Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгінгі таңда нарықтық тепе-теңдік микроэкономика саласында елеулі орын алуда. Осы күндері сұраныс пен ұсыныс  арасындағы өзгешеліктер өзекті мәселенің біріне айналуда. Сондықтан да осыншама кең ауқымды мәселені түсіну үшін, оның теориялық және практикалық негіздемелерін біліп, түсіну қажет.

Бұл еңбек 2 негізгі бөлімнен тұрады:

I Сұраныс және ұсыныс негіздері

Бұл бөлімде нарықтық тепе-теңдікке әсер ететін, оны құрайтын және анықтайтын факторлар: ұсыныс пен сұраныс негіздері қарастырылған.

II Мемлекеттің нарықтық тепе-теңдікке әсері атты бөлімде мемлекеттің нарықтық тепе-теңдікке, жалпы дотация және салық енгізудің түрінде ықпалы көрсетілген.

Еңбекті жазу барысында микроэкономика саласының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдардың еңбектері қолданылды. Соның ішінде, Симкина Р.А, Корнейчук, Нуреев, Емцов, Гребенников, сонымен қатар, Хайман, Р. Пиндайк, Д. Рубинфельд, Мұхамедиев, Мамыров,Есенғалиева.

Нарық (market) жүйедегі тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы еркін және бір тауардың бағасы бір мезетте тепе-теңдік жағдайына келе алатын қатынастарды көрсетеді.

Нарық – біріншіден, өндірушілер мен тұтынушылар кездесетін орын. Олардың арасында баға айырбасы болады. Оны келісе отырып қоюға болады. Бұл жағдайда тұлға өз меншігінен бас тартады, ал біреудің меншігін өзіне алады. Екіншіден, нарық меншік құқығын келісе отырып беруді білдіреді. Келісімді жүзеге асыру үшін шығындар ескерілуі қажет. Олар ақпарат

іздеумен байланысты, келіссөздер жүргізуге, сатып алынатын тауардың немесе қызметтің сандық және сапалық мінездемесін анықтауға, меншік құқығын қорғауға, келісімді қорытындылауға жұмсалатын шығындар. Сондықтан, нарықты трансакциялардың (transaction-келісім) бірлігі түрінде анықтауға болады. 1

Қоғамдық индустриалды дамуда нарық жеке тұлғалар мен жеке өндірушілер кездейсоқ кездескен ауданын емес, әлеуметтік механизмді, яғни экономикалық игіліктерді тұтынушылар мен өндірушілер арасында әрдайым бөлу қатынастарын білдіреді.

Сату және сатып алу объектісі тұтыну тауарлары мен ресурстары болып табылады.1 Соған байланысты тұтыну тауарлары мен қызметтер нарығын және ресурстар нарығын (еңбек, жер, капитал, ақпарат)  айырып қарайды. Тауар нарығымен бірге ақша нарығы жүреді. Нарықтағы баға сату, сатып алу процесінде ғана емес, сонымен бірге сол кезеңге дейін де қалыптаса алады. Біз мұндай тауар және қызметтермен жиірек кездесеміз, ал олардың бағалары алдын-ала қойылады. Нарықтағы бағалар өзгешеліксіз және жеке процесте қалыптасуы мүмкін.

Кез келген қоғамда белгілі бір игіліктерді алу үшін қолданылатын ресустар шектелуіне байланысты олардың жетіспеушілігін байқауға болады. Өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамдар таңдауға мәжбүр.

Экономика – шектеулі ресурстарды орынды пайдаланатын ғылым деп айтуға болады. Бір тармағы – микроэкономика. “Микроэкономика” – үй шаруашылығы, фирмалар, салалар сияқты кіші бірліктердің экономикалық іс-әрекеттерін (мінез-құлқын) зерттейді.2

I Сұраныс пен ұсыныс негіздері

1.1. Сұраныс функциясы және сұраныс қисығының қалыптасуы

Сұраныс кез келген игілікті тұтынуға ұмтылу, адам үшін табиғи қасиет.2 Осы қасиет сұраныс теориясының негізін құрайды, алайда сұраныс көлем мен бағасы қажеттілі төлемдік сұраныс мөлшерінде тауарлар немесе қызметтер көрсету түрінде қанағаттандырылады.

Сұраныстың бағалық емес факторлары:

  1. тұтынушылардың табысы
  2. рынок сыйымдылығы
  3. басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы
  4. инфляциялық күтімдер
  5. салыстырмалы бағалардың өзгеруі

Кез келген тауар мен қызметке сұраныс сұраныс функциясы арқылы анықталады. Ал сұраныс функциясы төменде көрсетілген сұраныс заңдылығына сәйкес тұрғызылады:

“Тауар бағасы мен сұраныс көлемі әр уақытта кері байланыста”.3 

Сұраныс қисығы әдетте функциясы түрінде жазылады. Мұндағы: Р-тауар бағасы, Q-тауар көлемі,

-сұраныс көлемі.

