Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан тауарларды жаңа тарифтермен тасымалдайтын болады

Қазақстан тауарларды жаңа тарифтермен тасымалдайтын болады

Қазақстаннан және Ресей мен Қытайдан транзит арқылы жүк тасымалына ортақ тура тарифтік мөлшерлемелер белгіленеді. Бұл туралы  "Қазақстан темір жолы" ұлттық копаниясының басқарма төрағасы Роман Скляр хабарлады.

"31 наурыз бен 1 сәуір аралығында Астанада Қазақстан, Түрікменстан және Иран елдерінің темір жол әкімшіліктерінің үш жақты жұмыс тобының отырысы аяқталды. Жиын барысында, атап айтқанда, Қазақстанның экспорттық жүктерді және Ресей, Қытай арқылы жүретін транзит жүктерді Иран нарығына және Иран аумағы арқылы Парсы шығанағы елдеріне, Пәкістанға, Үндістанға, Түркияға бидай, қара металл, ферроқорытпалар, халық тұтынатын тауарларды тасымалдауға арналған тура тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу мәселелері талқыланды", - деп мәлімдеді ол Астанада өткен брифингте. Оның айтуынша, Солтүстік - Оңтүстік дәлізінің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан - Түрікменстан - Иран темір жол желісі салынды. Осылайша, өткен жылы Болашақ-Серхетяка кеден өтпе жолы арқылы 1,1 млн тоннадан астам жүк тасымалданған, оның ішінде Қазақстаннан - шамамен 700 мың тонна, шамамен 400 мың тонна жүк республика арқылы транзитпен өткен. "Осы жылы аталған өтпе жол арқылы шамамен 4 млн тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр. Жалпы алғанда қазіргі таңда Қазақстан - Түрікменстан - Иран темір жол желісі пайдаланылып жатыр және Түрікменстан және Иран, сондай-ақ біздің еліміздің темір жол әкімшіліктері жетекшілерінің уағдаластықтарына сәйкес экспорттық және транзиттік жүктерді қабылдауға дайын", - деді Р.Скляр. Р.Склярдың болжамына сүйенсек, 2020 жылға таман Қазақстан аумағы бойынша транзиттік тасымалдар екі есе, жылына 18 млн тоннадан 36 млн тоннаға дейін артады. "Бұл ретте болжамды орташа жылдық эффект елдің ЖІӨ өсімінде шамамен 1% болады. Барлық инфрақұрылым жобаларын іске асыру ел экономикасы үшін елеулі мультипликативті ықпалды қамтамасыз етеді, сонымен қатар еуразиялық көлік дәліздерін дамытуға, халықаралық транзит үшін тиімді шарттарды құруға оң әсерін тигізеді", - деп қорытындылады Р.Скляр.

Похожие материалы