Қазақстан өз дамуының жаңа белестеріне көтерілді. Экономикалық өсудің жоғары қарқыны көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуін жеделдете түсті. Дамудың жаңа тұжырымдамасында сапалық көрсеткіштердің мәні артып, әлемдік деңгейге бағдарланған тұрмыстың әлдеқайда жоғары стандарттары басымдылыққа ие болған. Барынша биік мақсаттарға қол жеткізу қалыпты бола бастады. Әлемдік тәжірибе ресурстық, ғылым мен білімнің, индустриялық әлеуетті жұмылдыру шаруашылық жүргізу ортасының жаңаруын жеделдетіп, бәсекеге қа¬бі¬леттілік деңгейінің артуын, Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүргізу үдерістеріне толыққанды қатысуын қамтамасыз ететінін дәлелдеп берді. Еліміз Президенті “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты биылғы Жолдауында “Біз Қазақ¬стан¬ның жаһандық экономикалық үрдіс¬терге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – ин¬но¬вациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.
Барымызды базарлай білейік Қазақстан көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша әлемде көшбасшылық шептерде тұр. Бұл, ең алдымен, стратегиялық маңызы бар бірқатар шикізат ресурстарының қоры мен өндіру көлеміне қатысты. Жалпы, минералдық-шикізаттық ресурстарды өндіру мен өңдеу 169 елде жүзеге асырылады. Жетекші өнім берушілер қатарында Қытай, АҚШ, Австралия, Канада, Ресей бар. Шикі¬заттық қорларға ие мемлекеттердің бір де бірі, оның үстіне минералдық ресурстарға барынша бай елдердің санатына кіретін Қазақстан секілді мемлекет, оларды өндіруден, өңдеуден және тасымалдаудан бас тартпайды. Әлемде өндірілетін 11 млрд. тонна ми¬нералдардан республикамыздың үлесіне 250 млн. тоннадан астамы келеді екен, мұның өзі оған 11-ші орынды қамта¬масыз етіп отыр. Осы өнімдердің 37 түрі бойынша ол 1-шіден 19-шы орынға дейін алады. Соңғы жылдары негізгі өнім берушілердің әлемдік клубындағы оның орны беки түсті. Жетекші экспорттаушылар қатарын¬да Қазақстан шет елдерге жоғары сұранысқа ие минералдық-шикізаттық өнімдер жөнелтіп отыр, соның ішінде АҚШ-қа – мырыш, рений, бериллий, Германияға – мұнай, Ресейге қорға¬сын, темір рудасын, түйіршіктер жібе¬реміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарына сапары еліміз әлемдік рынокқа шығаратын өнімдер саны жаңа түрлермен молығып, бәсекеге қабілетті кәсіпорындар саны өсе беретінін анық көрсетті. Әлемдік рынокта Қазақстанның 17 компаниясы алғашқы орындарда келеді. “Жезқазғансирекмет” – әлемде радио¬активті осмий шығаратын бірден-бір кәсіпорын, ол рений шығару жөнінен – 1-2-ші орындарда; Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі офлюсті темір рудасы түйіршіктерін өндіру жөнінен – 1-ші; “Өскемен титан-магний комбинаты” АҚ титан губкасын шығару бойынша – 2-ші, алғашқы магний өндіру тұрғысынан – 8-ші; Үлбі металлургия зауыты бериллий өнді¬ру¬ден – 2-ші, тантал өндіруден – 3-ші; Дөң кен байыту комбинаты хром ру¬дасын өндіру бойынша – 2-ші; “Қаз-хром” феррохром шығарудан – 2-ші, ферробалқыма шығарудан – 3-ші; “Қазақстан алюминийі” жоғары таза¬лық¬тағы галлий өндіруден – 3-ші, глиноземнен – 9-шы; “Қостанай мине¬рал¬дары” асбест шығару бойынша – 3-ші; “Қазатомпром” ураннан – 4-ші, отындық таблеткалар өндіру жөнінен – 15-ші; “Қазақмыс” күміс бойынша – 4-ші, шақпақ мыс өндіру бойынша – 10-шы; “ҚазТрансОйл” мұнай тасы¬малы жөнінен – 4-ші; “Қазақстан темір жолы” жүк айналымы бойынша – 5-ші; Жәйрем кен байыту комбинаты марганец рудаларын шығару жөнінен – 5-ші; “Южполиметалл” висмут өндіру тұрғысынан – 6-шы; “Қазцинк” шақ¬пақ мырыш шығару жөнінен – 7-ші, күміс бойынша – 5-ші; “Теміртау Миттал Стил” ақ қаңылтыр өндіру бой¬ынша – 9-шы; “Богатырь Аксес Көмір” көмір бойынша – 11-ші; Соколов-Сарыбай КӨБ темір рудасын өндіру бойынша 14-ші орындарды нық ие¬ле¬ніп тұр. Қазақстан энергия көздері рыно¬гын¬дағы өз мүмкіндігін тиімді пай¬да¬лануда, мұнда оған мұнай өндіруде 19-шы, газ өндіруде 13-ші, уран шығаруда – 3-ші, көмір шығаруда 10-шы орын тиесілі. Бұл ретте республика әлемдік өнім өндірушілер рейтингіндегі өз көрсеткіштерін жылдан жылға арттыра түсуде. Таяудағы кезеңде өндіру бойынша: мұнайдан – 9-шы, газдан – 10-шы, ураннан – 1-ші, көмірден 9-шы орын¬дарға шығу көзделген. Мұндай жетістіктер елді энергия тасымалдаушыларды әлемдік жеткізіп берушілердің жетекшілері қата¬рына шығарады. Республика ірі аграрлық әлеуетке ие болып отыр. Бұл саланың 30 өнімі бой¬ын¬ша ол әлемдік аграрлық рынокта 1-ші¬ден 35-ші орынға дейін алса, соның ішінде 11 өнім бойынша алғашқы он¬дық¬қа кіреді. Астық, ет және сүт өнімдерін өндіру жөнінен Қазақстан аса ірі аграр¬лық ел ретінде жақсы танылмақ. Жыл¬қы¬ның, қой мен ешкінің, сауын сиырлардың саны жөнінен де республика әлемдік көшбасшылардың ондығы қатарында. Еліміз қымыз бен шұбат өндіру жө¬нінен әлемде 1-ші орында, жылқы етінен – 3-ші, қаракөл елтірісінен – 4-ші, қарақұмықтан – 5-ші, күнбағыс майы мен қарабидайдан – 9-шы, қатты бидай, арпа және мал майынан – 10-шы, жүн мен бидайдан – 13-ші, сары май, сұлыдан – 14-ші, мақта мен картоптан – 19-шы, күріштен – 20-шы, маргарин, ал¬мұрт пен жұмыртқадан – 21-ші, алмадан – 22-ші, көкөністен – 25-ші, еттен 29-шы, қант қызылшасынан 35-ші орын алады. Талдау көрсеткеніндей, респуб¬ли¬ка¬ның қажетті агротехника, селекциялық жұмысты жақсарту, екпе дақылдар құрылымын білікті таңдау, ойластырылған инвестициялық саясат жағдайында әлем¬дік рынокта өзінің орнын айтарлықтай нығайтуына, бәсекеге қабілеттілігін арттыруына барлық негіз бар. Қазақстанның көліктік әлеуеті де айтарлықтай. 