Мемлекеттік меншік: қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны
Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарына тікелей байланысты. Өйткені қай қоғам болсын, өндіріс қатынастарының негізінде белгілі бір меншік формасы жатыр. Сондықтан нарық қатынастарына көшу кезенінде оның көптеген объективті мәселелері өз шешімін күтуде.
Қазіргі таңда айқындалып отырғанындай, бұрынғы көзқараспен социализм орнату жолында деп есептелінген елдердегі әлеуметтік-экономикалық жүйенің күйреуінің басты себептерінің бірі – мемлекеттік меншік қатынастарының үстемдікке ие болуы. Сол себепті де оларды өзгерту және түбегейлі құру туралы қорытынды жасалды. Сөйтіп, бұл проблемаларға қоғам тарапынан өзіндік көзқарас білдіру мәселесі алға тартылып отыр.
Меншік проблемаларын қарастыру – саяси экономия және экономикалық теория курсының қажетті элементі болып табылады.
- Меншік: мәні, мазмұны.
Қай ел болсын, оның шаруашылық өмiрiмен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кiмнiң қолында? Немесе адамдардың өмiр сүру негiзi - материалдық игiлiктердi иемденетiн кiм? Бұл билiктiң мәнi – өндiрiс қурал-жабдықтарына және оның нәтижелерiне тиiстi меншік қатынастары болып табылады.
Меншiк – қогамдық құрылыстың экономикалық негiзi – қогамдық бастаулардың негiзiне жатады. Сондықтан әрбiр мемлекет меншiк туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды. Меншiк, заң жағынан алып қарағанда, мүлiктiк қатынастарға жатады.Құқықтық нормалар мен актiлерде материалдық байлық әр түрлi субъектiлер (жеке адамдар, әлеуметтiк топтар, таптар, мемлекет) арасында қалай иемденетiнi және бөлiнетiнi анықталады. Меншiк иесi заңмен анықталған мүлiктерге ие болады. Және ол қолындағы мүлiктердi: иемдену, пайдалану және оған иелiк жасау өкiлеттiлiгiн алады.
Бұрынғы Одақтағы қоғамдық iлiмдер дамуының басты кемшiлiгi – объективтiк процестердiң нақты күрделiлiгiн жеңiлдетуге саяды. Бұл жағдай “меншiк” ұғымын зерттеу процесiнде де көрiнiс табады. Бiрiншiден, меншiктi жiгерлi қатынастар ретiнде, тек құқылық феонмен деп түсiну. Егер саяси экономия объективтi экономикалық процестердi қарастыратындығы және ол меншiктiң мазмұнын бiр жақты түсiнетiндiгiне көңiл аударсақ, онда бұл көзқарастын дұрыстығына күмән туғызбайды. Ал осындай бағытты жақтаушылар меншiктi құқықтық жағынан қарастыру – иемденудiң экономикалық қатынастарын бейнелейтiнiн, сол себептi де бұл, олардың түрлерi екендiгiн де мойындайды. Әйтсе де олар экономикалық қатынастарды, меншiк қатынастары ретiнде қарастырудың орнына, түрдi мазмұнынан айырып алады.
Екiншiден, көп уақыттар бойы меншiктiң экономикалық және құқықтық мазмұнына тереңдеп бармай, оны бетiнен қалқып түсiндiру орын алып келдi. Көптеген авторлар меншiктiң экономикалық мазмұнының салыстырмалы дербестiгi мен оның құқықтық мазмұнының күрделiлiгiн мойындаумен бiрге, олардың арасындағы өзара байланыс туралы нақты жауап бермедi.
Әйтсе де бiрқатар экономикалық әдебиеттерде бұл проблема туралы маңызды ой-пiкiрлер айтылып та жүрдi.
Меншiк қатынастары құқықтық және экономикалық материалдардан тыс қалыптаспайды, олар осы екi формада бiрдей әрекет жасайды. Сонымен, меншiктiң категория ретiнде процестi сипаттайтын принциптерiнiң ерекшелiлiгi осында.
Ендiгi басты мәселе – меншiктiң мәнi және сипаты туралы. Жалпы меншiк дегенiмiз не?
Меншiк дегенiмiз – өндiрiс құрал-жабдықтарын және өндiрiлген өнiмдердi иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол адам және заттың арасындағы қарым-қатынас емес, адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.
Меншiк. Саяси-экономикалық мақынада. Бқл қндiрiс процесiндегi адамдар арасындағы күрделi шаруашылық қарым-қатынастар. Қандай да бiр материалдық игiлiктi өндiру – адамдардың өз қажетiне қарай табиғат байлығы мен энергияны иемдену болып табылады. Меншiк қатынастары: а) иемдену; б) материалдық ресурстарды тиiмiдi пайдалану; в) оларды жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесiндегi қарым-қатынастарды қамтиды.
Меншiк. Саяси-экономикалық категория ретiнде. Мұны өндiрiстiң қоғамдық формасын анықтайтын, адамдар арасында құрал-жабдықтарды пайдалану процесiндегi болатын қарым-қатынастар жүйесi деп түсiнемiз. Сондықтан, меншiк туралы жалпы түрде оны: тек “таза” абстракция ретiнде ғана айтуға болады. Ол экономикалық категория ретiнде белгiлi бiр нақтылы әлеуметтiк қарым-қатынастарды бейнелейдi.
Сонымен, меншiк экономикалық категория ретiнде – экономикалық қатынастардың абстракциялық көрiнiсi. Яғни, меншiк – нақты қогамның экономикалық қатынастарының толық жүйесiндегi қандай да бiр экономикалық немесе топтық қарым-қатынастарының абстрактылы көрiнiс болып табылады.
Өндiрiс процесiн адамдардың өзiнен тыс табиғатты иемденуi деп айтуға да болады. Бұл иемдену өндiрiс фокторларын ұштастыру аркылы жүзеге асырылады. Ал, ұштастыруда әр түрлi қоғамдык формалар қолданылады.
Сөйтiп, экономикалық категория ретiндегi меншiктiң мазмұнына жоғарыдағыдай анықтама беруге болады. Әйтсе де әр түрлi жағдайда меншiктiң: мемлекеттiк, жеке меншiк, ұжымдық деген әлеуметтiк формалары бар.
Меншiк – иемдену, билеу, пайдалану тәрiздi күрделi қарым-қатынастар ретiнде осы қоғамның экономикалық қатынастарының барлық жүйесi арқылы жүзеге асырылады. Олай болса, оның экономикалық мазмұны мен заңдылық қозғалысын тану үшiн экономикалық қатынастардың барлық жүйесiн зерттеу керек.
Қоғам өзара қарым-қатынастағы және әркайсысының ерекше өзiндiк мүдделерi бар элементтерден , яғни кәсiпкерлер мен жұмыскерлерден тұрады. Және олардың мақсат мүдделерi өндiрiстiң бағдар-бағытын анықтайды. Мұны мынадай екi вариантқа бөлуге болады:
- Кәсiпкерлер мен жұмыскерлердiң қай-қайсысы болсын, өндiрiстi жүргiзуде қашанда өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуi басым болуын көздейдi;
- Өндiрiстi ұйымдастырғанда өз мүдделерiн теңестiруге және оларды оптимальды үйлестiруге ұмтылады.
Иемдену – адамдар арасындағы экономикалық байланыстарды бейнелейдi, егер олар; “мына зат менiкi” десе, онда бұл жайт қалыптасып үлгерген шаруашылық байланыстарын сипаттайды және бұл мүлiктi кiмнiң иемденуге құқығы бар, ал кiмнiң құқығы жоқ екенiнi көрсетедi.
Иемденуге қарама-қарсы ұгым – иелiгiнен айрылу. Иемдену ұғымы - қоғамның бiр бөлiгi – құрал-жабдықтарды өз иелiгiне алып, басқа адамдардың тiршiлiк ету көзiнен айыру дегендi бiлдiредi. Осыған сәйкес бiр адамдардың өндiрген өнiмдердiң басқа бiреулер, демек, құрал-жабдықтардың қожайындары иемденедi.
- Меншiк объектiлерi және субъектiлерi.
Меншiк қатынастары көптеген ғасырларды қамтиды. Оның өз даму тарихы бар. Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық, кәсiпкерлiк әрекеттерi, мақсатты қозғалыс жүйесi , тағы да басқа әртурлi экономикалық мүдделерi, шаруашылық жүргiзу формалары мен тәсiлдерi байланысты. Дүниежузiлiк тәжiрибенiң дәлелдiгi - меншiктiң аса маңыздылығы – жалпы адамзаттың маңызды байлығына жатады.
Меншiк қатынастарының ерекшелiгi, ол бiр жағынан, өте қарапайым, ал екiншi жағынан, өте күрделi де. Қарапайымдылығы – әр адам онымен күнделiктi кездеседi және оны жиi сезiне отырып, ол туралы белгiлi – бiр деректер алып отырады. Күрделiлiгi - оның тасасында тұрган адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды бейнелейтiн көп қырлы мазмұны. Бұл қарым-қатынастар – әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншiкке қатысты қарым-қатынастары.
Меншiк қатынастарының экономикалық мазмұнын, яғни меншiк субъектiсi мен объектiсiн анықтай бiлу керек.
Меншiк субъектiсi – меншiк қатынастарынын белсендi жағы. Олар меншiк объектiсiн иемденетiн, оған билiк ететiн және пайдаланатын адамдар. Ол аз емес. Меншiк субъетiлерi: адам, тұлға – меншiктiң бастапқы субъектiсi болып табылады. Ол ең алдымен өз дене қуатының қарым қабiлетiнiң , жұмыс күшiнң қожасы. Меншiктiң бұл объектiлерi адамның жеке өзiне тәуелдi. Сонымен қатар, адамдар өзiнен тыс басқа да заттарга ие бола алады.
