Қазіргі кезде барлық мемелекеттер ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастарын айқындап, жүріп өткен жолын ой елегінен өткізуде. Барша әлем қоғамы ғылым мен техника, мәдениет пен өнер, сол сияқты көптеген өндіріс салаларында ұлы жетістіктерге қол жеткізуде. Сонымен бірге өркениетті елдер арасындағы халықаралық қарым-қатынастар да қарқынды түрде дамып жатыр. Америка мен Жапонияның арасындағы халықаралық қарым-қатынастар соның айғағы. Америка мен Жапонияның дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастары күннен-күнге нығая түсуде. Жапония Американың ең негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады.
Америка мен Жапония ынтымақтастығы - әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады. Америка мен Жапонияның арасындағы ынтымақтастықтың бағыттары сан алуан. Шешуші ынтымақтастық бағыттар – экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техникалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде.
Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Микродеңгейдегі ынтымақтастық ретінде түрлі топтардың, ұйымдардың, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың белгілі бір мәселелерді ұйымдасып шешіп отыруға ниетін атауға болады. Мезодеңгейдегі (орта) ынтымақтастық әлеуметтік топтар мен топтар, халықтар мен этностар арасындағы ортақ мәселелерді (экономикалық даму, әлеуметтік мәселелер, этн. даму) және міндеттерді шешуде бірігіп әрекет етуді жатқызуға болады. Макродеңгейдегі ынтымақтастыққа мемлекеттер, халықаралық ұйымдар арасындағы ғаламдық планетаралық мәселелерді шешуге бағытталған ұжымдық іс-әрекеттерді жатқызамыз. Ынтымақтастық қазіргі адамзаттық өзара түсінісуінің, ортақ мәселелерді біріккен әрекеттермен шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті қамтамасыз етуінің негізгі формасы болып табылады. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары — экономикалық ынтымақтастық, сауда, мәдени-техикалық, технологиялық және ақпараттық ынтымақтастықтардың маңыздылығы арта түсуде. Ғаламдық мәселелерді шешудегі ынтымақтастықтың халықаралық ұжымдық мақсаттарының көрінісі ретінде БҰҰ-ын атауға болады. Мысалы: Қазақстан өзінің экономикалық мәселелерін Шанхай ынтымақтастық ұйымы арқылы жүзеге асыруда. Ал мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шарт ұйымы арқылы шешуде. Ынтымақтастық - әрбір мемлекеттің ішкі жәке сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа күштермен бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар жасауының негізгі принципі және екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады.
1.1. АҚШ пен Жапонияның тарихы және саясаты.
Тарихы. Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. X ғ. Колумб Американы ашқаннан кейін (1492-1503) 16 ғ-да Англия, Испания, Нидерланды, Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғ-дың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғ-дың басында Америкада ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларында нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық дамыды және біртұтас Солтүстік америкалық ұлт қалыптасты. Алайда бұл жерлерде экономиканың жедел дамуына ағылшын отаршыларының саясаты кедергі келтірді. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775-83). 1776 ж. 4 шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды. 13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітімшарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Дж. Вашингтон сайланды. 1776 ж. Құрлықаралық конгресс қабылдаған Тәуелсіздік декларациясы жобасының авторы, қоғам құрылысын демократияландыруға үлкен үлес қосқан Т. Джефферсон 1800, 1804 ж. АҚШ президенті болып сайланды. Ол түрлі әлеуметтік топтардың арасында мәмілеге келтіру саясатын жүргізді. Кейбір реакциялық заңдарды жойып, армияны, флотты, мемлекеттік әкімшілікті қысқартты. Ресеймен дипломатиялық қатынас орнатты. 19 ғ-дың 1-жартысында АҚШ жері әжептәуір ұлғайды. 1803 ж. АҚШ Батыс Луизиананы, 1819 ж. Флориданы, 1867 ж. Алясканы қосып алды. 1823 ж. Монро доктринасы жарияланып, мұнда Америка және Еуропа бір-бірінің ішкі істеріне араласпауға тиісті деп көрсетілді. 1809 ж. елге құл әкелуге тыйым салынды. Алайда бұл іс жасырын түрде жалғаса берді, 1790 ж. АҚШ-та 760 мың зәңгі құл болса, 1860 ж. олар 4 млн-ға жетті. Ауыр езгіге және қорлауға шыдамаған құлдар көтерілістер жасады, солтүстікке қашты. Солтүстікте бірқатар штаттарда құлдық жойылды, 1860 ж. елде 488 мың еркіндік алған зәңгілер болды.
19 ғ-дың 1-жартысында АҚШ-тың саяси дамуында елеулі өзгерістер болды, саяси партиялар қалыптасты (Демократиялық партия, 1828 ж.; Республикалық партия, 1854 ж.). Осы кезеңде зәңгілерді құлдықтан азат ету жолындағы күрес кең өріс алды.
Жалдамалы еңбекке негізделген Солтүстіктің экономикасы мен құлдыққа негізделген Оңтүстіктің плантациялық шаруашылығы арасындағы қайшылық 2-буржуазиялық революцияны туғызды.
1-дүние жүзілік соғыста АҚШ Антанта жағында болды. Соғыстан кейінгі Париж бітім конференциясында (1919) АҚШ президенті А. Вильсон халықаралық қатынастардың жаңа жүйесін жасаудың жобасын ұсынды («Вильсонның 14 пункті»). Екі дүние жүзілік соғыс аралығындағы Ф.Рузвельт әкімшілігінін реформалары АҚШ тарихында ерекше орын алды. «Жаңа бағыт» деп аталған осы реформалар елді ауыр экономикалық дағдарыстан шығарды және қоғамның демократиялануы үлгісін қалыптастырды. Рузвельт сыртқы саясатта да өзгеріс жасады. Латын Америкасында «тату көршілік», Еуропада «оқшаулану», Азияда «ашық есіктер» саясатын жүргізді. 1933 ж. АҚШ пен КСРО арасында дипломатиялық қатынастар орнады.
2-дүние жүзілік соғыс кезінде АҚШ фашизмге қарсы мемлекеттер одағын құруға белсене қатысып, Тынық мұхитта, Еуропада, Африкада соғыс қимылдарын жүргізді. Соғысқа 1941 ж. 7 желтоқсанда кірісіп, 1945 ж. 2 қыркүйекте аяқтады. Соғыстан кейін АҚШ пен КСРО бөлек-бөлек әскери-саяси одақтар құрып, дүние жүзін екі лагерьге бөлуді іске асырды. Осы «қырғи-қабақ соғыс» 80-жылдардың ортасына дейін созылды.
Трумэн әкімшілігі кезіндегі елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай. АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстан капиталистік мемлекеттер арасында экономикалық және әскери жағынан ең көп күш жинаған қауқарлы мемлекет жағдайында шықты. Оның жері де, халқы да соғыстың зардабын тарта қойған жоқ.
Капиталистік елдердің өнеркәсіптік өндірісінің жартысынан көбі осында шоғырланды. Соғыс жылдарында өнеркөсіп өнімдерін өндіру 2 есеге дейін өсті, америка монополияларының табысы 87 млрд долларға теңелді, АҚШ қазынасында әлемдегі алтын қорының 73%-ы сақталған.
АҚШ армиясы Германияда, Жапонияда, Италияда және басқа да мемлекеттерде орналасты. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде АҚШ-тың 500-ден астам соғыс базалары жайғастырылды. Америка мұхиттар мен теңізді билеп-төстеді. АҚШ атомдық қару шығаруда монополияға ие болды. 1945 жылы 12 сәуірде Ф.Рузвельттің қайтыс болуына байланысты жаңадан сайланған АҚШ президенті Гарри Трумэн: «АҚШ дүниежүзілік жауапкершілікті мойнына алады», - деп мәлімдеді. 1930 жылдардағы «бейтараптық» және «оқшауланушылық» келмеске кетті. АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды .
Реконверсия деп аталатын бейбіт өмірге көшу мемлекеттік саясатта және ондаған миллион америкалықтардың өмірінде шұғыл бетбұрыс жасады. Миллиондаған солдаттар өздерінің отбасына, қоғамдық өмірге қайтып оралды. 1947 жылы 12 млн солдаттан армия қатарында 1 млн адам ғана қалды. Қайтып оралған солдаттар мен офицерлерді орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың аса маңызды мәселелеріне айналды.
Ішкі саясатта Г.Трумэн бағыты өзінің қарама-қайшылығымен ерекшеленді. 1946 жылы конгресте республикашылдар бағыты күшейе түсті. Олар демократтардың реформалық саясатына және Рузвельт кезіндегі реформалық әрекеттерге құлықсыздық танытты. 1947 жылы 23 маусымда кәсіподақ қызметін шектеу және ереуілдер ұйымдастыруда кәсіподақтардың құқығын реттеу туралы Тафт-Хартли заңы қабылданды. Кәсіподақ мемлекет бақылауына алынды. Бұл АҚШ-тың саяси өміріндегі оң өзгерістердің жалпы көрінісі болатын.
Өндірісті калпына келтірудің маңызды мәселелерінің бірі – соғыс жылдарында салынған мемлекеттік зауыттардың тағдыры болды. Бес жыл соғыс кезінде мемлекет өнеркәсіп өнімдерін шығарушы зауыт құрылысына 17 млрд доллардан астам қаржы бөлді. 2 800-ден астам өндіріс орындары салынды. Бір жылдан соң барлық мемлекеттік зауыттар түгелімен дерлік олардың жарты бағасын ғана төлеген 250 корпорацияның қолында болды. Рокфеллерлер, Моргандар, Дюпон, «Бэнк оф Америка» және басқа да ірі корпорациялар мемлекеттің шаруашылық өмірін қолдарында ұстады. Алайда соғыстан кейінгі жылдарда өнеркәсіптің ұсақ және орта секторлары да әжептәуір ұлғайды. Жеке меншік фирмалар саны 9 млн-ға жетті.
1948 жылғы президент сайлауында Г.Трумэн «әділетті бағыт» бағдарламасымен шықты. Бағдарламаның бірқатар тармақтарын сайлауда жеңіске жеткен Трумэн әкімшілігі орындады. Алайда Тафт-Хартли заңы, президенттің қарсы болуына қарамастан, конгресте мақұлданды. Қара нәсілді америкалықтардың азаматтық құқығы, медициналық сақтандыруды енгізу, оқу орындарына мемлекеттік көмек беру туралы және басқа да заңдар қабылданбады.
Сыртқы саяси бағыт. Соғыс бітісімен екі ірі мемлекет – КСРО мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық қатынастар бұзылып, қарсыласу бағыты өрши түсті. КСРО-ға қарсы тұру, коммунизмді шектеу және ауыздықтау саясаты АҚШ-тың сыртқы саяси бағытының негізіне айналды. «Атомдық дипломатия», «орыстардың әлемді өзіне қаратуға ұмтылысын ауыздықтау» ресми саясатқа айналды. Мәскеудің озбырлық қимылдары мен теке-тіреске баруы көпке созылған «қырғи қабақ соғысты» туғызды.
АҚШ-тың жаңа бағыты «Трумэн доктринасында» (1947 ж., 12 наурыз), «Маршалл жоспарында» (1947 ж., 5 маусым) айқындалған. 1947 жылғы 2 қыркүйекте америка елдерінің конференциясы өзара қауіпсіздік шартын қабылдады (Рио-де Жанейро пактісі), 1948 жылы көктемде Богота қаласында «Америка мемлекеттерінің ұйымы» құрылды. Латын Америкасы елдеріне техникалық-экономикалық көмек көрсету арқылы да АҚШ оларды өз ықпалында ұстап келді. 1948 жылы – Батыс Еуропалық Одақ, ал 1949 жылы Солтүстік Атлантикалық Одақ (НАТО) құруда АҚШ белсенділік көрсетті.
1950-1960 жылдардағы Америка. 1952 жылғы сайлау науқанында Кореядағы соғыс мәселесіне ерекше көңіл аударылды. Республикалық партия кандидаттыққа әйгілі генерал Д.Эйзенхауэрді ұсынды. Ол бұрын ешқандай партияда болмаған. Америка сайлаушылары «Кореядағы халықтың мазасын кетірген сұрапыл соғысты тоқтатып, елде бейбіт өмір орнайды» деп сенді және сол үшін оған дауыс берді. Сөйтіп, республикашылдар сайлауда жеңіске жетті. 1952-1960 жылдары республикалық әкімшілік пен демократиялық партия бір-бірімен оппозицияда болса да, саяси бағытта айтарлықтай айырмашылықтары байқалмады.
1950 жылдарда халық бұқарасының жағдайы айтарлықтай жақсара түсті. 1954 жылғы 17 мамырда АҚШ-тың жоғарғы сотының «Мектептегі нәсілшілдік конституцияға сәйкес емес» деген шешімі еуроамерикалықтардың азаматтық құқықтарын қорғауға көмектесті.
1960 жылғы президент сайлауында демократтар Джон Кеннеди ұсынған «жаңа дәуір» бағытымен жеңіске жетті. Кеннеди өкіметінің экономикалық және әлеуметтік әрекеті Кейнстің теориясы мен тәжірибесіне сүйенді. Кеннедидің «жаңа дәуір» бағдарламасы «тиімді сұраныс» деген кейнстік теория негізінде жасалды және жаппай өндіріс пен жаппай тұтыну үйлесімін қамтамасыз етуді қарастырды. Кеннеди әкімшілігі экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік шараларға көңіл бөлді.
Сыртқы саясатта да біраз өзгерістер орын алды. Дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету ұлғайтылды. Латын Америкасы елдеріне жәрдемдесу жоспары – «Даму жолындағы одақ» құрылды. Кеннеди тікелей өзі қатысып, КСРО-ның Куба жеріне құпия жағдайда зымырандар орналастыруы себебінен туған өте қауіпті дағдарысты реттеді (1962 ж., қазан). 1963 жылы Мәскеуде АҚШ, Англия, КСРО мемлекеттері ядролық қаруларды ауада, ғарышта және су астында сынауды тоқтату туралы шартқа отырды.
1963 жылғы 22 қарашада АҚШ президенті Дж.Кеннеди қаза тауып, оның орнына вице-президент Линдон Джонсон отырды (1963-1968 ж.). Ол өзіне дейінгі қайраткерлердің саясатын жалғастырды. АҚШ-та маңызды әлеуметтік реформалар жүргізілді. «Кедейшілікпен күрес» бағдарламасы негізінде табысы төмен отбасыларға көмек туралы заң қабылданды, арзан тұрғын жай құрылысы, білім жүйесін дамыту бағдарламасы жүзеге асырылды, қарт адамдар үшін медициналық сақтандыру енгізілді, ал табысы төмен отбасылар дәрігерлік қызметте жеңілдіктер алды.
Алайда 1964 жылы басталған Вьетнамдағы соғыстың өрши түсуі үкіметтің әлеуметгік бағдарламаларын орындауға бөлінген қаржының қысқаруына алып келді. Л.Джонсон әкімшілігі мен Демократиялық партияның жағдайы 1960 жылдарда АҚШ-ты қамтыған жалпы халықтық қарсылық қозғалыстарының әсерінен қиындай түсті.
1960 жылдардағы наразылық қозғалыстары.
1960 жылдарда нәсілдік қысымшылыкқа қарсы қозғалыстар кең қанат жайды.
1968 жылы бұқаралық кедей топтары Вашингтонға жорыққа дайындалды. Бұл жорықты ұйымдастырушылардың алдыңғы шебінде афроамерикалықтардың көпшілікке танылған жас діни қызметкері – қара түсті халықтың өкілі Мартин Лютер Кинг болды. Бұдан бұрын да оған ызасы қайнап жүрген нәсілшілдер М.Л. Кингті жазалауға бел буды. 1968 жылдың 4 сәуірі күні Мемфис қаласында М.Л. Кингті атып өлтірді. Кингтің өліміне қарамастан, жоспарланған жорық іске асырылды.
Вьетнамдағы соғысқа қарсы қозғалыс кең қанат жайды. 1967 жылы бірнеше тәулік бойы 300 мыңға жуық адам АҚШ-тың әскери орталығы – Пентагонды тосқауылға алды.
Бұл қозғалыстар нәтижесіз болған жоқ. 1960 жылдарда АҚШ халықтары едәуір жеңілдіктерге ие болды. Нәсілдік қысымшылықты шектеу туралы заңдар қабылданды: 1) жұмысқа жалдау кезінде және қоғамдық орындарда қызмет ету кезінде кемсітушілікке тыйым салу (1964 ж.); 2) қара нәсілді америкалықтардың сайлау құқығын қорғау (1965 ж.); 3) тұрғын жайды жалдау, сату және тапсыру бойынша нәсілдік кемсітушілікке тыйым салу (1968 ж.) туралы заң.
1970 жылдардағы Америка. АҚШ барлық капиталистік әлемдегі елдер секілді, экономикалық және әлеуметтік саясат алмасуында, ғылыми-техникалық революцияның жаңа кезеңінде қанат жайған дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстардан туындаған ірі өзгерістерді бастан өткізді. Сондай-ақ АҚШ-та осы кезеңде саяси жанжалдар көбейіп, Вьетнамдағы соғыс сәтсіз аяқталды.
1968 жылғы сайлауда сәл ғана артық дауыспен республикашылдар жеңіске жетіп, Ричард Никсон президент болып сайланды. 1972 жылы ол бұл қызметке қайтадан сайланды, бірақ 1974 жылы қызметтен кетуге мәжбүр болды.
Америка өкіметінің экономикалық саясатында кейнсианстводан неоконсерватизмге дейін терең тербелістер болып өтті. 1969-1970 жылдарда елде орын алған экономикалық дағдарысты жою үшін Р.Никсон «жаңа экономикалық саясат» жариялады. Бұл үш айға дейін жалақының мөлшерін көтеруді тоқтату, ереуілдерге тыйым салу, салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы көрінді. Никсон өкіметі 5 жыл ішінде зейнетақыны, жәрдемақыны бірнеше рет көбейтті, жұмыссыздыққа жәрдемақы алатындар саны көбейді. 1970 жылдары жәрдемдесу жүйесі кең дамыды: кедейліктің ресми деңгейінен төмен кірісі бар отбасылардың мемлекеттен арнайы жәрдемақы алуға құқығы болды. Бұл төлемақы әлеуметтік сақтандыру жүйесін толықтырды. Бұдан басқа азық-түлік көмегін беру тәжірибесі орнықты. 1974 жылы ондай көмек алатындар саны 13 млн адамнан көп болды.
Республикашылдар әкімшілігінің сыртқы саяси әрекеттері қайшылықты сипат алды. Вьетнамдағы соғысты (1964-1973 жж.) жеңіске жетпей тоқтатуға мәжбүр болды. 1971-1972 жылдары Никсон әкімшілігі Қытай Халық Республикасымен жақындасуға барып, екі ел арасындағы қатынастар жөнделе бастады.
