану құқығы;
- Басқару құқығы, яғни игіліктерді пайдалану кім және қалай қамтамасыз ететінін шешу құқығы;
- Табысты алу құқығы, яғни игіліктерді пайдалану нәтижелеріне иелік ету құқығы;
- Егемен құқығы, яғни игіліктерді шеттету, пайдалану, өзгерту немесе жою құқығы;
- Қауіпсіздікке ие болу құқығы, яғни игіліктердің сыртқы орта тарапынан келетін залалдан қорғану құқығы;
- Игіліктерді мұраға қалдыру құқығы;
- Игіліктерді шексіз пайдалану құқығы;
- Сыртқы ортаға зиян тигізетін тәсілмен пйдалануға тыйым салу;
- Өндіріп алу түріндегі жауапкершілік құқығы, яғни игілікті қарызды өтеу үшін өндіріп алу мүмкіндігі;
- Қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқықтылықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін тәртіптер мен институттардың болу құқығы.
Меншік қатынастары – материалдық және материалдық емес ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жүйесі. Егер ресурстарға қол жеткізуден шеттетулер жоқ болса, олар – ешкімдікі емес, ешкімге тиесілі емес, немесе бәріне тиесілі, өйткені оларға еркін қол жеткізуге болады, ал бұлар – бір нәрсе деп айтуға болады.
Меншік объектілері әрқашанда шектеулі болатын экономикалық ресурстар болып табылады. Басқаларды ресурстарға еркін қол жеткізуден шеттету, оларға иелену құқытарын айрықшалауды білдіреді.
Айрықшалаудың мәні мен мақсаты – ресурстарға меншік құқықтарын олардан неғұрлым көп пайда табуға қабілетті, оларды жоғары бағалайтын адамдардың алуына жағдай жасау.
1.2 Нарықтық экономикадағы меншік нысандарының көптүрлілігі
Меншік – тарихи категория. Нақты бір өндіріс тәсіліне тән өндірістік қатынастар сипатына сәйкес, айрықша қасиеттеріне ие меншіктің тарихи типтері ажыратылып жүр. Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының түрлі сатыларындағы қандай да бір меншік типінің шеңберінде иемдену тәсілдерінің айрықшылықтары бар болатындықтан, түрлі иемдену нысандарын немесе меншік нысандарын ажыратады. Оларға:
- жеке иемдену нысандары;
- ұжымдық иемдену формалары;
- қоғамдық иемдену нысандары жатады.
Қандай да бір тип аясында қандай бір түрлер болуы мүмкін. Осылайша:
- Жеке меншік:
- Жеке;
- Жеке еңбектің;
- Жеке капталистік болып бөлінеді.
- Ұжымдық меншік.
- Серіктестіктер;
- Кооперативтік;
- Акционерлік;
- Ортақ өндіріс болып табылады.
- Қоғамдық меншік;
- Жалпы мемлекеттік;
- Муниципалдық болып бөлінеді.
Шаруашылық практика меншік типтерінің, нысандырының және түрлерінің мәнін ажыратуға құрылады. Бұнда меншік қатынастары шаруашылық қызметі ұйымдастырудың қандай да бір нысандарының негізі болып табылады. Олардың арасында диалектикалық байланыс бар. Бір жағынан, экономика құрылымы меншік құрылымына әсер етеді, оның түрлерінің көптігін жүзеге асырады. Екінші жағынан, шаруашыылқ жүргізу нысандары меншік объектәлерін пайдаланумен, сондай-ақ өндірістің техникалық даму деңгейімен анықталады. Меншіктің бір түрінің немесе нысанының негізінде шаруашылық жүргізудің түрлі нысандары қалыптасуы мүмкін, ал бұл бәсекенің негізі болып табылады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.
Рыноктың мәнiн анықтағанда, оның екi жақты мағынасы бар екенiнен бастау керек. Бiрiншiден, рынок (маркет) деген түсiнiк өзiндiк мағынада өткiзу деген түсiнiк, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екiнщiден, рынок - өндiрiс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерiн қамтитын, адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесi. Бұл меншiктiң әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесiн пайдалануға негiзделген, экономкалық iс-әрекеттердiң күрделi механизмi.
