Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап көрсеткенiндей “Біз үшінші дүниенің мемлекеті болуды қойдық, енді мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр.
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз. Ал биылғы 2007жылғы Жолдауында Президент Н.Ә Назарбаев 2010 жылы 2004жылмен салыстырғанда ЖІӨ екі есеге өседі деп көрсетті.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп, индустриялы-инновациялы дамуға бет алған. Ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн бүгiнде инновациялық саясатты тиiмдi жүргiзiп, әлемдегi дамыған елдердiң қатарына қосылуымыз керек. реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Қ.Р-ның ҒТП мәселелерге қызығуы XXI ғ-дың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық қызмет ең қажеттiсi.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.
І. Экономикадағы мемлекет рОлінің теориялық негіздері
1.1 Экономикадағы мемлекеттің атқаратын қызметтері
Мемлекеттік қызмет туралы әр түрлі ой-пікірлер бap. Coлардың бірі — функция көп езгеріске ұшырамайтын деп бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және сыртқы функциялар деп екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттік қызметның орындалуын қамтамасыз етеін — мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары:
- аппарат - мемлекет. (Мемлекеттік қызмет арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде — мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
- қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері аркылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды. Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-тәсілінен айыра білуге болады;
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің кұзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқыктық және ұйымдас-тырушылық тәсілдері болады. Құқықтық төсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық; құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық төсілдің түрлері: экономикаявгқ (дотация, кредит, бага т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан кызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының кұқықтық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің накты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:
1). Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1). Құқық шығармашылық;
2). Құқықты орындаушылық;
3). Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі - әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі коп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, эр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан зандарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
- материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, зандарды, нормативтік актілерді асып шығару т.б. құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинактап, қорытынды жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қогамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру;
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет істері.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет аткаруы, жұмыс істеуі. Бұл кызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер,, сенімді азаматтармен толықгырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:
а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).
б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.
в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «а» Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «б» бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория "в" екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-максаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген занды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз - функциянын өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттік қызметн ішкі-сыртқы деп бөлмейді.Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.
2.2. Мемлекет функциясының түрлері
Мемлекеттің функцияларының калыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі. Мемлекеттің ішкі функциялары:
- Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
- бірінші — салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп, басқару;
- екінші — экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп, дамыту;
- үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс);
- төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.
- Әлеуметтік функция — мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі халыктың әлеуметтік жағдайын жан-жакты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты - адамдардың қоғамдағы еңбегіне карамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты — адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, медениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөліп отыру.
- Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың мемлекеттік бюджеттің шығысы мен
кірісін реттеп, басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысын) дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден аппараты тексеріп, бақылап отырады.
- Мәдениет бағытындағы функция — адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.
- Экологиялық функция - бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен бірге жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды, қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет. Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықтан бұл мәселе БҰҰ бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.
- Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы - қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны қалыптастыратын, реттеп, басқаратын мемлекет, оның органдары. Сонымен бірге бұл іске бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде қатынасулары кереқ. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың екі әдіс-тәсілі бар. Біріншісі — зандардың, нормативтік актілердің сапасын, әділеттілігін көтеру. Екіншісі - құқыктық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету. Егер норма дұрыс орындалмаса немесе бұзылса, қатаң күрес жүргізу, жауапқа тарту.
- Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы — бұл мемлекет органдарының қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.
- Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы. Қазіргі заманда қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы» қарқынды түрде· дамуына толық мүмкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру. Өйткені бұл істі бір орталыктың басқаруы қажет.
Мемлекеттің сыртқы функциялары.
- Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлык саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды, керісінше, ұтыстары молаяды.
- Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі: парламентаралық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы. Мысалы, Еуропалық одақты және тәуелсіз мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.
- Мәденижәне ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми-техникалық мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру т.б. жолдарын іздестіру. Бұл жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдар да кеңінен қатысып жүр. Мысалы, дүниежүзілік демократиялық әйелдер, жастар, студенттер, кәсіпшілер, архитекторлар, суретшілер, сазгерлер одағы; халықаралық ғылым одақтарынның кеңесі; БҰҰ-ның ЮНЕСКО Комитеті т.б.
- Дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл мәселені реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекеттер қатысулары керек, онсыз ешқандай нәтиже болмайды. Қазіргі замандағы глобальдық проблемалар: бейбітшілікті сақтау, экологияны жақсарту, адамдардың сауатсыздығын жою, дүниежүзіндегі халыктардың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын жақсарту, цивилизациялық жетістіктерді қорғап, сақтау, дамыту.
- Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу. Бұрынғыдай қару-жарақты көбейту ешқандай жағымды нәтиже бермейді. БҰҰ арқылы, соның шеңберінде реттеп, шешуді қарастыру және әр мемлекеттің өзінің бейбітшілік саясаты дамып, нығаюы керек.
