Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – Елімізде тіркелген интернет абоненттерінің санының өсу қарқыны төмендеген, соңғы жылы олардың саны 0,6%-ға, яғни 2,5 млн адамға ғана өскен, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.
Ал, ауылдық жерде интернетке тіркелген абоненттер саны бір жылда 9,2%-ға артты. Осының нәтижесінде ауылдың үлесі бір жылда 19,1%-дан 20,7%-ға өскен.
Интернетке тіркелген абоненттердің ең көбі Астанада – 666,7 мың адам, екінші орында 394,9 мың адаммен Алматы тұр. Бұл үштікті 176,4 мың абоненті бар Алматы облысы толықтырып отыр.
2018 жылдың қаңтар-тамызында интернет-байланыс қызметінің көлемі 112,7 млрд теңге болған, бұл өткен жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 6,3%-ға көп.
Ауылдық жердегі қызмет көлемі бір жылда 5,1%-ға, 9,4 млрд теңгеге дейін өсім көрсеткен.