Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясында Ә.Жақсыбековтың басшылығымен жиын өтті

"Астана ЭКСПО-2017" компаниясында Ә.Жақсыбековтың басшылығымен жиын өтті

Астана қаласының әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбеков ұлттық компаниядағы алғашқы кеңесін өткізді, бұл кеңеске "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының топ-менеджерлері, сонымен қатар Астана қаласы әкімінің орынбасары қатысты.

Кеңес барысында ұлттық компания басшысы ұжымға басқарма төрағасының жаңа орынбасарын - Владимир Лютовты таныстырды, бұған дейін В.Лютов "Астана қ. құрылыс басқармасының" басшысы лауазымында болған-тын. В.Лютов бұл қызметке М.Омаровтың орнына келді, ол ұлттық компаниядан өз ықыласы бойынша кету туралы арызын берген болатын. Ә.Жақсыбеков компанияда ұжым қалыптасып үлгергенін және ауқымды өзгерістер жүргізу жоспары жоқ екенін жеткізді. Ұлттық компания басшысының айтуынша, ел президенті оны жаңа лауазымға тағайындау туралы шешімін синергияны қамтамасыз ету үшін және мемлекеттік қызметтер мен ұлттық компанияның өзара тығыз байланысын арттыру үшін қабылдаған. "Міндетіміз бір, мақсатымыз бір, жұмыс мерзімі нақты. Мұндай серіктестік барлық бағыттарда сапа мен оңтайландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік қызметтер үшін ыңғайлы, себебі көрмеге дайындалу - әкімдік алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі, ұлттық компанияның өзі үшін де ыңғайлы, бұл жұмыстағы ашықтықты ұстануға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді Ә.Жақсыбеков.  

Похожие материалы