Отбасы – бұл да меншiктiң көп тараған субъектiсi. Отбасы мүшелерi үй-iшiнiң жиған мүлiк-жиhаздарының иесi.
Әлеуметтiк топтар – өз ерiктерiмен пiкiрлес болған топтардың өз меншiктерi болады. Олардың мүдде-мақсаттары мен ынта-жiгерi бiр-бiрiмен сәйкес келедi.
Кәсiпорындардың еңбек ұжымдары – бiр кәсiпорында жұмыс iстейтiндер көп жағдайда бiр ғана ұжымдық иелер ролiн атқарады.
Территория халықтары – қандай да болсын, аймақта қоныстанған халық сол ауқымды орналасқан кейбiр объектiлердiң иесi бола алады.
Ел халқы – жалпы халықтың дәулетi болып саналатын, елдiң ұлттық байлығының белгiлi бiр бөлiктерiн иемденедi.
Басқару бөлiмдерi – кәсiпорындарының басқарушыларынан бастап, ел үкiметiне дейiн меншiк иелерiнiң қызметiн атқарады. Олардың меншiктiң бiраз объетiлерiн пайдалану, билеу туралы шешiм қабылдауға құқықтары мен мүмкiндiктерi бар.
Меншiк қатынастары әр түрлi объектiлердi иемденуге байланысты қалыптасады. Мұны потенциалды тұрғыдан алып қарағанда, тiптi жердегi құрлық атаулы, әрбiден соң бүкiл әлемде меншiк объектiсi бола алады. Шын мәнiнде адамдардың өзi, оның жеке өмiрi, қабiлеттiлiгi тек оның өзiне ғана жатады.
Жер, жер учаскiлерi, жер кеңiстiктерi, пайдаланылатын жер – меншiктiң көп тараған объектiлерi болып саналады. Оларды әр түрлi субъектiлер, құрылыс жүргiзу, ғимараттар салу, коммуникациялық жүргiзу және әр түрлi өсiмдiктер, дәндi-дақылдар егiп, мал өсiру мақсатымен – жайылым-шабындық ретiнде, сонымен қатар, адамдарға, қоғамға қажеттi шикiзаттар алу үшiн де пайдаланады.
Табиғат байлығы – меншiктiң тағы да бiр көпқырлы объектiсi болып саналады. Ол: пайдалы қазбаларды, жер-су байлығы мен ондағы тағы да көптеген пайдалы заттарды, ауа орталығын қамтиды.
Әлеуметтiк-мәдениет ғимаратарға – ең әуелi үй-құрылыс қорларымен қоса, адамдардың өмiр тарихында қорлана берген байлық құрамындағы меншiктiң күрделi объектiлерi жатады.
Негiзгi өндiрiстiк қорлар – өндiрiс процесiне тiкелей қатынасатын өндiрiстiк ғимараттар, құрылыстар, құрал-саймандар мен әр түрлi жабдықтар, машина, агрегаттар, приборлар ретiнде меншiк объектiлерiнiң едәуiр бөлiгiн қамтиды.
Ақша, валюта және бағалы қағаздар. Бұлар да меншiк объектiсi. Олардың басты ерекшелiктерi: материалды-заттық бағасында емес – құндылығында, дәлiрек айтқанда, құннан көрiнiс алатын меншiктер екендiгiне байланысты.
Аса қымбат асыл заттар – алтын, күмiс, платина, алмас, бриллиант тағы да басқалары. Бағалылық және заттық жағынан да меншiктiң бiртұтас объектiлерi болып саналады.
Рухани-ойшылдык, ақпараттық ресурстар мен өнiмдер… Адамдардың ақыл-ойының, ойлағыштық әрекетiнiн нәтижесi болғандықтан, меншiктiң ерекше объектiлерi болып табылатыны анық. Бұлар интеллектуалды меншiктiң объектiлерi – ғылымның, әдебиеттiң, көркемөнердiң, жобалардың және тағы басқа табыстары.
Жұмыс күшi – адамдардың еңбек әрекетiне қабiлеттiлiгiнiң , еңбек потенциалының көрiнiсi. Бұлар әр адамның өз меншiгiне жататын объектiлер.
Сонымен, меншiк қатынастары әртүрлi объектiлер бойынша қалыптасады. Өндiргiш күштерiнiң дамуы барысында олардың құрамдары мен құрылымдары кеңейiп, сапасы өзгередi. Жоғарыда қарастырылған меншiк объектiлерiнiң iшiнде ортадан ойып орын алатын және осыған байланысты қоғамда әлеуметтiк күрес пайда болатын айрықша объектiлерi де бар. Олар К. Маркстiң методологиясы бойынша, өндiрiсi құрал-жабдықтары. Бiрақ соңғы жылдары тап осы тұжырымдарға қатысты әртүрлi пiкiрлер айтылып жүр. Дәлiрек айтсақ, өндiрiс құрал-жабдықтарының атқаратын айрықша қызметi – тарихи өтпелi өндiрiс тәсiлдерiне тән деген кағида басым.
