Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталық-қаржылық механизмі

Сыртқы экономикалық қатынастардың валюталық-қаржылық механизмі

Валюта дегеніміз – 1- ден сол елдің ақша бірлігін, 2-ден шетелдік мемлекеттің ақша белгілерін, 3-ден халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралын айтамыз. Валюта қатынастары - әлемдік  шаруашылықта валюта айналымын қалыптасатын  қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде)  вексель және айырбастау істері ретінде пайда болды. Валюта қатынастарының туындауына ұдайы өндіріске байланысты  болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше әсер етеді. Валюта қатынастары құқықытық нормалармен және ережелермен реттеледі. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды.

Валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдылықтармен н/е мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Тарихи үштүрлі: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюта жүйесі қалыптасты.

Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның орнына тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйенің ауысуына әкелді.Сөйтіп валюта жүйесі бірнеше кезендерден өтті. Яғни, әр елдің өзінің валюта жүйесінің қалыптасуына жағдай жасады.

Валюта бағамы – басқа валюталық  ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық котировка деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Валюта жүйесінің үш негізгі жүйесі бар: бекітілген бағам, еркін құбылмалы бағам, басқарылатын құбылмалы бағам.

IIбөлім.Валюта-қаржы механизмі туралы тарау. Бұл тарауды валюта қатынастарының реттеу, саясат , нарық түсінігінің мәнін аштым.

Нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады.

  • нарықтық реттеу
  • мемлекет тарапынан реттеу

Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс пен ұсыныс, сондай – ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Нарық  валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады. Бірақ та, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқыда ол жанама түрде араласып келген, кейіннен тікелей араласа бастады. Нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін – бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеке  негізделсе, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Нарық экономикасын реттеу жүйесінде  валюталық саясат маңызды орын алады.

Валюталық саясат – бұл елдің  ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы. Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып табылады.  Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық қор болып табылады. Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:

  • Дисконттық валюталық саясат
  • Девиздік валюталық саясат.

Қорытынды бөлімде мен валюта жүйесінің қазіргі жағдайын, валюта жүйесі туралы өзімнің ой пікірімді жаздым.

  1. Сыртқы экономикалық қатынастар және валюта-қаржылық жүйесінің

мазмұны мен мәні

1.1 Сыртқы экономикалық қатынастар қызметі түсінігі мен оны реттеу.

 Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық түрдегі экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халық

-аралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.

Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-несие институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің резидент еместермен, елдің экономикалық агенттерінің «басқа дүниемен» қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы үлкен роль атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құрал ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық қатынастар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.

Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады. Халықаралық қатынастарды дамытудағы қаржының ролі үш бағыт бойынша көрінеді:

1.Қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыт-

тарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;

2.Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;

3.Халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.

Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық қатынастарға мыналар жатады:

1.сыртқы сауда;

2.шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;

3.концессиялар- елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әртүрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;

4.Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы: сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздар-

ды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;

5.ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;

6.шет елдерде еншіліктерді, консулдықтарды және қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.

Сыртқы экономикалық қызметке, сонымен қатар шетелдік активтерге: бағалы қағаздарға, шетелде өнеркәсіп және басқа объектілер салуға капитал жұмсау нысан-ындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда қызметтің бұл түрі Қазақстанда қар-

жылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар дам-ыған. Еркін экономикалық аймақтарды қалыптастыру- қызметтің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шет-елдік капиталды прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тар-ту мақсатымен құрылады. Олар республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне қойылған.(1.2 сызбаны қараңыз)

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әртүрлі нысандар мен әдіс-терін қамтиды.Реттеудің негізгі нысандары мыналар:

1.Сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

2.Салық салу;

3.Инвестициялау;

4.Сыртқы қарыз алу;

5.Сыртқы берешек;

6.Экспортты қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, жанама әдістерді кі-рістіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады.

Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.

Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырылады.Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және керісінше, отандық тауарлар бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды.

Валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, яғни қаржы құралдары- экспорт пен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.

Салықтар сыртқы экономикалық қатынастарының маңызды реттегіші болып табылады. Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік тарифтік реттеу жүргізіледі.

Кеден тарифі ішкі рыноктағы шетелдік бәсекені реттейді.Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленген жиынтығы болып табылады, оны республи

-каның кеден аумағына әкелетін және бұл аумақ шағынан әкетілетін тауар мен қыз-

меттерге салынады.

Валюта қатынастарының жекелеген элементтері ерте Грецияда және ежелгі Рим- де вексель түрінде пайда болды. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да саудалық орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Бұл кезде аудармалы вексель бойынша (тратта) бойынша есепайырысу жүр-гізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есепайырысу жүйелері дами түсті. Валю-ның дамуы саяси тұрақтылыққа елдер арасындағы күштердің шекті қатынасыны тә-уелді болып табылады. Сыртқы экономикалық қатынастарда, оның ішінде валюта-лық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда өзара бір-бірімен бітісуі валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.

1.2. Валюта-қаржылық жүйе: түсінігі, мазмұны, эволюциясы

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшала-рды қолданудың ерекше формасы.

Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік  еңбек бөліні-сін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру- міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айнлымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркә

сібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.

Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернациона-лдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.

Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің  экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың,жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.

Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есепайырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтарының нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған,  өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.

Сыртқы экономикалық байланыстарының дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.

Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.

Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайыөндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық алюта – елдің ақша бірлігі. ол қолма-қол формада (банкнота монета) және қолма-қол емес формада  (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:

  • ұлттық валюта;
  • ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, неміс маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
  • валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды.ХВҚ-ң Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады;
  • валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі).Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
  • валюталық шектеудің болуы немесе болмауы;
  • төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро), ХВҚ резервтік позициясы және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валютак өтімділігін реттеу;
  • халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есепайрысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
  • валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
  • валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы.

Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.

Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже – шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әртүрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық әрекеттерді түп-тамырымен құруға мүмкіндік жасау.

Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. «Дүниежүзілік валюта жүйесі» деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.

Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептеуде қолдану үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданныла бастады.

Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүние жүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері қалыптасты. Олар:

  • әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық өлшем);
  • валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
  • валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
  • валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
  • халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу;
  • халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
  • әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
  • мемлекетаралық реттеу институтының статусы – 1944 жылдан Халықаралық валюта қоры бекітілді.

Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ)-дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған «Жалпы нарық» одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты – ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын – Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері.

Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде құрылып, 1867 жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін де кең тараған валюта дағдарысы екінші дүниежүзілік валюта жүйесінің пайда болуына әкеп соқтырды. Ол 1922 ж. Генуэз халықарлық экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің келісімімен рәсімделді. Бұл Генуэз валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі тәрізді алтын девизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол девиздің принципі бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни девиздерге айырбасталды. Девиз деген кез келген формадағы шетел валютасы. Екі дүниежүзілік соғыстар аралығында Бреттон-Вудс конференциясына дейін резервтік валюта статусы ресми ешбір валютаға бекітілген жоқ. Ал ағылшын фунт стерлингі мен американдық доллар осы статусты бірінші болып алуға өзара шиеленіскен бәсекелесте таласып жатты.

Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі. 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның Бреттон-Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп девиздік валюта ретінде американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды.Сонымен бірге алғашқы рет резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітілді. Бұл АҚШ пен Ұлыбританияның халықаралық қарызын өз ұлттық валютасымен өтеулеріне мүмкіндік туғызды. 1949 жылы өзіне капиталистік өнеркәсіп өндірісінің 54,6%-ін, тауар экспортының 33%-ін, ресми алтын резервінің 75%-ін шоғырландырған АҚШ-тың экономикалық басымдығы және оның бәсекелестері екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде әлсіреуі доллардың үстемдігін қамтамасыз етті. Батыс Еуропаның және Жапонияның аса ауыр валюта-экономикалық жағдайы , сондай-ақ бұл мемлекеттердің АҚШ-қа тәуелділігі, долларлық гегемония (басымдық) олардағы доллардың өткір жетіспеушілігінде, яғни «долларлық аштықта» көрініс тапты.

Бреттон-Вудс жүйесінің құрылымдық принциптері төмендегідей:

  • доллар мен фунт стерлингтің резервтік валюта ретіндегі статусы бекітілді;
  • ХВҚ-ға мүше елдердің барлығы өз валютасын басқа валюталарға алтын арқылы айырбастайды, онда валютаның алтын паритеті және валюта бағамы бекітілді;
  • шетел орталық банктерінің долларлық резервтері алтынға американдық қазынашылық мекемесі арқылы ресми бағамен айырбасталады;
  • алтынның төмендетілген ресми бағасы бекітілді;
  • мемлекетаралық валюта қатынастарын реттейтін орган – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) құрылды.

ХВҚ-ның негізгі қызметі – осы мемлекетаралық қорға мүше елдердің валюта паритетін, бағамдарын және басқа валюталарға еркін айырбасталуын бақылауды қамтамасыз ету. Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне және әлемдік нарықтың қарқынды өсуіне ықпал етті.

Дегенмен бұл жүйе оған мүше елдердің барлығына бірдей тең құқық бере алмады. Долларлық стандартты бекіткен принциптерді АҚШ басқа елдер есебінен әлемде өз үстемдік позициясын күшейтуге пайдаланды. Бреттон-Вудс валюта жүйесінің қайшылығы ең алдымен доллар мен фунт стерлингтің ұлттық сипаты және оларды халықаралық төлем құралдары ретінде қолдануы, біртіндеп жүйені әлсірете бастады. Осы кезде Батыс Еуропа мен Жапонияның позициясы күшейді. 1971-1973 жж. валюта дағдарысы Бреттон-Вудс жүйесінің іс жүзінде күйреуін жеделдетті.

Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында ХВҚ-ға мүше-мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісіммен дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп атлды. Бұл жүйе енді ешбір ұлттық валюта жүйесіне негізделмей, тек заң жүзінде бекітілген мемлекетаралық принциптерге сүйенеді. Онда доллар ерекше орында болғанымен, ол бұрынғыдай роль атқармайды. Жаңа жүйе көпвалюталы стандарт болып табылады.

Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:

  • алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ның өзгерген Жарғысына сәйкес алтын құн өлшемі ретінде және валюта бағамын есетеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп алтын поритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктерімен үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резевтерді алтынға айырбастауы жоғалғандығы заңмен бекітілді. Дегенмен, Ямайка валюта жүйесінен алтынды валюта соғылатын металл ретінде заң жүзінде ығыстырғанға қарамастан, іс жүзінде оның ақша ретінде қолдану мүмкіндіктері таусыла қойған жоқ. Алтынның нақты бағасы болғандықтан ол бұрынғыдай төтенше халықаралық ақша және аса сенімді резервтік актив ретінде саналады. Қазіргі кезде мемлекеттердің орталық банктері және тезавраторлар шамамен 60 мың тонна алтын сақтауда.
  • алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есеп айырысу құралы – СДР енгізілді. Ол валюталық париететпен валюта бағамының негізі деп жарияланды. Дегенмен СДР эмиссияланған 30 жыл ішінде ол құн эталонына, не басты халықаралық төлем және резерв құралына айналған жоқ. Ол әлемдік ақша ролін орындаудан тым алыс болды. Бағамы СДР-мен анықталатын валюталар саны жылдан-жылға азайды. СДР стандартының болашағы жоқ, оның қолдану аясы негізінен ХВҚ-ның операцияларымен шектелуде. Доллардың Бреттон-Вудс жүйесіндегі ресми резервтік валюта статусы алынып тасталса да, іс жүзінде долларлық стандарт сақталуда. Әлемде 21 валюта долларға бекітілген, доллар халықаралық төлем және резерв құралы ретінде алда келеді. СДР стандарты көп валюталы стандартқа ауысты. Ол – үш әлемдік валюталық орталықтың валюталарына, яғни американдық долларға, неміс маркасына (1999 жылдан еуромен алмастырылған), жапондық иенге негізделген.
  • ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез келген валюта бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды. Сөйтіп өзгермелі валюта бағамының ережесі бекітіліп, оған көптеген елдер 1973 жылдың наурызынан бастап ауысты. Бұрынғы бекітілген валюта бағамына қарағанда бұл тәртіп икемді болғанымен валюта курстарының арақатынасының тұрақтылығын қамтамасыз етуін ақтамады. Керісінше, орталық банктің валюта нарығындағы операцияларға араласуы формасындағы жүргізетін валюталық интервенциясына шығындары көбейді.
  • Бреттон-Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндеті – мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейту, мүше-елдердің өзара тығыз қарым-қатынастығын қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әр түрлі валюталық шектеулерді жою.

Қорыта айтқанда, Ямайка валюта жүйесі бұрынғы жүйемен салыстырғанда өзінің икемділігімен төлем баланстары мен валюта бағамдарының тұрақсыздығына және әлемдегі күштердің жаңадан орналасуына тез лайықтанды. Сонымен қатар ол біраз қиындықтарды: СДР стандартының тиімсіздігіне байланысты; алтын ды заңды түрде демонетизациялаумен оның іс жүзінде әлемдік төтенше ақша статусын сақтауы арасындағы қарама-қайшылық; өзгермелі валюталық бағам ережесінің жетіспестігі және с.с. мәселелерді шешу үшін, әлемдік үш орталықтың валюта-экономикалық саясатын үйлестіруді күшейту үшін және әлемдік валюта механизмін тұрақтандыру үшін Ямайка валюта жүйесін жетілдіретін жолдар іздестірілуде.

1979 ж. Еуропалық экономикалық одақтың (ЕО) шеңберінде Батыс Еуропа елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Еуропа валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды. Бұл жүйеге кіретін мемлекеттер ХВҚ-ның мүшелері болғандықтан ЕВЖ-сін әлемдік валюта жүйесінің құрылымдық бір бөлігі ретінде қарастыруға болады. Солай болғанмен оны Ямайка жүйесінен ажырататын бірсыпыра ерекшеліктері бар.

Екі валюта жүйесін салыстырғанда ЕВЖ-ге валюта бағамы сиректеу ауытқиды. Ол жетістікке келесі факторлар себепші болды: экономикалық және валюталық интеграцияның үдемелі дамуы; ұлттық органдардың дербес құқының бір бөлігін басқаға беру; нақты бағдарламаға бейімделу; валюта қатынастарының бағытын және әдісін таңдаудағы икемділік; қаулы қабылдау және оны орындау механизмін дайындау.

Дегнмен, ЕВЖ-ге мүше-елдердің өзара қарама-қайшылығын біраз қиыншылық- тарды басынан көшіруде. Олар сол елдегі экономиканың, инфляцияның, жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайының, алтынвалюта резервтерінің әртүрлі деңгейлілігі  мен қарқындылығынан туындайды.

ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең – саяси, экономикалық және валюталық одақ (во) құру жөнінде 1994 жылы қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші кезеңі 1990 ж. шілдеде басталып (бұл шарт алдыңғы «Делор жоспары» негізінде жасалған), мүше-елдерге 1992 ж. аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалық дамуының деңгейін жақындастыруға, инфляция қарқынын төмендетуге, бюджет кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.

Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты (ЕВЫҚ-ның орнына) құрылып, оның құрамына он екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты – орталық банктердің Еуропалық жүйесін эмиссиялау. Бұнда ЕО-ның министрлер Кеңесінің директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-елдердің Еуропарламентке берген есебінің орындалуына басты назар аударылады. Экономикалық тәртіпті бұзушыларға Еуропалық инвестициялық банктің несиесін шектеу, айыппұл төлеу, бюджет кемшілігін төмендеткенге дейін ЕО-ның процентсіз депозитін шектеу формасында жазалау шаралары қолданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар есебінен және ЕИБ несиесін ЕО-ның көмегі қарастырылған.