10 мың шақырымнан асып түсетін газ тасымалдау желісінің жалпы өткізу мүмкіндігі 190 млрд. текше метрге дейін жетеді. Мұнай құбырының ұзын¬дығы 7,4 мың шақырымнан асса, мұнай жөнелту көлемі 40 млн. тоннаға жақын¬дады. “ҚазТрансОйл” және “ҚазТранс¬Газ” компаниялары мұнай-газ ресурс¬тарын тасымалдаушылардың әлемдік эли¬тасына кіреді. Олар тиісінше 4-ші және 11-ші орындарда. Таяу жылдарда бұл көрсеткіштер өсе түсетіні сөзсіз. “Қа¬зақ¬стан темір жолы” жүк тасымалының кө¬лемі жағынан АҚШ-тың, Қытайдың, Ресей мен Украинаның теміржол ком¬панияларынан кейінгі бесінші орынды алады. 2005 жылы тасымал көлемі 226 млн. тоннаға жетіп, жолдардың ұзын¬дығын ескергенде, жүк айналымы 173,3 млрд. т/км құрады. Байланыс саласында елеулі өзгерістер жүріп жатыр, мұнда ең жаңа техноло¬гия¬лар ендірілуде. Цифрлық жүйеге көшу аяқталып, республикалық оптикалық-талшықтық жүйе құрылды. Республика әлемдік коммуникациялардың барлық түріне қатысуда. “KazSat” жер серігінің ұшы¬рылуы ұялы байланыс пен Интер¬нет¬тің дамуына өскелең серпін беретіні сөзсіз. Қазірдің өзінде ұялы байланысты 3,3 миллионнан астам адам пайдаланады.
Жаңа жағдайдағы өсу мүмкіндіктері Экономиканың серпінді дамуы құрылымдық өзгерістермен, жаңа басымдылықты салалардың, өндірістердің, өсу нүктелерінің қалыптасуымен жалға¬сып келеді, мұның өзі толық мәнінде нарықтық ортаға тән болып табылады. Бәсекелестік аясын кеңейту – қоғамдық қызметтің барлық салаларына ынталан¬дырғыш әсер ететін елеулі фактор. Инвестициялардың, халық табысының өсуі жиынтық сұраныстың қарқыны мен ауқымын арттырды. Соңғы бес жылда кедейшілік мәселесі 4 есеге, кедейшіліктің те-реңдігі 3 есеге, ең төменгі күнкөріс өлшемінен төмен табысы бар халықтың үлесі 2 есеге қысқарып, мұның бәрі елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруына ықпал етті. Осы кезеңде тауар айналымы 2,3 есе өсіп, 2005 жылы 1,3 трлн. теңгеге жетті. Тұтыну шығындарының құрылы¬мында азық-түліктік емес тауарлардың үлесі озық қарқынмен ұлғайып келеді. Егер 2000 жылы осындай өнімдердің тауар айналымы азық-түліктік емес тауар айналымынан 1,27 есе артық болса, 2005 жылы бұл айырмашылық 2 еседен астамға ұлғайды. Халықтың банктердегі депо¬зиттері 2002 жылғы 61,4 млрд. теңгеден 2004 жылы 226,2 млрд. теңгеге жетті. Халықтың және банкілік емес заңды тұлғалардың депозиттерінің жалпы мөл¬шері 2006 жылғы сәуірдің аяғында 1 трлн. 856 млн. доллардан асып түсті. Отандық экономикада барған сайын байқалып отырған оң үдерістер қатарында тұрмыс деңгейінің, халық салымдарының тұтынуға кететін шығындардан асып түсуін, тамақтанудағы сапалық өзге¬ріс¬терді атауға болады. Академик Т.Шар¬манов атап көрсеткеніндей, соңғы бес жылда азық-түліктік тауарларға кететін тұтыну шығындарының үлесі үздіксіз төмендеуі жағдайында тұтынатын өнімдер саны 2 есе өскен. Ұзақ мерзім пайда¬ланы¬ла¬тын тауарларды сатып алу көбейіп ке¬ле¬ді. Көрсетілетін қызметтерге кететін шы¬ғындар төрт жылда 2 есе өсіп, 800 млрд. теңгеге жеткен. Соның ішінде жеңіл ав¬токөліктер сатып алу көбейіп, олардың саны 1300 мыңнан асып түскен. Әлемнің көп¬теген жетекші сауда компаниялары Қବзақстанда өз өкілдіктерін ашып, қазір олардың саны 8 мыңнан артық болып отыр. Халық табысының артуымен бай¬ла¬нысты орныққан тұрмыстың жаңа сапасы тұрғын үй рыногын дамытудың жедел¬деткішіне айналды. Мұның өзі құрылысқа қатысты басқа салалардың дамуын же¬делдетті. Бүгінгі таңда құрылыс респуб¬лика¬дағы ең бір қажетті кластердің қалыптасуына жол ашты. Соңғы 3 жылда ғана пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 1,76 есе өсіп, 6,4 млн. шаршы метрге, соның ішінде тұрғын үй қоры 2,3 есеге өсіп, 5 млн. шаршы метрге жетті. Бүгінде құрылыс саласында жұмыс істейтіндер саны 360 мың адам болып, ол аса ірі жұмыс берушіге айналды. Шағын кәсіпорындар саны бес жылда 9 мыңнан асып түсті. Қазір ол еліміз бой¬ынша 3-ші орында, ал жұмыс істеушілер саны жағынан 2-ші орынға шықты. Қарқынды құрылыс цемент, кірпіш, бояулар мен лактар, тұсқағаздар мен паркеттер, жиһаздар мен басқа да қажетті заттар өндіруді ұлғайтты. Сонымен бірге бұл салаға келетін инвестициялар өсе түсті. Екінші деңгейдегі банктерде кре¬диттеу 2003 жылғы 7,7 пайыздан 2004 жылғы 10,7 пайызға дейін өскен. Ипо¬тека, тұрғын үй құрылысының обли¬га¬цияларын шығару дамып, осы салаға тартылған тікелей шетелдік инвести¬циялар 3,3 есе көбейген. Тұтастай алғанда, экономикада соңғы үш жылда 158 тауардың түрі бойынша серпінді өсу байқалып отыр. 2005 жылы ет қалбырларын шығару 155 пайызға, сары май – 140,9, сусындар – 127,5, мата – 155,9, аяқ киім – 177,3, қағаз бен кар¬тон 138 пайызға өскен. Сұйытылған газ шығару – 1,7 есе, мазут – 131 пайыз, газ – 174, мұнай өндіруге қатысты қызметтер – 126,8, мұнай өнімдері – 246 пайызға, пластмасса тұрбалар – 2,5 есе, пластмасса табақшалар – 153, подщипниктер – 128,5, аккумуляторлар 125,5 пайызға ұлғайған. Басқа да өнімдер мен бұйымдар бой¬ынша осындай көрсеткіштерді келтіруге болады. Экономиканың өсуімен бірге экспорт көлемі ұлғайып отыр. Соңғы бес жылда қант пен күкіртті жеткізіп беру 22 есе, темір рудасы мен табиғи газ жөнінен – 10, дизель отыны бойынша – 5, уран мен ұн бойынша 3 есе өсе түскен. Өнеркәсіпте шикізаттық өнімдермен қатар кір жуатын мәшинелер, компью¬терлер, трансформаторлар, сораптар, энергия өлшеу құралдарын шығару тез өсіп келеді. Полиграфияда, баспа ісінде елеулі ілгерілеушілік байқалып, жылдық өсім 128,8 пайызды құрап отыр. Бұл ретте кітаптар мен кітапшалар шығару 2 еседен астамға, газеттер мен журналдар шығару 2,2 есе ұлғайған. Мұның бәрі барған сайын ашық бола түскен ел рыногындағы қатал бәсеке жағдайында қалыптасып отыр. Ішкі рыноктың шетелдік өнім беруші¬лер үшін қолжетімділігі оны әлдеқашан әлемдік рыноктың бір бөлігіне айналдыр¬ды. Соған қарамастан, ең жаңа техно¬логияларды