Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты (курстық жұмыс)

Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты (курстық жұмыс)

Экономиканың өз заңдылығы бар.Ол да адам тәрізді: қалыпты жағдайда дұрыс тыныс алады,аршындап алға басады, тірлік ретті болады.Адамның қызуы көтерілгені сияқты экономиканың да қызуы көтерілетін болады.Адам ағзасы әлсірей бастаған уақытта әуелі түшкірік пайда болады. Бір-екі түшкірік денсаулығы мықты организмге әсер ете қоймауы мүмкін.Түшкірік басылмаса,дене қызуы көтерілсе  сырқаттың күш алып кететіні белгілі. Мәселе-кез келген дерттің алдын алуда.Кейінгі кезде инфляция туралы жиі сөз бола бастады. Осы жерде "инфляция деген не? Ол қандай құбылыс, қашан пайда болған?.." деген сұрақ туады.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.

"Инфляция" термині (латын inflation сөзінен шыққан-кебіну,ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды жане АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865жж) қағаз долларының ("гинбектердің") қисапсыз көп шығарылуыменбайланысты болды.XIX ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды.Экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла бастады.

Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы-тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лыққа толып кетуі,олардың құнсыздануы жане соның натижесі ретінде-тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі.Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.

Ұзақ уақыт бойы инфляцмяны монетарлық құбылыс деп санай отырып,ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторларинфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуіне көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.

Бүгінгі инфляция бағаның өсуі нәтижесіндегі ақшаның сатып алу жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияның әуел бастағы себебі-ұлттық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным, мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.

Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бузылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Инфляция халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайын ұйымдастыруды бұзып, экономикалық қылмыс, көлеңкелі экономика жане т.б. белсенділігін арттырады.

Қазақстан экономикасы ретті жүргізілген реформалардың арқасында мың құбылған үрдістерден кідіріссіз өтіп келеді. Ұлыбританияның премьер-министрі Э.Чарльз Линтон Блэрдің: «Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазіргі нарықта бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды болып отыр. Бұл Қазақстан қол жеткізген табыстарды шоғырландыруға көмектеседі, ол Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болады», деген сөзі бар.

Жыл өткен сайын ел алдында жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр. Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы бастамасы ақыл-ой, қуатын жедел жинақтап, белді буу қажет. Осы ретте инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Елбасының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауында қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің алдында:

- инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамына тиісті икемділігін қолдануға және сонымен бірге экономикалық өсуі ынталандыру;

Халықтың күн-көрісі арасында айырма өскен сайын ертеңгі күнге деген алаңдатушылық арта түседі. Үкімет жағдайы қаншалықты өз бақылауында ұстай алады? Шошыған балықтай инфляция қолдан сусып шығып кетіп жүрмей ме? Мемлекет белгілеген шаралар қаншалықты бекем? Баға мен бағам бетімен кетіп қалмай ма? Барлығымыздың  көкірек түкпірінде тұрған сауалдар осындай.

  1. Инфляцияның экономикадағыролі мен мәні

1.1 Инфляцияның мәні даму механизмі және түрлері

Инфляция-жалпы баға деңгейі мен ақша белгілерінің нақты активтерге қатынасы бойынша өсуі мен құнсыздануы арқылы көрінетін көп факторлы құбылыс. Жеке тауарларға кез келген баға өзгерісі инфляция болып табыла бермейді. Ол өнімнің сапасының жақсаруына,сыртқы саудаға, басқа факторларға байланысты өзгерген болуы мүмкін.Баға мен шығындардың жалпы төмендеуін инфляцияға қарама-қарсы дефляция деп атайды. Яғни инфляция қарқынын төмендетуге арналған процес. Баға өсуінің баяулауы дезинфляция деп аталады.

70-80 жылдардағы баға өсуі үздіксіздігі,жалпыламалығы, бір қалыпсыздығы мен ерекшеленеді.

Инфляцияның түрлері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің "тереңдігіне", антиинфляция саясаты құралдарына байланысты инфляция айқын және басыңқы формаларда жүреді. Айқын немесе ашық формадағы инфляция процесі баға өсуімен ұлттық волюталық курсының төмендеуімен көрінеді. Басыңқы немесе жасырын инфляция жасырын түрде және өнім сапсының оның ассортимент құрылымының өзгеруі, экономикада дефицит артып,кезектер көбеюімен белгілі болады.

Зерттеу объектісіне байланысты ұлттық,аймақтық және әлемдік инфляцияға бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта зерттеу объектісі болып көтерме және бөлшек сауда динамикасы, елдербірлестіктері деңгейінде халықаралық нарықта (мысалы: Евро-Одақ) қандай да бір елдегі ЖҰӨ дефляторы болып табылады.

Жүйеге қатынасы бойынша ішкі және сыртқы факторлар әсерімен болған инфляция қарқынына байланысты импорттық және экспорттық инфляцияға бөлінеді. Елдегі қатаң волюталық курс ұсталған жағдайда импорттық тауарларға кез келген бағаның көтерілуі елдің ішіне импорттық инфляцияны әкеледі. Елдегі инфляциялық процестің дамуына бұл фактордың маңызды ЖҰӨ-ң жалпы көлеміндегі сыртқы сауда үлесіне тәуелді. Ол жоғары болған сайын "импорт" инфляцияның эффект тиімділігі соншалықты жоғары.