Қорыта айтқанда, қазiргi меншiк қатынастары қауырт күрделенiп барады. Және оның құрамына көптеген жаңа субъектiлер мен сапасы жоғары объектiлер енуде.
- Меншiк формалары мен олардың даму диалектикасы.
Меншiк – қашанда белгiлi бiр тарихи қалыптасқан формаларда пайда болып дамиды. Адамдардың жасампаз әрекеттерiнiң негiзгi материалдық құралдарын иелену – бұл әр қоғамдық өндiрiстiң дамуының өзектi көзi. Ал экономикалық басты құрылымы технологиялық процес те жұмысшы мен жеке оның еңбегiнiң өндiрiстiң заттық факторларымен ұштасуы қандай қоғамдық формаларда жүзеге асыратылатынына тәуелдi болады.
Адамзат қоғамының тарихи даму барысында құрал-жабдық меншiктерiнiң әр түрлi формалары белгiлi. Алдымен олардың бiрiне-бiрi қарсы: жалпы және жеке меншiк деп аталатын екi формасы бар.
Жалпы меншiк – ұжым ретiнде бiрлескен адамдарға берiлген құрал-жабдықтар, яғни бұл – олардың барлығына ортақ меншiк деген сөз. Мұндай иеленушiлiк әр түрлi қоғамдарға тән. Ол – рулық қоғамның даму кезеңiнде: алғашқы қауымдық меншiк, отбасы меншiгi деп бөлiнедi.
Меншiктiң басты формасының бiрi – ұжымдық кәсiпорынның меншiгi. Бұл меншiк: мемлекеттiк кәсiпорының барлық мүлкi еңбек ұжымының меншiгiне көшкен; жалға алынған мүлiктi сатып алған немесе заңда көзделген басқа тәсiлдер арқылы ие болған мүлiк жағдайында пайда болады. Сонымен бiрге, ұжымдық кәсiпорының мүлкi, оның iшiнде өндiрiлген өнiм, алынған табыс – олардың ортақ игiлiгi болып табылады.
Ұжымдық меншiктiң; кооперативтi меншiк, шаруашылық қоғамы мен серiктестiктердiң, акционерлiк қогамның, шаруашалық ассоциацияларының, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың және дiни ұйымдарының меншiктерi деп аталатын бiрнеше түрi болады.
Жеке меншiк – жеке адамдардың өндiрiстiң заттық факторына және оның нәтижесiне өз меншiгi ретiнде қарауы. Оның өз еңбегiне және өзгенiң еңбегiне негiзделген екi түрi бар.
Өз еңбегiне негiзделген жеке меншiктiң субъектiлерi – жеке шаруа қожалығы, қолөнершiлер және басқа адамдар. Бұлар өз еңбегiмен өмір сүредi. Олар, бiр жағынан, өз меншiгiнiң иесi, екiншiден,. Тiкелей жұмыскер болып табылады.
Өзге адамның еңбегiне негiзделген жеке меншiк – өзгенiң еңбегi есебiнен баюға бейiмделедi. Сөйтiп, негiзгi өндiрiс құрал-жабдықтары аздаған адамдардың қолына түседi де, қоғамның басқа мүшелерi бұл игiлiктерiнен сырт қалады. Мiне, тап осы жағдайда теңсiздiк пайда болады: қоғам топтарға бөлiнiп, олардың бiр тобы өндiрiс құрал-жабдықтарын иемденсе, басқа топтары олардан айырылады.
Меншiк түрлерiн қайта қалыптастыру кезiнде адам өзiн iс жүзiнде нағыз қожайын сезiнетiндей, еңбек үстiнде ынта-жiгер танытып, iскерлiк көрсететiндей, шаруашылықтағы қырсыздық пен төрешiлдiкке қарсы белсендi күресетiндей дәрежеге қол жеткiзе отырып, өндiрiстi ұйымдастырудың неғұрлым тиiмдi формаларын табуға әрi өз жұмысының нәтижелi де сапалы болуына күш салатындай жағдай жасауға тиiс.
Бұл көп уақыттар бойы кенестiк экономикалық әдебиеттер арқылы меншiк проблемасы мен оның эволюциясы нақты және бiржола шешiлдi деген кағида бар. Оның жоғарыда айтылған: мемлекеттiк және колхозды-кооперативтiк формаларын ғана мойындап келгенiмiз рас. Мұның бiрiншiсi - негiзгi және жетекшi рол атқарады., ал екiншiсi жеткiлiксiз дамыған деген дәлелге иландық. Және олардың эволюциясы тек екеуiнiң өзара үйлесiп, бiрыңғай жалпыхалықтық меншiктiң қалыптасуына байланысты деген ой-пiкiрi ғана малдандық.
