Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері (диплом)

Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері (диплом)
Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің  қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын  рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.

Диплом жұмысының өзектілігі кәсіпорынның айналым активтерін құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жолы болып саналады. Кәсіпорын барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану туралы тағы бір меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасып керек. ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ бөлігі қысқа мерзімді қарыздар есебінен қалыптасады.

Диплом жұмысын жазудағы басты мақсат кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету және олардың құрамын талдау.

Алға қойған мақсатқа орай мынандай міндеттер туындайды:

  • кәсіпорынның айналым құралдарының экономикалык мәні мен жіктелуін ашу;
  • айналым құралдарының түзілу көздерін анықтау;

-  кәсіпорынның ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтердің кұрамы мен құрылымын талдау;

  • айналым құралының айналымын жылдамдатудың негізгі әдістерін қарастыру;
  • материалды-өндірістік запастарды, дебиторлық қарыздарды және қаржы құралдарын басқару бойынша ұсыныстар жасау.
  • Кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен пайдаланудағы қаржылық қарым- қатынастар зерттеу тақырыбы болмақ.

Сондай-ақ, қаржы менеджментінің міндеттерінің күрделілігін анықтайтын басқа да жағдайлар айналым активтерін баскаруға тікелей байланысты. Мұндай міндеттер кешені мен оларды іске асыру механизмі кәсіпорындағы айналым активтерін баскару саясатын қалыптастыруда көрінеді.

Диплом жұмысының объектісі «Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның негізгі қызметі  сүт және сүт өнімдерін өндіру.

Диплом жұмысының теоретикалық негізі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің   кәсіпорынның      айналым   активтерін   баскару   саласындағы жарияланымдары.   Жұмыста   "Смак"   ЖШС-інің   есеп   деректері,    Қазақстан Республикасының заң актілері пайдаланылды.

  1. Айналым капиталының экономикалык мазмұны мен негіздері

1.1. Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні мен жіктелуі

Шаруашылық қызмет жасайтын әрбір кәсіпорынның өнімді үздіксіз өндіру мен сатуды қамтамасыз ететін айналым капиталы болуы тиіс. Айналым құралдары - өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы. Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады.  Айналым құралдарына өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады. Кәсіпорынның айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне қатысып үздіксіз айналым құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісінше түсіп отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады. Осылайша кезек-кезек үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи заттық формасын өзгертеді. Бірінші фазада (А-Т) айналым құралдары алғашында ақша түрінде болып өңдірістік запастарға ауысады, яғны айналым сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т1) айналым құралдары өндіріс процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар мен дайын өнім түріне келеді. Айналым кұралдарының айналымның үшінші фазасы (Т1-А1) қайтадан айналым фазасында өтеді[1]. Дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары қайтадан ақша кұралдары түріне өтеді. Түскен ақшалай түсім мен алғашқыдағы жұмсалған ақша құралдарының айырмасы (А1-А) кәсіпорын ақшасының қорлану мөлшерін көрсетеді. Осылайша толық айналым жасай отырып (А-Т-Ө-Т1-А1) айналым құралдары барлық деңгейлерде уақытпен пареллельді жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде айналым мен өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Айналым құралдарының айналымы органикалық бірліктегі үш фазадан тұрады. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын  айналым құралдарына қарағанда мекеменің негізгі айналым қорлары әр өндіріс процесінде толығымен тұтынылады, өзінің құнын дайын өнімге түгелдей салады және өзінің табиғи түрін өзгертеді. Айналым құралдарын қайта өндіру процесіне орналастыру оларды өндірістік айналыс қорлары мен айналым қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесінде жұмыс жасаса, ал айналым қорлары - айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде және тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді тепе-тендігі құн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым   көп   бөлігіне   байланысты.   Айналым   қорларына   кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ тиелген аяқталмаған есеп айырысудағы ақша қаражаты жатады. Өндірістік айналым қорларының және айналым қорлары сомасының ақшалай көрінісі кәсіпорынның айналым құралдарын құрайды. Кәсіпорынның айналым активтерін мақсатты басқару оларды жіктеуді қажет етеді. Қаржы менеджменті тұрғысынан айналым акивтерін жіктеу төмендегі негізгі белгілері бойынша жүргізіледі:

  1. Түзілудің қаржы көздерінің сипаты бойынша:

а)  Жалпы айналым активтері - өз есебінен және қарыз капитал есебінен түзілген олардың жалпы- мөлшерін сипаттайды.

ә) Таза айналым активтері - өз есебінен және ұзақ мерзімді қарыз капитал есебінен түзілген оның бөлігін сипаттайды.

ТАА-КҚМ,                      (1)

мұндағы, КҚМ — кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.

б)  Жеке меншік айналым активтері — кәсіпорынның өз есебінен түзілген айналым активтерінің бір бөлігі.

ЖМАА= ОА-ҰҚК-КҚМ,

мұндағы ¥ҚК — кәсіпорынның айналым активтеріне инвестицияланған ұзақ мерзімді қарыз капиталы.  Егер кәсіпорын айналым құралдарын қаржыландыруға ұзақ мерзімді қарыз капиталын пайдаланбаған жағдайда жекеменшік және таза айналым құралдарының сомалары сәйкеседі.

  1. Түрлері бойынша:

а) Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін запас түріндегі олардың кіретін материалдық ағымының көлемін сипаттайды.

ә) Дайын өнім қоры (запасы). Сатуға, өткізуге арналған запас түріндегі олардың шығатын материалдық ағымының көлемін сипаттайтын айналым активтерінің түрі. Аяқталмаған өндірістің көлемі мен циклының ұзақтығы шағын болған жағдайда оны айналым активтерінің осы түріне қосады, болмаса — жеке бір түрге жатқызады.

б)  Дебиторлық қарыздар. Заңды және жеке тұлғалардың тауар, жұмыс, қызмет, берілген аванс бойынша және т.б. қаржы міндеттемелерімен көрінетін кәсіпорын пайдасындағы қарыз сомасын сипаттайды.

в)  Ақша активтері. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оған ұлттық және шетел валютасындағы қалдық ақша ғана емес, сонымен бірге қысқа мерзімді қаржы салымдарының сомасын да жатқызады. Олар ақша активтерінің уақытша бос қалдығын инвестиция түрінде қарастырады. Яғни "ақша құралдарының алып - сатарлық қалдығы".

г) Басқалар.

  1. Операциялық процесте қатысу сипатына қарай:

а) Өндіріс цикліне (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар запастары; аяқталмаған өндіріс көлемі; дайын өнім қоры) қызмет ететін айналым активтері;

ә) Қаржы цикліне (дебиторлық қарыз және т.б.) қызмет ететін айналым активтері;

  1. Айналым активтерінің қызмет ету кезеңдеріне карай:

а) "Тұрақты айналым капиталы" — айналым активтерінің   тұрақты бөлігі.

Бірінші трактовкаға сәйкес айналым капиталы (немесе ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) дегеніміз барлық операциялық цикл кезіндегі ақша қаражаттарының, дебиторлық  қарыздың және өндірістік запастардың сұранысы салыстырмалы бөлігі. Бұл кәсіпорынның тұрақты қолданысындағы ағымдағы активтердің орташаланған көлемі, мысалы уақыттық  өлшем бойынша. Басқа трактовка бойынша тұракты айналым капиталы өндіріс қызметін іске асыруға қажетті ағымдағы акгивтердің төмендетілмейтін минимумымен анықталуы мүмкін.

         Бұл дегеніміз кәсіпорын өзінің қызметін іске асыру үшін оған айналым құралдарының белгілі бір минимумы қажет. Мысалы, есеп шоттағы ақша қаражатының тұрақты қалдығы, резервті капиталдың белгілі бір аналогы.

ә) "Ауыспалы айналым капиталы" (немесе ағымдағы активтердің ауыспалы бөлігі) категориясы дағдарыс кезінде немесе сақтандыру қоры ретінде қажетті қосымша ағымдағы активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-материалдық запастардың қажетті сатудың науқанды кезіндегі сатылымның жоғары деңгейін қолдаумен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар сатылым барысына қарай дебиторлық қарыз да өседі. Қосымша ақша қаражаттары шикізат пен материалдар, сондай-ақ еңбек ақы төлемдерін науқан кезінде жабуға қажет.

Өндірістің айналым қорларының жіктелуі:

  1. Өндірістік запастағы айналым қорлары.

а) шикізат, негізгі материалдар;

э) сатып алынатын жартылай фабрикаттар;

б) көмекші материалдар;

в) отын;

г) ыдыс және ыдыс материалдары;

ғ) ағымдағы жөндеуге арналған бөлшектер;

д) тез тозатын шаруашылық заттары мен аспаптар.

  1. Өндіріс процесіндегі айналым қорлары:

а) аяқталмаған өндіріс;

э) жаңа өнімді игеру шығындары;

б) өзі дайындаған жартылай фабрикаттар.

Шикізат - бұл оны табуға немесе өндіруге еңбек жұмсаған еңбек өнімі.

Материалдар - өнеркәсіптік өңдеуге түскен еңбек өнімдері. Мысалы, металлды пракаттау. Негізгі материалдардан өнім жасалады, олар оның негізгі мазмұнын құрайды.

Жартылай фабрикаттар — өндірістің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен, бірақ тағыда өндеу мен жинақтауды қажет ететін еңбек өнімдері.

Ыдыс және ыдыстық материалдар — өндіріске қажетті орамдар мен материалдардың барлық түрлері.

Аяқталмаған өндіріс — өнделіп жатқан немесе өңдеуді қажет ететін, дайын өнімнің құрамына енбеген еңбек өнімдері. Әртүрлі кәсіпорын айналым қорларының құрамы, құрылымы және құны әр алуан. Өйткені ол шығарылатын өнімнің сипаты мен көлеміне, өндіріс циклінің ұзақтығына, өндірістің   механикаландырылу   және   автоматтандырылу   деңгейіне,   көбінесе кәсіпорынның қызмет түріне байланысты. Кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақгылығы көбінесе қаржы ресурстарын активтерге дұрыс және тиімді салуға байланысты.

1.2. Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің  түзілу көздері  

Шаруашылық қызметінің айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі үшін оның көлемі жеке капиталдың көлемінің 1/3 бөлігімен тағайындалады. Өйткені айналым құралдарының көптігі кәсіпорын капиталының бір бөлігі бос жатып, пайда әкелмейтіндігін көрсетеді. Жалақы бойынша қарыздар; бюджетке қарыздар; жеткізушілерге қарыздар және т.б.

Әдетте кәсіпорынның айналым құралдарына деген ең төменгі сұранысы өзінің жеке көздерімен қанағаттандырылады: жарғы капиталының, резервті капиталының, жинақтау қорының және мақсатты қаржыландыру пайдалары.

Кәсіпорынның жекеменшік каражаты кәсіпкерлік қызметтің артуы мен акционерлендіруде шешуші рөл атқарады. Өйткені шаруашылық субъектісінің қаржы тұрақтылығын және оперативті өзіндік қабілетін қамтамасыз етеді. Жекешелендірілген кәсіпорындардың жеке айналым құралдары толығымен олардың құзырында. Кәсіпорындар оны сатуға, азаматтарға, басқа шаруашылық субъектілеріне беруге, жалға беруге және т.б. құқылы[2].

Нарық конъюнктурасы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан кәсіпорындардың айналым құралдарына деген сұраныстары да тұрақсыз. Бірқатар объективті себептерге қарай (инфляция, өндіріс көлемінің өсуі, клиент шоттарын төлеудегі кідірістер және т.б.) кәсіпорында айналым құралдарына деген уақытша қосымша сұраныстар туады. Бұл сұраныстарды тек өз қаржысынан жабу іс жүзінде мүмкін болмай қалады. Сондықтан кәсіпорынның өз есебінен жұмыс істеуінің үстемдігі екінші орынға ығысады. Мұндай жағдайларда шаруашылық қызметтің қаржылық қамтамасыз етілуі қарыз беретін көздерді тартумен қатар жүреді: банк және коммерциялық             несилер, займдар, инвестициялық салықтық несие, кәсіпорын    жұмысшыларының құралдарды пайдалану өз құралдарын пайдаланғаннан анағұрлым тиімді. Сондықтан айналым құралдарын түзу процесін басқарудың негізгі міндеті займды құралдары тартудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Көбінесе банк несиесі түрінде болып келетін займдық құралдар кәсіпорынның құралдарға деген қосымша сұранысын қанағаттандырады. Сонымен бірге банктің несие беруінің шарттарының бастыларының бірі кәіпорынның қаржы жағдайының сенімділігі және оның қаржы тұрақтылығын бағалау. Несие кәсіпорынның пайдасы есебінен жабылады. Егер несие тағайындалған несиені өтеу мерзімі ішінде болса, онда бұл пайда салықтан босатылады. Ал банктік пайыздық төлемге келетін болсақ, белгіленген мерзім уақытында төленген пайыздық шығындар өнімнің өзіндік құнына енеді. Бұл айналым кұралдарын толтыруға берілетін несие Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігіне ашып отырған несие желісі есебінен берілуіне байланысты. Ол Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің есепті ставкасынан аспайды. Несиені өтеу уақытын өткізіп алғанда жағдайда, сондай-ақ несие бойынша пайыздарды төлеу кәсіпорын құзырындағы пайдадан, яғни таза пайда есебінен төленеді. Банк несиелері инвестициялық (ұзақмерзімді) және қысқа мерізмді несие түрінде болады. Банк несиелері негізгі және ағымдағы активтерді сатып алуға кеткен шығындарды қаржыландыруға, сондай-ақ кәсіпорынның маусымдық сұраныстарын қаржыландыруға, тауарлы-материалдық запастардың, дебиторлық қарыздардың, салық төлемдерінің, әдеттен тыс шығындардың уақытша өсуіне қарай қаржыландыруға бағытталады.

Кәсіпорындарға инвестициялық салық несиелері мемлекеттік билік органдарымен беріледі. Ол бойынша кәсіпорынның салық төлемдерінің уақыты шегеріледі. Инвестициялық салық несиесін алу үшін кәсіпорын өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарымен несие келісім шартын жасасады.

