Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі артты

Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі артты

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда өсімдік шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі төмендеп, керісінше мал шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі бір жылда 15 млрд теңгеге өскен. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

2017 жылдың сегіз айы ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы нарығын дамытуға  162,4 млрд теңге инвестиция салынды. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға көп.

Салаға салынған инвестициялардың басым бөлігі өсімдік шаруашылығын қолдауға, атап айтқанда маусымдық дақылдарды өсіруге бағытталған. Инвестиция көлемі 99,3 млрд теңгені немесе ауыл шаруашылығының жалпы санының 61,2 пайызын құрады.

2017 жылы көпжылдық дақылдарды өсіруге инвестиция айтарлықтай төмендеген - 3,5 млрд теңгені (8,4 млрд теңге аз) құрады. Өсімдік шаруашылығына бөлінетін инвестициялар көлемі де азайған. Бірақ мал шаруашылығына инвестиция көп тартылған. 2017 жылдың сегіз айы ішінде мал шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруашылықтар мен шаруашылықтарға 43,7 млрд теңге инвестиция жұмсалды.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы