Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz – 17 ақпан күні, сенбіде SpaceX Falcon 9 зымыранының кезекті ұшыруын өткізеді. Жоспарға сәйкес, көп мәртелік ғарыш кемесі радиолокациялық бақылау үшін орбитаға испандық Paz спутнигін жеткізеді. Сондай-ақ, ғарышқа интернет тарату үшін Microsat 2a және 2b екі тестілеу спутнигі аттанады. Алдағы уақытта SpaceX орбитаға осындай спутниктердің мыңдаған түрін ұшыруды жоспарлап отыр. 2027 жылға қарай олар жер бетінің дерлік аймағын интернетпен қамтамасыз етуді көздейді.
Falcon 9 зымыраны Калифорниядағы Ванденберг әуе күштері базасында ұшырылады.
NASA Spaceflight.com хабарлауына сәйкес, күн жүйесіне ұшырылатын зымыранның салмағы 1350 килограммға тең. Ал, ғарышқа қосымша интернет тарату үшін ұшырылатын демо-спутниктердің салмағы 400 килограммды құрайды.
Демо-спутниктер Starlink спутнигінің алғашқы құрамдас бөлігі болады.
Бизнес жоспарға сәйкес, 2019-2024 жылдары SpaceX орбитаға интернет тарату үшін 4425 спутникті ұшыратын болады.
Бұдан бұрын компания өкілдері «шоқжұлдыз» жер орбитасының төменгі деңгейінде 1110-1350 км биіктікте орналасатынын айтқан. Бұның арқасында сигналдың таралуы небәрі 25-35 миллисекундты құрайтын болады.
Испандық Paz спутнигі 514 км биіктікте, ал Microsat 2a және 2b спутниктері одан да биік орналасатын болады.
Компания олардың көмегімен Ku-диапазонындағы радиобайланыс жүйесінің жердегі станциялармен байланысын тестілейтін болады. SpaceX желісінің нүктелері Вашингтон, Техас және Калифорнияда орналасады.
SpaceX қашық орналасқан және ауылды аймақтарда тұратын тұрғындардың барлығын интернетпен қамтамасыз етуге уәде етеді. Starlink жүйесі сигналды пайдаланушының үйіндегі станциялар мен терминалдарға тікелей жібереді. Олардың жұмыс істеуі үшін инфрақұрылым ғана қажет болады. Бұл бұрын интернеті мүлдем болмаған аймақтарға интернет таратуға мүмкіндік береді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024