Әлемдiк тәжiрибе дәлелдегендей экономиканың шикiзат бағыттылығы елдiң тиiмдi және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейдi. Сондай-ақ бүгiнгi жаһандану кезiнде ұлттық экономика бәсекеге қабiлеттi болмаса, онда оның болашағы бұлынғыр болып табылады. Сондықтан да бiзге мемлекет ретiнде қалыпты жұмыс iстеу үшiн тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болу керектiгi сөзсiз. Ал осыдан барып әр сектордың өз мiндетi туындайтыны белгiлi. Жалпысында бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсеке қабiлеттiлiгi артады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Бәсеке, оның экономикалық табиғаты мен елдің шаруашылық өміріндегі атқаратын рөлі” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi Елбасымыз өткен жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсеке қабiлеттi экономика” және “Бәсеке қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi жоғары деңгейде дамып, әлемдегi дамыған елдер қатарына қосылу керектiгiн атап көрсеткен болатын.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ.
Менiң бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатым ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың ҚР-сы экономикасының тұрақты дамуының бiрден-бiр даңғыл жолы екендiгiн айтып өту болып табылады. Сонымен қатар, осы мақсатқа жету үшiн мен курстық жұмысты орындау үстiнде келесiдей мiндеттердi айқындап алуым керек. Оларға:
- Бәсекенiң мәнi мен түрлерi, оның экономикадағы орны;
- Рынок құрылымына байланысты бәсекенiң ерекшелiктерi;
- Жетiлмеген бәсекенiң негiзгi формалары монополия мен олигополияның рынокта қызмет етуiн;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекелiк ортаның қалыптасуы мен даму мәселелерiн және оны шешу жолдарын қарастыру.
- Өнеркәсiптiк саланың бәсеке қабiлетiн арттыру және индустриялы-инновациялы экономика жүйесiн құрудың негiзгi бағыттарын қарастыру.
I БӘСЕКЕ – ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ
- Бәсекенің экономикалық мәні мен қызметтері
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудың көлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан – 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тығыз байланыста болады.
Бәсеке дегенiмiз, бiр жағынан, iс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшiн жүрiп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргiзудiң қолайлы жағдайына ие болу үшiн, пайданы көп табу үшiн тауар өндiрушiлердiң бiр-бiрiмен күресi. Екiншi жақтан, ол рынок субъектiлерiнiң өнiмдi өндiру мен оны өткiзудегi және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсекенi экономикалық процесс ретiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң белгiлi әрекеттерiнiң жиынтығының түрi деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл түрiнде жинақталады. Осыған бiрте-бiрте жүрiп отыратын төменде аталған ұдайы өндiрiстiк процестер жатады:
- өндiрiс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерiн қалыптастыру;
- өндiрiстi ұйымдастыру, оны шикiзатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндiрiстiк, несие-қаржылық және жобалау мекемелерiнiң бiр-бiрiне әсер етуi;
- бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары өнiм өндiру;
- өнiмдi сату. Бұл үшiн оның саны анықталады, өткiзiлетiн орны мен уақыты белгiленедi;
- пайда есебiнен инвестициялық қор жасау және оны өндiрiстi кеңейту үшiн пайдалану.
Өнiмнiң өмiр сүру циклi бәсекелiк күрес дәрежесiне елеулi әсер етедi. Өнiмнiң өмiр сүру циклiне оның шығарыла бастауынан тоқтағанша жүрiп отыратын мерзiмi жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
- жаңа өнiмдi игерiп, өндiрiске енгiзiп орналастыру. Бұл арада сату көлемi көп емес, шығарылған өнiмнiң бағасы жоғары болады;
- өндiрiстiң өсуi - өндiрiстiң масштабы өседi, сұраныс өседi, жоғары баға сақталады;
- кемелдену. Өндiрiс көлемi ең жоғары дәрежеге жетедi, сұраныс толық қанағаттанады, өндiрiс қарқыны бәсеңдейдi, бәсеке шиеленiседi және бағалар төмендей бастайды;
- ескiру. Бұл фазада сұраныс төменгi шегiне жетедi, өндiру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнiмнiң басым көбiнiң өндiрiлуi тоқталады, жаңа өнiм өндiру басталады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп атауға болады:
- тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
- бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
- бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
- тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
- бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
- келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.