Мемлекеттік қызмет диалектикалық даму процесі арқылы оның мазмұны да, орындалу тәсілі де өзгеріп, жаңарып жатады. Жер жүзіндегі мемлекеттердің функциясы сан жағынан әр түрлі болады. Бірақ мемлекеттердің бәрінде мына функциялар міндетті түрде болады: әлеуметтік, идеологиялық, экологиялық. Мемлекеттің қызметін функцияға бөлудің қағидалары әр түрлі болады, олар халыкаралық құқыққа, мемлекетаралық шарттарға сәйкес дамып отырады.
Қазақстан Республикасының функциялары ішкі-сыртқы функция деп екі күрделі топқа бөлініп зерттеледі. Тұрақты және уақытша функциялар адамдардың кұқығын қорғау, отан қорғау, заңдылықты қорғау - деген функциялар болады. Бұлардың мазмұны көбінесе жоғарыда көрсетілген функцияларға ұқсас болып, солар арқылы орындалып жатады.
Мемлекеттік функция мен мемлекеттік органдардың функциясы деген занды екі ұғым бар. Оларды жақсы ажырата білу керек. Мемлекеттік функция мазмұны жөне көлемі жағынан күрделі, барлық қоғам бойынша атқарылатын қызмет. Мемлекеттің" органдардың функциясы өздерінің көлемінде атқарылатын қызмет.
1.2 ҒТП – ті дамытудағы мемлекеттік механизм
Ғылыми-техникалық саясат - ғылым мен техниканың жиынтық дамуын қамтамасыз ету, халық шаруашылығындағы iрi жаңалықтарды меңгеру және оларды тез әрi кең көлемде тарату, әлеуметтiк-экономикалық даму үдетуiндегi ҒТП үлесiнiң жоғарылауының мақсаты шаралар жүйесi. Ғылыми-техникалық саясат – бұл технологиялық процестер өндiрiстi ұйымдастыру формалары мен оны басқару, еңбек құралдарын жетiлдiру, қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын терең бiлiп даму процесi.
Ғылыми техникалық саяаттың негiзгi қағидалары.
Республиканың ғылыми техникалық саясаттың аса маңызды қағидалары:
-ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық мүддеге, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттiлiктерiне сәйкес ынталандыру және мемлекеттiк қолдау;
-ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;
-ғылым мен техника жөнiндегi мемлекеттiк тапсырмаларды конкурстық негiзде қалыптастыру және орналастыру;
-ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыру кезiнде ғылым мен ғылыми техникалық қызмет саласындағы мемлекеттiк органдардың ғылыми жұртшылықпен өзара iс қимылын демократияландыру және қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркiндiгiн қамтамасыз ету және ғылыми қызметкерлердiң еңбек жағдайын жақсарту;
-ғылымды, өндiрiс пен бiлiмдi ықпалдастыру болуға тиiс.
Ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi мақсаты- өмiрдiң сапасын арттыруға бағытталған зерттеулердi дамыту, жоғары технологиялы өнiмдердi экспорттауға бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза өндiрiстер әзiрлеу, шикiзатқа бағытталған экономиканы бiртiндеп тезнологиялық, ал технологиялықты-интелектуалдық – ақпараттық экономикаға ауыстыру және осы мақсат үшiн жоғары бiлiктi мамандар даярлау болып табылады.
Оларды iске асыру үшiн:
-ғылым мен ғылыми техникалық қызметтi ұйымдастарудың жүйесiн, нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны, соның iшiнде, ғылыми зерттеу және тәжрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру саласындағы базаны, оларды конкурстық iрiктеудi және нәтижелердi практикалық игерудi, интелектуалдық меншiк құқығын қорғауды және басқаларын жетiлдiрудi;
-iргелi зерттеулердi оңтайландыру;
-экономиканың базалық салаларын қажеттiлiгiн ғылыми техникалық қамтамасыз етуге арналған қолданбалы зерттеулердiң бiiрншi кезектегi бағыттылығын ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстердi ұйымдастыру, зерттеу-әзiрлеу-өнеркәсiптiк игеру бiрiңғай ғылыми-өндiрiстiк циклға көшуге ықпал ететiн инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасауды;
-ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер шығару, өнiмдегi импортты алмастыратын (экспортқа бағдарланған) жаңа технология әзiрлеудi, меншiктi –тәжiрибелi эксперименттiк және өндiрiстiк техникалық базаны одан әрi нығайтуды (қайта жаңарту техникалық жағынан қайта жарақтандыру) және дамытуды;
-қызмет бейiнiң сақтай отырып ғылыми техникалық саланың жекелеген объектiлерiн қайта құрылымдандыруды және жекешелендiрудi;
-ғылыми қажетсiнетiн өндiрiстi ұйымдастыру мен дамыту үшiн инвестицияны тартуды, ресурстар үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза технологиялар енгiзудi;
-ғылыми-техникалық қызмет саласында шағын және орташа кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз етудi, нарықтық инфрақұрылым элементтерiн қалыптастыруду және дамытуды;
-зерттеу институттарын салалық ғылыми техникалық орталықтарды және жоғары оқу орындарын, оқу процесi мен ғылыми қызметтi ықпалдастырудың тиiмдi тетiгiн әзiрлеудi;
-басым бағыттар бойынша кадрлар, соның iшiнде жоғары бiлiктi кадрлар даярлауды осы негiзде елдiң интелектуалдық қабiлетiн сақтауды және дамытуды қамтамасыз етедi.