1970 жылдары Кеңес-Америка қатынастарында маңызды өзгерістер болып өтті. Никсон Мәскеуге сапар жасап, халықаралық шиеленісті біраз бәсеңдетуге үлес қосты. КСРО мен АҚШ арасындағы зымырандық қорғаныс жүйесін шектеу туралы келісімге және стратегиялық шабуыл қаруын (ОСВ-1) шектеу саласындағы кейбір шаралар туралы уақытша келісімге қол қойылды. Кейінірек, 1979 жылы, стратегиялық қаруларды (ОСВ-2) шектеу туралы келісім жасалды.
1974 жылы АҚШ-та үлкен саяси жанжал бұрқ ете түсті. Одан екі жыл бұрын президенттік сайлау науқаны кезінде демократтар штабы «Уотергейт» (“Watergate” – «Су дарбазасы») атты қонақүйде орналасқан. Сол жерге Никсонның сенімді адамдары жасырын түрде тыңдағыш құралдар қойып, қарсыластарының сырларын біліп отырған. Осы әрекет ашылып, Америка сенаты президентті айыптап, сенімсіздік (импичмент) білдіріп, соттауға дейін бармақ болған. Соған орай Никсон өз еркімен орнынан кетуге мәжбүр болды.
Рональд Рейган әкімшілгіінің іс-әрекеті (1980-1988 жж.). «Рейганомика». Республикашылдар партиясының жеңісі және президент болып бұрынғы Калифорния штатының губернаторы Р.Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясатта керітартпалыққа қарай бұрылыс барын көрсетті. Рейган әкімшілігі бюджеттік шығынды қысқартуда қатал монетаристік саясат жүргізе бастады, сондай-ақ мемлекеттің экономика саласын бақылау құқығын қысқартты, кәсіпкерлік істі және бағаны еркін жіберді. Әкімшіліктің кертартпалық саясаттан бас тартуы әсіресе 1981-1986 жылдары салықтық реформада айқын көрінді. Салықтың ең жоғарғы деңгейі бірден төмендеді, ол қаржы жинау мүмкіндігін, қаржы салымын әжептәуір көтерді. 1983 жылдан бастап Америка экономикасы дағдарыстан шықты, сөйтіп, ғылыми жетістіктер мен жаңа технологияны енгізу арқылы жеделдете даму кезеңі басталды. Жұмыссыздар саны 10 млн-нан 7 млн-ға дейін азайды.
Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең айқын көрінеді. 1980 жылдардың бірінші жартысында АҚШ-тың сыртқы саясатында текетірестік бағыттар басым болды. Әсіресе 1979 жылы кеңес әскерлері Ауғанстанға кіргізілгеннен соң және 1981 жылы Польшаға әскери жағдайдың енгізілуімен КСРО-АҚШ қатынасы шиеленісе түсті. Кеңес-Америка қатынастары өзара сенімсіздік және бірін-бірі түсініспеушілік кедергісіне тап болды. Тек 1980 жылдардың екінші жартысында келіссөздер арқылы қарама-қайшылық әрекеттері бәсеңдей бастады.
1987 жылы М.С. Горбачевтің АҚШ-қа келуіне орай Вашингтонда екі ел арасында орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшартқа қол қойылды. 1988 жылғы президент сайлауында тағы да республикашылдар жеңіске жетті. Рейган саясатын Дж. Буш жалғастырды, ол Рейганның бұрынғы әкімшілігінде вице-президент қызметінде болатын. 1991 жылы Мәскеуде Дж. Буштың әкімшілігі кезінде, екі мемлекеттің стратегиялық қару-жарағының үштен бір бөлігін қысқарту туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл – стратегиялық бағыттағы қарулардың қысқартыла бастауы екі алып мемлекеттің арасындағы бетбұрысты көрсетті. Бұған 1988 жылы ақпанда кеңес әскерінің Ауғанстаннан әкетілуі негіз болды. 1989-1991 жылдары бұрынғы социалистік елдердегі демократиялық революциялар жаңа геосаяси жағдайларды тудырып, «қырғи қабақ соғыс» толық аяқталды.
Б.Клинтон мен кіші Дж. Буштың саясаты. 1992 жылғы кезекті сайлауда демократиялық партия және оның кандидаты Билл Клинтон жеңіске жетті. Әсіресе АҚШ-тың бүкіл халқына міндетті дәрігерлік сақтандыру туралы заң жобасын жасауға уәде берілді. Клинтон екі мәрте президент болып сайланып, әскери шығындарды қысқартты. Америка шаруашылығы одан әрі дамып, экспорт ұлғайтылды. Көптен бері кедергі жасап келген саудадағы шығын кәдімгідей азайтылды .Сонымен қатар Клинтонның көпшілікке белгілі кейбір жеке қылықтары елде дау тудырып, сенат 1999 жылы оған сенімсіздік көрсеткен, бірақ президент қатесін мойындап ел алдында кешірім сұраған. Бұл жағдай демократиялық партия беделіне нұқсан келтірді.
2000 жылғы күздегі президент сайлауында республикалық партия өкілі – кіші Дж. Буш жеңіп шықты. Ол 2004 жылғы сайлауда тағы да жеңіске жетті. Кіші Буш кезіндегі Америка саясаты қалыптасқан жағдайды бұзып-жаруға, басқалармен санаспауға, өз жауластарын әрқашан жұдырық астында ұстауға ұмтылуда. Әсіресе осы бағыт 2001 жылғы 11 қыркүйектегі лаңкестердің АҚШ-қа қарсы жасаған шабуылынан кейін айқын көрініс тапты. БҰҰ-ның қолдауымен АҚШ өз жақтастарымен Ауғанстандағы талибандар үкіметін құлатып, онда әскер ұстауда. Буш әкімшілігі Солтүстік Корея, Ливия, Сирия, Иран, Мьянма, Оңтүстік Африка Республикалары сияқты елдерді қысымға алып, ядролық қару жасау жөніндегі жоспарларын тоқтатуын талап етуде, оларды «лаңкестік әрекетті қолдауда және адам құқығын бұзуда» деп айыптап келеді. АҚШ әр аймақта, соның ішінде Орталық Азияда да, өзінің саяси-әскери жасақтарын күшейте түсуде. Оның саясаты халықаралық лаңкестікке қарсы бағытталуда. 2003 жылы наурызда Иракқа қарсы соғыс ашып, С.Хусейн тәртібін жойды. Буш әкімшілігі АҚШ мүддесін қорғауда тайсалмай әскери күштерін жұмсап, дүние жүзінде Америка үстемдігін тұрақтандыруға тырысуда. АҚШ-Жапония байланыстары нығая түсуде.
Тарихы. Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруашылығымен айналысқан (Дзёмон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін «тэнно» деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 ж. болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 ж. алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 ж. орталық Нагаоку, 794 ж. Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғ-да ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 және 1288 ж. екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғ-дан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15-16 ғ-ларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 ж. португалдар, 1584 ж. испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542-1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 ж. сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғ-дың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850-60 ж. Жапония АҚШ және еуропалық мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды. 1867-68 жылғы революциядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуроплдық үлгіге көшіріле бастады. 1871 ж. князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872-73 ж. үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868-85 ж. 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі «Мицул», «Мицубиси», т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 ж. Кореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894-95 ж. жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғ-дың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904-05 ж. орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 ж. Жапония Кореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-18) еуропалық мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шаньдун провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914-19 ж. өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 ж. 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 ж. күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924-25 ж. АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929-33 ж. елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. «Жас офицерлер» ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 ж. күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу-Го) құрылып, 1933-36 ж. Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 ж. қарашада Германиямен «Антикоминтерндік пактіге» қол қойды да, 1937 ж. шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 ж. Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 ж. шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 ж. мамыр-тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар «оңтүстік» бағытта, яғни еуропалық мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті [5]. 1940 ж. қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстігін басып алды. 1941 ж. 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдын орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 ж. 6-9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 ж. 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 ж. 3 мамырда жаңа Конституция қабылданды. 1946-49 ж. аграрлық реформа жүргізіліп, мемлкеттік аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына (1950-53) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты [6].
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. XX ғасырдың басында Жапония дамыған ірі капиталистік елге айналып, басқыншылық саясат жүргізді. Елді билеушілер тобында әскерилердің ықпалы күшейіп, экономиканың дамуы соғыс талаптарына бағытталды. Сыртқы саясатта Жапония Англиямен жақындасып, оның ықпалында болды. Ең алдымен, ол Қытайды бағындыруды көздеді. Жапония 1914 жылғы тамызда Германияға соғыс жариялап, Тынық мұхит пен Қытайдағы неміс иеліктерін басып алды. Келесі жылы Қытайға «21 талап» ұсынып, оның әскери, саяси, қаржы салаларына үстемдік жүргізе бастады.
Соғыс жылдары отарларды қанау арқылы жапон буржуазиясы одан әрі байи түсті. Елде әскери жағдай енгізіліп, қалың бұқараның тұрмысы айтарлықтай нашарлады. 1917-1918 жылдары нан жетіспей, азық-түліктің бағасы жоғарылай берді [7].
1918 жылдың тамыз және қыркүйек айларында Жапонияның 36 префектурасында ашыққан тұрғындардың қозғалысы басталды. Жапон тарихында бұл қозғалысты «күріш бүліншілігі» деп атайды. Ашыққан халық көшелерге шығып, күріш сататын дүкендерді, күріш қамбаларын, күріш сататын саудагерлердің үйлерін қиратып, ойран салды. Ызаланған халық өсімқорлардың, ірі кәсіпкерлердің үй-жайын қиратып, қамбалардағы күріш қорларын басып алып, бөліске салды. Көтерілісшілердің ұйымдастыру комитеттері күріштің және басқа тағамдардың қымбатшылығын әшкерелеп, олардың бағасын арзандату талабын қойды.
«Күріш бүліншілігі» Жапониядағы 144 қаланы қамтыды. Әсіресе Осака қаласындағы халық толқулары өзінің айбындылығымен көзге түсті. Осы қаланың Нискуоно ауданында жиылған 20 мың көтерілісші өзіне қарсы шыққан полиция тобын таспен атқылап, машиналарын өртеп жіберді. Бір күннің ішінде Осако қаласындағы көтерілісшілер 250-ден астам қамбаларды қиратты.
«Күріш бүліншілігі» Жапония халқының стихиялық түрде өткен наразылығын байқатып, саналы қозғалыстардың өршуіне жол ашты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі елдің жағдайы. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония қатты күшейді. Оның өндірісі, әсіресе әскери техника, металл өндіру, машина жасау, химия салалары өсе түсті. Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы беделі нығайды. Версаль конференциясында Жапония бұрын Германияға қараған Қытайдың Шаньдун түбегін, Тынық мұхиттағы Каролин, Маршалл, Мариан аралдарын өзіне бекітіп алды. Ресейдің құрамындағы Приморье, Солтүстік Сахалин жерлері 1922-1925 жылдары Жапония қарамағында болды. Тайваньдағы, Кореядағы отарлау саясаты қылыштың күшімен жүргізілді.
АҚШ пен Қытай бұған көнгісі келмеді. 1921-1922 жылдары Вашингтон конференциясында Жапония біраз шегініс жасауға мәжбүр болып, Шаньдуннан бас тартты. Оның әскери-теңіз флоты шектелді [8].
Елді 1924-1932 жылдары Сэйюкай, Минсэйто, Каккусин, Курабу сияқты саяси партиялар басқарып келді. Төменгі палатаның беделі өсіп, жоғарғы палатаны қалыптастыруда императордың ықпалы төмендеді. 1925 жылы заң бойынша сайлауға қатысушылар саны ұлғайтылып, халықтың 16%-ын құрайтын болды.Өкімет соғыс кезінде, одан кейін өрістей түскен жұмысшылар және кедей шаруалар қозғалысын 1923 жылғы қарашадағы жойқын жер сілкінісіне байланысты шараларды пайдалана отырып, басып тастады.
1920 жылдардың екінші жартысында Жапония билеушілері озбырлық саяси бағыт ұстанды. Ең алдымен, олар Қытайды әлсіретіп, оны тұтас өзіне қаратып, содан кейін басқа елдерді бағындыруды көздеді (Танака жоспары). Ол үшін әскери күшін, теңіз флотын ұлғайтуға кірісті. 1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдары Жапония да біраз қиыншылықты бастан кешірді.
Қытайдағы ішкі тартыстар мен бытыраңқылық жапон империалистерінің басқыншылық әрекетіне жеңілдік туғызды. Жапония 1932 жылы Қытайдың Солтүстік-Шығыс өлкелерінде Маньчжоу-го қуыршақ мемлекетін құрып, оны өз қамқорлығына алды. Бұл жерде жапон қарулы күштері шоғырланып, шекаралас КСРО және Монғол Халық Республикасына қауіп төндірді. Жапонияның осындай үстем саясат жүргізуіне басқа елдердің Қытайдағы қимылдары да көмектесті. Чан Кайши үкіметіне қарсы болып келген Мәскеу 1927 жылы Шығыс Қытай теміржолын Жапонияға сатып жіберді.
1920-1930 жылдар аралығындағы экономикалык дағдарыс жылдары көптеген кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық жаппай белең алды. Шаруалардың жағдайы нашарлады. Елде саяси күрес күшейе түсті. Ол тек жұмысшылар мен қала тұрғындарының ереуілдерімен ғана тынбады. Ұлтшылдыққа, озбырлыққа құныққан орта топтар, әсіресе төменгі сатыдағы әскери топтар сыртқы және ішкі саясатты күшейту, керек болса, фашистік тәртіп орнату талаптарын көтерді. Төменгі шендегі офицерлер ереуілдері мен бүліктері өкіметті шошындырды. 1936 жылы осындай қақтығыста премьер-министр Сайто, бірнеше министрлер қаза тапты. Жаңа үкімет жаппай қарулану, Жапония мен Маньчжурияны қорғау жоспарын бекіту, үкімет мүшелерін қорғау т.б. шараларды қолға алды. Бұлар «жаңа экономикалық құрылым» және «жаңа саяси құрылым» деп аталған бағдарламалардың негізін қалады [9].
Жапонияның Қытайдағы табыстары көп елдерге ұнамады. Бұл Ұлттар Лигасында әшкереленді. Сондықтан Жапония 1933 жылы ол ұйымнан шығып кетті.
Жоғарыда аталған бағдарламаны 1937 жылы үкіметті басқарған князь Каноэ іске асыруға бел байлады. Саяси партиялар жабылып, демократтар қамауға алынды. Сөйтіп, ұлттық бірлікке жету ойластырылды. «Таққа көмектесу қауымдастығының» мақсаты жаңадан таққа отырған императорды мадақтау, оған табыну болды. Жалғыз ғана адамды қастерлеу халықтың соры екенін олар кейінірек түсінді.
Озбырлық саясат ұстаған Жапония Германия мен Италияға жақындасты. Каноэ үкіметі 1937 жылғы 7 шілдеде Қытайға қарсы «үлкен соғыс» ашып, оның ішкі аудандарын жаулап алды. 1939 жылы жапон әскерлері Монғолияға шабуыл жасады. Бірақ Біріккен Монғол-Кеңес қарулы күштерінен қатты соққыға ұшырап, кейін шегінді [10].
1940 жылы Франция мен Голландия Германиядан жеңіліп қалғанда, жапон үкіметі Үндіқытай (Вьетнам, Лаос, Камбоджа) мен Индонезия аралын, Малайзия мен Сингапурды өзіне қаратуға кірісті. 1940 жылғы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталған соғыс одағын құрды. 1941 жылы сәуір айында Жапония мен КСРО 5 жылдық бейтараптық шартына қол қойды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония. Әлемді жойқын соғысқа итермелегендердің бірі болған жапон милитаристері тоқтаусыз шабуылдап, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қиыр Шығыс халықтарын қан қақсатты.
Бірнеше Қытай қалалары, соның ішінде Тяньцзин, Нанкин, Шанхай, Ухань т.б. қиратылып, бейбіт тұрғындар қырғынға ұшырады. Елде шовинистік ұрандар көтеріліп, жапондықтар «тәңірдің нұрына бөленген ерекше халық», Жапония бастаған «азиялық гүлдену ғасыры» басталды деген ресми үгіт жүргізілді.
КСРО-мен бейтараптық шарт жасасып алған соң, оның негізгі озбырлық бағыты Оңтүстік-Шығыс Азияға ауысты. Қытайды басып-жаншып, ең дамыған аудандарын жаулап алып, оның байлығын өзіне тасыды. Үндіқытай елдері де тоналды.
Тынық мұхит пен Азия аймағындағы негізгі дұшпаны АҚШ болғандықтан, оған қарсы соғысқа дайындық өте жасырын түрде жүргізілді. АҚШ басшыларын бейқам қалдыруды ойлаған Жапония 1940-1941 жылдары онымен бірнеше келіссөздер жүргізді. Екі ел жақсы сауда қатынастарын сақтап келді. Ал 1941 жылы 7 желтоқсанда АҚШ-тың бүкіл Тынық мұхиттағы әскери-теңіз күштері шоғырланған Гавайядағы Перл-Харбор базасына тұтқиылдан жапон крейсерлері мен ұшақ таситын кемелері шабуыл жасап, жеңіске жетті. Содан соң көпке дейін бұл аймақта жапон үстемдігі орнады. Бірақ 1942 жылдың ортасына дейін Тынық мұхитта үстемдік құрған жапондар 1943 жылы теңіз шайқастарында біріккен американ-ағылшын күштерінен жеңіле бастады. Филиппинді қайтарып алған АҚШ ұшақтары жапон аралдарын бомбалауға кірісті. 1944-1945 жылдары жапон қалалары мен кенттері қатты қиратылса да, оның саяси-әскери билеушілері соғысудан бас тартпады. 1945 жылы 6 және 9 тамызда АҚШ алғашқы атом бомбаларын Жапонияның екі қаласы – Хиросима мен Нагасакиге тастап, аталған қалаларды өртеп жіберді.
Әскері Азияның әр жерінде шашылып, өзі өрт астында қалған Жапонияға КСРО үкіметі Ялта-Потсдам келісімдеріне сәйкес 9 тамызда соғыс жариялады. Кеңес Қарулы күштері Квантун армиясына соққы беріп, Қытайдың Солтүстік-Шығыс ауданы мен Солтүстік Кореяны босатты. Оған қоса Оңтүстік Сахалинді, Куриль аралдарын басып алды.
Кеше ғана әлемді жаулап, билеп-төстеуді армандаған жапон саясатшылары мен генералдары 1945 жылы 2 қыркүйекте тізе бүгуге еріксіз көнді. Шетел әскерлері ел тарихында бірінші рет жапон жеріне аяқ басып, ел егемендігінен айырылды.
Көптеген бейбіт елдерді қан қақсатқан жапон милитаризмінің күлі көкке ұшып, халықтың бостандыққа қолы жетті. Отарлық бұғауындағы Тайвань, Корея, Қытай жері азаттық алды.