Қазiргi заманда “жетiлген бәсеке” концепциясы болып, өндiрiстiң экономикалық теориясы жарыққа келдi. Мұның үлгiсiндегi рыноктың екi типi аталады:
- жеке тұтынуға пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер рыногы;
- өндiрiс факторларының рыногы.
Осы рыноктардың өзара байланысы техникалық заң түрiнде тұжырымдалған, экономистер оны “өндiрiс функциясы” деп атайды.
- Бәсекенiң экономикалық табиғаты мен қағидалары
Бәсеке қоғамға экономикалық еркiндiктi, тиiмдiлiктi, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауiпсiздiктi ұсынады. Немiс экономикасының белгiлi экономист ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестiктiң экономика үшiн қажеттiлiгiн келесi жолдармен көрсетедi: “... рыноктың шаруашылық және оның қызмет ету механизмi еркiн бәсекелестiктен ажырап қызмет етуi мүмкiн емес...”. Бәсекенiң экономикалық табиғаты жеке меншiктiк қатынастармен тғыз байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмiрде басты рольде ойнайды. Ол экономикалық еркiндiктi қамтамасыз етiп, рыноктағы субъектiлердiң қарым-қатынасын тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейiмдi болып келедi. Адам Смиттiң “көрiнбейтiн қол” мысалының негiзiнде бәсекелестiк теориясы жатыр, яғни , әрбiр жеке адам немесе кәсiпкер ең бiрiншi өз пайдасын ойлайды, сол пайдаға қол жеткiзу үшiн олар өз қызметтерiнiң бәсекелiк қабiлетiн арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегiнде жаңа iзденiстердi, инновациялық жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретiнде объективтi және субъективтi маңызда болады. Объективтi мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгiлейдi, яғни жекелеген субъектiлер кәсiпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағасына жеке өзi әсер ете алмау сипатымен көрiнедi. Бәсеке субъективтi тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектiлерi арасындағы экономмкалық қатынастарды көрсетедi, яғни өндiрiс пен материалды игiлiктердi айырбастау негiзiнде туындайды.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетiстiктердi дамытудың негiзгi құралы болып табылады. Бәсекелiк рынокта қызмет етушi фирмалар мен кәсiпорындар қоғамның әр түрлi сұранысына бейiмделiп, тиiмдi инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндiрiстiк және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнiмдер шығарудыңкөлемiн арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткiзуiнiң өзi бәсекеқабiлеттiлiктiң қалыптасуы мен дамуы есебiнен болып отыр. “Қазақстан – 2030” даму стратегиясында жеке меншiк құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркiн бәсекелестiк ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеудi сенiмдi түрде жүргiзу керектiгiн атап өткен.
Бәсекенiң экономикадағы орнын оның негiзгi қағидалары арқылы да анықтауға болады.
Бәсекенiң негiзгi қағидалары:
- рынокқа қатысушылар санының шектелмеушiлiгi, рынокқа кiрудiң және одан шығудың абсалюттi еркiн болуы. Бұл қағида кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгiн, олардың өндiрiстiң бiр түрiнен екiншi түрiне өтуiн, тұтынушылардң еркiн талғамын, әрбiр тұтынушы өзiнiң қажеттiлiгiн ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуiн талап етедi;
- материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильдiлiгi. Капитадың еркiн айналысы өнеркәсiптiң тиiмдi салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерiн ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиiмдiрек қолдануға мүмкiндiк беру;
- сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерiсiн, пайда деңгейiн дер кезiнде қадағалап отыруы керек;
- өнiмдердiң бiртектiлiгi, сапасының, қасиеттерiнiң ұқсас болып келуi. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзiнiң бәсекелестерiн жену үшiн монополиялық рынокта қолданылады;
- рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер теу мүмкiншiлiгiнiң болмауы, бағаның рынок арқылы берiлген деңгейi қатысушының белгiленген бағасымен сәйкес келiп отыруы мiндеттi шарт емес.