Қазiргi таңда бiз меншiктiң көптеген әр түрлi формаларын мойындап, соларды қалыптастыруға тырысудамыз. Түптеп келгенде: әр түрлi меншiк формаларының объективтiк қажеттелiгi неде?
Бiздiң нақты мойындайтын қағидамыз меншiктiң қай-қайсысы болсын, олардың пайда болуын әдiлеттi немесе әдiлетсiздiк көзқарас тұрғысынан алып қарастыруға болмайды. Өйткенi әрбiр меншiк түрiнiң объективтi негiзi бар.
Мәселен, жеке меншiктің пайда болуы адамдардың даму деңгейiнiң объективтi қажеттiлiгi. Демек, жеке меншiктi күшпен жою – олардың пайда болу себептерiн жою деген сөз емес. Меншiктiң әр түрлi формалары өзiнiң өмiршендiгiн, өндiрiс құрал-жабдықтарын ұтымды пайдалануға, пайдалы шаруашылық жүргiзуде қамтамасыз етуге дейiн сақтайды. Бұл жағдайда дүниежүзiлiк тәжiрибеде жеке меншiк өз тиiмдiлiгiн көрсеттi, тағы да көрсетiп отыр.
Жеке меншiктiң екi тарихи рөлiн жоққа шығаруға болмайды. Бiрiншiден, ол шын мәнiнде, нақты меншiк иесiн, егемен билеушiнi, кәсiпкерлердi дүниеге әкеледi. Екiншiден, ол мемлекеттен, саяси өкiметтен тәуелсiз, дербес меншiк субъектiсiн қалыптастырады. Демек, ол демократиялық, азаматтық қогамды қалыптастырудың маңызды құралы.
Жеке меншiктiң негiзгi “ақауы” – өндiрiс құрал-жабдықтары иелерi жалдамалы жұмысшыларды қанауда деген қағида. Мiне, осыған байланысты кеңестiк экономикалық әдебиеттерде адамды-адам қанауды жою үшiн жеке меншiктi жалпыхалықтық меншiкпен алмастыру қажет деген ой-пiкiр орныққаны әркiмге мәлiм.
Осы мақсатты жүзеге асыру бағытында бұрынғы Одақта 1917 жылдан бастап, меншiктi жаппай мемлекеттендiру басталды. Оның нәтижесi - адамдардың жұмыскер және тұтынушы ретiнде еркiн таңдауынан айырылуы. Бұл туралы экономикалық әдебиеттерде соңғы жылдары жеткiлiктi түрде айтылуда.
Ендi бүгiнгi өтпелi кезеңдегi басты проблемаларының бiрi - жаңа меншiк формаларын қалыптастыруға көшу болып отыр.
Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы.
Республикамызда нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан тәуелсіз және тең құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру мен оның тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты. Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорынның негізгі бөлігін мемлекеттік басқару орындарына тікелей бағынудан құтқарып№ оларды акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет етеді.
Мемлекеттік меншіктің бүкіл қоғамды түгел қамтитын сипатынан айыруы меншікті мемлекет иелігінен алу, акционерлік, кооперативтік, және жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың алуан түрлерін қалыптастыру адамдардын шаруашылық және еңбекке деген ынта-жігерінің арта түсуіне жол ашып, әлеуметтік қиындықтарды жеңілдетеді.
Қазақстан Республикасының «Меншік туралы Заңының» біршама ерекшелітері бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді. Сөйтіп№ біздің республикамызда да меншіктің алуан түрлігіне тұңғыш рет заң жүзінде рұқсат берілді.
Сондай-ақ, осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің болатындығы да ескерілген. Сол себепті де бұл Заңда отбас мен шаруа қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге, акционерлік қоғамға, ассоциациялар мен бірлестіктерге, қоғамдық ұыймдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне арналған арнайы баптар бар. Қабылдаған құжатта; меншіктің жекелеген азаматтардың және мемлекеттің меншігі деп аталатын түрлері көрсетілген. Сондай-ақ жеке-дара меншіктің қатарына жеке меншіктің де жататындығы ашық айтылған.
Жалпы менщік туралы сөз болғанда, ол бір-бірімен өзара байланысты; дәстүрлі, әрекеттік құқығы, экономикалық және заңды-құқықтық деп аталатын үш тарамнан тұратын барынша күрделі ұғым екендігін естен шығармау керек. Екінші және үшінші мәселе туралы жоғарыда сөз болды. Ал, бірішісін, Тәуке хан тұсында жасалған; жер дамуы, мүлік дамуы, және таға басқа мәселелерді реттеп шешіп отыруға арналған, сонымен қатар, әлі де болса, халық санасынан шыға қоймаған байырғы әдет-салт құқықтарын назардан тыс қалдыруға болмайды.
Мемлекет барлық субъкетісінің заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етеді.
