Меншік қатынастары радикалды қайта құруда құрылатын Қазақстан Республикасындағы экономиканы реформалау, салық жүйесін қалыптастыру және құру мәселелерінің ғылымдық қызығушылығын жоғарлатуды ынталандырады және оның трансформациясының табысының өзгертуін ұсынады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін радикалды түрде реформалауда ең алдымен, тиеселі салық жүйесін құру қажеттілігін ескерткен, меншік қатынастарын қайта құрумен анықталады. Сонымен қатар салықтар, еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық жүйенің материалды және қаржылық сүйеніші болып келетін, ұлттық табыстың мемлекеттендірілген бөлігіндегі негізгі құралдары ретінде орындалады, ал салықтың потенциалы салық салу жүйесіне сай функциялары арқылы жүзеге асырылады.
Салықтар салық әдістері арқылы капиталды барлық жаңғырту процессіндегі кезеңдерін жанап өтеді: салық қойылымдары, түсімдер, жеңілдіктер, өнеркәсіптің прогрессивті саласына ықпал ету мақсатымен мемлекет бюджеттің кіріс және шығыс бөлімдерін жүзеге асырады.
Салық салу сұрақтарына ғылыми әдебиеттерде үлкен көңіл бөледі, себебі, салық және салық салу арқылы ұлттық табыс бөлігінің мемлекеттендірілуі болады және олар бюджет құрылымы арқылы жүзеге асырылатын салық төлеушілермен мемлекет арасындағы қызығушылық өзара әсерін көрсетеді. Салықтар алымдар процессі ретінде де, әлеуметтік құбылысы ретінде де, экономикалық категория ретінде де қарастырыла алады. Бұл жерде төлие өзінің зерттеу жүргізу процессінде қандай мақсатты көздейтініне байланысты.
Салықтың және салық салудың өзара байланысқан түсініктерінің көп мағыналы болуы, тура және жанама салықтардың арасындағы байланысын, салық аумағындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша пікірталасқа алып келеді. Қазақстанда салық салу мәселесіне үлкен мән беріледі, бірақ салық салу ұйымы жиі өзгеріп отырады, ал кейбір мәселелер іске асырылмаған болып қалады.
Негізгі мәселе болып салықтар, көбінше акциздер табылады. Бюджеттің барлық деңгейлері үшін бұл берілген салық топтарының фискалды мағынасын қайта бағалау өте қиын. Келесі жағынан бұл салықтың спецификасы келесі тұжырымда тұйықталады: акциздер – кең көлемдегі тауарларды қолдануды және өндіруді мемлекеттік реттеуге бейімделген. Акциздер бұрынғысынша Парламеттегі дебаттардың себебі болып қалған, баспасөзде кеңінен қарастырылады, бірақ та отандық ғылыми журналдарда және жарияларда бұл мәселенің жанынан өте шығады. Қаншалықты қайғылы болмаса да, қазіргі уақытта дәлелденген және ғылыми салық салу үшін теориялық негіздер ұсынатын бірде-бір нақты еңбек әлі күнге дейін жоқ.
Егер де экономикалық сөздікті алып қарайтын болсақ, онда акциз – бұл қолданыс бұйымдарына және қызметтерге басымды жанама салық түрі деп берілген. Тауар бағасына және қызмет тарифтеріне қосылатын мемлекеттік бюджеттің негізгі қайнар көзі. Жалпы қолданыстағы тәжірибеде қатты немесе спецификалық, пайыздық немесе адвалорлы қойылымдар қолданылады. Акцизді төлеушілер болып акцизді тауарларды өндіретін немесе мемлекет территориясына импортталынатын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
Бұл салық түрі әлемдегі көптеген мемлекеттерде қолданылады және де ол осы елдердің бюджетінің кіріс бөлігін құрайды. Қазақстанда акциз екінші туынды рөльді атқарады, бірақ оны бір мәнсіз деуге болмайды, себебі оның түсімдері тұрақты және кейбір жағдайларда жоғары көрсеткіш болып табылады.
Дамыған елдердің экономикалық әдебиеттерінде акциз салу мәселесіне недәуір көңіл бөлінеді. Ол өз кезегінде бұл мәселе соншалықты қиын емес екендігін көрсетеді, сонымен қатар бұл аймақтағы зерттеулер қоғамның үлкен бөлігімен ізденіп алынған.
Зерттеу бұйымы болып акциз салығы, оның салық жүйесінде алатын орны мен рөлі табылады.
Зерттеу әдістемесі. Салық жүйесінде акцизді зерттеу негізіне талдау әдісі салынған. Дипломдық жұмысты жазған кезде заңнамалық және нормативтік актілер, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, сонымен қатар салық салу аймағындағы шетелдік мамандармен ғалымдардың еңбектері, статистикалық мәліметтер қолданылады. Бұл жұмыста айтылып кеткендермен қатар қаржы және салық салу аймақтарындағы қазақстандық ғалымдардың еңбектері қолданылады: Карагусова Д.Г., Сейдахметова Ф.С., Ынтықбаева С.Ж., Ильясов К.К., Өмірбаев С.М., Оспанов М.Т., Идрисова Э.К., Жумабаева, Абдуқадыр М.
Бұл жұмыстың мақсаты болып жанама салықтың теориялық және әдістемелік дәлелденуі табылады. Қойылған мақсат келесі тапсырмаларды шешуге алып келетін дипломдық жұмысымның мазмұнын анықтайды:
-салық жүйесіндегі акцизді бағалау және талдау;
-акциздің басқа жанама салықтардан ерекшеліктері;
-акцизді есептеу;
-алу мәселелері және оның даму болашағы.
Осы салықтың қонымды құрылымы болып, менің ойымша, мазмұндама баяндалған құрылым табылады.
Бірінші тарауда акциздің теориялық негіздері жаналып өтеді, сонымен қатар акциздің басқа жанама салықтардан айырмашылығын анықтауға әрекет жасадым және оның ерекшеліктерін айқындадым.
Екінші тарауда бюджетте акциздердің мағынасын көрсететін статистикалық мәліметтер келтірілген. Есептеу механизмінде көрініс тапқан ең негізгі нормативтік құжаттарды атап өттім. Сонымен қатар, мен акциздерді кім төлейтінін және олар көбінесе кімге жататын мәселені жанап өттім.
Үшінші тарауда Қазақстандағы акциздік салықты жетілдіру жолдары көрсетілген және де Ұлыбритания мысалы ретінде әлемдік акциз салу тәжірибесі көрсетілген.
- АКЦИЗДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ.
1.1 Акциз жанама салық ретінде.
Кез-келген мемлекет өзінің қаржылық базасы болған кезде ғана тіршілік ете алады, яғни дәлірек айтатын болсақ, шығындардың функцияларын іске асыру процессінде туындайтын шығындарды жабу үшін және өзінің аппаратын қамтамасыз ету үшін қаржысы болған жағдайда ғана өмір сүре алады. Мемлекеттік ақша қаражаттарын әр түрлі тәсілдермен табады. Кейбір жағдайларда ол меншік мемлекеттке ақшаны еркін түрде беру әдісін қолданады.
Бұндай әдістің классикалық үлгісі ішкі және сыртқы мемлекеттік зайымдар болып бөлінеді. Басқа да жағдайларда мемлекет ақша қаражаттарын күштеп алу арқылы табады. Оған классикалық үлгі ретінде салық табылады.
Салықтар – қаржы ғылымының негізгі бір түсінігі болуы керек. Бұл жәйтті дұрыс түсіну мәселесі салық тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар, құқықтық, әлеуметтік, философиялық ұғымды ескертеді. Салық салу қоғамның экономикалық тізілу элементі ретінде шаруашылықтың нарықтық және нарықтық емес түрдегі барлық мемлекеттік жүйеге тән.
Салықтарды алу процессі мемлекетпен жүзеге асырылады және де ол оның функциясы болып табылады. “Салық” мағынасын анықтау “ мемлекет ” категориясымен тығыз байланысты. Ол осы ұғымды ашып көрсететін теориялық концепцияларға ғана бағынышты болмайды, сонымен қатар мемлекеттің даму деңгейінен, оның экономикалық жағдайына және әлеуметтік-саяси қатынастарына бағынышты болады. Сол елдің салық жүйесімен танысу арқылы мемлекет қандай даму сатысында екендігін білуге болады. Қоғамның әрбір даму сатысында “ салық ” түсінігі тереңдетілген түрде анықталады, жаңа мінездемелерімен толықтырылады. Нәтижесінде біз “ салық ” түсінігін анықтау мүмкіндігіне ие боламыз.
Салық – бұл билік жағынан мәжбүр ету негізінде жүзеге асатын ақша қаражаттарының жеке тұлғадан мемлекетке дербес эквивалентсіз қозғалу. Сонымен қатар төлеушінің өзара байланысы бойынша әділеттілік принципі және салықтарды алу тиімділігінің жетістіктері сақталуы қажет.
Салық мемлекеттің экономикасына тиімді тетігі ретінде ықпал етеді, бірақ халық шаруашылығына салық салудың жағымды беделі үшін, әрбір ел үшін жекеше түрдегі салық алымдарының оптималды деңгейін орнату қажет. Салықтың экономикалық мағынасын және ерекшелік белгілерін анықтап алғаннан кейін, экономикалық категория ретінде салықтың функцияларын қысқаша қарастырайық.
Салықтар салық ауыртпалығын көтерушілерге байланысты тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық – бұл салық салу субъектісі бір мезгілде оның нақты төлеушісі болып табылады, яғни салық ауыртпалығын салық субъектісінің өзі көтереді, және салықтың төленуі салық төлеушінің табысынан жүзеге асырылады. Тікелей салықтарға келесілер жатады: табыс салығы, мүлік салығы, әлеуметтік және жер салығы.
Жанама салық – бұл салық салу субъектісі салық ауыртпалығын іс-жүзінде оның төлеушісі болатын тұлғаға салады. Бірақ та заңды тұлғасы болып тауарды сатушы болғанымен нәтижесінде тауарды тұтынушы төлейді, себебі салық соммасы таурдың құнына еңгізіледі. Бұндай салықтарға келесілер жатады: акциздер және кедендік баждар, қосылған құнға салынатын салық, нарықта тауарды өткізу құқығы алымдары. Салық түрлеріне берілген анықтамалар төмендегідей мүмкіндіктерді болжайды: тікелей салықтар – ынталандыру рөлін атқарады, ал жанама салықтар – қоғамның дамуындағы пайда болған экономикалық және әлеуметтік жағдайларға сәйкес реттеу рөлін атқарады. Салық салудың жалпы қолданыстағы тәжірибесінде жанама салықтарға келесілер жатады:
- Қосылған құнға салынатын салық
- Акциздер – бұл өндірушінің ішкі нарығындағы алынатын салық, сонымен қатар Қазақстан Республикасының территориясына импортталатын, салық заңнамасында белгіленген қызмет түрлері және тізімдері.
- Кедендік баждар – бұл ел шекарасына кіргізілетін және шығарылатын тауарлардан ақша жиналымдары.
- Фискалды монополиялы салық – бұл жалпы қолданыстағы негізгі тауарларға мемлекетпен белгіленетін жанама салықтарының бір түрі. Мемлекет өнімді немесе таурды сатуды монополизациялаи отырып оларды өнімнің өз құнынан жоғары бағамен сатады. Осы арадағы айырмашылық фискалды монополиялы салық болып табылады.
Сонымен, жанама салықтар мемлекеттің фискалды қызығушылығын көрсетеді. Оларды дұрыс пайдалану процессіне позитивті түрде әсер етуі мүмкін және қолданыс құрылымына әсер етеді. Сонымен қатар салық төлеушілерге салық салудың шығындарының өскендерін жоғары бағалайды. Кеңес одағының қаржыгері Соболев М.Н. жанама салықтардың фискалды пайдасының үш түрін анықтады: “ Бұл салықтар мемлекетке табысты болып келеді.Олардың табыстары үлкен көлемді қолданысына сүйенеді. Егер де азық-түлік қолданысына салық салатын болса онда елдің әрбір тұрғынына 20-50 тиын ретінде салық түсіреді.Нәтижесінде бұл тиындар өзімен көптеген миллион рубльдерді құрайды.”
Жанама салықтардың артықшылығы болып біріншіден салық төлеушінің табысына алымның кезексіздігі, екіншіден олардын бюджет түсімдерінің жиілігі және қарапайымдылығы, үшіншіден салық базасының кеңейтілуі.Жанама салықтардың бұндай артықшылықтары көбінесе күнделікті кең көлемді қолданысқа алып келеді. Нәтижесінде ол негативті зардаптарына әкеліп соғады,сондықтан тікелей және жанама салыктардың арасындағы ұтымды қарым-қатынасын табу қажет.Енді жанама салықтардың кемшіліктерін қарастырайық.Сонымен жанама салықтар алымдар үшін өте үлкен шығымдарды талап етеді,дәлірек айтатын болсақ салық салынған тауарларды өндіруді қадағалайтын персоналды қамтамасыз ету қажет.
Жанама салықтардың жақтаушысы Бисмарк болды.Ол онда қаржылық күштілігін тұрақтандыру құралын көрді. Бұл салықтар мемлекетке тікелей салық салу жолымен алмайтын соманы береді. Гурьев А.Н. төменгі кластарға салық салуды қабылдамау мүмкін емес. Жалғыз құрал болып жанама салықтар табылады, бірақ олар өз кезегінде осы кластарға салық салады және халықтан үлкен көлемді сомаларды алады./14/ Ходский В. жанама салықтардың идеясын қолдай отырып бюджеттің барлық ауыртпалығын тікелей салықтарға көшіру өте ауыр тиетінін атап кеткен. Осы себеп жанама салық салу жүйесі бойынша кедей халықтан салықтар алу бойынша негізгі себебі болып келді./57/ Осылармен қатар жанама салықтардың психологиялық аспектілерін айтып кету қажет: бұл салықтар жеңіл және белгісіз төленеді, себебі олар тауардың бағасына қосылып кетеді. Сонымен жанама салықтар салық төлеушілерге психология жағынан тиімді.
Халық тауар құнындағы салықтар қандай бөлігін құрайтынын біле бермейді. Жанама салықтардың үлкен бір жетіспеушілігі болып оның теңсіздігі болып табылады. Олар әрбір салық төлеушінің табысын ескермейді.
Сонымен, жанама салықтар кері пропорционалды регрессивті салық болып табылады. Бұл салықтар регрессивтігіне байланысты ылғи да салық төлеушілер жағынан сынға түсіп отырады. Бірақта билік көзқарасы бойынша жанама салықтарда ең негізгі мәртебесі бар дейді – оларды алудың қарапайымдылығы шынында да тауарды сатып алушы бұл салықтардан шетке шыға алмайды, әйтпесе оған тауарды сатпайды./25/ Олар адамның қаржысы неғұрлым аз, соғұрлым қатты соғады, салық төлеушінің табысы неғұрлым аз, соғұрлым оның үлкен бөлігі өз қажеттіліктерін ырза етеді. Сондықтан салықтар, бұндай тұтыныс бұйымдарына салынатын, ылғида байларға қарағанда кедейлердің табысының үлкен пайызын қамтиды.
Бүгінгі күнде жанама салықтар өте үлкен рөль атқарады, бірақта оның бірнеше өзгешеліктері бар: салықты қазіргі кезде қоғамның кедей қатпары төлемейді, себебі олар халықтың негізгі бөлігін құрайды, бірақ ТМД-да жалпы салық түсімдеріндегі жанама салықтар шамамен 40-45% құрайды. Салық салу жйесінде жалпы заңнамалар бар екенін ескеру қажет, мысалы: жағдайдың стагнациясы, сауданың дағдарысы кезінде тұтынуға салық салудың өзіндік бір бағытталуы іске асады. Бұл жағдай өндірістік сферада өнім өндіруді төмендетумен байланысты болатын салық салу базасының қысқартуымен байланысты. Сондықтан салықтың ауыртпалығын көп тұтынатын тұлғаларға аудару қажеттілігі туындайды. Бұл жерде жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыты көрінеді.
Кейбір елдерде бұндай әдістеме тәжірибе үстінде. Акциз, қосылған құнға салынатын салық,кедендік баждар сияқты жанама салықтардың әсер етуі ерекше көңілді талап етеді.Бірақ та жанама салықтарды орнату кезінде мемалекет фискалды мақсаттарды аңдиды, сонымен бірге салық салу мөлшерлерімен және формаларымен жанама салықтармен тығыз байланыстағы өндірістің дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Бұл салықтар салынған тауар өндірісіндегі ұсталымдардың недәуір бөлігін құрайды. Сондықтан тауарға белгіленген, анықталған бағасы кезіндегі жанама салықпен салынатын берілген тауардың өндірісін тиімді емес жерден тиімді етіп жасауға болады және де керісінше.
Салық салу саясаты жаңадан бизнеспен айналысып келе жатқан көптеген кішігірім кәсіпорындарды жойып жіберуі мүмкін. Жаңа тауарларға жанама салық салу оның құнының өсуіне әсер етеді.
Біздің білуімізше жанама салықтар тауар бағасына қосымша түрінде алынады және оның төлеушісі болып тұтынушы табылады.Соңғысы осы салық топтарының негізгі белгісі болып табылады. Осы салыұтардың фискалды рөлі бюджетке жалпы салық түсімдерін бағалау кезінде көрінеді. Тұтынуға салықтарды қолдану салық салушылардың шығындарын мақсат етпейді. Тек акциздер ғана тұтынуға салық салуды мақсаттайды, бірақ ол барлық тауарға емес, ал оның анықталған құнына салынады.
Сонымен акциздерден монопольді жоғары бағалы және тұрақты сұранысты иемденетін тауарлар және қызметтер анықталған тізіміне салынады.Жанама салықтардың ішінде негізгі рөльді қосылған құнға салық салу атқарады, ал акциз екінші дәрежелі рөльге жатады. Бұл неліктен олай? Ең алдымен бұл салықтарды салыстырайық, біріншіден акциз тауарлардың жеке түрлеріне және топтарына жекеше салық болып табылады, ал қосымша құнға салынатын салық - әмбебеп салық, яғни ол өнімді, жұмысты, қызметті өткізуден және өндіруден алынады; екіншіден салық салу объектісі болып тауарларды өткізу бойынша айналым табылады; үшіншіден акциздер өндірістік сомадан алынады, ал қосылған құнға салынатын салық айналым және өндіріс айналысынан алынады.
