Ернар Бәкенов 1974 жылы 25 қазанда дүниеге келген. Қарағанды қаласының тумасы. 1996 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды қаласы Ұлттық банкінің Ленин аудандық бөлімшесінде бастады. Бақылаушы-кассир ретінде қызмет етті. 1997 жылдан 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, бас инспекторы және бастығы лауазымдарын атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сыртқы сауда саясатын және сауданы дамытуды талдау департаментінің бас сарапшысы, директордың орынбасары, кейін директор ретінде жұмыс істеді. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграциялар департаментінің директоры қызметін атқарды. 2017 жылы 21 сәуірде Ернар Бәкенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2011), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2014), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2016) марапатталған.
Дереккөз: kapital.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024