Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының жүзеге асуы барысында экономиканы модернизациялау орталық әлеуметтік-экономикалық үрдіске айналды. Өндіріс факторларының өзгеруі олардың ақпараттық, интеллектуалды, инновациялық құраушыларының өсуіне байланысты.
Бұл тенденциялар халық шаруашылығында болып жатқан сапалық іргерулермен байланысты. Оның негізінде даму стратегиясы мен тактикасының инновациялық бағытталуы жатыр.
Қазіргі күнгі нарықтық өзгерулер жағдайында ғылыми-техникалық үрдістің жетістіктерін енгізу, өнім, қызмет пен техникаларды жаңарту, нарықтың түрлі сұраныстарына бағытталған экономиканы модернизациялауға бағытталған қаржылық, материалды және адами ресурстарды шоғырландыру маңызды болып келеді.
Модернизация Қазақстан экономикасынан бөлінбейтін сипатқа ие болып келе жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясының сатылы жүзеге асуы Қазақстанның ары қарай даму үрдісіне сенімді негіз құрды. Қазақстан модернизациясы - елдің дамуының жалғыз дұрыс жолы [1].
Бір экономикалық жүйенің дамуы көбінесе территориялық-салалық қимада ұлттық экономиканың құрылымымен анықталады. Ол қоғамдық өндірудің бір секторында өндіретін өнімнің үлесіне, халықтық қоғамның пайдалы еңбектерінің нысанына сай.
Әлемдік тәжірибе нарықтың түрлі болатынын және әр кезде тиімді бола бермейтінін көрсетеді (мысалы, төмен дамыған елдер). Сондықтан шаруашылық нарықтың нысандарына өту, әлі табысқа кепілдік бермейді. Еркін баға, тұрақты ақша жүйесі мен мүлікті жекешелендірумен басқа өндірістегі құрылымдық өзгерулерде көрініс табатын басқа экономикалық мәселелерді шешуге байланысты салмақталған, ғылыми- негізделген тәсілдер қажет.
КСРО экономикасы (және Одақтың құрылымдық бірлігі ретінде кеңестік Қазақстанның) кезінде өндірістің ауырлатылған құрылымы мен экспортта өндірумен байланысты салалардың көптігінен, ал оған жауап ретінде импортпен азық-түлік, машина жасау өнімдері мен тұтыну тауарлары әкелінуімен сыналды. Содан бері егер көмірқышқыл газының экспортының өсуін айтпасақ, экономиканың нақты секторындағы құрылымдық жағдай жақсармады, керісінше одан да қиындай түсті.
Бұл ең бірінші, өндірістің, құрылыс пен ауыл шаруашылығының материалды-техникалық базасын индустриализацияламау мен деградациялаумен; көрсетілген салалардың дамыған әлем елдерінен ғылыми-техникалық артта қалуы мен бүкіл кеңестік аймақта, соның ішінде Қазақстанда 15 жылға таяу уақыт бойы жасалмаған, жаңа, заманға сай өндірістердің болмауы көрсетілді.
Өңдеуші өнеркәсіптердің де өз құрылымын оптималды дей алмаймыз, себебі онда мұнайхимиясын дамыту, металллургиядағы жаңа өзгертулер, мұнайгаздық машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі арқылы өндірісті келешекте диверсификациялау үшін үлкен жүзеге аспаған мүмкіндіктер бар.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды.
- Ұлттық экономика және экономикалық жүйелерді құрылымдаудың теориялық негіздері
Құрылым – экономиканың белгілі бір құрылым құрушы белгілері бойынша негізгі бөлімдерге (құрылымдық элементтер) бөлінуі.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – өндіріс стадиясында салалық экономиканың қосылған құнның құнын көрсететін, ал тұтыну стадиясында – соңғы тұтыну, жинақтау немесе экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметердің құнын көрсететін жалпылаушы көрсеткіш.
Физикалық көлем индексі – шаруашылық субъектердің барлығы бойынша натуралды көрсеткіштерге сүйенетін бірнеше уақыт кезеңі бойынша өнім көлемінің өзгеруін сипаттайды.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші – адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді. Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады. Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:
- Қол еңбегіне негіздеген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде, адам еңбек процесінің материалдық негізіне, ал еңбек құралдары оның жұмыс орындарына қуат беріп отырады.
- Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды, адам оны толықтырады.
- Автоматтандырылған өндіріс. Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды. Адам «өндіріс қатарында» творчестволық, жасампаздық қызмет атқарады. Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
Енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік, ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми техникалық революциялық дамуымен сипатталады. Бұл мыналармен байланысты,
- біріншіден, ғылыми-техникалық прогресс жетістігі, принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап етеді.
- екіншіден, салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы «қайта индустрияландыру», ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін, әрі экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде қайта құру, өндірілетін өнімдер мен өндірістің техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің сапасын жақсарту, өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жолымен өндірістік емес саланы индустрияландыру.
Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатын, ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тезделуге бағытталған мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталады. Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономиканы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады [2].
Өнеркәсібі дамыған елдерде бүгінгі таңдағы салалық құрылым ғылыми-техникалық революцияның негізгі бағыттары мен ауқымын анықтайтын өндірістің ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға біртіндеп ауысуда. Ұлттық экономиканың мұндағы негізгі қызметі өнеркәсіптің ғылыми сыйымды салаларына тек сандық өсім ғана емес, сапалық өлшемдерде тән. Ең алдымен мұнда еңбек өсімділігінің өсу қарқыны басқа салалармен салыстырғанда 2,5 - 3 есе жоғары. Соншалықты еңбеу өнімділігінің жоғары қарқынмен өсуі осы салалық қазіргі жоғары автоматтандырылған материалдық базасы есебінен қамтамасыз етіледі. Әр жыл сайын бөлінетін күрделі қаржының үштен бірі және өңдеуші өнеркәсіпті ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржының 75-80% осы саланың үлесіне тиеді.
Дәстүрлі салаларда қайта құру мен модернизациялауды жүргізудің мақсаты:
Біріншіден, өте тиімді жабдықтарды енгізе отырып, өндіріс шығындарын азайту және осы саланың өнімдерінің бәсекелік қабілетін көтеру.