Меншік объектілері мен субъектілері, олардың негізгі салаларының әр түрлі, меншік иелерінің өз құқығын жүзеге асыру шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Конституция тікелей меншіктің екі түрі – мемлекеттік және жеке меншік аталады. Бұл «Меншік туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сай келіп отыр. Ол өзгерістер өте маңызды және бүгінгі таңда орнықты орын алып отыр. Онда мемлекет меншігінің бөлінбейтіндігі жөнінде еркше жазылған. Меншік иесінің құқығын білдіретін «толық шаруашылық жүргізу» құқығы жойылып, мүлікке иелік жасау мен пайдалану құқығын айғақтайтын, сондай-ақ, меншік иесіне белгіленген мөлщерде оларды пайдаланудың белгілі бір өкілеттілігін беретін «шаруашылық жүргізу» түсінігі енгізілді.
Мұндағы басты ерекшелік; Заңнан «ұжымдық меншік» деген ұғым алынып тасталды. Дәл қазіргі сәтте Қазақстан Республикасының меншіктің жеке және мемлекеттік меншіктің әр түрлі түрлері заңды деп саналады; Олар;
- Арендалық кәсіпорындардың меншігі;
- Кооперативтік меншігі;
- Шаруашылық қоғамы және серіктестіктің меншігі;
- Акцоинерлік қоғамның меншігі;
- Ассоциациялардың және бірлестіктердің меншігі;
- Қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі;
- Діни ұйымдардың меншігі.
Сонымен, нарықты экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік формаларының плюрализмі – бұл шаруашылық жүргізу жүйесінің, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеудің қажетті шарты. Бұл жағдайда меншік әр түрлі формасы өз орнын табады, олардың қайсыбірін күштеп ығыстыруға болмайды. Әр кәсіпорын тиімді бәсекелестік жағдайда өмір сүруі қажет.
Меншіктің әр түрлі формалары – бұл олардың механикалық жиынтығы емес, олардың динамикалық біртұтастығы, олардың бір-бірімен тығыз диалактикалық өзара байланыстығы.
- Мемлекет иелігінен алу – меншік қатынастарын қайта құрудың шешуші негізі.
Қазақстан Республикасында меншіктің алуан түрлері мен формаларын қалыптастыру мемлекеттенген меншікті қайта құру жолымен немесе мемлекет иелігінен алу және жекелешендіру жолымен жүзеге асырылады.
Меншік туралы Заңның 1-бабында, мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық басқару міндетін және тиісті өкілеттіктерін тікелей шаруашылықты жүргізуге субъектілерге беру аркылы қайта құру. Ал жекелешендіру мемлекеттік меншік объектілерін азаматтардың және де басқа да заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру дегенді білдіреді. Әрине, мұнда мемлекеттік иелігінен алу мен жекелешендірудің ара жігін ажырата білген жөн. Айталық, мемлекет иелігінен алу кезінде мемлекет мемлекеттік мүліктің толық немесе ішінара меншік иесі ретінде қала отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылықты басқару құқығын ғана береді. Ал, жекелешендіруге келетін болсақ, мұнда меншік объектісі мемлекеттен біржола бөлінеді. Яғни, меншік құқығына да шаруашылықты басқару құқығына да иелік өзгереді. Бұл субъектілер енді мемлекеттік тұтқаныі иелері емес, жеке адамдар болып саналады.
Меншік мемлекет иелігінен алу – күрделі қарама-қарсы және әлеуметтік дау-жанжалды тудыратын процесс. Ол біздің бұрынғы Одаққа кірген республикалар, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін жаңа процесс, бірақ 20 ғасырдағы дүниежүзілік тәжірибесімен салыстырғанда, бұл әсіресе жаңа құбылыс емес. Соғыс жылдарында және соғыстан кейінгі жылдарда шаруашылықты орнына келтіру кезеңінде көп тараған мемлкеттік меншіктің тиімділігі жоғары еместіг1н тус1нген елдерде менш1кт1н мемлекет иел1г1нен алу басталды.Бул багытта Улыбритания айтарлыктай табыска жетт1.
Әлбетте, бұл елдер үшін атарған процесс дәстүрлі және тарихи тәжірибені неғұрлым қолдана отырып, жүзеге асырылған жеке меншікке қайта оралу болды. Ал, бізге тән ерекшелік – бұл процесс жеке меншіктің тарихи тәжірибесі толығымен жоғалтылған, халқының басым көпшілігі кәсіпкерлік әрекетпен айналысуға қаржылары жетіспеушіліктен ғана емес, сонымен бірге, қабілетті де шамалы, мемлекеттік меншік – 100 процентке тең жағдайды жүзеге асыруда. Сол себепті да меншікті мемлкет иелігінен алудың ауыртпашылығы аз болмайды.
Тағы айта кететін жайт. Біздер көп укладты экономика мен меншіктің әр түрлі формаларын қайта қалпына келтіріп қана қоймай, ҒТР-ның жаңа дәуіріне енуге жол ашатын жаңа сапалы формаларды да қалыптастыруымыз қажет. Ол 19 ғасырдың формасын қайталаудан бой тарта отырып, бүгінгі таңдағы өркениеттік түрінде құрылуы абзал.