Акцизді енгізудің басты мақсаты болып жалпы және арнайы сұраныстағы тауарларды қолданудан табыс алу. Табыс салығы және жанама салықтар өндіріске және экономикаға әр түрлі әсер етеді. Олар салық жүйесінің прогресивтілігін төмендетеді және табысы аз деңгейдегі халыққа салық ауыртпалығын жоғарлатады. Өз кезегінде бұндай салықтар табыс салығымен салыстырғанда әділетті болып келеді. Ойластырылған қолданыс салығын еңгізу төлем балансының жағдайын жақсартады, барлық қаржылық жүйенің иілімділігін жоғарлатады.
Жанама салықтардың мән мағынасын анықтайық. Олар қалай қалыптасады? Бағалардың тауар құнынан ауытқуы барлық соммасынан ауытқуын құнның соммасын білдіреді,себебі: көп мөлшерлі бағалардың құнынан ауытқуы нарықтық экономика жағдайында қай деңгейде болмасын капиталға қай жағдайда келіп түсуін болжайды және табыстардың орта нормасымен теңдестіріледі. Қазіргі уақыттағы монополиялық бағалар табыстың орта нормасына өз іздерін қалдырады. Яғни дәлірек айтатын болсақ, тауарлардың біркелкі бағасы құнның біркелкілігіне тең, яғни С+V+M.
Бұл жағдайларда мемлекеттің өз табыстарын ұлғайтуы шектеулі сондықтан, мемлекет табыс көздерін іздей отырып халықтың табысына жасырынды түрде салық салуға жүгінеді, яғни қосымша құнға салынатын салық арнайы төлемді қосу арқылы яғни акцизді қолданады. Жанама салықтар мемлекет еңбеккерлерінің табысын алу формасы ретінде қолданылады. Себебі, мемлекет өзінің табысын тікелей салықтар арқылы табысын жоғарлата алмайды.
Тауардың баға сомасы оның құн сомасынан жоғары болады , яғни акциз мөлшерінің үлкенділігі. Бұл факт белгілі қоғамда нақты бір қосымша салықтардың тіршілік етуіне базасын құрылғандығын дәлелдейді, бірақта жанама салықтардың барлық тұтынушыларға бөлінетін болғандықтан нақты бір класстың бөлімдеріне бөлінеді. Сонымен қатар акциз “ байларға арналған” деген тұжырым дәлелсіз, себебі олар жоғары рентабельді тауарларға белгіленеді:
Бірінші тұжырым темекіні, спиртті, сусындарды және де құнданған ойындарды байлар ғана қолданбайды.
Екінші тұжырым акцизделген болып тауарлар ғана емес сонымен қатар қызметтерге де салынады және қазіргі кездегі таурларда акцизді категорияға жатады.
Жанама салықтардың фискалды функцйясы жақсы дәрежеде дамуда, себебі жанама салықтар бюджет табысының тиімді қайнар көзі болып табылады. Жанама салықтардың күрделі ең қиыны болып ынталандырушы функцйяның механизмі болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда салық ауыртпалығы өнімнің өзіндік құнына қосылатын салықтардан құралады. Өнімнің өзіндік құнына қосылатынсалықтар өндіріс процессінде реттеуші түрінде әсер етеді, бірақ та бұндай салықтар жоғарылауы табыс бөлімдерінің төмендеуіне әкеп соғады. Сұранысы иілімсіз баға бойынша тауарларға өнімнің өзіндік құнын төмендететін салықтар бөлігінің жоғарлауы табыс бөлігінің төмендеуіне және ұсыныстың бағаларының жоғарлауына әкеп соғады. Сонымен қатар егерде ұсыныс көлемі қысқарса табыс массасы төмендейді; егерде ұсыныс көлемі сол қалпы қалса онда табыс массасы өзгермей сол күйі қалады.
Біз жоғарыда акциздердің тауар құнына қалай қосылатындығын қарастырып өттік, енді жанама салықты салудың механизмі әлемдік тәжірибеде қалай іске асатынын қарастырайық. Көптеген мамандардың ойлары бойынша бюджетке түсетін салық көлемдері және тікелей және жанама салықтардың арасындағы қатынастар екі түрлі факторға байланысты бөлінеді: елдегі негізгі халық массасын құрайтын өмір деңгейінен және салықтардағы қалыптасқан стереотиптерінен елдің экономикасының төмен деңгейлі дамуы. Халықтың ЖІӨ көлеміне есептеледі. Жеке және заңды тұлғалардың табыстарынан тікелей салықты алуды шектейді. Қажетті мемлекеттік шығындар мөлшерін ереже бойынша экономиканың мүмкіншіліктерін ғана анықтайды. Себебі, экономиканың төменгі деңгейінін тікелей салықтар есебінен бюджеттің қажетті табыстарының бүкіл мөлшерін қалыптастыруға мүмкіншілік бермейді. Бұндай байланысты 1 кесте мысалында қарастырайық.
1 кесте Халыққа ЖІӨ көлемі бойыншажалпы салық түсімдеріндегі жанама салық бөліктерінің бағыныштылығы (%)
Халық жанына ЖІӨ көлемі | Ел саны | Жалпы салық түсімдеріндегі бөлік | |
Жанама салықтар | Кедендік баждар | ||
100 және төмен | 20 | 68 | 35 |
101-200 | 11 | 64 | 32 |
201-500 | 19 | 64 | 33 |
501-850 | 9 | 50 | 18 |
Дамыған елдер- 850 жоғары | 15 | 32 | 4 |
*Ақпарат көзі: “Қаржылық бизнес”.2003.-№8.-с.29
Бірінші кестеде көріп отырғанымыздайдамуы өте төмен деңгейлі елдерде барлық салықтың 68 %, деңгейіндегі жанама салықтардың бөлігі сәйкесінше тікелей салықтардың бөлігіне 32% бөлігі түседі. Керісінше көрініс мінездемесі:32% жанама, 61% тікелей. 2003 ж Қазақстан Республикасының статистикасы Агенттігі мәліметтері бойынша халық жанына ЖІӨкөлемі 121,5 % құрады, сәйкесінше біз бұны берілген кесте бойынша 2 топқа жатқызамыз, яғни бұл жылы жанама салықтар бөлігі тікелей салықтардан асып түсті.
Салық жүйесінің құрылымы әр түрлі салықтардың қатынасы табыстардың мөлшеріне әсер етеді, яғни пайдалар,жалақылар, пайыздар. Ауыры болып ақырғы тұтынушыға толығымен жатқызылатын алынған табысынан тәуелсіз есептелінетін салықтық төлемдер табылады.Салықты ақырғы тұтынушыға толығымен жатқызу туралы мәліметте қиялдану керек емес. Бұл берілу сәйкес өнімнің сұранысының иімділігіне байланысты болады.
Бағалардың тұрақталған деңгейінде және жанама салықтардың жоғары ставкаларының ары қарайғы жоғарлауы табыстың жоғарлауына әкеп соғады. Мысалы: батыс елдерінде салықтық төлемдер түсімінің иілімділік принциптері жүзеге асырылуда. Басқаша айтқанда, эмпирикалық түрде анықталған кезеңге әртүрлі ставкаларды еңгізу жолымен бюджетке түсетін түсімдер арасындағы оптималды қатынастар белгіленеді.Бұған мысал болып акциздің әртүрлі ставкаларын еңгізу табылады.
Қазіргі кезде оптималды мөлшері ізделінуде. Тәжірибе ретінде акциздердің жеңілдікті ставкалары еңгізілді. Осы уақытта кәсіпорындарды өндірісті модернизациялау бойынша және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарлату бойынша кешенді шаралар қолданылды. Барлық осы факторлар қосылғанда жағымды нәтиже берді. Осы жыл ішіндегі тауарды ұсыну коэфициенті 1-ге тең болды, яғни иілімді. Берілген факторлар салықтың түсімдерде жақсы әсерін тигізді./43/
Шетел мемлекеттердің мысалында біз акциздің қоиылымының минималды төмендеуін немесе жеңілдікті қойылым еңгізу салықтары бойынша түсімдерінің жоғарлауын және сонымен қатар өнімнің сапасы жоғарлайтынын көріп отырмыз. Мүмкін бізгеде осы тәжірибені өткізу қажет пе?
Сонымен біз жанама салықтардың және акциздердің экономикалық мәнін ашып қарастырдық.Ендігі уақытта акциздерді және олар басқа жанама салықтардан немен ерекшеленетінін қарастырып өтейік.
1.2 Салық жүйесінің элементі ретіндегі акциздің ерекшеліктері.
Көбінесе акциз жанама салық ретінде анықталады. Мұны анықтаудың негізгі кезеңі болып салық сөзі табылады. Салық – бұл мемлекеттің бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде жүргізетін қайтарусыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.Бұндай анықтаманы акцизге қолдану тұрақтылықты, нақтылықты талап етеді. Бірақ осы анықтамадан салық ретінде акциздің 2 түрлі белгісі қарастырылады. Бұл міндеттілік және дара төлемсіз.
-Акциздің міндеттілігі мемлекет алдында салық төлеушілердің заңнамалық міндеттемесін білдіреді. Акциз біржақты тәртіпте белгіленеді және ешқандай келісім шарт жасалмайды. Мәжбүрлі түрде алу және акциздің міндетті мінездемесі оның негізгібір белгілерін құрайды. Бұл белгі міндетті салықтарды алуды заңды безендіруді ескертеді. Акциздер басқа меншіктерден мәжбүрлі түрде алу әдістерінен қарым-қатынаста болады (пеня, айыпаұл).Олардың арасындағы ерекшелік ең алдымен алудың масштабтарымен кезеңділігі, ал оның өзгешелігі алу мақсаты болып табылады. Акциз үшін бұндай ұлттық табыстың қайта бөлінуі шұғыл мінезде жүреді. Салықтық алымдарды заңнамалық түрде бейнелеу акцизді белгілеу мемлекеттік билік органдарының компетенциясына жатады. Бұл мемлекеттің және қоғамның қажеттілігіне қызмет етеді.
-Акциздердің дара өтемсіздігі қарама-қарсы ырзашылықтың жоқ болуын қарастырады. Бұндай салықтың белгісі акцизді алымдардан ерекшелейді. Акциз тауарды өткізу кезіндегі алынатын және мемлекеттік кеден шекарасынан тауарларды өткізу кезінде алынатын жанама салықтардың бір түрі болып табылады. Сол себептен бірінші жағдайда оларды ішкі деп, екінші жағдайда сыртқы деп атайды.
Ішкі сауда айналымында акциздер кедендік баждармен және қосылған құнға салынатын салықпен тең болып келеді. Кедендік баждар мен акциздерді кедендік тауар құны қосарлайды. Ал оны ерекшелейтін болып тауар номенклатурасындағы сауда саясаттың құрамдарды қолдана алмауы негізіндегі дифференциацияның жоқ болуы табылады. Соңғысы акцизді және ҚҚС-ті қосарлайды. Акциздің ҚҚС-пен және кедендік баждар араларындағы нақты бір ерекшелік. Ішкі сауда жабдықтаушыларына салық салуды реттейтін құқықтық жүйесін талдау кезінде салықтың элементтері айқын көрінеді.
Акциз бен ҚҚС-тің арасындағы нақты бір ерекшелік, бір жағынан және келесі жағынан кедендік баждар. Олар ішкі сауда әкелімдардің салық салынғанын реттейтін қайнар көз құқығы жүйесін талдау кезінде бақыланады.
Экономикалық көзқарас бойынша акциз азаматтардың бөлек шығындар түріндегі салық формалары табылады. Акциздің ҚҚС-тан ерекшелігі тауарлар жинағында анықталады.
Акцизделетін тауарлардың номенклатурасының кеңеюіжәне салық салынатын қызметтердің тізіміне кіретіндер акциздің және ҚҚС-тің арасындағы шекті өшіруге алып келеді.Осыдан айтылғандар типі. Жанама салықтардың ішіндегі ең кең тарағаны, қазіргі кезде көптеген елдерде ҚҚС түрінде жүретін әмбебеп акциз болып табылады./36/
Жекеше акциз – бұл негізгі қолданыстағы тауарлардың бағасына қосымша. Акцизді, ҚҚС-ті және кедендік бажды қосарлайтын шарт болып бюджеттің салық табысының категориясы болып табылады. Келтірілген мәліметтер акциздің салықтық функцйясының бірін дәлелдейді.
Салықтардың реттеуші функциясы көптеген әдістерде қолданыс табады. Акциздің экономикалық әсер етуін кәсіпорын табысының бір бөлігін алу ретінде қарастыру. Сонымен бұл функцйя өндірістің тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді.
Акциздің ішкісауда айналымында реттелетін функциясы мемлекеттің ішкі нарығында импортты және отандық бәсеке жағдайын құрумен көрінеді.Бұл жағдай акцизді шекарашы теңестіруші салық деп аталады.Шекарашы деп,яғни кеден шекарашысында орын ауыстыру кезіндегі кеден органдарымен алынады,ал теңестіруші импорттан алынатын салық отандық өндіріс тауарларына салық салудан жоғары болмауы керек. Басқа сөзбен айтқанда, әкелінетін тауарлар отандық тәріздестермен салық салынатын мөлшерлерібойынша теңестірілетін, ұлттық режимде импортер елге беріледі. Акциздер тауардың импорты кезінде алынады,сонымен шет ел және отандық тауарлар арасындағы бәсеке жағдайын теңестіре алады.
Егер де акциздер осы айырмашылықтан төмен белгіленетін болса,онда олар шекрадан тауарлар кіргізуге мүмкіндік береді және керісінше.Мысалға автомобильдердің двигательдерінің көлеміне байланысты салық салу. Бұл тәжірибе Батыс Европа елдерінде қолданылады.Олар автомобильдерді шығаруға маманданған.Сонымен қатар автомобильге бірдей қойылымдар қолданылады.Акциздерді протекционалист саясатының құралы ретінде қолданылады,халықаралық құқықтық реттеу объектісі бола алады./18/
Келесі жағынан акциздер теңестіру салығы болып табылады және кеден төлемдеріне кіреді.Қазіргі уақытты акциздер барлақ нарық экономикалық елдерде қолданылады. Олар шектелген тауарлар тізіміне белгіленеді және екі түрлі роль атқарады:біріншіден бұл бюджеттің табыстық негізгі көзі болып табылады; екіншіден бұл акцизді тауарларды қолдануды шектейтін құрал, көбінесе адам денсаулығына зиян келтіретіндер.Акциз салығына көптеген тауарлар,өнімдер жатады.
Сабанти Б.М. ұсынған акцизді алу формасының жіктелуі өте қызық және де ол өз кезегінде акциздің төрт класын қарастырады.
- шикізат бойынша
- жартылай фабрикалар бойынша
- жабдық күші бойынша
- дайын өнім бойынша
Шикізат бойынша акциз тек бір ғана шикізат түрінен өндірілген дайын өнімге қолданылады.Технологияның дамуымен дайын өнім әртүрлі шикізаттан өндіріле алады,сондықтан шикізат емес шала фабрикаттар акцизделеді.Егер бірінші жағдайда акцизді тауар қант өндірген кезде қант қызылшасы болуы керек,ал екінші жағдайда сироп екі жүйеде де күрделі өндірушілерге өте тиімді.
Прогрессивті болып жабдық күшіне салу табылады.Сонымен қатар нақты өнімге салынбайды,оның есеп алуына салынады.Бұл жүйе бойынша акциз бөлек тауарларға белгіленеді және жекеше деп аталады.Отандық номенклатура спецификалы және өте жиі корректировкаға жүгінеді.Сонымен қатар салық салу бұйымдары акцизді тауар болып қарастырылмайды,яғни келесі спиртқұрамды өнім: арақ,спирт,мықты сусындар,бальзамдар және кейбір зергерлік бұйымдар;медальдар,мәдениет заттары,марапаттар./52/
Дерлік барлық акцизделетін тауарларды қолданыс бұйымы деп атауға болады.Қолданысқа әшекейлер және жалпы қолданыстағы тауарларды жатқызуға болады.Кейбір жағдайларда екеуінің арасынан шек өткізу өте қиын мысалы кейбіреулерге автомобиль сән бұйымы, ал екіншілерге-жылжу құралы. Сонымен қатар әшекей бұйымдарының ішінен пайда әкелетінін бөліп қарастыру қажет.
Акцизделетін тауарларды 2 түрлі категорияға шектеу ең алдымен теориялық мәнін береді. Ол мемлекеттегі базаның жағдайындағы ұйымдарға рационалды салық салу принциптеріне сәйкес акциз салынуын түсіндіреді. А.Смит өзінің “Исследование о природе и принципах богатства” еңбегінде келесі бірнеше принциптерді қалыптастырды:
- салық әрбір салық төлеушінің табысына байланысты алынуы тиіс;
- салықтың мөлшері және мерзімі алдын-ала анықталған болуы керек;
- әрбір салық төлеушіге тиімді жағдайда алынуы тиіс./45/
Тауардан, өнімнен және бұйымдардан акциз алу бірінші және екінші жағдайға сәйкес келмейді. Бірінші жағдайға сәйкес салықтарды азаматтар арасында бірдей мөлшерде бөлінуі тиіс. Бұйымдардан алынатынакциз іс жүзінде төлеушінің табыстарына сай келмейді. Сондықтан акциз бен қосылған құнға салынатын салық әділетсіз салықтар болып табылады./52/
Акциздер тауарларға жіберілген табыс пайызы акциздердің төменгі табыстардың ең жоғарғы тобы болып табылады. Екіншісіне азық-түліктен,ал үшіншісіне салық төлеушінің қолайлы уақытында алу болып табылады. Сән заттарына акциз керісінше осы принциппен келіседі, оның себебі,әр біреуден акцизделген тауарларды сату және сатып алудан байланысты болады. Әділеттілік бойынша барлық жағдайлар және өмірге қажетті заттар бірдей шартта болуды талап етеді. Бірақта бұл көптеген себептердің тізімінен байланысты болуы мүмкін емес, себебі бұл заттарды барлығы тұтынады және мемлекет аз емес табыс әкеледі. Мәселенің түбі неде жатыр? Тургенев Н. айтқандай: сән бұйымдарынан ең жоғарғы салық үкіметке жоғары табыс әкелмейді деген./54/ Мемлекеттік табыстың бұндай қайнар көзінен айырыла алмайды. Жалғыз әшкерелеу болып қазіргі акцизделетін тауарлардың ішінде өмір сүру үшін соншалықты қажеттілігі жоқ. Сонымен біз ең маңызды бөлікке келе жатырмыз, яғни акциз салығының жіктелуі:
- егер оларды субъектілермен ұштастыратын болсақ, онда олар заңды тұлғалардың төлемдеріне жатады.
- қолдану мінезі бойынша жалпы қолданылатын төлемдер бюджетке қалай түсетінін анықтауға болады.
- акциздер салық ауыртпалығын салу формасы бойынша қосылған құнға салынатын салық сияқты жанама салықтарға жатады.
- акциз сапасы төлеушінің өзімен анықталады.