Екіншіден, шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына, экономикалық жаңа құрылымына бейімдеу, мұнда жетекші рөл өндірістің ғылыми сыйымды саласына ауысады. Сонымен, ұлттық экономиканың қызмет ету деңгейі, барысында құрылымдық қайта құру ең алдымен шаруашылықтың дәстүрлі салаларының арасындағы өзара тәулділік пен дара байланыстылықты күшейтеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің ауқымы соншалықты, қоғамдық өндірістің құрамында ғылыми-зерттеу және конструкторлық сынақ сияқты жаңа бір саланың орын алғаны ғылыми-техникалық прогреспен қызмет етеді.
Ұлттық экономикадағы белгілі дәрежедегі түпкі өнім бойынша фирмалардың ғылыми зерттеу бюджетіндегі қаражаттың құрылымы да маңызды. Өнеркәсіп фирмаларының мақсаты пайданы көп келтіру, түптеп келгенде, бүкіл-ғылыми зерттеулер мен жұмыстар шығындарын азайтуға және өндіретін тауарлардың бәсеке қабілетін көтеруге бағытталған. Бұл принцип ұлттық өнім экономикасы түрлерін өндіру немесе технологиялық процестер мен өндірісті жетілдіру жолымен мүмкін болады.
Мұнда корпорацияның экономикалық және ғылыми-техникалық стратегиясы алғашқы екі бағыт жағына қарай ауысады.
Дамыған елдердің көпшілігінің ұлттық экономикасының басынан кешіп жатқан қазіргі құрылымдық қайта құру тағдырын ғылыми-техникалық революция анықтайды. Қазіргі құрылымдық өзгерістер жай сандық өзгерістермен емес, сапалық белгілермен сипатталады, ол болса болашақта құрылымдық қозғалыстарды зерттеу мекемесіне жаңаша қарауды талап етеді.
Алғашқы рет ұлттық есеп-шот жүйесінің кестесі 1953 жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт ретінде қабылданды. Ұлтық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есеп-шот табыс және шығын матрицаларда көрсетілген. Ұлттық деңгейін құрудағы ертеректегі талпыныстан А.Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макродеңгейде екі еселей жазу принципін «қоғамдық матрицаларда» қолданады.
Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылысы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы: жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім.
Стандарттық сипаттамалар ұлттық өнім, тұтыныс, сауда балансы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толықтанды бейнеленгенін көрсетеді. Мұнда сондай-ақ қаржы балансы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштерінің ең маңыздысы жалпы қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады.
Жиынтық қоғамдық өнім мөлшерін анықтауда дәстүрлі көзқарас бойынша, қызмет көрсетудің материалдық емес өндіріс оған еңбейді.
Бұл өнім жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім (ЖҚО) болып аталады. Дүниежүзілік шаруашылық практикасында қалыптасқан келесі көзқарас бойынша, қоғамдық өнім мөлшерін есептегенде мынаны ескереді:
Өндірілген өнім массасы материалдық өндіріс өнімнің ғана емес, сондай-ақ қызмет көрсетудің материалдық емес өндірістің қызметтерін де өндіреді. Бұл өнім жалпы ішкі өнім болып табылады.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өкіледі жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құралған материалдық илігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖКӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды заттай және құндылық, ЖКӨ натуралды заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді, өндіріс, құрал-жабдықтар өндірісі (І-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (ІІ-ші бөлімше).
Қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып топтау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп шотын болдырмайды.
Ұлттық экономикалық қызмет етуінің ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰЖ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ=ТҰД – жанама салықтар
Әлемдік қауымдастыққа енетін елдер бойынша өмір деңгейін анықтау үшін жан басына шаңқандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемін қолдануға болады.
Ұлттық экономикалық қызмет деңгейін, яғни ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай-ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім жалпы ішкі өнімнен осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегі өнімнен (пайыз, дивиденд, жолақы және т.б.) артық болады [3].
Сыртқы экономикалық операциялар бойынша сальдо ЖӨ өзіне тікелей сол елде өндірілген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер, жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-да қолданса, онда олардың құны ЖІӨ-ге енгізілмейді.
Бұл жағдай мынандай кезде де ескеріледі американдық өндіріс факторы басқа елде қолданса, онда олардың құны да ЖІӨ-ге енбейді. Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн санасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық территориясында өндірілетін болғандықтан, ол өзіне тұтыну мен инвестицияны ендіреді.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Ұлттық экономика құрылымы дегеніміз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық революция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Экономиканың құрылымы пропорцияларды көрсетіп, дамудың нәтижесін көрсетіп және оның тұрақтылығын сипаттаушы болып келуімен қатар, келешектегі экономикалық өсудің маңызды алғышарты болып келеді. Елдің әлемдік экономикалық жүйеде өз позициясын алу, оның экономикалық қауіпсіздігі және халықтың тұрмыс жағдайының сапасы көбімен экономика құрылымының балансталуымен анықталады, бұл құрылымдық диспропорцияларды анықтауда және дамудың адекватты басымдылықтарын таңдауда оның ғылымилығын көрсетеді.
Экономиканың құрылымы ұлттық экономиканың түрлі бөліктерін (құрылымдық элементтерін) бір бүтінге біріктіреді. Экономикалық өсудің үлкен және тұрақты қарқынына жағдай жасау үшін шаруашылықтың нарықтық механизмдерінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасайтын нарықтық экономиканың адекватты құрылымы қажет.
Динамикада экономикалық жүйенің өздігінен дамуы мен сақталуы үшін құрылымның кейбір элементтерінің маңыздылығында өзгерістер болады. Экономиканың құрылымы елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына сай жауап беру керек. Бұл оның салалық, аумақтық және басқа аспектілер бойынша баланстылығына сәйкесінше шарттар қояды. Басқаша айтқанда, ұлттық экономиканың құрылымы тек қана нарықтық механизмнің әсерінен түзелмейді, ал мемлекеттің белгілі әсер етуін, ол дегеніміз құрылымдық саясатты айтады [4]. Құрылымды қатып қалған, өзгертілмейтін деп түсүнуге болмады. Ол стратегияның (саясаттың) артымен жүріп отырады, ал нақтырақ айтсақ оған қызмет етеді. Стратегияның өзгеруі әкімшілік мәселелерді тудырады, бұл ескі құрылымды жаңа стратегиямен сәйкес өзгертуді талап етеді [5, 135-бет]. Дәл осы себептен саясатта қаралатын сұрақтармен қатар қайта құрылымдау мәселелері өте жақын қаралады, соның салдарынан құрылым мен өндіріс технологияларында, шаруашылық үрдістерді басқаруда және өнімді шығаруда терең өзгерістер болады, ал нәтижесінде қаржылық-экономикалық көрсеткіштер жақсарады. Қайта құрылымдаудың мәнін біздіңше анағұрлым жақсы ашатын келесі тавтология: берілген ұйымды анағұрлым ұйымдастырылған жағдайға ұйымдастыру[6].