ендіруге, өндірісті халықара¬лық стандарттарға сәйкес ұйымдастыруға баса назар аудара отырып, қатал бәсекелестік жағдайында өз орындарын жеңіп алған отандық бизнестің жетістік¬тері қуантады. Әрине, өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің үлесі әлі де аз, алайда оны кеңейту мақсатындағы нақты қадамдар маңызды болып отыр. Теңізге тікелей шығу мүмкіндігі жоқ Қазақстан көлік шығындарына көп қаражат жұмсайды, мұның өзі отандық өнімнің қажет болу деңгейін төмендетеді. Солай болса-дағы республиканың бірден екі “экономикалық мұхитқа” – қытай және ресейлік орасан зор рыноктарға шы¬ғудың артықшылығына ие болып отыр. Болашағы зор Орталық Азия рыногының да резервтері айтарлықтай. Халық санының аздығын, отандық өндірістің ауқымдылығын ескерер болсақ, еліміздің жаһандық рыноктың осынау жедел даму үстіндегі сегментінде өз қатыстылығын белсенді ете түскенін атап өткен жөн. Бәсекеге қабілеттілік – бұл экономи¬каның сапасы ғана емес, сонымен бірге номенклатурасы, сапасы мен бағасы бойынша жаһандық рынокқа қажетті өнімді өндіре білу қабілеті де. Әлемдік рыноктың үрдістерін, оның сегменттерін тұрақты зерттеу, салыстырмалы түрде айтқанда бос орындарды жедел игеру кәсіпорындардың сыртқы рыноктарға енуіне кепілдік береді. Жоғары икемділік, жеделдік, инновацияшылдық компания¬лар¬дың әлеуеттік мүмкіндіктерін кеңейтіп, өндірістік және сауда-саттық қатынас¬тарына өзара тиімділікпен қатысуды қамтамасыз етеді.
Экономика және білім Осы заманғы білім әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің басты факторына айналға¬нын баршаның мойындап отырғаны белгілі. Жабдықтардың, технологиялар¬дың моральдық тозуы ауқымының, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы жағдайында өндірісшілер өндірісті жедел қайта құрып, басқаруды және бизнес қызметінің тетіктерін жаңартуы тиіс. Сондықтан да өнім шығаруды жедел игеріп, жолға қою, рыноктың басқа сегменттеріне дер кезінде бетбұрыс жасау қабілеттеріне ие білікті менеджерлерге, инженерлерге, технологтарға, маркетолог¬тарға деген сұраныс өсе түсуде. Кең бейіндік әзірліктің және сонымен бірге әлдеқайда нақты маманданудың қажеттігі диалектикалық өзара ықпалдас¬тықта болып, ағартушылық-техникалық қарама-қайшылықтың негізін құрайды. Өндіріс неғұрлым серпінді де саналуан болған сайын солғұрлым мамандықтар көбейе береді. Кейбір мәліметтерге қара¬ған¬да, АҚШ-та олардың саны 22 мың¬нан аса¬ды екен. Бейіндер мен олар¬дың құры¬лымдық элементтерінің саны үнемі өзгеріп, бірі пайда болып, екіншісі қажетсіздікке айналып жататынын ескерген жөн. Отандық экономиканың қайта дәуір¬леуі мен жаңаруын өндіріске жаңа тех¬нологиялардың белсене ендірілуі қамта¬масыз етуде. Ал жаңа технологиялар ескірген әдістер мен әдістемелер бойын¬ша білім алған мамандардың қажеттігін азайтады, бірте-бірте жоққа шығарады. Мұндай мамандардың өз білімін дер кезінде жетілдірмеуі экономиканың серпінді дамуына, прогресшіл құрылым¬дық ілгерілеулерге кедергі келтіреді. Өзінің бәсекелестік ұстанымдарын нығайтуға бағдарланған кәсіпорындар білікті мамандардың жоқтығынан жаңа технологияларды игеруде, қажетті өнімдер шығаруда елеулі қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте еңбек рыногынан кадрлар іздеудің бұрынғы әдістері дұрыс нәтиже бермеді. Бір де бір оқу орны салалар мен өн¬дірістер бейінінің, кәсіпорындардың техникалық-технологиялық деңгейінің өзгеруін толық мәнінде ескере алмайды. Қажетті ақпаратты алу қиындық туғызып отырғанда республиканың жоғары оқу орындарында мақсатты тұрғыда оқытуды жолға қоймау жұмыспен қамтылмаған жастар санын ұлғайтатыны анық. Дамыған елдерде бұл проблеманы шешу үшін өндіріс пен бейіндік оқу ара¬сындағы өзара қатынастың жаңа фило¬софиясына көшкен. Оқу орындары техно¬логиялық дамудың осы заманғы үрдісін, болашақ нұсқаларын ескере отырып, кадрларды кең тұрғыдағы бейіндік даярлауды мақсат еткен. Бір мезгілде студенттер болашақ мамандықты модель¬деуге қатысу ғана емес, сонымен бірге кредиттік технология арқылы өздерінің оқу бағдарламасын әзірлеу мен іске асыруға араласу мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі кезде колледждермен және жоо-лармен ықпалдасатын жүздеген кәсіпорындар жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу мен ендіруге қатысады. Мұндай жұмысты кәсіпорындармен тығыз ынты¬мақтастықта атқаратын оқу орындарының тәжірибесі үлгі етерлік. Ғылыми кеңес¬тердің қызметіне мемлекеттік комиссия¬лардың төрағалары, дипломдық жобалар мен еңбектердің жетекшілері, өндірістік практикаларды ұйымдастырушылар ретінде кәсіпорындардың басшылары, жетекші мамандары қатысуда. Оқу орын¬дарындағы зертханаларды кәсіпорын¬дар¬дың күшімен және солардың қаражаты-мен жарақтандыру мен қайта жабдықтау¬дың тәжірибелері баршылық. Мұндай өзара ықпалдастық кадрларды мақсатты даярлауды, оқу мен болашақ жұмыстың байланысын қамтамасыз етуге, диплом¬дық жобалар мен ғылыми еңбектерді өндірістің нақты проблемаларына бағыт¬тауға, олардың қажеттілігін арттыруға, мұндай еңбектерге қорғау кезінде баға берудегі формализмді еңсеруге мүмкіндік туғызады. 