Сұраныс заңдылығын жай сөзбен айтсақ, былайша оқылады: “егер тауар бағасы төмендесе, сұраныс көлемі өседі”. Сұраныс заңдылығы  Гиффен және Веблен тауарлары кезінде өзгереді. (нарушается).

Гиффен тауарлары дегеніміз күнделікті қажетті арзан бағалы  тауарлар. Егер мұндай тауардың бағасы көтерілсе, онда тұтынушының басқа қымбат, сапалы  тауарға деген сұранысы кемиді.

Веблен тауарлары дегеніміз бағасы өте жоғары тауарлар. Бұл жағдайда баға тауардың негізгі тұтынушылық сапасын көрсетеді. Сондықтан да баға жоғары болған сайын, сұраныс көлеміде жоғары болады.

Мысал1. Есептің қойылымы: Бағасы 40 тг болғанда, стадионға 30000 әуескер келеді, ал бағасы 90 тг болғанда, келушілердің саны 5000-ға қысқарды. Егер сұраныс қисығы сызықтық функция ретінде өрнектеледі десек, билет бағасы 90тг, 40тг болғандағы сұраныс қисығын тұрғызу керек.

1.2. Ұсыныс функциясы және ұсыныс қисығының қалыптасуы

Нарықта бірде-бір тауар бағасына жеке әсер ете алмайтын көп сатушылар бар деп есептеледі.

Ұсыныс – сатушылардың сатқысы келетін және сата алатын тауарлар бағасы мен оның санының арасындағы тәуелділік. Экономистердің пайымдауынша, ұсыныс тауарларды сатып алуға немесе қызмет көрсетуге деген құштарлық. Оны келесі түрде көрсетеміз , мұнда

р-тауар бағасы, Q-ұсыныс мөлшері,  - ұсыныс функциясы.

Нарықтық ұсыныс көлемі дегеніміз белгілі бір уақыт бірлігінде сатушының  берілген тауарды берілген баға бойынша сата алатын және оған тілектес болатын тауардың көлемі.3

Ұсыныс бағасы – сатушылардың берілген тауардың белгілі көлемін сатуға келіскен минималды бағасы.

Ұсыныс функциясы мына ұсыныс заңына сәйкес тұрғызылады:

“Тауардың бағасы мен сатылатын тауардың  көлемі өзара тура пропорционалды болады”.

Ұсыныс заңына сәйкес, неғұрлым тауар бағасы жоғары болса, ұсыныс мөлшері соғұрлым көп болады, яғни тәуелділік оң. Сондықтан ұсыныс функциясының графигі  оң ылдилы болады. Бұл график S ұсыныс қисығы деп аталады. 2

Бұл өнім бағасының өсуі, өндіріс көлемінің көбеюіне қосымша ынталандыру жасайтынын және пайданы көбейтіп, нарыққа жаңа өндірушілерді тартатындығын түсіндіреді және  керісінше, тауар бағасының төмендеуі оның өндірісінің залал шегуіне әкелуі мүмкін. Фирмалар бұл жағдайда өндірістерін қысқарта бастайды немесе мүлде жауып тастайды.

Ұсыныстың бағалық емес факторлары:

  • экономикалық ресурстардың бағалары
  • қолданылатын технологиялар
  • альтернативті немесе балама тауарлардың бағалары
  • сатушылар саны
  • акциз салығын енгізу

Акциз салығын енгізгеннен кейінгі ұсыныс қисығының өзгеруін қарастырайық. Бұл ұсыныс функциясында бағаны өндірістік көлемі бойынша жазу тиімдірек:

p=f(Qd )

Онда ұсыныстың минималды бағасы :

=f(0)

Акциз салығын (Т) енгізгеннен кейін оның көлемі барлық өндірушілердің шығындарына қосылады, минималды шығындары +T дейін өседі.4 Нәтижесінде жаңа функция төмендегідей беріледі:

Акциз салығын енгізу нәтижесінде ұсыныстың төмендеуі (ұсыныс қисығының жоғары солға жылжуы) көрсетілген.

1.3. Нарықтық тепе-теңдік

Нарықтық экономикада, әдетте, сатушылардың, тұтынушылардың сандары шексіз көп деген келісім қабылданған. Осы жағдайда, сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағалары таза бәсекелік тұрғыдан анықталуы сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекетінің нәтижесінде шығады.