- Қазақстан ұлттық экономикасын қайта құрылымдау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы – 1991 жылдан бастап нарыққа өту мақсатындағы экономикалық реформалары дағдарыс жағдайымен қатар жүрді. Ол 1992-1995 жылы анағұрлым қатты сезілді. Егер 1996-1997 жылдар барысында елде белгілі тұрақтылық орын алса, 1998-1999 ж.ж. бұл үрдіс әлемдік қаржылық дағдарыс әсерімен бұзылды. 2000 жылдан бастап ұлттық экономика оң өсу қарқынымен сипатталады.
Өтпелі кезеңнің аса ауыр дағдарысын біз 90-шы жылдардың басында еңсердік. Ол кезде экономиканың құлап түсуі 60 пайызға жетіп, инфляция жылына мыңдаған пайыздармен есептелетін.
Азияның қаржы рыноктары туындатқан екінші әлемдік дағдарысты біз 90-шы жылдардың аяғында еңсердік. Мұнай бағасы онда бір баррель үшін 9 долларға дейін төмендеді. Біз зейнетақы мен жалақыны төлей алмадық. Ол қиындықтарды да біз еңсердік.
Көрсетілген уақыт мерзіміндегі мемлекеттің экономика деңгейлері мен құрылымдық іргеліреулерді макроэкономикалық көрсеткіштердіңөзгеруі бойынша бақылауға болады, олардың негізгісі болып жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) алынады. Сурет-1 бойынша елдің экономикалық потенциалы 2005 жылы 1990 жылғы көрсеткіштен 13,4 % жоғары. 1991 жылдан бастап ЖІӨ орташа 10%-ға төмендеп отырды, ал 1995 жылы бұл көрсеткіштің 1990 жылға қарағанда ең төменгі көрсеткіші тіркелді – 61,4%. ЖІӨ динамикасының жағдайының төмендеуі, елдегі жалпы экономикалық жағдайдын қатты қиындауы мен осыған байланысты елдегі нақты экономика секторында өндірістің анағұрлым төмендеуімен байланысты. Бұл дегеніміз, біздің экономикаға реформаларға дейінгі потенциалын қалпына келтіру үшін 14 жыл қажет болғандығын көрсетеді.
Кесте-1 Қазақстанның 1991-2005 жж 1990 жылға қарасты ЖІӨ-нің және экономиканың жеке салаларының физикалық көлем индексі көрсетілген. Келтірілген ақпараттардан ауыл шаруашылығы мен индустрия бойынша өндірістің физикалық көлемі 2004 жылы 1990 жылға қарағанда сәйкесінше 87,6% және 54,4% төмендеді. 2004 жылы 1990 жылға қарасты ең жоғары төмендеу құрылыс бойынша болды – 37,4%-ға дейін. Сауда мен басқа қызмет көрсетулер көлемі 1990 жылдың деңгейінен сәйкесінше 4,3 және 86,7%-ға артық.
Кесте-1 – ЖІӨ көлемінін физикалық өзгеру индексы, 1990 жылға %-бен
Көрсеткіш | 1993ж. | 1994ж. | 1995ж. | 1996ж. | 1997ж. | 1998ж. | 1999ж. | 2000ж. |
Жалпы ішкі өнім | 89,0 | 84,3 | 76,5 | 66,9 | 61,7 | 62,7 | 62,3 | 61,5 |
Өндіріс | 100,4 | 83,2 | 71,6 | 51,9 | 47,4 | 47,5 | 49,4 | 48,2 |
Ауыл шаруашылығы | 77,4 | 99,6 | 92,7 | 73,2 | 55,3 | 52,5 | 52,0 | 42,2 |
Құрылыс | 88,9 | 52,9 | 39,2 | 32,8 | 20,3 | 15,9 | 17,2 | 19,8 |
Сауда | 98,7 | 81,5 | 76,4 | 63,1 | 66,9 | 74,1 | 76,3 | 73,9 |
Көлік және байланыс | 94,3 | 76,9 | 65,8 | 48,5 | 42,4 | 43,0 | 44,4 | 44,0 |
Басқа қызметтер | 99,1 | 100,0 | 108,0 | 107,4 | 111,4 | 111,1 | 108,7 | 111,5 |
Кесте-1 жалғасы
Көрсеткіш | 2001ж. | 2002ж. | 2003ж. | 2004ж. | 2005ж. | 2006ж. | 2007ж. |
Жалпы ішкі өнім | 62,5 | 69,4 | 78,8 | 86,5 | 94,5 | 103,4 | 113,4 |
Өндіріс | 49,3 | 58,0 | 66,0 | 72,9 | 79,5 | 87,6 | 94,8 |
Ауыл шаруашылығы | 51,4 | 51,9 | 52,2 | 53,9 | 55,1 | 54,5 | 59,6 |
Құрылыс | 20,3 | 23,1 | 29,5 | 35,2 | 39,6 | 37,4 | 45,4 |
Сауда | 73,2 | 76,9 | 87,2 | 94,7 | 104,2 | 104,3 | 108,2 |
Көлік және байланыс | 43,8 | 52,03 | 57,0 | 62,6 | 68,9 | 81,4 | 86,3 |
Басқа қызметтер | 109,4 | 135,5 | 130,4 | 143,7 | 159,4 | 186,7 | 191,2 |
Кестенің берілгендері бойынша 1992 жылдан 2005 жылдар арасында өндірістің негізгі салаларының құрылымында өндеуші кәсіпорындар саласының үлес салмағының төмендеуімен қатар жылу-энергетикалық пен металлургиялық кешендер салаларының өсуі және үлкен үлесінің сақталуы байқалды. Бұл жағдай шикізат саласын басымды, негізгі салаға айналғанын сипаттайды.
