Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс минимумы 2 мың теңгеге азайды

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс минимумы 2 мың теңгеге азайды

Алматы. 1 желтоқсан. 7kun.kz — 2017 жылдың қараша айында Қазақстанда күнкөріс минимумы 23,3 мың теңгені құрады, деп хабарлайды LS.

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш алдыңғы аймен (25,7 мың теңге) салыстырғанда 9,4 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, жыл басынан бері азық-түлік қоржынының құны 8,4 пайызға өсті.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінде азық-түлік тауарларына 14 мың теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 9,3 мың теңге бөлінді. Өткен айда оларға тиісінше 15,4 мың теңге және 10,3 мың теңге бөлінген.

Похожие материалы