Тауар бағасының бір мәнінде сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне теңесу жағдайы нарықтық тепе-теңдік деп атайды. Берілген баға тепе-теңдік баға деп, ал сұраныс (ұсыныс) көлемі сәйкесінше тепе-тең көлем деп аталады.5

Тепе-тең баға нарық шарттарындағы ұсыныс пен сұранысқа байланысты әр түрлі болады. Дамымаған нарықтық экономикада ұсыныс бағасы сұраныс бағасынан жоғары болуы мүмкін

Ол  құны мен тауар санын анықтайды, яғни тепе-тең баға мен тепе-тең көлемді. Уақыттың бір мерзімінде рынокта тауар құны -қа тең болады, яғни -ге қарағанда көп деп алайық.    құнында  сұраныс шамасы  ұсыныс шамасына қарағанда кем болып шығады. Сатушылар тауарларын сатып алушылар алғысы келетін санына қарағанда көп сатқылары келеді. Нарықта тауарлар артықшылығы бола бастайды.

Тауарларын  бағасымен сата алмаған сатушылар бағаны төмендете бастайды. Одан да төмен бағада сұраныс мөлшері өсіп, нарықтағы тауар артығы төмендейді. Егер нарықта тауарлар  бағасымен сатылатын болса, нарықта тапшылық жағдайы көрініс табады.

Демек, D сұраныс және S ұсыныс қисығының е нүктесін кесіп өтуі осы тауардың нарықтағы тепе-теңдігін анықтайды. Бұл тепе-теңдік тұрақты. Егер белгілі бір себептермен р нарықтық бағасы      тепе-теңдік бағасынан ауытқыса, онда сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы не тапшылық, не артықшылық жағдайына әкеледі.

Баға рөліне назар аударайық. Олар ақпарат береді, тауарлардың қалай және қандай шығындармен өндірілетінін тұтынушыларға білу міндетті емес, ал өндірушілер де тауарларды қандай мақсатпен сатып алатындары жөнінде білгісі келмейді. Баға игіліктерімен ресурстардың үйлестіруін анықтайды.

Бірін-бірі ауыстырушы және бірін-бірі толықтырушы тауарлар. Бірін-бірі ауыстырушы тауарлар ретінде шай мен кофені мысалға алуға болады. Егер кофе бағасы өссе, онда шайдың әр бағасында оған сұраныс көлемі өседі, яғни шайға сұраныс артады. D шайға сұраныс қисығы оңға жылжиды.

Шай бағасы мен сату көлемінің тепе-теңдігі өседі. Кофе үшін қосымша тауар ретінде қант жүреді. Қант бағасынан көтерілуі оның тұтынуының төмендеуіне әкеледі, демек, кофеге де сұранысты азайтады.

D қисығы солға жылжиды. Тепе-теңдік баға мен сату көлемі азаяды. Өндіріс шығындарының өсуі энергия тасымалдаушылар бағасының өсуіне байланысты болады. Кейбір кәсіпкерлер үшін өндіру тиімсіз болғандықтан, өндіруді тоқтатады. Тауар ұсынысының төмендеуінен S ұсыныс қисығы солға жылжиды.

Тауар бағасының тепе-теңдігі өседі, ал сату көлемі тепе-теңдігі кемиді.

“Өрмек тәрізді” модель

Нарықтық тепе-теңдік өзгерісінің динамикалық анализі ретінде “өрмек тәрізді” модельді жатқызуға болады. Нарықта өзгерістер күн сайын болып жатыр деп есептейік.  арқылы күндердің тізімдік номерін, ал , және  сол  күніне сәйкесті сұраныс көлемін, ұсыныс көлемін және бағаны белгілейік. Мысалға, егер сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі бірдей болмаса, онда баға жаңа сұраныс көлемі ескі ұсыныс көлемімен теңесуіне дейін өзгереді. Яғни:

Өрмек тәрізді” модель табиғи ауытқулар нәтижесінде болады. Оған мысал ретінде ауыл шаруашылығын айтуға болады. Бұдан басқа нарық коньюктурасы шарттарында экономикалық қорлар мен резервтерді өткізу тапшылығы осы ауытқулардың алғышарты бола алады.

Өрмек тәрізді” модельдегі тепе-теңдік сұраныс пен ұсыныс қисықтарының бұрыштарына байланысты. Тепе-теңдік тұрақты деп аталады, егер ұсыныс қисығының бұрышы сұраныс қисығының бұрышына қарағанда үлкен болса.(2.3. а суреті) Жалпы тепе-теңдікке қозғалыс бірнеше циклды өтеді. Ұсыныстың артықшылығы (АВ) бағаны төмендетеді (ВС) және нәтижесінде сұраныс тапшылығы туындайды (СF), ол өз кезегінде бағаны жоғарлатады (FG). Бұл жаңа ұсыныс тапшылығына (GH) әкеледі және бұл жағдай тепе-теңдік Е нүктесіне дейін болады. Бұл сөнгіш (затухающий) ауытқу мінездемесіне ие болады1.