Үшінші кезең ЕО-ның бірнеше мемлекеті несие-ақша жүйесінің бірыңғай үлгісі шеңберінде біржақты өзгерістер енгізуге қажетті келісімге келген 20-ғасырдың аяғында басталды. Жоғарыда айтылғандай, ЕО-ға кірген 15 елдің 11-і 1999 жылдың қаңтарынан ұжымдық валюта – еуроны – алғашында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін банктік шотқа жазу формасында енгізді, ал 2002 жылдан ол ұлттық ақша өлшемдерінің орнына қолма-қол ақша формасында енгізілген болатын. Ақша-несиелік және валюталық реттеу үшін 1998 ж. 1 шілдеден Еуропа орталық банкі құрылды.

1.3.  Валюталық қатынастарды реттеу.  Валюталық саясат.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, нарықтық  экономика  жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды  реттеу  екi түрде жүзеге асырылады:

  • нарықтық реттеу.
  • Мемлекет тарапынан реттеу.

Валюталық нарықта  валюталарға  деген  сұраныс  және  ұсыныс,  сондай – ақ олардың бағамдық шектi  қатынастары  қалыптасады.   Нарықтық  реттеу  құн  заңына бағынады.  Мұндай заңлардың  валюталық  мнарықтағы  бәсекелестiк   жағдайында  жұмыс  жасауы,  валюталар  айырбасының  қатысты  баламалылығын,  тауарлар,  көрсетiлетiн  қызметтер,  капиталдар,  несиелер   қозғалысына  байланысты  әлемдiк шаруашылықтың қажеттiлiгiне валюталардың    халықаралық    ағымының  сәйкес  келуiн  қамтамасыз  етедi.  Баға  механизмi  және  нарықтағы  валюталық бағам  динамикасының  белгiлерi  арқылы  экономикалық   агенттер  валюталарды  сатып  алушылардың  сұранысы  мен  оларды  ұсыну  мүмкiндiктерi  туралы  бiле  алады.   Сонымен бiрге,  нарық  валюталық  операциялардың  жағдайы  туралы  ақпараттар  көздерi  болып  табылады.

Бiрақ  та  мемлекет  ертеден берi  валюталық  қатынастарға  араласып  келген,  бастапқысында  ол  жанама  түрде  кейiннен оның  әлемдiк  шаруашылықтағы маңыздылығын  ескере  отырып,   тiкелей  араласа  бастады.  30- жылдардағы  ХХ ғ. алтын стандарты   алынып  тасталуына  байланысты  валюталық  бағамды  реттегiш  ретiнде  алтын  механизмi  қызметiн тоқтытты.  Бағамдық  шектi  қатынастардың  аяқ  асты  ауытқуы  мен  валюталық дағдарыстар  ұлттық  және  әлемдiк экеономикаға  терiс  әсер ете отырып,  ауыр  әлеуметтiк – экономикалық  зардапқа  ұшыратты.

Нарықтық  және  мемлекеттiк  валюталық  реттеу  бiрiн – бiрi  толықтырады.  Бiрiншiсi,  бәсекеге  негiзделген,  яғни  дамуды ынталандыра  түссе,   ал  екiншiсi,  валюталық  қатынастарды  нарықтық  реттеудегi  терiс  салдарларды  жоюға  бағытталған.  Екi  реттегiш  арасындағы  шекара  нақты жағдайлардағы тиiмдiлiк  және  шектеуге  байланысты  анықталады.  Сондықтан  да олардың  арасындағы   шектi  қатынас  жиi  ауысып  отырады.  Дағдарыс,  соғыс  және  тағы  басқа  қиын  жағдайларда қатаң  мемлекеттiк валюталық  реттеудiң маңыздылығы артады.  Сондай – ақ  валюталық – экономикалық жағдайдың жақсаруы  барысында валюталық  операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтықбәсеке орын алады.  Бiрақ та  мемлекет бұл жағдайда  да валюталық  қатынастарды қалыпқа келтiру  және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Нарық экономикасын реттеу  жүйесiнде валюталық  саясат  маңызды орын алады.

Валюталық саясат - бұл елдiң ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар  аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары-

Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз етуге,жұмыссыздық пен  инфляцияның өсуiн тоқтатуға,төлем балансындағы тепе-теңдiктi ұстап отыруға  бағытталады.

Валюталық саясаттың басты бағыттары мен  формалары  елдердiң валюталық – экономикалық жағдайына, әлемдiк шаруашылықтың эволюциясына,әлемдiк  аренадағы күштеодiң орналасуына  байланысты  анықталады.

Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни елдегi және  одан тысқары  жерлердегi  валюталық  бағаларымен байланысты  операциялардың  жасалу тәртiбiн  реттейтiн  құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екi  жақты  көп жақты  валюталық  проблемалар бойынша  мемлекеттер  арасында  жасалатын  келiсiмшарттарға  сүйенедi.

Валюталық саясатты iске асырудың басты бiр құралы валюталық реттеу болып табылады.

Тiкелей валюталық реттеу- заңды актiлер және атқарушы өкiметтiң әрекет   ету жолымен iске асса,ал жанама валюталық реттеу– нарықтың экономикалық агенттерiнiң мiнез-құлқына  экономикалық,  валюталық  және  несиелiк  әдiстердi  пайдалану арқылы әсер  етедi.

Мемлекетаралық  валюталық реттеу  ұйымы – Халықаралық  Валюталық  қор (ХВҚ) болып  табылады.

Валюталық саясатөзiнiң мақсаттарына және формаларына  байланысты  екiге бөлiнедi:

  1. құрылымдық валюталық саясат
  2. ағымдық валюталық саясат

Құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзiлiк валюталық жүйедегi  құрылымдық өзгерiстердi  жүзеге  асыруға  бағытталатын  ұзақ  мерзiмдi  шаралар жиынтығы.