Жұмысшылардың инвестициялық жарнасы (салымы) — бұл жұмысшының экономикалық субъектінің дамуына деген белгілі бір пайызға төленген ақшалай жарнасы. Тараптардың пайдасы келісім шартпен немесе инвестициялық салымдар туралы ережелермен рәсімделеді.  Кәсіпорынның  айналым  құралдарына деген сұранысы айналымға қарыздық бағалы қағаздар мен облигацияларды шығару арқылы өтеле алады. Облигация облигацияны ұстаушы мен құжатты эммитациялаған тұлға арасындағы қатынасты растайды.

Айналым құралдарын түзудің тағы бір көзі тартылған қаржылар болып табылады. Бұл топқа тозу (амортизация) қоры, жөндеу қоры, алдағы төлемдер резерві, қаржы резерві, сыйақы және қайырымдылық қорлары және т.б. жатады. Осы қорлардың барлығы және кәсіпорынның резервтері белгіленген уақытта өзінің мақсатты бағытында қолданылады. Яғни айналым құралдарын жабудың көздері ретінде айналымға тартылуы тиіс. Кредиторлық қарыздар әдетте басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың қаржыларын кәсіпорынның айналымына жоспардан тыс тартуға жатады. Мұндай тартылған қаржыларды шоттарды және міндеттемелерді төлеу мерзімі аясында пайдалану занды құбылыс болып табылады. Алайда көптеген жағдайда кредиторлық қарыздар есеп-төлем тәртіптерін бұзу нәтижесінде пайда болады. Осыған орай кәсіпорынның жеткізушілер алдында қабылданып алынған, бірақ ақшасы төленбеген тауарлы-материалдық құндылықтар үшін несиелік қарыздар пайда болады. Салық төлемдерінің уақытын кешіктіргені үшін салық органдарының алдында уақыты өткен қарыздар пайда болады.

Бюджеттен тыс қорларға жарнаны уақытында төлемеу және басқа төленбеген қаржылар кредиторлық қарыздардың пайда болуына әкеп соғады. Кредиторлық қарыздар, оны өтеудің көзі болғандықтан дебиторлық қарыздармен сабақтасып жатады.

Айналым құралдарының түзілуі, пайдаланылуы және ұйымдастырылуы өндіріс барысына, ағымдағы өндірістің және қаржы жоспарының орындалуына белсенді ықпал етеді. Айналым құралдарын ұйымдастыруға кіретіндер:

  • Айналым құралдарының құрамы мен құрылымын анықтау;
  • Айналым кұралдарына деген сұраныстарды айқындау;
  • Айналым құралдарының түзілу көздерін аныктау;
  • Айналым құралдарын басқару әрі бағыттау;
  • Айналым құралдарының тиімді пайдаланылуына және сақталуына жауапкершілік

Өндіріс көлемін және өнімнің сатылуын ұлғайту, жаңа сату нарығын, яғни кәсіпорын капиталының айналым аумағын игеру айналым кұралдарымен жоспарлы, неғұрлым тиімді де үнемді жұмыс істеу арқылы, яғни айналым құралдарының неғұрлым аз мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.

Айналым   құралдарын   жоспарлау  мен  оларды  тиімді   пайдалануға  жауапты менеджерлердің басты міндеті де осы. Кәсіпорынның  айналым  құралдарына деген  сұранысы   көптеген  факторларға байланысты:

  • өндіріс және өткізу көлеміне;
  • бизнес түріне;
  • қызмет аумағына;
  • өндіріс циклінің ұзақтығына;
  • кәсіпорын капиталының құрылымына;
  • кәсіпорынның есеп саясаты мен есептесу жүйелеріне;
  • кәсіпорынның шаруашылық қызметін іс жүзівде несиелеу шарттарына;
  • материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне;
  • тұтынылатын шикізаттың түрлері мен құрылымдарына;
  • кәсіпорынның өндіріс көлемі мен өнімді сатудың өсу қарқынына;

- менеджерлер мен есепшілердің шеберлігіне және тағы басқа факторларға.

Кәсіпорынның айналым құралдарына деген сұранысын тура есептеуді айналым құралдарының өндіріс сферасы мен айналым сферасындағы болған уақытымен жүргізген жөн. Ол жоғарыда аталған факторларға байланысты. Мұны айналым құралдарының айналымдылығы мен пайдаланылу тиімділігін қарастыратын екінші тарауда қарастырамыз.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар жатады.

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның даму қабілетіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің қарастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігін өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туындағанда ол банктің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен жабылады. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің борышты міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз.

Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап (қарыз беруші) екінші бір тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді, ол кезде қарызды алушы жағы сонымен байланысты барлық міндеттемелерді орындауды өз міндетіне алады.

1.3. Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару саясатының негізгі түрлерінің сыныпттамасы

"Айналым капиталы" деген термин ақша қаражаты түріндегі немесе бір жыл, болмаса бір өндіріс циклі ішінде соған айналдырылған кәсіпорынның қозғалмалы активтеріне қатысты. Таза айналым капиталы ағымдағы активтер (айналым құралдары) мен ағымдағы міндеттемелер (қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар) арасындағы айырмашылық ретінде анықталады және айналым активтері қаржының ұзақ мерзімді көздерінен қандай мөлшерде өтеліп жатқанын көрсетеді.

Айналым құралдары әржақты сипатталуы мумкін. Бірақ негізгі сипатамаларына олардың ликвидтілігі, көлемі және құрылымы жатады.

Өндіріс қызметі процесінде айналым құралдарының жеке элементтерінің тұрақты өзгеруі жүріп отырады[3]. Кәсіпорын шикізат пен материалдар сатып алады, өнім шығарады, сосын оны әдеттегідей несиеге сатады. Нәтижесінде дебиторлық қарыз пайда болады. Ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін ақша қаражатына айналады.

Айналым активтерінің айналыс табиғаты айналым капиталдарын басқаруда негізгі мәнге ие. Ағымдағы активтер өтімділік дәрежесі, яғни олардың абсолютті  өтімділікке ие ақша қаражаттарына ауыса алу қабілеті бойынша ажыратылады. Айналым құралдарының көлемі мен құрылымына келетін болсақ, олар көбінесе салалық қарастылығына байланысты анықталады. Мысалы, айналым сферасының кәсіпорындары тауарлы запастың жоғары үлес салмағына ие, қаржы корпорацияларында әдетте ақша каражаттарының көп мөлшері мен олардың эквиваленттері байқалады.

Айналым құралдарының көлемі өндіріс процесінің сұранысымен ғана емес, сонымен бірге кездейсоқ факторлармен де анықталады. Сондықтан айналым капиталын тұрақты және ауыспалы деп бөлу қарастырылған (3-сурет).

Тұрақты айналым капиталы (жүйелі бөлігі) — ағымдағы активтердің өндіріс қызметін іске асыруға қажетті минимумы.

Айналым капиталының ауыспалы категориясы (немесе ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі) науқан кезіндегі резервті капитал ретінде қажетті қосымша ағымдық активтерді көрсетеді.

Айналым капиталдарын басқару саясатының мақсатты бағыты ағымдағы активтердің көлемі мен құрылымын, оларды жабу көздері мен ұзақ мерзімді өндіріске және кәсіпорынның тиімді қаржы қызметіне жеткілікті олардың арасындағы қатынас арқылы анықтау болып табылады. Бұл факторлар мен нәтижелі көрсеткіштердің өзара байланысы көрнекті. Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді үнемі орындамау экономикалық байланыстардың үзілуіне, осыдан шығатын көптеген салдарларға әкеп соғады.

Қалыптасқан мақсатты бағдар стратегиялық сипатқа ие. Сонымен бірге ағымдағы қызметті басқаруды тиімді ететін айналым құралдарының мөлшерін қолдау да маңызды. Күнделікті қызмет тұрғысынан алғанда кәсіпорынның қаржы-шаруашылық сипаттамасының ең маңыздысы оның өтімділігі, яғни қысқа мерзімді кредиторлық қарыздарды уақытында жауып отыру қабілеті. Кез-келген кәсіпорын үшін  өтімділіктің жеткілікті деңгейі шаруашылық қызметтің тұрақтылығының көрінісі.  Өтімділікті жоғалту тек қана қосымша шығындар емес, сонымен бірге өндіріс процесінің ауық-ауық тоқтап қалуына да әкеп соғады. 4-суретте таза айналым капиталының жоғары және төмен деңгейдегі  өтімділіктің қауіптілігі көрсетілген. Егер ақша қаражаты, дебиторлык қарыз және өндірістік-материалдық запастар салыстырмалы төмен жағдайда болса, онда төлем қабілетінің жоқтығы немесе рентабельді қызметті іске асыруға қажетгі қаржының жетіспеу ықтималдығы жоғары.

Суретте көрсетілгендей, таза айналым капиталы көлемінің өсуімен өтімділік қаупі азаяды. Сөзсіз, өзара байланыс неғұрлым күрделі түрде. Өйткені  өтімділік деңгейіне ағымдағы активтердің барлығы бірдей деңгейде әсер етпейді. Дегенмен, айналым құралдарын басқарудың  өтімділікті жоғалту қаупін минимумға жеткізетін қарапайым вариантын жасауға болады: ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден қаншалықты асып тұрса, соншалықты қауіп аз; осылайша таза айналым капиталы өсіруге талпынуға болады.

Пайда мен айналым капиталының деңгейі арасындағы тәуелділік түпкілікті басқа түрге жатады. (5-сурет).

Айналым капиталы төмен дәрежеде болған жағдайда өндірістік қызмет қажетті деңгейде қолдау көрмейді, бұл – өтімділікті жоғалту ықтималдығы, жұмыстың ауық-ауық тоқтауы және пайданың төмендігі. Айналым капиталының бірқатар тиімді деңгейінде пайда максималды болады. Айналым құралдарыньң көлемін одан әрі жоғарылату кәсіпорынның құзырында уақытша бос, қозғалыссыз ағымдағы активтер болуына, сондай-ақ пайданы төмеңдететін қаржыландырудың артық шығындарына әкеліп соғады. Осыған орай айналым капиталдарын басқарудың өтімділік қаупін азайтуға байланысты жоғарыда қарастырылған варианты шындыққа жанаспайды.

Осылайша айналым капиталдарын басқару саясаты ликвидтілікті жоғалту қаупі мен жұмыстың тиімділігі ортасында ауызбірлікке табуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл екі маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді.

  1. Төлем қабілетін   қамтамасыз   ету.   Егер   кәсіпорын   шоттарын   төлеуге, міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болса, мүмкін банкрот болғанын жарияласа, мұндай шарт жоқ деп есептеледі .
  2. Активтердің қол жетерлік көлемін, құрылымын және тиімділігін қамтамасыз ету. Әртүрлі ағымдағы активтердің әртүрлі деңгейі пайдаға әрқалай әсер ететіні белгілі. Мысалы, өндірістік-материалдық запастардың жоғары деңгейі сәйкесінше ағымдағы көп шығындарды қажет етеді. Мұндайда дайын өнімнің кең ассортименті сату көлемін көтеруге және кірісті ұлғайтуға әсер ете алады. Ақша қаражатының, дебиторлық қарыздар мен өндірістік запастардың деңгейіне байланысты әр шешім осы актив түрінің тиімділігі тұрғысынан да, сондай-ақ айналым құралдарының тиімді құрылымы жағынан да қарастырылуы тиіс.

Жоғарыда көрсетілгендей, ағымдағы активтердің өтімділігі мен тиімділігі көп жағдайда таза айналым капиталының деңгейімен анықталады. Қысқа мерзімді қарыз негізгі құралдарды жабудың көзі бола алмайтынын ескерсек, көрсеткіштің бұл мәні нөлден белгілі бір максималды мәнге дейін М өзгеретіні белгілі. Көрсеткіш нөлдік мәнде болғанда «таза айналым» капиталының өтімділігін жоғалту қаупі неғұрлым жоғары мәнге жетеді; бұл көрсеткіштің өсуімен қауіп азаяды. Таза айналым капиталы максималды мәнге М теория түрінде қысқа мерзімді кредиторлық қарыз болмаған жағдайда жете алады. Бұл жағдайда М ағымдағы активтердің құнына тең, ал өтімділікті жоғалту қаупі нөлге тең.

Қаржы менеджменті теориясында ағымдағы активтерді қаржыландырудың әртүрлі стратегиясын атап көрсетеді. Бұл менеджердің оның өзгермелі бөлігін жабу көздерін тандауына тәуелді. Яғни таза айналым капиталының салыстырмалы көлемін талдауына   байланысты.   Мынандай   төрт  модель   белгілі:   мінсіз;   агрессивті;  консервативті; компромисті. Қаржыландыру стратегиясының осы модельдердің ішінен  белгілі бір моделін таңдау ұзақ мерзімді пассивтердің мөлшерін тағайындауға және  оның негізінде таза айналым капиталының көлемін есептеуге әкеледі, яғни ұзақ мерзімді пассивтер мен айналымнан тыс активтердің айырмасы (ТАК = ¥МА-АТА). Сонымен әр стратегияның әрекетіне өзінің базалық баланстық тендігі сәйкес. Әр модельдің статикалық және қарқындық сипаттамасы 6-9 суреттерде көрсетілген.