Қозғалыс басқа да бағыт алуы мүмкін. Егер сұраныс қисығының бұрышы ұсыныс қисығының бұрышына қарағанда үлкен болса (2.3. б суреті). Бұл жағдайда ауытқу жарылысты мінездемесіне ие бола алып, тепе-теңдік жағдай қалыптаспайды.

Басқа да нұсқасы болуы мүмкін (2.3. в). Яғни, баға тепе-тең қалып жанында ауытқулар қозғалысы әрдайым болып тұрады. Бұл жағдай тек сұраныс және ұсыныс қисығының бұрыштары тең болған жағдайда ғана жүзеге асады.

МЕМЛЕКЕТТІҢ НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІККЕ ӘСЕРІ

2.1 Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтысы

D нарықтық сұранысының қисығы барлық тұтынушылардың қалауы мен мүмкіндіктерін анықтайды. Сатып алушылардың бір бөлігі аталған бағамен тауардың белгілі санын алуға келіседі, басқалары аталған бағамен тауардың одан аз санын алуға мүмкіншіліктері бар немесе мүлдем алмайды.

Негізінде, тұтынушылар тауарға төлеуге келісіп тұрған максималды бағаға сатып алмайды, керісінше, рынокта белгіленген  тепе-теңдік бағасына алады. Демек, олар ұтыста. Барлық тұтынушылардың жалпы ұтысы неге тең?

[] интервалын өзара тең кесінділерге  нүктелермен бөліп тастайық. Тұтынушылардың бір бөлігі  тауар бірлігін кем дегенде  бағаға сатып алуға келіседі, бірақ шындығында олар  бағасымен алатын болады.

Демек, олардың ұтысы , яғни 0негіздемесі бар және 2.4. суреттегі  биіктігі сол жақтағы бірінші тік бұрыштың ауданына тең.

Осыған ұқсас,  бағасымен   тауар бірліктері қосымша алынатын болады, ал тұтынушылар қосымша ұтысы болады. Бұл – сол жақтағы екінші тік бұрыштың ауданы.

Бұл пайымдаманы қайталасақ барлық тұтынушылардың жалпы ұтысы мына қосындыға

жуықтау, яғни жоғарыдан D қисық сұрасына және төменнен  деңгейлес тіке сызық пен шектелген сатылы фигура алаңына тең екендігін көреміз. Егер біз [] интервал бөлінуін майдаласақ, онда 2.4. суреттегі сатылы фигуралардың жоғары шекарасы сұраныс қисығына жақындай береді.

Шекке ұмтылғанда жоғарыдан D сұраныс қисығымен төменнен  біркелкі баға деңгейлік түзу шамасымен шектелген тұтынушылардың жалпы ұтысы қисық сызықты үшбұрыш ауданына тең деп қорытындылай аламыз.

Енді өндірушілердің ұтысын анықтайық. Ұсыныс қисығы өндірушілердің сатуға келісетін белгілі тауар мөлшерінің ең төменгі бағасын көрсетіп тұр. Өндірушілердің бір бөлігі аз мөлшерде ғана сатады, ал кейбіреулері өндірісті мүлде тоқтатады. Бірақ, бәсекелік нарықта өндірушілер аз тауарларын біркелкі бағамен сатып жатады.  айырмашылығы тауар бірлігін сатудан тапқан өндірушілердің ұтысын анықтайды.

Тұтынушылар үшін орындалған сияқты, ұқсас пайымдама жасауға болады. Онда біз төменнен S ұсыныс қисығымен, жоғарыдан  біркелкі баға деңгейіндегі горизонталды түзу сызықпен шектелген барлық өндірушілердің жиынтықты ұтысы тік сызықты тік үшбұрыш ауданына тең екендігін көреміз. 

Мемлекет белгілі бір шектеулерді енгізе отырып нарық тетіктерінің әрекетіне араласа алады. Егер ол одан жоғары тауар бағасын қоюға болмайтын  деңгейін, бағаның жоғары шегін белгілесе, онда не болады?

Біз көргендей,  бағасында  біркелкі бағасына дейін құнды көтеру талпынысы бар, бірақ оны  деңгейінен жоғары көтеруге тыйым салынған. Сондықтан нарықта тауар  бағамен сатылатын болады.  ұсыныс мөлшеріне қарағанда,  сұраныс мөлшері жоғары болып келеді, бұл тапшылыққа апарады. Тауар тапшылығы тұтынушылардың теңсіздігіне әкеледі. Тұтынушылардың бір бөлігі тауарды  бағасымен ала алады. Қалғандары -дан гөрі артық баға төлеуге келісуге мәжбүр болады. “Бейресми базар” пайда болады.2

Қоғамның ұтысы қысқарады: бұл жағдайда өндірушілер болғандықтан ұтылыста қалады.