-озық шетелдiк технологияларды отандық жағдайда таңдау мен бейiмдеуге және өнеркәсiпте игеруге елдiң ғылыми күштерiн тартуды;
Қазақстандық ғылымды әлемдiк ғылыми техникалық кеңiстiкке ықпалдастыру процесiн жеделдету мiндеттерiн шешу қажет.
Инновациялық қызмет – ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижелерiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмге аудару мен байланысты атқарылатын қызмет. Ол инновацияларға әкелiп соғатын ғылыми-технологиялық, ұйымдық қаржылық және коммерциялық iс шаралардың бiртұтас кешенiң қамтиды.
Инновациялық қызметтiң негiзгi түрлерi:
А) өндiрiстi дайындау және ұйымдастыру, ол жаңа технологиялық процестi қалыптастыруға қажеттi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен, инструменттер мен қамтамасыз етудi, олардағы өзгерiстердi, сондай-ақ процедуралардағы, өндiрiс әдiстерiмен стандарттарындағы және сапаны бақылаудағы өзгерiстердi қамтиды;
Ә) өнiм мен технологиялық процестiң модификациясын қамтитын өндiрiске дейiнгi жұмыстар. Жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдалану үшiн жұмыскердердi қайта дайындау.
Б) жаңа өнiмдер маркетингi. Ол жаңа өнiмдi нарыққа шығарумен, нарықты алдын-ала зерттеумен, өнiмндi әртүрлi нарықтарға бейiмдеумен, жарнамалаумен, нарықта сату-таратуорындарын құрумен байланысты атқарылатын қызмет түрлерiн қамтиды;
В) сырттан патенттер, лицензиялар, ноу-хау ашулар, сауда маркалары, конструкциялар, модельдер және технологиялық мазмұндағы қызметтер түрендегi технологияларды алу;
Г) өзiнiң технологиялық мазмұны жағынан, кәсiпөрынға өнiмдiк немесе процестiк инновацияларды ендiрумен байланысты болатын мешиналар мен қурал-жабдықтар алу;
Д) өндiстiк жобалау.
Инновациялық қызметтiң негiзi – ғылым мен техниканың барлық салаларында ғылыми-техникалық бiлiмдi дамыту, тарату және пайдаланумен тығыз байланыстағы
Ғылыми-техникалық қызметте мына ұғымдардың маңызы үлкен:
Ғылыми (ғылыми-техникалық) бағыт – ғылым мен техниканың белгiлi бiр саласын дамытуда маңызды бiр мiндеттердi шешуге арналғаан дербес iрi ғылыми жұмыс.
Ғылыми (ғылыми-техникалық) проблема – ғылыми бағыттың бiр бөлiгi, оны шешудiң мүмкiн болатын бiр жолын көрсетедi.
Ғылыми жұмыс мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама түрiнде орындалуы мүмкiн. Ол қорлар, орындаушылар, уақыт жағынан үйлестiрiлген жұмыстар кешенiн қамтиды.
Ғылыми тақырып – мәселенiң бiр бөлiгi, жұмыстарды қаржыландыру, жоспарлау және есепке алуда тақырыптық жоспардың негiзiне алынады және әдетте ғылыми ұйымдың шегiнде шешiледi.
Инновациялық процесс жаңа ендiрулердi қалыптастыру және игеру жөнiндегi қызмет ретiнде қаралады, алайда ол жаңалықты алғашқы коммерциялық пайдаланумен бiрге тоқтап қалмайды, үздiксiз жалғаса бередi, яғни жаңа ендiрудiң технико-экономикалық параметрлерi тұрақты жетiлдiрiлiп, нарық талаптарына икемделедi.
Инновациялық процестiң мақсаттары төмендегiдей:
- мiндеттiң жаңаша технилық шешiмiн табу – жаңалық ашу;
- ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар жүргiзу, (НИОКР);
- өнiмнiң сериялық өндiрiсiн игеру;
- өнiмдi өткiзудi параллельдi дайындау және ұйымдастыру;
- жаңа тауарды нарыққа ендiру;
- өнiмнiң бәсеке қабiлеттiгiн жоғарлату, технологияны тұрақты жетiлдiру арқылы жаңа нарықтарды игеру.
Инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi:
1 кезең. Жаңа идеяларды жүйелеу нарықтағы технологиялық өзгерiстер туралы, ғылыми-зерттеу бөлiмдерiнен, өндiрiстiк бөлiмдердiң маркетинг қызметтерiнен фирманың сату-өткiзу қызметтерiнен, делдалдардан, тұтынушылардан түсетiн мәлiметтердi жинақтау;
өнiмдi жасау және игерудегi фирманың потенциалдық мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер жинақтау, тәуекел жәрежесi иен мөлшерiн анықтау;
мақсатты нарықтар мен олардың дамуының ұзақ мердiмдi тенденциялары туралы мәлiметтер жинақтау.
2 кезең. Анықталған идеяларды iрiктеу және жаңа өнiм идеяларын қалыптастыру:
Жаңа өнiм идеяларының мүмкiндiктерi мен тәжiрибеде орындалуын анықтау;
Жаңа және дәстүрлi өнiмдердiң технологиялық ұқсастық дәрежесiн анықтау;
Жаңа өнiмнiң фирма стратегиясына сай келуi;
Болашақ өнiмнiң патенттiк тазалығын анықтау.
