Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада Uber іске қосылды

Астанада Uber іске қосылды
 

Әлемдегі ең қымбат стартаптардың бірі UberX Астанада жұмысын бастады. Халықаралық технологиялық компания Қазақстандағы даму жоспарымен бөлісті. 

UberX сервисі бойынша Астана тұрғындары таксиді автомобиль келгені үшін 170 теңге тарифімен шақыра алады. Шақырым үшін - 40 теңге, минутына - 5 теңге. Шақырым мен минут үшін баға құны бірге есептеледі. Таксиге кез-келген банктің картасы арқылы төлем жасауға болады.

Uber-дің Астанадағы платформасында тек 7 жылдан аспаған Toyota Camry, Hyundai Accent, Kia Rio тәрізді шетелдік маркалы автомобильдер жұмыс істейді. Сервис жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғалы жүргізушілермен ғана жұмыс істейді.

Компанияның ТМД-дағы аймақтық менеджері Алексей Стахтың мәліметінше, Uber капиталы 6 жылда 66 млрд долларға өсті. 2016 жылы сервис әлемнің 200 қаласында іске қосылды.

 

Похожие материалы