Ел басымыздың Қазақстан халқына 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында: Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.
Біз экономикамыз бен мемлекеттігіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық.
Қазіргі кезде отандық және шетелдік тәжірибенің оңды жақтарын кеңірек пайдалануға бағытталған қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) көшуге байланысты бухгалтерлік есеп жүйесіне қойылатын талаптар өте жоғары. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастырмайынша экономикалық тиімділікке қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реттейтін 2007 жылы 28 ақпанда «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы және 2006 жылы 16 мамырда «Аудиторлық қызмет туралы» заңы (өзгертулер мен толықтырулар) қабылданған.
Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық зандылықтарымен анықтау және ол зандылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Қолжетімді тұрғын үй сатып алу мен жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері өте маңызды. Мемлекеттік тұрғын үй салуды дамыту бағдарламасын іске асырудың екі жылында 11 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй іске қосылды. 2007 жылы 7 млн. шаршы метр іске қосылады. Қазірдің өзінде 100 мың отбасы пәтер алды, 60 мыңы биыл алады, осылайша жарты миллионнан астам қазақстандық жаңа қоныстанушылар атанады.
Экономиканың барлық деңгейінде – бүгінгі де, сол секілді ықтимал мүмкін болатын нақты да перспективалы бәсекелестік артықшылықтарымызды қажеттілікпен әрі сарабдалдықпен анықтауға және пайдалануға тура келеді.
Ел басымыздың Қазақстан халқына 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуының жаңа серпіліс жасау қарсаңында» жолдауында: Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.
Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыруға одан әрі есептесе беру ниетіндеміз.
Сонымен қатар Бүкіл дүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек.
Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Экономиканы басқарудың әкімшілдік- әміршілдік жағдайында қалыптасқан бухгалтерлік есеп нарықтық экономиканың талаптарын қанағатандыра алмайтындығын көрсетті.
Елімізд мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорындарды жекешелендіру бағдарламасының жүзеге асырылуы, жаңадан қалыптасқан шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысты қызмет етуі мақсатында тиісті экономикалық және құқықтық инфраструктураның құрылуы, республиканың кең шеңберлі халықаралық байланыстары, қаржы рыногына шығуы, шетелдік инвесторлардың көптеп тартылуы бухгалтерлік есеп жүйесін реформалауды талап етті.
Шаруашылық субъектілерде аналитикалық және синтетикалық есепті ұйымдастыруда өндірістік құрылыс технологиясы біршама тән ерекшеліктерге ие. Диплом жұмысының тақырыбы нарықтық экономика жағдайындағы өзекті мәселелердің бірі. Диплом жұмысын орындау барысында ЖШС “AGS-3” шағын кәсіпорын материалдары пайдаланылды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады және осы зерттеліп отырған кәсіпорынның құжаттары тіркелді.
І. Шағын кәсіпорынның техника экономикалық сипаттамасы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1. Шаруашылықтың техникалық -экономикалық сипаттамасы
«AGS-3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2001 жылы құрылған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылтайшының салымы негізінде құрылып отыр, Қазақстан Республикасының заңы негізінде әрекет етеді. Шағын кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады. Кәсіпорынның қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250 адамнан артық және активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың есе айлық есептік көрсеткіштен аса ірі бизнес субъектісі болып табылады.
«AGS-3» ЖШС күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарымен, сонымен қатар құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.
Серіктестіктің әрекетінің негізгі мақсаты болып қоғамдық және тұрғын үй, сауда кешендері ғимараттарын қайта құру және құрылыстық жобалау.
Серіктестік қызметінің негізгі түрлері келесідей:
- Полиуританды өндіру;
- Жылу, гидро, дыбыстыантикорозиялық изоляция жұмыстарын өндіру;
- Полиуритандық көбікті, мұнай, газ жылу өткізгіштеріне жағу;
- Жаңа технолгияларды сатып алу жасап шығару, жобалау, құрастыру және соның ішінде шет елдерде өндіріске енгізу;
- Шет елдік арнайы өнімі мен құрал жабдықтарын сатып алу;
- әр түрлі құрамдарды сатып алу және жеткізу, сол сияқты өз өндірісіне;
- жеке және түскен қаржылық есебінен нысандарды түбірлі құру және оларды сату;
- құрылыстық жобалар жұмыстарын өндіру;
- құрылыс материалдарын өндірісімен олардың өткізулері;
- электр жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтаудың ішкі және сыртқы тораптарын, канализациялық тораптарды желдеткіш жүйелерді салу жұмыстарын орындау;
- санитарлық техникалық жабдықтарды есебенен нысандарды түбірлі құру және оларды сату;
- желілік радио және телебейне байланыстарды жасау;
- әр түрлі объектілерді құрған жағдайды төсеу жұмыстарды орындау;
- тереторияларды көркендеу және ағашпен гүлдер егу жұмыстарын орындау;
- инженер техникалық және саулетшілік жобалы қызметтермен байланысты жұмыстар;
- жиһаздарды жөндеу, жинау, тұрғызу және дайындау;
- халық тұтынатын тауарлар өндіру;
- жалпы коммерциялық іс-әрекет;
- құрылыс, жөндеу құрылыс, құрастыру, қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;
- I немесе II және III дәрежелі жауапкершіліктегі ғимараттар және қоршау құрастырмаларын тұрғызу;
- металл құрастырмаларын монтаждау, арматура орнату;
- балот резервуарлар мен дейінгі ыдыстар;
- негіздері мен ірге тастарын салу;
- тіректерді қадау жұмыстары;
- жиналмалы бетон және темір бетон құрастырмаларын жинау;
- тас кірпіш, блоктар қалау және арақабырға құрылғыларынан орнату;
- техникалық қызмет көрсету және автомобильге бензин құю станцияларын ашу;
- автобөлшектер мен автомобильдер сату,
- автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
- машина жасау өнімдерін және халық тұтынысты тауарларын өндіру және өткізу;
- автомобиль бөлшектері мен жабдықтарын астып алу және сақтау;
- көлік қызметті ұсыну және т.б. қызметтер көрсету.
Серістестік қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушы 77500 теңге мөлшерінде жарғы капиталын құрды. Жарғы капиталын қатысушы толығымен 100 % пайыз мөлшерінде енгізген.
Серіктестік төмендегілердің меншік иесі болып табылады:
- қатысушының жарғылық капиталына енгізген ақша және материалдық салымдарының (соның ішінде интеллектуальды меншік нәтижелеріне құқық);
- серіктестіктің шаруашылық қызмет нәтижесінде алған кірісінің;
- өзгеде кірістердің, сондай ақ заңдармен рұқсат етілген өзгеде негіздер бойынша сатып алынған мүліктің.
Серіктестіктің мүлкі оның балансында есепке алынады.
Серістестіктің бір жылға қызметі нәтижесінде алған таза пайдасын бөлу серіктестіктің сәйкес жылғы қызметінің нәтижелерін бекітуге арналған қатысушы шешіміне сәйкес жүргізіледі.
Серіктестіктің кірістер мен шығыстар туралы есебі 30 БЕС-ына сай жасалып түсіндірме хатымен баяндалады. Бұл есеп серіктестіктің есептік кезеңдегі қаржылық нәтижесін бейнелейді. Кірістер мен шығыстар туралы есеп мына баптардан құралады: негізгі қызметтен табыс:
- өткізілген дайын өнімнің (тауардың. жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны;
- жалпы табыс;
- кезең шығындары (өткізу шығындары, әкімшілік шығысдар, сыйақы түріндегі шығын);
- негізгі қызметтен табыс (шығын);
- негізгі емес қызметтен табыс (шығын);
- негізгі қызметтен салық салуға дейінгі табыс (шығын);
- корпоративтік табыс салығы;
- негізгі қызметтен салық салынғаннан кейінгі табыс (шығын);
- төтенше жағдайлардан табыс (шығын);
- таза табыс (шығын).
Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін төмендегі бірінші кестеден 1 көруге болады.
Кестеден көріп отырғанымыздай есепті жылды өткен жылмен салыстырғанды өнімді өткізуден түскен табыс 8730434 теңгеге өскен. Сатылған өнімнің өзіндік құны 6820652 тенгеге артып отыр. Жалпы табыс 1909782 теңгеге көбейген. Кезең шығындары 1400365 теңгеге артқан. Негізгі қызмет бойынша табыс 509417 теңгеге зиян шекті.
Кесте 1
Кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | өткен жыл | Есепті жыл | Ауытқулар | |
сома | пайыз | |||||
1 | Сатудан алынған табыс | тенге | 16528696 | 25259130 | 8730443 | 152,8 |
2 | Өнімнің өзіндік құны | тенге | 12913044 | 19733696 | 6820652 | 152,8 |
3 | Жиынтық табыс | тенге | 3615652 | 5525434 | 1909782 | 152,8 |
4 | Кезең шығындары | тенге | 4554679 | 5955044 | 1400365 | 139,8 |
5 | Салық салуға дейінгі табыс | тенге | -939027 | -429610 | 509417 | 45,8 |
6 | Табыс салығы | тенге | ||||
7 | Таза табыс | тенге | -939027 | -429610 | 509417 | 45,8 |
8 | Негізгі құралдардың жылдық құны | тенге | 1832258 | 1893026 | 60768 | 103 |
9 | Еңбек өнімділігі | тенге | -234756,75 | -107402,5 | 127354,25 | 45,8 |
10 | Қор қайтарымдылығы | тенге | 9,0209 | 13,3432 | 4,3223 | 147,9 |
11 | Қор сыйымдылығы | тенге | 0,1108 | 0,0749 | 0,1059 | 67,5 |
12 | Қормен жарақтандырылуы | тенге | 457000064,5 | 473256,5 | 15192 | 103 |
13 | Активтердің айналымдылығы | тенге | 0,1108 | 0,0749 | 0,1059 | 67,5 |
14 | Сату рентабельділігі | 0,0568 | 0,017 | 0,0398 | 29,9 | |
15 | Активтер рентабельділігі | 51,2497 | 22,6943 | 28,5554 | 44,28 |
1.2. Шағын кәсіпорынның есеп саясаты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру - субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақытылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер (қосылатын) жүйесі. Негізті қосылғыштар мыналар: алғашқы есеп пен құжат айналымы, түгендеу, субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының жұмыс жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.
Шағын кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 23 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің есебі мен есептілігі» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық-нормативтік актілермен белгіленеді. Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің бес деңгейі бар:
- «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заң.
- Заңнамалық актілер мен ҚР Үкіметінің Қаулылары.
- Бухгалтерлік есеп стандарттары мен оларға әдістемелік ұсыныстар.
- Шоттардың типтік жоспары мен оларды қолдануға берілген нұсқау.
- Субъектінің есеп саясаты.
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағына және «Қаржылық есеп беру туралы ұсыныс» 30 Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есеп саясаты «ұйымның талаптары мен қызмет ерекшеліктеріне сай, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен есеп шоттарының үлгі жоспары туралы заңдарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылданған принциптер, негіздер, шарттар, ережелер мен практика».
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру есептеу мен үздіксіз қызметтің негізгі принциптеріне, түсінікті. орынды, сенімді және салыстырмалы сапалық сипаттамаларға сәйкес атқарылуы тиіс.
Есеп саясаты бұл бұл бухгалтерлік есеп талдау және аудит аумағындағы ұзақ мерзімді саясат. Оны әрбір құрылыс мекемесі өз бетінше жасайды. Бухгалтерлік есепті және қаржылық есепті қаржылық есептеудің халықаралық стандарттарының негіздері мен қағидаларына сәйкес жүргізу үшін субьектілердің басшыларының қабылданған тәсілдерінің жиынтығын құрайды.
«AGS-3» ЖШС-дегі есеп саясатының құрылымы төмендегідей бекітілген:
- Жалпы ережелері.
- Басқару, ұйымдастыру құрылымы.
- Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі.
- Бухгалтерлік құжаттар және оларды сақтау мерзімі
- Түгендеу.
- Негізгі құралдар есебі, негізгі құралдардың есептен шығу және тозу есебі.
- Материалдық емес активтер есебі.
- Ақша қаражаттар есебі.
- Есеп айырысу шотындағы нақты ақшалар есебі.
- Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі.
- Еңбек және еңбекке ақы төлеу есебі.
- Дебиторлық және кредиторлық берешектермен басқа да активтердің есебі.
- Меншікті капитал есебі.
- Өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі.
- Сату, табыс және бағалар.
- Есептілік.
«AGS-3» ЖШС-і өз қызметін мына құжаттар негізінде жүзеге асырады:
- «AGS-3» ЖШС-інің жарғысы;
- «AGS-3» ЖШС-інің құрылтай құжаттары;
- №409-1 1999-ж. 01-шілдеде шыққан (одан кейінгі өзгертулері мен қосымшаларын ескере отырып) ҚР Азаматтық Кодексі;
- 1998 ж. 22-сәуірде шықкан №220-1 "Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы" ҚР Заңы(одан кейінгі өзгертулері мен қосымшаларын ескере отыра);
- ҚР-дағы қаржылық-шаруашылық әрекеттегі ұйымдардың қызметін реттейтін өзге де заңдар, нормативтік актілер, нұсқаулар мен әдістемелік ұсыныстар.
Есеп саясаты екі бөлімнен тұрады:
Ұйымның ұйымдастырушылық, басқару бөлімі және әдістемелік бөлім.
«AGS-3» ЖШС-інің басқару органы болып қатысушылардың жалпы жиналысы, ал атқарушы органы болып директор саналады.
Жалпы жиналыс қатысушылары мен атқарушы директордың өкілдігі ҚР Заңымен және «AGS-3» ЖШС-інің Жарғысымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі
- «AGS-3» ЖШС-інде бухгалтерлік есеп мына нормативтік құжаттарға негізделіп жүргізіледі:
- ҚР-ның 2007ж. 28-ақпанда шыққан №234 "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" заңы;
- Бухгалтерлік есеп стандарттары (өзгертулер мен қосымшаларын ескеру);
- Бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулықтар;
- 2002-ж. 18-қыркүйегінде шыққан №438 бухгалтерлік есептің жұмыс шоттар жоспары (өзгерістерін қоса алғанда);
- «AGS-3» ЖШС-інің есеп саясаты;
- бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар, нормативтік актілер.