3 кезең. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiн талдау, маркетингтiк бағдарлама жасау:
өнiмдi техникалық дайындау, яғни идеяны нақты жобаға айналдыру;
өнiмнiң техника-экономикалық мiнездемесiн анықтау, оның сапасын және тұтыну қасиеттерiн бағалау;
нарықтағы сұраныс пен сатылу көлемiн бағалау;
жаңа өнiмдердi қалыптастыру және игеру шығындарын анықтау;
жаңа өнiмдi өндiруге қажеттi қорларды анықтау: технологиялық машиналар мен құрал жабдықтар, шикiзат пен материалдар, кадрлар потенциалы, қаржылар;
жаңа өнiмдi игеру және оны нарыққа шығару мерзiмi;
жаңа өнiм өндiрiсiнiң рентабельдiлiгiн талдау және бағалау;
өнiм бойынша маркетинг бағдарламасын жасау.
4 кезең. Жаңа өнiмдi жасау:
Жаңа өнiмдi дамытудың нақты бағдарламасын жасау, фирма бөлiмшелерi арсында мiндеттердi бөлу;
Техникалық сынақтарды өткiзу (экологиялық, қауiпсiздiк және өзге де мәселелер бойынша тексерулер);
Тауардың атауын, оның сауда белгiсiн анықтау, қораптауын, маркировкасын безендiру.
5 кезең. Нарықтағы байқау:
¶ш айдан кем емес уақыт аралығында шектеулi нарықта баға және басқа да коммерциялық өлшемдердi байқау (бағадан жеңiлдiктер беру, несие және басқалар);
өткiзудiң оптималды жолдарын таңдау;
жарнама құралдары мен әдiстерiн таңдау;
техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру.
6 кезең. өнiм бойынша маркетинг бағдарламасына негiзделген шешiм (жаңа өнiмдi өндiрiске ендiру) қабылдау.
Жаңа өнiмдi коммерциялық негiздеу: сатылу көлемi, өнiм рентабельдiгi, сұраныс пен қажеттiлiктердi қанағаттандыру дәрежесi, өткiзу жолдары мен әдiстерi, осы сияқты тауарларды өткiзуде тәжрибелiк, фирманың нарықтағы танымалдығы, сатушылар мен тұтынушылармен байланыстарының тұрақтылығы;
Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi қолдағы бар қуатын пайдалануы, қорлармен, мамандармен қамтамасыз етiлуi;
Қаржылық мүмкiншiлiктерi: өндiруге және өткiзуге инвестициялардың жалпы саласы, қаржыландыру көздерi, күтiлетiн нәтижелер, есептеу мерзiмiндегi пайда немесе шығын;
Нормтивтiк көрсеткiштерге сәйкестiкелдегi мемлекеттiк мөлшерлер (нормалар), стандарттар;
Жаңа ендiрудi патенттiк қорғауды қамтамасыз ету.
Инновациялық процестiң түпкi мақсаты жаңа өнiмдi коммерциялық игеру және оны рентабельдi өндiру. Бұл мақсатқа қол жеткiзу үшiн зерттеу жұмыстары басталғаннан бастап, өндiрiске бағытталуы тиiс, алдын ала жаңа өнiмнiң тұтынушылардың сұранысы мен қажеттiлiктерiне сәйкестiгiн анықтап алған жөн. Сонымен бiрге қажеттi құрал-жабдықтарға күрделi салымдарды өсiру мүмкiншiлiгi мен ғылыми өндiрiстiк циклдық жекелеген кезеңдердiң жетiлдiру мүмкiншiлiгi болғаны дұрыс. Осындай мүмкiншiлiктерге байланысты жаңа өнiмдi зерттеудiң аз ғана бөлiгi өндiрiске ендiрiледi.
Дайындалып жатқан жаңа өнiмнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың әр түрлi әдiстерi бар:
- эксперттiк әдiс;
-күтiлетiн пайда мөлшерiн анықтау;
-ықтималдық әдiс;
-күтiлетiн пайданың динамикасын бағалау;
көп өлшемдi критерийлер бойынша бағалау: саланың тартымдылығы, оған бәсекелестердiң ену мүмкiншiлiктерi, жаңа өнiмнiң және бүкiл фирманың бәсеке қабiлеттiлiгiне әсер етуi.
Инновациялық процесс түсiнiгiн әр түрлi жағынан әр деңгейден қарастыруға болады:
- Бiр мезгiлде жүргiзiлетiн ғылыми зерттеу, ғылыми техникалық және өндiрiстiк қызмет ретiнде;
- идеяның тууынан бастап оның таратылуына дейiнгi уақытты қамтитын жаңа ендiрудiң өмiрлiк циклының кезеңдерi ретiнде;
- өнiмнiң немесе қызметтiң жаңа түрiн жаса және тарату, қаржыландыру және инвестициялау процесi ретiнде.
Жалпы алғанда инвестициялық жоба ойлап табу және интелектуалды қызметтiң өндiрiстiк, қаржылқ, әкiмшiлiк және де басқа нәтижелерiн алу және коммерциялау жобасы болып табылады.