Ол  валюталық саясат  реформа формасында  iске асырылады.Құрылымдық  валюталық  саясат ағымдық  валюталық  саясатқа әсер  етедi.

Ағымдық валюталық саясатвалюталық бағамды,валюталық  операцияларды, валюталық  нарық пен алтын нарығының қызметтерiн күнделiктi оперативтi түрде реттеуге бағытталған қысқа мерзiмдi шаралар.

Валюталық  саясаттың  мынадай  формалары қолданылады:

    А. валюталық интервенция

    Ә. валюталық резервтердi диверсификациялау

   Б.  валюталық шектеу

   В.  валюталық бағам режимi

   Г. девальвация

   Д.  ревальвация

Дисконттық (есепке алу) саясатыбір  жағынан,  валюталық  бағам  мен  төлем балансын реттеуге,екіншіден,ішкі несиелер  динамикасын,  ақша  массасын,  бағаны,  жиынтық  сұранысты  реттеуге бағытталатын  орталық банктің  есепке  алу  мөлшерін  өзгертуі.

Мысалға: пассивтік  төлем  балансы  кезінде капиталдың  еркін орын ауыстыруы жағдайында  есепке алу мөлшерінің көтерілуі,ең төменгі пайыз  мөлшерлемесі бар елдерден,капиталдың келуін ынталандырып,төлем  балансының  жағдайын жақсартады және  валюталық  бағамды  арттыра  түседі.  Ал егер орталық банк есепке  алу  ресми  мөлшерін төмендететін  болса,  отандық  және  шетелдік  капитал сыртқа  ағылып, төлем  балансының  активтік  қалдығы  азаяды  және  валютаның  бағамы  төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың  тиімділігі  төмендеген.Себебі,егер  де төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса,  оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі төлем балансына  кері  әсер етіп, яғни  капиталдың  сыртқы  ағылуына  жол  береді.

Девиздік саясат - мемлекеттік ұйымдардың  немесе  орталық  банктің  шетел  валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер  ету  әдісі.

Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел  валютасын сатады,ал бағамын  түсіру  үшін,  шетел  валютасын  ұлттық  валютаға  айырбастау  арқылы  сатып  алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция формасында жүзеге  асырылады.Валюталық интервенция  ХIX  ғасырдан  бастап  қолданыла  бастаған.   Алтын  монометеллизмі  алынып  тасталғаннан  кейін  валюталық  интервенция  кеңінен  қанат  жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін,жаңа құбылыс  ретінде  мемлекетаралық  валюталық реттеу ұйымдары - ХВҚ,сондай – ақ аймақтық-Еуропалық   валюталық  институт  құрылды ( 1994 ж.).

Валюталық  резервтерді  диверсификациялау  -  бұл  халықаралық  есеп  айырысуларды қамтамасыз ету,валюталық интервенция жүргізу  және  валюталық  шығындардан сақтау мақсатында әр түрлі валюталарды қосужолымен  валюталық  резервтердің құрылымын  реттеуге  бағытталған мемлекеттің және банктердің  саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде тұрақсыз валюталарды  сату  және  халықаралық  есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды  сатып алу  жолымен  жүзеге  асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және  мемлекетаралық  реттеу  обьектісі  болып  табылады.

Девальвация   мен  ревальвация  -  валюталық  саясаттың  дәстүрлі  әдістеріне  жатады.

Девальвация - ұлттық  валютаның  бағамын  шетел  валюталарына  қатынасы  бойынша  төмендету.

Ревальвация -ұлттық валюта бағамын шетел валюталарына қатынасы  бойынша жоғарлату.

Девальвация  пайызын  есептеу  формуласы  мынадай:

Д =  Бе - Бж / Бе х 100,

 мұндағы :   Б е – ескі бағам.

                     Бж -  жаңа  бағам.

Ревальвация  пайызын  есептеу  формуласы:

Р  =  Бж – Бе / Бе х 100

Мысалға: фунт стерлинг  бағамы  арнайы  түрде  2,8  ден  2,4  долларға  дейін   төмендетілді.Мұндағы  девальвациялау  пайызын  есептейік:

Д  =  2,8  -  2,4 /  2,8 х 100  =  14,3 %

Сол сияқты, фунт стерлингтегі  1  доллардың  бағамын  анықтайық,

1 фунт  ст.  =   2,8  доллар.

Х =  1 доллар                 Х = 1 / 2,8  = 0,35

Демек, девальвациялауға дейін  фунт стерлингі бағамы  1 доллар  = 0,35 фунт  стерлинг тұрса, ал  девальвыциялаудан  кейін, ол  0,41  фунт стерлингті  құрады.  Доллардың  ревальвациялану  мөлшері  мынадай  жағдайда  анықталады:

Р = 0,41 – 0,35 / 0,35 х 100  = 16,7 %

Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу  үздіксіз  пайдаланылады.

Валюталық шектеу - резиденттер  мен  бейрезиденттердің  валюталар  және  басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларына заңды түрде  немесе  әкімшілік  түрде тыйым  салуы  немесе  шектеуі.

Валюталық шектеу валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып  табылады.  Валюталық  шектеу  валюталық  заңдылықтармен  бекітіледі.

Валюталық  шектеудің  мақсаттары  мынадай :

  • төлем балансын  теңестіру.
  • валюталық бағамды  қолдау
  • ағымдағы және  стратегиялық  міндеттерді  шешу үшін мемлекеттің  қолында  валюталық  бағалылықтардың  шоғырлануы.