Бәсеке өз кезегiнде салаiшiлiк, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлiнедi. Iшкi және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiнiң заңдылықтарын дамытып, өнеркәсiптi мамандандыруға. Салалардың салаiшiлiк, өнеркәсiп орындарының санының артуына және олардың бiр-бiрiне тәуелдiлiгiн қамтамасыз етедi.
Салаiшiлiк бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың iшiдегi техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнiмдiлiгi артық кәсiпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбiр саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнiмдiлiгi қарқынының деңгейi, тауарлардың жеке құны әр түрлi болып отырады. Салаiшiлiк бәсеке негiзiнде кәсiпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиiмдi пайдалануға, инновациялық өнiмдер шығаруға ынталы болады.
Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.
Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:
- бiрнеше басты салаларды әлем бойынша өзiне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
- көп аспектiлiк, әр түрлi рынок құрылымы мен механизмдерiне бейiмдi болу;
- рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
- рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерiнiң болуы;
Бәсекенiң толық қанды және тиiмдi дамуы экономика дамуына белгiлi тиiмдiлiктердi және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:
- Қоғамның өндiрiстiк тиiмдiлiгiнiң өсуi;
- Рыноктық механизмнiң толық қанды қызмет етуi;
- Өндiрiс факторларының қолданысын жақсарту;
- Оптималды баға құру;
- Тауарлардың және қызметтердiң әлемдiк стандарттарға өтуi;
- Бизнестiң тиiмдiлiгi, басқашайтқанда ел iшiндегi кәсiпорындар iс-қимылының жаңашылдығы;
- Инфрақұрылым немесе елдегi қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының бiлiмi мен бiлiктiлiгi, жасампаздық қасиеттердiң бизнестiң жоғары талабына сәйкестiгi;
- Инновацияларды енгiзу.
Бәсеке жаратылысының негiзi шектеулi ресурстарды неғұрлым тиiмдi қолданатын салаларға бөлу болып табылады. Бәсеке экономикада сонымен қатар тауар өндiру және қызмет көрсетулердiң өз өнiмдерiне инновациялар енгiзуiне ынтасын арттырады. Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек бәсекелестiк инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейiн 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсiпорындар бәсекелiк сайыста шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өз бәсекелесiне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттердi “тиiмсiз бәсеке” деп атап, оны бәсекелестiктiң кемшiлiктерi ретiнде түсiнуге болады. Оларға:
- тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдiсi мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
- бәсекелес туралы өтiрiк немесе қате мәлiметтер тарату;
- бәсекелестiң тауарлық белгiсiн, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
- тауардың сапасы туралы дұрыс түсiнiк бермейтiн жарнама жасау;
- бәсекелестiң тауарын жамандап көрсететiн салыстырмалар қолдану;
- келiсiм бойынша өздерi ған бiлуге тиiстi салаға жататын конфиденцияллық ғылыми-техникалық өндiрiстiк және басқадай информацияны таратып жiберу. Аталған шарт бзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттiк антимонополиялық агенттiкке жүктелген.
Экономикада рынокты, ондағы бәсекелестiк жағдайды анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.
II ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЖЕТІЛГЕН ЖӘНЕ ЖЕТІЛМЕГЕН БӘСЕКЕЛІК ЖАҒДАЙЛАР
2.1 Жетiлген бәсеке рыногы, қызмет ету механизмі
Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне, тауардың сипатына, ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың қолда болуына тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда оның негiзгi белгiсi болып сатушы мен аларманның ықпалдылық деңгейiне, әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне байланысты.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны бәсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар өндiру мен қызмет көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.
Жетiлген бәсекеде жеке меншiкке және шаруашылықтың оңашалануына негiзделедi. Өндiрушiлер бiр-бiрiмен тек рынок арқылы байланысады. Жеке фирма өз өнiмiн өткiзуде iс жүзiнде рыноктағы айырбас жағдайына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелiк қабiлеттiң ең жоғары дәрежесi болып табылатын жетiлген бәсеке деп аталады.
Жетiлген бәсекелес рыногы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:
1. Iрi фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан, оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
2. Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
- Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
- Сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер бiреу өз өнiмiнiң бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
- Сатып алушылар өзара баға туралы келiсiм жасаспайды және әрекеттерiн бiр-бiрiмен келiспей жеке жүргiзедi;
- Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.