Жалпы меншікті мемлекет иелігінен алу – мемлекеттік кәсіпорындарды жеке меншікке сатуды ғана көздемейді. Ол күрделі, көп жақты құбылыс. Осы процесті жүргізудің формалары мен тәсілдері; мемлекеттік кәсіпорындарды ұжымдарға жалға беру, акционерлік қоғамға, кооперативке айналдыру, аграрлық секторда фермер шаруашылықтарын қалыптастыру және тағы басқа тәрізді әр түрлі болып келеді.
Қазақстан Республикасында бұл процесс меншікті мемлекет иелігінен алу және жекелешендір, мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының мүлкін жекелешендіру ерекшеліктері туралы және тағы басқа Заңдар негізінде жүзеге асырылуда. Осыған байланысты 1991 жылы мемлекеттік меншікті мемлкет иелігінен алу мен жекелешендіру бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылды. Бұл меншіктің қайта құрылудың бірінші кезеңі болып саналады.
1992 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша, республикада төрт жарым мыңнан астам әр түрлі республикалық және коммуналдық меншіктердің объектілері қайта құрылды. Олардың бағаланған құны – 21 млрд. сомнан астам. Өндірістегі орта және ірі кәсіпорындарды акйияландыру процесі жеделдетілді.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекелешендірудің Бірінші кезеңінің нақты нәтижесі қандай деген мәселеге келетін болсақ, мына деректер оған жауап бере алады. Кіші кәсіпорындар; 1992 жылы өндірілген өнімдердің 0,6 процентін, бірлескен кәсіпорындар – 1,1; шаруа қожалықтары – 2,2 процент өндірді
1993 жылы 5-наурызда “ Қазақстан Республикасында мемлекет меншігінен алу және жекелешендіру жүргізудің 1993 – 1995 жылдарға арналған. Ұлттық бағдарламасы” туралы Президенттің Жарлығы шықты. Осыны орындау мақсатында мемлекеттік Мүлік жөніндегі комитет бірқатар нормативтік құжаттар пакеті мен оны жүзеге асырудың календарлық жоспар графигін әзрлеп қабылдады.
Олардың ішіндегі аса маңыздылары; “Жекелешендірудің инвестициялық купондары туралы ереже”, “Инвестициялық жекелешендіру қорларын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы” және тағы басқа. Сөйтіп жалпы саны алты құжатты пакеттері әзірленіп, бұлар негінен шілде айынан жүзеге асырыла бастады. Соларға сәйкес әуелі кіші жекелешендіру жүргізілді. Ол негізінен; бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, жүк тасымалы автокөліктерін, сондай-ақ жұмысшыларының саны 200-нан аспайтын кішігірім өнеркәсіп орындарын қамтиды. Мұндай кәсіпорындар республикамызда шамамен 27 мыңға жуықтайды. Оларда бір миллионнан астам адам еңбек етеді.
Жалпы кіші жекелешендіру үрдісі үш кезеңнен тұрады;
Бірінші кезеңде негізінен – жалпы жекелешендіру объектілері мен оның жекелешендіру мерзімі анықталады. Аукцион немесе коммерциялық байқаулар арқылы жекелешендіруге жататын кәсіпорындарды таңдауда мемлекеттік мүлік жөніндегі аймақтық комитеттер жергілікті әкімшіліктермен бірлесе отырып, осынау үрдісті жүйелендірудің, яғни, жекеленшендіру кезеңі мен аукционға түсер кезегін анықтаудың мәселелрін анықтайды. Бұл жердке басты мәселе – тұрғындарды азық-түлікпен және тұрмыстық қызметпен іркіліссіз ету мүмкіндігін мұқият қарау.
Екінші кезең – объектіні аукционға немесе байқау арқылы сатуға әзірлеуді қамтиды. Бұл жерде жекелешендірілетін кәсіпорын барлық активімен немесе пассивімен немесе тек қана активімен бірге сатылар болса, онда барлық кәсіпорын алдын-ала жойылуға жатады да , оның барлық пассивін мемлекет өзіне алады.
Кәсіпорынды таратқанда немесе жойғанда еңбек ұжымын әлеуметтік қорғаудың арнаулы шаралары қаралуға тиіс.
Үшінші кезең – объектіні сатудан тұрады. Меншік түрін алдын ала белгіленген объектілер метізімі бойынша сату барсында аукциондар мен коммерциялық байқауларда жекешелендіру үрдісі бұл іске тұрғындарды көптеп тартады; оның жариялылығын қамтамасыз етеді және орын алған олқылықтардың, тамыр-таныстық пен коррупцияның алдын алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп сатуға түскен меншік түрі неғұрлым көп ақша төлеген сатып алушыға тамыр-таныстық байланыссыз немесе әлдекімнің ықпал етуінсіз-ақ берілетін болады.