- акциздер территория деңгейі бойынша республикалық белгілеудегі төлемдерге жатады.
Сонымен, барлық айтылып кеткендерден келесідей нәтиже шығаруға болады. Бұл міндетті, жекеше өтемсіз салықтың төлемі, ол заңды және жеке тұлғалардан алынады.
Акциз әлем елдерінің салық жүйесінің элементі болып табылады. Акциздік салуды тарату ең алдымен осы салықтың фискалды потенциалымен түсіндіріледі. Француз экономисті Дэмэзон Ф акциз қазынаға барлық басқа салықтарға қарағанда ең көп табыс әкеледі деп айтып кеткен./30/ Сонымен қатар, акциздің фискалдық функциясы жүзеге асырылатын элементтері болып акцизделген тауарлардың тізімі және ставка болып табылады.
Мемлекет өзінің табысын тез жоғарлату мақсатымен күндегі сұраныстағы негізгі тауар массасына акциз салады. Акцизделген өнімнің тізімі, қазіргі кездегі заңнамада, толығымен акциз салудың классикалық принциптеріне сай. Акциздік салудың тағы бір құрылымды механизмі-ставка. Фискалды құрал ретінде акциздің айырмашылықтардың мағынасы көшпелі экономикалы елдерде көрінеді.
Қазіргі күнде акциз есебіне Чехия, Венгрия, Польша елдері сияқты салық табысының 1/5 бөлігін құрайды.
Берілген функциялар бірнеше бағыттарда көрінеді:
- акцизді тауарларды өндіру және қолдану көлеміне әсер ету, бірақ бұл бағыттың тиімділігі акцизді тауарлардың айналу өрісін мемлекет қалай бақылайтынына байланысты болады.
- өнімнің құрылымына, тиімділікті ынталандыруға, өнімнің тұтынушылық мінездемесін көтеруге әсерету, бұл бағыт тәжірибеде тауар топтарының ішінде акциз қойылымдарын дифференциациялауды белгілеумен жүзеге асады.Мысалы Германияда төменоктанды бензиннен жоғарлатылған акциз алынады, және де төмен сапалы темекіден. Нәтижесінде акциз бойынша мемлекет өндірістің құрылымына ғана емес, сонымен қатар тауардың жоғары сапалы дайындалуын ынталандырады.
- акцизді тауарлардың өндірістің рентабелділігін реттеу, бұл бағыт бизнес өрісіне кіруге өндірушілердің қызығушылығын төмендетеді.Бұл өндірістер төменгі шығындар және жоғары нарықтық баға рентабелділігіне бойланысты. Акциз бюджетке нормадан жоғары табысты алады және келесі жағынан қызудың бөгетін жояды.
Тауарларға акциз ішінде алкогольді өнімдерге акциз салу жатады. Бұндай реттеуші бағыт ең алдымен ставка мағынасын береді.
Сонымен, акцизді дұрыс түрде салу мемлекеттің бюджетіне түсімдердің жоғарлауына әкеп соғады. Акциз туралы айта отырып оның шығу тарихын аитып кету қажет. Келесі тарауымның тақырыбы дәл осы бағытта.
1.3 Акциздің шығу тарихы және оны қолдану.
Салық түсінігі адамдардың қажеттілігі туындаған кезде пайда болады. Оның бастапқы формасы жергілікті көсем екі өзеннің ортасынан сатушылардан және саяхатшылардан осы өзенді кесіп өткені үшін төлем алатын. Салықсыз ещқандай мемлекет өмір сүре алмайды. Ұзақ жылдар бойы салықтар қазынаның табысының қайнар көзі болып табылды.
Қазіргі қоғамдағы салық механизмі мемлекетімізде өндірісті дамытуға қолданылады. Салық салу теориясы негізгі бөлігі болып келеді. Салықтар ең алдымен экономикалық бөлігі болар алдында ұзақ жылдар бойы эмпирикалық бағытта дамыды. Салық салудың дамуын 3 кезеңге бөлу қажет:
- Бастапқы даму кезінде Ежелгі елден Орта ғасырлардың басына дейін, мемлекеттік салық жинауды орнатудың қаржылық ақпараты болған емес. Ол тек қаражаттардың жалпы соммасын анықтайды.
- 16 ғасырдың басынан 19ғасырларда елде мемлекеттің мекемелер жүйесі пайда болады. Ол салық салудың квотасын белгілейді. Осы кезеңде салық теориясы қалыптасқан.Бұл кезенде сатып алушылардың рөлі өте үлкен.Себебі дәл осы кезеңде бастапқы салық теориясы қалыптасты:батыс еуропа елдерінің бюджетін толықтыратын,көбіне жанама,жаңа салықтар.Мысалы Голландияда жанама салықтар түрлерінің болғандығынан,қонақ үйде берілетін балықтың бір өлшеміне акциздің 34 түрі сай келді./43/
- Соңғы уақыттағы кезең – мемлекет салықтарды орнатуды және салуды өз қолына алады. Аумақтық биліктер мемлекеттің көмекшісі болды.
Салық салудың бастапқы формасы ретінде құрбандық шалуды алуға болады. Бұл мәжбүрлік алым деп санауға болады.Русьті крестить еткеннен кейін князь Владимир Святая Богородица шіркеуін ашты. Сонымен барлық алынған табыстардың қойылымы 10% мөлшерінде анықталды және оған барлық табыстың ондығын берді.Осы кезден салықтардың тікелей және жанама түрі белгіленді.
Акциздер орта ғасырларда пайда болды және көптеген салық салулардың ішінен бөлініп шықты. Бұрыңғы кезде олар алым немесе жай ғана салық деп аталды. Акциздер Голландияда өте кең тараған. Онда ол 14 ғасырда қалалық алым ретінде, ал 16 ғасырда мемлекеттік табыстың көзі болып табылды.
14 ғасырда Кельннің салық жүйесі толығымен тікелей салықтарды алып тастаумен бағытталды. Жанама салықтар бюджеттің негізін құрды. Австрияда 1748 ж олар 40% құрады.Монтескьенің “О духе законов” жұмысын айтайық. Смиттің сөзін еске ала отырып Монтескье осы сөзді ерекше құрастырып алған. Оның ойынша жанға салық құлдыққа жақын деген, ал тауарға салық – еркіндік.
Сонымен бұл әйгілі емес салық, бірақ мемлекеттік табыстың сенімді көзі болып саналатын, өндірісті дұрыс бағытта және қоғамның қолдануына қайта құруға көмектеседі. Рессейде акциз түрі ретінде винолық сатып алулар болып саналды. “Мемлекеттік табыс туралы” Генералды жылдық есеп беруде мемлекеттік түсімдердің ең үлкені ішімдік алулар-180,8 млн руб құрады. 1810 ж Сперанский “Қаржылық жоспарда” акцизді алудың пайдасының салыстырмалылығын айтқан. Уақыт өте акциз сатып алудың орнына губернияларға акцизді еңгізуге тырысу қажет. Дәл осы мемлекеттің табыс баптарының негізін құрайды.
Кеңес акциздік жүйені құрудың негізгі принциптері болып күрделі фискалды нәтиже берертін акциздерді орнату табылады. Кеңес салық жүйесінің бірінші кезеңдегі қызметі инфляцияның жоғарғы кезеңіне сәйкес келіп қалды.
“Алтын рубльді” белгілегеннен кейін салықставкалары алтын мағынаға келтірілді және төлем котировальді комиссияның бағамы бойынша жүргізіледі. Нақты валютаны орнатқаннан кейін ғана салықтардан күтілген табысты бее бастады.
1917 ж кейінгі еңгізілген беренші акциз болып 14% мықтылықты жүзімді винолар болатын, ал содан кейін оның ставкасы жоғарлады. Ресми құжаттарда бұл акциз бюджеттің табыс бөлігін оны толықтыру үшін ғана емес, сонымен қатар жүзім қызметін қамтамасыз ету үшін қолданылды. Осы жылы темекі өнімдеріне, папироса қағазына,сіріңкеге акциз белгіленді. Ары қарай акциз салу жүйесі кеңее берді: спиртке, сыраға, балға, салқындататын сусындар, мұнай өнімдеріне, қантқа. Кейінірек тізімге шай, кофе, ашытқы, цикорий қосылды.
Осы еңгізілген акциздерді жүзеге асыру жанама салық салудың дамуына үлкен әсер етті.
Жеңіл өнеркәсіптің және тұтыну нарығында тауарлар ассортиментінің кеңеюі акциз салудың құрылымына және оның кеңеюіне мүмкіндік берді. 1923-1924 жж жүн иіру жолымен маталарға акциз салу болды. Акциз түсімдерінің қосарлы өсуі тұтыну заттарына салық ауыртпалығын төмендетті. Тұзға акциз төмендеді,яғни 45-22 тиынға дейн 1 пұдқа және керосинге 80-60 тиынға дейін 1 пұдқа.Темекі өнімдеріне акциз жаңа салық салу жүйесіне ауыстырылды.
Бұл жерде ұзақ уақыт бойы өмір сүрді, сонымен қатар оынң ставкасы біресе өсті, біресе төмендеді. Осы кезңеде дайын өнім бойынша сыраға салыұқ салу жүйесі өзгерді. Бұл жүйе онша жағымды болған жоқ, сол себепті сыраның өзіне емес, оның түсу кезінлегі салмағына салынды. Қол жеткізген қаржылық нәтижелер жанама салық салудың дамуына жақсы жағынан әсерін тигізді.
1925-1926 жж жанама салық салу жүйесінің кеңеюіне әсер етті. 1925 ж аяғында ЦИК және СНК қаулысымен арақ сатуға рұқсат беру қабылданды. Сонымен мемлекеттік вино және арақ монополиясы толығымен қайта құрылды.
1926-1927 жж жанама салықтардың аумағына көптеген өзгерістер еңгізілді. Акцизделген тауарлардың тізімі өзгерді. Қала және ауыл арсындағы тауар айналымының дамуымен тұзға салық салу түсіп қалд. Бұл шешім осы жылдарда шаруалардың моинына ілінді.
1927ж тұз бойынша мемлекеттік табысты жоғалтуды өтеу үшін пафюмериялық және косметикалық бұйымдарға салық салынды. Акциз этикеткалық баға бойынша пайыз қатынасында белгіленді.
Осы жылда попиросалық қағазға акциз алынып тастады. Жалпы акциз түсімдерінің сомасы 1922-1923жж – 108,5 млн руб, 1923-1924жж – 241 млдн руб, 1925-1926жж – 507,8 млн руб, 1926-1927жж – 823,5 млн руб, 1928-1929жж – 1,788 млн руб, 1929-1930жж – 2,688 млн руб құрады.
Сонымен 8 жыл ішінде акциз түсімдері 25 есе өсті. Совет Рессеиінде 1929ж акциздердің қайта құрылуы болды, ал 1930ж акциздің 12 түрі, төлемнің 74 түрі болды. Акциз барлық тауарлардан алынып отырды. Жалпы табыс сомасында акциздің бөлігін 20% құрады.
Сонымен, жанама салықтар, көбінесе акциздер екінші деңгейлі рөлде еместігін айта кетуге болады. Себебі, 20 ғасырдың басында жанама салықтардың ішінде арақ пен спирт бірінші орында болды.Ровинскицй К.И мәліметтері бойынша 1900ж акциз мөлшері бір шелек сусындағы спирттің қанша пайызына байланысты болды,ол бір градусқа 11 тиын құрады. Басқа тауарлар бойынша акциз анықталған ақша соммасында белгіленді, мысалы,қантқа акциз бір пұдқа 1,75 тиын, сортына байланысты темекіге, мұнайға бір пұд үшін – 20-40 дейін./42/
Акциз бюджетке үлкен көлемді соммалар әкелді. Бірақ табыстармен қатар оларды төлемеу мәселесі туындады.
Одан кейін акцизделген тауалар қатарына ұн, нан, ет, спирт, тұз қосылды. Дайын өнімнен, шикізаттан немесе шалафабрикаттардан акциз алынды. Ол кәсіпорын басшысымен төленеді, одан кейін тауардың құнына қосылады және сонымен тұтынушыға аударылады. Акциз жұмысшылардың мойынына жататын ауыртпашылық. Мемлекет жұмысшылардың табысының бір бөлігін алады және оларды мемлекеттік аппараттың негізгі көзінің бірі ретінде қолданады.
Акциз салу сұрақтары ылғида шетелдік және отандық ғалымдардың көңілін тартып отырды.Кейбір жұмыстар толығымен акциздерге арналған: Лебедев М.П “ Возврат акциза” 1913ж, Нюрнберг А.Н “Уставы об акцизных сборах”1912ж
Біз осы тарауда акциздің теориялық негізін қарастырдық. Шетел тәжірибесінде жанама салық салу механизмі қалай жүзеге асырылатынын көрдік. Басқа салықтармен салыстырғанда акциздің қандай ерекшеліктері барын көрдік және де соннымен қатар оның фукцйясын қарастардық, оның даму тарихына қысқаша тоқталып кеттік. Енді акциз салудың тәжірибелік бөлігіне тереңірек тоқталайық.
2.САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АКЦИЗДІҢ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ
2.1. Акцизді есептеу механизмі.
Республикалық бюджеттердің табыстылығы тікелей салық түсімдеріне байланысты болады. Себебі салық жүйесі құндық көрсеткіштер базасында құрылады, мысалы;еңбек ақы, табыс, пайда, капитал, яғни бюджеттің қалыптасуында салықтың рөлін анықтау. Осы мақсатқа жету үшін салық рөлін бағалау қажет. Бюджеттің табысын қалыптастыруда салық рөлін бағалау бюджетке түсетін барлық салық түсімдерінің сомасымен салықтың өзінің сомасының арасындағы қарым- қатынастарын көрсетуді болжайды.
Бұндай әдіспен алынған салыстырымдылық өз кезегінде бюджет табыстарындағы рензилятордың фискалді рөлі қай салық тобына жататынын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстандағы салық жүйесіндегі салық рөлін анықтау мақсатымен бюджет табыстарын қалыптастыру мәліметтерін болжамдайық. Салық табыстарының құрылымы келесі мәліметтерде көрсетілген (2-кесте).
2 кесте Мемлекеттік бюджеттегі акциздің және басқа да салықтардың рөлі және орны (%)
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | ||
2002 | 2003 | 2004 | ||
1 | Салықтың бюджеттегі бөлігі | 73 | 72 | 69 |
2 | Салықтың өзгеру динамикасы | 111 | 127 | 134 |
3 | Салықтық түсімдердің құрылымы: | |||
а) | Заңды тұлғалардан табыс салығы | 23 | 19 | 17 |
б) | ҚҚС | 30 | 28 | 37 |
в) | Акциздер | 6,1 | 8,1 | 8,7 |
г) | Жер салығы | 1,9 | 2,4 | 2,3 |
4 | Жетіспеушілік | -2,6 | -3,7 | -3,9 |
*Ескерту – Есептелген бойынша: Қазақстанның статистикалық жылнама. – 2004ж
2 кестенің мәліметтерінде көріп отырғандай бюджетке салық түсімдерінің бөлігі жоғарлауда. Бірақта бұндай жоғарлау теңсіз болып келеді. 2003ж -73%, 2003ж-72%, яғни салық бөлімдерін 1% төмендеген. 2004ж алдағы кезеңдермен салыстырғанда 3-4% төмендеген. Бұл төмендеу өте тез және мемлекеттегі өзгерістермен байланысты, және де алық салудан бастарту немесе өндірістің көлемін қысқарту. Бұндай қысқарту белгіленген дәрежеде бюджеттің кіріс бөлігіне әсер етті. 2002-2004жж кезеңдер арасында мемлекеттік бюджет жетіспеушілікте болды, оның жағымсыз жақтары мемлекеттің экономикасына өте үлкен әсерін тигізді. Жыл сайын жетіспеушілік жоғарлауда. Жетіспеушіліктің қалыпты жағдайы деп егер оның ЖІӨ 2-3% құраған жағдайды айтамыз. Бұны ала отырып біз өз мемлекетімізбен салыстыра алмаймыз. Егер кестенің мәліметтеріне назар аударатын болсақ, онда біз салық пен жетіспеушіліктің қарым-қатынасын көреміз. Сонымен 2004ж жетіспеушілік – 3,9% жоғарлады, ал салық бөлігі алдыңғы кезеңмен салыстыра қарағанда төмендеді.
Бөлек салықтардың талдауына жекеше тоқталып кетейік. Ең алдымен табыс салығынан бастайық. 2 кестеде көрсетілгендей бұл салық бойынша түсімдер 2002ж – 23%, 2003ж – 19%, 2004ж - 17% төмендеген. Жалпы осы кезеңдердегі түсімдерді талдай отырып түсімдердің төмендеуін анықтауға болады. ҚҚС бойынша түсімдер жоғарлауда. Ең жоғарғысы 2004ж- 37% немесе 81007 мың тг. Бұл түсім басқа кезеңдермен түсімдерімен салыстыра қарағанда ең жоғарғысы. Түсімнің ең төмеңгі деңгейі 2003ж болған. Бұл ең алдымен ҚҚС-тың 16% дейін төмендеуімен байланысты.
Акциздер бойынша түсімдер 2003ж жоғарлауда. Ең жоғарғысы 2004ж-8,7% немесе 18853 млн тг басқа кезеңдермен салыстырғанда құраған. Бұның себебі осы кезеңде акцизді тауарларды өндіретін кәсіпорындардың көбеюі бюолды. 2003ж түсімдер 8,1% немесе 16773 млн тг құрды, яғни 2% 2002ж салыстырғанда өсіп отыр. Ең төменгі деңгейі 2002ж-6,1%. Бұндай төмендеу бөлек өнім түрлерінің ставкаларының төмендеуімен байланысты.
Акциздің бюджетте алатын рөлін айтатын болсақ, ол салық түсімдерінде ақырғы рөлінде еместігін көруге болады. Жер салығы бойынша түсімдеріне келетін болсақ, ол белгілі бір кезеңге дейін жоғарлайды, яғни 2003ж-2,4 % дейін, ал содан кейін 2,3% төмендей бастады.
Сонымен, салық құрылымын талдағаннан кейін, біз барлық салықтар бойынша түсімдер бірдей еместігін көріп отырмыз, яғни бір салықтан бюджетке көп түседі, ал келесісінен аз түседі. Жалпы осы кезең аралығында салық бойынша түсімдер оншалықты жоғары емес.
2 кестенің мәліметтерінде ҚҚС мемлекеттің табысында үлкен рөль алатынын көреміз. Акциздер бюджетте екінші туынды рөль атқарады, бірақ оның түсімдері көп болмағанымен де ол негізгі салық түріне жатады. 3 кестенің мысалынан бюджетте қандай орын алатынын көреміз
3 кесте Акциздердің Қазақстан Республикасы бюджетінің табысында алатын орны.