Мемлекет бағаның төменгі деңгейін де енгізе алады, мәселен еңбек нарығында.

Жұмысқа тұрғандар ұтымды жағдайда болады. Жұмыссыздық артады. Қоғамдық ұтыс төмендейді. Анығы,  болғандықтан тұтынушылар ұтылыста болады.

2.2 Мемлекеттік реттеудің нарықтық тепе-теңдікке ықпалы

Нақты экономика жағдайында таза нарықтықтепе-теңдік қалыптаса бермейді. Себебі, нақты экономика – аралас.

экономика, яғни экономикалық қарым қатынастар тек қана нарықтық   заңдылықтарға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік реттеу құралдарымен жүзеге асады.

Мемлекеттік реттеулер тепе-теңдік жағдайына 2 экономикалық құралдардың көмегімен ықпал жасай алады:

  • салық (акциз)
  • дотация (мемлекеттік көмек)

Сонымен, сұранысты бейнелейтін сатып алушының мүддесі мен ұсыныстың еншісі болатын сатушының мүддесі нарықта өзара қақтығысады. Сатып алушылар тауар алуға беретін ең жоғарғы бағасын ұсынса, сатушылар тауар бірлігіне сұрайтын ең төменгі бағасын атайды.

Еркін бәсеке жағдайында әрбір тауар алмасу сатушы мен сатып алушының өз еріктерімен бағаға келісу нәтижесінде сатылады. Нарықтық шарттардың өзгеруі сұраныс пен ұсыныс тербелісін ұсынады. Сұраныс пен ұсыныс тербелісінің механизмі нарықтық қатынастар негізінде экономиканың дамуын қамтамасыз етеді. Нарықтық тербеліс пен нарыққа мемлекеттің араласуы нәтижесінде экономика бір тепе-теңдік жағдайынан екінші тепе-теңдік жағдайына ауысып отырады.

2.3. Кәсіпорын экономикасының нарықтық тепе-теңдігіне микроэкономикалық талдау

2010 ж. Қызылорда облысындағы “Ақкүріш” кәсіпорнының экономикалық тепе-теңдігіне талдау жүргізейік.Экономикалық тепе теңдігіне талдау жүргізу үшін 2010 ж. Бас кезіндегі кәсіпорынның сұраныс пен ұсынысы кезіндегі баға мен сәйкес өнім көлемдерін алайық

Сұраныс: яғни күріштің 1 тоннасы үшін

P=20000 болғанда, Q=200 мың т.

P=10000, Q=600 мың т.

Ұсыныс: яғни күріштің 1 тоннасы үшін

P=8000, Q=400 мың т.

P=10000, Q=600 мың т.

Яғни экономикалық тепе-теңдік нүктесі- E, немесе Р=10000 болғанда,Q=600 мың.

Енді кәсіпорын экономикасын мемлекеттің әсері бойынша талдайық:

Мемлекет кәсіпорынға 1 тонна күріш бағасын 20000 етіп белгілеуді, және сұраныс заңына сәйкес сатылмай қалған өнімді өзіне сатып алуға жауапкершілік алды.Осыған сәйкес,яғни баға Р=20000 болғанда тепе-теңділікке сәйкес кәсіпорын Q=1000000 т. Өнім көлемін сатуы тиіс.Бірақ баға Р=20000 болғанда сұраныс заңына сәйкес Q=200 мың т. Онда қалған өнім көлемін мемлекет өзіне сатып алатын болғандықтан мемлекет шығындалады.Нарықтық тепе-теңдіктің өзгеруіне мемлекет себеп болады.

Бұл жерде Е- бастапқы тепе-теңдік нүктесі.Жаңа тепе-теңдік – Е’ нүктесінде орнайды,бірақ бұл мемлекеттің әсеріне байланысты.Енді кәсіпорынның сұраныс заңдылығына сәйкес түсімін анықтасақ:

                    TR=QP= 20000*200000=4000000000(4 миллиард)

Артық қалған өнімді мемлекет өзіне сатып алуға жауапкершілік алғандықтан мемлекет шығынғы ұшырайды.Тепе-теңділікке сәйкес баға      Р=20000 болғандағы өнім көлемі Q=1000000.

Мемлекет шығынын есептесек:

TC (мемлекет) = 20000*1000000-20000*200000 = 20000000000 - 4000000000 = 16000000000 (16 миллиард).

Кәсіпорынның жалпы түсімі (TR) мемлекеттің шығынын сұраныс заңдылығына сәйкес түсімді қоса алғандағыға тең (4000000000+16000000000 = 2000000000, немесе 20 миллиард).

Кәсіпорынның экономикалық тепе-теңдігіне талдау жүргіздік.Мемлекеттің араласуы арқылы тепе-теңдіктің қалай өзгеретіні де көрсетілді.

