Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылдың қаңтар-ақпан аралығында Қазақстандағы төлем карточкалары бойынша айналым 2,5 трлн теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,3 пайызға артық.
Қолма-қол ақша 28,1 пайызға, 1,8 трлн теңгеге дейін өсті. Төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі бір уақытта 2,4 есе артып, 622 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл олардың төлем карточкалар бойынша жалпы айналымын 15,3 пайыздан 25,3 пайызға дейін артуына мүмкіндік берді.
Қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі Қазақстанның барлық 16 өңірінде тіркелді. Қолма-қол ақшасыз төлем жүйесінің көлемі бойынша Алматы көш бастайды. (403,3 млрд теңге). Бір жылда 3 есеге артты. ҚР үлесі 52,8 пайыздан 64,8 пайызға дейін өсті.
Қаржы орталығының соңынан Астана ереді (55,9 млрд теңге). Жыл ішінде өсім 64,6 пайыз болды. ҚР үлесі 13,1 пайыздан 9 пайызға дейін төмендеді.
Қарағанды облысы да үштікке кіреді (25,5 млрд теңге). Өсім - 2,5 есе. ҚР үлесі 3,9 пайыздан 4,1 пайызға дейін өсті.
Карталар арқылы төленетін төлемдердің ең көп көлемі интернет-ресурстар арқылы жасалды - 306,4 млрд теңге. Жылдық өсу - бірден 3,4 есе. Қолма-қолсыз төлемнен үлесі 34,6 пайыздан 49,3 пайызға дейін өсті.
POS-терминал арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер 276,3 млрд теңгеге дейін 2 есе өсті. Алайда олардың үлесі 54,2 пайыздан 44,4 пайызға дейін төмендеді.