 Валюталық  шектеу  мынадай  қағидаларға  сүйенеді:

  • валюталық операциялардың орталық және өкілетті банктерде орталықтандырылуы.
  • валюталық операция жасау үшін рұқсат қағазының ( лицензия ) берілуі.
  • валюталық шоттарды  толық  немесе  жартылай жабу.
  • валюталардың қайтарымдылығын шектеу.
  1. II. ҚР-да валюта – қаржы механизмі.

2.1. ҚР-да валюта-қаржы жүйесінің даму кезеңдері

Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізілуі керек. Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін бірге шешу міндеттері тұрды.

Қазақстанның 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуіріндегі «Валюталық реттеу туралы» алғашқы заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан, шет елдермен жеке валюталық қатынастары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды.

Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, «Қазақстан республикасының ақша жүйесі туралы»1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; «Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы» 1995 жылдың 30 наурызындағы заң; «Асыл тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» 1995 ж. 20 шілдедегі заң; «Банк және банк қызметі туралы» 1995ж. 31 тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, Үкімет қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының нормативтік актілерімен реттеліп отырады.

Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық құндылықтарды, аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу болып табылады. Валюталық қатынастардың субъектілері болып «резиденттер» және «резидент еместер» саналады. Резиденттерге жататындар:

  • Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;
  • Қазақстан республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс жерлердегі өкілдіктері;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.

Қазақстан Республикасындағы «резидент еместерге» жоғарыда республика «резиденттері» түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке тұлғалар жатады. Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу – сату мәмілелері Ұлттық  банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

Қазақстан республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып Ұлттық банк саналады.Ол:

  • шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналымының аясы (сфера) мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізеді;
  • резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін белгілейді;
  • резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;
  • ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай-ақ шетел валюталарымен, бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу жолымен реттейді;
  • алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
  • халықаралық есепайырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы-валюталық несие-есепайырысу қатынастарын жетілдіреді;
  • қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық ұйымдармен шетел валюталарын тартады.

Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлтық банк және ҚР-ның Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.

Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:

  • жүргізілетін валюталық операцияның заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
  • резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін орындауын тексеру; сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген төлемдердің дәлелділігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептеудің толықтылығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резидент еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізеді.

Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.

2.2. Валюта-қаржы жүйесіндегі төлем балансының орны

Кез-келген елдің дүниежүзінің басқа елдерімен экономикалық байланыстары оның төлем балансында қамтып көрсетіледі.

Төлем балансы дегеніміз уақыттың белгілі бір межелдемесінде бір елдің дүние жүзінің басқа елдерімен шаруашылық операцияларды жалпы қорытып көрсететін көрсеткіштердің жүйесі. Ол елдің шетелде белгілі бір кезең бойына төлеген төлемдері мен осы кезең бойына елге түскен төлемдер сомасының арасалмағын сипаттайды. Сауда балансы төлем балансының бір бөлігі болып саналады. Шетелден түскен түсім шетелдегі шығындар мен төлемдерден асып түсетін төлем балансы активтік баланс, ал қарама-қарсы жағдайда пассивтік баланс деп аталады. Төлем балансы мынадай бөлімдерді қамтиды:

ағымдағы шот (сауда балансы);

капитал мен және қаржылармен болатын операциялар шоты (күрделі шот);

резервтік активтер;

таза қателер мен рұқсатнамалар.

Ағымдағы шот мыналарды қамтып көрсетеді: тауарлармен жасалынатын операцияларды – экспорт пен импортты; қызметтер көрсетуді – жүк, жолаушылар тасымалы; туризм қызметтері; техникалық көмек; қарыздардан, кредиттерден длынатын табыстар; трансферттер; ізгілікті көмек; техникалық жәрдемдесу; гранттар. Қызметтер көрсету факторлық және факторлық емес болып бөлінеді. Факторлық қызметтер көрсету өндіріс факторларын – еңбек пен капиталды пайдаланудан алынған табыстардан тұрады, бұл қызметшілерге берілетін өтемақылар, инвестициялар мен резервтерден түсетін табыстар, капиталдан түсетін табыстар, дивидендтер, пайыздар, басқадай табыстар түрінде болуы мүмкін. Факторлық емес қызмет көрсету жүк және жолаушылар тасымалдарын, байланысты, туризмді, көрсететін консультациялық көмекті және бірқатар қызметтер көрсетуді кіріктіреді.

Капиталмен және қаражаттармен жасалатын операциялардың шоттары тура шетелдік инвестицияларды тартуды немесе капиталдың шетелге қайтуын, портфелді инвестицияларды, мигранттардың трансферттерін, коммерциялық кредиттерді, қарыздарды, басқа инвестицияларды бейнелеп көрсетеді.

Ағымдағы операциялар шоты және капиталмен жасалатын шот өзара байланысты:біріншінің тапшылығы сырттан капиталдың құйылымы есебінен жабылады; ағымдағы операциялардың актив шоты жағдайы кезінде капитал мен кредиттер жылыстайды.

Резервтік актывтердің жайғасымы монетарлық алтынды, қарыз алудың арнаулы құқықтарын, шетелдік валютадағы талаптарды қамтиды; басқа елдерге қатыстыміндеттемелерді шегергеннен кейін таза алтын резервтері жасалады. Бұл жайғасым екі шотты – ағымдағы операциялардың және капиталмен жасалатын операциялардың шоттарын теңестіреді.