- «AGS-3» ЖШС-інің бухгалтерлік және қаржылық есебін құрастыру мақсаты —қызығушылық танытқан серіктестікке қатысты тұлғаларды қажетті ақпаратпен қамсыздандыру.
- «AGS-3» ЖШС-інің бухгалтерлік есеп мына принциптерге негізделеді:
- есептілік - табыс нақты алынғанда, шығыс жабылғанда танылуы;
- әрекеттің үздіксіздігі - онда қаржылық есеп серіктестік жұмыс істеуде және жақын болашақта істейді деген алғышартпен жүргізу.
- Қаржылық есептің өткен кезеңдеріндегі жіберілген қателер келесі кезеңде есепке алынып, таза табыс не залалды түзетуде ескерілуі тиіс.
- ЖШС қаржылық есебі сипаттамасының негізгі қасиеттері түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалық болуы керек.
- «AGS-3» ЖШС-інің есеп саясатындагы өзгерістер ҚР заңнамасында және серіктестік қызметінің қаржылық есебін тапсыруда өзгерістер болған кезде ғана жасалады.
Бухгалтерлік құжаттама:
- Бухгалтерлік жазбалар алғашқы құжат негізінде жасалып, бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар, басқа да активтер, міндеттемелер, табыстар мен шығыстар көрсетілуі тиісті. Алғашқы құжаттар сол операцияларды растаушы ретінде жасалған уақытына сәйкес, ол мүмкін болмаса есепті тұлға есеп өткізуіне байланысты сол операция өткеннен кейін есепке алынады.
- Бухгалтерлік жазбалар қолмен сонымен қатар компьютерлік есеп жүйесі арқылы жасалады.
- Біртекті операцияларға жинақтық құжаттар жасалады. Жинақтық құжаттар алғашқы құжаттармен бекітілсе ғана дәлелдеу күшіне ие.
- Серіктестіктің алғашқы құжаттарын, бухгалтерлік есеп регистрларын коммерциялық құпия ақпараты болғандықтан, оған тек басшылық рұқсат берген тұлғалар ғана ұсынылсын.
- Операция мәніне қарай басшылық бухгалтерлік құжаттарға қол қоятын тұлғалар бұйрық бойынша анықталады.
- «AGS-3» ЖШС-інің бухгалтерлік құжаттары ҚР заңнамасы (ҚР Салық Кодексінің 66-бабы) бекіткен мерзімдерге сақталады. Құжаттарды сақтау құжат қатысты мерзімнен кейінгі жылдың 1-қаңтарынан есептеледі.
1.3.Шығындардың жіктелуі (классификация) және тәртібі
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.
Шығындар активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.
Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.
Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:
- пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
- өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу үшін керек;
- шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік кұнына көшіру тәсілі бойынша экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен.
Сонымен бірге:
а) экономикалық элемент бойынша - өнім өндіру үшін кандай шығын кеткенін көрсетеді. БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:
материалдық шығындар;
еңбекақы шығындары;
аударым;
құралдың тозуы;
басқадай шығындар;
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады.
БЕС 7-ге сәйкес оған жататындар:
материалдар;
еңбекақы;
аударым;
үстеме шығындар.
Алайда, экономикалық элемент және бап бойынша шығынды есепте топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы (элементі) және мақсатты тағайындауы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипаттайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, калькуляциялау баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп (детализировать), элементтік қимада (поэлементном разрезе) қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс есептелуіне және кәсіпорын шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру онын құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бакылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.
Өндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін (кесте 2).
Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты: шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.
Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.
Бір элементті - бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым).
Кешенді - бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементті шығындар).
Кесте 2
Өндіріске арналған шығындардың белгілері бойынша жіктелуі
№ р/с | Жіктеу тобы | Шығындар |
1 | Өндіріс процесіндегі экономикалық рөл бойынша | •негізгі •үстеме |
2 | Өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі бойынша | • тікелей • жанама |
3 | Құрамы бойынша (біртектілік) | • бір элемент • кешенді |
4 | Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша | •өзгермелі •тұрақты |
5 | Пайда болу кезеңі бойынша | •ағымдық •біруақыттық |
6 | Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару қызметі бойынша) | •өндірістік •әкімшіліктік коммерциялық |
7 | Тиімділігі бойынша | •өндірілетін •өндірілмейтін |
8 | Бақылау мүмкіндігі бойынша | •реттелетін •реттелмейтін |
9 | Орташалау деңгейі бойынша | • жалпы • орташа |
10 | Пайданы генерациялау кезеніне шығынды рет- ретімен көшіру | •өнімге •кезеңге |
Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым). Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады (авто-механиктың еңбекақысы бұл автосервис бөлімшесінің тікелей шығыны болып табылады; цехтағы автомобильдердегі сырлауда пайдаланылатын сырдың құны - сырлау цехының тікелей шығыны болып табылады).
Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін жеке шығын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын- бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады).
Шығындар бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бөлімшеде жанама болуы мүмкін (зауыт менеджерінің еңбекақысы - бұл жеке бөлімшелердің жанама шығыны, тұтас зауыттың тікелей шығыны болып табылады).
Шығындардын тікелей және жанама болып бөлінуі салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұйымдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне байланысты (көмір өнеркәсібінде, энергия қуатын өндіруде - барлық шығындар тікелей болып табылады).
Өзгермелі - оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді (пропорционально) болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және бүл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді (пропорционально) бөледі.
Тұрақты өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал (аренда), жарнама шығыны және т.б.).
Егер көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады.
Ағымдағы - жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны).
Бір жолғы - демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т.б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруга кететін барльқ шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен кабылданып, қоймаға еткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік кұны, сондай-ақ субъектінің негізгі каражатын толтыруға бағытталған өнім).
Әкімшілік жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық, әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.
Өндірушілік (жоспарланған) - ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.
Өндірушілік емес (жоспарланбаған) -- технологияның жетіспеуішілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы).
Реттелетін - атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді).
Реттелмейтін - қызметкер оньң деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды).
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.
Орташа - есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын).
Кезеңге - кезең шығындары: әкімшілік шығысдар, тауарды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар).
Калькуляциялау туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:
- Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:
- негізгі - өндірістің технологияльң процесімен тікелей байланысты;
- үстеме - өндірісті ұйымдастыруда пайда болады;
- тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
- жанама - жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;
- кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы);
- біткен (шығынға кеткен материалдар).
- Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру: «өзгермелі - оның көлемі өндіріс колеміне қарай үйлесімді (пропорционально) өзгереді;
- тұрақты - өнім өндіру колемінің өзгеруіне тәуелді емес;
- қайтарылмайтын - откен кезеңнің шығыны мен табысы;
- міндеттік (временные) - ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
- айыптық (өсетін) - қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы төлеу);
- маржиналдық (шектеулі) -- қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
- релеванттық - тапсырыстардың (заказ) сақталуы мен орындалуына байланысты.
- Шығындарды басқару мақсатында бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
- реттелетін;
- реттелмейтін;
- тиімді (өндірмелі, яғни производительные);
- тиімсіз (өндірілмейтін);
- бақыланатын;
- бақыланбайтын.
Сатылған тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының есебі.
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 7000 бөлімшесінің "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" деп аталатын 7000 бөлімшенің тиісті субшоттарында қаралады.
7010 - "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" шоты. Бұл шот өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін материалдық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған (жөнелтілген) өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған.
7010 шотқа сатылатын дайын өнім түрі бойынша субшоттар ашылуы мүмкін, бірақ бұндай шешімдер есеп саясатында көрініс табуы тиіс.
Төменде 7010 "Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны" шоты бойынша жасалатын шоттардың қорреспонденциясы төменде келтіріліп отыр.
7010-шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, ал есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5410 "Жиынтық табыс (залал)" шотының дебетіне жазылады. Осы жазудан кейін 7010-шоты жабылады.
7010/1 "Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны"шоты. Бұл шот негізінен сауда, жабдықтау-сату, делдалдық және сырткы сауда кәсіпорындарында қолданылады. Сатып алған тауарларлы сатуды жүзеге асыратын экономиканың басқа салаларындағы кәсіпорында да пайдаланылуы мүмкін (кесте 3).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына 7010/1-шоты дебеттеліп, 1330 - "Сатып алынған тауарлар" шоты кредиттеледі. Есепті кезеңнің аяғында 7010/1-шоттың дебетінде есепке алынған сома, осы шоттың кредитінен 5410 - шоттың дебетіне жазылады. 7010/1-шоты есепті кезеңнін аяғында жабылады.
Кесте 3
«AGS-3» ЖШС-да сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны шоты бойынша жасалатын шоттар қорреспонденциясы
Катар № | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Шоттар қорреспонденциясы | |
дебет | кредит | ||
1 | Бұйрык-накладнойларының негізінде, қоймадан нақты өзіндік құны бойынша босатылған дайын енімнін сомасына | 7010 | 1320 |
2 | Тапсырыс берушілерге орындалған жұмыстар мен қызметтер актысы бойынша өткізілді | 7010 | 8010, 8030 |
3 | Босатылған тауарларға, орындалған жұмыстарға және қорсетілген қызметгерге толтырылған салықтық шот-фактуралар және есеп айырысу-төлеу кұжаттары сатып алушыларға ұсынылды: - келісімді бағалар бойынша | 1210 | 701 |
- ҚҚС сомасын 14 % | 1210 | 3130 |
7010/2-шот - "Көлік ұйымдарының жұктер мен жолаушыларды тасымалдау жөнінде керсеткен қызметінің өзіндік құны шоты. 8010 - "Негізгі өндіріс", 8030 - "Қосалкы өндірістер" шоттарында орындалған жұмыстардың және керсетілген қызметтердің өзіндік құны есепке алынып, сол жұмыстар мен қызметтердің сатылуына (тапсырыс берушілердің қабылдауларына) қарай 7010/1, 7010/2-шоттардың дебетіне жазылып отырады. Есепті кезеңнің аяғында орындалған жұмыстар мен қызметтердің сатылуы бойынша жұмсалған нақты шығындардың сомасы 7010-шотының кредитінен 5410-шотгыңдебетіне кошіріліп жазылады. Бұдан кейін 7010-шоты жабылады.
7010/3 - "Жалға байланысты қызметтің өзіндік құны" шоты. Бұл шот экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорындарда қолданылады. Бұл шотгың дебетінде жалға байланысты келісім-шарт талаптары бойынша жалға берүшінің есебіне жатқызылатын басқа да шығындар (объектілерді бұзып, тасымалдау шығындары, объектілерді құрастыру және іске қосу шығындары, қызметкерлердің іссапарларының шығындары т.б.) есепке алынады.
Есепті кезеңнің аяғында 7010/3-шотта есепке алынған шығындар 5410-шоттың дебетіне кешіріліп жазынады да, 7010/3 шоты жабылады.
7010шоты бойынша жасалатын талдау есебі сатылған бұйымдардың (тауарлардын), жұмыстардық және қызметтердің атаулары, не түрлері (топтары) бойынша ұйымдастырылады, ал бұл сату нәтижелерін талдау үшін қажет. Талдау есебі үшін тізімдемелер (ведомостар) пайдаланылады, оларда ай ішіндегі және жыл басынан бері сатылған (жөнелтілген, босатылған) өнімнін, жұмыстардың және қызметгердің саны мен озіндік құны керсетілуі тиіс.
Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі. Негізгі емес қызметтердің шығысын есептеу үшін 7400 "Негізгі емес қызметтер бойынша шығысы" деп аталатын бөлімше шоттары арналған.
Бұл бөлімшенің шоттары өткізілген активтердің барлық тұрлерінің өзіндік құны, сондай-ақ бағам айырмашылықтарынан алынған сомалар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
7410 -"Материалдық, емес активтерді сату бойынша шығыстар"шоты сатылған материалдық емес активтердің құны туралы ақпаратты жинақтауға арналған шығыстар
7410- шоты бойынша жасалған шоттардың қорреспонденциясы төменде келтірілген (кесте 4 ) кейін, 7410 шоты жабылуы тиіс.
7410 -"Негізгі құралдарды сату бойынша шығысы" шоты - бұл шот сатылған негізгі құралдардың (ұзақ мерзімді жалға берілген негізгі құралдарды коспағанда) құны туралы ақпараттарды жинақтау үшін пайдаланады.
Кесте 4
«AGS-3» ЖШС-дегі «Материалдық емес активтерді сату бойынша шығыстар» шоты бойынша шоттар қорреспонденциясы
№р/с | Шаруашылық оперцияларының мазмұны | Шотгар | |
дебет | кредит | ||
1 | Сатылған материалдық емес активтер, пайдаланғаны үшін, есептелген тозу | 2740 | 2730-103, 2730 |
2 | қалдык құнына (тозу сомасы бастапқы құнынан алынып тасталды) | 7410 | 2730 |
3 | Материалдық емес активтерді сатуға жиынтық табыс (зиян) шотына көшіріліп | 5410 | 7410 |
7410 -"Бағалы қағаздарды сату бойынша шығыстар" шоты — сатылған бағалы кағаздар құнын есептен шығару туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
7410 - "Бағам айырмасы бойынша шығысы" шоты бағам айырмасы (теріс) бойынша шығыстар сомасы туралы акпаратты жинақтауға арналған, бұл шетелдің конверттелетін валюталарына теңгенің қатынасы бойынша өзгерістер кезінде пайда болады.
Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығындары жөнінде жасалатын шоттар қорресподенциясы төменде келтірілген.
7470 - "Басқа да " шоты басқа да қызметтер бойынша шыкқан шығындардың сомалары туралы ақпаратты жинақтауға арналған. 7470-шотта қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларының күдікті құнының өзгеруінен шыққан залалдары, облигацияның сатып алынған және номиналдық құндарының айырмасы, әртүрлі валютаны пайдаланудан болған, теріс сомалық айырма, тіркелген активтерді ағымдағы жалға берген кезде болатын амортизациялық аударымдар және т.б. негізгі емес қьтзметтермен байланысты шығыстар есепке алынады.
