7 мамырдағы Францияның президенттік сайлауында Эммануэль Макронның жеңіске жетуі Еуропалық Одақтың жарқын болашағы, атап айтқанда, Еуроаймақ туралы жақсы сенім мен үмітті тудырды. Себебі Макрон нақты ЕО-ны жақтайтын науқанды жүргізді, және сол үшін марапатталды. Сондай-ақ, ЕО-ның негізгі мемлекеттерінің бірінде популистік үкімет орнау қаупі өткеннің заты болып табылады.
Алайда, еуроаймақ туралы жақсы жаңалықтарға кәміл сенімді болмауымыз керек. Макрон өзі, әрине, жақсы түсінетіндей, ЕО-ның ұзақ мерзімді өміршеңдігі «Еуропалық жобаның» оның басшылығына қарағанда өз азаматтарына ұнауын талап етеді. Сондықтан ЕО көшбасшылары қауіпсіздік, көші-қон, және өсу бойынша мәселелерін шешу үшін күш-жігерін жандандыруға осы мүмкіндікті қолдануы мүмкін және әлбетте, лазым.
Алайда, бөлмеде піл бардай, Еуроймақта басқару реформасының қажеттілігі бар. Қазіргі уақытта, еуроаймақ реформалары туралы келіссөздер Франция, Германия немесе басқа елдер басшылары үшін басым тақырып болып табылмайды. Бұл ішінара қаржылық тұрақсыздық қаупінің төмендеуін көрсетеді; бірақ одақ мүшелері арасында «реформадан шаршау» да бар. Соңғы бірнеше жыл бойы Еуроодақтың жүргізіп келген мекеме құру ынтасы да азайғандай. Одан әрі ілгері жүру блок бойынша бүкіл тәуекелді бөлісуді талап етеді, ал ол ұлттық референдумдар мен көбірек үгіттеу арқасында ғана мүмкін болады. Қазірше саяси мақсатқа ең лайықтысы статус кво болып тұр.
Бірақ Макронның жеңісі ЕО-ға тек ғана бір сәттік жеңілдік беріп тұр. Күшті ЕО сенімді және тұрақты еуроға байланысты, және еуроның ұзақ мерзімді өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін әлі де көп жұмыс жасалуы керек.
Еуроаймақ экономикасы бүгін ауыр соққыға тап болса, ол мүлдем дайын емес болар еді. Еуроөңірдің екі ірі экономикасы, Франция мен Германия арасындағы жаңа ірі мәміле кешіктірмей жасалуы керек. Сонымен қатар, еуро мәселелерінің техникалық шешімдеріе іздеу жүзеге асырылуы тиіс.
Осы бастамалар бірнеше негізгі принциптерді басшылыққа алуы тиіс. Біріншіден, Еуроаймақтың реформаланған фискалдық және қаржылық құрылымдары ережелерге қарағанда ақылға негізделуі тиіс. Соңғы қаржылық дағдарыс кезіндегі Еуроаймақтың тәжірибесі Америка Құрама Штаттарымен салыстырғанда, монетарлық органдарына ғана емес, үкіметтерге де жылдам, икемді шешім қабылдау қажеттігін көрсетіп өтті.
Егер қоғам ережелерге қарағанда ақылға қарай ауысуды қолдайтын болса, еуроаймақ мүшелері үшін фискалдық басқару жүйесі нақты нарыққа сәйкес болуы тиіс. Ал борыштық қайта құрылымдау негіздемесі реформаланған Еуроаймақтың басқару құрылымының тірегі болуы тиіс. Мұндай құрылым Еуропалық тұрақтандыру механизмінің (ESM) дағдарыста несиелендіру жобасын толықтырып, ЕSM арқылы басқарылуы мүмкін.
Көптеген мүше мемлекеттердің жоғары борышқа толы тарихын ескере отырып, осындай құрылымға көшудің тұрақсыздандыру қаупі болуы мүмкін. Қиындықтардың алдын алу үшін, борышты басқару агенттігін құру керек, мүмкін, оны сондай-ақ, ESM арқылы жасауға болар; бұл мекеменің белгілі бір шектен асқан мүше мемлекеттердің қарызын сатып алуға заңды мүмкіндігі болу керек. Мұндай құрылым туралы ұсыныстар да бар, бірақ кез келген қабылданған шешім мүше мемлекеттердің шектеулі бірлескен кепілдігін алуы керек.