Сөйтіп, Қиыр Шығыстағы соғыс ошағы талқандалды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның жағдайы. 1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Потсдам келісіміне орай елді Америка әскерлері басып алды. Барлық билік солардың қолына өтті, бірақ оның бағытын Жапонияға қарсы соғысқа қатысқан елдерден құрылған Одақтас Кеңес және Қиыр Шығыс Комиссиясы белгілеп отырды. Олар Жапонияның келешекте ешкімге қауіп төндіре алмайтындай болуын көздеп, демократиялык және бейбіт жолмен дамуын қалады. Бұрынғы саяси партиялар таратылып, соғыс тудырған әскери қылмыскерлер халықаралық трибуналмен жазаланды. Сахнаға демократиялық, либералдық, социалистік т.б. жаңа партиялар келді. Либералдық және демократиялық партиялар АҚШ-тың даму жолымен буржуазиялық бағытты ұстанды. 1946 жылғы сайлауда осы екі партия басым дауысқа ие болып, үкімет құрды, ал социалистік және ашық қызмет атқаруға кіріскен коммунистік партиялар оппозиция қатарында болды [11].
Бұқара халық соғыстан қатты зардап шекті. Азық-түлік жетіспеді. Қираған өндіріс орындары тоқтап, миллиондаған адамдар жұмыссыз қалды. Ақша құны күрт төмендеді.
Қала тұрғындары – жұмысшылар, шенеуніктер, ұсақ өндіріс иелері - кәсіподақтар құруға, кәсіпорындар иелерімен ұжымдық келісім арқылы жұмыс істеуге, ереуілдерге шығуға құқықты болды. Заң 8 сағаттық жұмыс күнін белгіледі.
Жапонияның экономикалық дамуы. 1945 жылдары Жапонияның өндіріс орындары өзінің экономикалық даму қарқынын 1937 жылғы деңгейінің 30%-ы көлемінде ғана сақтап қалды.
1946-1949 жылдары аграрлық реформалар помещиктерге 3 тё жер қалдырды да, артық жер сатылды. (1 тё – 1 га-ға шамалас.) Соның нәтижесінде жерге ие болған шаруалардың саны екі өсе өсіп, елде фермерлік шаруашылық дамыды.
АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез жетіле бастады. Әрине, бұрыннан қалыптасқан өндіріс салалары, білікті жұмысшылар мен инженерлер, жапондықтардың еңбекке деген ынтасы, тәртіптілігі ел экономикасын дамытудың қайнар көзі болды. Бұған қосымша 1950-1953 жылдары Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау арқылы тез қарқын алды. Сол жылдардың өзінде-ақ ел экономикасы соғысқа дейінгі деңгейге көтеріліп, келесі жылдары орасан зор жетістіктерге жетті. Мицуи, Хитачи, Мицубиси, Сони т.б. ондаған ірі өндіріс және қаржы монополиялары ең жаңа тауарлар шығарып, басқа елдерді қаржыландыра бастады [12].
1950-1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революция нәтижелерін олар өте ұқыпты пайдаланды. Басқа елдерде ашылған не жасалған жаңалықтарды шұғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу және ұтымды пайдалану, кешегіні – бүгін, бүгінгіні ертең жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын сенімділікке негіздеу т.б. әдістер кеңінен қолданылды. Жұмысшылар мен инженер-техниктерді оқытуға, сапалы жұмыс атқаруға жағдай жасауға мән берілді. Сонымен бірге жапон жұмысшыларының жалақысы басқа дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Тағы да айта кететін мәселе – үкімет өндіріс дамуына тікелей қатысып, концерндерге қаржы бөледі, жеңілдіктер туғызады, шетел рыноктарында жапон өнімдерінің өтуіне жәрдемдеседі, әлеуметтік қайшылықтарды реттеуге қатысады.
1997 жылы қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының күрт өсуі елдің экономикасына айтарлықтай қиыншылық әкелді. Соған қарамастан, Жапония алдыңғы шепте келеді.
Әлемдегі өндіріс саласы шығаратын өнімнің 12%-ы Жапонияның үлесіне тиеді. Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 1999 жылдың соңында 4,5 трлн долларға жеткен. Әлемде Жапония сыртқы сауда айналымы бойынша АҚШ пен Германиядан кейінгі 3-орында. Алтын және валюта қоры жыл сайын ұлғаюда. Оның басқа елдердегі қаржы салымы 1 трлн доллардан, сыртқы сауда айналымындағы таза табысы 140 млрд доллардан асады. Жапон бизнесмендері Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қытайда, Африкада, Латын Америкасында, Еуропада, АҚШ пен Канадада – әлемнің түкпір-түкпірінде кәсіпшілікпен шұғылдануда.
Жапонияның саяси жағдайы. 1954 жылы либералдар мен демократтар бірігіп, либерал-демократиялық партия (ЛДП) құрған. 1993 жылдың ортасына дейін үкіметті осы партия басқарып келді. Одан баска 4 партия — социалистік, коммунистік, демократиялық социализм және Комэйто (таза саясат партиясы) – қызмет атқарды. 1980 жылдардың соңында ЛДП арасынан бірнеше топтар құрылып, жаңа саяси партиялар («Жаңа көкжиек», «Жапон демократиялық партиясы» т.б.) қалыптасты. 1993 жылы көктемде болған парламент сайлауында ЛДП жеңгенімен, басты орын басқа партияларға тиді. Солар бірігіп, коалициялық үкімет құрды (Компартия оны қолдады, бірақ үкімет қатарына енбеді). Әуелі үкімет басында «Жаңа көкжиек» партиясының өкілі болды .
1996 жылдың қаңтарына дейін премьер-министр Т.Мурояма (СДП), содан соң Р.Хасимото (ЛДП) болды. 1996 жылы тамызда парламент сайлауында ЛДП 500 орынның 207-сін жеңіп алып, өзі бастаған коалициялық үкімет құрды. Оған СДП, жаңа партия Сакигаке (бастама) кірді. Премьер-министр болып 1998 жылғы 31 желтоқсанда Дз. Обути (ЛДП) сайланды. Обути науқастанған кезде оның орнын Е. Мори басты (2000 ж., көктем). Социалистер (қазіргі СДП) қатты күйзеліске ұшырады. Компартия әлсірей бастады. Комэйто «Жаңа көкжиек» партиясын құрып, өзі тарап кетті. Сөйтіп, елдің саяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды.
Е.Мори үкімет басында бір жылдан астам болған. ЛДП-ның ішкі тартыстары 2001 жылы сәуірде Дзъюнтиро Коидзуми жеңісімен аяқталып, ол үкіметті Комэйто және консервативті партияларымен құрастырды. Қазір елді осы үкімет билеп келеді. 2003 жылы қарашадағы парламент сайлауында ЛДП қайтадан жеңіп шықты.
Сыртқы саясаты. 1951 жылғы қыркүйекте Сан-Франциско қаласында бітімге қол қойылған соң ғана, Жапония басқа елдермен қарым-қатынас жасауға ерікті болды. КСРО бастаған бірнеше социалистік елдер сол кезде: «Жапония жерінде шетел әскерлері болмасын, Кеңес Одағы басып алған аралдардан Жапония бас тартсын, Чан Кайши үкіметін (Тайвань) қуу керек» деген тілектер айтты. Бұл тілектер қабылданбады. Содан бері бұрынғы КСРО – қазіргі Ресей мемлекеті бұл елмен белгілі бір шешімге тоқтамай келеді .
АҚШ әкімшілігі Жапонияның премьер-министрі С.Есидомен қауіпсіздік шартына уағдаласып, америка әскерлерін, әскери базаларын жапон аралдарында орналастыруға мүмкіндік алды. Жапония жақын жерде жүріп жатқан Кореядағы қантөгіс соғысты сылтауратып, алдында «полиция корпусы», кейін «ұлттық қауіпсіздік корпусы» аталған әскери күштерін құрастыра бастады.
«Елді қайта милитаризациялау және АҚШ – Жапон шартындағы америка жауынгері жапон сотына берілмейді» деген сияқты тармақтар қоғам арасында наразылық тудырды. 1960 жылы Жапония мен АҚШ «өзара ынтымақтасу және қауіпсіздік кепілдік» туралы жаңа шартқа келісті. Енді қылмыс жасаған АҚШ жауынгері жапон сотына берілетін болды. Осы шарт әр 10 жылда жаңартылып, осы күнге дейін сақталып келеді. Екі ел өте тығыз байланыста, ал сауда айналымы 175 млрд долларға тең (1995 ж.) келеді .
1954 жылы үкімет басына демократиялық партия жетекшісі И. Xатояма келіп, КСРО-мен қатынастарды реттеуге ыңғай білдірген. Мәскеуде де Н.С.Хрущев бастаған жаңа басшылар осындай пікірде болды. 1956 жылы 19 қазанда екі ел арасындағы араздықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойылды. Алайда бітім туралы мәселе шешілмей қалды. Оған жер дауы кедергі жасап келеді.
Жапония мен Қытайдың арақатынасы 1972 жылы қыркүйекте реттеліп, 1978 жылы бітімге қол қойылды. Екі ел ынтымақтастығы өте жоғары деңгейге жетіп, 1997 жылы сауда айналымы 60,8 млрд доллар (Жапония — Ресей 3-4 млрд долл.) болды. ҚХР-ға берген жапон қаржы салымы 177 млрд долларға жетті (1997 ж.).
Қазіргі Жапония жоғары дамыған елдердің алғы шебінде. Ол – 7 ірі және бай Батыс елдері құрған топқа мүше; Азия, Тынық мұхит аймағындағы ықпал етуші үрдістерге дем беруші мемлекеттердің бірі.
1.2 Америка – Жапон шарттары
АҚШ пен Жапония мемлекеттері арасындағы 2-дүние жүзілік соғысқа дейінгі саяси-экономикалық қарым-қатынастарды реттеген келісім шарттар. 1) Жапон-Америка «бейбітшілік пен достық туралы» келісімшарты (31.03.1854, Канагава қ.) бойынша Америка кемелеріне Симода мен Хакодатэ порттары ашылды, 215 жылға созылған Жапонияның «жабық есік» саясаты аяқталды; 2) «Жапон-Америка сауда келісімі» (29.07.1858) АҚШ-тың Жапониядағы ықпалын күшейте түсті. Бұл келісімдер «Ансэй шарттары» деген атпен белгілі; 3) «Жаңа Жапон-Америка келісімі» (22.11.1894); 4) «Тафт-Кацура Жапон-Америка келісімі» (07.1905) бойынша АҚШ Кореяны Жапонияның отары ретінде мойындады. Бұл орыс-жапон соғысын қорытындылаған Портсмут конференциясы қарсаңында Ресейге қарсы Жапон-Америка одағын дүниеге әкелді; 5) «Рут-Така-хира Жапон-Америка келісімі» (20.11.1908) бойынша Тынық мұхит аймағында статус-кво сақтау және Қытайда сауда жасауға, өнеркәсіп өнімдерін шығаруға тең мүмкіндіктер принципін сақтау, келісуші жақтардың территориялық тұтастығына қол сұқпау, оны құрметтеу міндеттелді; 6) «Лансинг-Исин келісімі» (2.11.1917) екі мемлекеттің Қытайға қарсы әрекеттерін нығайта түсті; 7) «Жапон-Америка сауда келісімі» (06.1939); 8) 1940 ж. аяғында Жапонияда Коноэ кабинеті АҚШ-пен қарым-қатынасты реттеу үшін келіссөз бастауға көшті. Бұл келіссөз нәтижесіз аяқталып, 1941 ж. Жапонияның Пирл-Харборға шабуыл жасауы Жапон-Америка соғысына әкеліп соқтырды.
1945 жылы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды. Потсдам келісіміне орай елді Америка әскерлері басып алды. Барлық билік солардың қолына өтті.
1951 жылғы қыркүйекте Сан-Франциско қаласында бітімге қол қойылған соң ғана, Жапония басқа елдермен қарым-қатынас жасауға ерікті болды.
АҚШ әкімшілігі Жапонияның премьер-министрі С.Ёсидомен қауіпсіздік шартына уағдаласып, америка әскерлерін, әскери базаларын жапон аралдарында орналастыруға мүмкіндік алды. Жапония жақын жерде жүріп жатқан Кореядағы қантөгіс соғысты сылтауратып, алдында «полиция корпусы», кейін «ұлттық қауіпсіздік корпусы» аталған әскери күштерін құрастыра бастады.
«Елді қайта милитаризациялау және АҚШ — Жапон шартындағы америка жауынгері жапон сотына берілмейді» деген сияқты тармақтар қоғам арасында наразылық тудырды. 1960 жылы Жапония мен АҚШ «өзара ынтымақтасу және қауіпсіздік кепілдік» туралы жаңа шартқа келісті. Енді қылмыс жасаган АҚШ жауынгері жапон сотына берілетін болды. Осы шарт әр 10 жылда жаңартылып, осы күнге дейін сақталып келеді. Екі ел өте тығыз байланыста, ал сауда айналымы 175 млрд долларға тең (1995 ж.) келеді.
Халықаралық шарт – халықаралық шарт жасасу құқығына қабілетті халықаралық құқық субъектілері – мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық құқықпен реттелетін келісім. Жеке және заңды тұлғалармен, соның ішінде «халықаралық» тұлғалармен және ұлтаралық компаниялармен жасалынған шарттар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар және халықаралық қатынастарға өзге де қатысушылар арасында жасалынған шарттар, тіпті шарт тараптарының бір мемлекет немесе халықаралық ұйым болса да, халықаралық шартқа жатпайды. Бұл талап федерация шеңберінде федерация мен оның субъектілері немесе федерация субъектілері арасында жасалынған шарттарға да қатысты. Мұндай шарттар федерацияның ұлттық құқығымен (оның конституциясымен, федералдық заң сипатындағы өзге де актілерімен) реттелуге тиіс. Мемлекеттердің халықаралық шартқа құқықтық қабілеті олардың егемендігінен туындайды, халықаралық ұйымдардың құқықтық қабілеті олардың жарғысымен, осы ұйымдардың өзге де ережелерімен айқындалады. Мемлекеттерде халықаралық шарт жасасуға әмбебап құқықтық қабілет болады, ал халықаралық бірлестіктер арнаулы құқықтық қабілетке, яғни мүше мемлекеттер берген құқықтық қабілетке ие. Халықаралық құқықтың жалпы жүйелік институты ретівдегі халықаралық шарттың елеулі ерекшелігі оның халықаралық әдет-ғұрыппен қатар халықаралық құқықтың аса маңызды бастау көзі екенінде. Кез келген халықаралық шарт қатысушыларының мінез-құлқының жалпы ережелерін белгілейтін-белгілемейтініне немесе олардың арасындағы нақты бір қатынастарды реттейіініне қарамастан, халықаралық норма шығарушылық акт болып табылады. Халықаралық шарт жалпы жүйелік институт ретінде екі қағидатқа: қолданыстағы әрбір шартты оның қатысушылары адал ниетпен орындауға тиіс деген мағынаны білдіретін pasta sunt servanda қағидаты мен шарттық еркіндік қағидатына негізделеді. Халықаралық келісімдер ауызекі және жазбаша алықаралық шарт болып бөлінеді. Ауызекі келісімнің мазмұны әдетте бейресми құжаттарда (ескерткіш жазбаларда, меморандумдарда, т.б.) көрініс табады, оларға заңды күш берілетіні айтылмайды. Халықаралық шарттар құқығы туралы 1969 ж. Вена конвенциясына сәйкес «шарт» деген термин мемлекеттер арасында жазбаша нысанда жасалған халықаралық келісім деген мағынаны білдіреді. Мұндай келісім бір құжатта немесе бір-бірімен байланысқан екі не бірнеше құжатта баяндалғанына қарамастан, сондай-ақ оның атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттеледі. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдардың арасындағы шарттардың құқығы туралы 1986 ж. Вена конвенциясында да шартқа осындай анықтама берілген. Демек, халықаралық шарттың болуы ақиқатын анықтау үшін бұл актінің трактат, пакт, конвенция, келісім, хаттама, меморандум деп атала ма, жоқ па, немесе басқаша атала ма жоқ па, сол сияқты бір-бірімен өзара байланысқан бірнеше құжаттан тұра ма, жоқ па, бәрібір халықаралық шарт болып есептеледі. Сондай-ақ халықаралық шарттарды мазмұнына қарай саяси, экономикалық шарттарға бөлудің де, ғылым, мәдениет, білім мәселелері бойынша әлеуметтік және басқа мәселелер бойынша жіктеудің де мәні жоқ. Халықаралық шарттарды олардың мазмұнына қарай жіктеу әдетте оларды жинақтарда жүйелеп жариялау үшін және оларды практикалық немесе ғылыми тұрғыда қорытындылау және зерттеу мақсаттары үшін қолданылады. Шарттарды қатысушылардың санына қарай екі жақты немесе көп жақты деп бөлудің, соның ішінде әмбебап деп бөлудің маңызы зор. Ақыр соңында көпжақты шарттардың қатарында, әмбебап шарт болмаса да, жалпы мемлекеттердің халықаралық қоғамдастығы үшін елеулі мәні бар шарттарды, мыс, қарусыздандыру мен бейтараптандыру туралы, ядролық қарусыз аймақтар туралы, т.б. шарттарды бөліп көрсеткен абзал.
1.3 АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастары
АҚШ пен Жапонияның тарихи-саяси қарым-қатынастарында көптеген күрделі кезеңдер болған. Қазіргі кезде АҚШ пен Жапонияның қарым-қатынастары дұрыс жолға қойылып, ынтымақтастық орнаған.
Жапонияда фашистік бүлік басылғаннан кейін экономиканың милитаризациялануы жалғаса берді. Жапонияның Қытаймен соғыс бастауы 1937 жылы, бір жылдан кейін Кеңес одағына әскерлерімен Хасан деген жерде кездесті. Одан кейін Монғолияға қарсы соғысты. Сонымен Жапония екінші дүниежүзілік соғыста белсенді рөл атқарғанмен, өзінің империалистік жоспарларын орындай алған жоқ. АҚШ және Кеңес одағының әскерлері 1945 жылы Жапонияны капитуляцияға әкеліп, тізе бүктірді.
АҚШ әскерлері Жапонияда орналасып, демократиялық реформалар өткізді. Жапонияны АҚШ әскерлері оккупацияға жатқызды деуге болады. Мемлекеттің жоғарғы билігі Маккартур деген АҚШ генералының қолына берілді. Ол Потсдам қаласында қабылданған декларацияның негізгі шешімдерін Жапонияда жүзеге асыруға тиісті болатын. Осы құжаттың негізінде Жапония бірнеше директивалар қабылдауға мәжбүр болады. Саяси қылмыскерлер босатылды, саяси партиялар құрылды, кәсіподақтар туралы заңдар қабылданып жатты. Әйел адамдар да енді сайлау құқығына ие болды. Жапонияның милитаризм саясаты аяқталды. Оның бір белгісі - милитаристік және шовинистік ұйымдардың таратылуы. 28 ірі әскери қылмыскер Халықаралық әскери трибуналмен сотталды. Американың оккупациялық билігі сыртқы саясатты, заң және полицейлік органдардың қызметін өз қолдарына алған болатын. Ескі мемлекеттік аппаратты таратқан жоқ, тек қана тазартты. Жапонияның милитаризацияланған экономикасының терең дағдарысқа ұшырағаны соғыстан кейін. Әскери өнеркәсіптер қызметін тоқтатып, 10 миллион адам жұмыссыз қалды. Осы өзгерістер Жапонияның саяси жүйесінің белсенді қызмет етуіне жағдай туғызды, саяси партиялар құрылып, ескі партиялар қызметін қайтадан бастады. Демократиялық қозғалыстар мен жұмысшылар ұйымдарының қызметі де белсенді болып кеңейді. Кәсіподақтар күшейе бастады. Маккартур ірі капиталистік концерндерді таратты. Олардың акцияларын алушы да негізінен сол мүшелері еді.
АҚШ генералы Маккартур аграрлық реформа өткізді. Бұл реформа бойынша мемлекет жердің 80% сатып алған болатын. Помещиктердің жерлері шаруаларға сатыла бастады. Енді шаруалардың шаруашылықтары экономикада белсенді рөл атқаратын болды. Жер учаскелері 3 те деген бөлімнен көп болмауы тиіс. Жерді жалға алғаны үшін шаруалар өнімнің бестен бірін отбасылық ретінде беруге тиісті еді. Сонымен шаруаның бостандығы бар отбасы ауыл шаруашылық экономиканың негізін салды.
Соғыстан кейінгі Жапониядағы реформаларды АҚШ-тың оккупациялық биліктері өткізді. Вашингтонда 11 мемлекеттердің өкілдерінен тұратын Қиыршығыстық комиссия құрылғанымен, Маккартур генерал басқарған штаб реформалардың көбін өзі өткізді. Жапонияның парламенті тек соның директиваларын басып шығарды.
11 қазан күні Маккартур Жапонияның Үкіметіне бірінші бес реформаның директиваларын ұсынған болатын. Ондағы көрсетілген негізгі бағыттар кәсіподақтарды құруға құқықты бекіту, оқу үрдісінің демократизациялануы, шексіз монархияны жою, әйелдер мен еркектердің құқықтарын теңестіру және экономиканы демократизациялау. 200000 қызметкер қоғамдық және саяси қызметтен шектелді. Бұл жағдай мемлекеттік аппаратты жаңартып, жаңа кадрлерді әкелуге ықпал жасағаны айқын. Осы саяси шараға қарсы шыққан оппозиция қарап қалған жоқ. Олардың мамандығы жоғары адамдарды аппараттан қусаңыздар, аппарат бұрынғыдай белсенді қызмет ете алмайды дегені мәлім. Бірақ бұл саяси шараның дұрыстығын өмір дәлелдеді. Бұл кезде Жапония өнеркәсіптің даму қарқыны жөнінде соңғы орында болатын. Соғыстың алдындағы дәрежемен салыстырғанда олардың үдеу қарқыны тек 30% ғана жететін. Оккупациялық билік иелері саяси реформаны жүргізуді тоталитарлық-милитаристік режимді жоюдан бастады. Коммунистік партияның ашық түрде жұмыс істейтін партияға айналған күні 1945 жылдың 10 қазаны. Осыдан кейін коммунистердің бәрі түрмеден босатылды. Қараша айында Социалистік партия, 1946 жылдың мамыр айында Кооперативтік-демократиялық партия құрылды. Бұрынғы Либералдық және Прогрессивтік партияларымен қатар Жапонияның саяси жүйесіне жаңа сипат әкелген де осы партиялар. 1945 жылы желтоқсан айында жер реформасы өткізіліп, дін мемлекеттен бөлініп, одан кейін мемлекеттік мекемелерді және саяси ұйымдарды милитаристік режимді жақтаушылардан тазарту жүргізілгені болатын. 1947 жылы Маккартурдың штабы экономиканың реформаларына кірісті. Капиталистік монополияның Дзайбацу деген бір түрі бүкіл экономиканы өздеріне бағындырып, Жапонияның сыртқы саясатын әскери жолға қойды. Олар осы әдіспен Жапонияны ең бай және үлгілі мемлекетке айналдырғысы келгені жасырын емес. Осы дайбацудың ықпалын жою мемлекеттің экономикалық саясатының бір міндеті болып саналды.
Реформа Жапонияның халқына қандай жақсылықтар әкелді? Ең алдымен тауар шығарушылардың монополиясы жойылды. Нарықтық қарым-қатынастардың белсенділігі көтерілді. Бәсекелестік арта түсті. Әрбір адам өзінің шығармашылық бастамасын пайдалануға мүмкіндік алғаны рас. Инфляцияны жою үшін рентабелдігі жоқ өнеркәсіптерге үкіметтің субсидиялары жойылып, енді олар банктерден (кредит) несие алатын болды. Салық жүйесінің сүйенген негізі - өте прогрессивтік принциптер. Енді капитал алдымен құрылысқа, өнеркәсіпке, ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсала бастады. АҚШ көмегі де әсерін тигізгені де жасырын емес. Капитуляциядан кейін тек 6 жыл өткен соң Жапонияның экономикасы қайтадан аяқтан тұрып, соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Ұлттық табыстың өсуі бұл дәрежеден жоғары болғаны рас.
АҚШ генералы Маккартурдың сүйенген тағы бір елеулі еңбегі – Жапонияның жаңа Конституциясын дайындау. Жапонияда 1946 жылы соғыстан кейінгі бірінші сайлауы өтті, парламентте көбірек орын алғандар Либералдық, Прогрессивтік, Социалистік партиялар. 1946 жылы күзде Парламент Жапонияның жаңа Конституциясын қабылдады. Бұл конституцияның күшіне енген күні – 1947 жылдың мамыры. Формальды түрде бұл Конституцияны Жапонияның парламенті қабылдап, Құпия Кеңес 1899 жылғы Конституция кіргізілген өзгеріс ретінде қабылдады. Ал шынында бұл басқа буржуазиялық демократиялық принциптерге негізделген Конституция еді. Бұл парламенттік монархияның саяси режимін бекітті. Бұрынғы жартылай шексіз монархияның парламенттен жоғары тұратын Құпия Кеңес Император сарайының министрлігін құртты. Жапонияның жаңа Конституциясының жобасын дайындаған Маккартур басқарған штаб.
Конституция Жапонияны Англияның монархиясына ұқсас етті. Жапония дуалистік монархиядан парламенттік монархияға айналды. Императордың құқықтары шектеліп қалды. Енді оны ұлт халық бірлестігінің нышаны ретінде қарайтын болды. Американдықтың ақыл-кеңесі бойынша ол өзінің «тәңірі тегінген шыққандығынан» жүрт алдында бас тартты, енді ол империяның нышаны болып саналды. Оның құқықтық жағдайы «сете тэносэй», номиналды, әлсіз формальды императорлық жүйе деп аталды. Үкіметті құрайтын парламентте көпшілік орын алған партия. Үкімет парламенттің алдында жауапты. Партияның басшысы Премьер-Министр болып сайланады. Премьер-Министрді ол парламенттің ұсынысымен тағайындай алатын. Ол жоғарғы судьяларды ұсынады, конституцияның түзетулеріне промульгация істейді, парламенттің сессияларын шақырады, төменгі палатаны тарата алады, министрлердің отставкаларына келісімін береді. Бірақ императордың құзыреті көбіне формальды түрде ғана еді, шын билік Жапония үкіметінің қолында болатын, ал оны Премьер-Министр басқарды. Конституция бойынша Премьер-Министр отставкаға кеткенде, бүкіл кабинет сонымен бірге отставкаға кетуге тиіс. Үкіметтің қолында заң шығару бастамасы бар, сондықтан үкімет бүкіл заң шығару қызметін де басқаратын бодцы. Одан басқа үкіметтің міндетіне кіретін шаруалар қабылданған заңдарды жүзеге асыру, сыртқы саясатты белгілеу, халықаралық шарттарды жасау, үкіметтің жарлықтарын шығару.
Сот билігі. Сот тек заңға және Конституцияға бағынады, сот қабылданған заңдардың Конституциямен басқа заңдарға сәйкестігін шешеді, бірақ олардың тәуелсіздігін импичмент арқылы бұзуға болады. Жоғарғы сотты Министрлер кабинеті 10 жылға тағайындайды. Ол заңдардың конституцияға сәйкестігін тексере алады.
Жапонияның парламенті екі палатадан тұрады. Төменгі өкілдер палатасы 4 жылға, жоғарғы кеңесшілер палаталары 6 жылға сайланады. Бұлардың жартысы 3 жылда қайтадан сайланады. Екі палатаның депутаттары жалпы сайлаумен құрылады, сайлауға жасы 25, жоғарғы палатаға 30-ға толған, бір жерде тұрақты тұрған азаматтар құқылы. Сайлау мажоритарлық жүйемен өтеді. Жоғарғы палатаның құқықтары төменгі палатамен салыстырғанда шектелуі, мысалы, заң жобасын жоғарғы палатасы қабылдамаса да, ол қабылдана береді. Жоғарғы палатаның ерекше құзыреті бар, ол төменгі палатаны таратқанда немесе төтенше жағдай қабылданғанда ерекше құқықтарға ие болады. Парламенттің сайлауына қатысқан саяси партиялар көп, сонымен, Жапонияда саяси плюрализм принципі нығайды.
Кабинет ағылшын жүйесімен құрылған. Парламенттің төменгі палатасында жеңген партияның басшысы премьер-министр болып сайланады, ол үкіметті өз партиясының өкілдерінен құрады. Әрі парламенттің алдында жауапты. Бірақ парламент оған сенімсіздік білдірген жағдайларда премьер-министр парламентті таратуға құқылы. Бұл премьер-министрдің құқығы парламентті шектеп, тәртіпке салады. Жапонияда партиялық тәртіп өте мықты, сондықтан үстем партияның депутаттары премьер-министрге толық бағынуға тиісті. Үкіметке тек азаматтық тұлғалар сайланады, әскери адамдар кабинеттің мүшелері бола алмайды.
Конституцияда халықтың егеменділігі жарияланған. Конституция буржуазиялық-демократиялық құқықтары мен бостандықтардың бәрін жариялап, оларға кепілдік береді. Конституцияның 29-бабында жеке меншік құқығының қасиетті екені және ешкім оған қол сұға алмайтыны туралы атап айтылған. Азаматтардың негізгі саяси құқығы ретінде олар бұқаралық тұлғаларды сайлай алады және оларды орнынан ала алады деп жарияланды. Конституция жергілікті өзін-өзі басқару принципін бірінші рет бекітті. Жергілікті органдарға префектураның губернаторлары, қалалардың мэрлері және ауыл старосталары жатады. Оларды сайлайтын халық.
Осы өзгерістердің бәрі 1947 жылғы Конституцияда айқын бекітілді. 1947 жылы оқу орындарының реформалары болып өтті. 6 жастан 9 жасқа дейін мемлекет ақысыз оқытатын болды.
Жапонияның 1947 жылғы Конституциясында ерекше мәнді баптарының бірі 9-бап. Жапонияның халқы соғыстан мәңгілік бас тартып, соғыс жағдайында дербестік құқығын сақтайды, және халықаралық таластарда әскери күш қолданбайды. Жапония халықаралық дауларды реттеудің құралы ретінде соғысқа ұмтылмауға және қарулы қүштерді жақтамауға міндетті.
Сонымен, Жапония құқықтық мемлекеттің режимін құрып, конституциялық, парламентгік монархияға айналды. Халықтың құқықтарын кеңейту елдегі демократиялық күштердің үлкен жеңісі еді.
Жапонияның экономикасы енді капиталистік жолмен жедел түрде дами бастады. Мемлекеттің экономикаға араласуына тоқтағаны да осы кезең. Өнеркәсіп орындары жекешеленіп жатты. Өнеркәсіптің бостандығы және құқықтық мемлекеттің режимі Жапонияға өзінің жақсылығын алып келгені анық. Соғыстан кейін пайда болған қиыншылықтардың бәрін жойғаннан кейін Жапония қүшті, бай мемлекеттердің қатарына қосылды. Ол ғылыми-техникалық төңкерістің жетекшіліктерін дұрыс пайдаланып, экономикасын жоғары көтерген озық елдердің бірі, экономикалык, даму қарқыны жағынан басқа капиталистік елдерді басып озып, олар үшін қауіпті бәсекелеске айналды. Ең жаңа салалардың жедел дамуын ғылыми-техникалық төңкеріспен ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің рөлімен де байланыстырған дұрыс. Ол концерндерге ықпал етті, керекті қарызды берді, салықты жеңілдетті, олардың арасындағы тиімді мердігеріктерді таратты. Жапониядағы өнеркәсіп өнімінің тең жартысына жуығын әлі де кішігірім кәсіпорындар өндіреді. Халқының ұлттық әдет-ғұрыптарды сақтай білуі, патриоттық сезімнің күштілігі және еңбекқорлығы Жапонияны өркениетті мемлекеттердің қатарына жылдам қосты.
Мэйдзи төңкерісі болып өткеннен кейін Жапония өзінің құқық жүйесін жаңарта бастады. Үлгі ретінде Франция мемлекетінің құқығы алынды. Реформа Қылмыстық кодекстің жазуынан басталған еді. 1880 жылы Қылмыстық кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері туралы заңдар қабылданды. Оларға 1810 жылы Францияда Наполеонның басқару кезінде қабылданған Қылмыстық кодекстің баптарының көбі енгізілген. Қылмыстық заңдарда буржуазиялық негізгі принциптерінің көбі заңда жазылмаған қылмыс емес, қылмыстық заңның кері күші жоқ деген енгізілді. Қылмыстар Францияның триадасы бойынша былай бөлінді: қылмыстар, теріс қылықтар және заң бұзушылық. Қылмыстық кодекс 430 баптан тұратын, төрт кітапқа бөлінді. Жазалар негізгі және қосымша жазалар болып жіктелген, кодексте олардың 19 түрі көрсетілген. Заңдылық жағынан қарағанда бұл кодекстің маңызы өте жоғары, мәтіні жақсы жазылған, ескі жапон қылмыстық нормалардың ықпалы болғанымен, адамды қинайтын жазалар жойылған.
Қылмыстық іс жүргізу туралы заңда Францияның қылмыстық-үрдістік кодексін үлгі ретінде қолданды. Қылмыстық істерді мемлекет қана қозғайды, қинаудың барлық түрлеріне тыйым салынды, сот прокуратурадан бөлінген, баспасөз өкілдері үрдіске ашық қатыса алатын болды, үрдісте қорғаушылар қатысады, заңның алдында жұрттың бәрі тең.
1898 жылы Жапонияда Азаматтық кодекс қабылданды. Бұл заңға Францияның, Германияның және Жапонияның ежелгі әдет-ғұрыптары әсерін тигізгені белгілі. Неке және мұрагерлік салаларда патриархалдық әдет-ғұрыптарының көбі сақталды. Отбасының басшысы (әкесі) шектелмеген құқықтарға ие болды, ол тұратын жерді, отбасының мүлігін, отбасының мүшелерінің тағдырын жеке шеше алатын.
1890 жылы Сауда кодексі қабылданды. Соғыстан кейін Жапонияның әлеуметтік заңдары да көп өзгеріске түскен еді. 8 сағаттық жұмыс уақыты, демалыс, еңбек қорғау мәселелері жақсы жолға қойылған. Оқу жүйесі де өзгерді. Енді оқу үрдісіне көп көңіл бөлетін болды. Жапонияның құқық жүйесінің қалыптасуы да қызық. Германияның Конституциясы, мемлекетгік құрылысы, азаматтық құқығы, Францияның континентальдық жүйесінің ішкі құрылысы, қылмыстық нормалар Жапонияның құқығына әсерін тигізді. Бірақ сонда да, Жапонияның құқығы бұрыннан келе жатқан ұлттық әдет-ғұрыптарын, тәрбиесін, бір сөзбен айтқанда ежелгі жапон құқығының көп нормаларын сақтай алды. Ағылшын-саксондық және континенталдық жүйесінің айырмашылығына қарамай, ол кейбір ағылшын құқықтық жүйесінің, мысалы, кабинет жүйесін және басқа да прогрессивтік тұстарын қолданды. Дін жағынан да Жапония айрықша жағдайдағы ел, онда екі дін қатар қолданылып, арасында қайшылықтың пайда болуына шек қойылған.
2.1 Америка мен Жапонияның экономикасы
АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Оның Дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 1995 ж. 21,8%, яғни бүкіл Батыс Еуропа елдері (21 мемлекет) көрсеткішінің қосындысынан сәл ғана кем болды (23,1%). Осындай зор экономикалық-әлеуметтік артықшылықтар қазіргі заманғы озық бағдарламаларды (ғарышты зерттеу, компьютерлік техника және т.б.) дамытуға кең мүмкіндіктер туғызып, АҚШ-ты дүние жүзіндегі алғы шепке шығарып отыр. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға, темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация, электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған. 1996 ж. 994,9 млн. т көмір, 406,6 млн. т мұнай, 94,1 млн. т болат, 3064,6 млн. кВт сағат электр энергиясы шығарылды. АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған. АҚШ экономикасы үздіксіз өсуде. Оны ұлттық табыс пен сыртқы сауда көрсеткіштерінен байқауға болады. АҚШ-тың экономикалық және сыртқы сауда көрсеткіштері: АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. 1996 ж. барлық инвестиция көлемі 1101,3 млрд. доллар болса, оның 568,7 млрд. доллары құрылыска жұмсалды. Негізгі сауда серіктестері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғ-дың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мыс, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Шелль», «Мобиль» компаниялары мен «Прайс Уотерхаус» есеп аудит консалтинпік компаниясы, т.б.).
1980 ж. | 1990 ж. | 1996 ж. | |
Ұлттық табыс, млрд. доллар | - | 5764,9 | 7567,1 |
Экспорт, млрд. доллар | 225,6 | 393,6 | 624,5 |
Импорт, млрд. доллар | 257,0 | 516,7 | 817,8 |
АҚШ – жоғары технологиялы экономикасы дамыған мемлекет ретінде. АҚШ экономикасы дамыған ұлы держава ретінде әлемге танымал мемлекет. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 1 адам басына шаққанда 36200 доллар құрайды.
АҚШ әлем бойынша мұнай, табиғи газ, тас көмір, т.б. өндіруден бірінші орында. Автомобиль өндірісі, ғарыш техникасы сияқты салалардан да әлем бойынша алдыңғы қатарда. Өнеркәсіп өндірісінің мына салалары кеңінен дамыған: тігін тігу, теріден аяқ-киім, тамақ, темекі, орман және қағаз.
Ауыл шаруашылығы болса, жоғары деңгейде механикаландырылған, әлем бойынша жүгері, бидай, мақта, темекі жинаудан алдыңғы қатарда [16].
Экспорт бойынша мына мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынаста: Канада (23%), Мексика (14%), Жапония (8%), Ұлыбритания (5%), Германия (4%), Франция және Нидерландия.
Импорт бойынша осы мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды жалғастыруда Канада (19%), Мексика (11%), Жапония (11%), Қытай (5%), Германия (5%), Ұлыбритания және Тайвань.
