Ержан Қазыханов 1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетінде білім алып, 1987 жылы оқуын тәмамдаған. Тарихшы, шығыстанушы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
1989-1992 жылдар аралығында ҚазКСР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1995-2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі ретінде жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі ретінде еңбек жолын жалғастырды. 2011 жылдың ақпан және сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2011 жылдың 11 сәуірінен 2014 жылдың 17 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2014 жылғы 17 қыркүйегінен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2017 жылы Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024