Экономика
Выбор редактора
Apple 158 млрд долларға арзандады
Америкалық қор биржасындағы өзгерістен АҚШ-тағы ең қымбат компанияның бірі Apple зардап шекті. Осы жылы ол 158 млрд долларға арзандады деп хабарлайды USA Today басылымы.
Қытайдағы қор нарығындағы өсімнің баяулауы туралы жаңалықтар Америкадағы биржалық индекстерге де әсер етті. Apple акциялары 6 пайызға яғни 6,72 долларға арзандады. Сессия соңында құнды қағаздардың әрқайсысы 106,02 доллардан сатылды. Бұдан аз ғана уақыт бұрын акциялар 134,5 доллардан саудаланған еді.
Апта ішіндегі құбылудан Apple 8,5 пайызға арзандады. Мұндай құлдырау жылдың басынан бері белсенді өсім көрсетіп келе жатып, кенеттен 3,2 пайызға кемігендігі инвесторлардың да наразылығын туғызды. Бұл жағдайда трейдерлер өсім ойынынан кему ойынына өтуі мүмкін дейді сарапшылар.
Қазіргі уақытта компанияның капиталдандыруы 618 млрд долларға бағаланып отыр және бұл сан әлі де төмендей түсуі мүмкін.