Бұл жағдай шикизат саласын басымды, негізгі салаға айналуын сипаттайды. Ол бұл саланың біздің елде дәстүрлі артта қалуының салдарынан және де бұл құрылым он жылдан ұзақ уақыт бойы және тәуелсіздік жағдайында қалыптасты. Бұл реформалау кезеңіне дейінгі уақытпен салыстырғанда өңдеуші саланың бірнеше рет қысқаруына алып келді. Құрылымның осылайша деформациялануының себебі болып, бұл салалардың шетел инвесторлары үшін инвестициялық тартымдылығының төмен болуы, отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті болмауы, соңғы жоғары технологиялық түрлендірулердің болмауы. Ж.Х. Давильбекованың айтуы бойынша «республикадағы өндіріс, әсіресе оның өңдеуші салалары мемлекет тарапынан көмекті қажет етеді, себебі болашақта әлеуеттің құруы үлкен жоғалтуларға айналуы мүмкін» [14].
Реформалау жылдары Қазақстанда ЖІӨ құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды, оны кесте-2 -ден көрсе болады.
Кесте-2 – Жалпы ішкі өнімнің құрылымы, ағымдағы бағамен, соңына %-бен.
Көрсеткіш | 1992ж. | 1993ж. | 1994ж. | 1995ж. | 1996ж. | 1997ж. | 1998ж. | 1999ж. |
Жалпы ішкі өнім | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
өндіріс | 20,5 | 27,1 | 30,9 | 28,6 | 29,1 | 23,5 | 21,2 | 21,4 |
Ауыл шаруашылығы | 34,0 | 29,5 | 23,1 | 16,3 | 14,9 | 12,3 | 12,1 | 11,4 |
құрылыс | 12,1 | 9,2 | 8,7 | 10 9,3 | 9,6 | 6,5 | 4,4 | 4,2 |
сауда | 8,1 | 8,1 | 8,5 | 10,5 | 12,1 | 17,2 | 17,3 | 15,6 |
Көлік және байланыс | 9,4 | 7,5 | 7,4 | 9,9 | 11,2 | 10,7 | 11,3 | И,7 |
Басқа қызметтер | 15,9 | 18,6 | 21,4 | 26,5 | 23,1 | 29,8 | 33,7 | 35,7 |
Кесте-2 жалғасы
көрсеткіш | 2000ж. | 2001ж. | 2002ж. | 2003ж. | 2004ж. | 2005ж. | 2006ж. | 2007ж. |
Жалпы ішкі өнім | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 | 100,0 |
өндіріс | 24,4 | 25,8 | 30,6 | 30,7 | 29,5 | 29,1 | 31,1 | 30,2 |
Ауыл шаруашылығы | 8,6 | 9,9 | 8,1 | 8,7 | 8,0 | 7 8 /,5 | 7,9 | 6,5 |
құрылыс | 4,9 | 4,8 | 5,2 | 5,3 | 6,3 | 6,0 | 5,9 | 7,4 |
Сауда | 15,2 | 13,6 | 12,4 | 12,1 | 12,2 | 11,6 | 11,4 | 12,4 |
Көлік және байланыс | 13,9 | 12,1 | 11,5 | 11,2 | 11,6 | 12,4 | 12,2 | 11,4 |
Басқа қызметтер | 33,1 | 31,4 | 24,5 | 26,1 | 26,7 2,8 | 27,8 | 27,1 | 28,4 |
Егер реформалау кезеңіне дейін Қазақстан аграрлық ел болып келсе (ауыл шаруашылығының үлесі 34%, өндірістің үлесі 20,5%), 2007жылдан бастап ауылшаруашылығының үлесі 5 есе азайды. О. Шокамановтың айтуы бойынша ЖІӨ-нің құрылымының өзгеруіне тек физикалық көлем индекстерінің өзгеруі ғана емес, сонымен қатар салалардағы бағалардың әртүрлі динамикасы да әсер етеді. Бағалар анағұрлым тез өндірісте өсті, 2004 жылы өндіріс пен ауыл шаруашылығында баға диспаритеті 5,05 болды [15].
Бұндау төмендеуге бағалық факторлардан басқа себептер ретінде бұрынғы Кеңес Одағының елдерімен сауда байланыстарының құруы, ауылдарды несиелеудің сәтсіздіктері, отын, тыңайтқыштар, қосалқы бөлшектер сияқты маңызды элементтердің болмауы, белгілі жылдары жаман ауа райының жағдайы, сонымен қатар әлсіз экономикалық іс-әрекеттің болуы жатады.
Құрылыста қысқарудың себебіне негізінен саланы жеткілікті ннвестировать етпегендігі жатады. Алайда, жаңа астананы салумен байланысты сала айтарлықтай импульс алды десе болады, сонымен қатар ол ортамерзімді әлуетте және мемлекеттің тұрғын үй құрылыс бағдарламасының жүзеге асуымен қолдау тауып отырады.
ЖІӨ-нің жалпы құрылысында тауар өндіретін салалардан тек қана өндіріс 31,1%-ға өсті, ол 1992 жылдағы 20,5%-ға қарсы.
Қызмет көрсету салаларында үлестің өсуі біріншіден қызмет көрсетулерге бағалар тауарға қарағанда шапшаң өсті және нарықтық экономикаға тән қаржылық және басқа да делдалдық қызмет көрсетулердің тез дамуымен байланысты.
Егер 1999 жылға дейін қызмет көрсетулердің үлес салмағының жылы 15,9%-дан 1999 жылы 35,7%-ға дейін өсуі болса, 2000 жылы мен 2002 жылдары сәйкесінше 33,1% бен 24,5% көмендеу болды. Бұл жағдай ақылы қызметтердің динамикасы халыққа еңбекақа мен зейнетақыны уақтылы төлемеу, теңгенің өзгермелі курсына өткелі нақты еңбекақының өсуінің болмауы сияқты факторлардың әсерінен қалыптасқандығымен түсіндіріледі.
2003 жылдан бастап бұл саланың үлес салмағы біртіндеп өсе бастайды. Баяу өсу қызмет көрсету саласында бәсекенің болуымен түсіндіріледі, ол құрылымдық ырғақтардың бағалық құрауышының өсуін тежегіш кезеңі болып келеді.