7410-шотта есепке алынған бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығындар есептен шығарынғаннан кейін, бұл шот жабылады (кесте 5).
Кесте 5
«Бағам айырмасы бойынша шығысы» шоты бойынша шоттар қорреспонденциясы
№ р/с | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Шоттар қорреспонденциясы | |
дебет | кредит | ||
1 | Дебиторлардың және ақша қаражаттарының шоттары бойынша бағамдық айырмасы бойынша жасалатын шығыстары: - сатыпалушылармен жане тапсырыс берушілермен | 7410 | 1210-1213 |
-бас (тәуелді) серіктестіктермен | 7410 | 1220-1240 | |
- берілген аванстар бойынша | 7410 | 1610 | |
- акша қаражатының шоттары бойынша | 7410 | 1050, 1020 | |
2 | Кредиторлармен есе-п айырысу шоттары бойынша бағамдық айырмасы бойынша шығы стары: - бас (тәуелді) серіктестіктермен | 7410 | 3320-3340 |
- алынған аванстар бойынша | 7410 | 3510 | |
- жабдыктауіпылармен және мердігерлермен, сондай-ақ басқалармен | 7410 | 3310 | |
3 | Жыл аяында бағам айырмалгылығы бойынша шыкқан шығындардың сомалары жиынтық табыс (зиян) шотына көшіріліп жазылады | 5410 | 7410 |
7410-7470 шоттар бойынша жасалатын аналитикалық, (талдамалық) есеп шығындардың баптарына қарай жүргізіледі, ондай шығындардын, номенклатурасын кәсіпорынның өзі әзірлейді. Сол шығын баптары бойынша тізімдеме жүргізіледі.
ІІ. Құрылыстағы шығындар есебі
2.1. Құрылыстағы ұйымдастырудағы келесім шарт жасау тәртібі, сметалық құқжат және құрылыс қызметін лицензиялау
Құрылыс өнімнің күрделелігі материалдардың және адамдардың ресурстарын бір шаруашылық субьектісіне біріктіру мүмкін еместігі құрылыс мекемелерін мамандыруға, олардың қызыметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажетіне лицензиясы бар бас мердігерді бөлуге әкеліп соғады. Орындалатын жұмыстың түрімен байланысты құрылыс мекемелері: жалпы және мамандырылған құрылыс деп екіге бөлінеді.
Тапсырыс берушімен келісім шарт қатысының сипатына байланысты құрылыс мантажды мекемелер бас мердігер және супмердігер болып бөлінеді
Бас мердігермен өндіріс байласының ұзақтығына қарай мекемелер тұрақты және қозғалмалы болып бөлінеді.
Тұрақты мекемелер ұзақ өндірістік байланыста болып қозғалмалы мекемелер ірі құрылыс өндірісінің құрамында анда-санда құрылыс көлемінің өсу кезінде белгілі бір обьектіде жұмыс орындау үшін құрылд.
Құрылыс монтажды мекемелер қызметіне байланысты соңғы өнімін құрастыруда келесідей түрлерге бөлінеді:
- монтажды жұмысты орындаушылар
- жобалау құрылыс фирмалары
- ғылым жобалау құрылыс фирмалары
- барлық жұмыстарды құрайтын және конструкциялармен құрылыс материалдары
Құрылысқа бірнеше қызмет түрін біріктіруге тән құрылыс мекемелерінің өндірістік қызмет төмендегідей:
- негізгі өндіріс
- қосымша өндіріс
- өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін әлеуметтік сфера
Бұл мақсат үшін қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің жұмыс шот жоспарында 8 бөлімнің шоттары белгіленген Шығындардаң деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне бөлімшелерге жұмыс пен операциялар түріне байланысты топтастырып отырады.
Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республиканың азаматтық кодексіне сәйкес жазбаша түрде келісім шарт жасай отырып төмендегідей тәртіпте құжат толтырады:
- келісім шарт нөмірі, датасы, тапсырыс беруші және міндеті
- жұмыс түрі
- орындалатын материалдар
- тапсырмана орындау тәсілі
- жұмыстың орындалу ауқыты
- төлем тәртібі
- ерекше шарттар
- орындалған жұмыстың нәтижесін тапсыру
- құпиялық
- жауапкершілік
- басқа да шарттар
- екі жақты реквизиттары.
Сонымен қатар келісімде қосымша қажетті материл тіркеледі:
- құрылыс нысандары
- ерекше талаптар
- құрылыс мантажының жұмыс орындайтын кестесі
Құрылыс шығындарының есебін дұрыс ұйымдастыру үшін және негізгі құрылыс материалдарының және басқада ресурстардың шығындарының көлемін бақылау үшін, бухгалтерия жұмысшыларына сметаны құрудың негізгі қағидаларын және есептеулердің орындалуын білу қажет, соның нәтижесінде құрылыс объектілерінің сметалық және келісімділік құны анықталады.
Құрылыстың құны сметалық құжаттауда жай бағаның екі деңгейінде жүргізіледі:
- 1991 жылғы 1 қаңтардан әрекетіне кірістірілген нормативтік- сметалық базалық негізгі әрекетінде анықталатын базалық (тұрақты) деңгейінде;
- құрылыстың жүзеге асырылу кезеңіне жоспарланатын немесе сметалық құрылу уақытына негізгі бағада анықталатын ағымдағы және болжамды деңгейіне.
Сметаны құру кезінде құрылыстың құнын анықтауда ресурстық немесе базистік- компенсациялық әдістер қолданылуы мүмкін.
Технологиялық құрылымына қарай және құрылыс мантаждау жұмыстарының жүргізу тәртібіне қарай сметалық құны келесі элементтер бойынша анықталады:
құрылыс жұмысы
- құрал жабдықтарды мантаждау
- негізгі және қосалқы құрал-жабдықтармен құралдарды сатып алу шығындары.
- әртүрлі қызмет көрсету шығындары
Құрылыс мантаждау жұмыстарының сметалық құны есептеу әдісі бойынша экономикалық мазмұнына қарай 3 бөлікке бөлінеді:
- тура шығындар
- үстеме шығындар
- жоспарлы жинақтау немесе сметалық табыс
Жалпы сметалық құн осы көрсеткіштерінің қосындысынан тұрады. Тура шығындарға еңбеккерлердің еңбек ақысы құны материялдық және конституциялардың құны, машина және механизмдерге кеткен шығындары. Тура үстеме шығындарға нармативтык құжатта көрсетілмеген құрылыстағы жалпы жағдайды жақсарту үшін шыққан шығындар жатады.
Сметалық табыс –жекелеген құрылыс мантаж жұмыстарындағы шығындарды жабу үшін бірақ өзіндік құнды анықтау кезінде кірмейтін құрылыс өнімнің бағасының жеке бір бөлігі.
Құрылыс өнімнің бағасын қалыптастыру кезінде бір уақытта жобалаушы, тапсырыс беруші және мердігер қатысады. Нарықтық жағдайда бағалау және сметалық нормалау төмендегідей міндеттер қояды:
- құрылыс өнімдеріне бос немесе келісілген баға белгілеу;
- әр түрлі жағдайдағы құрылыс жұмыс жүргізудегі инвестицияны тарту және сметалық құжаттар толақтыруды қамтамасыз ету;
- әр түрлі кезендегі бағаның өзгеруіне байланысты құрылыс өнімінің бағасын анықтау.
Сметалық бағаны анықтаудың төмендегідей әдістерін қолданамыз:
- Ресурстық әдіс- бұләдіс құрылыс өніміне ағымдағы баға бойынша құрылыс өніміне ағымдағы баға бойынша құрылыс жұмысының түрлеріне қарай натуралды көрсеткіштердің және эксплуатациядағы машиналардың ауқыт шығыны жұмысшылырдың еңбекақы шығынның қосындысын бағалау.
- Индекстік ресерстық әдіс- бұл әдісте ресурстық әдістегі бағаны индекстік көрсеткіштерге көбейту арқылы анықталады.
- Базистік индекстік әдіс болжаулық индекстік коэфицентке көбейтеміз
- Базистік компенсациялық әдіс- бұл әдісте базистік деңгейдегі сметалық бағадан, бағаның тарифтік құрылыстағы қолданған ресурстардың айырмасын көбейту арқылы табамыз.
Бастапқы сметалық құжаттау аймақтық сметалау болып табылады, жұмыс жобаларын және жұмыс құжаттарын өңдеу кезінде анықталған көлемдерінің негізінде жұмысқа жалпы алаң бойынша немесе үйлер мен ғимараттар бойынша шығындар және жеке жұмыс түрлеріне базистік баға деңгейінде құрылады. Аймақтық смета бойынша анықталған құрылыс жұмысының құны өзімен бірге тікелей шығындарды, үстеме шығындарды, сметалық пайданы қосады.
Бағаның базистік деңгейіндегі тікелей шығындар еңбек ақы төлеу, материалдар, бұйымдар және қондырғылар, құрылыс машиналарын пайдалану құнын есептейді.
Ресурстық әдіс - материалдардың, бұйымдардың, конструкцияларды құрылыс орнына жеткізу тәсілдерінің және арақашықтығы туралы мәліметтердің, құрылыс машиналарын және олардың құрамын уақытша пайдалану , қызметкерлердің енбек ақы шығындарын және т.с.с. қажетсінуін натуралды өлшемдерінде көрсетілуінде тарифтердің және ағымдағы бағалардың қолданылуынан калькуляциялауды ұсынады.
Базистік-компенсациялық әдіс- 1991.01.01 ж күшіне енген базистік деңгейде есептелінген сметалық бағаның құнын жинақтау және тапсырыс беруші ұйымдар мен мердігерлік ұйымдардың қосымша шығындардың есептелуін анықтау , құрылыс процесінде пайдаланылатын ресурстардың тарифтерін және ағымдағы бағаларының өзгеруімен байланысты, әрі қарай құрылыс процесінде бағалар мен тарифтердің нақты өзгерулерімен байланысты осы есептеулерді анықтауды көрсетеді.
Құрылыс қызметі лицензиялауды талап етеді, яғни құрылыс өнімдерінің белгілі тұтынушылық сапасын құру мүмкін емес белгілі бір дайындығын талап ету
Сондықтан барлық шаруашылық субъектілері қызмет етуші құрылыс ұйымдары жыл сайын лицензияларын қайта тіркеуден өтіп отырады.
Лицензияны алу үшін ұйымдарды қалалық лицензиялау орталығына төмендегідей құжаттарды тапсырады:
- лицензияны (қайта аудару) куәләндіру үшін техникалық аудитті жүргізуде уәкілетті ұйымдарға хат;
- қалалық лицензиялау орталығына өтініш;
- кәсіпорынның құрылғаны жөніндегі бекітілген қаулысы немесе тіркелген жарғысы;
- тіркеу карточкасының көшірмесі;
- заң Министрлігінде заңды тұлғалардың мемлекеттік теркелгені жөніндегі куәлігінің көшірмесі;
- лицензиясы жоқ құрылыс-монтаж жұмыстарының тізімі;
- салынатын, қайта құрылатын және жоспарланған объектілердің тізімі, олардың мекен жайы и қуаттылығы, жүргізілетін жөндеу жұмыстарының тізімі;
- өткен жылдағы орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі;
- мамандандырылған мамандар құрамы жөнінде мәліметтер;
- өндірістік базаның нақтылығы жөнінде ақпараттар;
- техникалық – жарақтандыру жөнінде ақпараттар;
- сейсмика жөнінде куәлік;
- сапаны бақылау;
- өндіріс жұмыстарын қауіпсіздендіруін қамтамасыз ету жүйесі;
- экспорттық қорытынды.
Құрылыс монтаж жұмыстарында лицензия материалдық емес актив негізінде қарастырылмайды , яғни оның қызмет ету мерзімі бір жылдан аспайды.
2.2. Құрылысты ұйымдастыру формалары және өндіріс түрлері
Күрделі құрылыста өндіріс жұмыстарының негізгі ұйымдастыру формасы болып мердігерлік тәсіл саналады.
Күрделі құрылыс салалары — түрлі өндірістерден және шаруашылыктардан (негізгі, көмекші, косымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Күрделі құрылыстың жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын кызметіне қарай барлык өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Құрылысқа бірнеше қызмет түрін біріктіруге тән құрылыс мекемелерінің өндірістік қызмет төмендегідей:
- негізгі өндіріс
- қосымша өндіріс
- өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін әлеуметтік сфера
Негізгі ендіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің енімін әзірлеуге катыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет керсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Қосалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және кемекші ендірістерде пайдаланатын материалдардан енім өндіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының тұрмыстық қажетгілігін қанағаттандыратын шаруашылықгар (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады. Бұл кәсіпорындар енімді дайындауға, сондай-ақ баска да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет керсетуге өз септігін тигізеді.
Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін маңызы зор.
Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің түрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа (тұрпатка) бөлінеді.
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс — өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бүл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың бөлімдерінің көп мелшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда біршама үлкен болады; өндірістің басқа да түрпаттарына қарағанда өндірістік цикл үзақ болып келеді. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және енімнің өзіндік кұнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады.
Сериялық өдіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың, аспаптар мен қондырғыларының крлданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс машина жасау өнеркәсібінде және металл өндеуде неғұрлым кең тараған. Бұл кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық ендіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өңдірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортимент! (түрлері) кеп болмағанымен олардың шығарылатын мелшері айтарлықтай кеп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және онын негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде - жасалған жүмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті керсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
— шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
— қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;
— шығындар өнімнің езіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
— өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы — шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарыктандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы);
— шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан айдарылатын аударымдар; негізгі кұралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
— өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
— коммерциялық (сатумен байланысты);
— әкімшілік (басқару процесімен байланысты).
Күрделі құрылыс өндіріс шығындарын есепке алу үшін жұмыс шоттарының кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8010 - "Негізгі өндіріс", 8030 - "Көмекші өндіріс", 8040 - "Үстеме шығындар" бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды қамтамасыз ету ушін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 8010, 8030, 8040 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8010, 8030, 8040 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.
"Цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып табылады:
— "Материалдар (жалақы) шығындарын белу (тарату)" кестесін әзірлеу, онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің басқа да материалдық запастары көрсетіледі (1300 - "Қорлар" бөлімшесі шотгарының кредиті); өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары (3350 -"Еңбек ақы бойынша қысқа мерзімді берешек" шотының кредиті); еңбек ақыдан аударылатын аударымдар ( 3190- "Өзге де салықтар" шоттың кредиті);
— "Негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының сомасы көрсетіледі (2420 - "Негізгі құралдың амортизациясы және құнсыздануы" бөлімшесі шоттарының кредиті);
— "Материалдық емес активтер амортизациясының есебін" кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі ( 2740- "Өзге материалдык емес активтердің амортизациясы жіне құнсыздануы" бөлімшесі шотгарының кредиті);
— "Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу" кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардьщ өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі (8030 - "Көмекші өндірістер" шотынын кредиті).
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп) объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық (көпжазбалық) карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.Өндіріске жұмсалған шығындарды олардын құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.
Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы кұрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия жұмыс шоттар жоспарының 1-7-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы жұмыс шоттар жоспарының 8-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл келемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан баскару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылык бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 1340 - "Аяқталмаған өндіріс" шоты пайдаланылады. Бұл шоттағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 1340 шоттары дебеттеліп, 8000 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 8010 шоты дебеттеліп, 1340 шоттары кредиттеледі). Сонымен, 1340 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады жене оның қалдыктары осы шоттар бойынша кәсіпорынның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған.
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуте арналған шотгардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны, пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.
"Транзиттік" шотгарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ өнім бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға бөлінеді:
— шығындарға кеткен тікелей материалдар;
— шығындарға кеткен тікелей жұмыс кұші;
— үстеме шығыстар.
Өндірістік есептің мақсаты - өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын калькуляциялау. Алайда өндірістік есептен альшған ақпаратты менеджерлер сату бағасын белгілеу, қорларды бағалау, пайданы есептеу және т.б. үшін қолданады. Сол себепті, өндірістік есеп - бұл басқарушылық есеп қосу (плюс) қаржылық есептің бір бөлігі.
Кәсіпорынды басқаруға қажетті барлық акпаратты бухгалтерлер дайындайды, осыған байланыстырылған кәсіби қызмет «эккаунтинг» деп аталады. Бүған есеп беруді жасау жұмысы, субъектінің қаржылық жағдайын талдау, жоспарлау жүмысы, субъект қызметін бақылауға байланыстының барлығы қатысты болады.
Басқарушылық есептің объектісі - бұл шаруашылық жүргізуші суъектінің және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелері мен шығындары, баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру.
Басқарушыльщ есептің негізгі тапсырмалары (міндеттері) - есеп, жоспарлау, бақылау, талдау және субъект пен оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызмет нәтижелері мен шығындары туралы деректерді бағалау; аса қажетті басқарушылық шешімді жедел (оперативті) қабылдау үшін ақпарат беру.
Басқарушылық есептің принциптері - субъектінің үздіксіз қызмет етуі; жоспарлау мен есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану; тұтас субъект және оньың құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік нәтижелері мен шығынды бағалау және талдау; алғашқы және аралық деректерді жинау, өңдеу, тапсыру процесінде оларды сабақтастырып жиі пайдалану; субъект ішіндегі коммуникация жүйесін ұйымдастыру; ақпараттардың жеткіліктігі және талдамалығы; өндірістік және коммерциялық циклдерді бейнелейтін кезендігі; субъект қызметінің нәтижелері мен шығындарын сметалық басқару.
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізуші субъектілер заңды және экономикалық дербестік алады. Бұл олардың өзіндік және әлеуметтік даму бағдарламалары мен жоспарларын құру әрекеттерінен, баға белгілеудегі стратегияны анықтаудан, субъект басшыларының басқарушылық шешімді қабылдауға асқан жауапкершілікпен қарауынан байқалады. Өндірістік қызметті тиімді басқару үшін жекелеген бөлімшелер мен қызметтерді белгілі бір ақпараттармен қамтамасыз ету аса қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, күрделі өндірістік құрылымға ие субъект өзінің қызметіндегі қаржылық нәтижелер мен шығьшдарды оңтайландыруға және орнықты экономикалық шешім қабылдауға септігін тигізетін экономикалық және каржылық ақпараттарды жедел алуға мұқтаж. Алайда, өндірістік-шаруашылық қызметті дамыту мен ұйымдастыру бойынша басшылық қабылдаған шешім әрдайым орнықты сипатта болмайды және арнайы өндірістік есепсіз қабылдаудың салдары субъект қызметін жағымсыз нәтижелерге жиі ұрындырады.
Қазақстан халықаралық есеп жүйесіне көшкеннен кейін жағдай жақсы жағына өзгеріп, бухгалтерлік-басқарушылық есептің біртұтас жүйесіндегі әдістерді интеграциялауға мүмкіндік алды. Әр түрлі оперативті экономикалык шешімдерді қабылдау үшін менеджерлер мен басшыларға кәсіпорынның өндірістік әрі қаржылық жағдайы туралы шындыққа жанасымды мәліметтер керек.
Қазіргі заманның экономикалық әдебиеттерінде «өндірістік» және «басқарушылық» есеп ұғымдарын қатар қарастыру жиі кездеседі. Алайда бұлай қарастыру дұрыс өйткені тарихи қалыптасуы бойынша өндірістік есеп - бұл басқарушылық есептің ізашары болып табылады;
Шаруашылық жүргізудің қазіргі заман жағдайында өндірістік есепке үлкен талап қойылады, өйткені ол өндіріс шығындарын қадағалайды, өткен кезеңмен, сметамен немесе болжаумен салыстыру арқылы артық шығынның себебін талдап, оны кемітудің жолдарын іздестіреді.
Өндірістік есептің негізгі бөлімдеріне жататындар:
түрлер бойынша шығын есебі - өнімді өндіру процесінде кәсіпорьшның қай тобында шығын шыққанын көрсетеді;
пайда болу орны бойынша шығын есебі - шығын пайда болған орны бойынша оны жекелеген бөлімшелерге таратуға мүмкіндік береді;
шығын шегушілер бойынша шығын есебі - қандай да бір нақты өнімнің немесе орындалған нақты тапсырыстың өндірістік бірлігіне байланысты барлық шығындарды анықтауды ұйғарды.
Жоғарыдағы айтылғандардан мынадай қорытынды шығаруға болады: өндірістік есеп аясында ғана оған келетін табыс және рентабельдік деңгейдегі өнім бірліктерінің өзіндік құнын есептеуге болады. Алайда өндірістік есеп - бұл субъектінің тек жеке өзінің ғана мақсаты емес. Оның ақпараты менеджерлерге оперативті өндірістік шешім қабылдау үшін керек.
Ағымдағы жондеуге кеткен шығындарды субъект өндіріс шығындарына кіргізіп, оларды меншікті қаражатынан төлейді.
Жендеу жұмыстары субъектінің өз күшімен (шаруашылық тәсілімен), басқа жақтағы ұйымды (мердігерлік тәсілмен) таратып және аралас әдіс-амалмен жасалуы мүмкін.
Егер жөндеу қосалқы өндіріс (шаруашылық тәсілмен) жұмысшыларының күшімен, яғни жөндеу цехымен атқарылса, шығындар 8030 «Қосалқы өндіріс» бөлімшесінің шотында жиналады.
Мердігерлік тәсілмен орындалған жұмыста келісімшарт негізінде мердігерлер жөндеу орнына жөнделетін объектілерді жеткізу жоне кейін тасу жөніндегі шығындар да кіретін, орындалған жұмыстың сметалық құнына шоттар ұсынады. Күрделі жөндеуден негізгі құралдарды қабылдау-тапсыруды, қайта құруды және жаңғыртып-жетілдіруді ресімдеу (№ НҚ-2 ф.) актілері бойынша жасалады.
Жөндеу жұмыстары біткен соң объектілер «Жөнделген, қайта құрылған және жаңғыртып, жетілдірілген объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» (№ НҚ-2 ф.) тапсырыс берушілерге беріледі.
2.3. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі
Құрылыс өндірісінің технологиялық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыруда әсер ететін сфецификалық ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен ұүрылыс техникасыбасқа объектілерге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жергеауыстыру қосымша шығындарды талап етеді.
Кейбір шығындар есепте алдын алды жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп обьектісіне бөлінеді. Құрылыстағы тауарлық қоймада оның өндірістен айырмашылық ол қндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл специфика бағаны құрағанда құрылыс мекемелерінің өндіріс кқрсеткенде оның ішінде, әсіресе инфляциямен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайында мердігерлер үшін үлкен тәуекелмен байланысқан. Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру ұзақ мерзімді талап етіледі. Сондықтан ол бірнеше жылға созылуы мүмкін. Басқа өндіріске қарағанда құрылыста өндіріс мерзімінің ұзақтығына байланысты және обьектілерде бір мерзімде бірнеше жұмыстың жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады. Өзгертіп отыратын метрологиялық жағдайда ашық жерде жұмыс жүргізу құрылыс процесіне үлкен әсер етеді. Құрылыс жұмысын қыс мерзімінде жүргізу кезінде еңбек, материалдар,жылу және электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша шығындар міндетті түрде болады. Оларға бухгалтериада жеке есептеулер жүргізілуі қажет. Құрылыс алаңында көптеген материалдар ашық жерде сақталуы, олардың тұтыну құнына әсер етеді. Ашық жерде сақталған құрылыс материалдарына түгендеу жүргізіліп отырады.
Бұл ай сайын материалдық шығындарын анықтау үшін және табиғи азаюды шығыстау үшін көлем қосымша еңбек уақытының шығындарын есептеу үшін шығарылады.
Құрылыс сонымен қатар өндірістік байланыстың күлделіліктен ерекшеленеді. Құрылыс алңында бірмезгілде мамандырылған және басқа да жұмыстың жүргізілуі мүмкін. Өндірістің технологиялық процесі бас құрылыс мекемесінің басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс берушімен барлық жұмысты орындауға келісім шартқа отырады. Одан кейін басқа құрылыс монтаждық жұмыстарды жүргізу үшін басқа мамандырыған маманмен басқармамен келіседі, ол субмедігерлер деп аталады.
Капиталдық құрылыста өндірістік жұмысты ұйымдық негізгі формасы болып мердігерлік тәсіл болып саналады. Құрылыс өнімнің күрделілігі материалдық және жеке адамдық ресурстың бір шаруашылық субьектісіне біріктіру мүмкін еместігі құрылыс мекемелерін мамандырылуға олардың қызметін белгілі бір іске қосқанда қадағалаудың қажеттілігіне лицензиясы бар мердігерді бөлуге талап етеді.
Құрылыс саласында келісім шарт екі түрге бөлінеді:
- Мердігерлік құрылыстағы шектелген бағамен жасалынған келісім шарт – бұл келісім шартта екі жақ белгілі бір бағаға келесі отырып сол бағадан ауытқымай мерзімнің соңына дейінгі жасалынатын құрылыс жұмысын бір ғана шектелген бағамен аяқтауды талап етеді.
- Мердігерлік әдісті ашық бағамен сатуға келісім шартты – бүл жағдайда екі жақтық келісімі бойынша кез келген шығын және проценттік үстеме еңбек ақы төлеу шығындардың барлығы ескеріліп төлененеді. Бұл екі жаққа да тиімді.
Қазақстан Бухгалтерлік стандарттың және халықаралық есеп әрбір есепті мерзімде өзінің кірісі мен шығысын анықтайды.
Белгілі бір кіріс көлемі ұлғайюы немесе кішіреюі мүмкін:
- Тапсырыс беруші мен мердігердің арасында келісім шарттың өзгертілуі бойынша.
- Кіріс көлемі төленген айыппұлдың шамасына қарай төленуі
- Құрылыс жұмысын мерзімді уақытында өткізбеуіне байланысты
- Жасалған құрылыс жұмысының ұлғаюына байланысты.
Барлық шығындар есебі тек келісім шартта көрсетілген шығындар есептелінеді. Келісім шартқа қол қойған күннен бастап құрылыс жұмысының толық аяқталуына дейін барлық шығындар құрылыс обьектісінің өз құнына кірістеледі. Өз құнға шығындарды кірістіру бірнеше тәсілмен жасалынады.
Шығындар түрі:1
- тура
- қосалқы
- басқа да шығындар
Құрылыста есепті кезеңде орындалған жұмысқа есептелінеді. Келісім шарттар көрсетілген шығындар көлемінен түскен табыстардың көлемі үлкен болса, сол есепті мерзімге пайда деп танылады. Егер шыққан шығын көлемі үлкен болса, оны түзетіліп объектілердің санына бөліп шығындар қатарына кіргізіледі.
Мердігер уақытында жұмысты орындап келісілген күні объектіні бітірсе, сол күні тапсырыс беруші төлемді толық аяқтау керек. Егер төлем төленбей қалған жағдайда сол сома шығындардығ көлемін ұлғайтып тұруы керек. Әрбір келісім шартта тұрған объектінің шығындары мен түскен түсімі жеке жеке есептелінеді. Келісім шарттағы бағаға қарап, істелеген жұмыстың пайыздық көлемі танылады.
Пайыздық көлемі 2 түрлі тәсілмен есептелінеді:
- Сметалық құнға қарап, пайыздың орындалуы
% орындалған = шығын көлемі /сметалық құн * 100
- Физикалық
% орындалған = құрылыс өнімінің орындалған бір бірлігі /барлық бірлік * 100
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық - техникалық базасын жасайды , яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім - шартқа отырады.
Демек , кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 « Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек » , 4110 « Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек » шоттарын пайдаланады , онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына ( алдын - ала төлемақы , инкасса , аккредитивтер , чектер ) қарамастан , жабдыктаушылардан алынған материалдық , босалқы қорлар , атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310 - шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот - фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу , валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда , машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот - фактурасы немесе төлем - талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі , ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот - фактураларды алдымен « Келіп түскен жүктер есебі журналына » тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да , қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып кояды. Журналдың деректерін 3310 шотының деректерімен мезгіл - мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай - ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы - көліктік ілеспесі (накладнойы) , кіріс ордерлері , материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. « Ескерту » бағасына шоттың төленуі , акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептгелген шот - фактурасы ғана жазылады. Есеп журналы бойынша тіркеу нөмірін көрсете отырып , түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады , ал ол үш кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот - фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем - тапсырмаларының ( шот – фактура ) ( тіркеме ) нөмірі , жабдықтаушының атауы , шот - фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан ( айлақтан ) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот - фактураны береді.