Ыңғайлы болу үшін келесі белгілерді енгіземіз:

АТА — айналымнан тыс активтер;

АА — ағымдағы активтер (АА=ЖБ+ӨБ);

ЖБ — ағымдағы активтерді жүйелі бөлігі;

ӨБ— ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі;

АП — ағымдағы пассивтер (қысқа мерзімді міндеттемелер);

¥МЗК— ұзақ мерзімді займдық капитал;

ЖМК — жекеменшік капитал;

ҰМП — ұзақ мерзімді пассивтер (¥МП = ЖМК+ҰМЗК);

ТАК — таза айналым капиталы (ТАК = ТА-КП);

Мінсіз үлгіні құрау "ағымдағы активтер" мен "ағымдағы міндеттемелер" категориясының мәніне және олардың өзара сәйкесуіне негізделеді. "Мінсіз" термині бұл жағдайда идеал, оған теңесу керек деген мағынаны емес, активтер мен оларды жабудың көздерінің экономикалық түрғыдан сәйкестілігін білдіреді. Бұл үлгіде ағымдағы активтер көлемі бойынша қысқа мерзімді міндеттемелермен сәйкеседі, яғни таза айналым капиталы нөлге тең. Шын өмірде мұндай үлгі іс жүзінде кездеспейді де. Сондай-ақ өтімділік тұрғысынан бұл неғұрлым қауіпті болып саналады. Өйткені қолайсыз жағдайлар туғанда (мысалы, барлық кредиторлармен бір уақытта есептесу қажет болса) кәсіпорының негізгі құралдарының бір бөлігін ағымдағы кредиторлық қарыздарды жабу үшін сату қажеттігі туады. Бұл стратегияның мәні ұзақ мерзімді пассивтер айналымнан тыс активтер деңгейінде тағайындалады, яғни базалық баланстық тендік (модель) мынандай түрде болады:

¥зақ мерзімді пассивтер-Айналымнан тыс активтер                                    (1)

Белгілі бір кәсіпорын үшін айналым құралдарын басқарудың қаржы стратегиясының келесі үш үлгісі неғұрлым шынайы, олардың негізінде ликвидтілікті қамтамасыз ету үшін жоқ дегенде айналымнан тыс активтер мен ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі ұзақ мерзімді  пассивтермен жабылуы тиіс. Осылайша үлгілер арасындағы айырмашылық ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігін жабу үшін қаржыландырудың қандай көзі тандалатындығымен анықталады. Агрессивті үлгі ұзақ мерзімді пассивтер айналымнан тыс активтерді және ағымдағы активтердің жүйелі бөлігін жабудың көздері екендігін білдіреді. Яғни шаруашылык қызметер жүзеге асыру үшін қажетті оның ең аз мөлшері. Бұл жағдайда таза айналым капиталы осы ең аз мөлшерге дәлме-дәл тең болады (ТАК = ЖБ). Ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі қысқа мерзімді  міндеттемелермен жабылады. Өтімділік тұрғысынан алғанда да бұл стратегия қауіпті, өйткені іс жүзінде ағымдағы активтердің минимумымен ғана шектелу мүмкін емес. Базалық баланстық тендік мына түрде болмақ:

¥зақ мерзімді пассивтер=Айналымнан тыс активтер+Ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі                                                                                       (2)

Консервативті үлгі бойынша ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігі ұзақ мерзімді пассивтер есебінен жабылады. Бұл жағдайда қысқа мерзімді міндеттемелер жоқ, өтімділікті жоғалту қаупі де болмайды. Таза айналым капиталы көлемі бойынша ағымдағы активтерге тең (ТАК = АА). Модель жасанды түрде жасалған. Бұл стратегия ұзақ мерзімді пассивтерді төмендегі базалық баланстык тендеу деңгейінде тағайыңдайды:

Ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі +Ағымдағы активтердің өзгермелілігі                                                                                                         (3)

Компромисстік үлгі неғұрлым шыңдыққа жақын. Бұл жағдайда айналымнан тыс активтер, ағымдағы активтердің және шамамен ағымдағы активтердің өзгермелі бөлігінің жартысы ұзақ мерзімді пассивтермен жабылады. Таза айналым капиталы көлемі бойынша ағымдағы активтердің жүйелі бөлігінің және оның өзгермелі бөлігінің жартысының сомасына тең ( ОК = СЧ + 0,5 * ВЧ). Жекелеген жағдайларда кәсіпорынның артық ағымдағы активтері болуы мүмкін. Бұл пайдаға кері әсерін тигізеді. Бірақ бұл  өтімділікті жоғалту қаупін тиісті деңгейде қолдаудың төлемі ретінде қарастырылады. Стратегия ұзақ мерзімді пассивтерді тағайындауды төмендегі базалық баланстық тендікпен мөлшерлейді:

¥МП = АТА + ЖБ + 0,5 * ӨБ

  1. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді  міндеттемелер тиімділігін талдау  

2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау

Құрылымдық талдау мақсаты — кәсіпорын қаржысының құрылымы мен қарқынын және олардың түзілу көздерін жалпы қаржы жағдайымен танысу үшін зерттеу. Құрылымдық талдау алдын-ала жүргізіледі. Өйткені оның нәтижесі бойынша қаржы жағдайына түпкілікті баға беруге болмайды. Оған қол жеткізу үшін арнаулы көрсеткіштердің есебі қажет. Құрылымдық талдаудың алдында ұйым активтерінің қарқынын бағалау жүргізіледі. Ол активтердің өсу қарқыны мен қаржы нәтижелерінің өсу қарқынын салыстыру арқылы есептеледі. Мысалы, түсім мен тауарды, өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден түскен пайда. Активтердің, сатудан түскен түсімнің және пайданың өсу арқынын салыстыру 1-кестеде көрсетілген.

1-кесте.

Активтердің және қаржы нәтижелерінің қарқынын салыстыру.

Көрсеткіштер 01.01.03 01.01.04 ӨҚ% 01.01.05 ӨҚ%
Активтердің орташа көлемі 3138962 3121582.5 99.45 3187405 102.1
Сатудан    түскен түсім 54620 243589 445.97 361679 148.48
Сатудан    түскен К/шш (птш) -20902 -92148 440.86 -2496 -30.92

*«Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есеп мәліметтері бойынша дайындалды.

Түсімнің және пайданың өсу қарқындары активтердің өсу қарқынынан көп болса, есепті кезенде алдыңғы кезеңге қарағанда кәсіпорынның активтерін пайдалану неғұрлым тиімді болған. Пайданың өсу қарқыны активтің өсу қарқынынан көп, ал түсімнің өсу қарқыны төмен болса, онда активтерді пайдалану тиімділігін көтеру тек өнімнің, тауардың, жүмыстың және қызметтің бағасын көтеру есебінен ғана болған[4]. Қаржы нәтижелерінің (түсім мен пайда) өсу қарқыны активтердің өсу қарқынынан төмен болса, бұл кәсіпорын қызметінің тиімділігінің төмендеуін көрсетеді. Біздің жағдайымызда түсімнің өсу қарқыны пайда мен активтер өсімінің қарқынынан көп (бұл көбінесе бірінші жағдайға келеді), сосын пайданың өсу қарқыны түсім мен активтердің өсу қарқынынан аса бастайды. Бұл жағдайдың тұрақтанып келе жатқандығынан хабар береді. Яғни кәсіпорын қызметінің тиімділігі артып келеді деген сөз. Қаржы нәтижелерінің өзгеруімен салыстырылмаған ұйым активтерінің өзгеруі өзінше аз ақпаратты. Кәсіпорын жұмыстың қаржы схемасын пайдаланған кезде нәтижелік баланстың өзара зачет есебінен төмендеуі басқа себептерге байланысты оның өсуінен асып кетуі мүмкін. Сондықтан қысқа мерзімді (мысалы, тоқсан ішіндегі) активтердің көлемінің азаюы кәсіпорынның жағдайының төмендегендігінің әрқашан дәлелі болады. Әсіресе егер бұған қаржы нәтижелерінің оң қарқыны әсер етсе. Ұйымның активтері айналымнан тыс (АТА) және айналым активтерінен (АА) тұрады. Сондықтан активердің неғұрлым жалпылық құрылымы айналым және айналымнан тыс активтердің қатынас коэффициенті сипаттайды:

Кт = айналым активтері / айналымнан тыс активтер        (3)

Бұл көрсеткіштің мәні көп жағдайда талданып отырған ұйымның құралдарының айналым шеңберінің салалық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл есеп үшін активтер түрі бойынша абсолютті көлемі, олардың барлық активтер көлеміндегі үлес салмақтары, абсолютті көлемдердің және үлес салмақтарының өзгеруі, айналымдағы және айналымңан тыс активтердің қатынас коэффициентінің есепті мерзімдегі мәні мен өзгерісі бойынша мәліметтер қажет (2-кесте). Кәсіпорынның жалпы активтерінің көлемінің өзгерісіндегі әр актив түрі бойынша (айналымнан тыс, айналымдағы) өзгеріс үлесін көрсету қажет.

Кәсіпорынның   айналымдағы   және   айналымнан   тыс   активтерінің   қатынас коэффициентінің деңгейі.

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай, қарастырылып отырған субъектінің айналымдағы және айналымнан тыс активтерінің қатынас коэффициенті төмен дәрежеде: 2002 жылы - 0,16 және 2004 жыпы 0,23. Бұл дегеніміз "Смак" ЖШС-і өндіріс саласына жатады. Алайда осы көрсеткіштің кәсіпорын мүлкіндегі айналым активтерінің үлесін арттыру есебінен өсу қарқыны байқалады, 2002 жылғы 14,1 пайыздан 2003 жылы 18,9 пайызға дейін.

Бұдан соң айналым активтерінің құрылымы мен қарқынына талдау жүргізіледі. Запастардың, дебиторлық қарыздың, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, ақша қаражаттарының қарқынының оң немесе теріс бағасы  қаржы  нәтижелерімен салыстырмалы түрде берілуі тиіс. Айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігі әртүрлі болса, бір жағдайда бұл қызмет аясының кеңеюінің себебі деп бағаланса, басқа бір жағдайда — іскерлік белсенділіктің түсуімен және осыған орай қаржының айналым кезеңіңің ұлғаюымен түсіндіріледі.

"Смак" ЖШС-інің ағымдағы активтерінің қарқыны мен кұрылымын талда

2002 жылы кәсіпорынның ағымдағы активтері 2001 жылға қарағанда 38561 мың теңгеге төмендегені көрінеді, ал 2003 жылы олардың 2002 жылға қарағанда 215255 мың теңгеге немесе 52,98 пайызға өскеңдігін байқаймыз. Бұл ТМЗ-ның өсуімен байланысты, бұл өндіріс көлемінің біршама өскендігін көрсетеді. 1-кесте мәліметтеріне қарасақ, сатудан түскен түсім 148,48 пайызға өскен. Ол шығынның азаюына әкелген. Ағымдағы активтердің құрылымында ТМЗ-ға көп орын беріледі. Сонымен қатар ТМЗ-ның ағымдағы активтердің құрылымындағы үлес салмағының 2001 жылғы 66,8 пайыздан 2003 жылы 95,8 пайызға дейін артқаны байқалады. Дебиторлық қарыздар мен ақша каражаттары қарқыны тұрақты түрде төмендеп, ағымдағы активтер құрылымында аз ғана үлес алады — сәйкесінше 3 пайыз және 1,2 пайыз (01.01.04. мәліметтер бойынша). Айналым құралдарының құрамы деп өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларын құрайтын элементтер жиынтығын айтады. Яғни олардың жеке элементтер бойынша орналасуы. Айналым құралдарының құрамы мен құрылымы экономиканың әр саласында әр түрлі болып келеді. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық белгілері бойынша көптеген факторлармен анықгалады.

Таза айналым капиталы дегеніміз ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер арасындағы айырмашылық. Сондықтан оның компоненттерінің құрамындағы кез келген өзгеріс оның мөлшері мен сапасына тура немесе жанама әсер етеді. Әдетте, таза айналым капиталының қалыпты өсуі оң қарқын ретінде қарастырылады. Алайда басқа да жағдайлар болуы мүмкін. Таза айналым капиталын есептеу 4-кестеде берілген.

Кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, таза айналым капиталы оң мәнге ие. Бұл субъектінің қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. 2005 жылға дейін таза айналым капиталының төмендеу қарқыны байқалады да, 2005 жылдың соңында оның көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 2,76 пайызға өскендігі көрінеді.

4-кесте. «Смак» ЖШС-інің таза айналым капиталы деңгейі (мың теңге)

Көрсеткіштер       2003 жылы 2004 жылы 2005 жылы
Басы Соңы Басы Соңы Басы Соңы
Ағымдағы актив  439100 444884 444884 407093 407093 621579    
Ағымдағы пассив 66839 97082 97082 105361 105361 302270    
Таза айналым капиталы 372261 374802 347802 301732 301732 319309      

              *"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

Ағымдағы активтердің белгілі бір түрін белгілі бір мөлшерде сақтағаннан болған экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері осы актив түріне тән сипатта болады. Мысалы, дайын өнімнің көп запасы (алдағы үлкен сатылымға орай қарастырылған) сұраныс әдеттен тыс өсіп кеткенде өнім тапшылығының тумауына жәрдемдеседі. Осылайша шикізат пен материалдардың жеткілікті көп мөлшердегі запастары осындай запастардың өндіріс процесінің тоқтауынан немесе неғұрлым қымбат тұратын материал-алмастырғыштарды сатып алудан болатын жетіспеушілігі кезінде кәсіпорынды сақтап қалады. Шикізат пен материалдарды көп мөлшерде сатып алуға берілген үлкен тапсырыс әрине үлкен запастардың кұрылуына экеп соғады. Дегенмен егер кәсіпорын жеткізушілерден көп тапсырыс бергені үшін жеңілдіктерге, көтерме бағаға қол жеткізе алса мұндай тапсырысты жасауға әбден болады. Осындай себептерге байланысты кәсіпорында дайын өнімнің жеткілікті запасы болған жөн. Ол өндірісті неғүрлым ұзақ та үнемді басқаруға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде енді кәсіпорынның өзі, әдеттегідей, клиенттеріне жеңілдіктер бере алады. Қаржы менеджерінің міндеті — запастарды сақтаудың нәтижелері мен шығындарын шығарып, қалыпты балансты жасау.Айналым капиталының негізгі құрамдас бөлігі ретінде кәсіпорынның өндірістік запастарын қарастыруға болады. Олар өз кезегінде шикізат пен материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және басқа да запастардан кұралады. Кәсіпорын өз қаражатын запастар құруға жұмсайтын болғандықтан запастарды сақтаудың шығындары тек қана қойма шығындарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге тауардың бүлінуі мен ескіруіне де байланысты.

Көптеген кәсіпорындар запастарды құру мұндай кәсіпорынға тән капиталды салымдарының қауіптілігіндей деңгейде. Сондықтан сақтаудың шығынын есептегенде кәсіпорын капиталының орташа құнын алады.

Дебиторлық қарыз — айналым капиталының маңызды компоненті, бөлігі. Бір кәсіпорын екінші бір кәсіпорынға немесе мекемеге тауар сатқан кезде, оның ақшасы бірден төленеді деп үміттену міндетті емес. Жеткізілген тауарлар үшін төленбеген шоттар (немесе тапсырып алу шоттар) дебиторлык қарыздың көп бөлігін кұрайды.