Бағаның өсу қарқынына байланысты: жылына 10%-қалыпты немесе баяу инфляция. Жылына 200%-"галопирлік" немесе "латындық" инфляция деп бөлінеді. 200%-тен жоғары-"гиперинфляция" (Амерыкалық экономист Ф.Кеганның есептеуі бойынша-айына 50%-тен жоғары).

Инфляцияның қандай типі болып жатқанын анықтау үшін баға өсу қарқынының қоғамдық ұдайы өндірістің параметрлерінің өзгеруіне байланысты анықтауға болады.Баяу инфляция ұдайы өндіріс процесінде теріс әсерін қатты тигізе қоймайды.Ал "галоперлік" инфляцияның юолуы экономика құрылымындағы диспропорцияның пайда болуы туралы мәлімдейді. "Гиперинфляция" ұдайы өндіріс пропорцияның шындап бұзылғанын,экономиканың тоқырау алдында тұрғанын білдіреді.

Экономикалық баға өсу қарқынына бейімделуіне байланысты инфляцияны балансталған және балансталмаған деп бөледі. Бірінші жағдайда бағалар баяу және тұрақты өседі. Қалған макроэкономикалық көрсеткіштер іс жүзінде бірдей өзгереді.

Ал баланстанбаған йнфляция кезінде тауарға бағалар бірден жоғары көтеріліп кетеді де,экономика өзгерген жағдайларға бейімделіп үлгермей қалады.

Инфляциялық процеске мемлекеттің әсер ету қабілетіне байланысты бақыланған және басқарусыз инфляция болып бөлінеді.Бірінші жағдайда-мемлекет орташа мерзімде бағаның өсу қарқынын азайта немесе арттыра алады.Екінші жағдайда-инфляция деңгейін тоқтататын нақты шаралар жоқ.

Экономикада сұраныстың өсуі жағдайында ЖҰӨ көрсеткішінің өзгеруіне байланысты шынайы және жалпы инфляция болып бөлінеді. Жалпы инфляция кезінде бағаның өсуінен асып түсетін нақты өндіріс көлемінің артуы (ЖҰӨ көлемінің өсуі). Екінші кезеңде сұраныс қысымының артуына байланысты шығындардың өсуі,ақша айналымының бұзылуы өндіріс стагациясы (номиналдық ЖҰӨ көлемінің өсуі) пайда болады.

Болашақ бағаның өсу қарқынын және оған бейімделу дәрежесін анықтайтын шаруашылық агенттерінің болжауының қаншалықты дәлдігіне байланысты болжанған және болжанбаған инфляция деп бөлінеді.

Инфляциялық процесті тудыратын және өрбітетін факторларға байланысты сұраныс және шығындар инфляциясын бөледі.

Осылайша инфляция- қоғамдағы жиынтық сұраныспен жиынтық ұсыныстың арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуын көрсетеді.Айналымдағы ақшаның мөлшерінің немесе олардың айналым жылдамдығының артуы жиынтық сұранысты өсіреді және керісінше.Жиынтық сұраныстың өсуіне әкелетін айналымдағы ақша массасының өсуі түрлі себептермен болуы мүмкін:экспансиялық қаржылай саясатқа,мемлекеттік саясатқа,"баспа станогының" көмегімен бюджет дефицитін жабу,несиені ұлғайту режимі инвестициалық бум тұтынушылардың талғамының өзгеруі және т.б.Сұраныс тудырған инфляция дамуына схема бойынша бөменлегідуй болады.

Инфляция процесінің дамуының бұл түрі сұраныс инфляциясы деген атау алады. Сұраныс инфляциясы деңгейі жиынтық ұсыныс қисығының формасына тәуелді және келесі факторлармен анықталады:

- экономиканың өсуінің орташа жылдық қарқынымен.

- еңбек нарығындағы жағдаймен және толық жұмысбастылық деңгейімен.

- жиынтық сұраныс компоненттерінің өсу динамикасы қарқынымен.

- шаруашылық агенттерінің болашақтағы баға өсуін болжай алу қабілетімен байланысты.

Нақты өндіріс көлемі

Экономикада инфляция жиынтық ұсыныстың өзгеруімен болуы да мүмкін.Схемада бұл жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай қозғалысын көрсетеді.Нақты өндіріс көлемі төмендеп,бағалар көтеріледі.

Экономикада сұраныстың өсуі бағаның,еңбекақының,жұмысбастылықтың нақты көлемінің өсуіне әкеледі.Бұл процес шығындар инфляциясы ретінде көрінеді.Іс жүзінде инфляцияның екі түрі де бір мезгілде жүреді және өзара әсер атеді.

1.2 Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары мен себептері

Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік экономикалық құбылыстар жиынтығы басқанша айтқанда айналыстағы ақшс өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынадай мысал келтірелік. Айтарлық, тауар айналымы үшін 10 млрд алтын доллар керек екен, ал қағаз ақша 20млрд доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың әл-ауқатын дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.

Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып, тауар мен азық-түлік белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы,алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр.Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.Белгілі рауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі.Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді.Мысалы, 70-жылдардағы энергекикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы-9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс,тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына,циклдык және маусымдық толқуларға,ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге,салықтың жаңа стсвкаларын енгізуге,ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына,нарық конъюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты.Демек,бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

Сонымен,баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы,баланстың болмауы.Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді.Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдаланылса,онда айналысқа ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV=PO еске түсірсек, М мен P көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.