2005-2006 оқу жылында 53 универ¬ситет пен институттың студенттеріне 220 кәсіпорынның тарапынан 4892 грант бөлінген, олардың ішінде “ҚазМұнайГаз” АҚ – 1500, “Теңізшевройл” – 650, “Қазақтелеком” – 500, “Богатырь Аксес Көмір” – 200, “ҚТЖ” – 200, Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі – 160, Агроөнеркәсіптік кешен – 105, “Қазатомпром” 85 грант бөлген. Жоғары мектеп жалпы және арнаулы білім алуды, таңдап алған мамандықты игеру қабілетін қалыптастыруды қамтама¬сыз етеді. Бұлар жұмыс орнының маман¬дануы өзгерген жағдайда айрықша қажет. Жаңа мамандықтар бұрынғыға қарағанда барған сайын интеграцияланған бола түсуде, мұның өзі аралас мамандықтарға немесе қызметтің басқа саласына көш¬кенде біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде елімізде 750 мыңнан астам студент жоғары білім алуда. Студенттер мен оқу орындарының көптігі олардың техникалық жарақтануына, түрлі оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне қатысты қиындықтар туғызуда. Кейбір оқулықтармен қамтамасыз етілу 15 пайыз шамасында болып отырғаны және жағдайдың жылдан жылға нашарлай түсуі алаңдаушылық туғызады. Жоо-лар кейбір оқулықтарды өздері шығаруда. Алайда іргелі білім беретін негізгі оқу құрал¬дарының жетіспеушілігі, содан барып кейбір оқу орындарында студенттердің жадағай түсінік беретін оқулықтарды пайдалануы аз кездеспейді. Өндірістер мен олардағы технология¬лардың жедел өзгеруі ғылыми, техноло¬гия¬лық және ағартушылық ақпараттың ескіру үдерісін айтарлықтай жеделдетіп жіберді. Көптеген оқулықтар баспадан шығу барысында моральдық ескіруге ұшырайды. Ал енді ақпаратты игеру тұрғысында артта қалушылық өндіріске толыққанды қатысуды қиындатады. Қазіргі кезде қашықтықтан оқыту жүйесін, бейне кітапханалар, журналдар жүйесін енгізу ғылым мен білімнің барлық саласындағы ең соны новация¬ларға қол жеткізу мүмкіндігін арттырды. Алайда республика университеттерінің 23-інде ғана электрондық тұрғыдағы 832 оқулықтың бар екендігі алаңдаушылық туғызады. Жаһандық экономика өндіріліп жат¬қан барлық өнімдерге сапасы, бағасы, дер кезінде жаңартылуы тұрғысынан өте қатаң талаптар қояды. Бұған қарсы тұрудың қажеті жоқ және ол мүмкін емес те. Сондықтан да тек қана бәсекелестерді емес, әріптестерді де табуға мүмкіндік беретін әлемдік рыноктың ережелері бойынша өмір сүруді үйренген жөн. Білім стратегиялық дамудың негізін, іргетасын жасауы тиіс. Әлемдік тәжірибені, Қытай, Ресей, басқа да жетекші елдер экономи¬касын жан-жақты зерттеу сауда-саттық-тағы айтарлықтай бос орындарды табуға мүмкіндік беріп, отандық кәсіпкерлік үшін үлкен көкжиектер ашатыны анық. Қазақстанды әлемдік бәсекелестік ортаға кіріктіру ғылым мен білімнің дамуына арқа сүйеуі керек.
Жаңа экономика және инновация Жаңа технологияларды дер кезінде игеру, жаңа тауарлар шығарып, жаңа қызмет түрлерін көрсету бәсекеге қабілеттіліктің айқындаушы факторына айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуырда Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ашқан “Биохим” комбинаты сондай факторлардың бірі болып табылады. Мұнда дәнді дақыл¬дарды терең өңдеу негізінде ТМД елдері бойынша теңдесі жоқ технология іске асырылды. Соның нәтижесінде қазірдің өзінде үлкен сұраныс туғызып отырған, жанар майдың октандылығын арттыратын биотұнба алынатын болды. Мұндай жаңашылдықты еліміздің қазір іске қосылып жатқан көптеген кәсіпорын¬дарынан таба аламыз. Республика өзінің бәсекелік басым¬дық¬тарын нығайтып, геологиялық, тау-кен ісі, металлургия кешендерін барынша дамытуы тиіс, өйткені мұнда елеулі мүмкіндіктер бар. Минералдық ресурстар академиясының президенті, академик Ғ.Бекжановтың пікірі бойынша, Қазақ¬станның жер қойнауындағы мол байлық жоғарыда айтқан салаларда өркендете беруге жағдай туғызады. Табысты реформалардың сенімді негізіне айналған осынау аса маңызды салаға назарды күшейтіп, оны ғылыми-технологиялық дамытуды жаңа тұрғыда қолға алу қажет. Қазақстан экономиканы сапалық жаңартудың жеткілікті әлеуетіне ие. Елімізде озық идеяларды талдап жасауға, соның негізінде осы заманғы технология¬ларды туындатуға қабілетті ғылыми ұжымдар баршылық. Республикада кезін¬де КИВЦЭТ, ПЖВ секілді көптеген әлем¬дік технологиялар өмірге келген. Қ.Сәт¬баев, Д.Қонаев, Ғ.Бекжанов, Д.Соколь¬ский, Ж.Әбішев, С.Тәкежанов, А.Сағынов және басқа әлемдік деңгейдегі көрнекті ғалымдар мен инженерлер Қазақстанның бұл салада алдыңғы шепке шығуына және оның бәсекеге қабілеттілігін қалып¬тас¬тыруға айтарлықтай ғылыми-инженерлік қолдау көрсеткен болатын. Тау-кен ісі, Металлургия және байыту, Химия, Ор¬ганикалық катализ және электр химиясы, Химиялық-металлургиялық және басқа бірқатар институттардағы қуатты ғылыми мектеп бүгінгі күнге дейін өзінің әлеуетін сақтап қана қоймай, оны елеулі түрде арттыра түсті. Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық тех¬никалық университет, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті кен-металлургия кешенінің кадрлық негізін құраған инженерлер даярлауды қам¬тамасыз етіп келеді. Кадрлар даярлау-дан, осы заманғы өндіріс саласын ғылыми ұластырып, әлемдік рынокқа шыққанға және онда алдыңғы қатарлы орындарға ие болуға дейінгі барлық буындар жасақ¬талған. Қазақстанда әлемдік экономи¬ка¬ның алғы шептеріне шығудың, бәсекеге қа¬білетті қуатты сала қалыптастырудың өз тә¬жірибесі жинақталған, мұның өзі елі¬міз¬ге әлемде 11-ші орынды қамтамасыз етті. Ең бастысы – ғылыми өнімді жасау мен іске асыру тәжірибесін жинақтаған адамдар, шығармашылық ұжымдар. Қазіргі кезде 300-дей ұйым зерттеулермен және талдамалар жүргізумен айналысады. Ғылыми қызметкерлер саны 22 мыңнан асып түсті. Зерттеулер мен талдамалар жүргізуге кететін шығын бес жылда 3 есе ұлғайып, 14,5 млрд. теңге болды, ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 18,5 млрд. теңгеге жетті. Соның нәтижесінде 74,7 млрд. теңгеден астам сомаға (ІЖӨ-нің 1,34%-ы) инновациялық өнім жасалды. 32 млрд. теңгеге дейін өскен технологиялық инновациялар шығыны негізінен (90,6%) кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Жаңа экономиканың аса маңызды компоненті – ақпараттық технология жедел дамуда. Оны пайдалану ауқымы барған сайын өсіп келеді. Әу бастан праг¬ма¬тизм өзек болған Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы елдің ақпараттық ресурсын елеулі түрде күшейтуге мүм¬кіндік береді. Бұл саланың серпінділігі, айқын құрылымы алғашқы Жер серігін ұшырғаннан кейінгі жерде ақпараттық қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне шығады деген сенім мол. Жаңа экономиканың дамуында ядролық кластердің маңызы айрықша. Уранның қоры бойынша 2-ші, оны өндіру жөнінен 3-ші, отандық таблеткалар шығару бойынша 15-ші орын алатын Қазақстанның қосымша өндірістер, жетіспейтін буындар құру мүмкіндіктері баршылық. Еліміздің радиофармпрепарат¬тар шығаруды жолға қойып, жан-жақты талқылаудан кейін атом энергиясын өндіруге кірісу мүмкіндігі бар екені де белгілі. “Қазатомпром” әлемдік уран өнер¬кәсібінде ірі өнім берушіге айналды, ол жаңа технологиялар енгізу жөнінен жетекші орындарда келеді. Осындай жағдайда компания әлеуетін шектеуге ұмтылатын бәсекелестер тарапынан келеңсіз баға берушілік көбейіп отыр. Алайда осы заманғы экономика дегеніміз – бұл бәсекелестік күресте жеңіске жететін экономика екенін ұмытуға болмайды. “Қазатомпромның” ақылға сыйым¬ды, мұқият талдаудан өткен өнді¬ріс¬тік, инвестициялық және иннова¬циялық саясаты, әлемдік рынокта өзінің орнын бекемдей түсуі – бәсекелік басымдықтың барлық формаларын кең ауқымда іске асырудың жарқын өнегесі. Қазіргі кезде отандық өндірісті ин¬но¬вациялық дамыту проблемасы ба¬рынша өзекті болып отыр. Нақ осы та¬лап оған бәсекеге қабілеттілік қасиетін дарытып, жаһандық экономикаға қатысуын ұлғайтуды міндет етіп қойып отыр. Еуропа, АҚШ, Азия – әлемдік даму орталықтарының дәйекті буындары. Соңғы онжылдықта Азия өңірінің, әсіресе Қытай, Үндістан секілді елдердің ма¬ңызы күрт арта түсіп, жапон эконо¬микасының серпінділігі қалпына келуде, Вьетнам жақсы қарқын алып отыр. Жалпыға ортақ мойындау бойынша негізгі локомотив ҚХР болып табылады. 1 трлн. долларға жуықтаған шетелдік ин¬вес¬тициялар Қытай экономикасын көтер¬геннен кейін нәрлендіруші елдерге бумеранг секілді қайта оралатын жаңа үрдіс байқалуда. Сарапшылардың есептеуіне қарағанда, қытай өндірісіндегі нақты “қытайлық” құрамдастық 15 пайыз¬ды ғана құрайды екен. Басқасының бәрі – әлемдік сауда-саттыққа тауарлық түрде технологиялардың, инвестиция¬лардың кері қайтуы болып табылады. Тұтастай алғанда әлемдік экономи¬каның құрылымы, оның бейнесі жедел жаңару үстінде. Дамыған елдердің өзінде бәсекеге шыдамаған көптеген өндірістер жабылуда немесе басқа¬лар¬мен бірігуде. Көптеген мемлекеттер бірқатар салаларда өндірістердің қыс-қаруына елеулі алаңдаушылық танытып отыр. Мәселен, АҚШ-та, Еуропада аяқ киім өнеркәсібінің көлемі айтарлықтай қысқарған. Бұл рыноктарда Қытай үстемдік танытып, Вьетнам белсенді түрде кірігуде. Жүз мыңдаған еуро¬палықтар көптеген салаларда, соның ішінде дәстүрлі салаларда жұмыстарын, мамандықтарын ауыстыру қажеттігімен бетпе-бет келіп отыр. ЕО-дағы тауар өндірушілерінің басым көпшілігі шағын және орта биз¬нес саласында жұмыс істейді. Компа¬ния¬лардың 86 пайыздан астамында істейтіндер саны 9 адамнан көп емес. Бұл компаниялардың 80 пайызы инно¬вацияшыл болып табылатындығы осы бизнестің бір ерекшелігі. Олар ірі өндірістерге қарағанда инновацияны 25 есе көп ендіреді. Ал ірі кәсіпорындар іс жүзінде өз өндірістерінде мыңдаған осындай ноу-хаудың нәтижелерін жинақтап отыр. Қазақстанда 2004 жылы тіркелген 208,4 мың кәсіпорынның 195,7 мыңы шағын кәсіпкерлікке жатады. Олардың саны өңдеу өнеркәсібінде 15,6 мың, компьютерлік қызмет көрсетуде 15,4 мың, білім беру саласында 8,7 мың болса, сауда-саттықта, автокөлік, тұр¬мыстық бұйымдарды жөндеуде 71,1 мыңға жеткен. Алайда біздегі шағын кәсіпорындар инновация енгізумен енжар айналысады. Солай болса-дағы елімізде шағын инновациялық биз¬нес¬тің “Антиген” ЖШС секілді бірегей үл¬гілері баршылық. Мәселен, ғалым¬дар¬дың күшімен құрылған бұл компания ішкі де, сол секілді сыртқы да рынок¬тарда бәсекеге шыдас беретін биотех¬нологиялық өнім шығарып келеді. Даму институттарының алдында шикізаттық фактордың рөлін біртіндеп төмендетуге бағытталған экономика¬да¬ғы, өнеркәсіптік өндірістегі құры¬лым¬дық ілгерілеуге қатысты маңызды міндет тұр. Бұл үшін өзгерістер ауқымы кем дегенде 2 млрд. долларға жетуі тиіс. Ал бұл компьютерлік техника, құрылыс материалдары, балқымалар, ветеринар¬лық және фармацевтикалық препарат¬тар, токтың химиялық көзі, ауылшаруа¬шылық, көліктік, тау-кен мәшинелері мен аспаптары өндірісі секілді салалас бағдарламаларды іске асырған жағдайда мүмкін бола алады. Талдау бұл жұмыстарға жас ғалым¬дар мен мамандарды, студенттерді тар¬ту¬дың тиімді болатынын көрсетеді. Мә¬селен, АҚШ-та жыл сайын студенттер 50-70 мың жаңа, инновациялық кәсіпорындар құрады екен. Көптеген венчурлық, инновациялық қорлар тек осы бағытта жұмыс істейді. Қазіргі кезде Ресейде 40 мыңнан астам шағын инновациялық кәсіпорындар бар, бұл Қазақстандағыдан 300 есе артық. Ресейдегі бұл бизнестің белсенділігі 70 технопарктің, 40 инновациялық-технологиялық орталықтың қызметінен танылып отыр. Мұндай компаниялар¬дың туындауына зерттеу университет-тері жағдай жасайды. АҚШ-та олардың саны 250-ге жетеді екен. Мұндағы оқу зерттеу қызметімен ұластырылған, ал олардың нәтижелері бірден өндіріске жі¬беріледі. Сөйтіп, идеядан дайын өнім¬¬ге дейінгі жол айтарлықтай қысқарады. Бүгінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекетінің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұ¬мылып отырғанда, бұл тұрғыда жақсы бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады. Эко¬номиканы жаңарту үшін мықты кадрлар керек, сол жаңартуға негіз болатын жаңа технологиялар мен инновациялар керек. Ал бұлар өз кезегінде ғылым мен білімді дамытуды талап етеді. Елдің бәсекеге қабілеттілігі – көптеген құрамдастардан тұратын күрделі феномен. Қазақстандықтар өз елдерінің қабілетті де серпінді даму үстіндегі елдердің бірі екенін, ал Қазақстан халқы қандай да жоғары мақсатқа жете алатын халық екенін талай рет дәлелдеген. Мемлекет бас¬шысы өз Жолдауында тұжырымдаған міндетке қол жеткізуге болатыны анық. Бұл жолда экономиканы жаңартуға, оған инновациялар енгізуге қатысты барлық буындардың айқын да үйлесімді жұмысы қажет. Рахман АЛШАНОВ, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
