Қазақстандықтар 2016 жылдың желтоқсанында 920,8 млрд теңгеге тауар сатып алған. Әрбір тұтынушы орташа есеппен 91 мың теңге жұмсаған. Бұл қараша айында тауарларға жұмсалған ақшамен салыстырғанда 37,6 пайызға жоғары.
Тауарлар үшін ең көп қаржы жұмсаған қала - Алматы. Қала тұрғындары желтоқсан айында 243,7 млрд теңгеге сауда жасаған. Астана 110,5 млрд теңгемен екінші орында, әрі тұрғындар қараша айына қарағанда желтоқсанда тауарды көп сатып алған (+88,6%). Ал үшінші орында - Шығыс Қазақстан облысы. Облыстағылар сауда үшін 94,9 млрд теңге жұмсап, бір айда 48,7% өсім көрсетті.