Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысындағы саяхаттауға болатын жерлер тізімі

Алматы облысындағы саяхаттауға болатын жерлер тізімі

Туризм - белсенді демалыстың тамаша үлгісі. Ал сенбі-жексенбі күндері бос уақыт болған кезде туған өлкедегі таңдаулы саяхат орындарына баруға болады. Мұның берері мол-ақ: ішкі туризмді дамытуға үлес қосасыз, әрі сіз көрем-ау демеген орындар көңіліңізден шығатыны сөзсіз.

Сонымен Алматы облысында шетелден немесе еліміздің өзге өңірінен келген достарыңыз бен жақындарыңызды апара алатын орындардың тізімін ұсынамыз.

-  Іле өзенімен үрленді қайықтармен жүзіп өту. Амазония және Ніл өзендері туралы фильмдердің фанаттары үшін таптырмас туристік пункт. Ұзындығы 1439 км болатын өзен бастауын Қытайдан алады, ал Алматы облысында жасанды су қоймасы Қапшағайды толтырады және Балқаш көліне құяды.  Сіз 10-11 күн ішінде үрленді қайықпен осы маршрутты жүріп өте аласыз.

[caption id="attachment_3835" align="aligncenter" width="667"]unnamed (3) massaget.kz[/caption]

Өзеннің флорасы мен фаунасынан танысып, балық аулаумен қатар Тамғалы шатқалында боласыз, тіпті «Тамғалы тас» фестивалінің қонағы атануыңыз да бек мүмкін. Аңыз бойынша тарихи жазулы-тастар орналасқан жерде Шыңғыс ханның тағы болған деседі.

- Шарын шатқалы.  Жақында атақты саяхатшы Марко Поло туралы тарихи-драмалық сериал жарыққа шықты. Жаңа туындыны «Тақтар ойынының» шығыстық нұсқасы деседі. Ал сериалдағы кейбір көріністер Шарын шатқалында түсірілген және тағы ондаған фильмдердің де түсірілім орындарына айналған.  Дегенмен, жүз рет оқығаннан, бір рет көрген артық. Алматының шығысынан 220 км жерде орналасқан шатқалды аралау үшін 5-6 сағат уақытыңыз кетеді. Шарын шатқалы басқа шатқалдарға ұласып жатыр.

[caption id="attachment_3836" align="aligncenter" width="908"]voxpopuli.kz voxpopuli.kz[/caption]

Іле Алатау тауларына саяхат.  Экстримді ұнататындар үшін Іле Алатау тауларына саяхатты ұсынамыз. Бір апта ішінде Шымбұлақ – Ботбайсай (Бутаковка) – Алматау турбазасы – Маралсай шатқалы маршрутын аралап шығуға болады.  Бұл - Алматы облысындағы  кеңінен танымал турлардың бірі, сондықтан сізге тиімді жеңілдіктер ұсынатын туристік фирмаларды да жеңіл табуға болады.

unnamed (1)

- Тянь-Шань маржандары. Кез-келген алматылық тұрғын Көлсайды біледі, бірақ барып көргендер саны аса көп емес. Сондықтан, сіздің бұл туристік маршруттан қалмағаныңыз абзал. Талғар және Райымбек аумағындағы Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай және Төменгі Көлсай. Арбаттағы суретшілердің салған таулардың әсемдігіне таңданған боларсыз, бірақ сіз көретін шынайылы одан бірнеше есе асып түседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі.

Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады. Айта кету керек, танымал болғанына қарамастан инфрақұрылым жағдайы мәз емес. Жол үстінде  тұрмыстық экстримге де дайын болыңыз.

[caption id="attachment_3838" align="aligncenter" width="640"]unnamed (4) turkystan.kz[/caption]

-  «Алтын-Емел» ұлттық паркі. Алтын-Емел Қазақстандағы ең үлкен ұлттық мемлекеттік табиғи парктің бірі. Қазір мұнда туризм кластері қолға алынып жүйелі жұмыс жүріп жатыр. 4-5 күн ішінде «Алтын Емел» Ұлттық паркі (Әнші Бархан)-Текелі Қора  өзені  ущельесі-Текелі-Алматы маршрутын аралап шыға аласыз.  Парктегі өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» («Айғай құм»). Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлермен тастарға бай. Сақ дәуірінде салынған   «Бесшатыр» обаларының маңызы үлкен.  Ш.Уәлихановтың  тарихи-мемориалдық мұражайы осында орналасқан.  Тарихты да, тарихи фильмдерді жақсы көрушілер үшін де қажеті осы жер.

[caption id="attachment_3840" align="aligncenter" width="500"]e-talgar.com e-talgar.com[/caption]

Тізім әлі де толыға түсері анық. Бастысы, жоғарыда жазылғандар сіздің туристік маршрутыңыздың тізімінен орын алып үлгереді деп сенеміз.

Похожие материалы