Дебиторлық қарызға тән элемент — маңызы бойынша құнды қағазға жататын (коммерциялық құнды қағаздар) тапсырып алу векселі.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар. Ақша қаражаттарына кассадағы, есеп шоты мен депозиттік шоттардағы ақшалар жатады. Қысқа мерзімді салымдарды құрайтын бағалы қағаздарға: басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздары, мемлекеттік қазыналық билеттер, мемлекеттік облигациялар және жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар жатады.

Қаржы менеджері қолма-қол қаражат пен бағалы қағаздар арасында таңдау жасағанда өндіріс менеджері шешетіндей міндеттерді орындайды. Қандай жағдайда да ақша қаражатының үлкен қорын құрумен байланысты артықшылықтар болады. Олар қолда бар ақшаның түгесілу қаупін азайтады және заң тағайындаған уақыттан бұрын тарифті төлеу талабын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Екіншіден, уақытша бос, пайдаланылмай жатқан ақша қаражатын сақтаудың шығындары оларды бағалы қағаздарға қысқа мерзімді салу шығындарынан әлдеқайда жоғары. Мысалы, оларда шартты түрде мүмкін болған қысқа мерзімді инвестициялау кезінде алынбаған пайда түрінде қарастыруға болады. Осылайша қаржы менеджері ақша қаражаттарының тиімді запасының мәселесін шешуі керек болады.

Ағымдағы міндеттемелерге қысқа мерзімді несиелер мен кредиторлық қарыздар жатады. Нарықтық экономика жағдайында несиелердің негізгі көздері коммерциялық банктер болып табылады. Әдеттегідей, банктер қарыз алушыдан оның сұрап отырған несиесінің тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілуін құжатпен растауын талап етеді. Басқа вариант бойынша кәсіпорын өзінің дебиторлық қарыздарының бір бөлігін қаржы мекемесіне сатады да, оған қарыз міндеттемесі бойынша ақша алуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ кейбір кәсіпорындар өздерінің қысқа мерзімді қаржыландыруға қатысты проблемаларын өздерінің ағымдағы активтерін кепілге беру арқылы шешсе, кейбіреуі оның бір бөлігін сатуы да мүмкін. Кеңірек талдау жүргізу үшін барлық айналым активтерін тәуекел категориялары бойынша топтастырған жөн.

Мысалы, аяқталмаған өндіріс немесе алдағы кезеңдердің шығындарына қарағанда дебиторлық қарыздарды сатудың ықтималдығы анағұрлым жоғары. Мұндайда айналым құралдары түрлерінің пайдаланылу аймақтарын ескерген жөн. Бір ғана мақсатқа қолданылатын активтертің тәуекелі өте жоғары. Яғни көпмақсатты активтерге қарағанда сатылу ықтималдығы төмен. Жоғары тәуекел категориясына жататын активтерге неғұрлым қаржы  көп салынса, соғұрлым кәсіпорынның өтімділігі төмен.

5-кесте. Ағымдағы активтердің тәуекел дәрежесі бойынша жіктелуі

Дәрежесі Ағымдағы активтер тобы
Ең төменгі Қолма-қол ақша қаражаттары, оңай сатылатын қысқа мерзімді бағалы қағаздар.
Төменгі Қалыпты қаржы жағдайындағы кәсіпорынның дебиторлық қарызы+қорлар (көп жатып қалғандарынан басқа) +сұранысқа ие, халық жаппай тұратын дайын өнім
Орташа Өндірістік – техникалық мақсаттағы өнім, аяқталмаған өндіріс, алдағы мезгіл шығындары.
Жоғары Кәсіпорынның ауыр жағдайдағы дебиторлық қарыздары, пайдаланудан  шығып қалған дайын өнім қорлары, көп жатып қалған қорлар, өтімділік еместер.

*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.

Келтірілген талдаудың дамуы үшін қиын сатылатын активтер мен активтердің жалпы көлемінің қатынасының, сондай-ақ қиын сатылатын және оңай сатылатын активтердің өзгеру қарқынын бағалаған дұрыс. Осы айтылған қарқындардың өсуі өтімділіктің төмендегендігін көрсетеді.

Мұндай талдау жүргізген кезде айналым құралдарындағы сатылатын және оңай сатылатын деп жіктеу тұрақты болмайтындығын естен шығармаған жөн. ол нақты экономикалық шарттардың өзгеруімен ауысып отырады. Мысалы, қамтамасыз ету тұрақсыз болғаңда және ақшасының құнсыздануы жалғасқанда кәсіпорындар ақша қаражаттарын өндірістік қорларға және тауарлы-материалдық құндылықтардың басқа түрлеріне салуға ынталы болуы мүмкін. Оған деген нарық бағасы тұрақты өсуде. Ол аталған топтың активтерін оңай өткізілетіндерге қосуға негіз болады.

Кәсіпорын балансындағы қиын өтетін активтердің көлемінің көптігінің бұдан да ауыр жағымсыз салдарлары болады. Өлі капитал деп аталатын бұл қаржы кәсіпорындағы құралдардың айналымдылығын тежейді. Нәтижесінде оның қызметінің тиімділігін  төмендетеді.   Біздің   кәсіпорындарда   көбінесе   рентабельділік   көрсеткіштерінің  құлдырауы көп жағдайда қиын өтетін активтердің барлығы мен үлесінің өсуімен анықталады.

Соңында, айналым құралдарының жеке элементтерінің құрамында көрінетін қиын өтетін активтер кәсіпорынның  өтімділігінің шынайылығын бұрмалап көрсетеді. Бұл  оның басшылары мен іскер серіктестерін тура жолдан адастыруы мүмкін. Көптеген   кәсіпорындарда   тауарлы-материалдық   құндылықтардың   сақталуын қадағалаудың едәуір әлсіреуі жағдайды одан ары ұшықтыра түседі. Формалді түрде жүргізілген инвентаризация кәсіпорын басшысы мен бухгалтериясына материалдык құндылықтардың саны мен сақгалуының айқын бейнесін ашпайды. Егер қиын өтетін активтер айналым құралдарының көп бөлігін құрайтын болса, онда кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері тез арада қаржы жағдайы мен кәсіпорын жағдайын   тұрақтандыратын   шараларды   қарастыру   керек.   Ондай   шараларға мыналарды жатқызуға болады:

  • "төмен" сапалы активтерді анықтау үшін (тозған қондырғылар, көп жатып қалған материалдар; қайтып   алынуы   мүмкін   емес   дебиторлық   қарыздар)   мүлік инвентаризациясын жүргізу жне кәсіпорын мүлкінің шынайы көлемін анықгау;
  • сатып алушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру (инфляция кезінде өнімді сатудың қолайлы жағдайын күтіп отырмай, оны тезірек өткізіп жіберген жөн);
  • тауарлы-материалдық   құндылықтардың   шектен   тыс   қорларын   қысқарту, нәтижесінде шығатын ақша қаражаттарын қысқарту.

Айналым құралдарын ұйымдастыру олардың тиімділігін арттырудың жалпы кешенді проблемасында негіз қалаушы болып саналады.

Айналым құралдарының өндіріс пен айналымдағы тиімді қатынасын тағайындау өндірістік бағдарламаны орындауды қаржы құралдарымен қамтамасыз етуде маңызды  рөл атқарады. Сонымен бірге айналыс құралдарын пайдалану тиімділігін арттырудың негізгі факторларының бірі болып табылады.

Мемлекет жүргізіп отырған қаржы саясаты кәсіорынның қалыпты өндірістік-қаржы қызметіне кедергі жасауы немесе серпіліс беруі мүмкін. Оның ішіне айналым құралдарын рационалды пайдалану да кіреді. Мемлекетгік салық саясаты мұнда басты рөл атқарады. Мысалы, бірқатар салықтарды (жұмыс, қызмет) өнімнің өзіндік құнына енгізу, қосымша құн салығын бюджетке төлеудің ерекшеліктері, пайда салығын аванспен төлеу кәсіпорынның айналым құралдарын өндірістік емес шығындарға жұмсауға жұмылдырады. Бұл кәсіпорындарды үлкен пайызбен қарыздар алуға, жоспардан тыс қаржы көздерін іздеуге, қаржы тәртібін бұзуға мәжбүрлейді. Айналым құралдарын басқа арнаға бұру олардың айналымдылығын тежейді, кәсіпорын жұмысының тиімділігін төмендетеді, оның қаржы жағдайын нашарлатады. Кәсіпорынның айналым құралдарын ұйымдастыру міндетті түрде олардың сақталуы мен тиімді пайдалануын жүйелі түрде бақылаумен іске асады. Бұған ревизиялар мен статистикалық мәліметтер, операциялық және бухгалтерлік есептер негізіндегі зерттеулерді жатқызуға болады. Бұны активтердің құрылымы мен құрамын адын-ала талдамай іске асыру мүмкін емес. Сондықтан оған ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Міндеттеме – бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борыш қордың нақты әрекетіне мыналар жатады:

  • мүлікті беру;
  • жұмысты орындау;
  • ақша төлеу

және басқалар әйтпесе бір әрекеттен бас тарту, ал несие беруші борыш қорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған кәсіпорынның берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағымына әкеліп соғады.

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс-жүзіне асырады:

  • ақшалай қаражатпен төлеу;
  • активтерді табыстау;
  • қызмет ұсыну;
  • міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
  • міндеттемені капиталға айналдыру.

Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімдік кредиттік берешек, ол операция кезеңінде немесе есептелінетін күнінен 12 ай ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеелді.

Қысқа мерзімді міндеттемелер – бұл кәсіпорынның жабдықтаушылармен, жұмысшылармен, банктермен, мемлекетпен және де басқа да кәсіпорындар арасындағы төленбеген қарызы болып табылады. Қысқа мерзімді міндеттемелердің тиімділігі кәсіпорынның өндіріс циклының тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді. Ол өзінің түскен табысымен немесе активтерін ақшаға айналдыру арқылы басқа да кәсіпорындармен есеп айырысады.

2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін  қарастыру

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаржының қаншалықты тез шынайы ақшаға айналатындығымен тығыз байланыста. Құралдардың айналым жылдамдығымен байланысты:

  • авансталған (іске қосылған) капитал мен онымен байланысты ақша қаражаттарының (банк несиесін пайдаланғаны үшін пайыз, акциялар бойынша дивиденттер және т.б.) ең аз қажетті көлемі;
  • қосымша қаржыландыру көздеріне деген қажеттілік;

-   тауарлы-материалды құндылықтарға ие болу мен оны сақтауға байланысты шығындар сомасы;

- төленетін салықгар көлемі және т.б.

Кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің әртүрлі айналым жылдамдықтары бар. Қаржылардың айналымда болу ұзақтығы бірқатар әрбағытты ішкі және сыртқы факторлардың жиынтық әсерімен анықталады. Біріншілер қатарына кәсіпорынның қызмет сферасын (өндірістік, қамдау-өткізу, делдалдық және т.б.), салалық бағытын (станок құрылысы зауыты мен кондитер фабрикасындағы айналым құралдарының айналымдылығы күмәнсіз әртүрлі), кәсіпорындардың көлемі, масштабы (шағын кәсіпорындарда құралдардың айналымдылығы ірі кәсіпорындарға қарағанда анағұрлым жоғары — бұл да шағын бизнестің бір артықшылығы) және басқа бірқатар факторлар. Активтердің айналымдылығына елдегі экономикалық жағдай мен оған байланысты кәсіпорынның шаруашылық шарттары да бірталай әсер етеді. Мәселен, инфляция процестері, көптеген кәсіпорындардың жеткізушілермен және сатып алушылармен жолға қойылған шаруашылық байланыстарының болмауы қолдалануға мәжбүрлейді, ол өз кезегінде құралдардың айналым процесін тежейді. Бірақ атап айтуымыз керек, қаржының айналымда болған кезеңі кәсіпорын қызметінің ішкі жағдайларымен біршама деңгейде анықталады. Бірінші кезекте оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (болмаса оның жоқтығымен). Шынында қолданылып отырған баға саясатына, активтер құрылымына, тауарлы-материалдық запастарды бағалау әдістемесіне қарай кәсіпорын өз қаржысының айналу ұзақтығына әсер етудің үлкен немесе кіші еркіндігіне ие болады.

Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентінің мөлшеріне активтерді басқарудың қабылданған стратегиясы тікелей әсер ететіндігін естен шығармаған жөн. Осылайша кәсіпорын өз активтерінің айналымдылық коэффициентінің көлемін реттеуге белгілі бір мүмкіндік алады[5].

Айналым құралдарының мынандай айналымдылық көрсеткіштері болады: айналымдылық коэффициенті (айналым жылдамдығы), ұзақтығы (айналым уақыты), айналым құралдарын салу коэффициенті.

Бір айналымның ұзақтығы аз болған сайын айналым құралдары соғұрлым көп айналым жасайды. Айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдатқанда оларға деген қажеттілік азаяды да, өнім шығару үшін резерв ұлғаяды. Айналым кұралдарының айналымдылығын жылдамдату үшін олардың өндіріс сферасында және айналым сферасында болу уақытын азайту қажет. Бұл үшін бұйымды өндеу уақыты мен жинақтау уақытын механизациялау мен автоматтандыру арқылы қысқарту қажет; жаңа техниканы пайдалануды жақсарту; өнімді өңдеу кезінде оны бақылау мен тасымалдауды жылдамдату; материалдар, отын, ыдыс, аяқталмаған өндіріс запастарын тағайындалған нормативтерге дейін қысқарту; өндірістің барлық бөлімшелері мен цехтарындағы жұмысты жеделдетуді, материалдарды кәсіпорынға және жұмыс орындарына уақытында жеткізуді қамтамасыз ету; дайын өнімді тиеп жіберуді жылдамдату; жеткізушілермен есеп айырысуды өз уақытында және жылдам іске асыру; өнімнің сапасын арттыру, тұтынушыларға жеткен дайын өнімнің қайтып келуін болдырмау және т.б.