Екіншіден, осындай жолмен,әдіспен инвестицаны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады.Әсіресе экономиканы милитариаландырумен байланысты инвестиция инфляцияна өршітеді.Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірісте емес шығындар-олар қоғамдық байлықты текке әуре етеді. Әскери ассигнация бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып,тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі.Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып,өнімдердің түрі аз,капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиалық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиалар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауғаынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында "импорттық" инфляцияның қауіпі туады.Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергия бағаның шарықтауы сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді."Импорттық" инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациалау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады.Бірақ ревальвациф отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады,ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.

Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алпды, ол "инфляцияны күту" нәтижесінде орын алады. Халық пен өндірушілердің иефляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекеленген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.

Кесте-1 Инфляция себептері мен зардаптары

Инфляция себептері Инфляция зардаптары
1 2
Мемлекеттік монополия (қағаз ақша эмиссиясы, ішкі сауда). Профсоюзды монополия.   Бағаларды белгілейтін ірі фирмалар монополиясы. Байлық пен кірістің орнықтылуы.   Мемлекеттік бағаның нарықтық бағадан төмендеуі. Нақты пайыздың төмендеуі. Экономикалық мәліметтердің тұрақсыздығы. Мемлекеттік конфискацияның жасырынуы.

Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде осы факторда ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясатының ең басты міндеті.

Батыс экономистері жасаған теорияларында инфляция болуының әр түрлі себептерін айта келе, оның альтернаивті қайнар көздері ретінде сұраныс және шығын инфляцияларын айтады.

Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар) толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылануы (жалақының өсуі) т.б. Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсыныспен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.

Шығындар инфляциясы. Бағалардың өсуін өндіріс шығындарын ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілерді олигополиялық тәжірибесіне, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуімен кәсіподақты жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.

Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы кезеңдерінде өндіріс қуатын толық пайдаланбауына байланысты бағалар үнемі өсіп отырады. Мысалы: ХІХ-ХХ ғасырдың І жартысындағы циклдық өзгерістердің кезінде барлық бағалардың бірден өсуі орын алды. Мұндай құбылыстарды стагфляция деп атайды.

Стагфляция – экономикалық дағдарыс пен өндірістің тоқырауы (стагнация) жағдайындағы бағаның инфляцияның өсуі.

Инфляцияның түрлдері.

Инфляция бағаның өсу қарқынына байланысты үш түрге бөлінеді:

Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де, (жылына 10-20 дан аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте де төтенше жағдайға тап болмайды. Нарықтың экономикада инфляция 2-3% деңгейінде қатты құбылыс деп есептеледі. Мысалы 1992 жылы инфляция Францияда – 2,7% болды, Германия мен АҚШ-да 3,8% құрады.

Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20% -дан 200-300%-ға өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ал бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады.

Ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынымен 500-1000%-ға дейін жоғары өседі. Баға мен жалақы арасы алшақтап, бай адамдардың да тұрмыс тіршілігі қиындай бастайды. Экономикалық тарих  ұшқыр инфляцияның таңқаралық. Инфляция 1985 жылы Болифияда - 3400%, 1990 жылы Аргентинада - 2000% құрады.

Нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына байланысты инфляцияны ашақ және жасырын деп бөледі. Еркін баға белгілеу экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен қызметтерге созылмауы артуы түрінде көрінеді.

Ашық инфляция кейбір тауар нарығындағы бағаны оқтың-сқтың төмендеуімен немесе оның өсуін баяулаумен  сыйыса береді. Ашық инфляцияның нарық механизмі едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді.

Жасырын инфляция деп аталатын басымды инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, тауар тапшылығында, өнімін сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда, астыртын экономикада бартерлік айырбастың дамуында көрінеді. Басыылыңқы инфляция ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлармен қызметтерді бөлім өлшемі қызметін атқаралмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік бағасының төмен ұстап отырудың мемлекеттік қолдауына нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.

Басылыңқы инфляция сапасының төмендеуімен ақша амалсыз жиналыммен, астыртын экономиканы, бартерлік келісіммен дамуымен көрінеді. Басыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі бағасынан төмендеіун қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құрама тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция жағдайында болды және болашақ экономика үшін қауіпті емес, одан әлі де болса құтылуға болады.

1.3 Филипс қисығы және стагфляция

Ағылшын экономисті Филипс 50 жылдардың соңында жұмыссыдық нормасымен еңбекақының өсуі арасындағы тәуелділікті байқады.100жылдан аса уақыттағы деректерді зерттей келе еңбекақы деңгейі (6-7%) бар болады және оның өсуі 0-ге тең болады деген қорытындыға келді.Осы табиғи деңгейден (6-7%) жұмыссыздық төмендесе еңбекақының өсуі тездетіледі және керісінше.

Филипс қисығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты және алдын ала белгілі кері байланыс бар екенін көрсетеді. Инфляция жұмыссыздықтың болмашы деңгейінің кезінде ғана жоғары бола алады. Экономикада бағалар өспейтін жұмыс бастылықтың деңгейі бар.

Филлипс қисығына екі түрлі қатынас бар. Біріншісі бойынша Филлипс қисығы экономикалық заң ретінде қарастырылады.Бұл дегеніміз елде бір мезгілде күшті инфляциямен жоғары жұмыссыздық болуы мүмкін емес. Мемлекеттік реттеу құралдарының көмегімен қисықтың түрлі нүктелерінде болатын инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің үйлесуіне қол жеткізуге болады. Демек қисық бойынша жоғары және төменге оңай қозғалуы мүмкін. Нүктені таңдау экономикалық жағдайлармен, сондай-ақ үкіметтің әлеуметтік саясатымен анықталады.