ИННОВАЦИЯ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ 2006-08-25: Дамып келе жатқан немесе өтпелі эконо¬ми¬калы елдердің экономикалық дамуы – бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шақ¬қандағы өсу қарқыны емес, бұл эко¬но¬ми¬ка¬ның өсуі, яғни, ішкі жалпы өнімнің сапа¬лық тұрғыдан да өсуі. Жаңартылған өскелең өндіріс аппараты, жаңа алдыңғы қатарлы технологиялар, өндірістің жоғарғы ғылыми-техникалық деңгейі, экономиканың шикізат өндіруге емес, жоғары деңгейлі технологияға және ғылыми молыққан инновациялық жүйеге құрылуы, яғни әлемдік рыноктың толқымалы коңюнктурасына байланған бәсекелестігі жоғары өнімдерді өндіруі – осы саланың көрінісі болып табылады. Қазақстан үшін әлемдік экономикаға ықпалдасу – ең бір өзекті мәселелердің бірі. Оны мына екі фактімен ғана дәлелдеуге бо¬ла¬ды. Мысалы, еліміздегі экспорт көлемі жыл¬дық жалпы ішкі өнімнің мөлшерінен 40 пай¬ыз¬ға артық. Яғни, біз жылына 25 млрд. доллар көлемінде өнім өндіретін болсақ оның 11-12 млрд.-ын сыртқа шығарамыз. Сондық¬тан да бұдан былай осы өнімдерімізді дүние¬жү¬зілік рынокта лайықты қорғай білуіміз керек. Өткен жылдармен салыстырғанда, өнер¬кәсіп өндірісінің дамуында анағұрлым жоғары межелер белгіленіп отыр. Бұл салада жыл сайынғы орташа даму қарқыны 9-9,5 пайызды құрауға тиіс. Сондай-ақ, экономиканың даму қарқыны сыртқы факторлардың ықпалына да тәуелді болып келеді. Ал ол факторларды перс¬пективалық жоспарларды жасаған кезде ескермеске болмайды. Елдер арасындағы бәсе¬келестіктің жаһандық тұрғыда шиеленісе бастаған қазіргідей кезеңінде негізгі макрокөрсеткіштерді одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету негізгі міндеті. Өндіріс пен экспортқа бағытталған шикізат ресурстары ұлттық экономиканың дағдарысынан өтті және соңғы жылдардағы жоғары экономикалық өсімді қамтамасыз етіп келеді. Демек, осы өсім болашақта экономикамызды постиндустриалдық дамудан қызмет көрсету мен технологиялық даму жолына шығарады. Экономикамызды сыртқы факторлардан сақтау үшін де елімізде жоғары технологиялық өндірістің діңгегін қағуымыз керек. Оның басты бағыттары Елбасының биылғы Жолдауында және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрісінде: “Қазақстанның алдағы он жылда бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау жолындағы басымдықтың бірі – осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет”, – деп атап өткен еді. Мемлекет басшысы инновациялық білім беру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының қызметі инновациялық білім беруге, яғни өзінің теориялық тәжірибесін практикалық нәтижелерге бағыттауы қажет. Осыған орай оқу ордаларының жанынан инновациялық, ақпараттық технологиялар бөлімдері мен тәжірибелік-зерттеу орталықтарының ашылуы бұл студенттердің қолданбалы білімге деген ын¬та¬сын арттырады. Осындай инновацияға негіз¬делген білім ордалары арқасында мемлекетті қарқынды экономикалық дамудың жаңа белесіне көтеруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, экономика салаларының мәселелерін талдау барысында озық ғылыми-инновациялық тәсілдер жүйелі тұрғыда қолданылуы тиіс. Осы орайда Елбасы еліміздегі барлық жоғары оқу орындарындағы математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгей¬лерін¬де тың инновациялық технология үрдіс¬терін кеңінен енгізу қажеттігін қадап айтты. Яғни, әлемдік практика көрсеткендей, кез келген маман иесінің, математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз ететіндігі айтылды. Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. Алайда соңғысы емес. Елулік – бүгінгі меже. Ал басты мақ¬саттың одан да биік болуы заңдылық. Ме¬же¬ні бағындыру, негізгі мақсатқа барынша жа¬қындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Бұл жағдай ғылым мен инно¬ва¬цияға тікелей қатысты. Ғылыми-инновацияның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толық¬қанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес. Инновациялық-технологиялық даму стра¬те¬гиясының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынан да қайта құрылымдау болып табы¬лады. Бұл өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заманға сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сөз. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта бәсекелесуге қабілеттігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл мәселелер Бүкіл әлемдік сауда ұйымына енетін уақыты жақындаған сайын айқындала түсуде. Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығын берік орнықтырдық, деді Елбасы. Сонымен бірге, біз республика экономикасының жоғарғы қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбекті бөлуде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді және іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың салаларын әртараптандыру, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда қол жеткізген алғашқы табысымыз ретінде өткен жылдары құрылған бес даму институтын атауға болады. Аталмыш инсти¬тут¬тар болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді. Өнеркәсіптік өнімдерді жаңа технологиялық деңгейге көтеру инновациялық үдерімді дамыт¬пай¬ынша мүмкін емес. Сондықтан иннова¬ция¬лық үдерім тегершігін жасақтау қажет. Инно¬вациялық құрылымдарды, технопарк¬тер¬ді, тех¬но¬логиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды дамыту өзекті мәселеге айналады. Қазақстанда инновациялық дамудың ұлт¬тық жүйесі біртіндеп қалыптасып келеді, сон-дықтан біз үшін осы жолдан өтіп, бүгінде ай¬тар¬лықтай экономикалық, ғылыми-техни-калық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жет¬кізіп отырған елдердің тәжірибесі өте қыз-ғы¬лықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын да¬мы¬ту барысында кластерлер желілерінің құры¬луына көп қолдау көрсетілуде. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орта-лыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің бірегей тәжірибесі болып табылады. Сонымен қатар, нарықтық және сараптамалық орталықтар мен инжиниринг, технологиялық трансферт пен ғылыми қор құру жайында шешім қабылданды. Қазақстанның ғылыми-технологиялық секторы үлкен әлеуетке ие, ол әлеует елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады да. Әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық рыногын тартуға келіп тіреледі. Оның негізгі тетіктері трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл төл ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім дең¬гейі¬не жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчура¬лық инфрақұрылымды талап етеді. Еліміздің ғалымдарының ұсыныстары негізінде Отанымызда бірнеше өндіріс орын-дарында тың технологияларды енгізу мәселесі қолға алына бастады. Осылайша индустрия¬ның жаңа саласын қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ, көптеген аймақтарда өндірістік бірлестіктерінің өнеркәсіптік базасы негізінде арнаулы технопарктер құрылып, биотехноло¬гиялық өндіріс жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осындай, инновациялық игі үрдістер жалғаса түспек. Құрылып жатқан технологиялық парктерде инновациялық үрдістерді жолға қоюда шетелдік әріптестерге айрықша орын бөлінеді. Осы орайда Елбасы Қазақстанның салық заңнамаларының осындай басым бағыттағы жобаларға қатысуды табыстаған сәттен бастап 5 жыл мерзімге корпоративтік және жер салығынан босататынын атап көрсетті. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстаның индустрияландырылуын тереңдетуге, мәшине жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Демек, өз жұмысында инновациялық ойларды іске асыра білген адам да, компания да алдыңғы қатардан көрінеді деген сөз. Яғни, инновация дамудың қозғаушы күші болмақ. Отандық өнімдердің халықаралық рынок¬тардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің маңыздылығы зор. Яғни, шығары-латын өнімдеріміздің әлемдік стандарттарға сай келуіне баса назар аударуымыз қажет. Әрине, бұл үшін шығарылатын өнімнің сапасын әлемдік деңгейге дейін көтеру қажет, осы мақсатпен сапаның ИСО-9000 халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде көп күш-жігер жұмсалады. Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарылуға тиісті міндеттер: елдегі индустриялық-инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту. Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның Даму банкі мен Қазақстандық инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады; мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт – экономи¬каның индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты; индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау, мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы түсіністік механизмін қалыптастыру. Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға арналған стра¬те¬гиясына сәйкес негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұ¬мыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталады. Ұзақ мерзімді стратегия¬лық міндеттерді шешу мақсатында басты назар ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға аударылатын болады. Инновацияның, яғни жаңалықтың, жаңа туған немесе жаңадан қолданысқа енгізілген дүниенің халыққа берері көп болады.
ИННОВАЦИЯ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ 2006-08-25:
Дамып келе жатқан немесе өтпелі экономикалы елдердің экономикалық дамуы – бұл жай ғана ішкі жалпы өнімнің адам басына шаққандағы өсу қарқыны емес, бұл экономиканың өсуі, яғни, ішкі жалпы өнімнің сапалық тұрғыдан да өсуі. Жаңартылған өскелең өндіріс аппараты, жаңа алдыңғы қатарлы технологиялар, өндірістің жоғарғы ғылыми-техникалық деңгейі, экономиканың шикізат өндіруге емес, жоғары деңгейлі технологияға және ғылыми молыққан инновациялық жүйеге құрылуы, яғни әлемдік рыноктың толқымалы коңюнктурасына байланған бәсекелестігі жоғары өнімдерді өндіруі – осы саланың көрінісі болып табылады.
Қазақстан үшін әлемдік экономикаға ықпалдасу – ең бір өзекті мәселелердің бірі. Оны мына екі фактімен ғана дәлелдеуге болады. Мысалы, еліміздегі экспорт көлемі жылдық жалпы ішкі өнімнің мөлшерінен 40 пайызға артық. Яғни, біз жылына 25 млрд. доллар көлемінде өнім өндіретін болсақ оның 11-12 млрд.-ын сыртқа шығарамыз. Сондықтан да бұдан былай осы өнімдерімізді дүниежүзілік рынокта лайықты қорғай білуіміз керек.
Өткен жылдармен салыстырғанда, өнеркәсіп өндірісінің дамуында анағұрлым жоғары межелер белгіленіп отыр. Бұл салада жыл сайынғы орташа даму қарқыны 9-9,5 пайызды құрауға тиіс. Сондай-ақ, экономиканың даму қарқыны сыртқы факторлардың ықпалына да тәуелді болып келеді. Ал ол факторларды перспективалық жоспарларды жасаған кезде ескермеске болмайды. Елдер арасындағы бәсекелестіктің жаһандық тұрғыда шиеленісе бастаған қазіргідей кезеңінде негізгі макрокөрсеткіштерді одан әрі жақсартуды қамтамасыз ету негізгі міндеті.
