Алматы. 2 маусым. 7kun.kz – Әр апта сайын елімізде маңызды оқиғалар болады. 7kun.kz тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. Сонымен, 29 мамыр мен 2 маусым аралығы қандай жаңалықтарымен есте қалды?
Дүйсенбі, 29 мамыр.
Шағын бизнес ұлттық экономиканың драйверіне айналды.
Шағын бизнес ұлттық экономиканың драйверіне айналды. 2016 жылы оның жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 18 пайыздан асты.
Қытайдан 1 млрдтан астам заңсыз тауар тасымалданғаны белгілі болды.
Klassik-2 компаниясы шекара арқылы Кеден одағынан заңсыз 1,127 млрд теңге көлемінде тауар өткізген. Оның ішінде декларацияда көрсетілмеген өнім бағасы 305 млн теңгені құрайды. Компания төрағасы Новруз Бархударовты Қазақстанның Жоғарғы Соты Қылмыстық кодексінің 58 бап, 2 бөлім бойынша қылмыскер деп танылды. Новруз Бархударовқа 3 мың МРП көлемінде айыппұл салынды және контрабандық тауарлары тәркіленеді.
Еуразиялық даму банкі Қазақстанның қор биржасына облигациялар шығарды.
2017 жылдың 24 мамырында «Қазақстан қор биржасы» (KASE) АҚ сауда жүйесіне ЕАДБ алғаш рет үш жылдық облигацияларын шығарды. Облигациялардың жалпы сомасы 15 млрд теңге.
Сейсенбі, 30 мамыр.
Қазақстанда еуроға сұраныс артты.
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жылжыйтын және жылжымайтын мүліктерді офшор арқылы «сатып алған». Бұл арқылы ол мемлекетке 300 млн залал келтірген. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі Марат Бекетаев Үкімет отырысында айтты. Қазақстандықтар еуроны белсенді сатып алып жатыр. 2017 жылдың қаңтар-сәуірінде 2016 жылдың аталған мерзімінен қарағанда 70,4 пайызға көп еуровалюта сатып алынған.
Алматыда Carrefour Kazakhstan гипермаркеті жабылатыны белгілі болды.
2 шілде күні Алматыда Carrefour Kazakhstan сауда орталығы жабылады. Бұл туралы Carrefour дүкені өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.
Қаржы министрі БЖЗҚ-ның Әзірбайжан банкіндегі қаражатын қайтару жолдарын айтты.
Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов БЖЗҚ-ның Әзірбайжанның халықаралық банкінде «тұрып қалған» қаржысын қайтарудың бірнеше жолын айтты.
Сәрсенбі, 31 мамыр.
Ұлттық банк АТФБанктегі техникалық ақауға қатысты пікір білдірді.
Мамырдың 30-ында кешкісін АТФБанктің операцияларын пайдаланған басқа банк клиенттерінің карталарындағы қаражат жоғалып кеткен. Ұлттық банк АТФ банктің жүйесіндегі техникалық ақауға қатысты пікір білдірді.
Енді прокуратура бизнесті тексеру үшін арнайы рұқсат алуы керек.
Енді прокуратура қызметкерлері кәсіпкерлердің Қазақстандағы жұмысын орталық ұйымның арнайы рұқсатымен ғана тексере алады.
Ұлттық қордың табысы артты.
2017 жылдың қаңтар-сәуірінде ұлттық қорға 767 миллиард тенгеден астам табыс түсті. Ол 2016 жылдағы көрсеткішке қарағанда 75 пайызға көп.
Бейсенбі, 1 маусым.
«Болашаққа» үміткерлерді таңдау талаптары өзгерді.
Бакалавр немесе маманның магистратураға, докторантураға немесе резидентураға түсуі үшін дипломның орташа балы жоғарылады. Диплом баллы 3.0-ден 3.3 (4.0/4.33-тен) GPA деңгейіне дейін өзгертілді.
Енді мемлекеттік қызметті SMS арқылы пайдалана аласыз.
1 шілдеден бастап электрондық үкіметте 20 қызметті цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. Жоба мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын жеңілдету мақсатында жүзеге асады. 20 қызметтің 15-і бір реттік құпиясөзді пайдалану арқылы қолжетімді. Ал қалған 5 қызметті пайдалану үшін порталға тіркелеіз.
Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша Ресейден озды.
Қазақстан экономиканың бәсекеге қабілеттілігі бойынша Ресейден озып кетті. Ресей 44 орыннан 46 орынға төмендесе, Қазақстан 32 орынға көтерілді. Бұл рейтингті Швейцарияның IMD бизнес-мектебі құрды.
Жұма, 2 маусым.
АҚШ виза алу талаптарын күшейтті.
Енді виза алу үшін толтыратын өтінішіңізге әлеуметтік желіде тіркелген есіміңізді де көрсету қажет болады. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Америкаға виза алу үшін қойылатын талаптарды қатаңдатты. Олар анкетаның жаңа нұсқасын дайындады. Анкетада бірқатар жаңа пункттер бар. Оның ішіде әлеуметтік желілерде ттіркелген аты-жөніңді де көрсету енгізілген.
Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасынан кетуі мүмкін.
Қазкоммерцбанк өтімділігінің төмендігіне байланысты Лондон қор биржасынан кетуі мүмкін. Қазкоммерцбанк Лондон қор биржасындағы (ЛҚБ) листингін ерікті тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатыр.
ВТБ Қазақстан банкі «Білім беру» депозитін іске қосты.
Банк ВТБ (Қазақстан) мен ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) аясында «Білім беру» салымын іске қосты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024