3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIК  ЕРЕКШЕЛIКТЕРI, ПРОБЛЕМАЛАРЫ

3.1 Қазақстанның экономикалық тепе-теңдiк жағдайы

Келе жатқан мыңжылдық  дүниежүзiлiк экономикада өзінiң ерекше түрдегi динамизмiмен ерекшеленедi: әлеуметтiк-экономикалық байланыстардың терең жүйелi тәртіптегi өзгерiсi. Осыған байланысты өтпелi экономикадағы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң келесi факторларымен анықталатын спецификалық ерекшелiктерi бар. Оларды iшiндегi маңыздылары: бастапқыда жеке меншiк секторының болмауы, шаруашылық дамуының шектен тыс күштенуi, тиiмдiлiк пен дамуға бағытталмау, шаруашылықтың шығындың әдiсi, экономикалық құрылымның иррационалдығы, ақша айналысының бұзылуы, бюджеттiк дефицит пен сыртқы қарыз, гиперинфляция, саясаттағы тұрақсыздық.

Тиiмдi нарықтық қатынастарды дамыту қоғадық өнiм құрылымындағы шығындардың мөлшерiн азайтады. Дамыған елдердiң тәжiрибесi бойынша бл бағытта мемлекеттiң басқаруындағы арнайы шаралар қолданылуы тиiс. Сонымен бiрге меншiк байланыстары да кез келген экономикалық жүйеде анықтаушы болып табылады.

Өтпелi кезеңнiң жағдайларына сәйкес келетiн мемлекеттiк кәсiпкерлiктi дамыту керек. Оның басты ерекшелiгi: толық меншiк секторын сатылап, жайлап дамыту және мемлекетсiздендiру. Қоғамда заңдылықтың әлсiз, тәртiптiң төмен болуынан қазiргi кезде мемлекеттiк кәәсiпкерлiктiң тиiмдiлiгi төмен.

Мемлекеттiк кәсiпкерлiк мемлекеттiк капитал, соның түрлi өнеркәсiптерiн құру, олардың шаруашылық, әлеуметтiк әрекеттерiн бақылау мемлекетпен жүзеге асады (заңдылық және орындау органдары арқылы).

Тепе-теңдiкке жетуде жекелей бағалар мен тарифтердi мемлекеттiк бақылау мен бағалардың либерализациясы да үлкен орын алады. Жүйелi басқарудың әдiстерiнiң тәжiрибесiздiгi, орталықтандырылған бағаларды бақылау, қаржылық – несиелiк және материалдық пропорциялардың келiспеушiлiгi, шаруашылық дамуындағы қиыншылықтарды тудырып отыр.

Қоғамдықөнiмдi шығарудағы өспелi шығыстарды тежеу үшiн әкiмшiлiк, технологиялық, табиғи монополиялық, инфрақұрылымдық, жекелеген азық-түлiк өнiмдер, шыңындары жоғары ауылшаруашылық өнiмдер, стратегиялық, қорғаныс маңызындағы өнiмдер салалардың бағалары мен тарифтерi мемлекет бақылауында болуы керек. әрине тепе-теңдiктiң, тұрақтылықтың дамуына байланысты бағаларды реттеу  жүйелерi бiрте- бiрте бәсеңсiп, шектелген қаталдығы төменiрек жүйеге орын бередi, мемлекеттiк қаржыландыру мен несиелендiру процесiнде байқалғандай жаңа мемлекеттiк басқару жүйесiнде қаржылық және несиелiк регуляторлардың мәнi өсуде. Мемлекеттiк қажеттiлiктердi қамтамасыз ететiн, мемлекеттiк сауда-саттықты қаржыландырып, несиелендiре алатын, тепе-теңдiгi жоқ экономикада инфляциялық процестердi тежей алатын қаржылық және несиелiк механизмдер мен институттарды құрудың қажеттiлiгi айқын.

Ал бұл өз кезегiнде сатылап банк жүйесiн және ашық нарықта келiсiмдер өткiзетiн үлкен масштабтағы арнайы қаржылық банктердiң құрылуын қарастырады. Жоғары инфляция деңгейiне байланысты мемлекеттiк келiсiмдер бойынша шығындарды индекстеу механизмдерiн құру керек. Ол маңызды мемлекеттiк қызығушылықтарды қаржыландыру мақсатында инфляциялық процестi трансформалау мүмкiндiгiн бередi.

Мемлекеттiк бақылау басқарудың болуы үшiн вертикалды ұйымдастырылған құрылымды болуы керек. Осы мақсатта мемлекеттiк және мемлекеттiк-меншiк өнеркәсiптерiнiң шығындар құрылымын арнайы реттеудi ұйымдастыру қажет. өнеркәсiптер шығындарды iшкi бақылау мүмкiндiгi болу үшiн, өнеркәсiптер арасындағы шығындарды, бағаларды реттеу әдiстерiн орталықтанған түрде жасауға болады. Бiрақ бұл әдiстер рекомендациялық тәртiпте болуы керек, ал оларды тек қорғаныс кешенiндегi және соларға ұқсас қазыналық кәсiпорындар қатаң ұстануы тиiс.