Атаулары | Жылдар | ||
2002 | 2003 | 2004 | |
Бюджет табысына барлық түскені(млн.тг.) | 270,0 | 303,5 | 242,9 |
Акциздердің сомасы(млн.тг.) | 16737 | 18853 | 18956 |
Жалпы түсімдегі акциздің үлес салмағы(%) | 6,24 | 6,21 | 7,81 |
*Ескерту-Мәліметтер бойынша есептелген: Қазақстанның статистикалық жылнама. – Алматы.-2004ж.
3 кестеде берілген мәліметтер 2002-2004ж.ж. кезеңдеріндегі акциз бойынша түсімдердің қарқынын көреміз. Акциз бойынша түсімдердің шоғарлауда. 2002ж. Олар 16737 млн.тг., ал 2003ж. 18853 млн. тг. құрды. 2002 ж. салыстыратын болсақ ол 2116 млн. тг. өсіп отыр. Осы кезең ішіндегі үлес салмағы 18956 млн.тг. құрады, ал үлес салмағы барлық салық түсімінің 7,81% құрады.
Осы мәліметтерге қарап отырып бюджеттің үлес салмағы жыл сайын өсіп отыр. Сонымен қатар жағымды фактор екендігіне нәтиже жасай аламыз.
Мәліметтерді салыстыра отырып, олардың түсімдерінің әр түрлі екендігін көріуімізге болады. Сонымен біз бюджетке акциз бойынша түсімдерді талдадық. Нәтижесінде акциз бәрі-бір салық түсімдерінде негізгі роль ойнайтынын келдік. Оның соммасы жыл сайын өсіп отырады.
Монтескье айтқан, тауарға салықтар халық үшін онша білінбейді, себебі олар төлемнің талап етуімен байланысты.Олар өте ойластырылған түрде болуы мүмкін,сондықтан халық оны талап жатқанын білмеуі де мүмкін.Ол үшін салық төлемі тауар сатушыға салынуы қажет.Әрбір адам өте жақсы біледі,кез келген сатып алушы тауарды сатып алғанда акцизді төлейтіні бәріне мәлім./29/
Сонымен акцизді кім төлейді?
Оның төлеушісі болып кім табылады?Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін бақа да міндетті төлемдер туралы”заңына сәйкес акциз төлеуші болып жеке және заңды тұлғалар табылады. Олар:
- Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін таурлар шығаратын;
- Акцизделген таурларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын;
- Қазақстан Республикасның аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
- Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конурстық массаны, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай-ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын;
- Қазақстан Республикасның аумағында қызметтің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады.
Сонымен қатар акциз төлеушілер – резидент емес тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.
Ойын бизнесі бойынша төлеушілер болып ойын үйлері,казино және басқа ұйымдар, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы, тотализатор кассасы табылады.
Салық салу объектісі:
1.акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және өндірген және ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетін тауарларды өткізу;
акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беруі;
алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төленген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;
тауар өдірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелту:
тауар өндірушілердің жасап шығарған және өндірген және ыдысқа құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;
- бензинді және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
- бензинді және дизель отынын бөлшек саудада өткізу;
4.тәркіленген және иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды өткізуі;
5.ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру;
- лотереяларды ұйымдастыру және өткізу;
- акцизделетін тауарлардың, акциз маркаларының бүлінуі, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.
Салық салу объектісі болып табылмаитындар:
-Этил спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этил спирті:
-Тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек әзірлеу үшін;
- Акцизделетін тауарлардың экспорты;
- Медициналық белгілемесі бар спиртті құрамды өнім, ҚР заңнамасында дәрігерлік құрал ретінде тіркелген және көлемі бір литр қолдану тарасына құйылған. Енді оның төлеушісін анықтайық. Біздің білуімізше төлеушілер болып тауарды соңғы тұтынушылар төлейді. Бірақта акциздерді көбінесе “тығылған” салық деп атаймыз, себебі олар сатушының мойынынан тұтынущының мойынына көшеді. Бұл жағдайға бензин, темекі, алкогольді өнімдер жатады.Бұнда орын ауыстыратын тауарлар өте аз.
Көптеген жағдайларда салық салу тапсырмалары маңызды болуы мүмкін. , салық ауыртпалығын минимизациялауға қарағанда. Оған мысал болып арақ, темекі өнімдерін қысқарту табылады. Бірақ бұл жағдайда ставкалардың жоғары болуы осы тауарлардың түрлерін заңсыз өндіруге әкеп соғады. Сондықтан қарастырылған акциз салу саясаты бюджеттің кіріс бөлігінің жоғарлауына әкеледі және заңсыз айналымды қысқартады.
Акциз ставкасы – бұл салық базасының бірлік өлшеміне салықтық есептеудің мөлшері.Қойылымдар жекеше және көпше түрде белгілене алады. Акциз ставкаларының көбісі нарықтағы акцизделетін иауарлардың жағдайымен анықталады. Оның бірі елдің ішінде тұрақты сұраныста, ал қалғандары кеден территориясы арқылы еңгізіледі. Акциздің қойылым мөлшерін қалыптастыруда объективті негіз болып отандық және әлемдік ұсталымдар арасындағы айырмашылық және оның бағасының айырмашылығы табылады, сонымен қатар осы елдердің заңнамалары.
Акцизделетін тауарларына байланысты ставкалар бірнеше топтарға бөлінуі мүмкін:
- бір түрлі, сапасы бойынша және бағасының деңгейімен ерекшелінетін тауар сұрыптарына байланысты белгіленеді. Бұл тұз, қант.
- дифференциацияланған. Салмағы, сапасы және т.б. белгілернімен еркшеленетін тауарлар. Бұған маталар, винолар, иірілген жіптер жатады.
- орта ауыртпалықты. Бағасының өзгерісі бар тауар сұрыптары. Бұған темекі, шай, кофе жатады.
Белгілеу әдісі бойынша 2 түрлі ставка қолданылады: нақты және адволорлық. Нақты салық ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді. Нақты салық ставкалары келесідей тауарларға белгіленеді: барлық спирт түрлері, вино, мықты сусындар, бензин және т.б.Адвалорлы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы болып, өндіруші осы тауарды акциздермен қосылған құнға салық ты қоспағандағы бағалар бойынша анықталатын өндірілген , өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді. Келесідей тауарлар түріне белгіленеді: бекіре және лосось тұқымдас балық, зергерлік бұйымдар.
Салық ставкаларын белгілеу экономиканы мемлекеттік реттеудегі әмбебап құрал болып табылады. Акцизделген тауарларға ставкаларды айтпай тұрып, алдымен берілген тауарлардың тізімін қарастыру қажет. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленентін басқа да міндетті төлемдер туралы” заңына сәйкес акцизделетін тауарлар болып келесілер табылады.
- спирттің барлық түрлері;
- алкогольді өнімдер;
- темекі өнімдері;
- құрамында темекі бар басқа бұйымдар;
- бекіре және лосось балығының уылдырығы;
- бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны;
- жеңіл автомобильдер;
- отты және газды қару жарақтар;
- алтыннан, күмістенжәне платинадан жасалған зергерлік бұйымдар;
- шикі мұнай, газ конденсаты.
Қызметтің акцизделетін түрлері мыналар болып табылады:
1 ойын бизнесі;
2 лотереяны ұйымдастыру мен өткізу.
Ставкаларға келетін болсақ, оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Тауардың құнына пайыз бойынша. Берілген ставкалар Қазақстан Республикасының территориясының барлығына бірдей.
Акцизді есептеу соммасы салық салынатын базада белгіленген акциз ставкаларын қолдану жолымен жүзеге асырылады. Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделген тауарлар көлемінде анықталады.
Акциздің адвалорлы ставкалары белгіленген акциздік тауарлар бойынша салық базасы өндірілген және өткізілген акциздік тауалар ретінде анықталады. Ұйым қызметі бойынша және лотерея жүргізу бойынша салық базасы пайда соммасы ретінде анықталады. Акциздің төлеу мерзімі және ставкалары 4 кестеде берілген.
Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” заңына сәйкес операциялар жасалған күн болып:
- егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.
- Тауар өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн болып табылады.
- Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге берген күн операция жасалған күн болып табылады.
- Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
- Лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органдарына лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күн операция жасалған күн болып табылады.
- Акцизделетін өнім, акциз маркалары бүлінген жағдайда бүлінген акцизделетін өнімді есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
4 кесте Салықтардың ставкалары және мерзімі.
Салық салу объектісі | Ставкалары | Төлеу мерзімі |
Акцизделінетін таурлар | Адвалорлы-бірбірлігіне есептелетін нақты сомасына немесе құнына | Операция біткеннен кейінгі 10 күннен кешіктірмей |
Алкогольді өнімдердің барлық түрлері | Көлемінде сусыз 100% спиртіне байланысты | Операция біткеннен кейінгі 10 күннен кешіктірмей |
Спирттің барлық түрлері | Ары қарайғы қолдануына байланысты дифференциацияланған | Опреация біткеннен кейінгі 10 күннен кешіктірмей |
Басқада акцизделетін тауарлар | Тауар құнына байланысты пайызбен | Салық кезеңінің бірінші он күн аралығында жасалған операциялар бойынша айдың 13-де. Салық кезеңінің екінші он күн аралығын жасалған операциялар бойынша айдың 23-да. Салық кезеңінің қалған күндері үшін есепті айдың 3-де |
Берілетін шикізаттан өндірілген өнімдер бойынша | Тауар құнына байланысты пайызбен , жеке және заттай түрде. | Тапсырыс берушіге өнімді берген күні |
Ойын бизнесі обектілері бойынша | Бір жылға есептелген акциздің базалық ставкасының минималды және максималды шегі | Әр айдың 20-нан кешіктірмей |
Қазақстан Республикасының территориясында алынған шикі мұнайды беру | Белгіленген заңнама тәртібінде | Беру күні |
Алкогольді өнімдерді өндіру үшін әкелінетін спирт | Базамен спиртке белгіленген ставкадан төмен | Операция жасалған күннен кейінгі 10-нан кешіктірмей |
Импортқа акциз | Белгіленген заңнама тәртібінде | ҚР кеден заңнамасымен белгіленген күні |
*Ақпарат көзі: “Бухгалтер файлы”.-2001.-23-29қазан-4бет.
Салынатын айналым анықтамасын айта кеткен жөн. Бұл айналым акцизделетін тауарларды өндіру және өткізу бойынша айналым. Қазақстан Республикасның территориясында акциз төленген акцизделген тауарлар және шикізат өндіретін салық төлеушіде төленетін салық сомасынан акциз сомасын шегеріп тастауына мүмкіндігі бар.
Шикізат бойынша акциз сомасы еспті кзеңде өндірілген дайын өнімге қолданылған шикізат көлемінен анықталады. Акциздік алым маркаларының құны өндірілген өнім мөлшері бойынша акциз сомасының төмендеуіне қолданылады. Шикізат және акциздік алым маркасы бойынша мердігермен төленетін акциз сомасы төлеушінің шығындарына кіргізілмейді.
Натуралды төлем түрінде тауар өндіруші акцизделген өнімді беру кезінде салық салынатын айналым болып тауардың құны табылады. Қазақстан Республикасының территориясында шикізат бойынша төленегн акциз өнімді өткізу бойынша акциз сомасының төмендеуі ескерілмейді.
Акциз төлеу бойынша арнайы ережелер бар:
- акцизделген өнімді жоғалту, бүлінуі кезінде толық мөлшерде:
- ішкі өндіріске алынған акциз алым маркасының жоғалуы, бүлінуі кезінде өтінілген ассортимент мөлшерінде;
- өндірілген өнім бойынша акциз сомасына бірқалыпты мөлшерде.
Акциздерді есептеу механизмі мен тәртібін айта кету керек.Акциздерді есептеу бюджетке төленуге тиіс сомаларды анықтау бойынше төлеушінің жиынтық жұмыстарын көрсетеді.Бюджетке төленуге тиіс акциздер саласын есептеу тәртібі, акциздер салынатын өнімдердің түрлеріне байланысты болады.
Тауарлар бойынша акциздерді есептеу, өздерінде тауардың кедендік құнынан проценттік ставканы қамтиды.Акциздер саласын есептегеннен кейін, шыққан сомадан өнімдісі таңданылады.
Қазақстан Республикасының салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы заңына сәйкес;
-құрылымдылық бөлімшелері бар төлеушілер, өздерінің орналасқан жері бойынша салық органдарындағы тіркелімге өзінің құрылымдық бөлімшелерін қою керек;
құрылымдық бөлімшелер үшін төлемдергежататын акциз сомасы,әрбір құрылымдық бөлшектермен құрылған құрылымды бөлшектер бойынша акциз есебі негізінде есептеледі.
-құрылымдық бөлшектер бойынша акциз есебін құру кезінде,акцизге байланысты операциялар есепке алынады.
-құрымдылық бөлшектер үшін төленетін төлемдерге жататын акциздер сомасы бойынша акциз төлеушілер есептемелерді көрсетуге тиіс.
-ағымдағы төлемдерді қщса алғанда акциздерді төлеу,заңды тұлғалармен жасалады.
-қарастырылған тәртіп, сондай-ақ бензин жанармайын бөлшектеп және көтермелеп өңдеуду жүзеге асырушы жеке кәсіпкер акциздерді төлеу кезінде де қолданылады.
Акциз төленетін жер болып,акциз төлеушінің тіркелген жері,тек акциз төлеушінің құрылымдылық бөлімшелерін қоспаған жағдайда саналады. Ол акцизді құрылымдық бөлімшелері орналасқан жеріне байланысты заңнама тәртібімен төлейді.
Акциздерді төлеу акцизделетін тауарларды өндіру жинақтаушы ведомствосының мәліметтері кезінде іс жүзіне асырылады.Ведомство мәліметтерінде өндірілетін тауарлар көлемі, олардың бағалары бойынша құны туралы мәліметтер құралады.Белгілі бір кезеңде акциздерді төлеу үшін қажетті мерзімінде ведомство есептемесі жүргізіледі.
Олар белгіленген ставкалар көлемінде тауарлар топтары мен тауарлар бойынша салық төлеушімен жүргізіледі.Акциздер сомасы келесі түрде есептеледі:
1.жіберу бағасы мен өндіріс ұсталымының қосындысы - 10000
2.акциз ставкасы - 20
3.жіберу бағасы -12500
4.акциз сомасы -2500
Тауарлармен нарық тойымы, сұраным мен ұсынымның тұрақтылығы,экономиканың тұрақтануы және информациялық процестердің минимуміне мағлұматтар,акциз ставкаларын есептеу әдісіне көшуге мүмкіндік береді.Ерікті көтерме баға бойынша акцизді есептеуді анықтайық:
1.жіберу бағасы мен өндіріс ұсталымының қосындысы -6400
2.акциз ставкасы -20
3.жіберу бағасы -800
4.акциз сомасы -1600
Акциз бойынша салық төлеу мерзімі күнтізбелік жаңа салық кодексімен жаңа есеп беру формасы шықты.
Декларация – декларацияның өзінен 400.00 және оған қатысты қосымшалардан 400.01-ден 400.11-дейін тұрады.Ол акцизденген тауарлардың акциз төлемдері уақтылы төленуге бағытталған.Декларация қағаз түрінде де, электронды турде де болуы мүмкін.Декларацияда түзетулер, шимақтар, белгілер болмауы керек.
Акциз бойынша декларация,лотереяларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша қызметтерді жүзеге асырудан,акциздерді уақытылы дұрыс төлеуге арналған.
400.00 формасы бюджетке төленуге тиісті акциз сомасын көрсетеді.400.01 формасы спирттің барлық түрлері бойынша жүргізілетін операциялар ақпараттарды көрсету үшін бағытталған және ол келесі төлеушілермен толтырылады, спирт өндірушілері,емдеу үшін иемденген спиртті мақсатқа пайдалануды іске асырушылар және т.б.
400.00 формасы өзі өндіретін темекі бұйымдары бойынша ақпаратттарды көрсету үшін арналған. Ал 400.02 форма өзі өндіретін алкогольдер бойынша салықты есептеу кезіндегі жүргізілген операциялар бойынша ақпаратттарды көрсету үшін арналған.
400.04 формасы шикі мұнай, газ конденсаты бойынша есепті кезең ағымында жүргізілген айналымдар туралы ақпараттарды көрсету үшін арналған,сондай-ақ иесі жоқ мұнай бұйымдарын мемлекетке тапсырылуын қайта құру бойынша.Ал 400.05 формасы бензин және дизель жанармайлары бойынша салықты есептеу кезеңіндегі жүргізілген операциялар бойынша ақпараттарды көрсету үшін арналған.
400.06 формасы бекере икрасы және бұлан балығы бойынша жүретін айналымдар туралы ақпараттарды көрсету үшін арналған.Берілген форманың салық базасы берілген құнында көрсетіледі, яғни
400.07 формасы күмістен,алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар бойынша жүргізілетін айналымдар бойынша ақпараттарды көрсету үшін арналған.400.08 формасы қару-жарақ бойынша жүргізілетін айналымдар туралы ақпараттарды көрсету үшін арналған.
400.09 формасы акциз жиындарының маркісінің бүлінуі және жоғалуы бойынша операциялар айналымдары туралы ақпараттарды көрсету үшін арналған,және ол салық төлеушімен толтырылады.
400.10 формасы шикізат үшін төленген акциз сомасын есептеу үшін арналған.Ал 400.11 формасы акцизделетін тауарларды көрсету үшін арналған.(3-12 қосымша)
Акцизделетін тауарладың негізгі бір бөлігі- акциз жиынының таңбасы б.т. таңбалаудың әртүрлері бар; жүктік,тауарлы,арнайы,көліктік
Акцизделетін тауарлардың таңбасы ерекше дәрежеге жатқызылады.Акциз жиынының таубасының тарихы 19-20ғғ-да басталады.Ол кезде акциздердің төленгені туралы белгісі болып тауардағы арнайы маркасы саналатын.
Осы белгілердің жасанды түрін қолданғандарды тіпті 2 жылға дейін түрмеге отырғызылған.Ал одан бері көп нәрсе өзгерілген,қазір акциз жиынының маркісі қолданылады және жасанды түрін шығарғандары үшін түрмеге отырғызбайды,тек белгілі көлемде айыппұл төленеді.
Молшылық тауарлар арасынан көптеген төменгі сапалы бұйымдар бар және кей кезде тіпті сақтау мерзімі өтіп кеткен тауарларда кездеседі.Сатушылар кейбір төменгі сапалы тауарларды жоғары сапалы тауарлардың орнына сатып жіберуі де мүмкін.Мысалы Кытайда жасалынған магнитафонды басқа жердікі деп сатып жіберуі мүмкін.Осындай жағдайларды азайту мақсатында акцизделетін өнімдерге акциз жиынының таңбасы енгізілген.