Екіншісі бойынша экономикада инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақтылық пен беріктілікті жоққа шығарады. Экономикада жұмысбастылықтың жоғары деңгейіне инфляцияның бірқалыпты қарқында ғана қол жеткізуге болады.

Филипс қисығының мәні жиынтық сұраныс пен ұсыныс қисықтарының көмегі арқылы ашылады. Экономикада жиынтық сұраныстың өсуі экономикадағы диспропорцияны тереңдете түседі және жаңадан жасайды Ресурстардың шектеулілігін психологиялық арттырады. Нәтижесінде сұраныстың өсуінен инфляция өрши түседі. Жиынтық сұраныс өскен сайын және экономика толық жұмысбастылық деңгейіне жақындаған сайын бағалар өсе түседі. Мәселен, өндірушілер мен жұмысшыларға (әсіресе монополияда) экономика өсу кезінде баға мен еңбекақыны көтеру оңай. Жоғары жұмыссыздық жалдамалы жұмысшыларды ең аз еңбекақыға келісуге мәжбүр етеді. Бұл инфляциялық "еңбекақы-баға" спиралін азайтады. Сонымен бірге төмен экономикалық конъюктура өндірушілерге бағаны көтеруін тежейді Қарама-қарсы жағдайда толық жұмысбастылық жағдайда толық жұмысбастылыққа жақындаған сайын қосымша өндіріс факторларына сұраныс өсе бастайды. Осының әсерінен еңбек өнімділігінен асып түсетін еңбекақы өсуі басталады. "Еңбекақы-баға" инфляциясының спиралі қайтадан өсе бастайды. Осы процестердің нәтижесі инфляция қарқынының өсуі болып табылады.

Инфляция немесе жұмыссыздықты тоқтату мақсатының қайшылығы Филипс қисығын солға төмен жылжыта алған жағдайда қол жеткізіледі.

70-80 жылдары инфляция жұмыссыздық дамуына талдау жасай отырып,екеуінің арасындағы байланыс тұрақсыз болған деген қорытындыға келуге болады. Экономикалық тоқырау кезеңдерінде бағалар мен жұмыссыздық бірдей өсті,бұндай экономикалық жағдайды стагфляция (бір мезгілде инфляция кезіндегі экономикалық тоқырау) немесе слсмпфляция (инфляция мен экономикалық құлдыраудың қосылуы). Осы кезде инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы туралы мәліметтер арқылы екі қорытындыға келуге болады: немесе Филипс қисығы оңға жоғары жылжыйды да,енді инфляцияның әрбір деңгейіне өсіп отырған жұмыссыздық деңгейі сай келеді немесе бұл екі құбылыс арасында байланыс жоқ.

Өндіріс шығындарының өсуі мен жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжуына 70-80 жылдары келесі факторлар әсер етті:

- мұнай мен мұнай өнімдерінің бағаларының 4 есе өсуі

- дүниежүзінде азық-түлік кризисі, сонымен бірге ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаның көтерілуі

- сауда жағдайының төмендеуі және импорт инфляциясы

- табыс саясатынан бас тарту,баға мен еңбекақыны бақылау болмауы

- номиналды еңбекақының осы өсу қарқынындағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынының төмендеуі.

- номиналды еңбекақы мен еңбек шығындары бірлігінің өсуіне әкелетін жұмысшылардың инфляция күтімі.

Жұмыспен қамту теориясының келесі бір түрі неоклассикалық теорияның жаңа бағыты- монетаризмнің негізін америкалық экономист М.Фридман қалады. Ол баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты. Сондай-ақ, М.Фридман:"Инфляция емес,болжанбаған инфляция ғана маңызды, инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ,нақты факторларға сәйкес келетін, жұмыссыздықтың нақты деңгейі болады.Жұмыссыздықты жеделдетілген инфляция көмегімен сол төмен не жеделдетілген дефляция көмегімен жоғары ұстап тұруға болады... Инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ,тек уақытша таңдау болуы мүмкін. Инфляцияның өспелі карқыны жұмыссыздықты азайтуы мүмкін, ал жоғары қарқыны өсірмейді... Инфляциямен күресудің бір ғана жолы бар,ол-ақша санының өсу қарқынын баяулату", - деген  тұжырым айтты.

ІІ.  Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеу

2.1 Антиинфляциялық саясат

Антиинфляциялық саясат-инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы болып бабылады.

60-жылдың ортасынан бастап барлық экономикаға ортақ бағаны шай және жанама реттеу жөніндегі шаралар қолданыла бастады. Тікелей реттеу табыс саясаты шегінде жүреді. Табыс саясатының екі бағытын бөлуге болады: еңбекақының, бағаның өсуіне тікелей бақылау жасау және бағыт беру. Осылардың көмегімен нақты табыс пен бағаның өсуін азайтуға тырысу. Бағыт беру кезінде түрлі ережелер ұйымдастырылады. Ал бақылауды заң актілерінің күшімен жасайды. Ереже ретінде баға мен еңбекақының максималды шектері белгіленді. Еңбекақының өзгеруі бүкіл экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынына байланысты, ал бағалар ебекақы шығынының өзгеруіне қарай өзгере алады. Яғни жалдамалы жұмысшылар табысы тікелей реттеледі,ал пайда-бағалар арқылы жанама реттеледі.

