Ресей мен Қазақстан шенеуніктері ғаламтордан жалған және негізсіз ақпараттарды өшіріп отыруды ұсынады. Осыған дейін 2014 жылдың мамырында Еуропалық сот Google-ді қоса алғанда басқа іздеуіш жүйелері іздеу қорытындыларынан "ескірген, ақылға қонымсыз немесе шектен тыс" деп табылған материалдарды өшіріп тастау мүмкіндіктерін қарастыру қажет деп бекіткен еді. Бұл туралы Eurasianet.org ақпараттық порталы жазады.
Аталған сот шешімі интернет-қолданушыларға жеке басы туралы ақпаратты өшіруді талап етуге құқығы барын көрсетеді. Қаулыға сәйкес веб-сайттар ақпаратты өшіруге міндетті емес, бұл тек сол ақпаратқа сілтеме беретін іздеу жүйелеріне қатысты. Осы шешім қабылданғаннан кейін бүкіл Еуропадағы интернет-белсенділер аталған қаулы мемлекетке қулық әрекеттер жасап, онлайн режиміндегі еркіндікке қауіп төндіреді деп мәлімдеді. Google компаниясының хабарлауынша, осы қаулыдан кейін 334 мың іздеу қорытындыларын өшіруге тура келген. "Ресейлік азаматтардың да олардың жеке өмірі туралы ақпараттарды іздеу жүйелерінен өшіруді талап етуге құқығы бар",-деді Ресей Федерациясының президентінің көмекшісі Игорь Щеголов. Екі күннен кейін осындай мәлімдеме Қазақстанда да айтылды. Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов БАҚ туралы заңнамаға өзгеріс енгізу туралы жиналыс кезінде осындай сұрақ көтерді. Шенеуніктердің сөзінше, реттеуіш органдар қазір осы мәселені қарап жатыр. "Ақпараттық қоғамның дамуына байланысты жеке мәліметтер мен ақпараттарды қорғау өзекті сұраққа айналып жатыр. Әркімнің өзінің жеке басы туралы ақпаратты қорғауға, интернеттен негізсіз, жалған ақпаратты өшіруге құқығы болуы қажет", - дейді Өмірзақов. Eurasianet.org. баслымының жазуынша, мұндай мәлімдемелер авторитарлы үкіметтердің құзырлы органдардың шенеуніктерді әрекеттері үшін жауапқа тарта алатын мүмкіндіктерін шектеу туралы қалауларын арттыра түсуі мүмкін. Олар сот қаулысына сүйене отырып, үкімет мүшелері мен мемлекет басшыларын жағымсыз жағынан көрсететін ақпараттарын өшіре алады. Интернеттегі сөз бостандығы үшін күресушілердің сөзінше, Қазақстан мен Ресей ұсынып отырған кейбір сайттарға қолжетімділікті бұғаулап тастау туралы шаралар билікті әділеттілік емес, бақылауды нығайту қызықтырып отырғандығын білдіреді. Халықаралық FreedomHouse құқықтық ұйымы өзінің соңғы қорытындысында бұл елдердегі интернетті "жартылай еркін"деп бағалады. КИМЭП университетіндегі жаңа медиа бойынша сарапшы Әділ Нұрмақовтың сөзінше, қазақстандық билік олардың сүзгісінен кез-келген адамның өтіп кете алатындығын түсінеді. Енді келесі қадам ретінде Google тәрізді интернет-компанияларға қысым жасалуы мүмкін. Ал ол компаниялар салыстырмалы түрде кішігірім мемлекеттер мен нарықтардың қысымына қарсылық көрсетеді. Дегенмен де, Еуропалық соттың қазақстандық үкіметке Google -ді бағындыра алатындай заңды негіз бергендігін ұмытпау қажет. Ресей мен Қазақстандағы БАҚ еркіндігі үшін күресушілердің сөзінше, шенеуніктердің мәлімдемелері аталған шешімнің қолдану шекаралары анық жазылған Еуропалық сот қаулысының аясынан шығып кетеді. Мысалы, аталған қаулы қоғамдық тұлғалар мен саясаткерлерге таралмайды. Бұдан бөлек, ол "қоғам үшін қызығушылық тудыратын" ақпаратқа да қолданылмайды. Әрі сот шешімі Google-ге ақпаратты өшіру туралы өтінішті саяси жне сот қысымынсыз қарауға мүмкіндік береді. Тұтынушылар форманы онлайн режимде толтырып, компания шешімін күтуі керек. 2014 жылдың мамырынан бері Google 809 мың өтініштің 41 пайызын қанағаттандырған. Өзге өтініштер бойынша шешім әлі қаралған жоқ.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024