Тауарларды таңбалау бойынша талаптарды бекіту,яғни,тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша ең бірінші Ресей өкіметі қарастырды.Ол әкелінетін тауарларды міндетті таңбалау жөнінде 1996ж қаулы қабылдады.Біздің елде де өзінше шешімдер қарастыруы керек болды.1999ж. сәуірінде Қазақстан Республикасының өкіметімен « мемлекет аумағына саласыз тауарларды әкелуге бөгет жасалатын шаралар туралы» қаулы қабылданды. Бұл құжат сәйкес ақпараттарынсыз тауарларды сатуға және әкелуге тыйым салғанын көрсетеді.
Ал бұл кәсіпкерлер жағынын кері әсерін туғызады.Бұл мәселе көп қарастырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы өкіметінің «акцизделетін тауарларға орыс және мемлекеттік тілде ақпараттарды салу талаптары туралы» жаңа қаулысы шықты.Таңбалауға талаптар Госстандартпен қабылданған құжаттармен анықталады. Таңбалауға берілетін негізгі талаптар болып 3 «Д» принципі табылады.
Бұл жеткіліктілік, яғни рационалды ақпараттық қанғандық,ол өзгерілген ақпараттарды сияқты толық емес ақпараттарды дашығарады;қолайлық,яғни ақпарат жалпы қабылданған термин түсірігімен қолданылуы тиіс,әрбір тұтынушы үшін қолайлы;анықтылық,яғни тауар туралы шын және объективтімәліметер.
2001ж. Акциз жиынының таңбасын жаңа үлгімен міндетті таңбалау енгізілді,сондай-ақ 1997ж. Акциз жиынының таңбасы сақталынды.Акциз жиынының таңбалары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің банктік фабрикасымен басылады./35/
Акциз жиынының таңбасының құны және оның шығарылу кәсіпорнын шығындар қатынасына жатады.Бұл тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады.Қазақстан Республикасының «акцизделетін тауарлардың бөлек түрлері туралы» қаулысында,жаңа үлгінің акциз жиынының таңбасын таңбалауға келесі тауар түрлері жатады: Арақ,вино,коньяк,шомпан.Ал темекі бұйымдары жаңа үлгінің тауарларын таңбалауға жатады.
Өндірілген акцизделетін тауарлардың жоғалу кезінде акциз толык көлемде төленеді.Алкогольді өнімдерді таңбалауға арналған,акциз жиынының жоғалтулары немесе бүлінуі бойынша акциздердің есептелінуі, таңбада көрсетілген сыйымдылық көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалардан шыға отырып,өңдіріледі.
Таңбада сыйымдылық көлемінің белгісі болмаған жағдайда,бүлінген немесе жоғалған таңбалар бойынша акцизді шығару ең көп сыйымдылық көлемінен алынып жүргізіледі,оған акциз жиыны таңбалары жоғалтулары болатын алдынғы кезеңде, салық кезеңі аралығында өнімдерді бөліп қүю жасалынады.Акциз жиынының таңбалары жоғалған,дұғаланған акциз келесі жағдайларда төленбейді: акциз жиынының таңбалары жоғалтулары, дұғалары төтенше жағдайлар салдарынан болса,жоюға есептен шығаруға актісі негізінде салық органдары қабылдаған акциз жиынының бұзылған таңбалары.
Акцизді салудың ерекшелігінің бірі болып сыртқы сауда айналымдағы акциздерді төлеу тәртібі кедендік процедураларының бірімен тікелей байланыста болуында.Бұл жерде кедендік толтырулар өз кезегінде тауарлар қоймаларымен көліктік қаражаттарды белгілі салықтық тәртіпке қою жүйесін көрсетеді.Жалпы тәртіп бойынша кедендік толтырулар кеден органдарының кедендік қызметтері аймағындағы белгіленген жерлерде жүргізіледі.Бұл құжат мәліметтер мемлекеттің кедендік шекарасы авқылы акцизделетін тауарлардың заңды түрде өткізілуін растауға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін тауарлар екі принцип бойынша шығарылады: белгіленген ел - пайда болған ел.
Бірінші принцип бойынша акциздерді алудың негізі мемлекет аралық келісулер болып табылады яғни келесі елдермен: Беларуссия,Молдавия,Ресей,Украйна,Қырғызстан және т.б. Сәйкесінде осы елдерден экспортталатын тауарларға акциз салынбайды.
Сондай-ақ бұл принцип бойынша акциздерді алу тәртібі «келісімдерге қосымшалармен өзгерістер енгізу туралы» протоколмен анықталады.Қазақстан Республикасының «салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» заңына сәйкес акцизделетін импортталатын акцизделетін тауарларға келесі жағдайларда акциз салынбайды:
-Қазақстан Республикасының халық аралық келісім шартына сәйкес,тауарлардың импорты акцизден босатылытындығы заңмен бекітілген;
-Сыра,ішімдік сусындары,винолар,спирттің барлық түрлерінен басқа акцизденген тауарларды әкелу.
Импорттаушы міндетті түрде кедендік жүктің диклорациясының көшірмесін көрсету тиіс.Келесі акцизделген тауарлар импорт бойынша салынуға жатады: шикі,мұнай,дизельді жанармай,таза былғарыдан жасалған киім, бұлан балықтары
Келісімшарт бағамымен акциз есептелінеді және ҚР-ң ҰБ бағыты бойынша шетел бағамымен, сондай-ақ теңгедей төленеді.Шетел бағамымен қайта есептеп шығарылған салық сомасы кеден декларациясы күніне істейтін ҰБ-к бағыты бойынша теңгедей төленеді, тек ҚР-ң кедендік заңнамасында қарастырылмаған жағдайларды қоспағанда.
Кедендік органдар айсайын есепті кезеңдегі келесі айдың 25-не дейін есепті кезең үшін мәліметтерді сәйкес салық комитеттеріне көрсетеді.Кедендік бақылау мен тауарлардың кедендік толтыруларын іске асыратын кедендік орган, ол тауарлардың импорты бойынша олардың мақсатты қолданылғандығымен байланысты салықтарды төлеу бойынша және ерікті экономикалық зона территориясына әкелінетін тауарлар бойынша жеңілдіктер қарастырылған және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 күні тапсырылады.Кедендік органдармен көрсетілген жүк кедендік декларациясының көшірмесі салық төлеушілердің құжатына салық органдарымен тігіледі.
Төменде көрсетілген акцизделетін тауарлар импорт акциздерден босатылады:
- Қазақстан Республикасының өкіметімен бекітілген норма бойынша заңды тұлғалармен импортталады;
- Жолаушыларды,жүктерді халықаралық тасымалдауды іске асыратын көлік қаражаттарын пайдалану үшін қажеттілер.
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы оларды өткізуге дейін зақымдалған жағдайда олардың материалдар және бұйымдар ретінде пайдалануға жарамсыз болып қалулары.
- Құжатты көрсету кезіндегі Қазақстан Республикасының өкіметімен анықталған тәртіппен гуманитарлы көмек көрсету түрінде әкелінетіндер.
- Халықтық ұйымдар,өкіметтер,мемлекеттер жолымен қайырымдылық мақсатында әкелінетіндер
6.Шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік – техникалық қызметкерлердің, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акцизден босатылатын тауарлар
7.Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, “Еркін айналыс үшін тауарлар шығару” режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын тауарлар
Ерікті айналым үшін тауарларды шығарудан кейін акциз жалпы тәртіппен төленеді.Салық төлеу бойынша мақсатты жеңілдіктер көрсетумен пайдаланады. Қарыздарды алу кезінде акциздер бойынша пеня Қазақстан Республикасының салық туралы заңына сәйкес төленеді,ал жауапкершілік шаралары – Қазақстан Респуликасының кедендік заңнамасына сәйкес.
Акцизделетін тауарлардың импорты бойынша салық салу объектісі болып кедендік заңға сәйкес анықталған кедендік құны табылады. Таңбалауға жататын тауарлар бойынша, төленуге тиіс акциз сомасы, әкелінетін тауарлардың көлемі бойынша акциз жиынының таңбасының құны азаяды.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың төлеміне жататын акциз шығарымдары, кеден декларациясындағы тауарлардың кедендік құны көрсетілген бағаммен жүргізіледі.
Таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды топтастыру кезінде кеденді жүктік декларация өтініші Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жүргізіледі. Кедендік органдар үшін акциздердің төленуін растайтын: төлем құжатын растайтын төлем құжатының 1 данасын деклорантшы көрсетеді және де тауарының төленгені туралы банктің жазбаша құжаты болуы керек. Әкелінетін тауарлар бойынша акциз төлемдерін қамсыздандыру сапасы кедендік органдарының депозиттік шотына түседі және уақытылы бюджетке тапсырылып отырады.
Егер де акциз бойынша төленген сомалар төленуге тиіс сомадан асып кетсе, онда төлеушінің рұқсатымен бұл сала алдағы төлемдер шотына аударылады.
Төлеушіге акциз сомасын қайтару үшін келесі құжаттар қажет:
-төленген акциздердің қайтарымы туралы төлеушінің өтініші;
-кеден органдарымен толтырылған кедендік жүктік декларацияға, сәйкес есептелінетін акциздер;
-төленуге тиіс акциздер сомасы туралы төлем құжаттарының көшірмесі;
-кедендік құны бойынша декларация.
Құжаттарды көрсеткеннен кейінгі қайтарымды Қазақстан Республыкасының салық туралы заңымен сәйкес салық органдары іске асырады.
Әртүрлі кедендік режимдер кезінде акциздерді қолдану ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының территориясынан бұрын экспортталған қазақстандық тауарлардың реимпорты кезінде акциз алынбайды. Қазақстан территориясы бойынша спирт, алкогольді өнімдер транзиті, кеден органдарының депозитіне акциз сомаларын еңгізу шартымен іске асады.
Бажсыз тауарлар дүкенінде акциздер алынбайды. ТМД құрамындағы мемлекеттердің таурлары әкелінген кезде еркін айналымдағы тауарларды шығару сияқты кеден органдарының депозиттік шотына акциздер аударылады.Арнайы экономикалық зона территориясында келесі еркін кедендік зона режимі жүргізіледі. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тауарларды экономикалық зона территориясына әкелінетін тауарлардан акциз алынбайды.
Егерде осы тауарлармен коммерциялық операциялар жүргізілсе, акцизде кедендік заңға сәйкес алынады. Еркін зона территорияда, сондай-ақ ТМД елдерінде жасалған тауарлардан акцизді жалпы белгіленген тәртіп бойынша салық органлары алады.
Импортты тауарлар бойынша акциз қойылымдары өнімнің бір бірлігіне евромен белгіленеді (5 кесте).
5 кесте Шеттен әкелінетін тауарлар бойынша акциз қойылымдары.
Атаулары | Сырттан әкелінетін тауарларға акциз қойылымы |
Сыра | 0,2евро/1 литр |
Винолар және виноматериалдар | 0,4 евро/1 литр |
Бекіре және арқан балықтары | 100% |
Темекі өнімдері | 4 евро /1000 дана |
Бензин | 31 евро/1 тонна |
Жанар жағар май | 20евро/1 тонна |
Жеңіл автомобильдер | 10%, бірақ 0,5 евро/куб.см кем емес |
*Ақпарат көзі:ҚР Өкіметінің 28.01.2001ж №137 қаулысы
Қазақстан Республикасының территориясынан акцизделетін тауарларды нақты реэксперттеу акциз бойынша төленетін сапасын кедендік органдардың депозиттік шотына еңгізу шарты арқылы іске асады. 6 ай ішінде тауарлардың нақты реэкспорты іске аспаған жағдайда акциздер кеден органдарының төлемдеріне жатады. Реэксперттенетін тауарларды шығарған кезде төленген акциз сомасы, кеден органдарының қайтарымына жатады, егерде;
-реэксперттелетін тауарлар алып келген кездегі қалпында болса;
-әкелінген уақыттан бастап, 2 жыл аралығында ғана тауарлардың реэкспорты жүргізіледі;
-реэкспорттелетін тауарлар пайда табу мақсатында қолданбаса.
Төленегн акциздер сомасын қайтарып алу үшін кеден органдарына берілген құжаттар негіз болады. Мысалы: соманың қайтарылымы туралы төлеушінің өтініші; кедендік жүктік декларацияның көшірмесі және т.б. тауарларды жойған жағдайда акциз алынбайды.
Кеден органдарының депозиттік шотына түскен Қазақсатан Республикасының заңымен анықталған көлемінде әкелінетін тауарлардың акциз соммалары:
1-5 күнге дейін – айдың 8-де бюджетке аударылады;
6-10 дейін – 13 күні бюджетке аударылады;
11-15 дейін – 18 күні бюджетке аударылады;
16-20 дейін – 23 күні бюджетке аударылады;
26-28 дейін – есепті айдың ақырғы күнінде бюджетке аударылады;
29-31 дейін – есепті айдан кейінгі 3 күні бюджетке аударылады.
Сонымен, біз әртүрлі кеден режимдерінде акциздердің төленуін зерттедік, сондай-ақ тауарлар импорты кезінде акциз қойылымдарын қарастырдық және акциздердің шығарылуы қалай жүргізіледі екенін көрсеттік. Енді біз, мысал ретінде Жетісу аудандық салық комитетіндегі акциз түсімдерін қарастыруға алдық.
2.2 Жетісу ауданы бойынша салық комитетінің мәліметтері бойынша акциз түсімдерін талдау.
Берілген ауданның акциз бойынша болжамы – 479179 мың тг. құрады, ал шынында – 536879 мың тг немесе 112%-орындалды, соның ішінде алкогольді өнімдерге акциздер бойынша болжам 116,7%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімнің 125236 мың тг өскенін көреміз.
Жетісу ауданында 11 алкогольді өнімдерді өндіруші тіркелген, оның 7 жұмыс істейді.
- арақтар, винолар,коньякті өндіруші ЖШС “КДД”
- шампан өндіруші ЖШС “Ралко”
- сыра өндіруші ЖШС “Динал”
- сыра өндіруші ЖШС “Ак-нар”
- сыра өндіруші ЖШС “СП Ирбис”
- сыра өндіруші ЖШС “Алтын Орда”
- сыра өндіруші ЖШС “Дербес”
Сонымен, ауданда арақ өндіруші – 1 кәсіпорын, винолар – 1 кәсіпорын, шампан – 2 кәсіпорын, коньяк – 1 кәсіпорын, сыра – 5 кәсіпорын, мықты 6 кестенің жалғасы
сусындар 1 кәсіпорын.
6-кесте 31.12.2004 ж жағдайы бойынша және 2003ж ұқсас кезеңінде жалпы аудан бойынша акциз түскені*.(мың.тг)
Салық түрі | 31.12.2004ж түсім | 31.12.2003ж түсім | Ауытқуы |
Арақ | 46053,8 | 48743,8 | -2690 |
Вино | 8445,9 | 47946 | -39500,1 |
Коньяк | 22292,2 | 5071,6 | 17220,6 |
Шампан | 15506,1 | 9892,2 | 5613,9 |
Сыра | 75067,2 | 72329,4 | 2737,8 |
6 кестенің жалғасы | |||
Мықты сусындар | 148721,4 | 31086,1 | 17635,3 |
Зергерлік бұйым | 1244,5 | 4158,9 | -2914,4 |
Ойын бизнесі | 13881,3 | 8967,7 | 4913,6 |
Электрэнергиясы | 162631,3 | 68379,8 | 94251,5 |
Жанар жағар май | 14793,4 | 2475,9 | 12317,5 |
Бензин | 38304 | 10963 | 17341 |
Барлығы | 536941,1 | 410014,4 | 126926,7 |
*Ақпарат көзі:Жетісу ауданы бойынша Салық Комитетінің мәліметтері.
Айтып өткендей, алкогольді өнімдерге акциздер бойынша болжам 106,7% орындалған немесе 209690 мың тг жоспар кезінде, нақты түсімі 223736 мың тг құрған. Алдыңғы кезең тұрысындағы түсімдерді талдау түсімдердің 17771,2 мың тг қысқарғанын көрсетеді.
7 кесте Алкогольді өнімдерге акциз бойынша түсімдері*
Өнім түрі | Өндіріс көлемі далл | Өніріс көлемі мың тг | Өткізу көлемі мың тг | |||
2003 | 2004 | 2003 | 2004 | 2003 | 2004 | |
Арақ | 53153 | 72465 | 89166 | 213367 | 85736 | 151373 |
Вино | 139980 | 86458 | 231733 | 159573 | 268620 | 169858 |
Коньяк | 61175 | 83900 | 327503 | 591531 | 319533 | 541074 |
Шампан | 119958 | 106512 | 257335 | 267816 | 234984 | 256944 |
Мықты сусын | 115356 | 158420 | 246631 | 449369 | 228748 | 474556 |
*Ақпарат көзі:Салық Комитетінің мәліметтері.
Қарастырылған 7 кестеден, ауданның ірі ЖШС “КДД” өндірісі бойынша алкогольді өнімдерді шығаруы төмендеу салдарынан болжамның орындалмағанын көреміз. Алкогольді өнімдерді шығару көлемінің төмендеуі қажетті негізгі ректификатының болмауынан болды. Қазір бұл кәсіпорын уақытша қаржылық қиыншылықтарды көруде және шикізат иемденуге еркін қаражаттары жоқ. Сатып алу қабілетінің төмен болуына байланысты өнімдерді өндіру төмендеді.
Арақ – болжам бойынша 74268 мың тг, ал нақты түсімі 46053,8 немесе 62% мың тг құрды. 2003ж қарағанда 2690 мың тг немесе 5,5 % төмендеген. Өндірістік көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, түсімдердің қысқаруымен болжамның орындалмауы байқалады. Бұл арақ өнімдеріне салынатын акциздер қойылымдарының төмендеуімен айқындалады.Бұл акциз ставкасының төмендеуі арақ өнімінің 60%-дан 40тг төмендеуіне байланысты.
Коньяк - болжам бойынша 15710 мың тг. сомада белгіленген,ал нақты түскені – 22292,2мың тг. болжамның орындалуы 141,9% құрды.Болжам көршеткішінің орындалуы сияқты түсімдерінің өсуі де ең басты КДД ЖШС өндірістік қуатын пайдаланудың ұлғаюымен байланысты. Егерде 2003ж. Импорт коньяк өнімдерін 73,3% шығарса,қазіргі уақытта-100,5%. Натуралды түрде бұл көрсетілім 2003ж. 327503 мың.тг. сомасына 61175 далл құрған, ал 2004ж. 591531мың.тг. сомасына 83900 далл құрған.Егер де 2003ж. Коньяк өнімдерін өндіру бойынша айналым 319533мың.тг. болған,ал ағымдағы жылда – 541074мың.тг.,бұл сұранымның жоғарылауын және өнімдер өтімінің нарықтарының кеңеюін көрсетеді.Қазігі кезде «КДД» ЖШС негізінен осы коньяк өнімдерін өндіруге бағытталған.Себебі, қалада ол жалғыз коньяк өндірумен айналысады.