Осындай сатып алу-сату шарттарының орындалуы өндiрушiлер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркiндiк сипат бередi. Жетiлген бәсеке баға белгiлеу механизмiнiң және тепе-теңдiк болмысы арқылы экономикалық жүйенiң өзiн-өзi реттеуiнiң қалыптасу шарты болып табылады. Осының нәтижесiнде жеке индивидтердiң экономикалық жетiстiкке жетудi көздейтiн өзiндiк жеке дара қимылдары бүкiл қоғамдық жетiстiктерге жол ашады.
Жетiлген бесекенiң экономикада артықшылықтары мен кемшiлiктерi болады:
Артықшылықтары:
- Қоғамға қажет тауарларды өндiруде ресурстарды тиiмдi пайдалануға мүмкiндiктiң болуы;
- Тез өзгерiп отыратын өндiрiс жағдайларына икемдi болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;
- Тауарлардың жаңа түрлерiн жасау саласына жаңа техника мен технология енгiзуге, өндiрiстi ұйымдастырып басқарудың жетiлген әдiстерiн қолдануға, ғылыми-техникалық жетiстiктердi ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
- өндiрушiлердi көптүрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердiң сапасын жоғарлату мақсаттандыруы.
Кемшiлiктерi:
- ұдайы өндiрiлмейтiн ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңiз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейдi;
- қоршаған ортаны қорғауда негативтiк бағытта болады;
- ұжымдық пайдалануға бағытталған таулар мен қызметтер ( дамбалар, жолдар, қоғамдық көлiк) өндiрiсiнiң дамуын қамтамасыз етпейдi;
- фундаменталдық ғылымның, жалпы бiлiм беру жүйесiнiң, қалалық шаруашылықтың көп элементтерiнiң дамуына жағдай жасамайды;
- еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепiлдiк бермейдi;
- әлеуметтiк әдiлетсiздiк пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлуiне бөгет жасайтын механизмдерi жоқ.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң кез-келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың сұраныс қисығы горизонталь болып қалады.
Өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келедi.
Бәсекелес фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға көбейтiндiсiне тең , яғни TR = p * Q
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q - өнiм көлемi.
“Бәсекелесу” деген сөздiң өзi экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер тұтынушының сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.
Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады.
Жетiлген бәсекелi жағдайда фирманың көлемi шамалы болғандықтан ол бағаға әсерiн тигiзе алмайды, ал монополиялық рынок бағаға өз үстемдiлiгiн жүргiзедi.
Сондықтан қысқа және ұзақ мерзiмде кәсiпкер оңтайлы жағдай қалыптастыру үшiн өнiм көлемiн немесе шығындарды өзгерту арқылы қол жеткiзедi. Ал монополиялық рынок жетiлген бәсекелi рынокқа қарағанда күрделi. Монополист фирма шығындарын есептеп қана қоймай, бағаның ұтымды деңгейiн қалыптастыру керек, нарықта өзi жалғыз болғандықтан басқа бәсекелестер кiргiзбеу үшiн немесе өнiм көлемiн арттыру үшiн көптеген iс- шаралар жүргiзедi.
Жалпы TR табыстан барлық экономикалық жұмсаған шығынды алғанда экономикалық пайда болады:
П = ТR – ТС
Мұндағы, П – пайда;
ТR - жалпы табыс;
ТС – жалпы шығындар.
Қысқа мерзiмдi кезеңде бәсекелес фирманың құрал- жабдығы тұрақты болады да, ал өнiм шығару көлемi өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгередi, осыған сәйкес айнымалы шығындар өседi.
Орташа табыс – бұл шығаратын өнiм бiрлiгiне келетiн табыс.
AR = TR /Q
Шектiк табыс – ол шығаратын өнiмдi бiр бiрлiкке көбейткенде түсетiн қосымша табыс, яғни:
MR= ΔTR/ΔQ
Бұл екi формуладағы: AR - орташа табыс;
TR - жалпы табыс;
Q - өнiм көлемi;
MR – шектiк табыс. /5,131 бет/.
Бәсекелес фирма үшiн р бағасы Q өндiрiс көлемiне байланысты емес. Сондықтан шектi табыс MR= р, сондай -ақ орташа табыс AR = р.
