
Алматы. 1 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылдың қараша айында Қазақстанда күнкөріс минимумы 23,3 мың теңгені құрады, деп хабарлайды LS.
Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш алдыңғы аймен (25,7 мың теңге) салыстырғанда 9,4 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, жыл басынан бері азық-түлік қоржынының құны 8,4 пайызға өсті.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінде азық-түлік тауарларына 14 мың теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 9,3 мың теңге бөлінді. Өткен айда оларға тиісінше 15,4 мың теңге және 10,3 мың теңге бөлінген.Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025