Қателер мен рұқсатнамалар «көлеңкелі бизнесті» қоса алғанда, резидент еместермен жаслатын ресми есепке алынбаған операцияларды сипаттайды.

Төлем балансының ерекшелігі сол, онда босалқы қорлар мен қорланымдар емес, қаражаттардың ағыны, олардың кезең ішіндегі өзгерісі қамтып көрсетіледі. Түрлі валюталарға аталған операцияларды, соманы аударуды құндық бағалау бірыңғай валютаға келтіріледі. Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу оларды жасау, трансформациялау, айырбастау, айырбастау немесе өтеу меншік иесінің ауысымы мезетінде жүргізіледі.

Операциялар қосарлы жазба жүйесі бойынша дебет және кредит бойынша екі мөлшер теңдігімен, бірақ қарама-қарсылық белгілерімен қамтып көрсетіледі. Кредит жазбаларының сомасы дебет сомасына тең болуы тиіс, ал таза баланс нөлге тең болады.Ағымдағы операциялардың шотындағы оң сальдо тауарлар мен қызметтерді көрсетудің экспортын, табыстар мен трансферттердің түсуін білдіреді; теріс сальдо тауарлар мен қызметтер көрсетудің импортын, табыстар мен трансферттерді төлеуді білдіреді. Күрделі шотта оң мөлшер резидент еместер алдында міндеттемелердің өсуін және резиденттер есебінен резидент еместер талаптарды қысқартуды сипаттайды; теріс мөлшер резидент еместер алдында елдің міндеттемелерінің қысқаруын және резидент еместерге талаптың өсуін білдіреді.

Төлем балансының жай күйі ең алдымен сауда балансының жай-күйімен анықталады. Сондықтан сыртқы экономикалық қызметтегі мемлекеттің іс-қимылдарының аса маңызды мақсаты тауарлар экспорты мен факторлық және факторлық емес қызметтер көрсетуді ұлғайту есебінен төлем балансын сауықтыру болып табылады. Мұндай міндетті шешу ұлттық шаруашылықты тұтынушының орнына «өндіруші түріндегі» экономика арнасына қайта бағдарлау жөнінде едәуір күш жұмсауды және шикізат өндіруші сектордың экспорттық әулетін ғана емес, сонымен бірге өндірістің кейінгі технологиялық өзгертіп жасау салаларының өнімі бойынша да ұлғайтуды талап етеді.

2.3. Валюта ресурстарын  қалыптастыру және пайдалану

ҚР – ның  халықаралық  экономикалық қатынастарын  дамытуда  орталықтандырылған  валюта  қорларын  қалыптастыру  және  пайдалану  арқылы  сыртқы  экономикалық  байланыстарды  қаржылық реттеу  маңызды роль атқарады.  Сыртқы  экономикалық  қызметтің  ырықтануы  жағдайында  валюта  түсімдерінің  негізгі көлемі  кәсіпорынның  меншігінде  болады.  Алайда халықаралық  қатынастарға  мемлекеттің  қатысуы  және  ұлттық  валюта  - теңгені  нығайту  үшін  бүкіл  ел  ауқымында, сондай – ақ  Қазақстан Республикасы құрамындағы  әкімшілік – аумақтық құрылымдар  деңгейінде де орталықтандырылған валюта  қорлары  құрылады.

Мемлекеттің,  мемлекеттік  емес  сектордың  валюта  ресурстары валюталық  операциялар жасалынған кезде жасалынып, пайдаланылады. Валюталық операцияларбұл меншік құқығының  және  өзге құқықтардың  валюталық  құндылықтарға өтуіне  байланысты,  соның  ішінде  шетел  валютасы  төлемдері  мен  шетел  валютасындағы  төлем құралдарын қаражат  ретінде пайдалануға  байланысты  мәмілелер,  валюталық құндылықтарды  кез  келген  тәсілмен елге немесе  елден әкелу/әкету және жөнелту,   ұлттық валютаға,   сондай -  ақ  номиналы мен құны  ұлттық  валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы  мен басқа құқықтардың  ауысуына байланысты  резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы  мәмілелер.

Валюталық операциялар ағымдағы  және  капитал  қозғалысына  байланысты  операцияларға  бөлінеді.

Ағымдағы операцияларға  мыналар  жатады:

  • тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару.
  • экспорт – импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге  кредит  беруге  байланысты есеп айырысуларды  жүзеге асыру.
  • 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру  және кредиттер алу.
  • депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар  бойынша ақша аудару және девиденттер , пайыздар, т.б. кірістер алу.
  • сауда түрінде жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар,
  • алименттер және өзге де операциялар.

Капитал қозғалысына  байланысты операциялар мыналарды  қамтиды:

  • инвестициялар.
  • жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша ауларымдары.
  • 180 күннен астам мерзімге экспорттық – импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.

Валюталық операциялар: экспорт,  импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау,  халықаралық, мемлекеттік, және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іс  сапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы  экономикалық  қызметтің  басқа түрлері  кезінде жасалады.

Елдегі пайдаланатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс,  сондықтан сыртқы экономикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.

Валюталық ресурстар қаржы  ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік)және орталықтандырылмаған(шаруашылық жүргізуші субьектілердің ресурстарды) болып бөлінеді.