Нарықтық реформалар кезінде жалпы ішкі өнімнің құрылымдық пайдалануы айтарлықтай трансформацияланды. Жалпы ішкі өнімнің құрылымдық пайдалануына және динамикасына алдынғы болып әсер етуші негізгі факторлар болып соңғы тұтынудың темпінің өзгеруі мен негізгі капиталдың жинақталуы жатады. ЖІӨ-де соңғы тұтынуға кеткен шығындар үлесі 1993-2007 жылдар аралығында 91,6%-дан 63,1%-ға дейін өзгереді. 1998 жылы берілген көрсеткіштің үлесінің көбеюі оның белгілі уақыттарда азаюымен алмасады. Бұл өзгерістер үй шаруашылығының және мемлекеттік басқару ұйымдарының шығындарының өзгеруімен анықталады [16].
2002 жылға дейін үй шаруашылықтарына коммерциялық емес ұйымдардың нарықтық емес қызмет көрсетулері төмендеуде болды.
Динамикадағы құрылымдық өзгеристер жаһандық, ұлттық экономикалық жүйелердің эволюциясында заңдылықтар көрсетеди. Құрылымдық ырғақтарды бағалағанда материалды өндіріс өнімдерінің пайдалылығы қызмет көрсетумен салыстырғанда тұтынушылар анағұрлым жоғары бағалады. Бұл дәстүрлі материалды байлықтарды асыра бағалауға және қызмет көрсетулерді, әсіресе, интеллектуалды, жеткіліксіз бағалауға алып келеді.
Елестету үшін өндірісі дамыған елдерге тек қана ХХ ғасырдың 70 жылдарының ортасында алғашқы ресурстарды асыра бағалау тенденциясынан арыла алды (оларға бағалар дайын өндірістік тауарларға қарағанда тез өсті).
Қазіргі күнде басқа жағдай – енді жаппай материалды өндірістің дайын өнімдер артығымен бағаланатын болды, осымен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің табысы түсіндіріледі.
Қазіргі күнде бастапқыда болған ақпараттық өнімдердің жеткілікті бағаланбауы мәселелі артта қалды.
Елбасының 2006 жылы халыққа жолдауында экономиканы ел дамуындағы басты басымдылық болып қалатынын айта өткен, сонымен қатар, ол экономикалық өсудің максималды қарқынына жету – негізгі міндет деп атайды[17].
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы ЖІӨ құрылымын келесі кесте-3-те қарастыруға болады.
Кесте-3 – ЖІӨ құрылымы 2008 жыл | ||||||||||
2008 ж. | 2008 жыл | 2008 жыл | ||||||||
ағымдағы бағаларда, млн.теңге | ЖІӨ -ге пайызбен | |||||||||
Тауарлар өндірісі | 7 276 016,2 | 45,6 | ||||||||
Ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы, балық аулау, балық өсіру | 842 117,4 | 5,3 | ||||||||
Өнеркәсіп | 5 130 041,5 | 32,1 | ||||||||
Кен өндіру өнеркәсібі | 3 003 683,7 | 18,8 | ||||||||
Өңдеу өнеркәсібі | 1 853 499,1 | 11,6 | ||||||||
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу | 272 858,7 | 1,7 | ||||||||
Құрылыс | 1 303 857,3 | 8,2 | ||||||||
Қызмет көрсетулерді өндіру | 8 273 041,0 | 51,9 | ||||||||
Сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу | 1 965 633,3 | 12,3 | ||||||||
Қонақ үйлер және мейрамханалар | 146 174,8 | 0,9 | ||||||||
Көлік және байланыс | 1 623 522,9 | 10,2 | ||||||||
Көлік | 1 323 012,7 | 8,3 | ||||||||
Байланыс | 300 510,2 | 1,9 | ||||||||
Қаржы қызметі | 864 725,5 | 5,4 | ||||||||
Жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету | 2 414 733,6 | 15,2 | ||||||||
Мемлекеттік басқару | 267 989,2 | 1,7 | ||||||||
Білім беру | 449 001,4 | 2,9 | ||||||||
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету | 236 299,9 | 1,5 | ||||||||
Коммуналдық, әлеуметтік және дербес қызмет көрсету | 288 915,8 | 1,7 | ||||||||
Үй қызметшілерін жалдайтын және өз тұтыну үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіретін үй шаруашылықтарының қызметі | 16 044,6 | 0,1 | ||||||||
Салалар бойынша барлығы | 15 549 057,2 | 97,5 | ||||||||
Қаржы делдалдығының жанама-өлшенетін қызметтері | -751 369,6 | -4,7 | ||||||||
Жалпы қосылған құн | 14 797 687,6 | 92,8 | ||||||||
Өнімдерге және импортқа салынған таза салықтар | 1 138 840,4 | 7,2 | ||||||||
Жалпы ішкі өнім | 15 936 528,0 | 100,0 | ||||||||
Қазақстан Республикасы аумағы бойынша (2724,9 мың шаршы км) жер шарының ірі мемлекеттердің қатарына кіреді, және 10-шы орын алады (Ресей, Канада, АҚШ, Бразилия, Автралия, Үнді, Қытай, Аргентина). Бұл халықты үлкен көлемде азық-түліктен және өндірісті шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның халық саны салыстырмалы аз, ол – 15,8 млн. адам. Бұл оның үлкен территориясымен байланстырғанда, төмен тығыздықты береді, әсіресе, батыс аймақтары.
Халық санының салыстырмалы аз болуы, ішкі тұтыну нарығының тар болуының маңызды факторыболып келеді, олимпорттың орнын басатын өндірістерді ұстап тұр. Мысалы, Қазақстанның ауыл шаруашылығы үшін жылына 500 тракторды жеткізу жеткілікті, ал осы кезде Павловар трактор зауытының қуаты жылына 1000 бірлік.
Халық саны 15,8 млн. болғанда Қазақстанның жеңіл және тамақ өнеркәсіптері де тек ішкі сұраныспен қанағаттана алмайды, себебі ол қуаты бойынша ірі ұйымдардың жұмысы үшін жеткіліксіз. Бұдан Қазақстан импорттың орнын басу экспорттың сол өнім бойынша өсуімен қатар болу керек.
