2015 жылдың тамыз айында "Қазриэлт" порталының базасында тіркелген пәтерлердің шаршы метрге арналған орташа бағасы 432 мың теңгеден асты. Баға жыл басына қарағанда 24,38%-ға, былтырғы жылмен салыстырғанда 16,59% өскен. Бұл туралы krn.kz хабарлайды
Портал базасындағы екінші рет сатылымға шығарылған пәтерлер бағасы - шаршы метріне 447 мың 36 теңге. Бұл 2015 жылдың қаңтар айына қарағанда 17,8%-ға жоғары. Ал өткен жылдың тамыз айында 12,83%-ға төмен болған еді. Бірінші нарықта пәтерлердің бір шаршы метрге арналған орташа бағасы - 399 мың 589 теңге. Тұрғын үйлер құны биылғы жылдың қаңтар айында 35,74%-ға, 2014 жылдың тамыз айында 25,24%-ға төмен болған еді.
Астана қаласының баға реттеушілері "Казриэлт" порталының базасындағы жеке тұрғын үйлердің нысаны үшін орташа бағаны 75 млн 866 мың теңге деп белгіледі. Бұл осы жылдың басына қарағанда 2,14%-ға төмен. 2014 жылдың тамыз айына қарағанда 13,87%-ға жоғары.
Ал, жекеменшік құрылыс жасайтын жерлердің 1 сотыққа арналған орташа бағасы - 1 млн 915 мың 748 теңге. Жылдың басында баға 52,79%-ға төмен болған.
"Қазриэлт" порталының базасында тіркелген ақпарат бойынша, Астана аумағындағы бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа құны - айына 104 мың 686 теңге. Ал екі бөлмелі пәтерлерді жалдау 159 мың 640 теңге тұрады.