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

  • тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерден.
  • келісім –шарттарды, мәмілердің, контрактардың шетелдік қатысушылары төлейтін салықтардың, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдер.
  • валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айып – пұлдар мен өсімнен.
  • Шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдередн, сондай –ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланудан алынған табыстардан.
  • шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан.
  • валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.

Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырланады. Басым мәселерді орындау үшін немесе жалпы мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі  жергілікті органдарға берілуі мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта рыногінде сатып ала алады. Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық биржадағы валютаны сатып алушылар бола алады.

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

1.Ұлттық банк « валюталық басқыншылықтарды » - елдегі тұрақты ақша

 айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін денгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін.

2.Қаржы министрлігі қарыздар туралы келісімшарттарпен белгілеген уақытта сыртқы  берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін, халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу, елшіліктердің, консулдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін.

3.Үкімет органдары мемлекеттік қажеттерді–тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін.

4.Басқарудың жергілікті органдары-коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін,аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Меншіктің барлық нысандары компанияларының,фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім –ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім – ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін  Ұлттық банкке оның белгілейтін  бойынша сатуға, бір бөлігі уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға міндетті болады. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша жұмсалады.

Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жүргізуші субьектілер және валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық – құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің валюта русурстарын қалыптастырудың келесі көзі банктердің валюта кредиттері. өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен  айналысатын басымдық  сипаты бар саланы жалпы аймақты жалпы  ұлттық  шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды  немесе  дамудың  тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерімен алынған кредиттерді елдің өкіметі кепілдендіре алады. Қазақстанда мұндай практика коммерциялық  есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдаланушыларға ауысуымен байланысты бірте – бірте  шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландару үшін валюта қаражаттары компанияларға,фирмаларға үкімет шешімімен  орталықтандырылған валюта ресуртарынан бөлінуі мүмкін.

Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін       (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық  құрылымдары қатысушыларының

валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.

Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісім- шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контракттар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.

Қайта бөлу ретіндегі валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы буыны тарапынан төменгі шаруашылық бірліктерге бөлінуі мүмкін.

Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субьектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субьектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады.Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:

  1. дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту.
  2. импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту.
  3. валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар өтеу.
  4. мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар төлеу.

5.капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау.

  1. сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өтемақылар төлеу.
  2. ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз еті үшін ұлттық валютаны сатып алу.
  3. ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және мәдени тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрі – дәрмектерді, медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу.

Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы ресурстарын басқаша пайдалануы да мүмкін. Заңды  тұлғалар өздеріне қатысты валюта қорларын дамытудың, өндірістік инфрақұрылымның, бірігп пайдаланудың обьектілері құрылысының, ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді,  маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т.т.жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.

Қорытынды

Қорыта келгенде, валюта дегеніміз елдің ақша бірлігі. Валюта қатынастары әлемдік шаруашылықта валюта айналысын қалыптастыратын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Валюта қатынастары ұдайы өндіріске байланысты болған. Валюта қатынастары нормативтік актілермен және ережелермен реттеледі. Сыртқы валюталық байланыстардың негізінен валюта жүйесі пайда болған. Валюталық жүйе валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы болып табылады. Әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік, аймақтық валюта жүйелері қалыптасқан. Дүниежүзілік валюта жүйесі көптеген дағдарыстарға ұшыраған. Соның нәтижесінде әр елдің өзінің ұлттық валютасы қалыптасқан.

Өзіміздің төл ақшамыз теңге 1993  жылы қараша айында айналысқа енген. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тариха қадам болды.

1993 ж. Президенттің жарлығымен Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын жасады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, коэффициенттері мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа да маңызды мәселелер айқындалды.

Ұлттық валютаны енгізілгеннен кейінгі алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Ең әуелі теңгеге байланысты бүкіл инфрақұрылымды қайтадан құруға тура келді. Бұл іс банк жүйесінен басталды.

Ұлттық валютаның  тұрақтылығы белгілі бір мерзімдегі оның құндылығымен анықталады.

Қазіргі кезде валютаның еркін айырбасқа жіберу туралы мемлекеттік бағдарлама енгізілді. Бұл 2006 жылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, 2005-2007 ж. арналған валюталық режимді ырықтандыру бағдарламасы іске асырылуда. Валюта жүйесін дамыту қазіргі кезде  қарқынды дамуда. Соған байланысты көптеген іс – шаралар жүргізілуде.

Қолданылған  әдебиеттер:

  1. Мақыш С.Б.”Ақша айналысы және несие” Алматы 2004
  2. Мақыш С.Б.“Коммерциялық банктер операциялары” Алматы 2004
  3. Сейітқасымов Ғ.С.“Ақша, несие және банктер”Алматы, Экономика 2001

4.Cаниев М.С.“Ақша, несие, банктер”Алматы, 2001

5.Көшенова Б.“Ақша, несие, банктер және валюталық қатынастар”                      Алматы   2000

6.Мамыров Н.Қ.,Мадиярова Д.М.”Халықаралық экономикалық қатынас-тар” Алматы,1998

7.ИльясовҚ.Қ.,Құлыпбаев С. “Қаржы” Алматы 2005

8.Байгісиев М.Ә.”Халықаралық экономикалық қатынастар” Алматы 1998          Банки в Казахстане // 8/2004

9.Егемен Қазақстан// 11қараша,  2005ж

10.Егемен Қазақстан // 15 қараша, 2005ж

11.Егемен Қазақстан// 16 қараша, 2005ж

Похожие материалы