Әлемдік масштабта Қазақстан экономикасы өте аз. 2003-2005 ж әлем халқының санынын ішінде Қазақстан Республикасының халық үлесі, әлемдік ЖІӨ-де Қазақстан экономикасының үлесі, әлемдік экспорт пен импортта Қазақстанның үлесі 0,1%-дан аспайтынын айта кету жеткілікті.
Жүргізіліп жатқан сыртқы сауда операциялары бойынша және валюта курсының еркін қалыптасуына байланысты Қазақстан экономикасын жеткілікті ашық деп санауға болады.
Келесі ерекшелік, ол өсіп келе жатқан маңызды шикізаттық және жылу-энергетикалық ұлттық экономиканың мамандануы.
2005 жылы Қазақстан эспортында минералды шикізат тобындағы тауарлар үлесі қара және түсті металдарды қосқанда 85%-дан артық.
Бұл экспорт Қазақстанның экспорттық дамуының негізін салушы және үстем идеясы.
- Қазақстан ұлттық экономикасын қайта құрылымдау механизмдері
Қазақстан жағдайына байланысты кейбір қайта құрылымдау механизмдеріне тоқталайық. Ренталық төлемдер ең дұрысы қызмет көрсету саласына немесе өндеуші, не өндіруші өндірістерге салымдардың тиімділігіне байланысты салымдарды түзету үшін жағдай жасай керек. Табиғи рентаны аларда шетелдердегі шикізат секторларының рентабельділігін есепке алу керек. Егер ол Қазақстандыкінен жоғары болса қаржылық қаражаттардың және инвестициялардың қайтарылуын күту керек. Сондықтан табиғи рентаны (салықтық, кедендік, тарифтік) алғанда өндіру жағдайлары жақсы компаниялардан бірінші кезекте дифференциалданған табиғи рентаны алуға бағытталу керек.
Табиғи ренталаррды алуды өндіруші компанияларға деген салықтық ауыртпалық деп түсінбей керек. Бұл шара барлық өндіруші компаниялардың қызметін түзілейді және оларға дұрыс орташа табыс алуға жағдай жасайды. Ал рояльтидің шекті минималды ставкасын заңды түрде бекітуге болады. Осыған орай келесілер орынды болар еді:
- рояльтилер мен бонустардың ставкасын анықтау үшін пайдалы қазбалары бар жерлердің ренталық бағалауын жүргізу;
- рояльтиді табиғи ресурстар үшін тұрақты төлемдер ретінде қарастыру және оның ставкасы өндіруші компанияның потенциалды немесе нақты реталық табысын бағалаумен анықталады;
- рояльти ставкасының төменгі шегін заңды бекіту.
Экономиканың құрылымдық модернизациясы оны жоғарытехнологиялық және ғылымисиымды салаларға жоғары қосылған құнымен аударуымен және өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету көп мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді, әсіресе, модернизацияның бастапқы этапында басым салаларды анықтау.
Осылайша тиімді құрылымдық саясат экономика дамуының «локомотиві» ролі ойнай алатын басымдылықтарды анықтауды, күшті салаларды таңдауды қажет етеді.
Бұл ретінде Қазақстанда кең сөзбен айтқанда елдің мұнайгаз кешені бола алады. Ол өз құрамына мұнай өндіруші компаниялар үшін құрал-жабдықтар дайындаушы компаниялар мен көлік инфрақұрылымын жатқыза алады. Олар вертикалды интегралданған бизнес-топтарға бірігіп, Қазақстан Республикасының жаңа өндірістік-құрылымды саясатының негізі бола алады [18]. Ішкі нарықтың тарлығына байланысты өндеуші салалардағы кәсіпорындар тек импортты алмастыру мәселесін ғана шешумен болмай, экспортқа шығу басымдылықтары бойынша батыл және шатшаң іс-әрекеттер жасау керек. Бұл жерде мемлекеттің көмегі қажет.
Біздің елде экспортты қолдау үшін экспорттық несиелер мен инвестициялар бойынша мемлекеттік корпорация құрылған. Ол өндеуші өнеркәсіптердің өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімдерді сақтандыруға көп мін беру керек.бқл экспорттаушыларды сақтандырумен байланысты тәуекелдерден қорғайды және Қазақстан өнімін сатып алушыға тиімді жеткізулерді кепіл етеді.
Зерттеулер Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының барлық салаларында құрылымдық-техникалыс дағдарыс орын алуда деп деп айтуға мүмкіндік береді. Бұл негізгі қорлардың тез арада моральді және физикалық тұрғыда ескіруінің өскендігінен болып отыр. Бұл экономика құрылымын ескі өндірулермен ауырлатты, олар сапалы, шет ел өнімдерімен бәсекеге қабілетті өнім жасауға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі күнде өндеуші салалардың құрылымы коп сатылы, онда үшінші техникалық саты жоғары (болат, электрқуаты, неорганикалық химия, ауыр машина жасау). Елде төртінші техникалық саты оте әлсіз дамыған (биотехнология, ғарыш технологиясы,жіңішке химия).
Осылайша елде қалыптасқан техникалық құрылым әлем стандарттарынан әлде қайда артта. Экономика құрылымында қазіргі күнгі ғылыми сиымды өндірістер жоқтың қасы [19].
Даму институттары арқылы кәсіпорындар үшін тиімді шарттармен жоғарытехнолгиялық құралдар лизингін дамыту керек: жаңа технологияларды игерушілерге жеңілдіктер мен преференцияларды кеңейту керек, жаңа техникада жұмыс істей білетін кадрларды оқытуға қосымша қаржы бөлу керек, елге шетелден ұсынылатын инновацияларды техникалық кспертиза мен іздеу ұйымдастырылуы керек.
Технологиялық трансфертті Қазақстан өндірісі үшін техникалық жаңартудың көзі ретінде көру керек, себебі біздің ғылыми-техникалық потенциал барлық көзделген ғылыми-технологиялық даму бағыттарын «жаба» алмайды [20].
Сомымен қатар отандық ғылымды мүмкіндігінше тәжірибеде көп қолдану керек.
Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау керек.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
Проблемаларды шешу және Стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөнiндегi корпорация, Инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарының жұмысын жақсарту керек.
Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзiрленiмдерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзу керек.
Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.
Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.
Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторларды қарастыру керек.
Жалпы алғанда Стратегияны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды.
Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды.
Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады.
Тоқсаныншы жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер өндiру процесi толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды. Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар айтарлықтай өзгердi.
Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер өндiрiстiк процесс тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша төмен тауарлар өндiрiсiнiң салыстырмалы төменгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады. Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады.
Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады.
Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады.
Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты.
Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi төмендегiше жiктеуге болады: дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық экономикаға өту; ғаламдану; экономиканы ырықтандыру; ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар.
Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған елдерiне ауысуда.
Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi бар.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарийi бойынша дамуда.
Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттан жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр сүру деңгейi жоғарылауда және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.
Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел рейтингiне ие болды. Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция салуға ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам АҚШ долл. тартылды.
Стратегиялық тұрғыдан алғанда қабылданған үлгiге сәйкес Қазақстан бәсекелестiкке және әлемнiң барлық елдерiмен өзара тиiмдi ынтымақтастық орнатуға негізделген тауарларды, қызметтердi, капиталды және жұмыс күшiн экспорттауға бағдарланған ашық экономикалы ел ретiнде қалыптасады.
2001-2002 жылдары iшiнде ЖIӨ-нiң орташа жылдық өсу қарқыны 11,5 % құрады. 2010 жылы ЖIӨ екi есе ұлғайту үшiн оның орташа жылдық өсу қарқыны 7,2 % болуы керек.
Стратегиялық жоспарды iске асыру саласында ел экономикасының жақсы қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзiмдi кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтiк салада сапалы өзгерiстер жүргiзу керек.
Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикiзатының iрi әлеуетiн шоғырландырған шағын экономика ретiнде өндiрiстiң өңдеушi салаларына инвестициялар үшiн тартымсыз. Бұл шикiзат ресурстарына жағдаяттың өзгеруiне қатысты ел экономикасын осал әрi тәуелдi етедi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.
Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бiрге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегiнде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемi әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.
Экономиканың шикiзат секторынан алынатын iрi кiрiстерден шектен тыс толығу қаупiн ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуiнiң зардаптарын болжау негiзiнде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түстi металдарға әлемдiк баға деңгейiнiң белгiленген қалыпты шектен асып кетуiнен түсетiн кiрiстер жинақталады.
Бұл шара, сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесiне түсетiн валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнiмнiң импортын тежейтiн теңгенiң айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетiстiктердi, қаржы секторы сенiмдiлiгiнiң артуын және елдiң экспорттық әлеуетiнiң жедел қарқынмен өсуiн айта отырып, өнеркәсiптiң өңдеушi салалары, сондай-ақ өндiрiстiк сипаттағы қызметтер көрсететiн салалар тиiсiнше дамымай отырғанын атап өту керек.
Өңдеушi өнеркәсiпте металлургия өнеркәсiбi ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсiбiнiң кейбiр өнiмдерi осыған ұқсас шетелдiк өнiмдермен iшкi рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеушi өнеркәсiптiң қалған өнiмдерi бүгiнгi таңда тiкелей және жанама субсидиялардың есебiнен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, ЖЖМ, өнiмдi тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негiзделмеген тарифтiң белгiленуiнен, кедендiк қорғау баждарын белгiлеуден көрiнiс беруде. 2003 жылға дейiн өнеркәсiптiң кейбiр (машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм, резина және пластмасса бұйымдарын өндiру, химия өнеркәсiбi) салаларына бюджет алдында жол берiлген бұрынғы берешектерiн төлеу өсiмi есептелмей кейiнге қалдырылды. Тоқыма, тiгiн, былғары аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өзi өндiрген өнiмдi өткiзуге 2002 жылға дейiн ҚҚС нөлдiк cтaвкa бойынша салынды.
Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы; мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.
ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.
Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында. 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29,7 % құрады. Бiрқатар салаларда негiзгi құралдардың нақты тозуы 50 % және одан астам деңгейге жақындауда.
Қазiргi уақытта қолданылып жүрген кәсiпорынның қарауында қалған пайда есебiнен негiзгi құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртiбi моральдық тұрғыдан ескiрген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгiлi бiр дәрежеде тежеушi болып отыр.
Негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi 1999 жылы - 8 %, 2000 ж. - 13,8 % құрады. Мұндай өсуге мұнай және табиғи газ өндiруге инвестиция салу есебiнен қол жеткiзiлдi.
Негiзгi құралдар құрылымында аса тозғандары - машиналар және жабдықтар. Олардың тозу дәрежесi 2000 жылы 42,1 % құрады. Көлiк құралдары - 41 %, ғимараттар 36,5 % тозған.
Мұнай өндiрумен және металдарды өндiрумен байланысты емес салаларда жабдықтың тозу дәрежесi соңғы үш жылда 45 %-тен 62 %-ке дейiн құрады. Өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарында толықтай тозған машиналардың, жабдықтардың және көлiк құралдарының үлес салмағы 12 %-ке жеттi.
Бұл жабдықтың шығарылу жылына қарай және моральдық тұрғыдан алғанда ескiруiне, ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0,22-0,3; АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0,4-0,6, Канада мен Қытайда - 0,8-1,2 киловатт сағатты құрайды.
Қазақстанда қаржы ресурстары бар, алайда банктер үлкен қауіп-қатерлер болуына байланысты операцияларға бара алмайды.
Ашық экономикалы шағын ел болғандықтан, Қазақстан әлемдiк бағаларға әсер ете алмайды, сондықтан оларды сол қалпында қабылдауға тиiс. Осының салдарынан ел өз экономикасына пәрмендi ықпал ету құралдарының шектеулi мөлшерiн ғана қолдана алады. Осыған байланысты экономиканың сыртқы факторларға дәрменсiздiгiн азайту үшiн елде жоғары технологиялық өндiрiстердi құру аса өзектi мәселеге айналуда.
Өткiзуден түсетiн табыстың 1 теңгесiне жұмсалатын шығындардың көрсеткiшi еңбек және материалдық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалаудың индикаторы болып табылады. Бұл көрсеткiш өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнының оларды сатудан түсетiн табысқа қатынасымен өлшенедi. Бұл көрсеткiш аз болған сайын кәсiпорынның табысы жоғары болады.