Кіші жекелешендірудің айрықша ерекшелігін сол – Ұлттық бағдарламада аукционға немесе коммерциялық байқауларда сатып алған мемлекет мүлкіне екі түрлі ақы төлеу мүмкіндігі берілген. Атап айтсақ, жалпы соманың 50 прцентін ақшалай , 50 процентін тұрғын үй жекелешендіру купонымен сатып алуға болады.
Кіші жекелешендірумен қатар, жаппай және жеке жобамен жекелешендіру жұмысы да жүргізіледі. Мұның міндетті шарты – барлық мемлекеттік кәсіпорындарды алдын ала акционерлендіру болып табылады. Экономиканы реформалауға басым бағыттар ең алдымен жекелешендірудің бірінші кезеңінде жіерілген олқылық-кемшіліктерді жою және жинақталған әлемдік тәжірибеден ұтымды деген нәрселердің барлығын пайдалана отырып, түпкілікті мақсат – меншіктің әр түрлі формаларын қалыптастыру
Осыған байланысты екінші кезеңдегі жекелешендірудің ерекшеліктері де аз емес. Мәселен, тау-кен өндірісі, металлургия, химия өнеркәсібінің, сондай-ақ қорғаныс саласының ірі кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекелешендірілді. Олардың акцияларының 90 проценті мемлекеттік холдингтік компаниялардың үлесінде қалады. Жаппай жекелешендіру объектілері тізбесіне кіретін зауыттарды, фабрикаларды, сондай-ақ, дүкендерді, тұрмыстық қызмет кәсіпорындарын мемлекет иелігінен алу кезінде басқа ереже енгізілді. Мұнда акциялардың 51 процентін мемлекеттік инвестициялық қорлардың үлесіне тиеді, олардың халықтың жекелешендіру купондарын төлем құралы ретінде пайдаланатындығы белгілі.
Бұл тұста ескеретін жайт мынаған саяды. Жаппай жекелешендірудің ерекше маңызының бірі, ол біріншіден, республиканың барлық тұрғындарының мүддесін қорғайды. Екіншіден, оның өзге елдердегі концепцияларға қатысты өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті.
Мәселен, жекелешендірудің инвестициялық купондарының ақшаға баламалылығы жоқ және тек жекелешендірудің инвестициялық қорына салуға ғана арналған. Ал бұл қорлар ашық түрдегі акционерлік қоғамдар болып табылады. Оларды мемлекеттік емес орындар мен жеке адамдардан тұрады.
Жекелешендірудің инвестициялық қорлары - жалпы жекелешендіру мен республика азаматтарына жекелешендірудің инвестициялық купондарын беру басталған кезден құрылды. Олардың қызметіне басшылық жасау республика Министрлер Кабинеті бекіткен “Жекелешендірудің инвестициялық қорлары мен лицензиялау туралы” Ережелер жиынтығы бойынша жүзеге асырылады. Аталған қорлар бағалы қағаздар нарығын жасаудың негізгі институтына айналуы қажет.
Жеклешендірудің инвестициялық қорлары арқылы миллиондаған купон иелері өз купондарын асықпай әр түрлі қорларды таңдай отырып, келешекте белгілі бір процентпен дивидент бере алатын түрлеріне сала алады.
Бүгінгі таңда жекелешендіру жөніндегі ұлттық бағдарламаны жүзеге асыру мен нарықтық экономика негіздерін қалыптастырудың алғашқа қорытындыларын шығара отырып, оның барысында реформаны алға карай жүргізудің жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қашанда болсын, күн тәртібінде тұр.
Қорытынды
Бұл такырыпты қорытындылай келе мынадай тұжырым жасауға болады, егер де жас мемлекетіміздің әлемнің дамушы және дамыған елдерінің қатарынан қалғысы келмесе, бүгінгі күндегі нарықтық экономикаға сәйкес мемлекеттік меншікті және жеке меншікті одан әрі дамыта білуіміз керек.
Ол үшін жастардың сапалы білім алып, жақсы маман болып, белсенді , адал қызмет атқаруы тиіс. Сондықтан да ел болып, ұлт болып, елбасымыздың дұрыс саясатын, жолдауын қолдап, бір жұдырықтай жұмылып еңбек етіп алға ұмтылуымыз керек.
Сонда ғана тәуелсіз жас егеменді еліміз әлемнің дамыған елдер қатарына қосылатына сенемін.
Әдебиеттер тізімі
- Мәдешев Б. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. "Экономика " Алматы 1995
- Әли О.,Тазабек Қ. - Меншік пен кәсіпорын түрлері. "Ақиқат" 1992, №8
- Егемен Қазақстан №172 (19947) 26 шілде 1991 жылы
- Жанузакова З. Государственная собственность; Формы и принципы ее социально-экономической реализации//транзитная экономика 2ОО4 - №1
- Әубәкіров Я. Экономикалық теория негіздері. Алматы, "Санат", 1998.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024