Алматы. 22 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 365,93 теңгені құрады. 19 қазандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (366,59 теңге / $1) ұлттық валюта 0,66 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 365,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 366,40 теңге, жабылу курсы бір долларға 366,40 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 18 млн 600 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 50.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 367 теңге, Алматыда – 368,2 теңге.