Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада пәтерлер қымбаттап жатыр

Астанада пәтерлер қымбаттап жатыр

2015 жылдың тамыз айында "Қазриэлт" порталының базасында тіркелген пәтерлердің шаршы метрге арналған орташа бағасы 432 мың теңгеден асты. Баға жыл басына қарағанда 24,38%-ға, былтырғы жылмен салыстырғанда 16,59% өскен. Бұл туралы krn.kz хабарлайды

Портал базасындағы екінші рет сатылымға шығарылған пәтерлер бағасы - шаршы метріне  447 мың 36 теңге.  Бұл 2015 жылдың қаңтар айына қарағанда 17,8%-ға жоғары. Ал өткен жылдың тамыз айында 12,83%-ға төмен болған еді.  Бірінші нарықта пәтерлердің бір шаршы метрге арналған орташа бағасы - 399 мың 589 теңге. Тұрғын үйлер құны биылғы жылдың қаңтар айында 35,74%-ға, 2014 жылдың тамыз айында 25,24%-ға төмен болған еді. Астана қаласының баға реттеушілері "Казриэлт" порталының базасындағы  жеке тұрғын үйлердің нысаны үшін  орташа бағаны 75 млн 866 мың теңге деп белгіледі. Бұл осы жылдың басына қарағанда 2,14%-ға төмен. 2014 жылдың тамыз айына қарағанда 13,87%-ға жоғары.
 Ал, жекеменшік құрылыс жасайтын жерлердің 1 сотыққа арналған орташа бағасы - 1 млн 915 мың 748 теңге. Жылдың басында баға 52,79%-ға төмен болған.
"Қазриэлт" порталының базасында тіркелген ақпарат бойынша, Астана аумағындағы бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа құны - айына 104 мың 686 теңге. Ал екі бөлмелі пәтерлерді жалдау  159 мың 640 теңге тұрады.

Похожие материалы