Бәсекелес фирманың бiрiншi әрекетi – пайданы мейлiнше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардың ең төменгi деңгейiнен жоғары делiк, яғни:
Р > АСmin
Пайданы мейлiнше арттыру үшiн келесi жағдай орындалғанша:
MR ≥ МС немесе жетiлген бәсеке жағдайында Р ≥ МС, өйткенi MR=р. /5,132 бет/.
Мейлiнше көп пайда мынадай теңдiк орындалған жағдайда шығарылатын өнiм көлемiне Q * сәйкес келедi.
Р = МС
Бұл шарт жетiлген бәсекелес фирма үшiн пайдасын ең жоғары деңгейге жеткiзетiн шарт болып табылады. Оны келесi 3- суреттен көре аламыз. Суреттен көрiп отырғанымыздай жетiлген бәсекелес фирманың жалпы пайдасы АВСД тiк төртбұрышының ауданына тең болады.
Яғни, бұл сурет бойынша талдау жасайтын болсақ, бәсекелестiк рынокта фирма жоғары пайда табады, егер шектi және орташа шығындардан рыноктық баға деңгейi жоғары болса. Графикте фирманың пайдасының мөлшерiн боялған аумаққа тен екенiн көруге болады.
2.2 Жетiлмеген бәсеке рыногы және оның формалары
Елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болып, рынок құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi. Рынок құрылымы негiзiнен келесi түрлерден тұрады:
- Жетiлген бәсеке нарығы;
- Монополия;
- Монополиялық бәсеке;
- Олигополия.
Кейiнгi аталған 2, 3 және 4 рынок құрылымдары жетiлмеген бәсекелi рынокқа жатады. Бұлай рынок құрылымдарының жiктелуi фирмалардың нарықтағы санына, олардың рынокқа кiрiп-шығу жеңiлдiгiне немесе рыноктың қазiргi жағдайы туралы ақпараттың толықтығына байланысты.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 1-суретте бейнеленген.
Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия нақты түрде шын өмiрде сирек кездеседi. Олар көбiнесе рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ болып келедi. Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей тауар олар мен үшiн әр түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң орналасқан жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының ерекшелiгiне байланысты.
Бiздiң өмiрiмiзде жетiлген бәсеке көбiнесе астық, құнды қағаздар және жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.
Ал монополияның толық қамтитын түрi ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ, сол өнiмдi қайта тұтынуға келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше құқықтар беру арқылы көрiнуi мүмкiн. Сондықтан монополия көбiнесе қызмет көрсету саласында орын алады.
Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс халыққа қызмет көрсету саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен қамту салаларында көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның көрiнiс табуы орынды, себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал сол фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бұл шектеулер төмендегiдей:
- Iрi өндiрiстiң басымдылығының болуы;
- Легальды тосқауылдардың рынокта жиi кездесуi ( шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
- Рынокта бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi.
Iрi өндiрушiлердiң ұсақ өндiрушiлермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Монополиялық өндiрсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң көп тараған түрлерi – жеке меншiк құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде өте сирек кездесетiн шикiзат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор
Бәсекенi әдiлетсiз түрде жүргiзудiң негiзгi түрi демпинг бәсекелесiн рыноктан ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiндiк құнынан төмен бағамен сату. Рыноктағы iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.
Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.
Кейбiр жағдайда әлемдiк тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр.
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды жатқыссақ болады:
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен авторлық құқықтар жатады (мысалы, Оңтүстiк Африка мемлекетiнiң “De Beers” деген алмаз өндiретiн компаниясы әлемдегi алмаз өндiру үлесi 80%- ды құрайды)
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен болуы, сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 5-шi суреттен көре аламыз.
Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi.
- Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де шығарылған өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып, оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.
Жетiлмеген бәсееке монополияда қысқа мерзiмдi жағдайда пайданы барынша көбейту шарты MR=MC.
МR = Р (1/Е +1) = МС
Бұдан пайданы мейлiнше көбейту шартын келесi түрде көрсетуге болады:
Р (1/Е +1) = МС
Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi Е< 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң шектi шығынына қарағанда жоғары болады, яғни Р >МС. Пайданы барынша көбейту шартын 6- сурттен көре аламыз.