Екінші кезенде журналға қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары ( кіріс ордерлері , тауарлы - көліктік құжаттары ( накладнойлары ) , материалдар ( қабылдау туралы актілері ) ( тіркеме ) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың нөмірлері келіп түскен құндылықтардың есептік немесе келісім - шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы - материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап - тапсырмаларына (шот – фактураға ) сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем - тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық кұндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді кабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса , актінің негізінде талап сомасын 3310 - шоттың кредитінен 2180 - шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін , яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса, онда оның сомасына тиісті есеп - айырысу төлем құжаттарында акцепті азайтады.
Сондай - ақ журналда жұмыстар мен қызметтер (негізгі құрал - жабдықтарды жөндеу , жүктерді тасымалдау , су , электр энергиясы) берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот - фактура мәліметтері журналға жазылған кезде , оның не үшін берілгені көрсетіледі.
Үшінші кезенде журналда шот - фактурасының төленгені корсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады. Бұл орайда , шоттың қай күні төленгені және төлемінің қай шоттан жасалғаны ( 1040 , 1010 ) көрсетіледі.
Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Журналдың қорытындысы төрт катар бойынша шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы, жол үстіндегі материалдар шегеріліп тасталынады; айдың аяғындағы жол үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы рет - ретімен көрініс табады.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысулар есебі бойынша шоттардың корреспонденциясын қарастырайық, сонымен қатар 3310 шот бойынша карточкасы тіркемеде көрсетіледі:
Кесте 3
Жабдықтаушылар мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек шоты бойынша корреспонденция
Реттік нөмері | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Дебет | Кредит |
1 | Тауарлы-материалдық кұндылықтарды алғаны үшін акцептелген шот-фактураларына | 1310 | 3310 |
2 | ҚҚС | 3130 | 3310 |
3 | Алынған материалдар үшін есеп айырысу шотынан аударылды | 3310 | 1040 |
4 | Қаңтар айына почталық шығындар есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы төленді | 3310 | 1250 |
5 | Қаңтар айының почталық шығындары есептен шығарылды | 7210 | 3310 |
Жабдықтаушылармен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 3310 - шоты бойынша талданған калдыктар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі калдықтар туралы мағлұмат алуды камтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан калыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдыкгаушылардың құжаттарынан; фактураланбаған қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдыктаушылардан.
Талдамалык деректер вексельдер бойынша берешектерді аныктама түрінде көрсетеді: төлем мерзімі келмеген, төлеу мерзімі өткен вексельдер бойынша, жолдағы материалдар ( соның ішінде жүк айналымының нормативтен тыс мерзімі)
III- тарау. Шығындар есебінің аудиті және бухгалтерлік есепті жақсарту жолдары
3.1. Шығындар есебінің аудиті
1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 Заң күші бар «Бух-галтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығында және 1996 жылғы 12 қарашада №2 Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының Қаулысымен бекітілген қаржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыру үшін тұжырымдық негізде, табыс — бұл есепті кезеңде активтің өсуі (артуы) немесе міндеттеменің төленуі, ал міндеттеме - бүл есепті кезеңде активтің төмендеп немесе міндеттеменің өсуі (артуы) деп көрсетілген. Әдетте, шығын шығармай көздеген табысты алу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, шаруашылықтың дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді табысты шешу мүмкін емес.
Шығынның анықтамасы меншікті, өндірісті және тауарлы - материалдық қорларды сатуға, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге және зиянды басқаруға байланысты шығындарды қамтиды. Әдетте, ол ақша қаражаттары, материалды қорлар, қозғалмайтын мүліктер, қүрылғылар және жабдықтар сияқты активтердің тұрақтамау немесе пайдалану нысанында болады.
Шаруашылықтың жұмысының сапасын бағалап анықтаушы негізгі көрсеткіштерінің бірі жалпы шығында едәуір үлесі бар өндіріс және өнімді (жұмыс қызмет) сату шығындарымен оньң өзіндік қүны.
Өзіндік қүнның және оның өсу деңгейі базистік және есепті кезеңдерде негізгі және айналым қорларының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын, тиімділік дәрежесін, еңбекті ұйымдастыру және үнемдеу режимін сақтауды көрсетеді. Өзіндік құн, құнның басым қүрамдас бөлігі болумен қатар, сондай-ақ өндріс шығындарының көлемін сипаттайтын басты көрсеткіш, өйткені бұйымның бағасын белгілеу үшін бастапқы базалық қызмет атқарады.
Баға қоғамдық қажетті еңбек шығындарын мүмкіндігінше дәлірек көрсетуге тиісті. Бұл шығындарды тікелей өлшеуге болмайды, өйткені өзіндік қүн, бұл шығындардың құралы ретінде қолданылады.
Баға белгілеуге, өзіндік қүн, бағаның төменгі шегіне айналып, өндіріс резервтерін жұмылдыруда ынталандыру қызметін атқарады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылыққа қырсыздықты тиімді шаруашылықты жүргізу деп көрсетумен айналысып, өзін-өзі алдаудың қажеті жоқ.
Өзіндік қүн, бағаның элементі және шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың басқару құралы ретінде қызметін толық жүзеге асырады. Еңбек үжымдары, әкімшілік, билігі жүйесінде орын алған қоймаға ғана емес, нарыққа жұмыс істеуді бастайды. Өзіндік құнның деңгейі шаруашылықтың экономикалық жағдайын, бәсекелестік қабілетін сипаттайды.
Өзіндік қүн, негізгі экономикалық көрсеткіштер, табыс және рента белділікпен тығыз байланысты. Әдетте, өзіндік қүнды төмендету табыстың өсуіне тікелей байланысты болғандықтан, ол үжым үшін өте маңызды экономикалық ынталандыру қүралы болып табылады. Өзіндік құнның өсуінің төмендеуі бюджетке төленетін төлемдерге және меншік иелеріне девиденттерін төлеуге әсер етеді.
Шығынды дұрыс анықтау, табыстан салық алу кезінде салық алынатын табыстарын жасыруға жол берген шаруашылық жүргізуші субъектілерге айып санкциясын қолдануға кеңінен құқық берілген салық қызметкерлері даулы мәселелерді болдырмауға көмекгеседі.
Аудиторлық тексеру жүргізудің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өндіріс шығындарының есебіне аудит жүргізілген кезде кеткен кемшіліктер мен жіберген қателіктерге, бұрмалаушылықтарға талдау жасауға мүмкіндік туады:
-аяқталмаған өндірістегі енбек ақы материалдық қорлар ж.т.б. негізсіз көлемі жоғарылатылған (төмендетілген) шығындарға;
-өндіріс шығындарына, заң актілеріне сәйкес арнайы көздердің есебіне жатқызылған негізсіз енгізілген шығындарға;
-калькуляциялау объектісіне жатпайтын шығындарға;
-есепті кезеңнің өндіріс шығындарына негізсіз өндірілген сатылмаған тауардың қалдықтарына тасымалдау шығындарына,
-өндіріс шығындарына өндірілген негізгі құралдарға салынған күрделі қаржыға;
-өндірістік сипаты жоқ өзіндік қүнға негізсіз өндірілген шығындарға;
-негізгі құжаттары жасалмаған және растаушы бастапқы құжаттары жоқ өзіндік құнға өндірілген шығындарға;
-құжаттары мен расталмаған материалдық емес активтердің өзіндік қүнға өндірілген амортизациялану сомасына;
-жеке түлғаларға жалға берілген негізгі құралдардың өзіндік құнға өндірілген шығындарына;
-өзіндік құнға өндірілген өндірістік емес, негізгі қүралдарды сақтау шығындарына.
Өндіріс шығындарының есебін аудиторлық тексеруге кіріспей түрып, алдымен аудитордың қабылданған есеп саясатымен, шаруашылықтың ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктерімен, өндіріс тұрпатымен, шығарылған өнімдердің түрлері мен пайдаланылған реурстарымен танысуы қажет.
Есеп саясатының сақталуына байланысты аудитор мынадай мәселелерді анықтауға міндетті:
-тексеру кезеңінің басында белгіленген шығындар есебінің әдісінің тұрақтылығын, оның нормативтік құжаттарға сөйкестігін;
-есепті кезеңдер бойынша өнімнің өзіндік құнына жатқызылған шығындарын шектеудің сақталғанын;
-материалдық шығындарының өнімнің өзіндік құнына дұрыс таратылып жатқызылғандығын;
-негізгі құралдарға дұрыс тозу есептелгендігін;
-өндіріс шығындарына ендірілген материалды емес активтерге есептелген, амортизациялану сомасының дұрыстығын;
-үстеме шығындар сомасының бъектілері бойынша таратылу әдістерінің негізділігін.
Өнім (жұмыс қызмет) өндіруге жұмсалған өндірістік шығындардың есебінің дұрыстығын тексерген кезде, аудитор жылдың басында белгіленген өндіріс шығындар есебінің және өінімнің өзіндік қүнын калькуляциялау әдістерінің түрактылығын және оның шаруашылықтың салалық және үйымдастыру ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтауға міндетті.
Арнайы әдебиеттерде өндіріс шығындарының есебінің әдістері мынандай топтарға сыныпталатыны белгілі:
-технологиялық үрдіске қатынасы бойынша - тапсырыстарға және іс-әрекеттерге;
-калькуляция объектісі бойынша - тетіктерге, бөліктерге бұйымдарға, біртекті бұйымдар топтарына, үрдіске, іс-әрекеттерге, өндіріске, тапсырысқа;
-шығындарға бақылау жасауды қамтамасыз ететін ақпараттарын жинау әдісі бойынша;
-алдын ала бақылау әдісі бойынша - нормативтік әдіске және күнделікті бақылаудағы ағымдағы шығындар есебіне.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп теориясы және практикасы үшін нарықтық экономикасы дамыған Батыстағы елдерде кеңінен қолдау тапқан, әсіресе АҚШ және Германияда «Диркат Костинг» жүйесі бойынша өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыру тәжірибесі ерекше ықыласқа ие. Оның басты ерекшелігі сонда - бұл жүйе кезінде жоғарыда баяндалған өндіріс шығындарының есебінің әдістеріндегіге қарағанда толық өндірістік өзіндік қүн есептелмей, айналым шығындарын ғана қамтитын қысқартылған (бөлшектеп) өзіндік қүны есептеледі. Өндіріс көлемі өскенімен, өзгермейтін, тұрақты шығындармен салыстырғанда, айналымдағы шығындарды бақылауды күшейтуді талап етеді. Сондықтан өндірістің өсуі -тұрақты шығындарын қысқартатын бастапқы резерві. Шығарылған өнімнің өсуіне қарай өнім бірлігіндегі үлесі кеми түседі.
Аудитор қолданылған өндіріс шығындарының есебінің әдістерінің негізділігін және оның өнімнің өзіндік қүнын дұрыс анықтауға әсерін бағалауға міндетті.
Өнімнің өзіндік қүнына шығындарының дұрыс жатқызылуын тексеру әдістері көпшілігінде өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялауға қолданылған жолдарына байланысты. Яғни, толық немесе қысқартылған өзіндік қүн есептеуге, сондай-ақ шығындарының топтарына да.
Бухгалтерлік есептің 7 «Тауарлы-материалдық қорларынын есебі» стандартына әдістемелік нүсқауда, жоспарлау және талдау кезінде өнімнің өзіндік қүнының өндірістік шығынын қүрайтын мынадай топтау түрлері қолданылады:
1) шығынның пайда болу орны бойынша (өндіріс, цех, бөлімше ж.т.б.;
2) өнімнің, жұмыстың және қызметтің түрлері бойынша;
3) шығындарын өнімнің өзіндік қүнына жатқызу әдістері бойынша.
Бұл аталған топтаулармен шектеліп қалмай, жалпы әдебиеттеріндегі өндіріс шығындарының топталу тәртіптерін басшылыққа ала отырып, өндіріс шығындарын жіктеуді мынандай топтар бойынша кеңейте түсудің маңызы зор.
Жалпы әдебиеттерде өндіріс шығындарын:
- жауапкершілік орталығы бойынша;
- қүрамы бойынша;
- өндіріс үрдісіндегі экономикалық рөлі бойынша;
- өндіріс көлеміне байланысты сипаттамасы бойынша;
- пайда болу кезеңі және өзіндік құнға шығысқа шығарылу немесе есепті кезеңдері бойынша;
- тиімділігі бойынша;
-шығындарының түрі бойынша топталатынын ескерсек, жоғарыдағы аталған топтаулардың жеткіліксіз екендігі байқалады.
Шығындар есебін тексерген кезде өндірістік бөлімшелер (қай цехта немесе қай учаскіде жетілдірілгендігін) және өндіріс түрлері (негізгі, қосалқы) бойынша қаншалықты жақсы ұйымдастырылғанына көз жеткізу қажет. Өндірістік бөлімшелер және өндіріс түрлері бойынша есеп және шығындарын жинақтау бірінші кезекте шаруашылықтың өзі үшін қажетті. Өнімнің өзіндік құнын бақылауды күшейту мақсатында ресурстардың өз мақсатына орынды жұмсалуын «әрбір шығындар орталығы» бойынша бақылау қажет.
Жауапкершілік орталығы шығынның пайда болу орнымен сәйкес келмеуі де мүмкін. Егер құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері шығынның деңгейі және жұмыстың соңғы нәтижесі үшін жауап берген жағдайда, шығынның пайда болу орнымен жауапкершілікті орталығы сәйкес келеді. Бірақ жетекшілерінің жауапкершілік аймағы және басқару қызметінің аумағы шығынның пайда болу орны бойынша тиісті қызметтерден кең. Басшылық ету жауапкершілігі өндіріс белімшелеріне тарайтын болғандықтан, жауапкершілік орталығы бірнеше шы-ғынның пайда болу орнын қамтиды.