Бақылау-бағалар мен еңбекақыға белгілі бір мерзімге бірден "қатырып тастау" туралы заң қабылдау арқылы жалдамалы жұмысшылар жөнінде табыс саясаты дискриминациялық сипат алады, себебі мемлекеттік органдар мен өндірушілер бағаға қарағанда еңбек ақыға бақылау жасауға ынтамен кіріседі. Тауар топтпрының өте шексіздігіне байланысты олардың бағасын бақылау өте қиынға түседі. Еңбек өнімділігінің артуы экономикада ұлттық табыста жұмысшылар үлесінің салыстырмалы және абсолюттік қысқарына әкеледі.Бағаның өсуіне заң түрінде тиым салу көлеңкелі жасырын нарықтың пайда болуына немесе тауардың сапасының, салмағының төмендеуіне әкеледі. Бағаға әкімшілік бақылау жасау нарықтың дұрыс қызмет етуіне, ресурстар мен капитал құйылуына кедергі жасайды. Нәтижесінде экономикада дефицит пайда болады. 60 жылдардағы нарықты экономикалық мемлекеттерде жүргізілген табыс саясатынан ешқандай тиімділік болмады. Сондықтан 70 жылдары барлық дамушы елдер одан бас тартты. Бағаға ісер етудің жанама әдісіне монетарлы жіне фискальді саясаттарының "дефляциялық" шаралары жатады. Иннфляцияның өршуіне қарай Ұлттық банк ақша массасының өсуіне, берілерін несие көлеміне шектеу қою, ашық нарықта мемлекеттік құнды қағаздарды сатуға міндетті резерв нормалары мен есеп стсвкасынкөтеру шаралары қолданылады. Мерзімдік жағдайда өкіметте антиинфляциялық саясатты жүргізудің екі альтернативаси бар: ұзақ мерзімге сүйене отырып саясаттыбіртіндеп енгізу немесе бірден енгізу. Экономикалық теорияда қайсы жолы тиімді екеніне жауап жоқ. Оның бәрі елдің көлемінен,экономика жағдайынан әлемдік нарыққа кіру дәражесі мен жағдайынан,халықаралық қаржы ұйымдары мен қатынастары, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға т.б. байланысты қолданылады.

Қазақстан Республиасы өтпелі экономика кезеңінде антиинфляциялық шаралар монетарлық "естен тандыру терапиясы" әдісін қолданылды,бірақ ол оң нәтиже бермеді. Қазақстанда инфляцияның дамуы "сұраныспен шығындар" сәйкестігі ретінде өтуде.

2.2 Инфляцияға қарсы саясат және Қазақстандағы оның әдістері

Құнсызданудың  жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық  саясат жүргізүге мәжбүр етеді.Бұл жерде экономистер ең алдымен мына арқылы инфлияцияны жою керек пе,әлде инфлияца жағдайына икемделген дұрыс па?

Бұл екі ұшты мәселе әртүлі елдерде ерекші жағдайға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфлияциямен күресу мәселесі мемлекет деңгеіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфлияцаға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпі арнайы бағдарламалада жасалады (табыстарды индексациялау және т.б).

Инфлияцаға қарсы саясатты сипаттағанда,екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі-сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мамлекет шығындарын қысқартып,салықтарды көтереді.Осының нәтииесінде сұраным қысқарды,инфляция қарқыны төмендейді.Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарды. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып,жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тес өседі, ол өндіріске ықпал жасайды,жалпы экономикалық өсу басталады.  Бірақ 60-70 жж дамыған елдердің тәжірбиесі көрсеткендей сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейту мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеуді мүмкіншілігі қысқарыды.

Екінші әдістемені жаңа класикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие аркылы реттеу әдәсін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қкрыз пайызц кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс- шаралар жүргізу қажет.

Батыс елдерінде жинақталған тәжірбие көрсеткендей,инфлицаға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі түрде сипаттауға болады. Біріншіден,халықтың инфлиияцалықүрейін жою мақсайтын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфлицияғақарсы саясатты үздіксізде тұрақты түрде жүргізіп,тұрғындардың сенімін орнықтұруға тырысады.

Екіншіден, салықтарды арттырып бірақ мемлекеттік шығындарықысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізіледі.Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфлияцаны ысқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымен реттеу іс-шаралары, нақты айтқанда,әржылдық ақша көлімінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияныңөсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда бюджек тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету.

Инфляцияға қарсы саясатқа байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқарту мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ға төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2% арттыру қажат болады екен.

Инфляцияны тез ауыздықтау Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша ресімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: "Шетелдік инвестициалар туралы" Заң, "Салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" жаңа Заң, "Бюджеттік жүйе және басқалары туралы" Заң.

Үкімет"Стратегия-2030" сәйкес инфляция қарқынын жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр.

Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:

- Ақшалай-несиелік және бюджеттік саясатты қаталдандырады;

- Ішкі инвестициалық мүмкіндіктерді өрістатуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;

- Жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициалауды қамтамасыз етуге ұмтылады;

- Бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын көздерді пайдаланады;

- Мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.