Жалпы АҚШ-тың макроэкономикасының көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, соңғы статистикалық мәліметтерге сай: халық саны 279 млн-ға жуық адам, халықтың өсу динамикасы 0,9%, жалпы ішкі өнімі - 9,963 трлн доллар, кедейшілік ішінде өмір сүріп жатқан халық - 12,7%, - құрайды, еңбекке жарамды халық саны - 140,9 млн адам жұмыссыздық деңгейі - 4%. Кіріс бөлігі шығыс бөлігінен басымдау дәрежеде, мысалы 2002 қаржы жылында 1,828 трлн доллар құраса, шығыс бөлігінде - 1,703 трлн доллар болды. Ал экспорт, импорт көрінісі: экспорт - 776 млрд доллар, импорт 1223 млрд доллар. Салық жылы, немесе қаржы жылы 1 қазаннан басталады.
АҚШ-тың бюджет құрылымының негізгі принциптері мен бюджеттік процесс. АҚШ-тың бюджеттік құрылымының негізі Ата заңға (Конституция) сәйкес өңделеді. Ата заңға Конгреске бюджетті қалыптастыруға құқық беретін арнайы ереже қарастырылған.
Негізгі заңға сәйкес Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы, сонымен қатар Конгрестің екі палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Федералды бюджет кейпі ұзақ уақыт бойы қалыпсыз сипатта болып келді. XX ғасырдың басына дейін ең негізгі түсімдер көзі болып – кеден баждары мен акциздер саналды. Тек 1909 жылы ғана табыс салығы тұрақты түрде жүйеге енгізіліп, бүгінгі таңда аталмыш салық федералды бюджеттің құрылымдық жүйесін қалыптастыруда аса маңызды орынға ие .
Жалпы АҚШ-тың бюджет процесі тарихи үш негізгі кезеңнен өткен:
- 1921 жылға дейін;
- 1921 жылдан 1976 жылға дейін;
- және 1976 жылдан бері.
1921 жылға дейін АҚШ-тың барлық атқарушы билік органдары өздерінің жеке бюджеттік сұрауларын тікелей конгреске жолдап отыратын. Осы уақытқа дейін АҚШ-та бірыңғай федералды бюджет болмаған. Тек 1921 жылы алғаш рет қабылданған «есеп беру және бюджет туралы» американдық жиынтық заңға сәйкес бюджет реформасының бағыты анықталып, конгресс бюджетті алғаш рет президент қарауына ұсынды. Осылайша америка президенті атқарушы билік басында бола тұра федералды бюджетті өңдеу мен (даярлау) оның орындалуына жауапты болып бекітілді. Осы мақсатпен оған 1921 жылы бюджет бюросы (болашақта әкімшілік-бюджеттік басқарма) қаржы министрлігіндегі жеке дара өз бетінше бөлім ретінде қарауына өтті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әсіресе 60-жылдары федералды бюджет ауқымы бірден жоғарылап кетті, үкіметтің ұзақ мерзімді қаржылық бағдарламалар тенденциясы арта түсті. Бюджеттік қаржыландырудың тиімді бағытын қарастырудың жаңа деңгейін іздестіру қажеттілігі туындай бастады. Нәтижесінде бюджет бюросының орнына 1970 жылы ӘББ (әкімшілік-бюджеттік басқармасы) құрылды, бюджеттік процесті орталықтандыру арттырыла түсті, келесі кезекте бюджет тұжырымдамасын президент, ӘББ-директоры, қаржы министрлігінің қатынасуымен, экономикалық кеңес төрағаларымен және федералды резерв жүйесінің басқару кеңесімен ақылдаса, кеңесе отырып даярланатын болды .
1976 жылдың 1 қазанынан бастап «бюджет үстінен бақылау туралы», 1974 жылы конгресс қабылдаған заң күшіне енді. Бұл заңға сәйкес АҚШ-тың конгресінде орталық бюджеттің қаралу және бекітілу тәртібіне біршама өзгерістер енгізілді. Конгресс палаталары бюджет жобасын мақұлдап қана қоймай, оны қайта қарау, президенттің бюджеттік ұсыныстарына келіспеушілік таныту, ұсынылып отырған кірістер мен шығыстар деңгейін өзгертуге, жаңа бағдарламалар енгізуге, салық жүйесін өзгертіп, заң жобасын қосуға құқылы болды. Осылайша бірнеше тарихи даму кезеңдерді өткізе отырып, бүгінде АҚШ-тың бюджет құрылымы өзіне тән ерекшеліктеріне ие.
Конгресс салықтарды бекіту мен алу, әкімшіліктің қаржы жағдайын қадағалауға, реттеуге құқылы. Конгрестің қос палатасы да бюджет саясатын даярлауға жауапты. Құрама штаттардың федеративті құрылымы бюджетті-салықтық процесстердің маңыздылығымен ерекшеленіп: үш бірдей құрылымдардың мықты өзара әрекеттестігімен, яғни мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік табыстар және бюджетаралық қатынастардан тұрады.
Мемлекеттік шығыстар жүйесі бюджет жобасын даярлау, олардың атқарушы органдарды толықтыруы, Конгресте бекітілуі мен орындалуына бақылау жасау сияқты мәселелерді қамтиды. Жалпы Р. Рейган ұсынған америка экономикасын сауықтыру бағдарламасы төмендегідей бағыттардан тұрады:
- корпорациялық және жеке табыс салықтарын төмендету;
- әлеуметтік бағдарламаларды қысқарту арқылы үкімет шығындарын азайту;
- кәсіпкерлік саланы қайта реттеу;
- инфляцияны болдырмауға бағытталған қатаң ақша-несие саясатын жүргізу.
Рейган саясатының алғашқы қадамы – салықтарды төмендетумен байланысты. Конгресс табыс салықтарын 25% төмендету және әлеуметтік қызмет көрсетулер бойынша федералды шығыстарды азайту туралы заң қабылдады.
Әлеуметтік саясат саласында «жаңа федералды» бағдарламасы пайда болды. Бұл бағдарламаға сәйкес федералдық, штаттық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді. АҚШ үкіметі екі бірдей қайырымдылық бағдарламасының орындалуына жауапты болып бекітілді, олар мынадай бағдарлама; көп балалы отбасыларға жәрдем және тамаққа берілетін талон .
Федералдық үкімет болса, кедейлерге көрсетілетін медициналық жәрдем үшін жауапты болды. Ал, қалған әлеуметтік бағдарламалар жергілікті билік органдарына табыс етіліп, бұларды төрт жыл бойы қосымша түрде қаржыландырып отыратын федералды қор құрылды.
Рейган билігінің алғашқы мерзімі аяқталар шақта инфляция 4%, дейін төмендеді. Федералды резерв жүйесі ақша қаражаттарын ұстау саясатын босатыңқырады. Пайыздық мөлшерлемелер әлдеқайда төмендеп, үйлер мен автокөліктер сатып алуды қаржыландыру жеңілдене бастады. Жұмыссыздық деңгейі 8% төмендеді. Дегенмен салықтардың төмендеуі экономикаға құйылатын инвестиция көлемін өсірді деген болжам ақтала қоймады.
Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің тапшылығы өсе түсіп, әскери мақсаттағы шығындар мен елдің төлем балансының жоғарылауы нәтижесінде тапшылық 100 млрд доллар көлеміне дейін жетті. Жалпы Рейган саясатының негізгі мақсаттары – федералды үкімет саласында, әсіресе әлеуметтік мәселелер бойынша шараларды қысқарту, табыс салықтарын азайту, қарулы күштер қуатын өсіру. Рейган өзінің бір сөзінде «Біздің әкімшіліктің мақсаты - Америкаға жаңа жетістіктер, ал азаматтарына жаңа мүмкіндіктер туғызуды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттарға жетудің тәсілі біреу ғана: жеке басқа бостандық, нарықты бақылаудан босату, үкімет билігіне шектеу қою», - деп айтты. Бюджет тапшылығы 1983, 1985, 1986 жылдары ойға сыймас дәрежелерге көтеріле берді, егер 1980 жылы федералды бюджет тапшылығы 73,8 млрд доллар құраған болса, нәтижесінде «Рейгономиканың» АҚШ мемлекеттің бюджетіндегі тапшылығы 152 млрд долларға дейін жетті; бұл ЖІӨ-ң 5% астамы болатын. Осылай бола тұра, жұмысшылар үшін жаңа 17 млн жұмыс орны пайда болды. Қорыта келе Рейган және оның әкімшілігі экономикалық саясатты жүргізу нәтижелері екі жақты деуге болады, олар: оң және теріс нәтижелер .
Оң нәтижелері – инфляция шегерілді; экономика қарқынды өсті, жұмыссыздық деңгейі темендеді; жаңа жұмыс орындары пайда болды.
Теріс нәтижелері – федералды бюджет тапшылығы өсті, бюджет тапшылығы салдарынан мемлекеттік қарыз өсті, ақша-несие саясатына кері әсер етіп, доллар бағамы жоғарылап кетті, АҚШ-ң сыртқы балансы бұзылды, осылайша АҚШ қарызы бар мемлекеттер қатарына қосылды.
Аталмыш бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарызға сараптама үшін мысал ретінде әрбір 3-4 жыл аралығын кесте арқылы көрсетуге болады.
1-кесте. АҚШ-ғы бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз деңгейі (1981-1990)
Р-с | Көрсеткіштер | Жылдар | ||
1981 | 1985 | 1990 | ||
1 | Федералды мемлекеттік қарыз, млрд доллар | 1004 | 1827 | 3210,9 |
2 | Федералды бюджет тапшылығы, ЖІӨ-ге, % | -2,5 | 5,1 | 3,9 |
3 | Пайыз мөлшері, % | 14 | 7,5 | 7,5 |
4 | ЖІӨ-ң өсуі, өткен жылға, % | 2,5 | 3,7 | 1,3 |
5 | Инфляция деңгейі, % | 9,4 | 3,4 | 4,4 |
6 | Жұмыссыздық деңгейі, % | 7,6 | 7,2 | 5,5 |
80-ші жылдардың аяғына таяу АҚШ экономикасы бәсең ырғақпен қозғала бастады. 1989-1992 жылдары ЖІӨ-ң орташа жылдық өсімі небәрі 1% құрады.
Билік басына Р. Рейганнан кейін келген Дж. Буш Рейган саясатының қағидаларын қолдай отырып жалғастыра бастады.
90-шы жылдардың өзекті мәселесіне айналған бюджет тапшылығы жан-жақты жаңа шешімдермен тоқыраудан шығудың жаңа жолдарын қажетсіне бастады. Нәтижесінде 1992 жылы Дж. Буш президент тағын демократ Б.Клинтонға ұсынды.
Мемлекеттік кірістер жүйесі – мемлекеттегі әрекет етуші салықтар жиынтығы емес, кірістерді жинауды толық және дер кезінде қаражаттардың бюджетке түсуіне бақылау жасаудың механизмдері. Маңызды да күрделі міндет – бұл бюджетті салықтық федерализм құрылымын құру және оған қолдау көрсету болмақ, себебі бюджетаралық қатынастар аясында экономикалық саяси, этникалық т.б. факторлар мен мүдделердің қилы түрлері кездесіп отырады.
Осылайша, қазіргі таңда АҚШ-та бюджет жолдауын және федералды бюджет жобасын әкімшілік-бюджеттік басқарма (ӘББ) даярлайды.
ӘББ-нің міндеті федералды бюджет саясатымен нақты бюджетті салықтық шараларды жедел түрде өңдеу, федералдық министрліктермен ведомстволардан қаржы жағдайларына түзетулер енгізіп, тәжірибелі түрде басқару болып табылады.
Конгресте шығыстарды бекіту процесі айтарлықтай іс-әрекеттерімен ерекшеленеді. Аталмыш процесс үш сатыдан өтетіндігімен ерекше. Алғашқы саты: конгресстің «профильды» комитетінде қаражат бөлінуге тиісті бағдарлама бекітілуі тиіс. Осыдан кейін қаржы бөлу бойынша комитет қаражаттарды бөлу мәселесін талқылауға кіріседі. Осылайша, алдымен конгресс бағдарламаның принциптілік түрде жүзеге асуына рұқсат береді, одан кейін бағдарламаның құны, ұзақтығы қарастырылады, ақырында жалпы бөлінген қаражаттар туралы заң негізінде нақты қаржы жылына бөлінген қаражаттар, яғни нақты ақшалар бөлінеді.
Бағдарламаны бекітудің үш сатысы да ұсынылып отырған бағдарламалардың үстінен үш рет бақылау жасап, тексеріп шығуға мүмкіндік береді.
АҚШ-та қаржыларды басқару Қаржы министрлігі мен ӘББ-на жүктелген.
Қаржы министрлігінің негізгі міндеттері: қаржы және салық саясатын даярлау, қаржы заңдылықтарының орындалуына бақылау жасау, үкіметтің қаржы агенті ретінде іс-шараларды жүзеге асыру, тиын ақшаларды соғу, құю (чеканка), ақша белгілерін эмиссиялау.
Министрлік бөлімшелерінің бірі – Ішкі табыстар қызметі (ІТҚ). Ол федералды бюджетке түсетін салықтар мен түсімдерді қамтиды.
ІТҚ-ның бақылауын тиімдірек жүргізу мақсатында үш деңгейлі мекемелер құрылған – ұлттық, аймақтық, округтік. Табыстарды жинау мәселесімен сонымен қатар кеден қызметі мен алкогольды ішімдіктер, темекі өнімдері және қару-жарақ (атыс қарулары) бойынша бюро да айналысады.
Кеден қызметі кеден кірістерін жинау мен кеден ережелеріиің орындалуын қадағалайды. Жалпы АҚШ территориясы 9 кеден округіне бөлініп, 300-ге жуық жедел кеден пункттерінен тұрады. Ал, алкогольды ішімдіктер, темекі өнімдері мен атыс қарулары бойынша бюро осы заттардың өндірілуі мен сатылуына байланысты заңдардың орындалуын қадағалайды, сондай-ақ бұлардан түсетін кірістердің салыққа түсуіне бақылау жасайды.
Министрлікте ішкі займдар және мемлекеттік қарызды басқару мәселелерімен айналысатын қызмет органдары да бар.
АҚШ-та мемлекеттік құнды қағаздардың көп түрлері бар, олардың көмегімен уақытша бос ақшалар іске жұмылдырылады. Мысалы: жинақ облигациялар бөлімі жинақ облигацияларын сату бойынша жетекшілікті жүзеге асырады, ал мемлекеттік қарызды басқару бөлімі займдар бойынша пайыздар төлеу, қарыздардың күрделі сомасын өтеумен айналысады.
Министрлік құрамына ақша айналысы мен бақылау қызметі де кіреді. Оған ұлттық банктер қызметін бақылау жүктелген, ал олардың саны 4600-ге жуық. Бұл қызмет жаңа ұлттық банктердің ашылуына, АҚШ банктерінің ұлттық түрге ауысуына, филиалдар (бөлімшелер) ашуға рұқсат береді. Федералды бюджеттің табыс бөлігін салықтар мен басқа да төлемдер құрайды.
Ал, шығыстар құрылымы бірнеше бағыттар бойынша таралады: ұлттық қорғаныс, халықаралық қатынастар, ғылым мен ғарыш, технология, энергетика, табиғи ресурстар мен қоршаған орта, ауыл шаруашылығы, транспорт, білім беру, кәсіби-техникалық даярлау, еңбекпен қамту, денсаулық сақтау, медисэр (65 жастан жоғары адамға медициналық қызмет көрсету), табыстарды қолдау, әлеуметтік сақтандыру, ардагерлерге қызмет көрсету мен жәрдемақы, тәртіп сақтау, жалпы басқару, мемлекеттік қарыз бойынша шығындар.
Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз. Рейганомиканың мәні мен реформа нәтижелері. АҚШ-ғы соңғы күрделі бюджет тапшылығы 80-ші 90-шы жылдармен байланыстырылады. 1991 жылы АҚШ-тың таза қарызы 700 млрд доллар құрады (ЖІӨ 10%).
АҚШ-тың 70-ші жылдардағы экономикалық қиындықтары жүргізіліп отырған саясаттың, яғни нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің қолайсыздығын байқатып, экономиканы реттеудің консервативтік нұсқасын қолдануға көшу қажеттілігі туындай бастады. Бұл үлгіні тәжірибе жүзінде билік басына сол жылдары келген Р. Рейган (1981-1988 жж.) жүргізді. Бұл бағдарлама АҚШ – экономикасының тарихында «Рейгономика» деген атпен қалды [21].
1981 жылдың 18 ақпанында Р. Рейган «Америка үшін жаңа өмір» атты экономикалық бағдарламасын конгрестің қарауына ұсынды. Аталмыш бағдарламаның авторы әкімшілік-бюджеттік басқарма (ӘББ) директоры - Д.Стокмен болатын. Бағдарламаның айтарлықтай бөлігі федералды бюджет жобасына түзетулер енгізу болып саналды. 1984 қаржы жылында-ақ федералды бюджетті теңестіру көзделді. Бюджетті теңестіру ЖІӨ 19,3% деңгейінде қарастырылды. Стокмен әлеуметтік қажеттілікке деген федералды шығындар көлемін азайту арқылы теңестіру жолын ұсынды.
Б. Клинтон әкімшілігінің жүргізген реформасы. Билл Клинтон (Уильям) Джефферсон 1946 жылы 19 қарашада АҚШ-тың Арканзас штатында туылған. АҚШ-тың мемлекеттік қайраткері, елдің 41 президеиті, Вашингтон, Оксфорд университеттерінің, заң мектебін тамамдаған. Жас кезінен саясатпен айналысқан, 1976 жылы Арканзас штатының губернаторы қызметін атқарған. Губернатор қызметінде жүргенде реформа жасап, өндіріске салық жеңілдігін енгізді. Осындай іс-шаралар арқылы 1987 жылы АҚШ губернаторы ұлттық қауымдастығының төрағасы болып, жалпы американдық көлемдегі саясаткерге айналды.
1991 жылы ол Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды, сөйтіп, 1992 жылдың қарашасында өткен сайлауда өз қарсыласы Дж. Бушты айқын басымдылықпен жеңіп шықты.
1992 жылы АҚШ президенті Б. Клинтон өзінің алғашқы Конгреске жолдаған экономикалық баяндамасында: «американдық халық өзгерістерді қалады, мен қолдау сұрадым, бәрін қамтитын қысқа және ұзақ мерзімді стратегия, стратегиялық бағытым – халқымның экономикалық болашағын қайта жандандыру. Халқым бірге болса, біз бірге жүреміз, алға басамыз» деген сөздерден бастады. Б. Клинтонның әкімшілігі тез арада іске кірісіп, тура жол таба білді.
Экономиканы тұрақтандыру жоспары, негізгі үш бағдарламадан тұрды:
- Экономиканы ынталандырудың қысқа мерзімді бағдарламасы, бұл іске 30 млрд доллар қаражат бөлінді. Басты міндет – білім беру, кәсіби даярлау мен қайта даярлауды дамыту арқылы жұмыс орындарының санын көбейту.