Бір айналымның ұзақтығы өндірістік запастарды, өндіріс циклының ұзақтығын және дайын өнімді жеткізу уақытын қысқарту есебінен азайтылуы мүмкін. Өндірістік запастардың нормасын олардың шығындарын жетілдіру, тапшы шикізатты неғұрлым арзанмен алмастыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану, қолданылатын материалдың сапасын арттыру, материалдарды жеткізу уақытының жылдамдығын арттыру, тиеу-түсіру жұмыстарының уақытын азайту, көп рет пайдаланылатын ыдыстарды қолдану және т.б. арқылы төмендетуге болады. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар материалдық құндылықтардың орта тәуліктік шығындарын азайтуға және жеткізулер арасындағы интервалды, яғни айналым құралдарына деген сұранысты қысқартуға септігін тигізеді.

Өндіріс циклының ұзақтығын қысқарту аяқталмаған өндірісте құралдардың айналымын жылдамдату үшін маңызды рөл атқарады және өңдіріс процестеріннің қарқындатылу деңгейімен, дайындалған өнімнің номенклатурасын азайтумен, қайта енгізілген өндірістік күштердің игерілу мерзімімен, шығарылатын өнімнің еңбек сиымдылығын төмендетумен, негізгі капиталды пайдалануды жақсартумен, өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен және т.б. қамтамасыз етіле алады. Айналым құралдарының өндірісте болу мерзіміне: тікелей қызмет ететін (өндейтін) процесте болатын өндірістік айналым кұралдарының уақыты; жұмыс күшін қажет етпейтін өндіріс процесіндегі үзіліс уақыты; өндірістің айналым құралдары запас күйінде тұратын уақыт.

Айналым құралдарының айналым сферасында болу уақыты кәсіпорынның кассадағы, банк шоттарындағы және шаруашылық субъектілерімен есеп айырысудағы ақша қаражаттарының өтпеген өнімнің қалдығы түрінде болу уақытын қамтиды. Айналым құралдарының жалпы айналым уақыты (бір айналымның ұзақтығы немесе айналым жылдамдығы) олардың өндіріс сферасы мен айналым сферасында болған уақытынан құралады. Ол айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігіне және кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ететін маңызды сипаты болып табылады. Айналым құралдарының айналымдылығы — оларды пайдалану тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Айналым құралдарын басқарудың тиімділігін бағалаудың критериі ретінде уақыт факторы алынады: айналым кұралдары неғұрлым бір түрде болса (ақша немесе тауар түрінде), соғұрлым оларды пайдалану тиімділігі төмен, және керісінше. Айналым құралдарының айналымдылығы оларды пайдаланудың қарқындылығымен сипатталады.

Айналым сферасының салалары үшін мына көрсеткіштердің рөлі өте жоғары: сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, делдалдық қызмет, банк бизнесі және т.б. Айналымдылықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі айналым уақыты. Ол бір жыл ішінде айналым құралдарының қанша күн ішінде айналатындығын көрсетеді:

АУ = (AАОК*360)/ОКСТ,                        (4)

Мұндағы:

  В — осы айналымның уақыты;

ААОК — ағымдағы активтердің орташа көлемі;

Т - 360 — уақыт кезеңі;

ОКСТ — осы кезеңдегі сатудан түскен түсім.

Күн есебіндегі айналымдылық қанша уақыт ішінде айналым құралдары осы кәсіпорын айналымының барлық кезендерінен өтетіңдігін көрсетеді. Құн есебіндегі айналымдылық қаншалықты жоғары болса, кәсіпорынға соншалықты ақша қаражаттары қажет, соғұрлым қаржы ресурстары үнемді пайдаланылады. Айналымдылық сонымен бірге айналым жылдамдығымен де есептеледі, яғни жылына айналым құралдары қанша рет айналады:

С=ОКСТ/ААОК (5)

Мұндағы: С — айналым жылдамдығы.

Айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату олардың айналымнан абсолютті және салыстырмалы босап шығуына себепші болады. Абсолютті босап шығу дегеніміз өнімді сату көлемін ұлғайтқанда айналым құралдарының сомасының ағымдағы жылда өткен жылға қарағанда төмендеуі. Сату көлемінің өсу қарқыны айналым құралдарының өсуі қарқынынан асып түскенде салыстырмалы босап шығу пайда болады. Бұл жағдайда айналым құралдарының оқ көлемін сатып-өткізудің үлкен мөлшері қамтамасыз етеді. Жалпы төлем айналымының жоғары инфляция кезінде өсуіне байланысты айналым құралдарының абсолютті босап шығуы мүмкін емес. Сондықтан ресурстардың салыстырмалы босап шығуын талдауға және оған жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Айналым құралдарының абсолютті босауы — бұл осы кездегі жоспарлы сұраныс пен нормаланған айналым құралдарының қалдығының орташа нақты сомасының айырмасы. Салыстырмасы босап шығу — бұл нормаланатын айналым құралдарына деген жоспарлы және есепті сұраныстар арасындағы айырмашылық.

Кәсіпорын үшін өзінің жекеменшік айналым құралдарымен де қамтамасыз етілгендігі өте маңызды. Ол жеке айналым кұралдарының жалпы айналым құралдарына қатынасымен есептеледі.

Кәсіпорынның материалды ресурстармен қамтамасыз етілуін талдағаннан кейін оларды   пайдаланудың  тиімділігі   мен   бағалауға   көшу   керек.   Ол   бірқатар көрсеткіштермен айқындалады. Негізгілеріне өнімнің  материал сыйымдылығы мен материал қайтарымдылығы жатады.

Материал сыйымдылығы өнімнің құндық көлемінің 1 теңгесіне шаққандағы шығын үлесін сипаттайды; оның кері көрсеткіші — материал қайтымдылығы. Ол 1 теңге өнімге   кеткен   материалдық шығындарды   көрсетеді.   Материал сыйымдылығы көрсеткіштерінің жүйесіне кіретіндер:

  • материалды шығындардың барлық көлеміне  катысы  бар  жалпы  материал сыйымдылық (тозусыз), тауарлы өнімнің құнына және кәсіпорынның материалды ресурстарын жиынтық пайдалануды сипаттайды;
  • жеке материал сыйымдылығы, ол материалды шығындардың нақты тобының натуралды және құнды көріністегі өнім шығаруға қатынасы және материалдық ресурстардың жеке элементтерінің пайдаланылуын сипаттайды;

Өндірісті материалдармен қамтамасыз етуде олардың жиынтықтылығы өте маңызды.

Кәсіпорынның   шығындары   запастың   жетіспеушілігіне   қарағанда   қолда   бар материалдардың жиынтықсыздығынан көп болады. Сондықтан қалдықты натуралды және бағалық түрде есептеп қана қоймай, оның жиынтығына да назар аударылады.

Пайдалану   тиімділігін   көтерудің   тағы   бір   тәсілі   айналым   құралдарының нормативтерін дұрыс есептеу болып табылады.

Норматив — бұл кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін үнемі қажетті айналым  құралдарының минималды жоспарлы мөлшері. Айналым құралдарының нормативінің (Н) ақшалай көрінісі былайша есептеледі:

Н = Р*Д,                        (7)

Мұндағы: Р — өндіріс шығындарының сметасы бойынша айналым активтерінің элементтерінің бір күнгі шығыны;

Д — айналым құралдарының нормасы, запас күнімен.

Әр кәсіпорынның жекеменшік айналым құралдарының нормативтері төмендегі негізгі көрсеткіштермен анықталады:

  • өнім өндірісінің және оны өткізу көлемімен;
  • өнімді өндіру, сақтау және сатып өткізу шығындары;

3)    тауарлы-материалды   құндылықтардың   жеке   түрлері   бойынша   айналым құралдарының запас нормалары және күнмен есептелген шығындар.

Айналым құралдары нормативтерін есептеудің үш әдісіс неғұрлым кең таралған: аналитикалық, тура есептеу әдісі, коэффициенттік әдіс.

Нормалаудың аналитикалық  немесе тәжірибе-статистикалық  әдісі   өндірісті ұйымдастыру, жабдықтау және сатып-өткізудің қалыптасқан практикасын көрсетеді. Бұл әдістің маңыздылығы қолда бар тауарлы-материалды құндылықтарды талдаған кезде олардың нақты запастары реттеледі және артық немесе қажетсіз құндылықтар шығарылып тасталады. Тура есептеу әдісі бойынша айналым құралдарының кәсіпорынның қол жеткізген ұйымдастыру-техникалық деңгейін ескеру арқылы әр төлемешінің запастарын ғылыми негізге сүйене отырып есептейді. Мұнда техника мен технологияның дамуынан болған, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлы-материалдық құндылықтарды тасымалдауда, есептеу саласында болып жатқан барлық өзгерістер назардан тыс қалмай қарастырылады. Коэффициенттік есептеу кезінде алдыңғы кезендегі еркін нормативке өндіріс көлеміндегі  және  қаржылардың  айналымдылығын  жылдамдатудағы  жоспарлы өзгерістердің түзетулері енгізіледі. Егер нормативтер тура есептеу әдісімен әр кезеңде нақтыланып отыратын болса, онда айналым құралдарының жеке элементтері бойынша дифференциалдық коэффициенттерді қолдануға болады.

Нормалаудың негізгі тәсіліне айналым құралдарының әр элементі бойынша жеке тура есеп әдісі жатады. Нормалаудың басқа әдістері өнеркәсіпте косымша әдіс ретінде қолданылады.

  1. Айналым капиталының негізгі элементтерін басқару

Ақша ағымдарын басқару қаржы менеджері қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған ақша қаражатының айналым уақытын есептеу, ақша ағымын талдау, оны болжау, ақша қаражатының тиімді деңгейін анықтау, бюджеттерді жасау және т.б. Джон Кейнстің пікірі бойынша ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің маңыздылығы үш себеппен анықгалады: ескішілдікке негізделген (ағымдағы операцияларды ақшамен қамтамасыз ету кажеттігі), сактау (болжанбаған төлемдерді өтеу қажеттілігі), алыпсатарлық (болжанбаған пайдалы жобаға қатысу мүмкіндігі). Ақша қаражаттары айналымнан дерексізденген уатты ағымын сипаттайтын қаржы циклы қаржы менеджментінің басты сипаттамасы болып табылады. Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау ағымдық, инвестициялық, қаржы қызметінің және т.б. нәтижесіндегі ақша ағымының сальдосын анықтауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттары козғалысын талдауда схема колданылады. Тек қарапайым болуы үшін кейбір көрсеткіштер агрегатталуы мумкін. Өйткені көптеген көрсеткіштерді тура болжау өте қиын. Әдетте болжау жоспарлы кезеңдегі ақша қаражатының бюджетін жасауға негізделеді. Мұнда тек ағымның негізгі құрамдас бөліктері ғана ескеріледі: өткізу көлемі, қолма қол ақша түріндегі түсімнің үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың көлемі, ақша шығындарының көлемі және т.б. Болжау әдістемесіне жататындар: түсімдерді, шығыстарды болжау, таза акша ағымдарын есептеу, қысқа мерзімді қаржыландырудың жиынтық қажеттілігін анықтау.

Қаржы циклын есептеу.

Қаржы циклы немесе қолма-қол ақша айналымының циклы ақша қаражаттары айналымнан дерексіздендірілген уақыт мерзімін білдіреді. Ақша қаражаты айналымының өндіріс қызметіндегі негізгі кезендері төмендегі суретте көрсетілген[6].

Келтірілген сызбаның логикасы төмендегідей. Операциялық цикл қаржы ресурстары және   дебиторлық   қарыздар   апастарға   жансыздандырылған   жалпы   уакытты сипаттайды.   Кәсіпорын   жеткізіп   берушілердің   шоттарын   уақыт   шегерісінде төлегендіктен ақша қаражаттары айналымнан дерексіздендірілген уақыт ішінде, яғни қаржы циклы кредиторлық қарыздың айналым уақытынан орташа уақыттан азырақ.

Осылайша қаржы циклының айналым күнімен есептелген ұзақтығы (ПФЦ) мына формула бойынша есептеледі:

ПФЦ= ОЦ¥ - КҚАУ = ӨЗАУ + ДҚАУ- ВОК,                                  (8)

Мұндағы ОЦ¥— операциялық циклдың ұзақтығы;

КҚАУ — кредиторлық қарыздың айналу уақыты;

ӨЗАУ — өндірістік запастардың айналым уақыты;

ДҚАУ — дебиторлық қарыздың айналым уақыты;

Т — орташа көрсеткіштер есептелетін кезең ұзақтығы (әдетте, жыл, яғни Т = 360 күн).

Есептің ақпаратпен қамтамасыз етілуі — бухгалтерлік есеп. Есептеуді екі жолмен жүргізуге болады: а) дебиторлық және кредиторлық барлық мәліметтер бойынша; ә) өндіріс процесіне тікелей   қатысты дебиторлық және кредиторлық мәліметтер бойынша.

Қаржы циклының ұзақтығын есептеу:

01.01.03:     1888+161-1632 = 417 күн.

01.01.04:     438+44-308 = 174 күн.

01.01.05:     444+35-225 = 254 күн.

Операциялық және қаржы циклдерінің қарқынды қысқаруы жағымды беталыс ретінде қарастырылады.   Егер   операциялық   циклдың   қысқаруы   өндіріс   процесінің жеделдетілуімен және дебиторлық қарыздардың айналымдылығымен жасалатын болса, онда қаржы циклы осы факторлар есебінен де, сондай-ақ кредиторлық қарыздың айналымдылығының біршама қиындықсыз баяулауы есебінен де қысқаруы мүмкін. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп — бұл қаржы жағдайының өзгеруі туралы ақша қаражаттарының шығу әдісі негізінде құрылған есеп. Ол ақша қаражатының болашақ түсімдерін бағалауға, фирманың өзінің қысқа мерзімді қарызын жабу және дивиденттерді төлеу қабілетін талдауға, қосымша қаржы ресурстарын тарту кажеттігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл есеп арнаулы форма бойынша құрылады. Онда ақша қаражаттарының қозғалысы үш бағыт бойынша топтастырылған: операциялық сфера, инвестициялық және қаржы сферасы.

Өндірістік-шаруашылық қызмет сферасында пайда мен шығын туралы есепте таза пайданы есептеуге пайдаланылатын баптар көрсетілген.

Мұнда сатып алушылардың тауар және көрсетілген қызмет, пайыздарды төлеуі сияқты түсімдер кірген. Өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының өсімі мен азаюын есептей үшін төмендегі операцияларды іске асыру қажет:

1) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді ақша ағымы әдісін негізге ала отырып есептеу. Айналым активтерінің баптарын түзеткен кезде олардың өсімін таза пайдадан алып тастап, ал олардың қарастырылып отырған кезең ішіндегі азаюын таза пайдаға қосу қажет. Қысқа мерзімді міндеттемелерді түзеткен кезде керісінше, олардың өсуін таза пайдаға қосу керек, өйткені бұл өсім ақша қаражаттарының шығып кеткендігін көрсетпейді; қысқа мерзімді міндеттемелердің азаюы таза пайдадан алынып тасталады.

2) Ақша қаражатының төлемдерін қажет етпейтін шығынға таза пайданы түзетуді жүргізу. Бұл үшін кезең ішінде болған сәйкесінше шығындарды таза пайданың сомасына қосу. Мұндай шығындарға материалды айналмайтын активтердің тозуы мысал бола алады.

3)  Әдеттен тыс қызметтен келген пайда мен шығындардың әсерін, сондай-ақ айналмайтын активтерді және басқа компаниялардың бағалы кағаздарын сату нәтижелерін   жоққа шығару. Бұл операциялардың әсер етуі пайда туралы есепте ескерілген   таза   пайда   сомасын   есептеуде   қайталау   шоты   болмас   үшін элиминацияланады: бұл операциялардың шығындарын таза пайдаға қосқан жөн, ал пайданы — таза пайда сомасынан алып тастау.

Инвестициялық қызмет негізінен айналмайтын активтердегі өзгерістерге қатысты  операциялардан тұрады. Бұл — "Жылжымайтын мүлікті сату мен сатып алу", "Басқа  компаниялардың бағалы қағаздарын сату мен сатып алу", "Ұзақ мерзімді займдар беру", "Займдарды жапқаннан түскен қаржылар" және т.б. Қаржы сферасы мынандай операцияларды қамтиды: фирманың ұзақ мерзімді міндеттемелері мен жекеменшік капиталындағы өзгерістер, өз акцияларын сату мен сатып алу, компанияның облигацияларын шығару, дивиденттерді төлеу, өзінің ұзак мерзімді міндеттемелерін өтеу.

Өндірістік-шаруашылық қызмет бөлімінде таза пайда сомасы келесі баптармен реттеледі:

1) таза пайдаға қосылады: тозу (амортизация), тапсырып алу шоттарының азаюы, алдағы кезеңдердің шығындарының өсуі, материалдық емес активтерді өткізу шығындары, салық төлемдері бойынша қарыздың өсуі;

2) алынып тасталады: бағалы қағаздарды сатудан түскен пайда, аванстық төлемдердің ұлғаюы,   МПЗ (материалдық-өндірістік запастардың), төлем шоттарының азаюы, міңдеттемелердің азаюы, банк несиесінің азаюы. Инвестициялық қызмет бөлімінде:

1)      қосылады: бағалы қағаздарды және материалдық айналымды емес активтерді сату;

2)  алынып тасталады:   бағалы қағаздарды және материалдық айналымды емес активтерді сатып алу;

Қаржы қызметі сферасыңда:

  • қосылады: қарапайым акциялардың эмиссиясы;
  • алынып тасталады: облигацияларды жабу мен дивиденттерді төлеу.

Талдаудың соңында фирманың қаржы жағдайының өзгергендігін көрсететін ақша қаражаттарының жыл басындағы және жыл соңындағы есебі жургізіледі.

Өнімнің өзіндік құнына енетін шығындар (несиеге сату көлемінің өзгеруі, салықтар салу және дивиденттер) пайданың өзгеру факторлары болып табылады. Есептік пайда сондай-ақ ақша қаражатының қозғалысын көрсетпейтін түзетулер көлемімен реттеледі:

а) негізгі құралдар мен материалды емес активтердің тозуы;

3) негізгі құралдар мен материалды емес активтерді сатып өткізгеннің зияны;

б) негізгі құралдарды сатудан түскен пайда;

в)       ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығыны.

Кәсіпорынның айналым капиталы мен ағымдағы активтерінің қозғалысы қаржы жағдайының маңызды компоненті болып табылады. Капиталдың барлық айналым процесі мобильді активтердің айналымынан басталғандай болады, кәсіпорынның шаруашылық   белсенділігінің   барлық   қатысушылары   қозғалысқа келтіріледі.

Сондықтан айналым құралдарын жеделдету, пайдамен айналым капиталының қозғалысын синхронизациялау факторына неғұрлым көп көңіл бөлу.

Айналым капиталының "келу" факторлары болып табылатындар:

  • тауарларды сату;
  • мүліктерді сату;
  • дебиторлық қарыздың өсуі;
  • акциялар мен облигацияларды қолма-қол ақшаға сату. Айналым капиталының "кету" факторлары болып табылатындар:
  • шикізат пен материалдар сатып алу;
  • негізгі құралдар объектілерін сатып алу;
  • несие пайыздарын төлеу;
  • күмәнді қарыздар бойынша резервтерді ұлғайту;
  • тауарлы-материалды запастарды есептен шығару;
  • еңбек ақы төлемдері.

Кәсіпорынның тұрақты қызметі үшін ақша қаражаттары қозғалысының жылдамдығы ерекше маңызды. Кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығының негізгі шарттарының бірі оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының келуі болып табылады.

Ақша қаражаттарының ең аз мөлшердегі қорының болмауы кәсіпорынның қаржы жағдайының қаншалықты қиыншылықга екендігін білдірсе керек. Ал ақша қаражаттарының шектен тыс болуы кәсіпорынның шын мәнінде шығынға ұшырап жатқандығын көрсетеді. Біріншіден, бұл инфляциямен және ақшаның құнсыздануымен байланысты болса, екіншіден оларды тиімді орналастырып, пайда табу мүмкіндігін жіберіп алғандықтан болуы мүмкін. Осыған орай кәсіпорындағы ақша қаражаттарын тиімді пайдалану деңгейін бағалау қажеттігі туындайды. Мұндай талдаудың түрлі тәсілдері бар. Мәселен, қаржы қиыншылығының пайда болуының ерекше барометрі ретінде кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері өскен кездегі ағымдағы активтер құрамындағы ақша қаражаттарының үлесінің азаю қарқынын алуға болады. Сондықтан ақша қаражаттары мен неғұрлым жедел міндеттемелер (мерзімі ағымдағы айда аяқталатын) арасындағы қатынасты ай сайын талдау кәсіпорындағы ақша қаражаттарының артықтығының (жетіспеушілігінің) толыққанды суретін бере алады.

Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысын шынайы ашу, ақша қаражаттарының түсуі мен жұмсалуының біркелкілігін бағалау, сондай-ақ алынған қаржы нәтижесі мен кәсіпорындағы ақша қаражаттарының жағдайын байланыстыру ушін ақша қаражаттарының түсуі мен кетуінің барлық бағыттарын айқындап, талдау қажет.

Осылайша ақша қаражаттарына запастары басқару теориясында жасалған, акша қаражаттарының   көлемін   оптимизациялайтын   модельдер   қолданыла   алады. Мыналарды бағалау туралы сөз болып отыр: а) ақша қаражаттарының және оның эквиваленттеренің жалпы көлемі; ә) олардың қай бөлігін есеп шотта ұстап, ал кай бөлігін оңай өтетін бағалы қағаз ретінде ұстауға болады; б) ақша қаражаттары мен тез өтетін активтердің өзара өзгеруін қашан және қандай көлемде іске асыру. Батыс практикасында Баумол мен Миллер — Оррдың модельдері кең таралған. Бірінші модельді В. Баумол 1952 жылы, ал екіншісін М. Миллер (М. МШег) мен Д. Орро 1966 жылы жасады. Бұл модельдерді отандық практика енгізуге біздегі инфляцияға, жоғары есеп ставкаларына, бағалы қағаздар нарығының дамымағандығына   және   т.б.   қиыншылық   тудырып   отыр.   Сондықтан   бұл модельдердің тек теориялық сипаттамалары мен шартты қолданыс мысалдарын келтіреміз. Баумол моделі.

Кәсіпорын қызметінің басында ақша қаражаттарының максималды және мақсатты деңгейі бар делік. Содан кейін ол белгілі бір мезгіл ішінде біртіндеп жұмсала бастайды. Кәсіпорьшның тауарлар мен қызметтерді сатқаннан түскен барлық  мерзімді бағалы қағаздарға салынады. Ақша қаражатының қоры таусыла салысымен, яғни нөлге жеткенде немесе белгілі бір қауіпсіздік деңгейіне жеткенде кәсіпорын бағалы қағаздардың бір бөлігін сатады да, сонымен ақша қаражаттарының запасын алғашқы деңгейге дейін толтырады. Осылайша қаржы қалдығының есеп шоттағы қалдығы "ағаш кесетін ара тәрізді" график құрайды (11-сурет).

Толтыру сомасы (Q) төмендегі формуламен есептеледі:

Q =V(2*V*с)/r,

Мұндағы V — ақша қаражаттарына деген кезең ішіндегі болжау жасалып отырған қажеттілік (жыл, тоқсан, ай);

с — ақша қаражатын бағалы қағаздарға айырбастаудағы шығындар.

г — кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы салымдары бойынша мүмкін және қолайлы пайдасы, мысалы, мемелкеттік бағалы қағаздар бойынша.

Есеп шоттағы қаржы қалдығы

K =V:Q                   (10)

Ақша қаражаттарын басқарудың осындай саясатын іске асырудың жалпы шығындары  (ОР) мьшаны құрайды:

ОР = ск + гQ/2    (11)

Бұл формуладағы бірінші қосынды тікелей шығындарды көрсетсе, екінші — қаржыны бағалы қағаздарға инвестицияламай есеп шотта сақтағаннан жіберіп алған пайда.

Миллер - Орр моделі.

Баумол моделі қарапайым әрі ақшалай шығындары тұрақты әрі болжанатын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Іс жүзінде мұндай сирек болады; есеп шоттағы ақшаның қалдығы кездейсоқ жағдайлармен өзгереді, әрі біршама ауытқулар болуы мүмкін.

Миллер мен Орр жасаған модель қарапайымдылық пен шынайылық арасында бітімге келген модель. Ол мына сұраққа жауап беруге көмектеседі: егер қаражаттың күнделікті келуі мен кетуін болжай алмаған жағдайда кәсіпорын өзінің қаржы запасын қалай басқаруы керек? Модельді құруда Миллер мен Орра Бернуллидің процесін — стохастикалық процесті пайдаланады. Онда кезеңдерден кезендерге дейінгі аралықтағы ақшаның тусуі мен жұмсалуы тәуелсіз кездейсоқ құбылыстар. Қаржы менеджерінің есеп шоттағы қалдық қаржыны басқару қызметінің логикасы төмендегі суретте көрсетілген және оның мәні мынада. Шоттағы қаражаттың қалдығы жоғарғы шекке жеткенге дейін ретсіз өзгеріп отырады. Бұл іске аса салысымен кәсіпорын бағалы қағаздардың жеткілікті мөлшерін сатып ала бастайды. Мұндағы мақсат ақша қаражатының қорын біршама қалыпты деңгейге (қайтарым нүктесіне) жеткізу. Егер ақша қаражатының қоры төменгі шекке жетсе, онда бұл жағдайда кәсіпорын өзінің бағалы қағаздарын сатады да, сол арқылы ақша қаражатының қорын қалыпты шекке де толтырады.

Вариация (жоғарғы және төменгі шектер арасындағы айырмашылық) қарқыны туралы мәселені шешкенде мына саясатты ұстану ұсынылады: егер күнделікті ақша ағымының ауытқуы үлкен болса немесе бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға байланысты шығындар жоғары болса, онда кәсіпорын вариация қарқынын ұлғайтуы керек немесе керісінше. Егер бағалы қағаздар бойынша жоғары пайыздық ставкадан пайда табу мүмкіндігі болса, онда вариация қарқынын азайту қажет. Модельдерді іске асыру бірнеше кезендерден тұрады:

  1. Ақша қаражаттарының ең аз көлемі тағайындалады (С). Оның есеп шотта үнемі болғаны абзал (кәсіпорынның шоттарды төлеуі, банктің, кредиторлардың талап етулері мүмкін болғанда және т.б.);
  2. Есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының вариациясының қарқынын (R) мына формула бойынша есептейді:

R  = ЗхV(ЗхZtхVаг):4хZs                 (12)

Мұндағы: Zs — қаржыны есеп шотта сақтау шығындары;

Zt — ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың өзара өзгеруінің шығындары;

Vаг — қаржылардың есеп шотқа күңделікті түсуінің вариациясы.

  1. Есеп шоттағы ақша қаражаты қалдығының жоғары шекарадан асып кеткенде акша қаражаттарының бір бөлігін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға айырбастау қажет болады. Оның жоғары шекарасын былай есептейді:

СҺ = Сl + R        (13)

  1. Қайтарым нүктесін (О) анықтайды. Егер ақша қаражттарының есеп шоттағы қалдығы интервал (Сһ , С1 ) шегінен шығатын болса, онда қайтып оралуды қажет ететін есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының көлемі:

Сг = С1+R/3                  (14)

Алайда бұл модельдерді отандық қаржы менеджменті практикасында қолданудың қиыншылығының себептері:

  1. Айналым активтерінің үнемі жетіспеушілігі кәсіпорынға ақша қаражатының қалдығының қажетті мөлшерін оның резервін ескере отырып құруға мүмкіндікбермейді.
  2. Төлем айналымының баяулауы ақша түсімдерінің мөлшерінде біршама ауытқулар тудырады. Бұл ақша қаражаттарьның сомаларынан көрініс табады.
  3. Айналымдағы қысқа мерзімді қаржы аспаптарының шектеулі тізімі мен өтімділіктің төмендігі оларды сатып алушылардың қысқа мерзімді салымдарымен байланысты есептерінде пайдалануды қиындатады.

Дебиторлық қарыздарды басқару. Айналым құралдарын тиімді пайдалануда, кәсіпорынның қаржы жағдайын сауықтыруда дебиторлық қарыздарды азайту маңызды рөл атқарады.   Дебиторлық қарыздар аванс түрінде төленетін салықтар мен басқа міндеттемелерді артығымен төлеу, есеп беретін адамдардың қаржыны (іс-сапар, көлік және басқа шығындар) уақытылы қайтармауы, төлем уақыты өтіп кеткеннен кейін күдікті қарыздардың пайда болуы, келісімшарт міндеттерін бұзудан болатын даулы қарыздар және т.б. нәтижесінде пайда болып, қаржыны айналымнан алшақтады.