Осы рыноктық қатынастардың бiздiң экономикада тез орын алуына жол ашу үшiн рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететiн жалпы шаруашылық шарттарға жол ашумен байланысты:
- Меншiктiң алуан түрлi формаларына (жеке меншiкке кооперативтiк, акционерлiк, мемлекеттiк меншiкке) жол ашу. Бұл шартқа бiрте-бiрте қоғамның әлеуметтiк жағдайлары мен құрылымдық сипатын бұзбайтындай етiп жайлап өту керек;
- Мемлекттiк реттеулердi сақтай отырып, өндiрiстi демократияландыру. Бұл шартта есте болатын жағдай: рынок экономикасы өзiн-өзi толық тиiмдi реттей алатын жүйе болып табылмайды. Рыноктық қатынастарда белгiлi дәрежеде реттеп отыруды қажет етедi.
- Рыноктың үш негiзгi элементiн бiрiктiретiн тауарлар мен қызметтер рыногын, өндiрiс факторларының рыногын, қаржы рыногын бiрiктiретiн рыноктық инфрақұрылымды жасау және оның қызметiн жақарту;
Барлық кәсiпорындар | Мемлекеттiк кәсiпорын | Жеке меншiк | Мемлекет араласуымен | Бiрiккен кәсiпорын | Шетелдiк кәсiпорын | |
ҚР | 182796 | 25661 | 149473 | 1133 | 5089 | 7662 |
Шағын | 163534 | 18204 | 144381 | 708 | 4812 | 7523 |
Орта | 10674 | 6607 | 3975 | 266 | 198 | 92 |
Iрi | 2014 | 850 | 1117 | 159 | 79 | 47 |
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, меншіктің мәні адам өмірінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, яғни ұдайы өндіру қажеттігі болып табылады. Меншік – күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізгі бөлігі болып табылады.
Меншікті қатынастардың екі тәсілдемесін ажырата білу керек. Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар. Екінші тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сипаттау арқылы сипаттайды.
Меншіктің экономикалық мәні келесідей түсініктер арқылы сипатталады.
- Екі жұп категорияларының өзара байланысы: иемдену және жатсыну;
- Жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;
- Өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
- Табыстарды үлестіру тәсілі;
- Субъектілік-объектілік талдау;
Меншік топтастық қызмет негізінде ұжымдық меншік деп аталады. Ол келесідей формалардан тұрады:
- Серіктестіктер;
- Кооперативтік;
- Акционерлік;
Қазіргі кезеңде нарықтық экономикадағы меншік құқығын жүзеге асырудың ең тиімді және кең жайылған түрі акционерлік қоғам болып табылады. Корпорация деп бiр заңды болып бiрлесiп, кәсiпкерлiк қызмет жасау үшiн қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншiгiне құқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлiнедi. Сондықтан корпорацияның иелерi акция ұстаушы, ал корпорацияның өзi – акционерлiк қоғам деп аталады.
Қазіргі шетелдік әдебиеттерде меншік 11 түрлі құқық элементтері арқылы көрініс табады. Оларды жұмыс барысында толық қарастырдық. Егер осы аталған құқық элементерінің толық қанды қызмет етіп, дамуы нарықтық механизмнің және қоғаамның тиімді дамуына әкеледі.
Қазақстанда меншік қатынастарының жаппай дамуы еліміздің егемендігін алып, экономикалық құрылымды жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастағы экономикаға өтуіне байланысты қажеттігінің жоғары болуы көрініс тапты. Елімізде жаппай жекешелендірудің негізінде бүгінгі таңда мемлекеттік меншіктің басым бөлігі жеке меншік формасына немесе корпорациялық меншікке өткізілді. Бұл шаралар өз кезегінде экономикаға оң әсерін тигізіп, нарықтық қатынастардың тиімді дамуына жол ашты. Мұндай меншік формасының нарықты сипатта даму негізінде ел экономикасының экономикалық ашықтығын, инвестициялардың көптеп құйылуын және экономикалық белсенділікті арттырады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- ҚР-ның Азаматтық кодексi. 2000 ж.
- «Акционерлiк қоғам туралы» ҚР-ның заңы. 1998ж. 10-шiлде.
- Указ Президента РК «О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности» от 27.04.98 г. / Биен, 21 мая 1998 г.
- Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика. – М., 1993, гл. 25, 30.
- С.Әкiмбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 446 б.
- Экономическая теория./ А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г.
- Курс экономической теории / Под ред. М.Н.Чепурина, Е.А.Киселевой. – Киров, 1994, гл.13.
- Экономика: Учебник / Под ред. А.С.Булатова. – М., 1995, гл. 12.
- Экономическая теория (политэкономия). Учебник. Под общей ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. - М., 1997.
- К.Б. Блеутаева «Кәсiпкерлiктiң жаңа формаларын ынталандырудағы мемлекеттiң ролi» //Аль-Пари, 2003, №3-4.
- Статистика Казахстана. Алматы, - 2005 г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024