Бұл жағдайда инновациялық процесс мынандай төрт кезеңнен тұрады:
1 кезең. Фундаметальды зерттеулер жүргiзу. Олар академиялық институттарда, лабораторияларда жүргiзiледi. Қаржыландырылу негiзiнен мемлекеттiк бюджет есебiнен iс жүзiне асырылады.
2 кезең. Екiншi кезеңде қолданбалы зерттеулер жүргiзiледi. Олар барлық ғылыми мекемелерде iске асырылады және бюджет есебiнiен және тапсырыс берушiлер есебiнен қаржыландырылады.
3 кезең. Үшiншi кезеңде жобалау конструкторлық және тәжрибелiк жұмыстар жүргiзiледi. Олар арнайы дабораторияларда, тәжрибелiк өндiрiстерде, сондай-ақ iрi кәсiпорындардың ғылыми өндiрiстiк бөлiмшелерiнде орындалады. Қаржыландыру көздерi екiншi кезеңiндегiдей, сондай-ақ кәсiпорынның өз қаржылары да пайдаланылады.
4 кезең. Төртiншi кезеңде өндiрiске өндiруден бастап нарыққа шығу , одан әрi өнiмнiң өмiрлiк циклының негiзгi кезеңдерi бойынша коммерциялау iске асырылады. Үшiншi кезең мен нарыққа шығу кезеңiнде өндiрiстiк қуатты кеңейту , мамандарды дайындау жарнамалық қызмет және сол сияқтыларға үлкен инвестициялар қажет болады.
Инновациялық процестiң бұл кезеңiнде жаңа ендiруге әлi де нарықтың жауабы болмағандықтан, инвестициялар тәуекелдiк жағдайда болады.
Өндiрiс көлемiн ұлғайту, өткiзу нарығын кеңейту, бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарылату және инвестициялардың қайтарылуына жағдай жасау үшiн инновациялық процестiң осы кезеңiнде құнды қағаздардың эмиссиясы жүргiзiледi. Ол қосымша инвестициялар таратуға мүмкiндiк тудырады. Осы кезеңде инновациялық процесс аяқталады.
Тұтыну тауарларын өндiретiн компанияларда жаңа тауарларға байланысты фирманың саясатын анықтауда жетекшi ролдi маркетинг жөнiндегi мамандар атқарады. Өндiорiстiк қажеттiлiктердi өтейтiн өнiм өндiретiн компанияларда, олардың қатарына химия және мұнайхимия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары жатады, техникалық саясатты анықтауда ғылыми зерттеулер мен жобалау конструкторлық жұмыстар бөлiмшелерi маңызды қызмет атқарады.
Инновацияларды қалыптастыру негiзiнен ғылым саласында кең өрiс алуда. Өйткенi ғылым өндiрiстiң техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық негiздереiне сапалық өзгiстер еңгiзедi. Ғылыми зерттеулердiң бастапқы кезеңдерiнде-ақ жаңа өнiм немесе жаңа технология идеясы пайда болады, оларды iске асыру мүмкiншiлiктерi мен жағдайлары қарастырылады. Инновациялық процеске тартылатын негiзгi ресурс-адам ресурсы болғандықтан, инновациялардың табыстылығы кәсiпорын қызметкерлерiнiң ғылыми-техникалық бөлiктiлiгiне, шығармашылық белсендiлiгiне және мотивациясына байланысты болмақ.
Кәсiпорындарда инновациялық процестердi ұйымдастыру ақпараттық, ғылыми, жобалау-конструкторлық, өндiрiстiк, көмекшi, экономикалық, басқарушылық және әлеуметтiк-мәдени қызметтердi қамыту керек. Маңыздылығы жағынан, еңбек сiңiргiшi мен инновациялық процестерге қатысытын мамандар саны жағынан ғылыми және жобалау-конструкторлық қызметтер басымдау болатыны еш күмән тудырмайды.
Инновацияларды жасауға бағытталған тақырыптарды орындау кезеңдер мен жұмыстарды атқаруға кеңiстiк пен уақыт комбинацияларымен ерекшеленедi. Сонымен бiрге инновациялық процеске қатысушылар (кәсiпорындар, бөлiмшелер, орындаушылар) арасындағы өзара байланыс пен қарым-қатынастардың формалары да әртүрлi болады.
Ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды ұйымдастардың қолданылып жүрген варианттарын төмендегi ерекшелiктерге байланысты негiзгi төрт топқа топтастыруға болады:
- олардың орындалу ретi;
- ресурстардың құрылымы;
- жұмыстардың уақыттағы орындалу мiнездемесi;
- ұйымдастырушылық байланыстары.
Ғылым саласында инновациялық процестердi тиiмдi ұйымдастыру инновацияларды жасау шығындарын, оларды жасау және орындау мерзiмдерiн, инновациялардың сапасын және нарықтық мүмкiншiлiктерiн оптималды үйлестiрудi талап етедi.