Индексациялау-ақшаның құнсыздану нәтижесінде болған зиянның орнын толық немесе жартылай толтыру әдісін білдіреді. Бұл әдіс 1999 жылғы 5-сәуірде Қ.Р Үкіметінің шешімімен "еркін өзгермелі валюта бағамына" өту барысына, АҚШ долларына қатысты теңге бағамының күрттөмендеуінен туындаған халықтың екінші деңгейлі банктердегі теңгедегі салымдары бойынша зиянды мемлекеттің қаражаты есебінен қалпына келтіру мақсатында пидаланылды.

Инфляцияның өрістегі, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды. Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылдың екі нұсқасы болады:

  • бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

бұл кезде табыстарды, жалақыны,  пайыздық өлшермелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімді жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және  т.с.с.

  • инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

Инфляция жою жөнінде шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуін өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моральдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды. Десекте, олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.

Сұраным инфляциясын ақша және фискалдық саясаттық пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

Кірістер саясаты -  бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелдік бақылау жүргізуді қажет етеді. Оның жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыру мүмкін.

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін қамтиды:

  1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
  2. Барлық кредит ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.
  3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциалық банктердің кредит экспадсиасын шектеуге жету үшін орталық банктің коммерциалық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
  4. Сондай мақсаттарда орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

Иифляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту,мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуге тиіс:

  1. Мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;
  2. Экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет;

Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтарлың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары слықтардың іс-әрекетінің екінші аспектісі өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді.

  1. Едәуір салық ауыртпалығы әдеттегідей салық жүйесін күрделендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырады. Инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктердің шарттарымен ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырады. Мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салықпен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өңдірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а) тура әдістермен шектеумен (рестикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгейімен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ә) секвестрлеу әдісімен - барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;

б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен. Кез-келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс - қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың  (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:

  1. Жалақыны көбейту;
  2. Ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;
  3. Шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.

Инфляцияны төмендету проблемаларының бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр. Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға ұшырайды.

Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне ынталылықты күшейту мәселелерін шешу, басымдық ретіндегі өндірістік еңбек қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы еңбек пен оның нәтижелерінің арасында тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік секторды дамыту негізінде қол жетеді.

Сауда-делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылады.

Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі - бағалардың төмендеуі -өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы - ұсынымның көбеюі - сұранымның қанағаттандырылуы.

Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық - қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.

Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекті-шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.

Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің нақтылы артуына қатаң байланысты жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті қамтып көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны төмендету шаралары оның құрылымын жақсартуда болады. Бірінші кезекте бұл тауарлар мен қызметтердің, яғни экспорттық және импорттық операциялардың қозғалысымен байланысты болатын ағымдағы опреациялар бойынша теңдікке жетуге қатысты болады.

Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.

Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға қарсы саясат шараларының бірі ретінде кәзіргі кезде инфляциялық таргеттеуге үлкен маңыз беріледі.

Ұлттық банктың негізгі міндеті ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық тарегттеуге көшуімен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындық және оған көшу ашқа бағасы байынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формаларды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жақан елдерде  де кеңінен  қолданылуда. Инфляцияның мақсаты көрсеткішьер жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына деген сенімді арттырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданылатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарыныфң өсу осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсаты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктың экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдерде де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Америка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляция мақсаты таргеттеудің түлі түрлендірілуі болады.

Ұлттық банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде ұстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынандай түрі болады. Ұлттық банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып, банктық резервтер мен банкаралық пайыздық  мөлшерлемелері арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді.  Банк аралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктық мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктық өтімділікті яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргеттеу кезіндегі негізі салдар ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздар, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен репо операцияларымен сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшермелері оперативтік көрсетікіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы орталық банктың тәуелсіздігі ақпараттық ашықтығы  жайдарларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғы шарттардың бәрі бар.

Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеудің енгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бастап бойынша мақсатты көрсеткіштер базалық инфляция индексі қолданыла отырып, белгіленеді. Бұл индекс монетарлы емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалын жояды және инфляциялық процестерді негізгі үрдістерін көрсетеді.

Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс.

Егемен еліміздің тәуелсіздігінің төл белгілерінің бірі – ұлттық валюта теңге. Ендеше тәуелсіз мемлекетіміздің өндірістік сферасы, халықтың  көптеген жігінің материалдық жағдайы, инвестициялық қызметі - барлық экономикасы ұлттық валютаның экономикалық құндылығына байланысты. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының үкіметі көптеген антиинфляциялық іс-шаралар қ

2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тыйым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады.

Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік құқықтың актілері әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру ставкасын белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда.

ІІІ. Қазақстан Республикасында инфляция қарқынын жою жолдары

3.1 Қазақстандағы инфляцияның процесін болжау

1993 жылы бүрынғы кеңестік республикалардың (егемендіктер парадының) басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметтік экономикалық-жағдайға әкеп соқтырды көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп, 1994 жылы жазында гиперинфляцияға өсіп жетті. Саяси және экономикалық себептер 1993 жылы қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта тенгені ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы 9 ай ішінде асса салмағын «жоғалтып» жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен аса қатаң монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.

Манетарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауындықталды. 1999 жылы инфляция 11,7% болды, ол 1994 жылымен салыстырғанда 100 есе аз еді.