Вино – болжам кезінде 11539мың.тг.; ал нақты бюджетке түскені – 8445,9 және 72,9%. 2003ж. Түсім деңгейі 47946мың.тг. құрады.Өткен жылға қарағанда едәуір қысқарулар байқалуда: өндіру көлемі – 31,1%-ке,өткізілгені – 36,8%,ол тұтынушылардың сұранысының азаюына байланысты.
Шомпан - шампан бойынша екі акциз төлеуші тіркеуде тұр: «КДД»ЖШС және «Ралко». 2004жылға болжам бойынша 13000м.тг.сомасында,ал нақты түскені – 15506,1мың.тг. Болжам 19,3%-ке орындалды. 2003жылға түсім – 9892,2мың.тг. құрған.Болжамның орындалуына және түсімнің 5613,5м.тг.-ге өсуіне бірден бір себеп, «КДД»ТОО өндіріс көлемінің жоғарылауы болды.Егерде 2003ж. акцизделетін өнімдердің берілген түрі бойынша 257335мың.тг.немесе 119958далл шығарылса және 234984мың.тг өткізілсе,онда 2004ж.ұқсас кезеңінде 267816мың.тг.немесе 106512далл өнім көлемі кезінде өндіру көлемі – 256944,3мың.тг. құрған.Көріп отырғандай,заттай түрінде кейбір төмендеулер байқалуда,бірақ құндылық түрде өсім байқалады.Ол өзіндік құнның өсімімен ескерілген.
Сыра – қазіргі кезде Жетісу ауданында бес кәсіпорын сыра өндірумен айналысады: «Акнар» ЖШС, «Динал»ЖШС, «СП Ирбис»ЖШС, «Алтын орда»ЖШС,Дербес ЖШС.Олар сыраға акциз төлеушілер болып табылады. 2004ж.кәсіпорындармен 1292668,4 далл сыра шығарылған, 1289099,9 далл өткізілген, болжам бойынша 61649 м.тң. ал нақты түскені 75067,2м.тг. сомасында акциз төленді ,немесе 121,8%.Өткен ұқсас кезеңінде ондіріс көлемі 1263787,7 далл-ға сәйкес өндірілген 1263453,5 далл өткізілген.
Ойын бизнесі – болжам бойынша 10942м.тг. нақты түсім – 13881,3м.тг. құрған ж әне 126,9% 2003ж. Салыстырғанда түсім 4913,6м.тг. және 54,8%-ке
өскен.Түсімнің өнуі ең біріншіден төлеушілер соманың көптілігімен түсіндіріледі.Егерде 2003ж. Берілген акциз түрін төлеушілер 13 ұйым болса,2004ж. 16 болды. Жаңа ойын мекемелері қалыптаса бастады: «Әділет»ЖШС, Group LTD, Asia ЖШС, Рио казиносы.
Сәйкесінше, акциз салу объектісі де көбейді. Сонымен қатар, АЕК өсімі 919 тг-ге өскен.
Бензин және дизель отыны – 01.01.2004ж бастап, “Салық және міндетті төлемдер туралы” заңға өндірумен айналысатын кәсіпорындар бензинге акциз төлеушілер болып табылады. Жетісу ауданында болса салық комитетінің бақылаунда 24 АЗС бар: “Эврика-1” Концерн “Сонар”, “Эврика-2”Концерн “Сонар”, “Конда”, “Мунай Интернейшнл”, ЖШС“Икар”, АЗС“Баян Аул”,ЖШС “Чингиз”, АЗС Шугла, ЖШС Олттэкс, АЗС“Кристалл”, АЗС“Алга”,АЗС “Эллада”,ЧП Степаненко, ЧП Ауельбеков, АЗСКазахойл, АЗСВГелиос, АЗС Касиет, ЧП Жансеитов, Сонар Нефтепродукты, АЗС Саяхат, Просистем Петролиум.
Бензиннің және дизель оты бойынша көтерме саудамен айналысатын ұиымдардан басқа ауданда, бөлшекті саудамен айналысатын 25 заңды және жеке тұлғалар тіркелген: Дра ЖШС, Баско ЖШС, Рендох ЖШС және т.б. Болжам кезінде бензинге салынатын акциз сомасы – 27868 мың тг, бюджетке түсетіні – 28304 мың тг, болжамның орындалуы – 101,6%.Дизель отыны бойынша бекітілген болжам – 9380 мың тг деңгейінде, түскені – 14793,4 мың тг, болжамның орындалуы 157,7%қамсыздандрылған.
Болжамның едәуір артық орындалуы және де бензин, дизель отындары бойынша түсімдердің көбеюі келесімен түсіндіріледі; яғни “Стандарт ойл” ЖШС 1 жолғы тәртіппен бензинге салынған акциздерді – 6806,8 мың тг сомасында, және дизель отыны – 3167,8 мың тг шамасында аударғанымен.
Электроэнергия – болжам бойынша 158,896 мың тг, ал нақты түсімі – 162631,3 мың тг құрған, болжам 1024 % орындалды. Негізгі акциз төлеуші болып АПК ЖАҚ-н табылды. 2004ж түсім 162583,1 мың тг құрған, өткен жылдың ұқсас кезеңінде түсім 137,9% өскен.
АПК-дан бөлек, электроэнергияға акциздерді төлеушілер болып ГЭС ЖШС саналады. Акциз салу обьектісі болыпөз каналдарының гидроресурстарын пайдалану жолымен өз электроэнергиясымен сыналатынкезіндегі, өндірілген электроэнегия саналады. 2004ж үшін кәсіпорын акцизді 53,3 мың тг сомасында төледі. Оған АПК кассалық әдісімен есептеу әдісіне көшуі себеп болды. Соның нәтижесінде, акцизді шығаруға дейін 118017,2 мың тг құрды. Сонымен, 2003 жж 2404352,7 мың тг электроэнергия өндірілді, сонда ағымды жылда 6468670,1 мың тг құрды.
Сонымен, Жетісу ауданы бойынша салық комитетінің мәліметтері бойынша бюджетке төленетін акциз жоспары 112% орындалды, нақты түскені 536,8 мың тг құрды, болжам кезінде 479,1 мың тг, ол57,7 мың тг көп. Егерде 2003ж және 2004ж мәліметтерді салыстырсақ онда түсу айырмашылықтарын 2004ж ең көп түсімдер күшті сусындар мен электроэнергиядан түскен, яғни олар 148721,4 мың тг және 162631,9 мың тг көлемінде. Ал 2003ж ең көп түсімдер күшті сусындар мен сырадан түскен, яғни 723239,4 мың тг және 131086,1 мың тг. Түсімдегі бұл айырмашылық жыл сайын сату көлемінің жоғарлауымен және салық төлеушілердің санының көбеюімен түсіндіріледі.
бюджетке түсетін нақты түсімдер туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Осындай жағымды нәтижелерге қарамастан, әлі де ұнамсыз мәселелер бар.
Акциздер бойынша жағдай келесі түрде қаланды: Республикалық бюджетке жыл сайын болжанатын табыстар бойынша акциздердің өсім қарқыны көрінеді, әрине ол өсіп отыр, себебі: мемлекет минималды бюджет тапшылығын қамсыздандыруға ынталанады. Сондықтан, акциз өте жақсы үйлесіп тұр, ол үшін жаңа акцизделетін тауарлар еңгізу жеткілікті және салық салу базасы кеңееді.
8 кесте 2002-2004 жж ішінде республикалық бюджет үзілісіндегі акциздер бойынша болжамның орындалуы* (млн.тг)
Респуб.бойынша акциз барлығы | 2002ж | 2003ж | 2004ж |
Болжам | 7804,3 | 10502,5 | 22110,9 |
Нақты | 7189,2 | 10921,7 | 16841,3 |
Болжам орындалуы (%) | 92,1 | 104,0 | 76,2 |
*ҚР мемлекеттік табыстар Министрлігінің салық комитетінің есеп беру мәләметтері бойынша
2004ж акциз салығының жоспарланған түсімінің едәуір өскені байқалады. Бұл 1999ж Қазақстан Республикасының Президентінің “Салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі туралы” Жарлығының енгізілуімен байланысты.Ол салық базасын кеңейтті. Егерде акциз ставкалары 14-75% аралығында болса және акцизделген тауарлардың 17 түрлері жанама, онда 2004ж тауарлардың 22 категориясына салынады, және акциз ставкалары үлкен шекара аралығында: 10%-дан - 100%-ға дейін.
2004ж көрінген ауытқуы жаңа заңнаманың еңгізілуімен байланысты – акцизделетін тауарлардың тізімінен былғарыдан жасалған бұйымдарды алып тастаған және қайтадан салық салу базасы кеңейтілуде – оған элетроэнергия мен газ конденсаты кіреді.
2003ж және ағымдағы жылдағы акциздердің түсімі бойынша, болжам мәліметтерінің орындалмауы кәсіпорынның өндіру көлемнің төмендеуімен түсіндіріледі, ол дайын өнімнің бағасының жоғары болуына байланысты.
Сонымен бірге, негізгі себептердің бірі – алкогольді өнімдердің импорты және өндірісінен акциздердің толығымен түспеуі болып табылады. Мысалы, статистика бойынша Комитеттің ресми мәліметтерімен Қаржы Министрлігінің есебі, мемлекеттік бюджеттің жоғалтулары тек алкогольді өнімдерді өндіруден түсетін акциздер бойынша 3 млрд. сомасын құрғанын көрсетеді. Пайдаланылған спирт ресурстары, ликерлі-арақ және арақ өнімдерінің өндірісте тіркелген мөлшері үшін қажетті көлемнен 1,5 есе асады.
9 кесте 2002-2004жж Алматы қаласының акциз болжамының орындалуы
Алматы қ. бойынша акциз | 2002ж | 2003ж | 2004ж |
Болжам | 1945,0 | 2282,4 | 2826,6 |
Нақты | 1338,2 | 1648,3 | 2319,2 |
Болжамның орындалу пайызы | 68,8 | 72,2 | 82,1 |
*Алматы қаласы бойынша салық комитетінің мәліметері бойынша.
Алматы қаласы бойынша бюджетке түскен акциздер түсімін талдау болжамның орындалуы 2002ж – 68,8 %, 2003жж – 72,2%, ал 2004ж–82,1% құрғанын көрсетеді.
Акциздар бойынша түсімдер түсуі, жалпы тұтынылатын акцизделетін тауарлардың әкелінуі мен өндіріс көлеміне тікелей бағынышты. Өкімет акциз ставкаларын да, акциз салынатын таурлар тізімін де реттеп отырады.
Қорыта айтсақ, бюджет кірісін қалыптастыруда жыл сайын акциздердің рөлі өсіп отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің жалпы кірісіне түсетін салық үлесінің көбі акциздерден құралады.
Республика табысын қалыптастырады және болжамды орындауда едәуір салымды Алматы қаласы еңгізеді.
Болжамның жоғарлауы фискалды органдардың жұмыс сапасының жақсаруына әсер етпейді. Болжамның орындалуында меншік кәсіпорындарының және кішігірім бизнестің ретсіз рейдтік тексерілуі жүргізіледі.
10 кесте 2002-2004 ж ж Жетісу ауданы бойынша акциздердің болжамның орындалуы
Жетісу ауд бойынша барлық акциздер | 2002ж | 2003ж | 2004ж |
Болжам | 317136 | 311928 | 479179 |
Нақты | 321799 | 348480 | 536879 |
Болжам орындалу пайызы | 101,4 | 111,7 | 112 |
*Жетісу ауданының салық комитеті бойынша
Жетісу ауданының акцизден түсетін түсімдерін қорыта айтқанда, ол жылдан жылға өсуде.2002ж-101,41%,2003ж-111,7%,2004ж-112%.
Болжамның жоғарлауы акциздік туарға сұраныс көбеюде. Болжамның жоғарлауы фискалды органдардың жұмыс сапасының жақсаруына әсер етпейді. Болжамның орындалуында меншік кәсіпорындарының және кішігірім бизнестің ретсіз рейдтік тексерілуі жүргізіледі.
3.АКЦИЗДІК САЛЫҚТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстандағы акциздік салықты оптимизациялау жолдары
Кенелді Қазақстанның болашақта гүлденуі, салық жүйесі саласындағы шешімдер тікелей байланысты,ал нақтырақ айтсақ Қазақстандағы акциздік салықтың жетілдіруімен тығыз байланысты екені ешкімге қупия емес.
Қазақстан Республикасының өкіметінің 2000-2002ж. Арналған формасында айтылып өткен: салық әкімшілігін жаңартуға бағыттылғандардың бірі,акциздер бойынша қосымша резервтерді іздеп табу болып табылады.
Акциздер жанама салықтар болып табылады және кәсіптің қаржылық нәтижесіне әсер етпейді,себебі қорытындысында төлеуші акцизделетін өнімдерді тұтынушы болып табылады.Акцизделетін өнімдердің тізіміне бірінші қажетті заттар болып табылатын тауарлар кіреді.Бюджетке акциздерді уақытылы төлеу және дұрыс есептеу жауапкершілігі төлеушілерге міндеттеледі.
Қазіргі акциз сомасы акцизделетін өнімдердің салық салу саласында олардың іске асырылу әдістері мен шарттарын,міндеттері мен мақсаттарың,басты қағидаларын,ерекшеліктерін анықтайды.Акциз салығын жақсарту мақсатында біздің елде келесі міндеттер қойылған:
-темекі және алкогольді өнімдердің импорты мен өндірілуін бақылау ұйымдары;
-акциздерді толық және уақытында төлеу үшін күресті күшейту.
2002ж. Салық полициясы жүргізген іс шаралар нәтижесінде,бұқпа сауда саласында 6514 бұзушылық іс қаралды,және акцизделетін өнімдердің заңсыз айналысының жалпы сомасы 893,3 млн.тг.
Жасырын емес өндірілген алкогольді өнімдер өз бәсеке қабілеттілігін бұқпа сауда өнімдеріне байланысты жоғалуы ықтимал.Сонымен,2002ж.салық органдары спирт және алкогольді өнімдерді шығарумен айналысатын 213 жасырын цехтарды анықтаған.
Бұл жағдайда қандай шараларды қолдану керек?
Біріншіден,салық қызметімен ескерілмеген алкогольді өнімнің көлемін қысқарту арқылы салық жиналымын көбейтуге болады.Екіншіден, кемел емес алкогольді өнімді қайта өндірі мәселесін шешу қажет.
Салық жиналымын жоғарлатуға бағытталған іс шаралардан басқа құқтық мінездегі іс шараларды дайындау қажет.
Алкогольді өнімдердің өндірілін және айналымын бақылауды жақсарту бойынша бүгінгі күнде іс шаралар жеткіліксіз.Сондықтан алкогольді өнімді өндіру және өткізу үшін мемлекеттік монополияны енгізу қажет.
Қарастырылған мәселені шешу үшін 2003ж. Алкогольді өнімнің айналымымен өндірілуін мемлекеттік бақылау бойынша Комитет құрылған болатын.Оның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында алкогольді өндіруді өткізу және өндірумен айналысатын кәсіпорындарды бақылау.
Біздің көз қарасымызша,ең басты мына мәселелерді шешу қажет: алкогольді өнімнің қозғалысын бақылау,спиртті ұрлап сату және алкогольді өнімнің жасырын өндірілуімен күресу,акциз қызметімен жұмыс жасау,бірігіп тексерулер жүргізу және тағы басқа.
Комитеттің қызмет ету кезінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі тірегі бақылау функциясына бағытталған болатын.Бұның пайда болған себебі,көп ұйымдар бұрынғы лицензиаттармен берілген лицензиялар бойынша жұмыс істейтіндігі.Бірақ,алкогольді өнімдерді барлық өндірушілер мен өткізушілерді бақылауға алу,МГД және Комитеттің дайындаған барлық нормативтік актілерінің орындалуын қамтамасыз ету,жерлердегі жұмыстардың жағдайын бағалау қажет болды.
Қәзіргі кезде басқару қызметін ақпараттар бойынша аналитикалық жұмысқа бағыттау қажеттілігі туындады.Бұл жердегі ақпараттар мемлекеттік органдармен,ведомстволармен көрсетіледі.Қазақстан Республикасының нормативтік актілермен заңдарын бұзған заңды және жеке тұлғалар қатынасына әртүрлі шаралар қолдану тиіс және де бақылау қажет.
Жоғары сапалы алкогольді өнімді өндіруді және өткізуді қамсыздандыру бойынша технологиялық бақылауды іске асыру керек.
«Сондай-ақ, жасандылар мен өндірушілердің өзі және сәйкесінше органдар күресуі керек,әркім өз жерінде: зауыт-сапасымен,билік-заңмен» Мысалы,»Ралко» өнімін бірден айыруға болады.Оны шығару кезінде пластикалық қалпақшалар,арнайы акциздік марка номері,түрлі түсті этикеткалар пайдаланылады.Егерде осы аталғандардың екеуі болмаса,яғни «Рлко» шығармаған.Сонымен қатар олардың құмыраларында бірнеше құпиялар бар,оларды тек АҚ президенті және лаборотория меңгерушісі біледі.Егерде химиялық талдау жүргізілсе арақтармен шампандарды шығарғандарын анықтайды.Тек 2002жылдағы тексерулер Алматы қаласындағы 40 дүкендер шамасында «Ралко» акционерлік қоғамының маркасымен өнімдерге химиялық талдау кезінде жасанды екенін анықтаған.Бұл кезде үкімет араласу қажет.
Қазіргі кезде Алматы қаласы әкімінің шешімі бойынша құрамында 12 градустан көп этиль спирті бар алкогольді ішімдіктерді нарықта коммерциялық киоскілерде сатуға тиым салынады.Сондай-ақ оқу орындарында жұмыс уақыты кезінде тамақтанатын жерлерде алкогольді ішімдіктерді сатуға тиім салынды. 12 градустан жоғары спирттік ішімдіктер тек дүкендерде,мейрамханаларда,кафелерде сатылады.