3.2. Экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесі

Экономиканы мемлекеттiк реттеу жүйесiн тез арада қалыптастыру мүмкiн емес. Көптеген объективтi факторлардың әсерiмен арнайы, ерекшеленген мемлекеттiк реттеу жүйесiн құру керек.

Ондай факторларға төмендегi жағдайлар жатады:

  • шаруашылықтың дайын өнiм құрылымындағы жоғары шығындар;
  • жекешелендiрудiң өте төмен қарқыны;
  • қоғамның бiр бөлiгi ретiндегi нәтижелi меншiк иесiнiң болмауы;
  • инфляциялық процеске әкелетiн материалдық және қаржылық пропорциялардағы тепе-теңдiктiң болмауы;
  • жұмыспен қамтудың нарықтықемес құрылымы;
  • заңдылық, нормалық қамтамасыз етудiң төмен деңгейi;
  • жұмысқа жарамды халықтың белсендiлiгiнiң төмендiгi, мемлекет тарапынан көмек пен кепiлдеме күту;
  • стратегиялық әрекеттегi әлсiз ынталандыру;
  • өндiрiстiк жинақтауға қызығушылықтың болмауы;
  • үлкен көлеңкелi сектор көп салаларда ол заңды экономиканы ығыстыруда.

Қазiргi кезде Қазақстанда шешiм қабылдау Конституцияға негiзделуде, жеке құқық есепке алынуда. Екiншi жағынан жаңа механизмдi құру әкiмшiлiк аппараттың кеңеюiмен, оның қаржылық,  коммерциялық топтардың қызығушылықтарын мақсат етуi. Бұл көптеген заң актiлерiнiң тууына әкеледi, ал бұлар қарама-қарсы тәртiпте болуы мүмкiн.

Экономикалық тұтқаларды қолдануда (салық, банк пайызына шектеулер, бағалық реттеулер) белгiлi қарама- қарсылықтар бар. Бiр жағынан жеке меншiктiң дамуы мен нарықтық байланыстар осындай тұтқаларға негiзделсе, екiншiден басқару жүйесi басқарудың толықтылықын қамтамасыз ету мақсатында, үлкен көлемде жаңа реттегiштердi енгiзiп, шаруашылықтардың тәуелсiздiгiн шектейдi. Мысалға, Қазақстанның салық жүйесi, заңды тұлғаның тiркелу механизмi, жекелеген кәсiп түрлерiне лицензия алудың қиындығы.

Қаржылық, несиелiк, бағалық тұтқалардың рационалды болуы керек, ол экономикалық өсуге мүмкiндiк бередi. Қаржы министiрлiгi, экономика министрлiгi, ұлттық банк келiсiмдi түрде жұмыс iстеуi керек. Нарықтық экономиканың тиiмдi жұмыс iстеуi шiн экономиканың макротұрақтылығына бағыт алу керек. Нарықтық экономикаға бет алу экономикалық бақылаудың тұтқаларын ауыстыруда қажет ең саясаты болып жетiспейтiн сұраныс (жұмыссыздық, қолданылмаған өндiрiстiк мүмкiндiктер) және ұсыныс (бағаның жалпы өсуi, ақша түсiмдерi) бiр сөзбен айтқанда, толық өндiрiстiк мүмкiндiк кезiндегi сұранысты қалыптастыру.

Тұрақтылыққа жетудегi ақша және фискалдық саясаттың маңызы зор. Бұларсыз ешқандай тұтқалар тұрақтылыққа экономиканы жеткiзе алмайды. Экономика құлдырауда болғанда өкiмет кешендi саясат жүргiзуi керек, нығындарды көбейтiп, салықтарды қысқарту, несие алуды жеңiлдету арқылы ақшаны айналымға құю. Ал экономика өсу кезеңiнде, ақша массасы көбейiп, тауар дефицитi пайда болғанда өкiмет керiсiнше шаралар қолдануы қажет. Шығыс Еуропа елдерiнiң тәжiрибесi бойынша, нарыққа сатылай енудiң кемшелiктерiн көрсеттi, ал экономикалық логика нарыққа тез, қарқынды енудiң қажеттiлiгiн айқындады. Сонымен бiрге макроэкономикалық тұрақтылық күрделi, сондықтан оны үнемi бақылауда ұстау керек.

Қорытынды

Қорытындылай келе, қазіргі нарықтық экономикаға сай тепе-теңдік жағдайының маңызы зор екендігіне көз жеткіздік.Себебі, тұтынушылардың сұранысы мен өндірушілердің ұсынысы арасындағы байланыс күн сайын өзгеруде.