Айтарлықтай дәрежеде мүмкіндігінше инфляцияның тез ауыздықтау Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтың реформаны құқық бойынша рәсімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мынандай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң, «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» жаңа Заң, «Бюджетті жүйе және басқалар туралы» Заң.

Үкімет стратегия «2030» сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр.

Мынандай нәтижеге жету үшін үкімет:

  • ақшалай несиелік-бюджеттік саясаты қатал заңдырылады.
  • ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістеуге көмектесетін қаржылық механизмді ұмытады.
  • жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады.
  • бюджеттік жетіспеушілікті қаржыландыруға құнсызданбайтын көздерді пайдаланылады.
  • мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады т.б.

3.2 Мемлекеттің инфляция деңгейін болдырмау үшін қолданылатын нақты шаралары

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы - жаңа серліліс жасау қарсаңында» атты Қазақстан халқына Жолдауында, ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету болып табылады және бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі деп атап көрсетті. Осыған орай бүгінгі таңдағы инфляцияның өсуі көп себептерге негізделген және тиісті органдар мен нарық субъектілерінің нақты іс-әрекеттеріне байланысты күрделі көп факторлы құбылыс екендігін айта кеткен жөн.

Баға өсуі және факторлары. Қазақстанда реформаның алғашқы жылдары бағаның козғалысы көптеген факторлармен айқындалды, олардың басымдары мыналар болды: азық-түлік тауарларына және кейбір тауарларға арналған бағаның белгіленген шекті деңгейін біртіндеп алып тастау, энергия ресурстарына арналған бағаны ырықтандыру және ұлттық валютаның құнсыздануы.

Кесте-3 1995-2006 ж.ж. инфляция деңгейі

1995 1996 1997 1998 1999 2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006
60,3% 28,7% 11,2% 1,9% 17,8% 9,8% 6,4% 6,6% 6,8% 6,7% 7,6% 5,1%

Бірақ 2006 жылдан бастап бағаның жаңадан көтерілуі байқалады. Бұл ретте 2006 жыл ішінде инфляция өсуінің негізгі көздері: 1) азық-түлік тауарларына арналған бағаның орта есеппен 8,1%-ға, соның ішінде: ет және ет өнімдеріне - 13,3%-ға, жеміс пен көкөніске - 20,5%-ға, сүт және сүт өнімдеріне - 11,1%-ға; 2) бензинге - 12,7%-ға: 3) газбен жабдықтауға - 23,4%-ға өсуі болып табылады.

Жекелеген сарапшылардың пікірінше мемлекеттік шығыстардың өсуі айналыстағы ақша санының көбеюіне (басқа да теңдей жағдайлар кезінде) ықпал етелі және инфляцияны туындатуы дейді.

Инфляция бізде ақшаның молшылығын ғана емес, негізінен алғанда күнделікті сұраныс тауарларының жетіспеушілігі – «сұраныс инфляциясын» тудырып отыр. Соңғы екі-үш жыл ішінде отынға, ТКШ қызмет көрсетулерінің тарифтеріне бағалар елеулі түрде жоғарылады. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі кезде біздің талдауымызша инфляция өсуінің негізгі себептері мыналар: 1) «сұраныс инфляциясы» немесе жалпы тауар тапшылығы, әсіресе күнделікті сұраныстағылары; 2) монополистер мен делдалдардың бағаға келісуі; 3) қызмет көрсету, көлікке, энергияға бағалар мен тарифтердің озық өсіп кетуі; 4) ақша массасынын молшылығы; 5) субъектілердің өнімділікті арттыруға қарағанда пайда алуға көбірек ұмтылуы; 6) жергілікті жерлердегі атқарушы биліктің инфляцияны тежеу және негізгі тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулеріне бағалар мониторингін жүзеге асыру жөнінде нашар жұмыс жүргізуі; 7) төмен еңбек өнімділігі; 8) инфрақұрылымға салынған инвестициялардың жоғары үлес салмағы және күрделі қаржыны игеру мерзімдерінің ұзақтығы; 9) әлсіз бәсеке: 10) өндіріс шығындарының өсуі.

Диаграмма-2. Инфляция және шетел валюта бағамының 2006 жылғы теңгеге қатысты өзгеруі.

Инфляция импортының көрнекті мысалдарының бірі ағымдағы жылы қант бағасының күрт өсуі болып табылады, ол 2006 жылдың жеті айында 33%-дан астам өсіп, оның импорты соңғы бес жылда 71,9%-ға өсті.

Нарық жағдайында бағаны адал ниетті бәсекелестік негізінде ғана тұрақтандыруға болады, ол болмаған жағдайда баға өсе беруі мүмкін. Бұл ретте өндірушілер тұтынушылар үшін күресе отырып, бір бірімен бәсекелесуі керек. Бұл үшін ішкі нарықта бәсекелестік орта қалыптастыру керек, әсіресе, бұл мұнай өнімдері, азық-түлік тауарлары мен қызмет көрсету нарығына қатысты. Бір сөзбен айтқанда, адал ниетті бәсеке болса, тұрақты баға да болады.

Инфляцияның өсуінде делдалдар мен алыпсатарлардың орны ерекше.

Қазақ Үкіметі алдағы үш жылдағы негізгі тетіктерді айқындап үлгерді. Бірінші кезекте жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімін 8,5 пайыз мөлшерінде қамтамасыз ету. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ІЖӨ-ні екі есе арттырады. Үш жылдағы экономиканың жалпы өсімін 27,7пайыз деңгейінде ұстау жоспарланып отыр.

