Экономика
Авто
Ауыл, орман және балық шаруашылығына 206,4 млрд теңге инвестиция салынды
Алматы. 20 қараша. 7kun.kz - 2017 жылдың қантар-қыркүйегінде ауыл, орман және балық шаруашылығының инвестициялық салымдары 2016 жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға өсіп, 206,4 млрд теңгені құрады деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Негізгі астық егетін өңірлер – Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары аталған салаларға 109,3 млрд теңге көлемінде инвестиция салды.
Ауыл, орман және балық шаруашылығына негізгі капиталға салынған инвестициялардың 87 пайыздан астам бөлігі маусымдық дақылдарды өсіруге (61,6 пайыз) және мал шаруашылығына (25,7 пайыз) бағытталған.
2007 жылдан бері Қазақстанға салынған шетелдік инвестициялардың көлемі
250 млрд долларға жетті.