Осы тұрғыда неге 11 градус немесе 13 градус емес ал 12 градус деген әділ сұрақ туады.Алматы қаласының санэпид басқарудың бастығы Виктор Меркердің ойы бойынша «12%- бұл ең жоғары деңгей.Негізінен барлық уланулар құрамында 12% жоғары этил спирті бар спирттік ішімдіктерден болады.Жасанды арақтардың көп болуына байланысты олардың барлығын бақылау мүмкін емес,сондықтан спирттік ішімдіктерді сату жерлеріне байланысты шегерген.Қазірдің өзінде тәулік бойы бойы жұмыс істейтін дүкендер ашылуда онда спирттік ішімдіктерді сатады.Біздің басты талап олардың ауруханалармен балабақшаларға жақын орналаспауы керек.»
Нарықтағы жағдайды жақсарту үшін 1996ж. Соңында құрылған алкогольді өнімдерді өндірушілердің республикалық асоциясы «Казалко»-ның міндетіне жалпы экономикалык және өндірістік мәселелерді шешу үшін 160 отандық өндірушілерді біріктіру кіреді.Республика үкіметіне алкогольдік нарықта жақсарту бойынша бір қатар қажетті ұсыныстарды құрылған асоциация енгізді.Парламент енгізді.Парламентпен қабылданған Азаматтық кодекспен қылмыстық кодекстегі ерекшеліктер заң бұзушыларға әкімшілік шараларды қолданып қана қоймай оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздеді.
Салықтардан бас тарту мүмкіншіліктері тек заңнама деңгейінде жүрмей- сондай-ақ салық құрылымында жүргізіледі.Бұл заң шығарушылардың ойланбаған жұмысының нәтижесі деуге болады.
Мысал ретінде,сыртқы сауда операциясына жанама салық салу тәртібін қарастыруға болады.Сонымен,жалпы қабылданған әлемдегі тәжірибеге қарамастан,көп елдерде қосымша құнға салынатын салық тауарларды пайдалану жеріне байланысты емес,олардың өндірілетін жеріне байланысты болады.
Ұқсас жағдай жанама салықтың басқа түрі бойынша қалыптасты – акциз ТМД құрамына кіретін әрбір ел өзінің қарасы бойынша олардың ставкаларын бекітеді.Кейбір акцизделетін тауарлар,әсіресе бензин және басқа да отын түрлеріне сондай-ақ вино материалдарына екі рет салынады.Бірінші өндіруші елде,екінші тұтынушы елде.Бұндай тәжірибе мемлекеттік салық жоғарылауына қиындатады.Егерде импорталатын шикізат бағасына салық та қосылатын болса, онда өндіруші үшін ол тиімсіз,себебі ол салық экспорткезінде өтілуі тиіс.Бұның бәрі сәйкес елдердің заңнамаларына жаңылыс еңгізеді,олардың қолданылуын қиындатады және салық төлеулшілер жағынан көптеген қиянаттарға әкеледі.
Сыртқы саудада қалыптасқан жері ұстанымдарын пайдалану,мемлекет аралық деңгейде келісілген салық саясатын жүргізуді қарастырады.Кез келген елдің ішкі нарығында бағаның ауытқуы болмауы үшін,импорт кезінде және ішкі өндіру кезінде салық бірдей ставкада болуы керек.Бірақ, бұны іс жүзіне асыру қиынға соқты,себебі әр елдің экономикалық бағыты мен құрылымы әр түрлі.
2000ж ҚР МГД-мен қабылданған, салық әкімшілігінің сапасын жоғарылату,қаржы органдарының қызметін жетілдіру бағдарламасының маңызды бір міндеті ретінде акцизделетін тауарлар айналымы мен акциздердің түсімін толықтыруды қамтамасыз етуді бөліп көрсетуге болады.
Берілген міндеттемелерді қалыптастыру барысында келесі іс шараларды жүргізу қарастырылған:
-алкогольді өнімдердің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеуді күшейту бағдарламасын өткізу;
-алкогольді өнімдердің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеу туралы заңын қабылдау;
-акцизделетін мұнай өнімдерінің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеуді күшейту бағдарламасын қабылдау және өңдеу;
-акцизделетін өнімдер айналымы мен өндіріс баланстарының жүйесін енгізу және ұйымдастыру.
Алкогольді өнімдердің және этил спиртінің айналымы мен өндірісін мемлекеттік реттеуді күшейту бойынша бағдарлама, нашар сапалы өнімдерден тұтынушыларды қорғауға негізделген.
Берілген бағдарламаның мақсаты,бюджетке табыстың максималды түсуі,сонымен бірге отандық алкогольді өнімдердің бәсекелік қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
Келесі міндеттерді шешу жолдарымен бұл мақсатты іске асыруға болады:
-салықтың түсуін,айналымын және өндірістік бақылауды ұйымдастыру;
-заңды өндірушілер үшін экономикалық тиімді шарттардың құрылуы;
-алкогольді өнімдер мен спирттің барлық түрлерін өндіру легализациясы;
-заңсыз айналым мен күресу;
-а лкогольді нарықтың реттелуі,
-кеден және салық саясатын жетілдіру;
-нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
-бақылау қызметін ақпараттық технологиялық қамсыздандыру,қажетті инфраструктуралық дамуы.
Көрсетілген міндеттемелердің толық орындалуы келесі нәтижелерге әкеледі;
.Алкогольді нормативті реализациялау;
2.Шығарылатын өнімдердің көлемі мен сапасын бақылауды бекіту.
3.Бюджеттің кіріс жағын толтыруды қамсыздандыру.
«Ғылыми-методологиялық жүйелілікті талап ететін және сондай-ақ бюджеттің кіріс жағының орындалуының маңызды деңгейін анықтайтын,негізгі бағытталған іс шаралардың бірі болып,мұнай өнімдер нарығындағы акциздік салық табылады.»
Толық көлемде акциздердің түсімін тоқтататын бірқатар себептер бар және бірінші кезекте салық жүйесінің баланстанбағаны.Ішкі нарыққа бағдарланған мұнай өндіретін өнеркәсіп ұйымдары салық жүктемесін 25-30% шамасында, ал мұнай өнімдерін көтерме саудамен айналысатын ұйымдар 15-20% көлемі жүктемесіне ие.
Берілген жағдайдың дамуына себеп болатын факторлар: өндірушіден соңғы тұтынушыға бензин және дизель ойының қозғалысының реттелмеуі, нормативтік құқықтық актілердің келел еместігі мұнай өнімдерін өндіру және өткізу көлемін есепке алудың біртұтас автоматтандырылған жүйесінің болмауы.
Мұнай өнімдерін шығарушы ұйымдар мен өндірушілердің арасындағы қарым-қатынастың барлық жүйесін реттеу мақсатында және де мұнай өнімдерінің айналымынан салықтардың түсуі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер министрлігімен жасалған және 2000ж. 2наурызынан бастап Қазақстан Республикасы өкіметінің қаулысымен бекітілген.
Бағдарлама өз алдына келесі мақсаттарды қойған:
-мұнай өнімдерін өткізу және өндіру жөнінде баланстар жүйесін енгізу;
-мұнай өнімінің импортына бақылауды күшейту;
-мұнай өнімдерімен көтерме және бөлшек саудасын лицензілеуді енгізу;
-бақылау қызметтерін ақпараттық технологиялық қамсыздандыру инфраструктурасын дамыту.
Көрсетілген міндеттердің орындалуына байланысты келесі экономикалық нәтижені аламыз;
-бензин нарығын легализациялау;
2.мұнай өндірілген өнімдер көлемін және сапасын қатаң бақылау
3.мұнай өндіру салаларында айналым мен өндірудегі тусетін түсім арқылы бюджеттің кіріс жағының орындалуы максимилизациясы.
Қойылған мақсаттарға жету үшін бағдарламада іс шараларды қалыптастыру қарастырылады және мұнай өнімдерінің нарығында салық салу субъектілерінің ерекшелігі және тағы басқалары.
Республикадағы мұнай өнімдері нарықты реттеудің негізгі механизмдері болып;
-дайын өнімге экспорттық-импорттық баждардың ставкалары;
-шикі мұнай экспортқа және мұнай өнімінің импортына жеңілдіктер;
-акциз ставкалары.
Республикада мұнай өнімдері нарығында негізгі шарттық субъектілері болып:
-мұнай өндіретін зауыттар;
-көтерме сауда кәсіпорындары.
Бензин және дизель отынына акциздерді төлеу жауапкершілігі бұрын жүргізілетін акциз саясатына міндеттелген,сонымен бірге АЗС арқылы өткізілген барлық ұрлап сатылған өнімдер акциз төлеуден кеткен.
Акцизді төлеу тәртібіне және есептеленуіне жаңа шараларды пайдалану қажет болды.Ол мұнай өнімдерін өткізу және өндіру процестеріне барлық қатысушылар арасында акцизді төлеу жауапкершілік тарту және бюджеттің кіріс жағындағы түсімнің көбеюіне мүмкіндік беруі керек.
Бензин және дизель отынын өткізумен айналысатын кәсіпкер мен МОЗ арасындағы акциз ставкаларын бөлу жолымен мұнай өнімдеріне акциздерді кезеңдік бағдарламада қарастырылады.Бұл қолданылатын шараның нақтылығы барлық АЗС-те паспорталу жүргізілген және жаңа бақылау әдісін жүргізген.Сонымен бірге,мұнай өнімнің ресми емес айналымының негізгі бөлігі салық салуға түседі,ол салық салу базасын кеңейтеді.
Көтерме саудамен айналысатын кәсіпорындар мен МОЗ қуыс тетігнің экономикалық тиімділігін жоғарылатуға ықпал етеді.
Сонымен , ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында ГСМ-мен АЗС-тің бағалары елеулі төмендеді.Акциз ставкасы ұлттық бағанда белгіленді және бірінші кезеңде МОЗ мен бөлшек сауда арасында 90 және 10 проценттік қатынасымен бөлінді,кейіннен акциз ставкасының бөлігін бөлшектеу саласының ,20%-на дейін ауыстыруы қарастырылған.
Бөлшек секторындағы мемлекеттік реттеуді күшейту үшін мұнай өнімдері нарығында әкімшілікті –шешілетін жүйені енгізу бойынша кешенді іс-шараларды жүргізу керек.Ол Қазақстан Республикасының бюджетке төленетін салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» заңының 139-2 мақаласында бекітілген. Онда келесі анықталған дизель және бензин отындарын көтерме және бөлшек саудада іске асыратын салық төлеушілері,заңды тұлғалардың,филиалдардың,өкіметтіліктердің тұрған жеріне байланысты аумақтық салық органдарында тіркелуі керек.Сонымен бірге сол заңның 163-1 мақаласында;аумақтық салық органдарында тіркелуінсіз қызметін іске асырғандағы үшін салық төлеуші 25 АЕК шамасында айып төленуі қарастырылған.
Біздің көз қарасымызша,мұнай өнімдерін өткізіді бақылау мақсатында мұнай өнімдерін көтермелеп,сондай-ақ бөлшектеп өткізушілерді міндетті лицензияландыруды енгізу дұрысболар еді.
Мұнай өнімдерін өткізуді бақылау саласында акциздік саясаттың жетілдірілуі келесіні қамсыздандыруға мүмкіндік береді.
1.Мұнай өнімдерін өткізумен айналысатын кәсіпорындар мен дизель және бензин отындарын өндірушілерден түсетін салық көлемінің өсуін;
2.заңды түрде бензин және дизель отындарының көлеңкесі нарығын біртіндеп ығыстыру;
3.шығарылатын мұнай өнімдерінің сапасына бақылау орнату;
4.мұнай өнімдерін отандық өндірушілер қызметінің тиімділігін балағаттау үшін жанама баға беруді реттеу.
Акциздерді есептен шығару механизмінің кейбір жағдайын анықтау талап етіледі.Заңнаманы бірігіп пайымдау мақсатында,арқан балық және бекере балық жануарларына жататын балықтар түрлерін анық бөліп көрсету қажеттілігі туындайды.
Бұл мақсатта алкогольді өнімдердің импорты мен өндірілу Акциздік саясаттың жетілдірілуін республикада кезеңмен теке асыру керек.Экспортқа бағытталған кәсіпорындардан салықтын толық жиынын қамтамасыз көлемін есепке алу бойынша түбегейлі шараларды қабылдау керек.
Біздің ойымызша салық формалары заңнама нормаларын түсіндіруге және насихаттауға мақсаттан жұмыстарды жүргізу міндетті.Көлеңкелі нарық бір орында тұрмайды екенін білуіміз керек.Ол үнемі қозғалыста болады.Көлеңкелі нарықтың туу себебі болған – ол қаржылық,саясаттық және заңнамалық шарттардың кешенді факторлары.Көлеңкелі бизнес өнімдерді өткізу және өндіру саласында жаңа шарттарды қалыптастырады Сол себептен біздің адал өндірушілеріміз зардап шегеді.Мемлекет үшін жалпы көлеңкелі бизнес- бюджеттің нашар толтырылуы, әлеуметтік қинау және тағы басқалары.Қазіргі кезде ақша қаражаттарының басым бөлігі осы көлеңкелі нарықта айналуда.Көлеңкелі бизнесті бағындырып,еліміздің салық салу базасын кеңейту керек,соның нәтижесінде ғана бюджет толығымен толтырылады.Ол өз кезегінде зейнетақы,стипендия,әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларды өткізуге және халықтың тұтыну мүмкіншіліктерін туғызады.
Сондықтан бұзу қылмыстық іс болып қарастырылады.Салық бұзушылардың қиылысуы бойынша салық комитеті арасында,Қазақстан Республикасының мемлекеттік табыс Министрлігі ішінде мәліметтер базасын біріктіріп компьютерлерді құру қажеттілігі туындайды.Салық төлеушілерді бақылау бойынша біріккен мәліметтер базасының құрылуы,тексерілетін объектілер бойынша ақпараттарды шұғыл өңдеуге мүмкіндік туғызар еді.Салық органдарының қызметкерлерімен жүргізілген тексерістер кәсіпкерледің салық төлеуден бас тартуларын қысқартады деген ойдамыз.
Акцизделетін өнімдердің айналымы мен өндірілуін тиімді мемлекеттік бақылау жүйесін құру барысында,акциздердің бюджетке түсуін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Соның салдарынан бізбен болжанады.
-алкогольді өнімдерді өткізу және өндіру көлемін автоматты түрде есепке алуды енгізу келісімін қарастырады.;
1.өткізілген және өндірілген өнімдер көлемін мідетті мәнерлендірілуі;
2.өндірушілер зауыттарында акцизделетін өнімдерді есепке алу құрылғыларын орнату;
Бұл жүйе арқылы деклорациядағы мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге мүмкіндік береді.
Дисбаланс жағдайында,яғни әртүрлі көздерден алынған мәліметтердің бір-біріне сай келмеуі кезінде,бақылаушы органдары жағынан қаржалық жағынан шаруашылық қызметті тексерулерді жүргізуді қарастырады.
-акцизделетін өнімдер қозғалысын есептеуді жетілдірі;
Акцизделетін өнімдерді толық есепке алуды енгізу мақсатында,акцизделетін өнімдерді көтерме өткізу үшін және өндірушілер үшін міндетті есеп беру формасыненгізу қажет.Көбінесе бұл ұсыныстар сыра және мұнай өнімдердің айналымына қатысты.
Темекі өнімдерінің қоғалысын бақылау жүйесін жетілдіру мемлекеттік есепке алуды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
-алкогольді өнімдер мен темекі өнімдеріне акциз маркасының жаңа үлгісін еңгізу.
Жасанды акциздер таңбасының заңсіз айналымымен тиімді күресуді жоғарылату мақсатында,акциз таңбаларының жиынын қорғау деңгейін өзгертіп және кезеңмен толтырып отыру қажет.Алкогольді және темекі өнімдеріне акциз таңбасының жаңа үлгісін еңгізілуінің жиелілігі,акцизделетін өнімдердің заңзыс айналымын шығаруға және шаралардың тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
-этил спиртінің құрамының көлеміне бағынышты алкольді өнімдерге акциз ставкаларын орнату.
Алкоголь нарығын талдау келесіні көрсетеді:соңғы 2 он жылдықта алкогольді өнімдерді тұтыну құрылымында едәуірөзгерістер байқалды.80 жылдары Қазақстан халқы сыраға ұйғарым берген.Ол алкогольді тұтылу құрылымында жалпы үлесі-44,8% және 31,7% құраған 2000 жылдары ішімдік сусындары көп тұтыныла бастады.Ол алкогольді тұтыну құрылымының жалпы үлесінің-94,9% құрады.
Сонымен,әлсіз алкогольді өнімдерді отандық өндірушілерді қолдау мақсатын да,акциз ставкаларын белгілеу қажет.
Бүгінгі таңда,отандық өндірушіні нақты қолдау қажеттілігі туындады.Қорыта келгенде республика болашағы осыған тәуелді,себебі ауқымды ішкізаты бар меншік өндіруші базасыз елдің болашағы жоқ.
3.2 Акциз салығын салудың әлемдік тәжірибесі
Дамыған мемлекеттер үшін күшейтілген және кеңейтілген араласуы тән. Айырмашылығы тек араласу деңгейінде байқалады.Салық саясаты мемлекеттік реттеудің негізгі құралы болып табылады.Бұл араласуды іске асыру үшін мемлекет келеі мақсаттарды көздейді:
-тауарлардың тұрақты баға деңгейіне жету;
-экономикалык өсімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
-халық табысының минималды деңгейін қамтамасыз ету.
Бұл мақсаттарға бірден жету мүмкін емес.Сол себептен,мемлекет қолындағы құралдардың немесе шарттардың бірі болып қаржылық ықпал ету біріншіден салық жүйесі арқылы ықпал ету.Одан басқа эконоықпал етудің механизмінің қызметін салықтар атқарады,салықтар арқылы экономиканы реттеп отыруға болады.
Салықтар бюджет кірісінің негізі болып саналады,олар шығындар бөлігі арқылы экономикаға қаржылық ықпал ету мүмкідігін қамтамасыз етеді.Дамыған елдердің салық жүйесі әр түрлі болып келеді.Онда салықтың тікелей және жанама түрлері де бар.Көп елдерде тікелей артықшылықты салық салу қолданады.Акцизге салынатын салық мысалын біз берілген салықтың экономикаға әсер еткенін көреміз,сондай-ақ осы елдерде салық жүйесіндегі акциз үлесін қарастырамыз.
Шет елдерде акциз кең түрде қолданылады,бірақ оның ролі мен тәртібі барлық жерде бірдей емес.Сонымен,акциз Италияда жанама салықтар арасында фискалді мағынасының көлемі жағынан екінші орын алады.Мұнайға және темекі өнімдеріне салынатын акциз түсімнің едәуір бөлігін қамтамасыз етеді.Сол кезде фидералды акциздер жиыны бюджет кірісінде қарапайым орын алады.Мына тауарларға фидералды акциздер белгіленген:алкогольді және темекі өнімдеріне.Акциздер жиыны арасында әуе және жол байланысының қызметінен жоғары қарқындар көрінеді.