Қазақстан экономикасында 2002 жылы мұнай және табиғи газ өндiру (0,39) кезiнде, қаржы қызметiнде (0,48), темекi өнiмдерiн өндiруде (0,58), түстi металдар өндiруде (0,55) өндiрiлген капитал мен адам күшін пайдаланудың жоғары тиiмдiлiгi орын алды. Өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгесiне жұмсалған шығындардың төмен деңгейi ауыл шаруашылығында (0,91), химия өнеркәсiбiнде (0,85), электр энергиясын, газ және су өндiру мен бөлуде (0,86), құрылыста (0,85), сусындарды қоса алғанда тағам өнiмдерiн өндiруде (0,8) байқалды.
Салық шегерiмдерiн, өнiм тасымалдауға және жарнамаға жұмсалатын шығындарды есепке алғанда көптеген салалардың кәсіпорындары залалда қалады.
Жұмысшылардың санын қысқартатын жаңа технологияларды қолдану, өнiмнiң материал және энергия сыйымдылығын төмендету кәсiпорынның табыстылығын жоғарылатудың резервтерi болып табылады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын қайта құрылымдау мәселесін зерттей отырып, келесідей шешімдерге келуге және кейбір ұсыныстар беруге болады:
Құрылым – экономиканың белгілі бір құрылым құрушы белгілері бойынша негізгі бөлімдерге (құрылымдық элементтер) бөлінуі. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – өндіріс стадиясында салалық экономиканың қосылған құныың құнын көрсететін, ал тұтыну стадиясында – соңғы тұтыну, жинақтау немесе экспортқа бағытталған тауарлар мен қызметердің құнын көрсететін жалпылаушы көрсеткіш. Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да, өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады. Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді. Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономиканы қайта құрылымдауда басым бағыт болып елдің индустриалды-инновациялық даму стратегиясы жатады. Бүгінгі таңда модерниация қатаң бәсеке жағдайында өтуде. Осыған орай экономиканы қайта құрылымдауда басым болып әлеуетті бәсекеқабілетті өндірістерді құру болып табылады. Қайта құрылымдаудың маңызды бағыты келешектегі инновациялық даму.
Бастапқыда, қазіргі кезде, жаңа технологиялар трансфертіне көп бағытталу керек. Бұл тұрғыда жоғарытехнологиялық құрал-жабдықтардың лизингін дамыту, жаңа технологияларды ендіріп жатқан компанияларға жеңілдіктер қарастыру, жаңа техникада жұмыс істей білетін кадрларды дайындау, сатып алынып жатқан технологияларды зерттеп, тексеретін маманданған экспертизаны ұйымдастыру өте маңызды.
Инвестициялық ағымдар қазіргі күнгі өндіріске бағытталуы керек, ескі технологиямен жұмыс істейтін өндірістерді қолдауға, дамытуға жұмсалатын инвестицияларды жаңа технологиямен жұмыс істейтін өндірістерге ауыстыру керек.
Қазақстан Республикасының экономикасын құрылымдық қайта құру инновациялық іс-әрекетсіз мүмкін емес. Сол үшін инновацияға кез-келген инвестицияларды тарту керек. Алғашқыда ол негізінен мемлекет болады, бірақ кейін, біртіндеп жеке секторғатолығымен ауыстыру керек.
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Қолданылған әдебиеттер
- Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана «Новый Казахстан в новом мире». Астана, 16 -бет.
- Садыков А.С. Модернизация экономики Казахстана: теория, тенденции и механизмы: учебное пособие – Шымкент: Кітап, -300 бет.
- Сағадиев Ә. «Инновация – негізгі қозғаушы күш» // Егемен Қазақстан, 24 наурыз, 2004 ж.
- Авдашева С., Ястребова О. Государственная поддержка в регионах: состояние и проблемы реорганизации // Вопросы экономик, 2001, №5.
- Тургумбаев Г.А. Актуальные вопросы реструктуризации производственных предприятий // Материалы международной научно-практической конференции «Государство и бизнес в ХХ веке». Алматы, КазНУ, 2003, бет. 135-139.
- Пригожин А.И. Методы развития организаций М., МЦФЭР, 2003, 864-бет.
- Материалы доклада агентства РК по статистике «Экономика Республики Казахстан в годы реформирования» - Астана, 2000.
- Республика Казахстан: 2004 // Краткий статистический справочник, Алматы: Агентство РК по статистике, 2004.
- Республика Казахстан: 2004 // Краткий статистический справочник, Алматы: Агентство РК по статистике, 2005.
- Статистический ежегодник Казахстана. Алматы: Агентство РК по статистике, 2006.
- Материалы доклада агентства РК по статистике «Экономика Республики Казахстан в годы реформирования» - Астана, 2000.
- Ежемесячный информационно-аналитический журнал «Социально-экономический журнал Казахстан». – 2003. - №12.
- Ежемесячный информационно-аналитический журнал «Социально-экономический журнал Казахстан». – 2004. - №1.
- Давильбекова Ж.Х. Особенности реформирования промышленности Казахстана в переходной период (теория, методика, практика). – Алматы: РГП «Институт экономических иследований», 2002. – 92-бет.
- Шокаманов Ю.К. Динамика и структурные сдвиги в экономическом развитии Казахстана и его регионов // экономика и статистика. 2003. - №3. – 38-39-бет.
- Бопиева Ж.К. Оценка структурных изменений в экономике Республики Казахстан // Сборник материалов международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы образования и науки на современном этапе», (том 1) – Кокшетау: Кокшетауский университет имени А.Мырзахметова, 2005. – 45-бет.
- Назарбаев Н.А. К конкурентноспособному Казахстану, конкурентноспособной экономике, конкурентноспособной нации. Послание Президента народу Казахстана // Казахстанская правда, 2004, 19 марта.
- Диверсификация российской экономики: современные проблемы и задачи (доклад Минэкономразвиия РФ) // Вопросы экономики, 2003, №12, 4-23-бет.
- Прохоров И. Пародоксы экспорта // Казахстанская правда , 2004, 27 февраля.
- Жумагулов Б. Наука в стратегии развития страны // Казахстанская правда, 2004, 28 февраля.
- stat.kz