Монополиялық нарық бағасы өндiрiс көлемi (Qm) мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни монополиялық баға Pm болып табылады. Ол келесi формуламен анықталады.
Р = МС/ 1+1/Ер
Мұндағы, Р - монополиялық баға;
МС – шектi шығындар;
Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi.
Ендi қысқа мерзiмдi кезеңде жетiлген бәсекелi фирманың шығындарын мейлiнше азайтуды қарастырайық. Егер өнiм бағасы мүмкiн болатын жалпы орташа Шығындардың ең төменгi мөлшерiнен төмен, ал орташа айнымалы шығындардың ең төменгi шамасынан жоғары деп алсақ, онда келесiдей
FVC min < P < AC min
Бұл жағдайда фирма зиян шегедi және оның алдында өндiрiстi тоқтату немесе қысқа мерзiмдi кезеңде қызметiн жалғастыру сияқты екi таңдау тұрады.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.
Рынок құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр рынок құрылымы монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.
Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет нарығында көрiнiс табады.
Рынокта сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық бәсеке деп атайды.
Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.
Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл рынок жағдайында басқа фирмалардың iс-әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған. Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде дамыған.
Мұндағы тауарлар түрлерi көп, сапасы әр қалай, қызмет көрсету деңгейi әр түрлi. Демек тауарлардың саралануы баға факторына негiзделген. Ал монополиялық бәсеке рыногында бейбағалық факторларға келесiлердi жатқызуға болады:
- тауардың орамы;
- жарнаманың әсерi;
- қызмет көрсетудiң көп түрлiлiгi;
- жөндеуге кепiлдiк беру және жөндеу мерзiмiне қарай
Монополистiк бәсеке жағдайында рынокқа ену кедергiлерi онша үлкен емес, бiрақ баршылық. Оларға:
- лицензия;
- патент;
- фирма және кәсiпорын белгiлерi;
- сауда белгiсi.
Монополиялық бәсеке рыногы қызмет етуi үшiн төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:
- Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны өте көп. Тауарды өндiруде немесе сатуда көбiнесе ұсақ фирмалар жұмыс iстейдi;
- Өнiмдердiң дифференциясы. Әрбiр фирма өз өнiмдерiнiң бәсекелестерiнен азда болса ерекше қасиеттерiнiң болуына ұмтылады, бұл тауарлар бiр-бiрiн ауыстыра алады;
- Еркiн рынокқа кiрiп-шығу. Яғни, монополиялық бәсеке рыногына кiруге тосқауыл оншалықты көп емес және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, ұлттық киiмдер тiгетiн шағын фирма ашуға көп қаражат қажет емес, сондықтан мұндай кәсiпкерлiкпен кез келген фирма айналысуы мүмкiн.
- Нарықтағы өнiм көлемi, баға және басқа да жағдайлар түралы деректер белгiлi болуы керек.
Ендi монополиялық бәсекенiң басқа да рынок құрылымындарынан айырмашылығы және ұқсастығына тоқталып өтсек:
- Монополиялық бәсеке рыногының монополиялы рынокпен ұқсастығы жеке фирманың өз тауарына өзгерту енгiзе алуы мүмкiндiгi. Ал айрмашылығы рынокта көптеген ұсақ фирмалардың қызмет етуi және ол фирмалардың тауары бiрiн-бiрi алмастыра алуы;
- Монополиялық бәсеке рыногыны жетiлген бәсекелi рынокқа ұқсастығы әрбiр тауар көптеген фирмаларда өндiрiледi және рынокқа кiрiп-шығу еркiн болады, ал айырмашылығы олар өнiмнiң өзiндiк ерекшелiгiнiң болуы себебiнен бағаға әсер етет алады және сұраныс қисығы жетiлген бәсекелi рыноктағыдай абсалюттi икемдi емес, қайта монополиялы рыноктағыдай ылдилы болып келедi. Оны келесi суреттен көре аламыз.