Дебиторлық қарыздарды басқару дегеніміз, ең алдымен уақыты өткен қарыздардың, қаржының есептегі айналымдылық жағдайын қадағалау. Айналымдылықты динамикада жеделдету оң қарқын ретінде қарастырылады. Сонымен бірге дебиторлық қарыз деңгейіне әсер ететін бірқатар факторларды ескеру қажет: өнім түрі, нарық сыйымдылығы, нарықтың осы өнім түрімен қанықтылығы, келісімнің шарттары, кәсіпорынның есеп айырысу жүйесі.

Өткізілген тауар үшін есеп айырысудың негізгі түрлерінө қолма-қол есеп айырысу мен ақша аудару арқылы есеп айырысу жатады. Тұрақты экономикада есеп айырысудың аударымдық түрлері  көп кездеседі. Оған жататындар: чектер, векселдер, есеп шоттары мен ағымдық шоттар арқылы есеп айырысу, әртүрлі банктер арасындағы корреспонденттік шоттар, сонымен бірге есеп палаталары арқылы өзара талаптарды зачеттау клирингтері. Экономика тұрақсыз жағдайда болғанда көбінесе алдын-ала есеп айырысу түрі басым болады. Есеп айырысудың аударымдарының түрлері мен ережелері Қазақстан Республикасының зандары арқылы реттеледі. Потенциалды сатып алушыларды іріктеу мен келісім шарттар қарастырылған тауарды төлеу шарттарын анықтау өте маңызды[7].

Сатып алушыларды іріктеу формалды емес критерийлер арқылы іске асады: бұдан бұрынғы уақыттағы төлем тәртібін сақтауы, оның сұрап отырған тауардың ақшасын төлей алатындығы жөніндегі сатып алушының қаржылық жағдайынының болжамы, ағымдағы төлем қабілетінің деңгейі, қаржы тұрақтылығының деңгейі, кәсіпорынның — сатушының экономикалық және қаржылық жағдайлары (тауарландырылуы, қолма- қол ақшаға зәрулік деңгейі және т.б.). Талдауға қажетті ақпаратты жарияланған қаржы есептерінен, мамандандырылған ақпараттық агенттіктерден, ресми емес көздерден алуға болады. Мысалы АҚШ-тағы ірі "Дан энд Брэдстрит" ақпараттық агенттігінде бірнеше миллиондаған компаниялардың несие қабілеті туралы ақпараттар бар. Ал Қазақстанда болса занды тұлғалардың несие қабілеті туралы мұндай ақпарат алу әлі жолға қойылмаған. Ағымдағы активтердің құрамындағы дебиторлық қарыздардың үлкен үлес салмағы оның айналым капиталын басқарудағы орнының жоғары екенін аныктайды. Дебиторлық қарыздарды басқаруға мүмкіндік беретін бірқатар жалпылама ұсыныстар бар:

  • кейінге шегерілген (уақыты өтіп кеткен) қарыздар бойынша сатып алушылармен есеп айырысудың жағдайын бақылау;
  • бір немесе бірнеше ірі сатып алушылардың төлемеу қаупін азайту мақсатымен сатып алушылардың көп санына мүмкіндігінше бағытталу;
  • дебиторлық қарыздар мен кредиторлық қарыздардың ара қатынасын бақылап отыру:
  • дебиторлық қарыздардың көп мөлшерде асып кетуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді де қосымша қаржыландыру көздерін тартуды (әдетте, қымбат тұратын) қажет етеді;
  • мерзімнен бұрын төлеген кезде жеңілдіктер беру әдісін қолдану. Сатып алушылармен қарым қатынастың тиімді жүйесіне кіретіндер:
  • несие беруге болатын клиенттерді сапалық іріктеу;
  • тиімді несие шарттарын анықтау;
  • қойылатын талаптардың айқын процедуралары;
  • клиенттердің келісім шарттарын қалай орындап жатқандығын қадағалау. Әкімшілік етудің тиімді жүйесіне жататындар:
  • өнім түрлері, қарыз көлемі, төлем уақыты және т.б. бойынша дебиторлардың үнемі мониторингі;
  • жұмыстың аяқгалу, өнімнің тиелу, төлем шарттарын көрсету сәттері арасындағы уақыттық интервалдарды минимизациялау;
  • төлем құжаттарын тиісті әдістері бойынша бағыттау;
  • клиенттердің төлем шарттары бойынша талаптарын мұқият қарастыру;
  • шоттарды төлеу мен төлемдерді алудың айқын процедурасы.

Экономикалық дамыған елдерде жеңілдіктер жүйесінің неғұрлым көп тараған түріне спонтанды қаржыландыруды — есеп айырысу уақытын азайтқаны үшін сатып алушыларға жеңілдіктерді анықтауды жатқызуға болады. Оның мәні бойынша сатып алушы алған тауары үшін белгілі бір уақыт өткенге дейін төлесе, бағасына қомақты жеңілдік ала алады.

Бұл мерзімнен соң сатып алушы тауардың толық құнын келісілген төлем уақыты ішінде төлейді. Жеңілдік беру сатып алушыға да, сондай-ақ сатушыға да тиімді. Сатып алушы тауар сатып алуға кететін шығынның азайғандығынан пайда тапса, екіншісі дебиторлық қарызға салынған қаржының айналымдылығын жылдамдату арқылы жанама пайда  табады. Осылайша спонтанды қаржыландыру қаржы алудың салыстырмалы арзан түрі болып табылады; мұндай несиелендіру клиенттен кепілдікті қажет етпейді және жеңілдік кезеңінің жеткілікті ұзақ уақытымен тартымды.

Дебиторлармен жұмыс істеудің тиімділігін арттыру үшін шетелдік көптеген ірі компаниялар дебиторлық қарыздармен жұмыс істеуге мамандандырылған өзіндік құрылымдар болмаса салалық компаниялар ашады. Бұл құрылымдардың тар  мамандандырылуы дебиторлармен жұмыс жасаудың дәстүрлі тәсілдерін пайдаланып  қана қоймай, сондай-ақ қазіргі заманғы әдістерді, мысалы векселдерді есептеу, секьюритизация және факторинг сияқты тәсілдерді де пайдалануға мол мүмкіндік береді. Векселді есепке алудың негізгі экономикалық мақсаты: жеткізіп берушілердің дебиторлық қарыздарының тез арада оның есеп шотындағы ақша түріне айналуы. Векселдің номиналды құны жоғары болған сайын соғұрлым жоғары соманы банк дисконт түрінде ұстап қалады. Вексел бойынша төлем уақытына дейін қаншалықты аз күн қалса, банкке соншалықты аз дисконт есептеледі.

Дисконт, тенге = Векселдің номиналды құны - Банктің клиентке (15) төлем сомасы.

Дисконттың көлемі векселді есептеу күнінен ол бойынша төлем мерзіміне дейінгі қалатын күндерге, векселдің номиналына және банктің есептік ставкасына тура пропорционалды. Дисконт, тенге = (Векселдің номиналы, тенге х есеп күнінен вексел бойынша төлем датасына дейінгі күндер саны х банктің есеп ставкасы, %):

100 % х 360 күн  (16)

Вексель бойынша ақша алуды жеделдету үшін оның иесінің вексельді банкке сатуы міндетті емес. Кепілдікке салып қоюға да болады. Бірақ әдетте мұңдай жағдайда банк аваль талап етеді, яғни вексел бойынша төлемнің уақытылы болуының кепілдігі. Авалист (гарант, кепіл беруші) болып үшінші тұлға, немесе вексельге қол қойған тұлғалардың біреуі түсе алады.

Активтердің секьюритизациясы дегеніміз кепілдікке қамтамасыз етілген бағалы қағаздардың эмиссиясы. Бұл операцияның мән-мағынасы мынада. Бір несие мекемесі салыстырмалы бірыңғай мүлікпен қамтамасыз етілген несиелерін (мысалы, дебиторлық қарыздар) пұлға жинақтайды да, жалпы қамтамасыз етілу үшін бағалы қағаздар шығарады. Жеке активтің құндылығы онша жоғары болмауы мүмкін, бірак бірге жинақталған активтер біршама қомақты соманы құрайды. Секьюритизация процесіне көп жағдайда бірнеше қаржы институттары қатысады, олардың әрқайсысы өзінің функцияларын атқарады: несиелер беру, пұл құру, эмиссиялар жүргізу, сақгандыру, бағалы қағаздарға инвестициялау.

Факторинг делдалдық операцияларға жатады. Факторингке мамандандырылған мекемелер (факторингтік компаниялар, фактор-фирмалар және банктердің факторингтік бөлімдері) өз клиентіне қарыз болғандардан ақша қайтарумен және оның қарыз талаптарын басқарумен айналысады. Факторингтік операцияларға үш тарап қатысады: факторингтік компания, клиент (тауар жеткізуші, кредитор), кәсіпорын (қарыз алушы), фирма — тауар сатып алушы. Факторингтік қызметтер "қаржыландырумен" және "қаржыландырусыз" көрсетіледі. Бірінші жағдайда фактор-фирмаға шот-фактураны сатқан клиент соңғысынан төлем  уақыты болғанда шот-фактура сомасын алады. Екінші жағдайда жеткізілген тауардың құнының көп бөлігін (70-90 пайызын) жеткізуші фактор-фирмадан тауар жөнелтіле сала алады. Қалған сома төлемеу қаупін жабу үшін және тауар үшін төлем уақыты болғанда жеткізушіге төлену үшін ұсталынып қалады (пайыздар мен комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Іс жүзінде фактор-фирма өзінің клиентіне несие береді. Яғни жеткізілген тауарлардың алдын-ала төлемі ретінде қаржыландыруды іске асырады. Бұл операция кәсіпорын үшін біршама қымбат. Батыс практикасында дебиторлық қарыздар сомасының 50 пайызына дейін шығын болып кететін жағдайлары жиі кездеседі. Кәсіпорын жаңадан құрылып жатқанда немесе өндірістік қызметін бастап жатқандағы факторингтің пайдалалығы өлшеусіз. Факторингтік қызметтердің кұны екі элементтен тұрады:

  • комиссиялар (шот сомасынан қызмет көрсеткені үшін пайыздық төлемдер); әлемдік практикада комиссия мөлшері 1,5-2,5 пайызды құраса, Ресейде 0,5-3 пайыз;
  • келтірілген құжаттарды алдьш-ала төлегені үшін алынатын пайыздар. Әдетте қысқа мерзімді несиелер нарығының ставкаларынан 1 -2 пайызға жоғары. Фактор-фирманың ең маңызды қызметі клиенттің төлемінің кепілділігі болып табылады. Бұл кепілдік ішкі және сыртқы операциялардың толық көлемін қамтиды. Фактор-фирма клиентіне оның сатып алушысының төлем қабілеті жоқ болса да барлық акцепттелген шот-фактураларды төлеуі тиіс. Ақша активтері кәсіпорынныңқаржылық міндеттемесі бойынша төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету процесінде белсенді роль атқарады:

- шұғыл жұмыс міндеті(орындалу мерзімі 1 айға дейін) және қысқа мерзімді (орындалу 3 айға дейін)

-ағымдағы міндеттемелер (орындалу мерізімі 1 жылға)

-басқадай айналым активтерінің түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Тауарлы-материалдық қорларды басқару. Қорлар мөлшерін басқару проблемасы ақша ағымдарын басқаруға ұқсайды. Кәсіпорынның бір саласының өндірістік қорларының айналым уақыты, әдетте, оның капиталды қаншалықты табысты пайдаланғандығын сипаттайды. Запастардың жинақгалуы ақша қаражаттарының тым мол қосымша кетумен байланысты. Бұл материалды құндылықтарды сақтау мерзімін қысқартудың мүмкіндігі мен дұрысгығын бағалауға қажетті баға береді. Ақшалардың сатып алу қабілетінің төмендеуі кәсіпорындарды уақытша бос қаржыларын материалдар запастарына салуға мәжбүрлейді. Сонымен бірге кәсіпорынның өндірістік процесіне қажетті шикізаттар мен материалдардың жеткізілмеуі (толық жеткізілмеуі) қаупін төмендеіудің мәжбүрлі шарасы болып табылады. Осыған орай айта кеткен жөн, бір негізгі жеткізушіге бағытталған кәсіпорын бірнеше жеткізушімен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін кәсіпорынға қарағанда анағүрлым осал жағдайда.

Сонымен бірге тауарлы-материалды құндылықтардың қорларын жинақтау саясаты ақша қаражаттарының қосымша кетуіне мына себептерден әкеп соғады:

  • запастарды игеруге байланысты шығындардың өсуі (қойма ғимараттарын жалға алу мен оларды күту, қорларды тасымалдау шығындары, мүлікті сақтандыру және т.б.);
  • тауарлы-материалдық құндылықтардың ескіруі мен бүлінуіне, сондай-ақ жоғалуы мен бақылаусыз пайдаланылу қаупіне байланысты шығындардың өсуі; мүліктің көлемі мен сақталу уақыты қаншалықты көп болса, оның сақталынуын бақылау әлсіздеу (күрделілеу) екендігі белгілі;
  • төленетін салықтар сомасының өсуі. Инфляция жағдайында жұмсалған өндірістік запастардың нақты өзіндік құны (өзіндік құнға шығару сомасы) оның ағымдағы нарықтық құнынан әлдеқайда төмен. Нәтижесінде пайданың көлемі жалған болып шығады. Бірақ тап сол сомадан төленетін салық есептелетін болады. Қосымша құн салығы да осыңдай кейіпте. Запас көлемі өскен сайын мүлік салығының көлемінің өсетіндігін түсіндірмей-ақ қойса да болатын шығар[8]:

-  қаржының айналымнан шеттетілуі, олардың "жансыздандырылуы". Қорлардың шектен тыс көлемі капитал қозғалысын тоқтатады, қызметтің қажылық тұрақтылығын бұзады. Ал кәсіпорын басшылары ағымдағы қызметке қажетті қаржыны (әдетте қымбат тұратын) жедел  іздестіре бастайды.  Сондықтан тауарлы-материалдық құндылықтардьщ шектен тыс қорын "бизнестың  зираты"деп текке айтпаса керек.