Ал мұнда еуроаймақтағы басқару реформасын іске асыруда басшылыққа алатын ең маңызды принцип жатыр: өзгерістер елдер арасында тәуекелдерді бөлуді қамтитын, шешімдердің заңдылығын нығайтатын саяси реформалармен қатар жүзеге асырылуы тиіс. Тек содан кейін еуроаймақ нарықтық тәртіп пен шектеулі тәуекелдерді бөлуге қарай кез келген қадам арасындағы тұрақтандырушы ымыраға қол жеткізетін болады.
Осыған ұқсас ымыраға Еуроаймақтың қаржы шеңберінде де жетуге болады, әсіресе банк теңгеріміндегі егемен тәуекелдерді шешу мәселесінде. Бұл қазіргі эмитенттің борыштық жағдайына қарамастан еврода көрсетілген барлық егеменді облигацияларды бірдей қарастыратын ағымдағы жағдайды өзгертер еді.
Нарықтық тәртіпті нығайту мақсатында жасалған ережелердің жаңа жиынтығы әртараптандыру үшін ынталандыруды қамтамасыз етер еді. Әзірге тағы бір жақсы ой ол егемен борышпен қамтамасыз етілген борыштық міндеттемелерді құру (CDO) болып табылады. CDO ешбір бірлескен кепілдіктерді талап етпейді, және олар Еуропалық Орталық Банкке ақша-несие саясатын жүзеге асыруды оңайлатып, нарықтық тәртіпті қамтамасыз етуге де көмектесер еді. Соңғы ЕО ұсынысы осы бағыттағы оң қадам болып табылады.
Екі қосымша мәселелер де шешілуі тиіс. Біріншісі Еуроаймақ банк одағын құруды аяқтау, ол ортақ банк реттеуі мен сенімді қаулы қорын да қамтиды. Осы бағытта прогреске қол жеткізу үшін саяси ерік жоқтығын ескере отырып, табысты болса, еуроаймақ деңгейіндегі келісімдерге жолын ашатын ұлттық деңгейдегі шешімдерге назар аудару саналы шешім болуы мүмкін.
Екінші мәселе еуроаймақ деңгейіндегі барабар бюджеттік ынталандыруды қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған әлеуетті құру болып табылады. Мұнда да, саяси ерік жетіспейді. Бірақ, шынайы қарыз басқару агенттігі және мұра қарызын басқару режимімен, мүше елдердің жаңадан босаған фискалдық әлеуетті осындай орталықтандырылған шешім қажеттігін көрсетуі мүмкін.
Аталмыш салыстырмалы консервативті шешімдер қабылданатын болса, ЕО азаматтары шешім қабылдау процесіне тартылуы тиіс. Бұл әсіресе, ESM мен егемен облигациялар үшін бірлескен кепілдіктерге үлкенірек рөлі бар ұсыныстарға қатысты. Сонымен қатар, осы ауқымдағы өзгерістер еуроаймақ елдерінің мүддесіне өкілдік ететін Еуропалық Парламентіне көбірек жауапкершілік беруді талап етеді.
Біз Біріккен Корольдіктің Брексит референдумы мысалынан көргеніміздей, сайлаушыларға еуропалық жобаны басқаруда тым көп еркіндік беруден жақсылық күтпеуге болады. Бірақ Франция жақында ғана көрсетіп өткендей, сайлаушыларға ЕО интеграциясын сату істің оңай бөлігі болуы мүмкін. Фискалдық басқару еуроның сақталып қалу мықтылығын тексерудің шынайы сынағы болмақ.
Автор туралы: Лукреция Рейхлин, Еуропалық Орталық банкінің зерттеу жөніндегі бұрынғы директоры, Лондон бизнес мектебінің экономика профессоры.