Ғылым саласында инновациялық процестi ұйымдастыру ерекшелiктерi ғылыми, конструкциялық және жобалау ұжымдарының жұмыс ерекшелiктерiне де байланысты. Ғылыми қызметкерлер мен мамандардың еңбек заты ретiнде адамзаттың бұрын, осы уақытқа дейiн жинақтаған бiлiмi алынады ( бұрынғы зерттеулер мен жұмыстардың нәтижелерi, басылымдары, тiркеуден өткен ойлап табулар мәлiметтер т.с.с.).
Сонымен бiрге ғылымдағы нәтижелi инновациялық қызмет үшiн еңбек затының материалдық құрамының маңызы зор: ғылыми зеттеу жұмыстарында пайдаланатын шикiзаттар, материалдар, жартылай дайын өнiм.
Сонымен зерттеу жұмыстарының еңбек затын ерекше, екi жақтама мiнездеуге болады. Бұл барлық ұйымдастырушылық мәселелердi шешуде ескерiлiп отыруы керек.
Жаңа техниканы жасау және меңгеру процесiн қарастырғанда инновация, ғылым және техниканың дамуындағы өзара байланыс айқындалады. Жоғарыда көрсетiлгендей инновациялық процесс мыналардан тұрады: ҒЫЛЫМ – ТЕХНИКА – ӨНДlРlС – ТҰТЫНУ. Инновациялық процестiң басталуын әдетте фундаметалды ғылыми зерттеу жүргiзумен байланыстырады. Осы уақытқа аз зерттелген, неиесе тiптi зерттелмеген табиғыт жағдайлары зерттелiнедi. Осындай зерттеулердiң нәтижесiнде табиғаттың жеке және жалпылама заңдары немесе заңдылықтары ашылады. Сондай-ақ (теориялық есептеулердiң нәтижесiнде) жаңа материалдық обьектiлер немесе табиғаттағы заттар, т.с.с. ашылады.
Бұрынғы нәтижелер негiзiнде қолданбалы зерттеулер немесе жұммыстар жұргiзiледi. Оларға қолданбалы мақсаттағы арнайы зерттеулер жатады. Солардың нәтижесiнде ашылған жаңалықтар негiзiнде жобалау конструкциялық жұмыстар жұргiзiледi. Бұл жұмыстардың нәтижесi жаңа техникалық обьектiнiң (машина, аппарат немесе басқа құрал-жабдықтардың) немесе жаңа технологиялық процесс болады.
- Қазақстан экономикасында ҒТП – тің дамытудағы мемлекеттің ролі
2.1 Қазақстан Республикасындағы ҒТП дамытудағы мемлекеттің іс- шаралары
Экономикалық ғылымдар және экономикалық даму тәжiрибесi көрсеткендей инновациялық дамуда жаңа технологиялар экономиканы тиiмдi модернизациялауды қамтамасыз етедi. Бұл әсiресе Қ.Р-сы үшiн өте маңызды, өйткенi 2003 жылдан бастап елiмiзде технологиялық дағдарыс қалыптасты. Өндiрiстiң техникалық деңгейi құлдырады, ғылыми өнiмдердiң шығуы азайды, ғылыми-техникалық потенциялымыз қысқарып кеттi, сондай-ақ бұрынғы экономикалық жүйе түгелiмiн жойылды, елiмiз өзiнiң iшкi сұранысын қамтамасыз ете алмай қалды. Осының салдарынан ЖIӨ көлемi де 2003 жылмен салыстырғанда 1995 жылы 40%-ға дейiн азайды.
Ал 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ға өсуiмен экономикалық дағдарыс керi бұрылып экономикалық жандану кезенiне өттiк. Осы жылдардағы ЖIӨ көлемiне назар аударсақ тек қана 2006 жылы 2003 жылғы деңгейге жеткен екенбiз. Оны келесi экономикалық дағдарыс пен экономикалық жанданудың параболалық диаграммаасынан көрсек болады. ( Сурет 1 )
Сонымен қатар елiмiзде ғылым мен ғылыми-техникалық қызметтерге қаржы бөлу өте аз, оның көлемi 0,9% құрап отыр. Ал индустриалы-инновациялы саясатты жүзеге асырмасақ, онда 2015 жылы болжам бойынша оның үлесi 0,6%-ға дейiн кемидi екен. Бұл стратегияны жүзеге асырған жағдайда 2015 жылы болжам бойынша ғылым және ғылыми-инновациялық қызметке ЖIӨ-нен бөлiнетiн қаржы 1,7%-ға дейiн өсудi жоспарлап отыр.
Егер мұны дамыған елдермен салыстырсақ ғылымға бөлiнетiн қаржы Францияда 45%, АҚШ пен Германияда – 36%, Жапонияда – 20% құрап отыр.
Елiмiздегi инновациялық саланы мемлекеттiк қолдауды ҚР-ның “Инновациялық қызмет” туралы Заңынан көрумізге болады. Оның негізгі бағыттары келесідей:
Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.
Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
Инновациялық инфрақұрылымды құру.
Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру
Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.
Отандық инновацияларды шетелге шығару.
Елiмiзде ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институтары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институтары бар. Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен сонғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек. Елiмiздiң ұлттық инновациялық жүйесiн 3-шi суреттен көруге болады: (Сурет 5 )
Қ.Р-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң шикiзатымыз болып отыр. (Сурет 6)
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде экономикада кәсiпкерлiк қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын кәсiпкерлiк рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi.