Өнімнің (жұмыс, қызмет) өндірістік өзіндік құнын құрайтын шығындар олардың экономикалық мағынасына сәйкес мынадай элементтер бойынша топталады:
1) материалдық шығындары;
2) еңбек ақы төлеу шығындары;
3) еңбек ақы қорынан аударылатын аударымдар;
4) негізгі құралдардың тозуы;
5) үстеме шығындары.
Бухгалтерлік есептің 7 «Тауарлы-материалдық қорлардың есебі» стандартына әдістемелік ұсынымды шығындарды топтау калькуляция баптары бойынша келтіріліп, мынадай баптарды камтыған:
1) материалдар, қайтарылған қалдықтарын шығарып тастап;
2) еңбек ақы;
3) еңбек ақы аударымдары;
4) үстеме шығындары.
Аталған шығындар баптары өнімнің өзіндік қүнын қалыптастыратын негізгі көрсеткіш болғандықтан, оларға жеке-жеке тоқталуды талап етеді.
Материалдық шығындардың өнімнің өзіндік құнына дұрыс жатқызылғандығын тексерген кезде, аудитордың мынадай мәселелерге назар аударуын талап етеді:
- өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына енетін шикізаттың және материалдардың дұрыс бағаланғандығына;
- шаруашылықта қабылданған есеп саясатына байланысты бухгалтерлік есепте материалдарды сатып алу және дайындау операцияларының дұрыс көрсетілгендігіне;
- өндіріске пайдаланылған, материалдарға ешқандай қатынасы жоқ шығындардың өзіндік қүнға шығысқа шығарылған фактілердің орын алмағандығына, сондай-ақ өндіріс шоттарына ҚҚС қүнын шығысқа шығарған жағдайына;
- цехтарға, учаскілерге ж.т.б. босатылған, бірақ нақты өндіріске жұмсалмаған шикізаттардың, материалдардың құнын өнімнін (жұмыс, қызмет) өзіндік қүнына ендіру фактілерінің орын алмағандығына;
- құрылыс, жөндеу (амортизацияға бөлуді қоса) кезінде бөлінбеген табысқа немесе басқа да қаржыландыру көздерін шығысқа шығарылғандығына;
- әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілерді сақтауға жұмсалған материалдардың құны негізгі қызмет шығындарына жатқызылған жағдайлардың орын алмағандығына. Басқа шаруашылықтарға көмек көрсету мақсатында орындалған шығындар осындай тәртіп бойынша көрсетілгендігіне;
- техникалық жағдайының және өнім өндіру технологиясының деңгейіне сәйкес шикізат және материалдарды жүмсау нормасының дұрыс белгіленгендігіне;
- қайтарылған қалдықтарының дұрыс бағаланып, шығысқа шығарылғандығына;
- өнімнің өзіндік құнына, ендірілген делдалдық кызметі қоса, тауар биржаларының қызметін төлеу, делдалдық және сыртқы экономикалық комиссиондық сыйақы төлеу иіығын-дарының негізділігіне;
- өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік қүнына, қоймадағы және өндірістегі кем шыққан қүндылықтардың қүнының. кінәлі адамдары дәлелденбеген немесе оны қараудан сот органдары бас тартқан жағдайда шығысқа шығарылуының зандылығына;
- шаруашылықтың материалды қүндылықтармеи бірге сатып алынған сыйымдылықтар және құндақтау, орау материалдарының есепте дұрыс көрсетілуіне. Бүндай кезде егер сыйымдылықтың қүны материалдардың бағасына енсе, онда материалдардың нақты өзіндік қүнын, сыйымдылықтың қүнын, мүмкін болған жағдайда оларды пайдалану және сату бағасына (оларды жөндеу және басқа да материалдарға қатысты шығын-дарын ескеріп) кемітудің қажет екендігін есте сақтауы қажет. Егер сатып алушылар, сыйымдылықтардың қүны материалдық ресурстардың бағасынан жоғары бағаланып төленсе, онда !материалдық қүндылықтардың сатып алу шығындарына сыйым-дылықтардың қүнын олардың мүмкін болған пайдалану бағасы шығарылып тасталып ендірілгендігіне;
- табиғи кему нормасының негізінде кем шыққан және жоғалған материалдардың құнының дұрыс шығысқа шығарылғандығына;
- материалдық ресурстардьщ нақты өзіндік құнының, олардың есептік бағасы бойынша шығысқа шығарылған күнынан ауытқудың негізділігіне.
Жоғарыда баяндалған материалды шығындарымен қатар өзіндік қүнның едәуір бөлігін, кейбір материалдық өндіріс салаларында барлық өндіріс шығындарының 1/3 жуығын еңбек ақы төлеу шығындары алады. Сондықтан өзіндік қүнға шығынның бүл түрінің дұрыс жатқызылуына аудитордың баса назар аударуы қажет. Өнімнің өзіндік қүнына енбек ақы төлеу шығындарын, материалдар шығындары сияқты, яғни пайда бөлу орны бойынша көрсетілетінін ескеруі қажет.
«Еңбек ақы төлеу» бабына шаруашылықтың негізгі өндіріс жұмыскерлеріне есептелген еңбек ақы, өндірістік нәтижелері үшін жұмысшы, қызметкерлерге сыйақы, ынталандыру және есесі қайтарылып, орны толтырылатын төлемдерін қоса, шығындары сондай-ақ үйымның штатында тұрмайтын негізгі өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлерге есептелген еңбек ақы төлеу шығындары көрсетіледі.
Аудитор еңбек ақы төлеу шығындарын зерттей отырып, ( анықталған тиісті құжаттары бойынша мерзімді еңбек ақыға, кесімді нарыққа, тарифтік қойылымға, лауазымдық мөлшерлі ақыға қарай есептелініп, нақты орындалған жұмыс үшін , төленген еңбек ақы субъектіде қабылданған еңбек ақы төлеу нысанына және жүйесіне сәйкес толық сомада, ал есесі қай-тарылып, орнын толтыру төлемдері заң актілерінде қаралған тәртіптегі нормада өзіндік қүнға ендірілетінін назарынан тыс қалдырмауы қажет.
Аудитор еңбек ақы төлеу шығындарын тексерген кезде, оның қүрамына, сонымен қатар натуралды төлем ретінде берілген өнімдердің қүндарының жұмыскердің кейбір кате-горияларына тегін берілетін заттардың (арнайы киімдер, әскери киімдер) қүны, еңбекті реттеуге байланысты төлемдер (аудандық коэффициенттер, сондай-ақ шөлді, сусыз және биік таулы жерлердегі табиғат, ауа райы жағдайы ауыр аудандарда үздіксіз жұмыс стажы үшін коэффициент бойынша қосымша ақы және жалақы төлемдері) енетінін естен шығармауы қажет.
Аудитордың еңбек туралы заң актілерінде қаралған өндірісте және басқадай жұмыс істемеген (шықпаған) уақытына төленуге тиісті төлемдерді мүқият зерттеп тексеруі қажет. Бұл шығындардың елеулі үлесін жасеспірімдер үшін женілдетілген сағаттарға, аналардың балаларын тамақтандыруға байланысты жұмысындағы үзіліске, мемлекетгік міндетті орындаған уақыты үшін ж.т.б. төлемдер, сіңірген еңбек стажы үшін төленген сыйақы, кезекті және қосымша демалыстардың төлемдері қүрайды.
Тексерген кезде есепті жылдың өндіріс шығындарына, жұмыскерлердің демалысын төлеу шығындарының (олардан аударымдарды қоса) ендірілуінің негізділіғіне назар аударылуы қажет. Жұмыскерлердің кезекті демалысқа жылдық кесте бойынша бірқалыпты шыққан кезінде демалысты төлеуге жұмсалған нақты шығыны өнімнің өзіндік құнына, оның пайда болуына қарай шығарылады. Егер кезекті демалыс жыл бойы өндірістің маусымдық сипатына байланысты бірқалыпты берілмесе немесе бір мезгілде жұмыскерлердің көпшілігі шыққан жағдайда жоспардағы еңбек ақы төлеу сомасына есептеле-ін пайызына қарай, шаруашылыққа демалыс ақы төлеуге резерв жасау тиімді. Шаруашылықтың таңдаған демалыс ақы төлеу тәртіптері есеп саясатында көрсетіліп, өзгертілмеуге тиісті.
Егер шаруашылық алда тұрған кезекті және қосымша демалысқа, сіңірген енбек стажына, сыйақы төлеу шығындарына резерв жасаса, онда 685 «Жұмыскерлердің демалыстары бойынша есептелген борыштар» шоты бойынша операцияларының негізділігі анықталады.
Демалысты төлеуге есептелген шығындар есепті айдың еңбек ақы төлеу қорына есепті айдағы демалыс күніне тиісті сомада ғана ендірілетінін естен шығармаған абзал. Егер демалыс кезеңінің бөлігі келесі (есептіден) айға өтсе, жұмыскерге осы күндері үшін төленген сома, берілген аванс ретінде (3350 шотының дебетінде) өндіріс шығындарына тек қана келесі айда шығысқа шығарылады.
Өнімнің өзіндік құнына жататын еңбек шығындарын тексерген кезде аудитор өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік үнына енбейтін жұмыскерлерге төленген ақшалай және натуралды түрдегі төлемдердің тізіміне ерекше назар аударуы қажет. Мысалы, өнімнің өзіндік құнына, өнімдер (жұмыс, қызмет) жұмыскерлерге босатылған немесе қосалқы шаруашылықтың сол ұйымның қоғамдық тамақтандыру орындарына босатқан, сондай-ақ емделуге және демалуға, саяхаттау жолдамаларының бағасының айырмасы енбейді.
Өзіндік құнға бөлінбеген табысты және басқа да мақсатты түсімдердің есебінен, шаруашылықтың жұмыскерлерінің, акционерлерінің тұтынуына бағытталған мынадай төлемдер енбейді: акциялар, облигациялар және шаруашылықтың мүлкіне жұмыскерлерінің басқа да үлестері бойынша дивидендтер, пайыздар және басқа да табыстар; материалдық көмек өндіріс көрсеткіштеріне байланысты емес сыйақы (кіршіксіз көп жыл-дық қызметі және еңбегі, мерейлі күндерге байланысты және басқа да осындай жағдайлар үшін), жұмыскерлерге ұжымдық шарт бойынша қосымша берілген демалыстарын төлеу; бағаның өсуіне, зейнет ақыға үстеме, есесі қайтарылатын көлемнен жоғары жүргізілетін асханада тамақтың қүнының қымбаттауына байланысты, есесі қайтарылатын төлемдер, көпшілік пайдаланылатын көлік пен жұмысқа қатынауды төлеу және басқа да тікелей еңбек ақы төлеумен байланысты емес төлемдер.
Аудитор есептелген еңбек ақы қоры мен тығыз байланысты әлеуметтік салыққа аудару операцияларына баса назар аударып, олардың негізділігіне көз жеткізуге тиісті. Салық кодексінде қаралған салық алынатын базаның дұрыс анықталғандығын, қаржыландыру көздеріне қарамастан тиісті салықтарды ұстанғанға дейін есептелгендігін, заңды түлғалардың әлеуметтік салық есептейтін төлем түрлерінің дұрыс белгіленгендігін анықтауға тиісті. Сондай-ақ, салық алынатын базасы анықталған әлеуметтік салық есептеуге тиісті заңды және жеке түлғалардың шеңберінің анықталып, олардың түрған жергілікті орындары бойынша салықты төлеуі жүзеге асырылғандығына көз жеткізу қажет.
Өнімнің өзіндік қүнына тарату жолымен ендірілетін өндірістік кешенді шығындар жиынтығы «Үстеме шығындар» бабы. Аудитор бүл бапта жинақталған шығындарды мұқият зерттеп, олардың әрбір нақты өнімнің түрлерінің өзіндік құнына таратылу әдістерінің негізділігін анықтауға міндетті.
Негізгі және қосалқы өндіріс, сондай-ақ өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттардың үстеме шығындарының ақпараттарын жинақтау үшін 93 «Үстеме шығындар» бөлімінің шоттары қаралған.
Аудитор бұл бөлімшенің шоттарында шаруашылық операцияларының дұрыс жинақталып көрсетілгендігіне және олардың негізділігіне, таратылу тәртіптерінің ақталғандығына тексеру жүргізеді.
Аудитор, сонымен қатар кезендік шығындарға мұқият тексеру жүргізіп, олардың өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнына таратылмағандығын анықтайды. Кезеңдік шығындардың ақпаратгарын жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында 7110 «Тауарды (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындары», 7210 «Әкімшілік шығысдар», 7310 «Сыйақылар бойынша шығысдар» шоттары қаралған.
Бұл шығындар өнім өндіру шығындарынан айырмашылығы өндірістің көлеміне байланысты емес және нақты сатылған өнімнің немесе қызметтің түріне қатысы жоқ, тұрақты шығындары ретінде анықталған, сондықтан оларды өнімнің көлемінің негізінде емес, уақыт кезеңдері бойынша есептеген орынды.
Шаруашылық жүргізуші шаруашылық, кезеңдік шығындары, тіпті белгілі бір кезеңнің ішінде өнім өндірмеген, қызмет көрсетпеген жағдайдың өзінде де шегеді. Оларды есепте және қорытынды есепте көрсетілу жағынан қарайтын болсақ, кезеңдік шығындардың өндірістік өзіндік құнынан негізгі өзгешілігі; ол - кезеңдік шығындар, тауарлы-материалдық қорлардың қалдығына жатқызылмайды. Нарықтық экономика жағдайында оларды көрсетудің бұндай жолы абайлау сәйкестік қағидалармен байланысты.
Кезеңдік шығындар бұл қорытынды есептің қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы көрсеткіші болса, өндіріс шығындарының көрсеткіштері алдымен тауарлы-материалдық қорлардың қалдықтарына ендіріліп, баланста шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың активінің бөлігі ретінде көрсетіліп, содан кейін ғана қорытынды есептің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесінің көрсеткішіне айналады.
Кезеңдік шығындар келесі кезеңдердің сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына көшірілмей, сол жұмсалған есепті кезеңге ғана шығысқа шығарылады.