Теориялық негіздемелер мен практикалық есептерді шығару нәтижесінде келесі тұжырымдарға келдік:

  • тарау бойынша нарықтық тепе-теңдіктің негізгі бөлігінің бірі – сұраныс екендігін және оның көлемі мен тауар бағасы арасындағы байланыстылықтың әр уақытта кері болатындығымен таныстық.
  • тарау бойынша ұсыныс заңының сұраныс заңына кері, яғни тауар бағасы мен оның көлемінің өзара тура пропорционалды және оң болатындығын білідік.
  • тарау бойынша нарықта, егер тауарлар тепе-тең жағдайынан ауытқыса, не тапшылық, не артықшылық жағдайы болатындығына және тепе-теңдіктің тұрақты болатындығына көз жеткіздік.

2.1. және 2.2. тарауларда мемлекеттің нарықтық тепе-теңдікке салық енгізу арқылы әсер ететіндігін және де тұтынушылар мен өндірушілер ұтыстарын ескеру қажеттілігін байқадық.2.3. тарауда кәсіпорынның экономикасының нарықтық тепе теңдігіне микроэкономикалық талдау жүргіздік.

Қорытынды ойымды, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  тәуелсіздік алғаннан кейінгі,экономикамыз біраз тұрақтанғаннан кейінгі айтқан сөзімен қабыстырғым келеді. “Біз тәуелсіздікке қол жеткіздік. Біз оның мәнін терең сезіндік” дей келе еліміздің соңғы жылдардағы орасан зор жетістіктеріне тоқталды.

Елбасы осы күнгі жеңістеріміздің басталуы 1995 жылғы Конституцияда жатқанын айтып өтсе, дербес макроэкономикалық және микроэкономикалық саясат жүргізуге қосылған үлес, ұлттық валютаға тиеселі екенін, саяси құрылымдағы өзгерістер мен әлемдік деңгейдегі ізденіс, жетістіктер жөнінде тоқталып өтті.

Менің ойымша, ел тәуелсіздігі мен нарық тепе-теңдігін қалыпты сақтап, Қазақстанды әлемдік аренаға шығару үшін “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Елбасы айқындаған ұзақ мерзімді басым мақсаттарды жүзеге асыру алғашқы

кезеңдерден-ақ өз жемісін берді.

  1. Ұлттық қауіпсіздік
  2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасу
  3. Шетел инвестициялары мен ішкі жиналымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикалық өсу
  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен білімін жақсарту
  5. Энергетика ресурстарын тиімді пайдалану
  6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс
  7. Кәсіби мемлекет.

Осы айқындалған 7 мақсатты жүзеге асыру бағдарлама қабылданғаннан кейін ақ түбегейлі өзгерістерге қол жеткізді.

Бүгінгі күнге, яғни 2010 жылға жылға дейін еліміз экономикасы  дамыған,және тұрақты да жүйелі даму үстіндегі мемлекетке айналды.Президентіміздің таңдаған басым стратегиялық бағыттары мемлекетімізді жоғарғы қарқынмен дамуға белсенді ел ретінде көрсетеді.

Бұған дәлел ретінде Н.Ә.Назарбаевтың: “Біз жеңіп шықтық, ешкім сенбеген міндетті жүзеге асырдық... Біз осы заманғы мықты қаржы банк жүйесін құрдық, оны бүгін көптеген сарапшылар ТМД-дағы ең үздік жүйе ретінде танып жүр. Біз іс жүзінде экономиканың барлық саласында дерлік құрылымдық реформалар жүргіздік, оның алдағы жасампаздық дамуы үшін берік негіз қаладық”-деген сөздерімен аяқтағым келеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1) Нуреев Р.М. “Курс микроэкономики”, Москва 2001

  2) Мұхамедиев Б.М. “Микроэкономика”, Алматы 2003

  3) Симкина “Микроэкономика”, Москва 2003

  4) Р. Пиндайк и Д.Рубинфельд “Микроэкономика”, 1992

  5) Мамыров “Микроэкономика”

  6) Есенғалиева “Микроэкономика” 2007

 7) Хайман Д.Н. “Современная микроэкономика: анализ и применнение”, Москва 1992

  8) Вэриан Х. “Микроэкономика. Промежуточный уровень”, Москва 1998

  9) Емцов Р. И др. “Микроэкономика”, Москва 1997

 10) Гребенников “Микроэкономика”

 11) Гальперин В.М. и др. “Микроэкономика”, 1998

 12) Долан Э., Линдсей Д. “Рынок. Микроэкономическая модель”, С-П 1992

 13) Н.Назарбаев “Қазақстан – 2030” , Алматы 1997

 14) Интернет желісі

Похожие материалы