Әйтсе де бұл инновациялық жобаларға көптеген қаржы қажеттiлiгi туындап отыр, ол қаржыларды ЖIӨ-нiң құрамынан көп мөлшерде ала алмаймыз, өйткенi елiмiзде бұдан басқа салаларға қаржы сұранысы туындап отыр, әсiресе әлеуметтiк салаларға. Сондықтан қаржы тартудың бiрден бiр көзi инвестиция тартуды ынталандыру болып табылады.
Осы мәселеге байланысты ендiгi жерде iшкi және сыртқы инвестициялардың негiзгi бөлiгiн өңдеушi салаға құйылуын мемлекеттiк және кәсiпкерлiк қолдау арқылы ынталандыруымыз керек. Ол үшiн ондай салаға салынатын инвестицияларға белгiлi дәрежеде қолайлылықтар туғызуымыз қажет. Мысалы, оларға салық жеңiлдiктерi, пайыз мөлшерлемесiнiң жоғары болуы және қолайлы инновациялық орта жағдайын айтып өтсем болады.
Алатау АТП-не тоқталатын болсақ, ол еліміздегі инвестициялық жобалардың ең маңыздысы болып табылады. Оған ақпараттық технология және коммуниация саласындағы әлемдегі озық компаниялар тартылып, Microsoft, Hewlett Packard, Siemens т.б әлемдік лидерлермен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Ерекше экономикалық зона ретінде АТП-ның мынандай басты артықшылықтары бар:корпорация салығы екі есеге төмендетіліп, жер және мүліктік салықтан мүлде босатылады.
Елiмiзде үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан инновацияны қолдау саясаты мен нақты іс-шараларға тоқталатын болсақ:
1 -ден, бұл үрдістердің жүруін тездететін құқықтық қамтамасыз ету және экономикалық шараларды жүзеге асыруда бірқатар заң жобалары қабылданды. “Инвестициялық қор” туралы, “Техикалық реттеу”,”Қазақстанның инвестициялық қоры”, ”Сауда қызметі”, ”Сауда өндірістік палаталар”, ”Арнайы экономикалық зоналар” туралы Заңдар қабылданып, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар пакеті қабылдануға дайын.
2- ден, индустриалды стратегияның дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі-регионады және халықаралық масштабта елдің бәсекелестікке жарамды салаларын анықтау. Елбасының тапсырмасымен Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер орталығы және дүние жүзіне танымал “Джей Ай Остин” компаниясымен осы бағытта зерттеулер басталды. Оның қорытынды нәтижесі жылдың аяғында белгілі болады.
Шетел инвесторлары және даму институтарының қатысуымен жоғары технологиялық өндірістерді құру жұмыстары да жүргізілуде. Үкімет трансұлттық компаниялар, ірі шетел және Қазақстан компаниялары арасында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға күш салып келеді. Дүние жүзіндегі ірі компаниялар “Майкрософт”, “Хьюлетт Паккард”, “Сименс”, “Циско” ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылып және машина жасау, металлургия саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда. Дәл осылай “Қазақстан-Камаз” автомобиль концорциумы құрылды. Оның мақсаты автомобиль және трактор жасауды дамыту.
Қостанайда “Агромашхолдинг” ААҚ комбайн және мотор жасаумен айналысады.”Сингапур Технолоджис”және “Қазақстан Инжиниринг” біріккен кәсіпорны құрылды. Онда биыл барлық қаржыландыру көздерінен 250 индустриалды- инновафиялық жобалар іске асады.
Мемлекеттік Даму Институттары да нақты істі орындауға көшіп келеді. Мысалы, Қазақстан Даму Банкі 562,6 млн $-ға бағаланған 22 инвестициялық жобаларды қаржыландырды. Осы жылы Қазақстан Даму Банкі қаржыландыратын тағы 10 өнеркәсіп іске қосылады деп күтілуде, оның ішінде Астанада шыны пластикалық труба жасайтын және Шымкентте мақта-мата өндіретін өнеркәсіп орындары.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы да белсенді әрекет етуде.Биыл 20,5 млн $-ға бағаланған 23 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылдады.
2.2 Қазақстан Республикасындағы ҒТП – ны дамыту стратегиясы
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2006-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.
Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасының дамуында мынадай мәселелер орын алуда:
- экономиканың бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
- iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
- кластерлiк желiлердiң дамымауы, яғни кәсiпорындардың бiр орталыққа шоғырланбауы;
- мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экономика саларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы;
- ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-констукторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi;
- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстыболмауы;
- мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
- экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
- ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялдық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз;
Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында, 2005 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7% құрады. Ал бұл ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0,22 – 0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4-0,6; Канада мен Қытайда – 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды. /8/
Ендi өндiрiске жұмсалатын электр энергиясының шығындарын ( ЖIӨ-нiң 1 долларына шаққанда кВт/сағ) әлемдегi бiрнеше елдер бойынша және оларды Қазақстанмен салыстырып көрсек. Оны келесi 7-шi суреттен көре аламыз.