Қорларды жинау саясатының бұл және басқа да жағымсыз салдарлары бұдан бұрынғы сатып алуларда жасалған үнемнің жағымды тиімділігін жауып тастайды. Қорларды түзу және сақтау шығындарымен байланысты актив қаражаттарының біршама кетуі  оларды қысқарту жолдарын қарастыруды қажетті етеді. Мұнда тауарлы-материалды  құндылықтарды түзу және сақтау шығындарының көлемін минимумға жеткізу туралы айтылып отырған жоқ. Мұндай шешім тиімсіз болар еді және басқа түрлі шығынға ұшыратар   еді   (мысалы,  тауарлы-материалдық  құндылықгардың  бүлінуі   мен бақылаусыз пайдаланылуы). Мұндағы міндет қаржылық қиыншылық тудыруы мүмкін өте көп мөлшердегі қорлар мен өндірістің тұрақтылығына қауіпті өте аз мөлшердегі қорлардың арасындағы "алтын ортасын" табу. Бұл мәселе запастардың стихиялы түзілуі жағдайында шешіле алмайды. Запастардың жағдайын бақылау мен  талдаудың жолға қойылған жүйесі қажет.

Запастарды басқарудың теориясы мен практикасында ресурстарды бақылаудың қанағаттанарлықсыз жүйесінің келесі негізгі белгілерін ерекше атауға болады:

- запастардың сақталу ұзақтығының үнемі өсу қарқыны;

  • өткізілген өнім көлемінің өсу динамикасынан біршама асып түсетін запастардың үздіксіз өсуі;
  • қондырғылардың материалдың жоқтығынан жиі тұрып қалуы;
  • қойма орындарының жетіспеушілігі;
  • тауарлы-материалдық құндылықтар запастарының жетіспеушілігінен (жоқтығынан) тығыз тапсырыстан ауық-ауық бас тарту;
  • ескірген (көп жатып қалған), баяу айналатын запастарды есептен шығарудың көп сомасы;  запастардың бүлінуі мен жоғалуы салдарынан есептен шығарудың көп көлемі.

Запастарды тиімді басқару үшін:

  • жоспарланған мерзімге шикізаттың қажетті мөлшерін бағалау;
  • ауық-ауық тапсырыстың тиімді партиясы мен шикізатқа тапсырыс беру моментін нақтылау;

-  шикізатқа тапсырыс беру мен  сақгау шығындарын ауық-ауық нақтылау және салыстыру;

  • запастарды сақтау жағдайларын үнемі қадағалау;
  • жақсы есеп жүйесінің болуы қажет.

Аяқталмаған өндірісті тиімді басқару деп келесі факторларды есептеуді айтады:

- аяқталмаған өндірістің көлемі өндірістің спецификасы мен көлеміне байланысты;

- өндіріс процесінің тұрақты қайталанбалы жағдайында аяқталмаған өндірісті бағалауға айналымдылықтың стандартты көрсеткіштерін пайдалануға болады;

- аяқталмаған өндірістің өзіндік құны үш компоненттен тұрады:

а)шикізат пен материалдың  тікелей  шығындары;

ә)  тірі  еңбек   шығындары;

б) накладты шығындардың бір бөлігі.

Дайын өнімді тиімді басқару деп келесі факторларды есептеуді айтады:

  • өндіріс циклының аяқталуына қарай дайын өнім өседі;
  • ажиотажды сұраныс мүмкіндігі;
  • маусымдық ауытқулар;
  • жатып қалған және өтпейтін тауарлар.

Запастардың жағдайын бақылау мен талдаудың негізгі мақсаттары:

  • ликвидтілік пен ағымдық төлем қабілетін қамтамасыз ету және қолдау;
  • запастарды жасау мен сақтауға кететін шығындарды төмендету жолымен өндірістің шығындарын қысқарту;
  • шикізат пен материалдардың жетіспеушілігінен болатын қондырғылардьщ тұрып қалуын және жұмыс уақытының босқа кетуін азайту;
  • материалды құндылықтардың бүлінуін, жоғалуын және бақылаусыз пайдаланылуын болдырмау.

Алға қойылған мақсаттарды орындау үшін келесі есептік-талдау жұмыстары жүргізілуі тиіс:

  1. Кейбір ресурстардың шектен тыс көптігін, ал кей ресурстарды сатып алуды жеделдетуді анықтайтын запастардың кұрылымының тиімділігін бағалау. Бұл қажеттілігі қысқаруы мүмкін немесе қажеттілігі анықталмаған материалдарға шектен тыс көп капитал салудан аулақ болуға мүмкіндік береді. Запастардың құрылымының тиімділігін бағалаған кезде бүлінген және өтпейтін тауарлардың көлемі мен құрамын анықтау да маңызды. Бұл арқылы өндірістік запастарды неғұрлым ликвидті жағдайға ауыстыруды немесе запасқа иммобилизацияланған қаржыны қысқарту қамтамасыз етіледі.
  2. Материалды құндылықтарды сатып алу мерзімдері мен көлемдерін анықтау. Бұл қазіргі заманғы кәсіпорын қызметі үшін запастар жағдайын талдау міндеттерінің ең маңызды және күрделі шарттары.

Қабылданып отырған шешімдердің әр алуандығына қарамастан нақты әр кәсіпорын үшін сатып алудың көлемін анықтау ортақ мәселе. Мұнда мына көрсеткіштер ескеріледі:

  • өндірістік-коммерциялық цикл ішінде материаддарды тұгынудың орташа көлемі (әдетте өткен кезендердегі материалдық ресурстарды тұтынуды талдау нәтижелері негізінде және алдағы өткізу-сату жағдайындағы өндіріс көлемімен анықгалады);
  • ойда болмаған материалдық шығындардың (мысалы, тығыз тапсырыс алған жағдайда) орнын жабуға қажетті ресурстардың қосымша мөлшері (сақтандыру запасы) немесе қажетті запастарды түзуге қажетті кезеңнің өсуі.
  1. Қымбат тұратын материалдар немесе өте жоғары сұраныстағы материалдарға көп назар аудару керек деп шамаланған материалдық құндылықтардың запастарын іріктеп реттеу. Шетел практикасында АВС-әдіс деген тәсіл кең тараған. Мұның тәсілдері қазақстандық кәсіпорындарда да қолданыла алады. АВС-әдістің тәсілінің идеясы әр материал түрін оның  маңыздылығы  бойынша  бағалау. Нақты   бір   кезенде материалдың пайдаланылуы; қоймада оның жоқгығынан болатын шығындарды және осы материалдардың орнын толтыруға қажетті уақыт; алмастыру, сонымен бірге алмастырудан шығынның болу мүмкіндігі. Осы материалдық ресурстардың қоймада сақталынған материалдық құндылықтардың жалпы көлеміндегі үлесі запастарды түзудегі кеткен ақша қаражттарының сомасын анықтайды. Мұндай материалдар А тобының ресурстары ретінде қарастырылады. В тобының материалдары екінші дәрежеліге жатады; олар А тобының материалдарына қарағанда анағұрлым арзан, бірақ түрлерінің санымен олардан асып түседі. С тобының материалдары онша маңызды емес деп саналады — бұл неғұрлым арзан тұратын және неғұрлым көпсанды материалды құндылықтар. Оларды сатып алу және сақтау, ұстау ақша қаражаттарының біраз ғана шығынын қажет етеді (жалпы сомамен салыстырғаңда). Әдетте мұндай запастарды сақтау шығындары тапсырыстық партияларды, сақтандыру (резервтік) запастары және қоймадағы қалдықты қатаң қадағалауды қамтамасыз етуден әлдеқайда төмен.

Бұл аталған топтарға материалдар накты өндірістік шарттарына байланысты жіктеледі. Мұндағы бастысы мұқият қадағаланатын А тобының материалдары. Ерекше мән беретін моменттер: олардың қажеттілігін есептеу; запастардың түзілуінің күнтізбелік жоспары және олардың пайдаланылуы; сақтандыру запастарының негізделген көлемі, инвентаризация.

  1. Кәсіпорынның ағымдағы қажеттілігіне қолда бар запастардың сәйкестігін аныктау үшін оларды өткен кезендердегі осындай көрсеткіштермен салыстыру және негізгі топ запастарының айналымдылығының көрсеткіштерін есептеу . Бұл үшін әртүрлі субшоттардағы материалдардың айналымдылығын есептейді.Сонан соң орташа өлшеулі көлемді анықтау жолымен материалдардың жалпы айналымдылығын есептейді.

Қорытынды

Сонымен, қорыта келгенде, айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Олардың жағдайымен тиімді пайдалану - кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептеленеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілетінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтерге деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру қазіргі кезде проблемаларын қарастыруда.

Кәсіпорынның   айналым   активтерін   ұйымдастыру   кәсіпорынның   жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Айналым активтерін ұйымдастыруға жататындар:

  • айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау;
  • кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін анықтау;
  • айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
  • айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау,
  • айналым қаражаттарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік ету. Кәсіпорынньщ айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне үздіксіз айналым құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісіше түсіп отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады. Осылайша кезек-кезек екі үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи заттық формасын өзгертеді. Бірінші фазада (Д-Т) (А-Т) айналым құралдары алғашында ақша түрінде болып өндірістік запастарға ауысады,яғни айналым сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т) айналым құралдары өндіріс процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс,жартылай фабрикаттар мен дайын өнім түріне келеді. Айналым құралдарының айналымның үшінші фазасы (Т-А) қайтадан айналым фазасында өтеді. Айналым қаражаттарының құрамына көптеген элементтер кіреді. Өндірістік айналым активтерінің негізгі бөлігі-шикізат, негізгі және қосымша материалдар,жартылай фабрикаттар,жанар-жағар майлар, ыдыстар құрылады. Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорындарға айналым қаражаттар пайдалануға кең ерік берілген. Айналым қаражаттары кәсіпорынның меншігінде және оның ешкімнің алуға еркі жоқ. Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға,жалға беруге еркі бар. Айналым қаражаттарының құрамы жэне құрылымы әртүрлі салаларда бірдей емес, әртүрлі. Олар экономиканың көптеген әртүрлі факторларымен анықталады. Айналым қаражатын қаржыландыру көздері меншікті қарыз жэне тартылған түріне бөлінеді. Кәсіпорынның меншікті қаражаты басты роль атқарады, өйткені коммерциялық есептен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлікті бөлу керек. Айналым қаражаты кәсіпорынды  ұйымдастырған кезде қалыптастырылады. Бұл жағдайда қалыптасу көзі кәсіпорынның құрылтайшылардың инвестициялық қаражаты есебіне жинақталады. Жұмыс істеу процесінде айналым қаражатының қалыптасу көзінің бір алынған пайда.

Айналым қаражатын қалыптастырудың тағы да бір көзі-қарыз қаражатын алу (қысқа мерзімді-банктен несие алу арқылы кәсіпорын уақытша қосымша айналым қаражатын қанағаттандырады). Айналым құралдарын қайта өндіру процесіне орналастыру оларды өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесіңде жұмыс жасаса, ал айналым қорлары — айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде және тауарлы-материалдық құндылықгарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді тепе-тендігі кұн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым көп бөлігіне байланысты. Айналым қорларына кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ тиелген аяқталмаған есеп айырысудағы ақша қаражаты жатады

Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған және өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықган айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталы жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.

Айналым құралдары — өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы. Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Оған өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Р.Ә.Әмірқанов ,А.Қ. Тұрғұлова.Қаржы менеджменті; Алматы, 2002; 136-168б.
  2. Бланк И.А Основы финансового менеджмента : Учебный курс .2-Х.-К: Ника-центр; 1999.-5 Пс
  3. Балабанов И.Т Риск-менеджмент М:Финансы и статистика. 1996.-192 с
  4. Под.ред .Стояновой. Финансовый менеджмент; М 2000.-123с
  5. Павлова Л.П. Финансовый менедмент. Учебник.-М. :нфра -М; 1996
  6. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент .-М: Перспектива, 1997.-574с
  7. Под. Ред И.Т. Гослабалов. Финансовый менеджмент;М , 1994,-57с
  8. Глухов В.В.,Бахрамов Ю.М. Финансовый менеджмент. Учебное пособие.-СПБ.: Специальная литература. Санкт- Петербург.1995-429с
  9. Бригхем Ю, Гапенски Л.Финансовый менеджмент, В 2-хт.:Пер.с англ./Под ред. В.В.Ковалева-СПб:Экономическая школа. 1997.
  10. Дж. Ван Хорн. Основы управления финансами.-М.: 1996.-799с
  11. Павлова Л.П. Финансовый менеджмент. Учебник.-М.: нфра-М,1996.
  12. Ковалев В.В. Методы оценки инвестиционных проектов.-М.: Финансы и статистик,1998.-144с
  13. Лимитовский М. А. Основы оценки инвестиционность и финансовых решений. -М.ДЕКА, 1998-232с
  14. Финансы. Учебник. Мельников В.Д., Ильясов К. К. Алматы: 2001.- 532с
  15. Бланк И.А. Управление активами . -Киев:Ника центр Эльга,2000.716 с (Б-ка финансового менеджмента) *
  16. Волоский А.А.Корпоративный финансовый контроль: Учеб.пособие- Новосибирск .2000 -184 с
  17. Жданов С.А. Основы теории экономического управления предприятием: учебник.- М:Финпресс,2000-384 с
  18. Моляков Д.С ,Шохин Е.И. Теория финансов предприятий.Учеб. пособие-М: Финансы и статистика,2000-112
  19. Сергеев И.В. Экономика предприятия-М: Финасы и статистика , 2000-304 с.
  20. Финансы. Денежное обращение. Кредит .Учебник для вузов\ под. ред.  Г.Д.Поляка –М ЮНИТИ-Дана ,2001-512 с
  21. Бияхман Л.С .Экономика фирмы: Учеб.пособие -СПБ;Издательство Михайлова, 1999-279с.
  22. Практикум по финансовому менеджменту :Учебно деловые ситуации,задачи и решения,Под.ред С.Стояновой-М :Перспектива ,2000-139 с
  23. Нурсеитов А.А. Финансовый менеджмент :Учеб.пособие -Алматы, 1996-160с.
  24. Райцкий К.А .Экономика птедприятия.Маркетинг 1999-693

Похожие материалы