Бұл мәселелердің шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың баға саясатында негізді шешім қабылдау үшін маңызы өте зор.
Жалпы және әкімшілік шығындар - бүл өндірісті басқаруға және ұйымдастыруға байланысты шығындар.
Пайыздарын төлеу шығындарына жататындар:
- банк несиелері бойынша сыйақы төлемі;
- жабдықтаушылардың несиелері бойынша сыйақы төлемі;
- жалпы мүліктер, шығарылған құнды қағаздар және басқалары бойынша пайыздарын төлеу бойынша шығындары.
Бұл шығындар 7310 «Сыйақылар бойынша шығындар» шотында көрсетіледі. Бұл шоттың дебетінде 3200 «Басқа да несиелік борыштар және есептеулер» бөлімшесінің 3380,4160 «Төленуге тиісті сыйақылар» шотымен корреспонденцияда пайыздарын төлеу шығындары көрсетіледі, ал жылдың соңында 5410 «Есепті жылдың пайдасы (шығыны)» шотының дебетіне оларды шығысқа шығарады.
Аудитор пайыздары бойынша шығындарды төлеуге байланысты шаруашылық операцияларының корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін, пайыздарын есептеу, төлеу тәртіптерінің сақталғандығын, сонымен қатар Бас кітаптың мәліметтерінің 7310 «Сыйақылар бойынша шығындар» шотының кредиті бойынша есеп регистрларындағы мәліметтерімен сәйкестігін тексеруге тиісті.
Аудитордан тауарларды (жұмыс, қызмет) сатуға байланысты шығындарын тексеруге баса назар аударуды талап етеді. Аудитор тауарларды (жұмыс, қызмет) сатуға байланысты туындаған шығындардың қүрамымен танысып, олардың шартта қаралған сатылған өнімнің өзіндік қүнына енетін есесі қайтары-латын және есесі қайтарылмайтын шығындарының негізділігіне олардың қүрамының дұрыс анықталғандығына кез жеткізуге тиісті. Аудитор тексеру барысында тауарларды (жұмыс, қызмет) сату шығындарының қатарына жатқызылған шығындарына, олардың қүрамына назар аударуы қажет:
- сату (сауда) бөлімдерінің жұмыскерлерінің енбек ақысына; одан аударылатын аударымдарға, өнімді сақтандыру іссапар шығындарына, есептелген тозу сомаларына, өнімді орау ыдыстарға салу, арту, жөнелту пункттеріне дейін жүкті жеткізу шығындарына, сату және басқа да делдалдық қызмет көрсететін үйымдарға төленетін комиссиондық төлемдерге, коммуналдық қызметтерге, тауарларды сату және оларды сақтайтын орындар-ды жалдау шығындарына;
- сауда каналдарын, тауарлардың өтімділігін зерттеу және басқа да маркетинг шығындарына, жарнама қүралдарын шығару және орналастыру, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу шығындарына, шартта қаралған тармаққа сәйкес берілген тауар үлгілерінің қүнына, сатып алушылармен келісім және басқа да құжаттары бойынша немесе делдалдық үйымдарға тегін берілген қайтарылуға жатпайтын өтелмейтін және басқа да осы сияқты шығындарына.
Өнімді сатуға жүмсалған шығындарды баптары бойынша аналитикалық есептері өнімді сатуға жасалған шығындары есебінің тізімдемесінде немесе машина жазбаларда субъект бекіткен баптар бойынша жүргізіліп, есеп регистрларында жинақталған мәліметтерінің 7110 «Тауарларды (қызмет, жұмыс-ты) сату шығындары» шотындағы Бас кітаптағы және баланстағы көрсеткіштеріне сәйкестігін анықтайды.
Аудитор тауарларды (жұмыс, қызмет) сату шығындарын . тексеруді есепті жылы орын алған басқа да активтерді сатуға байланысты шығындардың операцияларын тексерумен жалғастырады. Ондай операциялардың қатарына материалдық емес активтерді, негізгі қүралдарды, қүнды қағаздарды, сатуға және бағамдық айырмаларға байланысты негізгі емес қызметтерді сату шығындары жатады.
Негізгі емес қызметтерді сату шығындарының ақпараттарын жинақтау үшін бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарында 7400 «Негізгі емес қызметтер бойынша шығындар» бөлімшесінің 7410 «Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар», 7410 «Негізгі қүралдарды сату бойынша шығындар», 7410 «Бағалы қағаздарды сату бойынша шығындар» 7430 «Бағамдық айырмашылық бойынша шығындар» және 7450 «Басқалары» синтетикалық шоттары каралған. Аудитор 7400 «Негізгі емес қызметтер бойынша шығындар» бөлімшесінде қаралған шоттарында жазылған шаруашылық операцияларының аналитикалық есептерінің дұрыс жүргізіліп, есеп регистрларын-да жинақталған мәліметтерінің Бас кітаптың және баланстың көрсеткіштерімен сәйкестігін салыстырып тексереді.
Аудитор шығындардың есебін тексеруді шаруашылықтың табыс салық бойынша шығындарын тексерумен сабақтай отырып, олардың туындау себептерін орындалу тәртіптерінің сақталғандығына назар аударады. Заңды түлғалардың есепті кезеңдегі табыс салығына байланысты шығындарының бухгал-терлік есеп шоттарының типтік жоспарында қаралған 7710 «Корпоративтік табыс салық бойынша шығындар» шотында ақпараттарының жинақталып, олардың есеп регистрларындағы көрсеткіштерімен Бас кітаптағы және баланстағы көрсеткіштерімеи сәйкестігін салыстырып тексереді. Есепті жылда есептелген ағымдары табыс салық шығындары және мерзімінде бюджетке төленбей, кейінге қалдырылған табыс салық шығындары 3110 «Төленуге тиісті корпоративтік табыс салық» және 4310 «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салық» шоттарымен корреспонденцияда 7710 «Корпоративтік табыс салық бойынша шығындары» шотының дебетінде таза табыс есептелген кезде есептелген табыс салық сомаларына реттеулер енгізіліп көрсетіледі. Ал шоттың кредитінде салыққа төлем бойынша үнемделген сомасы таза табыс есептелгеннен кейінгі реттеулердің нәтижесін қоса, 4310 «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салық" шотымен корреспонденцияда көрсетеді.
Шаруашылықтың таза табысына төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлестік катысудан шеккен зияны кері әсерін тигізеді.
Бухгалтерлік есептің № 3 стандартында төтенше жағдайлар деген үғымға мынадай түсініктеме берілген. Төтенше жағдайлар деп заңды түлғаның қызметінің әдеттегі қалпының ауытқуына әкеліп соқтырған оқиғаларды немесе операцияларды айтамыз. Бұндай оқиғалар мен операциялар үнемі жиі немесе тұракты қайталанбайды (қар көшкіні, сең жүру, жер сілкіну, қүрғақшылық сияқты табиғи қүрылыстар және өрт, соғыс, т.с.с. оқиғалар).
Тоқтатылған операциялар деп шаруашылықтың жеке бағыттары болып саналатын филиалдарын сатуды немесе жоюды айтамыз.
Аудитор табиғат апаттарының салдарынан шаруашылықтың шеккен зияндарын заңды тұлғаның мүлкін, кәсіпкерлік қаупін (тәуекелдігін) және басқаларын сақтандыруға шарт жасалғанын және жасалып, бірақ сақтандыру шартының барлық талаптарын орындамаған жағдайда пайда болған зияндардың тиісті шоттарға жазылу тәртіптерінің сақталғандығын және олардың құрамын анықтайды.
Бухгалтерлік есептің №3 стандартында тоқтатылған операцияларды есепке алуға байланысты мынадай түсініктеме берілген. Тоқтатылған операциялардың нәтижелері әдеттегі қызметтен алынған табыстың немесе келген залалды айқындау кезінде енгізіледі. Ұйымның әдеттегі қызметінен өзгеше оқиғалардың салдарынан тоқтатылған операцияларды жоне бүл оқиғалар қайталынады деп күтілмейтін жағдайлар бұған қосылмайды. Мұндай жағдайда тоқтатылған операциялардан алынған табыс немесе залал төтенше жағдайлардан туындаған табыс немесе залал ретінде қарастырылады.
Әрбір төтенше жағдайдың нәтижесінде тоқтатылған операциялардың мазмұны және сомасы түсініктеме жазуларымен ашылуы қажет.
Әрбір тоқтатылған операциялардан келген зиянға жазылған түсініктемеде мындай мәселелер жинақталып ашылып көрсетілуі керек:
- тоқтатылған операциялардың мәнісі;
- қаржылық қорытынды есепті әзірлеу мақсатында құрамына операция енгізілетін салалық құрылымдар мен жағрапиялық аудандар;
- есептің мақсатында операцияның нақты токтатылу уақыты;
- тоқталу тәсілі (сату, тарату, жою және т.б.);
- тоқтатылған операциялардан келген зиян;
- есепті кезеңдегі келген зиян және осының алдындағы әр-бір есепті кезеңдердегі құрылымдық бөлімшелердің тиіст і сомаларымен бірге.
- Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жақсарту жолдары
Нарықтық экономика мен базарлы сауданың өрістеуіне байланысты Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық стандарттарға біртіндеп көшіріліп келеді. Еліміздегі бухгалтерлік есеп процесін халықаралық таным бағытына қарай ауыстыру мәселелері XX ғасырдың 90-шы жылдарынан басталады. Мүның ішінде біздің еліміздегі қызмет атқарушы бухгалтерлер мен студенттер қауымына дәріс беруші жоғары оқу орындарының оқытушылары 1994 жылдан бастап халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттар жүйесін шетелдік маман эксперттердің дәріс беру негізінде оқи бастады. Бухгалтерлік есеп өрісінде міндет атқарушы Қазақстандық мамандар мен оқытушылар Британ Кеңесі (Шотландияның ант беруші бухгалтерлері институты) тарапынан қайта даярланды.
Британ кеңесі еліміздегі бухгалтерлік есеп мамандарын халықаралық стандарттарға сәйкес даярлау шараларына арнайы қаражат бөліп, Алматы, Тараз, Қарағанды қалаларында «есеп және аудит өрісіндегі оқытушылар мен кәсіпкерлерді қайта даярлау» жобасын ашты. Бүл жоба үш жылдай қызмет атқарып, жүздеген Қазақстандық бухгалтерлік есеп мамандары қайта даярланды.
Шетелдік әріптестермен ынтымақтастық процесі күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Қазіргі таңда біздің еліміздің есеп жүйесін халықаралық стандартқа көшіру, сондай-ақ мүның дәрежесі мен мазмүнын халықаралық деңгейге көтеру мақсатында Карана, Прагма, Эднет атты халықаралық корпорациялар қызмет атқарып келеді.
Алайда еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттарына сай ары қарай үлттық түрғыда жетілдірілуі және дамуы керек. Мүның өзі созылмалы үзақ процеске айналуы да мүмкін.
Шетелдік капитал және инвестициялар тарту процесіне орай Қазақстан аймақтарында көптеген бірлескен кәсіпорындар қүрылды және қүрыла бермек. Мүндай бірлескен кәсіпорындар өрісіндегі, сондай-ақ өз елімізде жүргізіліп келе жатқан бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық тәжірибемен үйлесімді бағытта жетілдірілуі, үлттық есеп жүргізу тәжірибесіне енуі керек.
Сонымен қатар Қазақстан экономикасына қызмет атқару мен пайда табуды мақсат түтқан бірлескен кәсіпорындардың дамуына, инвестициялық саясатқа, сауда және саяси-әлеуметтік процестерге байланысты біздің, үлттық бухгалтерлік есеп жүйеміз халықаралық стандарттар талабына сай жетілдіріліп дамуы керек.
Отандық бухгалтерлік есеп жүйесі ары қарай жетілдірген жағдайда қаржы салымшы инвесторлар, несиелендірушілер, басқа да заңды және жеке түлғалар үйымдардың қаржылық жағдайын жақсы түсініп, мүның өзіне шынайы сөнімділік білдіре алады.
Біздің пайымдауымызша Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі төмендегі негізгі бағыттарға сәйкес жетілдірілуі керек:
Біріншіден, заңдастырылған негізде арнайы сараптаушылардың жұмыс тобы қүрылып, мүның қүрамына жақсы мамандар білікті ғылыми-зерттеушілер тартылып, бүл топтың қүзырына әлемдік бухгалтерлік есеп тәжірибесін тұрақты түрде зерттеу мен зерделеу және мүның нәтижесін отандық есеп жүйесіне енгізу шаралары жүктелуі керек.
Сараптаушылардың мүндай жұмыс тобы белгісіз жылдарға дейін тұрақты қызмет атқарғаны жөн. Әлемдік бухгалтерлік есеп тәжірибесін үйрену мен зерттеу және мүның нәтижесін отандық есеп жүйесіне біртіндеп енгізу - бүгін бар, ертең жоқ мәселе түрінде қаралмауы керек.
Екіншіден, Қазақстанның есеп жүйесінде болашақта қолданылатын қазақстандық жекелеген есеп объектілеріне тән бухгалтерлік есеп стандарттарын жасау үрдісіне кәсіби мамандығы жоғары және осы саланың білімді ғалым-зерттеушілері қатыстырылып, бүлардың сараптауынан және белгілі бір үйым тәжірибесінен өтуі керек. Егер сараптаушылар тобы өндіріс ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін және үлттық экономика талабын қанағаттандырмайтын халықаралық стандарттарды енгізу мәселесі орын алған жағдайда, сараптаушылар тобы басқа да альтернативтік шешім қабылдаудың жолдарын қарастырғаны жөн. Қазақстанның есеп тәжірибесінде күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан үлттық түжырымдама (концепция) және есеп принциптері мен стандарттарының мазмүны ХҚЕС мазмүнымен гармониялық үйлесімділік тәртіппен қайта қаралып, барлық жағымды тәжірибелер мен есеп жүргізудің үйымдастырушылық шаралары белгіленіп отыруы керек.
Үшіншіден, бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша оқу орындарында оқитын студенттерге арналған, халықаралық бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай келетін, сондай-ақ кредиттік технология жүйесімен оқытуды қамтамасыз ететін сапалы оқулықтар шығару мәселесі жылдан-жылға тиісті жоғарғы деңгейде мемлекеттік басшы органдарда бекітіліп отыруы керек.
