Алматы. 13 маусым. 7kun.kz - 2018 жылдың 25 маусымынан бастап банк карталары арқылы кеден бекетінде төлем жүргізуге болады. Бұл туралы «Халық банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы күннен бастап кеден бекеттерінде кез келген екінші деңгейлі банктердің төлем карталарын пайдалана отырып, кедендік төлемдерді төлеуге болады. Сонымен бірге, эмитенттің банкінен тариф жойылып, төлем карточкасын ұстаушыдан тариф енгізіледі», - делінген хабарламада.
Мысалы төмендегі көлемді төлемдер үшін комиссия келесідей алынады:
— 1 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін алынғанда комиссия 1,8% мин +100 теңгені құрайды;
— 10 001 тенгеден 50 000 теңге болғанда 0,9% мин+200 теңге комиисия алынады;
— 50 001 теңгеден 100 000 теңгеге дейін аралықта 0,65% мин+500 теңге комиссия ұсталады;
— 100 001 тенге мен 1 000 000 000 теңге аралығында 0,15% мин+700 теңге комиссия алынады;
— 1 000 000 000 теңге және одан көп болған кезде комиссия көлемі 3 мың теңгені құрайды.