2008 жылы бұл көрсеткіш 5600 АҚШ долларына теңесуі тиіс. Яғни қазіргі деңгейден 1,5 есе жоғары. Бұл Үкіметтің нақты бағдары.

Үкімет инфляция деңгейін 2006 жылы 5,7-7,3 пайыз. 2007-2008 жылдары 5-7 пайыз аралығында ұстап отыруды көздеп отыр. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылып, инфляциялық үдерістердің жалпы ауаны мен беталысы мұқият бақылауға алынған.

Мемлекеттік бюджеттің ағымдық шығындарын қысқарту арқылы да инфляцияны ауыздықтауға болады. Есеп-қисапты дұрыс жүргізіп, не керек, не керек еместігін уақтылы айқындап отырса, мемлекеттік бюджет есебінен болатын негізгі шығындарды реттеуге мүмкіндік бар. Үкімет соңғы жылдары мемлекеттік шығындарды жалпы ішкі өнімге қарай алғанда 22-23 пайыз деңгейінде ұстауға ұмтылып отыр. 2005 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 22,9 пайызды құраса, 2004 жылы 23,4 пайыз болған еді. Бұл арада Ұлттық қор трансферттерін қоспағандағы таза мемлекеттік шығындар туралы әңгіме болып отыр.

Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1 шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы «жасырын монополияларды» жою ісі қолға алынбақ.

Көптеген монополистeр өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек.

Қорытынды

Жоғарыда келтірілген деректерді ескере отырып, келесідей қорытындыға келуге болады.

Инфляция дүниежүзіндегі барлық елдердің экономикасындағы ең күрделі, қиын мәселесінің біріне айналып отыр. Бұл құбылыс тек мемлекет ішіндегі экономикаға ғана әсер етіп қоймай, мемлекетаралық макроэкономикаға да едәуір өзінің кері әсерін тигізеді.

Қазіргі таңда Елбасының қолдауымен инфляцияның төменгі деңгейіне жету және соны үстап түру мақсатында ақшалай несиелік және қаржылық реттеуді, еліміздің банк жүйесін нығайтуды және қаржылық секторды дамытуды жетілдіре түсу жөніндегі жұмыстарды жалғастырумен бірге ақша-несие және бюджет саясатын қатайту көзделген.

Ақша құнының тапшылығы макроэкономикалық түрақсыздыққа әкеп соғады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық түрақтылық және қаржы жүйесінің түрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфлияциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар. Инфлияцияға жеткізетін факторларға қарсы жүргізілетін перспективті саясат шаралары қабылданды. Ұлттық банк 2000 жылдан бастап ақша-несие саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфлияция бойынша мақсатты көрсеткіштер "базалық инфлияция" индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстың ықпалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді.

Соңғы жылдары формальды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-несие саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, нарықтық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер жүйесі жүргізілетін ақша — несие саясатына деген сенімді арттырады. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Үлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеріне көшті.

Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бөсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмін жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс қимылы мына сызбаға көрсетіледі: шығындардың төмендеуі — бағалардың төмендеуі - өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы — ұсынымның көбеюі — сұранымның қанағаттандырылуы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы.» — Алматы, 1997. 25-31 бет.
  1. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің Казақстан халқына жолдауы.» — Алматы, 1998. 17-28 бет.
  1. Аубакиров Я. Ә. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 1998. 152-157 бет.
  1. Брю С. Л. «Экономикс» - Бишкек, 1998. 1 том, 78-81 бет.
  2. Жүнісов Б. А. «Нарықтық экономика негіздері» -Ақтобе, 1993. 92-101 бет.
  1. Иманғазин О. Қ. «Экономикалық саясат» - Алматы, 2002. 105-110 бет.
  2. Көшенова Б. А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» - Алматы, 2002. 75-79 бет.
  1. Мақыш С. Б. «Ақша айналысы және несие» -Алматы, 2000. 84-89 бет.
  2. Осипова Т. М. «Экономикалық теория негіздері» -Алматы, 2002. 203-209 бет.
  1. Шеденов «Жалпы экономикалық теория» - Алматы, 2002. 215-219 бет.
  1. Құлпыбаев С. «Қаржы» - Алматы, 2003. 426-440 бет.
  2. «Инфляция — хроническая болезнь бумажных валют» - Журнал: Финансы Казахстана, 1995. 13-17 бет.
  1. Қожахметов А. «Инфляция и ее последствия» -Журнал: Экономика и статистика, 2001. 25-29 бет.
  1. Райымқұлов С. «Экономикалық теория негіздері». Шымкент 2005 ж.
  2. Черняк В.З. Основы экономики в схемах и таблицах. Москва, 2003.
  3. Егемен Қазақстан. Инфляция неден именеді. 2006, сәуір.
  4. Егемен Қазақстан. Инфляция. 2006, 29 қараша.
  5. Егемен Қазақстан. 2006, 6 маусым. 3 бет.
  6. Егемен Қазақстан. 2006, 11 мамыр.
  7. Егемен Қазақстан. 2006, 18 сәуір.
  8. Егемен Қазақстан. 2004, 19 мамыр.
  9. Қазақ елі. 2004, 21 сәуір.
  10. Егемен Қазақстан. 2006, 14 маусым. 6 бет.
  11. Егемен Қазақстан. 2006, 19 сәуір.
  12. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5. 2006.

Похожие материалы