- Төрт жылдық мерзімге есептелген ұзақ мерзімді инвестициялық бағдарлама. Бұл жердегі мақсат – жеке инвесторларды ынталандыру мен оларға жеңілдіктер беру, шаруашылықтың маңызды деген салаларына мақсатты күрделі салымдар. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін 140 млрд доллар қаражат бөлінген.
- Ұзақ мерзімді экономикалық өрлеудің қажетті шарты ретінде бюджет тапшылығын қысқарту бағдарламасын даярлау.
Клинтон экономикалық стратегиясының басты ұстанымы – федералдық тапшылықты қысқарту болды.
1993 жылдың тамызында күшіне енген І-ші бюджеттік бағдарлама айтарлықтай ауқымды болып, федералды бюджет тапшылығын 1993-1998 жылдар аралығында, яғни 5 жыл ішінде 616 млрд долларға қомақты түрде қысқарту көзделген болатын. Клинтонның бюджеттік саясаты келесі негізгі құрамдардан тұрады: жеке табыс салығы, корпорациялық табысына салынатын салықтар, әсіресе мөлшерлемелердің жоғары аймақтары көтерілді .
Бұл Клинтонның өзінің айтуынша табысы жоғары салық төлеушілердің небәрі 1,2% үшін ғана нақты түрде салықтар жоғарылады, есебі, табысы мол адамдар, салықты да көп төлеуге тиіс болды.
Салықтардың жоғарылауын төмендегі кесте арқылы байқауға болады.
2-кесте. АҚШ-ғы жеке табыс салығының шкаласы
Жылдық салық салынатын табыс, мың доллармен | Буш әкімшілігі кезіндегі салық мөлшерлемесі | 1993 жылғы Клинтон реформасынан кейінгі салық мөлшерлемелері |
36,9 дейін | 15 | 15 |
36,9-89,2 | 28 | 28 |
89,2-140,0 | 31 | 31 |
140,0-250,0 | 31 | 36 |
250,0-ден жоғары | 31 | 39,6 |
Осылайша Клинтон және оның кеңесшілері салық саясатына айтарлықтай өзгерістер енгізді, әсіресе жеке табыс салығының мөлшерлемесін жоғарылату өз нәтижесін берді: салықтық түсімдер жоғарылай түсіп, 1996 жылы табыс салығы бойынша түсімдер ЖІӨ-ге 8,6% құрады.
Сонымен қатар салықтық жеңілдіктер бойынша да мәселелер назарға ілініп, жағдайы төмен отбасыларға баса назар аударылды. Мысалы: бір балалы отбасына бекітілген салық жеңілдігінің мөлшері өсті, егер бұрын 18,5% болса, келесі жерде 30,6% дейін өсті, ал екі балаларға бұрынғы 19,5% жеңілдік орнына 40% дейін көтерді.
Клинтон американың аралас экономикасының әлеуметтік инфрақұрылымын сақтап қалуды ғана көздеп қоймай, сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтауды да қолға ала бастады.
Бюджеттік жаңа саясат «тапшылыққа қарсы градуализм» деген атқа ие болды, оңды нәтижелер көрініс танытты. 1995 жылы федералды бюджет тапшылығын қысқарту тұрақтала бастады.1996 жылы ол ЖІӨ 1,4% құрады.
Клинтон әкімшілігінің жұмыстары экономиканың көтерілу сатыларымен байланыстырыла бастап 1993-1995 жж. АҚШ-тағы экономикалық өрлеу ырғағы шамамен жылына 4% құрады. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5% көтерілді, себебі ішкі сұраныс жоғарылай бастады.
Батыс Европа елдерінің де сұранысы өсе түсіп, экспорт пен қызмет көрсетулер жылына 9% өсті. Бұған доллар бағамының төмендеуі ықпал етіп, еңбек өнімділігі жоғарылады, америка тауарларының бәсеке жарамдылығын жоғарылата түсті. Ал, төлем балансының тапшылығы жоғарылауын жалғастыра берді. Бұған себеп сыртқы және ішкі сұраныс қарқынының түрліше құбылуынан деп есептеледі .
Жүргізілген шаралардың қандай нәтижелер бергенін макроэкономикалық деңгейде салыстыру мақсатында Б. Клинтон билігі мен бұрынғы президент Дж. Буш кезіндегі көрсеткіштерді салыстырмалы түрде төменгі кестеден байқауға болады.
3-кесте. Дж. Буш және Б. Клинтон әкімшіліктерінің макроэкономикалық көрсеткіштерін салыстыру
Жылдар | Бюджет тапшылығы, млрд доллар | Бюджет тапшылығы, ЖІӨ-ге % | Федер. мемл. қарызы млрд доллар | ЖІӨ-нің өсуі, % | Инфляция деңгейі, % | Жұмыссыздық деңгейі, % | Төлем балансының сальдосы, млрд доллар |
1989 | 152,5 | 2,9 | 2863,3 | 3,4 | 4,2 | 5,3 | -100,8 |
1990 | 221,4 | 3,9 | 3210,9 | 1,3 | 4,4 | 5,5 | -92,7 |
1991 | 260,2 | 4,7 | 3662,8 | 1,0 | 3,9 | 6,7 | -7,4 |
1992 | 290,4 | 4,9 | 4061,8 | 2,7 | 2,8 | 7,4 | -61,5 |
Б. Клинтон әкімшілігі | |||||||
1993 | 255,1 | 4,1 | 4408,6 | 2,2 | 2,6 | 6,8 | -99,9 |
1994 | 203,2 | 3,1 | 4689,5 | 3,5 | 3,5 | 6,1 | -148,0 |
1995 | 163,8 | 2,3 | 4950,6 | 1,4 | 1,4 | 5,6 | -148,0 |
2000 | 128,8 | - | - | 4,4 | 4,4 | 4,2 | - |
1994 жылдың басында Клинтон әкімшілігі Конгресс қарауына 1999 жылға дейін есептелінген бюджет стратегиясын ұсынды. Клинтон әкімшілігінің айтарлықтай жетістігі болған нәрсе – билік басындағы төрт жыл ішінде федералды бюджет тапшылығын екі есе қысқартып, тапшылықты игере бастауы.
Б. Клинтон 1996 жылы Рузвельттен кейінгі екінші мерзімге сайланған демократ – президент болды. Клинтон еңбегінің жемістері: ЖІӨ-ң өсуі, бюджет тапшылығын қысқарту, инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, 10 млн жаңа жұмыс орындарының пайда болуы.
АҚШ-тың салық жүйесіне сипаттама. АҚШ-тың ішкі табыстар қызметі (ІТҚ) – орталық аппарат, 7 аймақтық және 58 округтік салық басқармаларынан тұрады. ІТҚ-нің аймақтық және аудандық бөлімшелері салықтардың, түсімдердің дер кезінде түсуіне, салықтар бойынша берешектерді өндіру, салық төлену дұрыстығына бақылау жасауды сол жергілікті жерлерде жүзеге асырып отырады .
АҚШ-тағы корпорациялар жыл сайын 1120 формасындағы деклорация тіпті табысы болмағанның өзінде де толтыруға міндетті. Ал шағын кәсіпорындар болса 1120$ түрін толтырады. Егер корпорациялық келісілген мерзімде төленуге тиісті салық сомасының 90% төлемеген жағдайда айыппұл салына бастайды. Дер кезінде төлем жүргізілмеген жағдайда оның пайызы өндіріледі.
Жалпы АҚШ-тың салық жүйесі 1986 жылы қабылданған салық реформасы туралы Заңға сәйкес жүргізіледі. Бұл реформаның басты мақсаты – салық жүйесінің кейбір тұстарын жеңілдете отырып, әділетті және қолайлы түрде жүргізіп, экономикалық өсімді ынталандырудың бірден-бір қайнар көзіне айналдыру болып табылады.
АҚШ салық жүйесінің жалпы сипатын төменгі кестеден байқауға болады.
4-кесте. АҚШ-тың салық жүйесінің жалпы сипаттамасы
№ | Федералды салықтар | Штаттардың салық жүйесі | Жергілікті салықтар |
1 | Федералды табыс салығы | Халықтан алынатын табыс салығы | Жергілікті табыс салығы |
2 | Корпорация пайдасына салынған салық | Корпорация пайдасына салынған салық | Корпорация пайдасына салынған салық |
3 | Әлеуметтік сақтандыру салығы | Әлеуметтік сақтандыру қорларына төлемдер | Әлеуметтік сақтандыру қорларына төлемдер |
4 | Кедендік баждар | Саудаға салынатын салық (әмбебап акциз) | Саудаға салынатын салық |
5 | Мұрагерлікке және сыйға салынатын салық | Арнайы акциздер (темекіге, жанармайға, спирттік ішімдіктерге) | Акциздер |
6 | Мұрагерлікке және сыйға салынатын салық | Экономикалық салықтар | |
7 | Мүлікке салыйатын салық | Мүлікке салынатын салық | |
8 | Транспорт құралдарынан алынатын төлемдер | Транспорт құралдарынан төлемдер |
АҚШ-тағы салықтар үш деңгейде алынады: федералды, штаттар және жергілікті деңгейде. Қазыналық тұрғыдан қарайтын болсақ, негізгі ауыртпалықты федералды салықтар көтереді. Федералды бюджеттің барлық табысының 41% азаматтармен корпорацияға салынатын табыс салығы құрайды .
Сонымен, салықтардың ішіндегі ерекше мәнге ие салық – халықтан алынатын табыс салығы. Прогрессивті шкаланы пайдалана отырып бес түрлі мөлшерлемелер қолданылады. Ал, салық төлеушілердің өз мәртебелері, немесе категориялары бар, мысалы: декларацияны бөлек толтыратын ерлі-зайыптылар, бірлесе отырып толтыратын ерлі-зайыптылар, отбасының жалғыз басты иелері, жеке басты адам, жесір адам т.б. сол сияқты .
Ал, салық төмендегі тәсіл бойынша есептеледі. Жалпы жиынтық табысты анықтау үшін барлық табыстар топтастырылады: еңбек ақы, кәсіпкерлік істің табысы, зейнетақы мен жәрдем ақы, бағалы Қағаздан түсетін табыстар т.б. Жалпы жиынтық табыстан іскерлік шығындар алынып тасталады. Оған жататындар, капиталдық активтерді алу шығындары: жер учаскелері, ғимараттар, құрал-жабдықтар, ағымдагы өндіріс шығындары т.с.с. осы шығындарды алып тастаған соң төлеушінің таза табысы қалады .
Таза табыс көлемінен жеке салықтық жеңілдіктер алынып тасталады, ең алдымен табыстың салық салынбайтын ең аз мөлшері. Салық салынбайтын ең аз мөлшерінен кейін қайырымдылық қорға жарна, алименттер сомасы, медициналық қызмет көрсету шығындары т.с.с. шығындары азайтылады. Нәтижесінде барлық шығындарды алып тастағаннан кейін салық салынатын табыс қалады.
Салық салынбайтын ең аз мөлшер - өзгермелі шкала, бұл көрсеткіш жоғарылап отырады, мысалы 1990 жылдары ол 4 мың доллар көлемінде болды. Салық төлеушілер категориясына байланысты бекітілген табыс салығының мөлшерлемелерін төмендегі кестеден байқауға болады.
5-кесте. АҚШ-ғы жеке табыс салығының мөлшерлемелері
Салық салынатын табыс, доллар | Салық мөлшер-лемелері % | |||
Ерлі-зайыптылар (біріккен табыстар) | Ерлі-зайыптылар (бөлек табыстар) | Жалғыз басты отбасы | Жалғыз басты адам | |
0-40100 40100-96900 96900-147700 47700-263750 263750-ден жоғары | 0-20500 20500-48450 48450-73850 73850-131875 131875-тен жоғары | 0-32150 32150-83050 83050-134500 134500-263750 263750-ден жоғары | 0-24000 24000-58150 58150-121300 121300-263750 263750-ден жоғары | 15 28 31 36 39,6 |
1986 жылға 11%-50% аралығында болған табыс салығының 14 мөлшерлемесі болған еді. Салық реформасының нәтижесінде мөлшерлемелер шкаласы оңтайланып тек 5 түрі қалдырылды.
Федералды деңгейдегі салынатын салықтың келесі бір түрі – корпорация табысына салынатын салық. Бұл салық таза табысқа салынады. Табыс көлемін анықтау барысында жиынтық табысқа түзетулер, яғни корректировка енгізіледі; яғни заң жүзінде бекітілген жеңілдіктері, т.б. шегерімдер (жұмысшылардың еңбек ақысы, жөндеу шығындары, немесе пайыздар, зейнетақы қорына салымдар т.б.) шығарылып тастайды.
Шағын және орта бизнесті ынталандыру мақсатында бұл салық түрі прогрессивті түрде бекітіледі. Мысалы, жылдық табысы 50 мың долларға дейінгі корпорацияға – 15%, ал 50 мен 70 мың доллар арасындағы табысы бар корпорацияға – 34%.
Әлеуметтік салықтарды жұмыс берушілер, яғни кәсіпкерлер және еңбекшілер төлейді. Осы алымдардан әлеуметтік сақтандыру қорлары қалыптасады. (Бұл қор қарттар мен жұмыссыздарды қамтамасыз етеді). Мөлшерлемелері төлеушінің жұмыс саласына байланысты, жалдамалы еңбек жұмысшыларына қарағанда еркін мамандық иелері үшін мөлшерлемелер жоғары. Осылайша жалдамалы жұмысшылар мен жұмыс берушілер үшін мөлшерлеме 15,3%. Сонымен қатар кәсіпкерлерден жұмыссыздық бойынша жәрдемақыға еңбекақы қорының 0,8% көлемінде аударымдар алынады.
Ал, кеден баждарының федералды бюджеттің табыс бөлігіндегі алатын үлесі айтарлықтай емес, дегенмен сыртқы сауда саясатын жүзеге асырудың бірден бір көзі ретінде қолданылады.
1970 жылдан бері кеден бажының федералды бюджеттегі үлесінің салмағы небәрі 1,6% деңгейінде ғана. Ал, мұрагерлікке, сыйға салынатын салық мұраға немесе сыйға тартылған мүлікке салынады.
Мөлшерлемелерді бекіту ағайындық, туыстық қатынасты анықтау арқылы, яғни туыстық жақындық деңгейіне байланысты, сонымен қатар мүлік құнына байланысты анықталады. Құны 10 мың доллар болатын мүлік бұл салықтан босатылады. Осылайша мөлшерлемелер 18-50% аралығында болады. Ең жоғарғы мөлшерлемелер, егер мұра құны 2,5 млн доллардан жоғары болса қолданылады.
Ал, штат деңгейіндегі салықтардың өзіндік салықтық жүйесі бар. Негізгі табыс көзі болып саналатын салықтың бұл түрін – әмбебап акциз деп те атайды. Штат бюджетінің басты салығы ретінде саналып, түсімдердің 40%, осы салықтың үлесіне тиеді. Салық салынатын объект – тауардан және қызмет көрсетуден түскен түсім. Мөлшерлемелер әр штатта әрқилы, мысалы: ең төменгі 3% (Колорадо, Вайолинг штаттары), ең жоғарғы мөлшерлемелер - 8,25% (Нью-Йорк штатында). Көптеген штаттарда орташа 3-4% мөлшерлемелер қолданылады. Аляска, Делавэр сияқты штаттарда аталмыш салық мүлдем қолданыста жоқ.
Штат бюджетіндегі ерекше мәндегі келесі салық – халықтан алынатын табыс салығы. Ол жалпы түсімдердің шамамен 30% құрайды. Бұл салық түрі 50 штаттың 44-де алынады. Тек мына штаттарда бұл салық салынбайды: Флорида, Невада, Оңтүстік Дакота, Техас, Вашингтон. Мөлшерлемелері федералды деңгейдегі табыс салығының мөлшерлемелерінен әлдеқайда төмен. Ең аз мөлшерлемелер 1-4% барынша көп мөлшерлемелер 3-11% аралығында болады.
Корпорация пайдасына салынатын салық ел деңгейінің 40 штатында алынады. Штат бюджет жалпы түсімдерінің шамамен 7% құрайды. Салықтың есептелу, алыну, төлену сипаты түгелімен федералды деңгейдегі корпорация пайдасына салынатын салықпен бірдей. Сондай-ақ штаттардың барлығы дерлік мүлік салығын төлейді. Бекітілген мөлшерлемелері: ең аз саны 0,5%, 5% барынша көп. Штат бюджетінің жалпы салықтық түсімдеріндегі үлесі шамамен 2% құрайды.
Келесі жерде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының салық жүйесіне қысқаша тоқталып өтетін болсақ, әрбір жергілікті басқару органдары, өз жеке бюджетін қалыптастыра отырып, өздері салықтар енгізіп, шығындар көлемін анықтау мүмкіндіктерге ие. Жергілікті басқару органдарына мыналар кіреді: құрамында 85 аудан есепке алынып, штаттардың барлығы графстволарға (30 мыңға жуығы бар), сондай-ақ 20 мың муниципалитеттерге (немесе қалалар) бөлінген органдар.
Жергілікті басқару органдарынан түсетін салықтардың көлемі айтарлықтай көп емес, дегенмен ең маңыздылары – мүлікке салынатын салық, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, саудаға салынатын салық, лицензиялық төлемдер т.с.с. .
Жергілікті билік органдарының салықтары ішінде айтарлықтай мәнге ие салық – мүлікке салынатын салық. Бұл салықтың ерекшелігі – федералды деңгейде жоқтығы. Салық жылына бір рет төленеді, кей жағдайларда бір жолы шетінен, бөлшектеп төлеуге де болады. Мүлік түрлері:
1) қозғалмайтын мүлік (жер, ғимараттар);
2) жекеменшік (машина, құрал-жабдықтар, мал, тауарлы-материалды құндылықтар, өнім т.с.с).
Орташа мөлшерлеме деңгейі – 1,4%. Аталмыш салық 80-ші жылдардың ортасына таяу жергілікті бюджетке 85 млрд доллардан астам қаражатпен қамтамасыз еткен, ал 90-шы жылдары бұл сома 160 млрд доллар көлеміне жетті. Сонымен қоса жергілікті деңгейдегі келесі салық түрі – саудаға салынатын салық. Жалпы тауарларды өткізу мен көрсетілген қызмет бойынша түскен жиынтық түсім салыққа тартылады.
Маңызды объект болып саналатын тауар түрлері: жанармай, темекі бұйымдары, ішімдік сусындары. Орташа мөлшерлемелері – 3-4%. Жергілікті деңгейдегі корпорация пайдасына салынатын салық 45 штатта алынады. Бұл салықтың орташа мөлшерлемелері 6%, ең төменгі мөлшерлеме 2,35% (Мичиган), ең жоғарғы мөлшерлеме 11% (Коннектикут).
Көлік құралдарынан алынатын төлемдер арқылы, мысалы: автокөлікті тұраққа қою үшін төлем, жанармайға, акциз т.с.с. Ал, мөлшерлемені бекіту көлік түріне байланысты ажыратылады.