Төртіншіден, отандық бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп мазмүнын толық және сөнімді даярлау мен тапсыру, сондай-ақ сыртқы пайдаланушылар мүддесін қанағатттандыру мақсатында тиісті заңнамалар және нормативтік актілер, нүсқау - ережелер нарықтық экономиканың кезеңдік дамуына қарай қайта қаралып, жаңаланып отыруы керек.
Бесіншіден, Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін алдағы кезеңдерде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшіріп, мүның өзін тұрақтандыру үшін елімізде күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан бухгалтерлік есеп счеттарының Типтік жоспары қайта жасалынып, бүл жоспар өтеушілік (айналымдағы активтер) дәрежесін төменнен жоғарыға қарай сипаттап көрсетуі керек. Мүндай сабақтастық бағыт халықаралық қаржылық есеп стандарттарында және өркениетті елдер есебінің тәжірибесінде қаралған. Бухгалтерлік есеп счеттарының Типтік жоспарын жаңадан жасап, мүны сапалы колдану үшін арнайы әдіснамалар, нүсқау-ережелер, салалық нормативтік актілер мазмүны қайта қаралып, әр жылдары зерттеліп, тәжірибеден өткізіліп отыруы керек. Мүндай шаралар бір күндік немесе бір жылдық мәселе емес.
Алтыншыдан, Қазақстанда қызмет атқарушы бухгалтерлердің білімін жетілдіру, кәсіби бухгалтерлер мектебін қалыптастыру, жекелеген бухгалтерлердің алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесін үйрену мен жариялаудың маңызы өте зор.
Жетіншіден, халықаралық ынтымақтастық немесе жаһандану мәселесіне байланысты еліміздегі қоғамдық бухгалтерлік есеп үйымдарының басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып енуі, басқа да ұлттық ұйымдармен өзара ықпалдастық қызметтер атқару нәтижесінде бухгалтерлік есеп стандарттарын жасауға қатысуының рөлі зор.
Сегізіншіден, бухгалтерлік есеп өрісінде қалыптасқан ақпараттар жүйесіне тән электрондык бағдарламалар мазмүнын қайта қарап, бүларды есеп талабына сәйкес жетілдіру және ақпараттарды ЭЕМ немесе компьютерлік жүйемен өңдеу және тасымалдаудың да атқаратын рөлі зор.
Осы жоғарыда айтылған мәселелер іс жүзіне асқан жағдайда, біздің пайымдауымызша, қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесі біршама тұрақтанар еді. Ең негізгі мақсат отандық бухгалтерлік есептің ары қарай жетілдірілуі үшін қызмет пен міндет атқарушы бухгалтерлер қауымы тиімді сабақтастық әдістерді, алдыңғы қатарлы тәжірибені, есеп жүргізу принциптерін, әдіснамалық және нормативтік материалдар маңызын терең түсініп, шығармашылық және зерттеушілік бағытпен қызмет атқарып отыруы керек.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп станрдарттары мен ХБЕС арасындағы барабар үғымның сәйкес келмейтін жақтарын нарықтық экономиканың заңдылығына сай бір бағытқа салу үшін мынандай шараларды іске асыру керек:
а) Қаржылық, басқарушылық және салық есебін гармониялық үйлесімге келтіру және есептің бүл түрлеріне тән нормативтік актілер мен әдіснамалык үсыныстар енгізіп, елімізде қолданылып келе жатқан «Бухгалтерлік есеп және қаржылык қорытынды жөніндегі Заң» қазақ тілінде жазылып, қайта қаралғаны жөн;
б) Бухгалтерлік есеп жүйесінің беделін арттыру және ары қарай жетілдіру бағытында салық органдары мен аудиторлық фирмалар тарапынан талап етілетін кейбір төрешілдік (бюрократтық) элементтерді болдырмау;
в) Өнеркәсібі дамыған елдердің және шетелдік ірі компаниялар мен фирмалардың қазақстаннық шикізат өндіруінен мол пайдаға ие болушылық мақсатын заңдастыру арқылы шектеп отыру;
Ескерту: Отандык бухгалтерлік есеп жүйесін ары карай жетілдіру процесі тек қана зертеушіғалымдар және бұл саланың кәсіби мамандары, сондай-ак ресми мемлекеттік органдарға ғана тән емес. Сіздер, күрметті студентер бухгалтерлік есеп және аудит ерісінің болашактағы мамапы және зерттеушісі, сондай-ақ осы саланың жанашыр - патриоты болатындыктарығызды терең түсініп, өздеріңізді жинақы ұстап, зерттеуші мен зерделеушінің катарында болыныздар демекпіз.
г) Өзін өзі реттейтін бухгалтерлік есепке тән қазақстандық қоғамдық үйымдардың беделін заңды түрде көтеріп, «бухгалтер» кәсібіне тән кәсіби білімі мен этикалық тәртібі төмен кездейсоқ түлғаларды бухгалтерлік есеп қызметіне жақындатпау т.б.
Кейінгі жылдары Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық стандартка жақындату бағытында біршама нормативтік шаралар іске асырылды. ХҚЕС-не қарасақ, қазақстандық нормативтік актілер үсыныс түрінде емес міндетті түрде қатаң тәртіппен қолданылатын материалдар қатарында берілген. Сонымен қатар біздің елімізде қолданылып келе жатқан қазақстандық стандарттар маңызы мен мәні жағынан ХБЕС сәйкес келе бермейді.
ХҚЕС-ке көшу мәселелерінің кейбір жақтары Қазақстан Республикасындағы заң актілерінде қаралған. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды есеп» жөніндегі Заңға сәйкес ҚР қаржы министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы жөніндегі департаменті» халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына қайшы келмейтін және халықаралық бухгалтерлік стандарттарымен реттелмеген жаңа стандарттар жасап, мүны бекітуге қүқылы деп танылған.
Сонымен қатар аталмыш департамент бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарын жасап, оны бекітуге міндетті деп танылған. Осы заңның түжырымдамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасауға міндетті өкілетті түлғалар Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарының талаптары мен ережелерін сақтауға міндетті деп танылған (Заңның 7-ші бабының 3-ші тармағы).
Біздің мақсатымыз елімізде қабылданған заң актілерінің әрбір тараулары мен тармақтарына талдау жасап, мүның жағымды және жағымсыз жақтарын ашып көрсету емес. Мәселе үлттық бухгалтерлік есеп жүйесін ары қарай жетілдіру мен дамыту болғандықтан осы салада міндет атқарушы мамандар мен ғалым-зерттеушілерді еліміздегі бухгалтерлік есеп мәселелерін ары қарай жетілдіру процесіне шақыру болып табылады.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру тек қана жоғарыда айтылған мәселелерге ғана байланысты болмай, еліміздегі нарықтық қатынастардың тұрақты дамуымен тығыз байланыста болғаны жөн. Біздер бір жағынан халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмүнын екінші жақтан қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары мазмүнын терең түсініп, отандық бухгалтерлік есеп мәселелеріне баса назар аударуымыз керек.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары негізінде отандық бухгалтерлік есеп жүйесін ары қарай жетілдірудің негізгі мәселелерінің бірі - үйымдарда күні бүгінге дейін екі бақытта жүргізіліп келе жатқан қаржылық және салық есебін біріктіріп үндестіру, сондай-ақ есептің жаңа қаржылық моделін қүру болып табылады. Егер қаржылық есептің үндестірілген жаңа моделі қүрылған жағдайда есеп жүргізудің еңбек шығындары біршама азаяды. Сонымен қатар екі түрлі есептің орнына көп мағыналы қаржылық есеп қүрылып, мүның өзі салық есебіне тән есептеулер жөніндегі ақпараттар даярлауды да қамтамасыз етеді.
Отандық бухгалтерлік есепті жетілдіру мен ары қарай дамыту және ХҚЕС негізіне қарай қолайлы үйлесімді бағытқа салу үшін төмендегі шараларды іске асырған жөн:
—үйымдар қызметінің қаржылық нәтижесін барынша қарапайым және сөнімді түрде көрсету;
—мүмкіндікке қарай қазақстандық үйымдардың қаржылық жағдайын шетелдік компаниялардың каржылық жағдайы мен салыстыру негізінде үзақ мерзімді нарықтық қатынастарды шетелдік әріптестермен бірге қүру, сондай-ақ бірлескен үйымдар қүру барысында қолайлы шешім қабылдау.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру мәселелерін талдау барысында тек қана қаржылык бухгалтерлік есепке тән мәселелерді ғана қарастырмай, сонымен қатар басқарушылық есепті ары қарай жетілдірудің жолдарын зерттеу қажет. Қазіргі кезеңде басқарушылық есеп бухгалтерлік есептің көлеңкесінде қалып, мүның көптеген проблемалары әлі күнге дейін зерттелмей келеді. Алайда басқарушылық есептің қолайлы моделін қүру бизнес пен кәсіпкерлікті дамытудың негізін қүрайтындығын білген жөн.
Осы параграфта қаралған мәселелер іске асқан жағдайда, біздің пайымдауымызша, отандық бухгалтерлік есеп жүйесі сапалы сипатта болып, нарықтық қатынастар принциптерінің дамуына өз әсерін тигізбек деп ойлаймыз.
Қорытынды
Республиканың экономикалық даму кезіндегі ел басының алға қойған талаптарына және мемлекеттік бағдарламаға сәйкес бүгінгі күні құрылыс өндірістің ауқымын кеңейтіп, көлемін ұлғайтуда. Осы құрылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заиан талабына сай орындалуы шарт. Талапта орындау мақсатында оның және дұрыс жүргізілген бухгалтерлік есеп құрылыс нышанның әрбір шарты көлемін дұрыс бағалауға жол береді.
Құрылыс өндірістің технологиясын шаруашылық субьектілеріндегі аналитикалық және синтетикалық есепті ұйымдастыруда өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты . Құрылыс барысында өндірілген өнім сол орында қалады жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасымен жаңа обьектіге ауыстырылады. Жұмыс күші және құрылыс техниканың басқа жнрге ауыстыру қосымша шығындарды талап етеді. Кейбір шығындар есепте алдын-ала жиналып одан кейін тиісті кезеңмен есептік обьектіге бөлінеді.
Құрылыстағы тауардың қатынастар оның өндірістен айырмашылығы ол өндіріс процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл специфика бағамын құрғанда құрылыс мекемелердің өндіріс шығндарын көрсеткенде және инфляциямен өндіріс құралдарына бағаның өсу жағдайда бас мердігерлер үшін үлкен тәуеклмен байланысты.
Бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына, заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жасауда. Демек, нарықтық қатынастарға, барлық меншік түрін дамытуға және шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістері мен тәсілдерін таңдауға шаруашылықты басқарудың тиімді механизмін (тетігін) жасауға біртіндеп өолайлы жағдай туып келеді. Сонымен қатар, аталған құбылыстар бухгалтерлік есепке де, аудит, талдау жүйесіне де жаңаша талаптар қойылып отыр.
Қорыта келгенде, дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес және зерттелінген шаруашылық «AGS-3» ЖШС– ның мысалында біз мынадай ұсыныстар жасаймыз:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының ХҚЕС – на көшуіне байланысты шаруашылық келешекте өз қызметкерлерін, әсіресе бухгалтерлерді ХҚЕС мен ХБЕС жөніндегі дайындық курстарына бағыттағаны жөн. Себебі, қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары мен ХБЕС барабар ұғымдар болғанымен, олардың көптеген айырмашылықтары бар.
Екіншіден, шаруашылықтың қаржылық эксперт мамандарын жұмысқа алғаны жөн. Себебі, бұл мамандардың жұмысының шаруашылық қызметіне әсері зор. Олар кәсіпорынның негізгі қорларының, тауарлы – материалдық қорларының, сатып алушылар мен жеткізушілермен есеп айырысу мәселелерін талдай келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер береді. Ал осы мәліметтер шаруашылық басшыларына дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Дұрыс шешімдер қабылдап, өз қызметін жетілдіруі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Үшіншіден, шаруашылыққа мемлекеттік тілде білім алған мамандар қажет. Себебі, шаруашылық өз қызметін мемлекттік тілде жүргізбейді, сондықтанда бұл мамандардың шаруашылық қызметіне әсері зор.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептеме жөніндегі» заңы № 329-1 24 маусым 06 ж / Қаржы, салықтар, бухгалтерлік есеп сақтандыру бойынша нормативтік актілер «Қаржы қаражат» арнайы материалдар/ Қаржы қаражат 2002ж № 7.
- «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2006. – 44 бет.
- Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нусқау және 2006 жылдан бастап қолданылынатын бухгалтерлік есеп счеттарының жүмыс жоспары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлінің 22 желтоқсан 2005 жылғы № 426, 427 ші бүйрықтары.
- Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы 2003 жыл 13 мамыр № 415-ІІ ҚРЗ.
- Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы: (оқу құралы). -Алматы, 1992.
- Әбдіқалықов Т.Ә. Аудит және бухгалтерлік есеп, Алматы. 2000.
- Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: (оку құралы). - Алматы, 1992.
- Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт). Алматы, 2006.
- Әбленов Д.О. Аудит негіздері. Алматы, 2005.
- Балапанова А.Ж.. Аудиттің теориялық негіздері. Алматы, 2003.
- Байболтаева Н.Ә. Бухгалтерлік есеп принциптері. -Алматы, 2002.
- Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп, -Алматы,.2005.
- .Байдаулетов М.Б. Аудит. – Алматы, 2004.
- Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп жүйесін жетілдіру және бухгалтерлер қауымдастығы // Бухгалтерлік есеп және аудит. -1999. -№ 2.
- Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж..Г., Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2001.
- Ержанов М.С. Аудит1. – Алматы, 2005.
- Кеулімжанов Қ.К., Әжібаева З.Н. т.б. Қаржылық есеп. Алматы, 2001.
- Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. - Алматы, 2005.
- Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ.,т.б., Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы, 2003.
- Сәтмырзаев А, Укашев Б. Аудит теориясы6 – Алматы, 2000.
- Тасмағамбетов Т.А., Әбленов Д.О. Бизнестегі есеп пен талдау, Алматы, 2002.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024