Осы мәселелердi шешу қызметi барысында стратегияның келесi мiндеттерiн атап өтсе болады:
Стратегияның мiндеттерi:
- өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2004 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
- өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
- ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдiк стандартына көшу;
- дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны iске асыру мерзiмi 2006-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесiдей кезеңдерден тұрады:
1-шi кезең – 2006-2007 жылдар
2-шi кезең – 2007-2010 жылдар
3-шi кезең – 2010-2015 жылдар
Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2004 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2004 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2004 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға мүмкiндiк беру.
Қорытынды
Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерiстердi жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтардың көрнекi мысалдары Жапонияда, Оңтүстiк Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң экономикалық даму саласында iрi бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму иеституттарын құру көзделiп отыр. Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өңдiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрамында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамуының құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мелекеттiк реттеу әдiстерi мен саясатын жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Стратегияның тиiстi бөлiмдерiне импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiншiлiк беретiн факторлар келтiрiлген.
2006 жылы Индустриялық-инновациялық стратегиямызды iске асырудың алғашқы жылы болды. Елiмiзде даму институттары құрылып, олар қазiрдiң өзiнде өңдеушi салаларды жаңғыртуға нақты ықпал жасай бастады. Даму банкi жарты миллиард доллардан астам сомаға 20 инвестициялық жобаға кредит бөлiп отыр.
Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдар iшiнде 2006 жылы тұнғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өсу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түтi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан артық болды. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу көлемi өткен жылы нақтылы есептегенде 9,5 пайыздан аса ұлғайып отыр.
Қорытындылай келе, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесiдей шараларды атқаруымыз керек:
- елдегi инновациялық күштердi қалыптастыру және нығайту;
- мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – бiлiм, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтiк саясатты жетiлдiрудi қажет етедi;
- индустриялы-инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
- отандық өнiмдердiң халықаралық рыноктарда бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру үшiн әлемдiк стандарттар мен сертификаттарға көшу;
- инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнестi ынталандыру.
Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиiмдi жақтарын ала бiлуiмiз қажет. Бiздiң елiмiзге әсiресе Оңтүстiк Азияның бiрнеше жаңа индустриялы елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы болып отыр. Яғни “Азия айдаһары мен жолбарысы” атанған елдер қысқа мерзiмдi аралықта индустриялы-инновациялы саясатты тиiмдi жүргiзу арқылы үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Яғни , инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Отанымыз Қазақстан Республикасы алдағы кезеңде тиiмдi реформалар жүргiзу арқылы және индустриялы-инновациялы саясатты iске асырып тұрақты экономикалық өсу арқылы әлем таныған, алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына “Азия барысы” деген атаумен қосылатындығына сенiмiм мол. Ол үшiн әрбiр Қазақстандық азамат осы шара үшiн аянбай еңбек етуi керек.
Колданылған әдебиеттер
- Послание Президента страны народу Казахстана -Казахстан – 2030// Казахстанская правда 1997г. 11 ноября.
- Концепция интеграции научных учереждений и ВУЗов с наукоемкими производствами // Наука Казахстана. 1999г. 1-15 января.
- Указ президента Республики Казахстан от 11.03.1996г. О мерах по совершенствованию системы государственного управления наукой в Республике Казахстан // Казахстанская правда. 1996г. 13 марта.
4.Баймуратов У.Б. Эффективность технического прогресса в промышленности Казахстана – Алматы.1973г. – 200с.
- Герчикова И.Н. Менеджмент – М. Банки и биржи, изд Объединение ЮНТИТ. 1995г.-480с.
- Дедов А.Г., Сафанова И.А. Основные направления химизации экономики капиталистических стран – М.: Химия. 1988г.-250с.
- Завин П.Н., Казанцев А.К. Инновационный менеджмент (справочное пособие).- М.:Центр исследований статистики и науки. 1998г. -495с.
Меньшова В.П., Тобелко И.Л. экономика химической промышленности –М.: Инфра-М.1998г -502с.
Меньшова В.П., Тобелко И.Л. Экономика химической промышленности – М.: Высшая школа. 1982г. – 250с.
Поршнев А.Г., Румянцев З.П., Саломатин Н.А. Управление организацией – М,: Инфра-М. 1998г. – 502с.
Рудакова И.Е. Инновационный процесс в странах развитого капитализма – М.:МГУ. 1991г. – 340с.
Садчиков И.Е. Ускорение научно-технического прогресса в нефтехимической промышленности – Л.: Химия. 2003г. – 187с.
Сатубалдин С.С. “Драконы” и “тигры” Азии: сможет ли казахстанский “барс” пройти по их стопам – Алматы: Ғылым. 1998г. – 600с.
Тавровский Ю. Двухэтажная Япония – М.: Политиздат. 1989г. – 287с.
Научно-технический прогресс (словарь) – М.: Высшая школа. 2003г.
Кембаев Б.А., Серикбаев А.С., Комлев Ю.В. Научно-технический потенциал Республики Казахстан в 1998 году – Алматы: Каз.Гос. ИНТИ. 1998г.
Комлев Ю.В. О налоговом стимулировании научной и инновационной деятельности (темоподборка) – Алматы: Каз.Гос. ИНТИ 1996г.
Народное хозяйство Казахстана за 70 лет (стратегический сборник) – Шымкент: Южно-Казахстанское областное управление статистики. 2003г. – 392с.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024