Экологиялық салықтар, АҚШ-тың салық жүйесінде 1986 жылғы реформадан кейін пайда болды. Салықты енгізудің басты мақсаты – қоршаған ортаны әр түрлі өнеркәсіптің зиянды қалдықтарынан қорғау. Бұл салық өндірістік қалдығы бар өнім өндіруші компанияларға салынады, мысалы консерві банкалары т.б. екінші рет қолданысқа жарамсыз деген ыдыстарға, қалдықтары міндетті түрдегі компанияларға салынады. Осылайша АҚШ-тың салық жүйесі өзіне тән ерекшеліктерімен айрықшаланады.
1988 жылы, яғни салық реформасының екінші кезеңінде «Салықтар және басқа да табыстарға салық салу техникасы туралы» заң қабылданды. Бұл заңның халық үшін ыңғайлы болған жағы, бұрын салықтарды артығымен төлеген адамдар, салықтық декларацияларында осы жайттарды атап көрсетіп, соңынан өтемақы түрінде өндіріп алу мүмкіндіктеріне ие болады.
Жүргізілген реформалар оңтайлы және теріс екі жақты нәтижелерін көрсетті. Оңтайлы нәтижелер: салық мөлшерлемелерінің айтарлықтай төмендеуі, халықтың төлем қабілеттілігін жогарылата түсіп, өндірістік инвестициялардың өсуіне ықпал етті.
Тұтыну сұранысының өсуі, жұмыспен қамтудың жоғарылауы, нақты табыстың ұлғаюы, инфляцияның төмендеуі, пайыздық мөлшерлемелердің қысқаруы сияқты жағымды нәтижелер байқалады. Теріс жақтары: табыс салығы мен корпорация пайдасына салынатын салықтардың төмендеуі, федералды бюджет табыстарының азаюына әкелді, сөйтіп үкімет қарызы өсті.
Қорыта айтқанда 80-ші жылдары жүргізілген реформалар алдына қойған мәселелердің бәріне дерлік шешім тапқан жоқ, сондықтан да бұл осы күнге дейінгі өзекті мәселенің бірден бірі болып қала бермек.
Жапония – өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. Өңдеуші өнеркәсіпте 14 млн-дай адам немесе елдегі халықтың 25%-і жұмыс істейді. Жапония кеме шығарудан (52%), автомобиль (30%), трактор, металл өңдейтін құрал-жабдықтар, тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан дүние жүзінде 1-орын алады. Бұған қоса жапондар әлемдегі түрлі түсті теледидардың 60%-ін, жасанды талшықтың 12,3%-ін өндіреді. Жапония энергия ресурстарына өте кедей. Сондықтан жапон энергетикасы энергия көздерінің (мұнай, газ, көмір, уран, т.б.) 80%-ін шеттен әкеледі. Соңғы жылдары су және атом энергиясын өндіру жедел артып келеді. Елде жалпы көлемі 35 млн. квт ток өндіретін 43 атом реакторы бар. Ауыл шаруашылығында 5,7 млн. адам жұмыс істейді және жалпы жиынтық өнімнің 2,2%-ін өндіреді. 5,3 млн. га жер өнделеді (бүкіл жер аумағының 14,3%-і). Дегенмен, Жапония өзін-өзі азық-түлікпен 70% қамтамасыз етеді. Балық аулаудан (жылына 12 млн. т.) Жапония дүние жүзінде 1-орын алады. Елдегі автожолдардың ұзындығы 1,2 млн. км (оның ішінде 5 мың км-дейі аса сапалы). Темір жолдың ұзындығы – 30 млн. км. Теңіз сауда флоты жақсы дамыған. Сыртқы сауда айналымы жағынан АҚШ пен Германиядан кейін 3-орын алады. Негізгі сауда серіктестері: Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (28%), АҚШ (26%), Еуропалық одақ елдері (14%), Қытай (6%), т.б. Экспортқа машиналар, электр техникасы, металл және химия өнімдері шығарылса, сырттан шикізат, мұнай өнімдері және азық-түлік әкелінеді. Алтын, валюта қоры жағынан дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы ел (1998 жылғы есеп бойынша 228 млрд. долл.), сыртқы қарызы жоқ. Халықтың орташа айлық жалақысы 400 мың иена (4 мың долл.) шамасында.
II дүниежүзілік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы.
Соғыс аяқталған соң Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40%-нан айырылуы, ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30% жоғалып, Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан толығымен жойылып кетті. Тауар мен материал, азық-түлік жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді. Инфляция 50%-ға дейін жетті. Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда әлдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. 1946 жылы өнеркәсіп өнімінің деңгейі соғысқа дейінгінің 14% құрады. 1945 жылдан 1947 жылдар аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсіп кетті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13% құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура келді .1947 жылы оккупациялық әкімшілік жаңа Жапондық Конституция (Ата Заң) даярлап шығарды.
Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезеңге бөлінді.
1-кезең: (1945-1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2% болған.
1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар көтерілді, тек корпорацияларға салынатын салық төмендетілді, басқару әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырған.Банк жүйесі секілді саясаттардың басымды бағыттарын мемлекет бақылап отырды .
Жапонияның экстенсивті үлгісі өте жоғары көрсеткіштер көрсетті. 50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасының өсуі жылдам қарқынмен өрлеуге беталды, осы кезеңнен бастап «Жапондық ғажап» өз бастамасын көрсете бастаған болатын.
2-кезең: (1970 ж.) Жапония экономикасында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер орын алды.
1951-1970 жж. аралағында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төмендегідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда – 7,4%, Францияда – 6,2%, АҚШ-та – 4%, Англияда – 3%.
1969 жылы Жалпы Ұлттық өнім көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі әлем бойынша 2-ші орынға ие болды, ал 1970 жылы Жапония әлемдік экспортта 4-ші орынға шықты.
Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей қоймады. Олар ең алдымен:
- энергоматериалдарды азайту арқылы өндірісті белсендіру;
- электроника және технология салаларын толықтай игеру;
- экономиканы реттеуші мемлекет ролінің өзгеруі, инфляция, ұлттық валютаның тұрақтануы, нарықтық механизмдерді құру секілді қосалқы әдістер арқылы экономиканы реттеу;
- сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды. Жапония шет елдерге ірі көлемдегі инвестиция құйып, экспортқа деген тәуелділігінен біртіндеп арыла бастады.
3-кезең: Интенсивті үлгіге негізделген экономиканың қарқынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.
Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастарының дамуына төменгі факторлар әсер етті:
- Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;
- Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекеттің реттеуі;
- Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;
- Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;
- Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;
- Ұлттық кірісті мемлекет саясатымен қайта қарауы. Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін кеңінен басып алды.
Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері.
Жапония Шығыс Азиядағы 4 ірі-ірі – Хоккайдо, Хансю, Сикоку және Кюсю аралдарында орналасқан мемлекет. Территориясы – 372,2 мың кв км. Халқы – 122,2 млн-ға жуық. Астанасы – Токио. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синтоизм және буддизм.
Жапония – конституциялық монархия.Конституция бойынша император «мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып саналады.Заң шығаруышылық билікті парламент жүзеге асырады (оның құрамы 512 депутаты бар палата өкілдері мен 252 депутаты бар кеңесшілер палатасынан тұрады). Депуттардың қызмет ету мерзімі 4-6 жылға дейін. Ал, атқарушы билік, министрлер кабинетінің құзырында.Жапония – жоғары дамыған мемлекет.
Бүгінгі таңда өзінің экономикалық потенциалы жағынан әлемдегі алдыңғы қатардағы мемлекеттер ішінде. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн $ (доллар). Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12% Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтарын, тұрмыстық-электрондық техника, роботтар шығарудан әлем бойынша бірінші орында.
Ауыл шаруашылығында шағын шаруа қожалығы жақсы дамыған. Басты ауылшаруашылық өнім – күріш.Сонымен қатар жеміс-жидек, көкөніс өндірісі, сондай-ақ балық аулау саласы.
Ұлттық валютасы – иена. Негізгі экспорт тауарлары: машиналар мен жабдықтар, электроника, металдар және металл бұйымдары, химиялық өнімдер.
Негізгі импорт тауарлары: өнеркәсіптік шикізат пен жартылай шикізаттар, жанармай және азық-түлік. Жапонияның тауар айналымындағы АҚШ-тың үлесі 90-шы жылдары 30,4% тең болды, ал жұмыссыздар саны осы жылдары 1,56 млн адам болған, ал сыртқы сауда көрінісі, экспорт 146 млрд доллардан асып, импорт – 126 млрд доллар болған.
90-шы жылдардағы Жапония экономикасы ұзаққа созылған тоқыраудан бір жола шыға қойған жоқ, бұған бірден бір себеп болғаны – қозғалмайтын мүлік нарығындағы күйзеліс нәтижелері. Банк жүйесі де айтарлықтай шығынға ұшырады. Соғыстан кейінгі мерзімде бірінші рет банктердің тақырға отыруы байқала бастады. Мемлекеттік бюджет жүйесі де көптеген қайта қарауға тән жақтарын көрсете бастады.
Осылайша 90-шы жылдардағы үкіметтің алға қойған басты мақсаты болып, экономиканы өсіру, тоқыраудан шығу сияқты мемлекет деңгейіндегі өзекті мәселелер болып саналды.
Жапон экономикалық ғажабы.Жапондық экономикалық ғажап өз бастамасын 50-ші жылдары-ақ көрсете бастаған болатын. Жапон ғажабының мәні неде? Бұл сұрақтардың жауабы болып келесі факторлар саналады:
- шетел, соның ішінде америка көлігін жоғары, тиімді пайдалана білу;
- негізгі капиталды жаппай жаңарту;
- ішкі нарықты ұлғайту, соның ішінде аграрлық реформа есебінен;
- шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктерді молынан пайдалану.
Сонымен қатар Жапон сарапшылары мынадай ерекшеліктерді де атап көрсетуде:
- жоғары сапалы жұмыс күші, 1947 жылдың өзінде-ақ Жапонияда 9-жылдық ақысыз міндетті білім беру енгізілген. Кадрлар даярлау мен қайта даярлау жүйесі құрылған;
- жапон кәсіпкерлерінің сирек кездесетін ақыл-ой өрісі;
- әкімшілік пен персонал арасында үйлесімдік таба білген жалдамалы еңбектің дәстүрлі қалыптасқан жүйесі;
- капитал жинаудың жоғары мөлшері;
- жеке ғылыми-техникалық базаны дамытуға ұмтылыс.
Соңғы кездері бұл факторлар мыналармен толықтырылды:
- шикізат ресурстарының жоқтығы, Жапония импортпен қажетті ресурстарының 99% алады, соның ішінде 100% боксит, мата, табиғи каучук, 99,7% мұнай, 99,5% темір рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымын әрдайым жаңалап отыруға, энергия мен ресурстарды ұқыпты пайдалану технологиясын енгізуге, шикізат пен отынның альтернативті көздерін іздеуге итермелейді;
- Жапонияда Конституцияға сәйкес соғысқа қарсы 3 ядролық емес қағидалар қалыптасқан, яғни ядролық қару-жарақты болдырмау, өндірмеу, енгізбеу. Нәтижесінде әскери шығындар жалпы ішкі өнімнің 1% ғана құрайды. Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңғы қатарлы дамыған капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды мықтап ұстанды.
Жапон тауарларының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар болып саналатындар:
- өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;
- еңбек өнімділігінің өсімі;
- еңбек ету саласында түсінбеушіліктің болмауынан жұмыс уақытын жоғалту;
- жан басына шыққандағы табыс көлемінің өте жоғарылығы.
Жапонияның бюджет жүйесі. Жапонияда мемлекет өмірін қамтамасыз етуші бірнеше бюджеттер қалыптасқан. Олар: орталық бюджет (орталық бюджеттің жалпы шоты), инвестициялық бюджет (даму бюджеті) және бірнеше арнайы шоттар.
Орталық бюджет табыстары салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен құралады. Басқа дамыған елдерге қарағанда Жапония бюджеті салықтық емес түсімдердің үлесі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік бюджеттің 84% - салықтар қамтамасыз етсе, салықтық емес түсімдер 16% береді, ал жергілікті бюджеттерде салықтық емес түсімдер 25% жуық қамтамасыз етеді. Салықтардан айтарлықтай қомақты қаржыны жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың табыс салығы берді (шамамен 40%).
Бюджет табысының салықтық емес түсімдеріне жататындар: мемлекеттік кәсіпорын қызметтерінен түсетін түсімдер, мемлекеттік меншікті сатудан немесе жалға беруден түсетін түсімдер. Орталық бюджет шығындары өзіне тән функционалдық белгілері бойынша құралады және мемлекеттің негізгі міндеттері мен қызметтерін көрсетеді. Олар, негізінен, экономикалық және әлеуметтік шығындарды қаржыландыруға, жергілікті бюджеттерді толықтыруға, мемлекеттік қарызды басқаруға, император сарайын қамтамасыз етуге, басқару органдарына және басқа да мақсаттарға бағытталады.
Ал, инвестициялық бюджет дегеніміз – күрделі салымдар мен зайымдардың жыл сайын бекітілетін бағдарламасы.
Арнайы шоттар болса – мемлекеттік кәсіпорындар мен корпорациялар шоттарын, мүліктерін, қорларын қамтиды. Арнайы шоттардың көптігі Жапония қаржы жүйесіне тән ерекше белгінің бірі. Жергілікті билік органдарында шамамен 7 мыңға жуық аталмыш шоттар бар.
Жапонияда бюджет жылы 1-ші сәуірде басталып 31 наурызда аяқталады.Жоғарыда аталғандарға қосымша мемлекеттік инвестициялық бағдарлама атты жүйе іске қосылған. Түрлі кезеңді бастан кешіре отырып, бұл жүйе бүгінде Мемлекеттік займдар мен инвестициялар бағдарламасы деген атпен танымал (МЗИБ). Жалпы мемлекеттік бюджеттік қаржыландырудан МЗИБ-ң айырмашылығы, бұл бағдарлама қаражаттары – қайтарымды, мерзімді, төлемді негізде беріледі.
Жеке несие мекемелері бекітетін пайыз арқылы МЗИБ-дан компаниялар қаражат алған жағдайда, толық мөлшерде есептелген пайызымен қоса қайтарылады. МЗИБ-нің бүгінгі таңдағы қаржы ресурстары мен оны алу көздері қандай деген сауалға жауап: 1) азаматтардың пошталық жинақтар жүйесі; 2) өмірді сақтандырудың пошталық жүйесі; 3) зейнетақы қорлары; 4) арнайы өнеркәсіптік инвестициялау шоты; 5) үкімет кепілдемесіндегі міндеттемелер мен займдар.
Жапония Ата заңына сәйкес мемлекет қаражаттарын игеру құқына парламент ие. Ал, бюджет орындалуын қаржы министрлігі жүзеге асырады. Бюджетке кассалық қызмет көрсету Жапон банкі және оның бөлімшелері арқылы жасалады. Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігіндегі айтарлықтай маңызға ие бағыт – әлеуметтік шығындар (6-кесте).
6-кесте. Жапония орталық үкіметінің шығыстар құрылымы
(бес жылдық кезеңге орташа жылдық көрсеткіштер, % ).
1981-1985 | 1986-1990 | |
Күрделі салымдар | 18,1 | 14,0 |
Ағымдағы шығындар | 81,9 | 86,0 |
Соның ішінде: | ||
• әскери | 3,2 | 3,5 |
• мемлекет аппараты және полиция | 10,0 | 10,8 |
• % мен мемлекет қарызы бойынша төлемдер | 8,6 | 9,1 |
• әлеуметтік шығындар, соның ішінде: | 51,1 | 52,6 |
• білім беру | 11,7 | 11,6 |
• денсаулық сақтау | 1,2 | 1,2 |
• басқа да әлеуметтік қызмет көрсету | 4,7 | 4,8 |
• халыққа төленетін төлемдер, | 33,5 | 35,0 |
Соның ішінде: | ||
• кәріліктік пен мүгедектік бойынша зейнетақы | 27,5 | 29,0 |
Басқа да ағымдағы шығындар | 9,0 | 10,0 |
Барлығы | 100 | 100 |
Жапон үкіметі қарт адамдарға қолайлы жағдайлар туғызып, өмірлерін жақсарту мәселелеріне көп көңіл бөледі. 2005 жылы осы категориядағы адамдар саны, яғни зейнетақы жасындағы адамдар саны 5,2 млн жетуі мүмкін.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бизнестің дамуымен бірге қалыптасып, дамыды. Кәсіпорындар мен ұйымдар таза пайдадан 34,5 пайыз мөлшерінде мемлекеттік табыс салығын, 1,67 пайыз мөлшерінде префектуралық табыс салығын, 4,12 пайыз мөлшерінде қалалық (аудан, поселка) табыс салығын төлейді.
Шағын бизнеске 28 пайыздық мөлшерлемемен салық салынады. Жеке тұлғалар мемлекеттік табыс салығын 10-50 пайыз аралығында прогрессивтік шкаламен төлейді. Префектуралық табыс салығын 5; 10; 15 пайыздық мелшерлемемен төлейді. Бұдан басқа алған табыс мөлшерінен тәуелсіз әрбір жеке тұлға 3200 иен мөлшерінде жергілікті табыс салығын төлейді. Көп балалы отбасыларға салық салынбайтын ең аз мөлшері бекітілген, 16-дан 22 жасқа дейін білім алып жатқан балаларының білім алуға кеткен шығындары, егер жолдасы жұмыс істемей, асырауында болса, оған бекітілген салық салынбайтын ең аз, сондай-ақ емделуге кеткен шығындар салық салынатын табыстан шегеріліп тасталады.
Мүлікке салынатын салықтарды заңды және жеке тұлғалар мүлік құнынан 1,4 пайыздық біртұтас мөлшерлемемен төлейді. Мүлікті қайта бағалау үш жылда бір рет жүргізіліп тұрады. Салық салуға барлық жылжымайтын мүліктер, жер, бағалы қағаздар, банк депозиттері бойынша пайыздар, т.б. қамтылады. Екінші топқа лицензияны тіркеу салығы, елтаңбалық алым, жерді тыңайту салығы, т.б. жатады. Жанама салықтардың бірі – сатудан алынатын салық 3 пайыздық мөлшерлемемен алынады және бюджеттің кірісінің 9 пайызын қамтамасыз етеді. Оны есептеу барысында тауарлар мен қызметтердің құны келісімшарт бағасы бойынша анықталады. Қосылған құнға салынатын салық 1989 жылдан бастап қолданыла бастады. Қосылған күн салығын есептеу барысында төрт түрлі әдіс пайдаланылады:
- тура немесе бухгалтерлік әдіс;
- жанама әдіс;
- тікелей шегеру әдісі;
- жанама шегерім немесе шоттар бойынша есептке алу әдісі.