Өндіріс пен экспортқа бағытталған шикізат ресурстары ұлттық экономиканың дағдарысынан өтті және соңғы жылдардағы жоғары экономикалық өсімді қамтамасыз етіп келеді. Демек, осы өсім болашақта экономикамызды постиндустриалдық дамудан қызмет көрсету мен технологиялық даму жолына шығарады. Экономикамызды сыртқы факторлардан сақтау үшін де елімізде жоғары технологиялық өндірістің діңгегін қағуымыз керек. Оның басты бағыттары Елбасының биылғы Жолдауында және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрісінде: “Қазақстанның алдағы он жылда бәсекеге барынша қабілетті, дамыған 50 елдің қатарына қосылу мақсатын орындау жолындағы басымдықтың бірі – осы заманғы білім, ғылым мен инновацияны дамыту қажет”, – деп атап өткен еді.
Мемлекет басшысы инновациялық білім беру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының қызметі инновациялық білім беруге, яғни өзінің теориялық тәжірибесін практикалық нәтижелерге бағыттауы қажет. Осыған орай оқу ордаларының жанынан инновациялық, ақпараттық технологиялар бөлімдері мен тәжірибелік-зерттеу орталықтарының ашылуы бұл студенттердің қолданбалы білімге деген ынтасын арттырады. Осындай инновацияға негізделген білім ордалары арқасында мемлекетті қарқынды экономикалық дамудың жаңа белесіне көтеруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, экономика салаларының мәселелерін талдау барысында озық ғылыми-инновациялық тәсілдер жүйелі тұрғыда қолданылуы тиіс. Осы орайда Елбасы еліміздегі барлық жоғары оқу орындарындағы математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейлерінде тың инновациялық технология үрдістерін кеңінен енгізу қажеттігін қадап айтты. Яғни, әлемдік практика көрсеткендей, кез келген маман иесінің, математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз ететіндігі айтылды.
Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. Алайда соңғысы емес. Елулік – бүгінгі меже. Ал басты мақсаттың одан да биік болуы заңдылық. Межені бағындыру, негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Бұл жағдай ғылым мен инновацияға тікелей қатысты. Ғылыми-инновацияның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес.
Инновациялық-технологиялық даму стратегиясының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынан да қайта құрылымдау болып табылады. Бұл өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заманға сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сөз. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта бәсекелесуге қабілеттігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл мәселелер Бүкіл әлемдік сауда ұйымына енетін уақыты жақындаған сайын айқындала түсуде.
Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығын берік орнықтырдық, деді Елбасы. Сонымен бірге, біз республика экономикасының жоғарғы қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбекті бөлуде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді және іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың салаларын әртараптандыру, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда қол жеткізген алғашқы табысымыз ретінде өткен жылдары құрылған бес даму институтын атауға болады. Аталмыш институттар болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді.
Өнеркәсіптік өнімдерді жаңа технологиялық деңгейге көтеру инновациялық үдерімді дамытпайынша мүмкін емес. Сондықтан инновациялық үдерім тегершігін жасақтау қажет. Инновациялық құрылымдарды, технопарктерді, технологиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды дамыту өзекті мәселеге айналады.
Қазақстанда инновациялық дамудың ұлттық жүйесі біртіндеп қалыптасып келеді, сондықтан біз үшін осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілуде. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің бірегей тәжірибесі болып табылады. Сонымен қатар, нарықтық және сараптамалық орталықтар мен инжиниринг, технологиялық трансферт пен ғылыми қор құру жайында шешім қабылданды.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық секторы үлкен әлеуетке ие, ол әлеует елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады да. Әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық рыногын тартуға келіп тіреледі. Оның негізгі тетіктері трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл төл ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Бұл бизнес-инкубаторларды, технопарктерді, ғылыми-техникалық өнімдерді түпкілікті өнім деңгейіне жеткізетіндей етіп өңдейтін орталықтарды қоса қамтитын мамандандырылған венчуралық инфрақұрылымды талап етеді.
Еліміздің ғалымдарының ұсыныстары негізінде Отанымызда бірнеше өндіріс орындарында тың технологияларды енгізу мәселесі қолға алына бастады. Осылайша индустрияның жаңа саласын қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ, көптеген аймақтарда өндірістік бірлестіктерінің өнеркәсіптік базасы негізінде арнаулы технопарктер құрылып, биотехнологиялық өндіріс жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осындай, инновациялық игі үрдістер жалғаса түспек.
Құрылып жатқан технологиялық парктерде инновациялық үрдістерді жолға қоюда шетелдік әріптестерге айрықша орын бөлінеді. Осы орайда Елбасы Қазақстанның салық заңнамаларының осындай басым бағыттағы жобаларға қатысуды табыстаған сәттен бастап 5 жыл мерзімге корпоративтік және жер салығынан босататынын атап көрсетті.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстаның индустрияландырылуын тереңдетуге, мәшине жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Демек, өз жұмысында инновациялық ойларды іске асыра білген адам да, компания да алдыңғы қатардан көрінеді деген сөз. Яғни, инновация дамудың қозғаушы күші болмақ.
Отандық өнімдердің халықаралық рыноктардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің маңыздылығы зор. Яғни, шығарылатын өнімдеріміздің әлемдік стандарттарға сай келуіне баса назар аударуымыз қажет. Әрине, бұл үшін шығарылатын өнімнің сапасын әлемдік деңгейге дейін көтеру қажет, осы мақсатпен сапаның ИСО-9000 халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде көп күш-жігер жұмсалады.
Индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру жөніндегі атқарылуға тиісті міндеттер:
елдегі индустриялық-инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту. Бұл саладағы іс-шаралар Қазақстанның Даму банкі мен Қазақстандық инвестициялық және инновациялық қор мемлекет тарапынан жоспарланған жұмыстарды қаржыландыратын болады;
мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – білім, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтік саясатты жетілдіруді қажет етеді. Мұндағы көзге көрініп тұрған жаңа бағыт – экономиканың индустриясы мен инновациясын дамытуға жағдай жасау саясаты;
индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау, мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы түсіністік механизмін қалыптастыру.
Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының 2015 жылға арналған стратегиясына сәйкес негізгі күш экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салаларында жұмыс істейтін бәсекеге қабілетті, соның ішінде экспортқа бағдарланған өндірістерді дамытуға және құруға бағытталады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында басты назар ғылымды қажетсінетін және жоғары технологиялы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасауға аударылатын болады.
Инновацияның, яғни жаңалықтың, жаңа туған немесе жаңадан қолданысқа енгізілген дүниенің халыққа берері көп болады.
Авторы: Әбдіжапар САПАРБАЕВ, Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры,экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Инновацияның, яғни жаңалықтың, жаңа туған немесе жаңадан қолданысқа енгізілген дүниенің халыққа берері көп болады. Әбдіжапар САПАРБАЕВ, Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024