Соңғы 10 жыл ішінде алкогольді өнімдерден алған жиын мүлдем өспеген.Фидералді бюджет кірісінің құрылымында акциздер жиыны жалпы салық түсімінің 3 пайызын құрайды.Бірақ соңғы кездерде акциздер жиыны 14 млрд доллорға өскен, ол жалпы салық түсімінің 41,2% құрайды.Соңғы кездері жоғарғы өсім қарқының сыраға,виноға темекі өнімдеріне салынған акциздер көрсетеді.Оларға,яғни қымбат автокөліктер былғары бұйымдарына 10% ставкасы бойынша акциздер енгізілген.
Ал Жапонияның салық жүйесі ерекшелінеді.Жапониядағы салықтардың арасында көрінетін негізгі тұтынылатын салық түрі-сатудан салық.Мейрамханаларда тамақтану,қонақ үйде тұру қызметтері үшін акциздер,темекі өнімдеріне,спирт өнімдеріне,автокөлік иелеріне салынатын салық бюджеттің жоғарылауына әкеледі.Кей кезде акциздер қызмет көрсетілетін белгілі бір сомадан асып кеткен жағдайда пайда болады.
Кейбір Т.М.Д. елдерінде,мысалы Қырғызстанды жанама салықтағы акциздер үлесі 32% -ке өсті,Таджикистанда – 34%-ке дейін өсті.Бұл темекі өнімдеріне,мұнайға салынған акциздердің едәуір түсімдерімен түсіндіріледі.Сонымен қатар фидеоалды құрылғаг мемлекеттерде акциздерден түсетін табыс фидерация бюджетіне бағытталған.Мысылы,Германияда жерлер табысына сыраға салынған акциздерден түсетін түсімдер жатады.1994ж.табыстың басымдылығын минералды отынға салынған акциздер қамтамасыз етті 31,8 млрд.D.M, темекі акциздері 15,5млрд.
Жалпы басқа да айналыстағы салықтармен қатар акциздерде, яғни қосылған құнға салынатын салық Латын Америка елдерінде кең көлемде таралған./16/ Аргентина,Бразилия,Мексикада акциздер барлық салық тусімдерінің 25% құрайды.
Барлық елдер үшін ортақ акция салынатын тауарлар,яғни тұтынылатын тауарлар минералды ресурстар молшылық белгісі: Австриядағы акциз салудан түскен түсімнің 90% тауарлардың 3 тобына туралы келеді: автокөліктер, отындар,темекі өнімдері, алкогольді ішімдіктер./21/ Дамыған елдердің бюджетіндегі акциз түсімдерінің 5-тен 4 бөлігі автокөлік иелеріне салудан келеді және алкогольді ішімдіктеріне, темекі өнімдеріне. Олар тек бюджетті толтырып қоймайды, сонымен қатар әр түллі әлеуметтік мақсаттарға бағытталады.
Әлемдік тәжірибеде нарықтық экономикасы дамыған елдердің жәнедамушы елдердің жанама салықтары болып,тауарлырға қызметтерге салық салу түрінде бюджет кірістерін қалыптастырудағы артықшылық табылады.Бұл салық салу механизімінің фискалды қызметімен қатар инновациялық процестердің дамуына,динамикасына,құрылымына экономикалық ықпал ету мүмкіншілік өзінде бекіткендігін көрсетеді.Кейбір елдерде тікелей және жанама салықтар бойынша бөлек бөлімщелері бар,олар 3 топқа бөлінеді:
-Бұл бөлімшелер 1 ұйымның құрамында болатын елдер.Ол АҚШ және Франция,Жапония.
-Тікелей және жанама салықтардың бөлімшелері әр түрлі ұйымдарға қатысты елдер.Ол Ұлыбритания.
-Иерархиялық басқарудың әрбір деңгейіне сәйкесінше мамандандырылған жолмен функционалды принципі өткізілетін елдер.Ол Германия.
Шетелдердегі акциздермен байжағдайларды олардың Ұлыбританияда қолданылатын мысалында қарастырамыз.
Бұл ел салық салу теориясының отаны болып саналды.Өз кезінде Миллем,Кейнс шығарған нұсқаулары қазіргі фискалды саясат пен қаржылық заңнамаларының негізінде жатыр.Ұлыбританияда 01.04.2001жылынан бастап темекінің міндетті таңбалануын енгізді және темекі қаптары “ біріккен билік жиыны төленді” деген қолтаңбамен таңбаланған.
Акциздер ғасырлар бойы патшалықтың негізгі кіріс көзі болған.В.М.Пушкареваның ойынша,20 ғасырдың басындағы белгілеген жанама салудың үлесінің төмендеуі,салық ауыртпалығын бөлудегі өзгерістер көрсетеді деген. 2-ші дүние жүзі соғыстан кейін тікелей салықтарға салық түсімінің 50% келді,ал жанама салықтарға-31,4%.Акциздермен кедендік төлем мәні жағынан жанама салықтарға жатады.
Бизнес үшін бұл ең басты мағына,себебі егерде ағылшын тауарларын шетел сатып алушылардан ішкі кірістің орнын толтыруды талап етсе,онда экспорттық сауда дамымайды./33/
Ұлыбританияда акцизделетін тауарларға ставканың 2-түрін қолданады: адвалорды және қатан.Ставкалардың түрі тауарларға байланысты болады.Акциз түсінігі үшін базалық баж түсінігі басты роль атқарады.Егерде тауарға бір уақытта акциз де кедендік баж салыса,базалық баж болып,импорттық және отандықкөздердің қайсына жақын сол табылады.
Жанама салықтар Ұлыбритания бюджетіне едәуір кіріс әкеледі.Олардың негізгілері болып: қосылған құнға салынатын салық-17,5%,ойын бизнесі-8%,бильярд-4%,темекі,алкоголь,мұнай өнімдеріне акциз.Акциз ставкасы 10%-дан 50% дейінгі аралықта ауытқып отыр.1999 жылы бюджет 100 млрд. Фунт стерлинг құрады.Осы сомманың 56% тікелей салықтардан және 43% жанама салықтардан.Жанама салықтардан құрылымындағы негізгісі болып қосылған құнға салынатын салық -39%, кедендік жиындар-35%, мұнай өнімдеріне акциз-13%, темекіге акциз-6,6%, алкогольге акциз-5,1%, ойын бизнесіне-1,1%./17/
Акциздер кедендік баж Департаментінің басқаруында болады.
Сонымен біз шетелдегі акциздерді салу жүйесін қарастырдық.
Қарастырылған елдердегі жанама салықтарды қолдану тәжірибесінде көбінесе экономиканың тұрақсыз кезінде салық табысының құрамында осы салықтар түрі көрінеді.Сондықтан әрбір елде тікелей және жанама салықтар қатынасы бойынша келелі мәселелері бар.Жалпы жанама салықтарды салу жүйесін жетілдіру барысында оларды дұрыс талдау және терең ғылыми талдау жүргізу керек.
Қорытынды
Сонымен,біздің зерттеулер бойынша акциздерді салу өзінше бір регрессивті мінезге не екенін тұжырымдауға байланысты.
Жанама салықтардың психалогиялық тұрғысын айта өтсек,онда ол салық төлеушілер үшін ол тиімдірек,себебі ол тауар бағасының құрамына енгізіледі.Ал халық тауар құрамындағы акциз қандай үлесті құрайды екенін білмейді.
Бұл салықтың ірі кемшілігі болып олардың бір қалыпсыздығы табылады.Яғни,ол әрбір төлеушінің табысын есепке алмайды.
Тарихи тәжірибе бізге көне заманнан бері акциз салығының қалай дамығанын көрсетеді.Осы тәжірибеге сүйене отырып,біз экономикада болуы мүмкін зардаптарды тоқтатуымызға болады.
Акциз әлем елдерінің салық жүйесінің ажырамас элементі болып табылады.Акциз салығының кең түрде таралуы,ең біріншіден берілген салықтың фискальді қатынасымен түсіндіріледі.Келесі түрлер бойынша салынатын өнімдер тізімі қалыптасады: денсаулыққа қауіпті салтанатты бұйымдар мен тауарлар,сондай-ақ минералды ресурстар.Қазақстан Республикасындағы акцизделетін тауарлар тізімі классикалық анықтау ұстанымдарға сәйкес келеді.
Салық жүесінде акциз маңызды роль атқарады.Жыл сайын бюджеттегі акциздер салмағы өсіп отыр,сонымен қатар акциз бойынша түсімдер саласы өскен.Бірақ кездерде бұл түсімдер нашарлады.Соңғы жылдары акциздер бойынша сомалардың кішкене азайғандығы байқалады.Түсімді жоғарылатын акциздің негізгілері,мұнай мен алкогольді өнімдеріне акциз.Жетісу ауданы бойынша салық комитетінің мәліметтері арқылы бюджетке түскен акциздер сомасын нақты қарастыруға болады.Осы мәліметтер бойынша акциздер жоспары көп жағдайда орындалған,ал кей кезде тіпті артығымен орындалған.
Акизді өндіру механизміне тоқталсақ,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.Акциздер саласын есептеу салық базасына сәйкес акциз ставкасын пайдалану арқылы іске асырылады.Акциз ставкалары Қазақстан Респуликасының өкіметімен бекітіледі.Импорттық тауарлар бойынша ставкалар өнімнің бір бірлігіне евромен белгіленеді,ал қалғандарына теңгемен.Евро бойынша есепке алу Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің бағасы бойынша іске асырылады
Негізгі акциз атрибуты болып акциз жиынының таңбаларын таңбалау саналады.Таңбалау мемлекеттік тілде және орыс тілінде жасалады,ол үшін арнай ережелер бар.Қазақстанда 2001ж.акциз жиыны таңбасы айналымына жаңа үлгі енгізілді.Таңбаға қойылатын негізгі талаптар болып үш “Д” саналады. Ол жеткіліктілігі, анықтылығы және қолайлығы. Жаңа үлгісіне келесі тауарлар жатады: арақ, ликерлі-арақ өнімдері, коньяктар, темекі өнімдері.
Акцизделетін өнімдер түрлерін өндіру табысты болғандықтан, сәйкесінше ставкамен салынады. Неғұрлым ставка жоғары, соғұрлым кәсіпорын акциз төлеуден бас тартуы ықтимал. Ал бұндай жағдайлар бюджеттің кіріс бөлігіне кері әсер етеді. Қаражаттың басым бөлігі көлеңкелі бизнеске кетеді, сондықтан да бюджет біршама қаражаттарды жоғалтуда. Бұл жағдайлардан басқа, өкімет жағынан тез арада шешілуге тиісті мәселелер бар. Қазақстан Республикасының аумағында акциздік күзет орындары құрылған. Сонымен қатар үйлестірілген кеңестің қызметі істеуі еңгізілді. Оның мақсаты қаржы және салық салу салаларымен байланысты сұрақтарды шешу болып табылады.
Жаңа салық кодексінің қабылдануымен байланысты акциздер бойынша есеп блерудің жаңа формасы тәжірибеге еңгізілді. Ол акцизделетін тауарлардың өткізілуі мен өндірілуін толығымен ескерілуге мүмкіндік береді. Және өндіру кезінде сапалы шикізатты пайдалануды бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, алкогольді өнімдердің импорты қысқарды.
Қазақстан Республикасы енді ғана дамып келе жатқан мемлекет. Біздің экономикамыз енді дамып келе жатыр және қиын мәселелерді шешу біршама қиынға соғады. Кейбір мәселелерді шешу үшін дамыған мемлекеттің тәжірибесін қолдануға болады.
Біздің ойымызша, берілген салықты өндіру механизмін және оның уақытылы бюджетке төленуін жетілдіру керек. Акциздер сомасын жоғарлату мақсатында кейбір тауарлар түріне төмендетілген ставкалармен тауарлар тізімін жоғарлатуға болады.
Болашақта біздің қаржылық саясатымызға белсенді үлес қосамыз деген үміттеміз.Әлем тарихын еске ала отырып, ұлы ғалымдардың жасаған қорытындыларына өз көңілімізді бөлуіміз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Закон Республики Казахстан от 26 июня 2001г. «О налогах и других обязательных платежах в бюджет».
- Нормативные акты по финансам, налогам, страхованию, бухгалтерскому учету. – Алматы, 2001г. -№ 7, № 12; 2002г. - № 3.
- Постановление Республики Казахстан от 21 июля 2001г. № 846 «О маркировке марками акцизного сбора».
- Информационный бюллетень Министерства финансов Республики Казахстан.-2002г.
- Внешнеэкономическая деятельность Республики Казахстан «Порядок применения НДС и акцизов в отношении товаров, ввозимых на территорию Республики Казахстан»
- Постановление Республики Казахстан «О ставках на подакцизные товары» от 2июня 2001г.- № 753
- Постановление Республики Казахстан «О ставках акцизов на подакцизные товары, производимые на территории Республики Казахстан, а также реализуемые на территории Республики Казахстан и игорный бизнес» от 28 ноября 2000г. - №137
- Закон Республики Казахстан «О республиканском бюджете на 2001г.»
- Об акцизах: письмо Городского Налогового Комитета от 7 янв. 1999г. -№ 12- 12-7/49
- Экономика и право. –2002
- Архипкин И. Акциз в период НЭПа // Финансовый бизнес. – 2001. - № 4-5.- с.55
- Абдукадыр М. Новейшие экономические исследования. – Алматы, 1998.
- Богачевский М.Б. Финансы США и Англии в период общего кризиса. – М, 1954. – 282с.
- Гурьев А.И. Необходимость налогов. – М, 1931. – 11с.
- Гензель П. Очерки по истории финансов. –М, 1913. –29с.
- Далберг Р.Л. Международное налогообложение: Краткий курс / Пер. с англ. – М, 1997. – 274с.
- Дробозина Л.А. Финансовая и денежно – кредитная система Англии. –М, 1995. – 24с.
- Данильцев А.В. Международная торговля: инструкция регулирования. – М, 1999. – 166с.
- Жуватханов. Необходимость государственного контроля за производством импорта и реализации алкогольной продукции в Казахстане.// Налоги и инвестиции. – 1999. № 1-2. –с.43
- Жумабаев. Налоги и налогообложение: Учебное пособие. – Алматы: Ун – т экономики и права, 2000. – 159с.
- Зенгер Е.А., Лябулгайнов А.А. Основы налогового законодательства Австрии.// Финансы. – 1998. - № 5. – с.52
- Ильясов К.К., Саткалиева В. Государственный бюджет: Учебное пособие. – Алматы, 1994. – 32с.
- Ильясов К.К., Идрисов Э.К. Налоги развитых стран. – Алматы: Каржы – Каражат, 1997. – 9 – 16 – 20 с.
- Исаев А.А. Очерк и политика налогов. Ярославль, 1887. – 164с.
- Карагусова Д.Г. Сущность налогов. – Алмата, 1994. – 20с.
- Леснова Н.Е. Акцизное обложение: ратроспектиный взгляд // Финансы. – 2001. - № 4. – с.67
- Мухитденова Б. Изъятие подакцизной продукции у хозяйствующнго субъекта, нарушивших права ее реализации.// Вестнник М – во. гос. Доходов РК. – 2002. - № 1. – с.20
- Моммзен Т. История Рима. – М, 1997. – 4т. – 596с.
- Монтескье Ш.Л. О духе законов. – М, 1999. – 193с.
- Мелехова Е.С. Косвенное обложение в начале 20 – го века: этапы трансформации.// Финансы. – 2001. - № 5. – с. 39
- Нусупова А. Проблемы регулирования внутреннего рынка нефтепродуктов в Республики Казахстан.// Экономика и статистика. – 2000. - № 1. – с.30
- Налоговое обозрение Канады.// Финансовая газета. – 2000ю - № 1
- Налоговая система зарубежных стран /Под. ред. В.Г.Князева, Д.Г Черника –М, 1997. – 49с.
- Оборот нелегальной акцизной продукции.// Вестник М - во гос. Доходов РК. – 2001. -№ 5
- О маркировке //Вестник предпринимателя. – 2001. - № 9. – С.25
- Омирбаев С.М. Налоги и налогообложения: Учебное пособие. – Караганда, 1998.
- Оспанов М.Т. Налоговая реформа и гармонизация налоговых отношений. – Алматы, 1997. – 200с.
- Оспанов М.Т. Продолжить либерализацию и оптимизацию налоговой системы Республики Казахстан.// Вестник по налогам и инвестициям. – 1998. -№ 11- 12. –с.7
- Пушкарева В.М. История финансовой мысли и политика налогов. - М, 1996. – 157с.
- Петти В. Трактат о налогах и сборах. – М,1997. – 83с.
- Рахметоа Н. Опыт работы налоговых органов и таможенных служб РК по ввзиманию косвенных налогов во взаимной торговле по принципу « страна назначение».// вестник М – во . гос. доходов. – 2001. - № 6. – с.5
- Ровинский К.И. Податная инспекция в России. –СПб, 1910. –164с.
- Седова Н.В. Акцизное обложение.// Финансы. – 2001. - № 12. – с.14
- Статистический ежегодник Казахстана // Агенства по статистике / Под ред. А.А.Смоиловой
- Смит А. Исследование о природе и богатстве народа. Петразаводск, 1993. –583с.
- Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане. – Алматы, 2002. – 117с.
- Сейдахметова Ф.С. О косвенных налогах.// Файл бухгалтера. – 2001. - № 23 окт. – с.4
- Сарсенбаев М. Экономическая целесообразность косвенных налогов. // Финасы Казахстана. – 1995. - № 11. – с. 23
- Сарсенбаев М. О некоторых вопросах уплаты акциза.// Деловая неделя. – 1996. –29 нояб. – с.5
- Сарсенбев М. Акциз работает на бюджет.// Каз. Правда. – 1996. –26дек. – с.4
- Сперанский М.М. План финансов. –М. – 54с.
- Сабанти Б.М. Теория финансов. –М. – 138с.
- Семеков И.П. Экономическая сущность налога с оборота. – Куйбышев, 1990. – 5с.
- Тургенев Н. Опыт теории налогов. –М, 1937. – 48с.
- Табанов К. Проблемы, связанные с оборотом подакцизной продукции.// Налоговый эксперт. – 2001. - № 9. – с.29
- Худяков А.И. , Наурызбаев Н.Е. Налоги: понятие, элементы, виды. –Алмата:баспа, 1998.
- Ходской Л.В. Политическая экономика в связи с финансами. – М, 1837. – 402с
- Шепенко Р.А. Налоги в Китае.//Финансы. –1999. – № 10. – с.55
- Шепенко Р.А. Акцизы. М,2001.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024