Жапония тәжірибесінде, негізінен, төртінші әдіс кеңінен қолданылады. Жапонияның салық жүйесі. Жапонияның салық жүйесінің негізі XIX ғасырда қаланды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1949 жылы қаржы саласындағы американ маманы, профессор Шалптың ұсынысымен салық реформасы жүргізілді. Кейіннен бұл реформа нәтижесі ұзақ уақыт бойы қолданылды. 1987 жылдың қыркүйегінде және 1988 жылдың желтоқсанында Жапонияның салық жүйесіне үлкен өзгерістер әкелген салық рефомалары жүргізілді. Нәтижесінде салық мөлшерлемелерінің шкаласы оңайлатылды және төмендетілді. Егер реформаға дейін салық мөлшерлемесі 10,5-70 пайыз аралығында болса, реформадан кейін 10-50 пайыз аралығына дейін төмендетілді. Қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі 1989 жылы 1 сәуірде іске қосылды. Мемлекеттік бюджеттің 84 пайызы салықтар есебінен, ал оның 16 пайызы салықтық емес түсімдердің есебінен құралады.
Жапонияда салықтар:
- Мемлекеттік;
- Жергілікті болып жіктелді.
Мемлекеттік бюджеттің 64 пайызы мемілекеттік салықтар, ал 36 пайызы жергілікті салықтар есебінен құралады. Салықтық түсімдердің бір бөлігі жергілікті бюджеттерге аударым түрінде қайта белінеді. Ел аумағында 3045 қала, поселка, аудандардың және оларды біріктіретін 47 префектураның өздерінің дербес бюджеттері бар. Жапония салық жүйесі АҚШ және Еуропа елдерінің салық жүйелері сияқты салықтарының көп түрлілігімен ерекшелінеді. Олардың аумақтық басқарудың кез келген органының алу құқығы бар. Бірақ, барлық салықтар елдің заң актілерінде тіркелген. Мемлекеттік салықтың әрбір түрі заңмен реттеледі. Жергілікті салықтар туралы Заң олардың түрлері мен шекті мөлшерлемесін анықтап береді. Жергіліктті салықтарға қатысты басқа мәселелерді жергілікті парламент реттейді. Жалпы елде 25 мемлекеттік, 30 жергілікті салықтар жұмыс жасайды. Оларды үш үлкен топқа топтастыруға болады:
- Заңды және жеке тұлғаладың табыс салығы;
- Мүлік салығы;
- Жанама салықтар.
Тұтынуға салынатын салық 1989 жылы 1 сәуірден бастап енгізілді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет кірісіндегі үлесі жағынан және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығынан кейінгі үшінші орынды алады. Салық мөлшерлемесі – 5 пайыз. Кәсіпкерлікке салынатын салық салынатын пайдадан 6-12,6 пайыз аралығындағы мөлшерлемемен алынады. Бюджет кірісін толтыруда автокөлік иелеріне салынатын салық спирт және темекі өнімдеріне, мұнай, газ, бензинге салынатын акциздер, кеден баждары, т.б. елеулі роль атқарады.
Салық шкаласы 13 деңгейлі болып келеді, салық мөлшерлемесі 10-70 пайыз аралығында мұра сомасына байланысты өзгеріп отырады. Жапонияда отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыру жүйесі жеткілікті деңгейде дамыған.
Оларды қолдаудағы басты мақсат ұлттық экономиканың дамуына оң ықпал ететін факторлаға қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Инвеситицияны ынталандыратын басты құрал ретінде негізінен салық жеңілдіктері мен субсидиялар қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік инфрақұрылымды құру барысында, өндірістік обьектілерді жаңа жерлерге көшіргенде беріледі.
Салық салу деңгейі бойынша (оның ұлттық табыстағы үлесі 27,9%) Жапония басқа жоғары дамыған мемлекеттерге жол береді, мысалы Германия (130,6%), Франция (33,9%) т.б. Тек АҚШ-тан басқалары (26,11%). Қазіргі кездегі Жапонияның салық жүйесі 1989 жылдың 1 сәуірінен бастау алады. Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері.
1992 жылдан бастап Жапония үкіметі 90-шы жылға дейін «езілген сабындай» созылып кеткен экономикалық тоқыраудың көзін жою мәселелерін алға қойды. Қазіргі таңда тоқырауға қарсы 8 бірдей бағдарлама қаралып, бұл бағдарламалардың жалпы қаржыландыру көлемі 110 трлн иенге дейін жетті.
1992-1999 жылдары қарастырылған тоқырауға қарсы шаралардың негізгі құралдары болып табылғандар:
- салық ставкаларын реттеу;
- қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік инфрақұрылымға мемлекеттік инвестициялар;
- мемлекеттік институттарды несиелендіру және нақты сектор кәсіпорындары үшін несиені кепілдеу;
- шағын және орта бизнесті қолдау;
- Жапон Банкімен проценттік ставканы төмендету;
- Экономиканың бәсеке қабілеттілігінің өсуімен экспортты ынталандыру;
- Экономика жүйесін қайта реттеу шаралары.
1991 жылы басталған өнеркәсіптік өндірісінің бірден төмендеуі, 1993 жылдың аяғында-ақ тоқталды. Жапония либералды салықтық-бюджеттік саясатын жүргізуге қабілетті жалғыз ғана индустриалды мемлекет болды. 1992 жылы мемлекеттік бюджеттің оң-солдысы байқалып, 1994 жылы экономиканы дамытуды ынталандыру мақсатында қосымша бюджет қабылдауға мүмкіндік пайда болды. Қабылданған шаралар ішкі сұранысқа жағымды ықпал етіп, Жапония экономикасының тоқыраудан шығуы 1994 жылдың екінші жартысында көріне бастады.
1994 жылы Орталық банк мөлшерлемені ең төменгі дәреже – 1,75% деңгейінде ұстады. Нәтижесінде 1994 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өнімі небәрі 1% болған болса, 1995 жылы – 2,5%-ға жетті. Жапон экономикасының тоқыраудан шығуы мемлекет секторында инвестиция деңгейі жоғарылата түсіп, инвестиция саласы ынталандырылды. Жапон инвестициялары бірінші кезекте АҚШ және Азияның кейбір жаңа индустриалды елдері: Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Тайланд т.б.-ның өндіріс қуаттарын қалыптастыруға бағытталды. Міне, дәл осы факт 1997 жылдың күзінде Жапон экономикасы үшін жағымсыз рөлін көрсетті, яғни Азиядағы қаржы тоқырауы деген түсінік осы жерден бастама алған.
1996-1997 жылдардағы Жапон экономикасыньщ жағдайы қуанарлық емес еді. Аса жоғары салықтар экономикалық өрлеуге шектеу қойып қойды, тіпті үлкен тақырға отыруға дейін әкелді.
1996 жылы нақты жалпы ішкі өнім 0,1% түсіп қалды. Осылайша 1997 жылдың екінші жарытысында Жапония экономикалық құлдыраудың басталғанын мойындауға мәжбүр болды. 1997 жылдың нәтижесі бойынша жалпы ішкі өнімнің төмендеуі 0,7% құрады; бұл соңғы 23 жыл ішіндегі ең күрделі экономикалық құлдырау болды. (1973 жылғы мұнай тоқырауынан кейінгі).
1997 жылдың аяғында Хасимото кабинеті жапон экономикасын қиын жағдайдан шығару үшін шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. «Жан-жақты экономикалық шаралар бағдарламасы» ел тарихындағы ең ірісі болып саналды – салықтарды төмендету, әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция сияқты шаралар бағдарламасының іске асырылуы, ал осы жобалардың шығыстар сомасы – 17 трлн иеннен астамды құрады. Бұл бағыттарды төмендегі кестеден байқауға болады.
7-кесте. Жан-жақты экономикалық шаралар бағдарламасы
№ | Негізгі бағыттар | Шығын көлемі, трлн, иен |
1 | Салықтарды қысқарту және қозғалмайтын мүлік саласындағы арнайы салықтық шаралар | 4,3 |
2 | Шағын және орта бизнесті қолдау | 2 |
3 | Әлеуметтік инфрақұрылымға инвестициялар және жергілікті билік органдарымен қаржыландыратын тәуелсіз жобалар | 7,5 |
4 | Қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығын дамыту | 2,3 |
5 | Еңбекпен қамтуды жоғарылату | 0,05 |
6 | Апатты жағдайлардың алдын алу немесе жою | 0,2 |
7 | Азия елдеріне көмек | 0,7 |
8 | Барлығы | 17,05 |
Үкімет сондай-ақ, банк секторын сауықтыру үшін де шаралар қабылдауда, бұл бағытқа 30 трлн иен бағытталған.
2.2 АҚШ пен Жапонияның экономикалық қарым-қатынастары
Әлемдік шаруашылықтың XX ғасырдың екінші жартысындағы ерекшеліктерінің бірі халықаралық экономикалық қатынастардың қарқынды дамуы болып табылады. Әр түрлі елдер, елдер тобы, экономикалық топтар, жеке фирмалар мен ұйымдар арасындағы экономикалық қатынастар кеңіп, тереңдей түседі. Бұл үдерістер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылықтық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың ашықтығының артуынан, бір-бірін толықтыруынан, бір-бірімен біте қайнасып жақындасуынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың дамуы мен нығаюынан көрінеді.
Бұл өзара әрекет ету, жақындасу, ынтымақтасу қарама-қарсы диалектикалық сипатқа ие. Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасы мынада, жеке елдердің ұлттық экономикалық тәуелсіздікке, ұлттық шаруашылықты нығайтуға ұмтылуы, нәтижесінде әлемдік шаруашылықтың интернационалдануына, ұлттық экономикалардың ашықтығына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне алып келеді.
Халықаралық экономикалық қатынастар – жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті. Халықаралық экономикалық қатынастардың пәніне, бірішіден, халықаралық экономикалык қатынастардың өзі, яғни әр түрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне жеке елдер, интеграциялық бірлестіктер, сонымен қатар жеке кәсіпорындар арасындағы материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбас жасау және тұтыну бойынша өтелетін қатынастар тетігі кіреді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының алғы шарты - әлемдегі жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың, техникалық құралдардың, негізгі және айналым капиталының, ғылыми-техникалық әлуеттің орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан теңсіздік болып саналады. Негізінде халықаралық экономикалық қатынастар олардың субъектілерінің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу жолымен іске асырылады. Халықаралық экономикалық қатынастарды іске асыруға сонымен бірге саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да факторлар әсер етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың макродеңгейіндегі тетігіне оларды іске асыруға байланысты ұйымдық, құқықтық нормалар мен құралдар (халықаралық экономикалық келісім шарттар мен келісімдер және т.б.), халықаралық экономикалық ұйымдардың халықаралық экономикалық қатынастарды мақсаттарына жеткізу үшін үйлестіре дамытуға бағытталған қызметі кіреді.
Осы заманғы халықаралық экономикалық қатынастар елеулі, тұрақты, мемлекет аралық реттеуді талап етеді.
Халықаралық экономикалық қатынастарды іске асырудың микродеңгейіне халықаралық маркетинг жүйесі және сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мен оның техникасы кіреді. Халықаралық маркетинг, жалпы (ішкі) маркетингпен сырттай ұқсастығы болғанымен, кәсіпкерлікті халықаралық деңгейде басқарудың айрықша құралы ретінде көрінеді. Оның айрықша сипаты ұлттық нарықтардың ерекшеліктерің, сонымен бірге тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығын зерттеу әдістерінен білінеді.
Халықаралық экономикалық қатынастардың құрылымына мыналар кіреді:
Халықаралық еңбек бөлінісі.
Тауарлар және қызметтермен халықаралық сауда.
Капиталдар мен шетел инвестицияларының халықаралық қозғалысы.
Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.
Халықаралық валюталық-қаржылық және несиелік қатынастар.
Халықаралық экономикалық интеграция.
Халықаралық экономикалық қатынастардың теориясы мен практикасын оқып үйренгенде біз әлемдік шаруашылық деген ұғымға қарсы келеміз. Әлемдік шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастардың объективті негізі бола тұра, оның теориясы мен практикасын зерттеудің арнайы объектісі болып табылмайды. Бірақ ол халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін зерттеуде басты компонент болып саналады.
Халықаралық экономикалық қатынастар (негізінен, саудалық қатынастар) әлемдік шаруашылық пайда болғанға дейін де болған. Мысалы, жеке елдер арасында, аймақтар шеңберінде халықаралық экономикалық қатынастар дамыған. Бұл қатынастар еларалық, тар аймақтық сипатта болды. Әлемдік шаруашылық пайда болып, дамуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастар өзінің әрекет ету шеңберін кеңейтіп және тереңдетіп, ғалами сипатқа ие болады. Халықаралық экономикалық қатынастар жеке елдер немесе әлемдік экономикаға негізделе отырып көп жағдайда олардың дамуына байланысты болады. Бірақ, халықаралық экономикалық қатынастар дами келе, өз заңдарына бағынатын дербес құбылысқа, әлемдік шаруашылықтың әрекет ету және даму түріне, оның ішкі тетігіне айналады.
1945 жылдары Жапонияның өндіріс орындары өзінің экономикалық даму қарқынын 1937 жылғы деңгейінің 30%-ы көлемінде ғана сақтап қалды.
1946-1949 жылдары аграрлық реформалар помещиктерге 3 тё жер қалдырды да, артық жер сатылды. (1 тё – 1 га-ға шамалас). Соның нәтижесінде жерге ие болған шаруалардың саны екі есе өсіп, елде фермерлік шаруашылық дамыды. АҚШ-тың қолдауы арқасында Жапония тез жетіле бастады. Әрине, бұрыннан қалыптасқан өндіріс салалары, білікті жұмысшылар мен инженерлер, жапондықтардың еңбекке деген ынтасы, тәртіптілігі ел экономикасын дамытудың қайнар көзі болды. Бұған қосымша 1950- 1953 жылдары Кореядағы соғысқа тікелей қатысқан өндіріс салалары АҚШ-тың әскери тапсырысын орындау арқылы тез қарқын алды. Сол жылдардың өзінде-ақ ел экономикасы соғысқа дейінгі деңгейге көтеріліп, келесі жылдары орасан зор жетістіктерге жетті. Мицуи, Хитачи, Мицубиси, Сони т.б. ондаған ірі өндіріс және қаржы монополиялары ең жаңа тауарлар шығарып, басқа елдерді қаржыландыра бастады.
1950-1960 жылдардағы ғылыми-техникалық революция нәтижелерін олар өте ұқыпты пайдаланды. Басқа елдерде ашылған не жасалған жаңалықтарды шұғыл іске қосу, өте қажетті өнімдерді шығару, сапасына мән беру, шикізатты, электр қуатын, жұмыс уақытын үнемдеу және ұтымды пайдалану, кешегіні – бүгін, бүгінгіні ертең жаңарту, жұмысшылар мен қожайындар арақатынасын сенімділікке негіздеу т.б. әдістер кеңінен қолданылды. Жұмысшылар мен инженер-техниктерді оқытуға, сапалы жұмыс атқаруға жағдай жасауға мән берілді. Сонымен бірге жапон жұмысшыларының жалақысы басқа дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Тағы да айта кететін мәселе – үкімет өндіріс дамуына тікелей қатысып, концерндерге қаржы бөледі, жеңілдіктер туғызады, шетел рыноктарында жапон өнімдерінің өтуіне жәрдемдеседі, әлеуметтік қайшылықтарды реттеуге қатысады. 1997 жылы қаржы дағдарысы мен мұнай бағасының күрт өсуі елдің экономикасына айтарлықтай қиыншылық әкелді. Соған қарамастан, Жапония алдыңғы шепте келеді.
Әлемдегі өндіріс саласы шығаратын өнімнің 12%-ы Жапонияның үлесіне тиеді. Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 1999 жылдың соңында 4,5 трлн долларға жеткен. Әлемде Жапония сыртқы сауда айналымы бойынша АҚШ пен Германиядан кейінгі 3-орында. Алтын және валюта қоры жыл сайын ұлғаюда. Оның басқа елдердегі қаржы салымы 1 трлн доллардан, сыртқы сауда айналымындағы таза табысы 140 млрд доллардан асады. Жапон бизнесмендері Оңтүстік-Шығыс Азияда, Қытайда, Африкада, Латын Америкасында, Еуропада, АҚШ пен Канадада - әлемнің түкпір-түкпірінде кәсіпшілікпен шұғылдануда.
2.3. АҚШ – тың жапония экономикасына тікелей инвестициялары.
АҚШ Жапония экономикасына тікелей инвестициялар салуда. Жапония үшін АҚШ инвестициялары неғұрлым тиімді.
Инвестиция — табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция — құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, технологиялық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондайақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторы болып табылады. Шетелдік инвестиция — шет ел инвесторы жүзеге асыратын инвестиция. Әлемдік экономикалық жүйені жаһандандыру жағдайында, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына және ашық нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты шетелдік инвестициялық объективті қажеттілікке айналып отыр. Өтпелі кезеңде экономикалық өрлеу мен нарықтық реформаларды қаржыландыру үшін елдің ішкі қорланымдарының жеткіліксіздігі себепті оның рөлі мен мәні арта түсуде. Шетелдік инвестицияға тікелей шетелдік инвестиция (яғни қаражатты кәсіпорындардың немесе компаниялардың жарғылық қорына не акцияларына салу), қоржындық шетелдік инвестиция, сондай-ақ, сыртқы несиелер, қарыздар, дамуға ресми көмек, гуманитарлық көмек жатады. Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесінің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа рыноктарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестсрдің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Осы кезеңде тартылған тікелей шетелдік инвестицияның ең көп көлемі АҚШ-тың үлесінс тиеді — жалпы көлемінің 33%.
Қолданылған әдебиеттер:
- «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Ә.Нысанбаев. –Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2001. І-том.
- «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Ә.Нысанбаев. –Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2001. І-том.
- Қазіргі заман тарихы. –Алматы. 2005.
- Мировая экономика и международные отношения. 2007, №2.
- «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Ә.Нысанбаев. –Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2001. І-том.
- «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. Бас ред. Ә.Нысанбаев. –Алматы. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы. 2001. І-том.
- Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің және құқық тарихы. Алматы, 2005.
- Мировая экономика и международные отношения. 2007, №2.
- Қазіргі заман тарихы. Алматы. 2005.
- Қазіргі дүние жүзі тарихы. К.Қожахметұлы. Алматы, 2006.
- Жаңа тарих. М.Хаин, Л.Батурина. Алматы, 2003.
- Мировая экономика и международные отношения. 2007, №3.
- Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 2005.
- Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 2005.
- США – Канада. 2006. №3.
- Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006.
- США – Канада. 2007. №4.
- Мировая экономика и международные отношения. 2007, №2.
- Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006.
- США – Канада. 2006. №3.
- США – Канада. 2007. №5.
- Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006. №8.
- США – Канада. 2007. №9.
- Мировая экономика и международные отношения. 2007, №7.
- США – Канада. 2006. №2.
- США – Канада. 2006. №2.
- Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006. №3.
- США – Канада. 2007. №10.
- Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006.
- Шет мемлекеттер қаржылары. Алматы. 2006.