Жетiлген бәсекелi және монополиялық рынокта өндiрушi фирма өз тауарының бағасын және тиiмдi өнiм көлемiн анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясымен өзiнiң жеке өндiрiстiк мүмкiндiктерiн ғана ескерiп отырады. Сондықтан бұл нарықтардағы пайданың жоғары деңгейге жеткiзу, тек қана, орташа шығын, шектi шығын қисықтарын және сұраныс қисығын шектеу арқылы iске асырылады.
Ал олигополиялы бәсеке дегенiмiз тауардың көпшiлiгi бiрнеше iрi фирма арқылы өндiрiледi. Ол фирмалардың рынокқа әр қайсысының әсерi айтарлықтай болып табылады. Кейбiр олигополия монополист сияқты бағаға әсер етуi мүмкiн. Мысалы, бiр класты автокөлiк нарығы.
Олигополия кезiнде баға қалыптасу жетiлген бәсекеге ұқсайды. Мұндайда баға туралы олигополистердiң шешiмдерiн қабылдау жұмысы күрделене түседi.
Олигополиялы бәсеке нарығы төмендегiдей ерекшелiктерiмен сипатталады:
- Нарықтағы көлемдi сату үлесi бар және бiр-бiрiмен бәсекелес бiрнеше фирмалар болады;
- Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбiнесе басым (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемiнiң өзгеруiне едәуiр ықпал етедi;
- Олигополиялық фирманың өндiрiс шешiмдерi тек қана тұтынушы iс- әрекетiне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешiмдерiне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнiм шығару көлемi туралы шешiм қабылдағанда өзiмен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкiндiктерiн ескерiп, талдап отырады.
Олигополияның бiрнеше моделi бар. Оларға:
- Курно дуаполиясы;
- Қарама – қарсы мақсаттары бар екi жақтың ойыны;
- Нарықта үстемдiк жүргiзiп тұрған фирманың моделi және “картель”.
Баға белгiлеу мен өнiм көлемiн анықтауда олигополия нарығы жетiлген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық моделдердi қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келiсiм мен бiрiгу пайданың өсуiне әкелiп соқтыратынын көрсетедi. Пайда қуған жеке фирмалар бiр-бiрiмен қатаң қақтығысқа түсуi мүмкiн (“баға қақтығысы”), бұл кезде олардың әрқайсысы рынокты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетедi. Баға бiрте-бiрте төмендеп, орташа шығын деңгейiне жетедi де нәтижесiнде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбiр жағдайда фирмалар бiр-бiрiмен келiсiмге келiп, бағаны жоғарылатып, пайдасын максималдауға ынталы болады. Бұл уақытта рынокты бөлу туралы келiсiм жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бiрiгiп картель құрады. Сонымен олигополист фирмаларға өнiмдi сату көлемi мен баға туралы жасырын немесе ашық келiсiмге келу тиiмдi, бiрақ бәсекелестiктiң күштiлiгiне байланысты картель iшкi тұрақсыздықпен сипатталады.
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛIК ОРТАНЫҢ ДАМУЫ
3.1 Қазақстан экономикасында бәсекенiң қалыптасуы мен дамуы
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң тұрақты дамуы және мемлекеттiң әлемдiк рыноктағы орны бүгiнгi жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi арқылы анықталады. Сондықтан ендiгi жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негiзгi мiндетi бәсекеге қабiлеттi экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi елдiң халықаралық аренадағы ролi мен беделiнiң артуынан, мемлекеттiң өз азаматтарының өзектi проблемаларын шешу қабiлетiнен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсiп өнiмдерiнiң сапасының әлемдiк деңгейде артуымен көрiнiс табады.
Экономика халықтың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып табылады. Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.
2004 жылғы Елбасымыздың “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн” атты халыққа кезектi Жолдауынан бәсекенiң ұлттық экономикамыз үшiн маңызы ерекше екенiн көруге болады. Бұл бiздiң елiмiз үшiн өзектi мәселенiң бiрi. Бүгiнде, қазақстандықтар, бүкiл әлем мемлекеттерiмен, олардың халқымен, экономикасымен, бiлiм-бiлiктiлiгiмен бәсекеге түстiк, одан әрi де түспекпiз. Ал ендi осыған дайын, сәйкес болудың, қамданудың, бәсекеге қабiлеттiлiктi пәрмендi түрде жасаудың тиiмдi жолдарын айқындаудың мезгiлi жеттi.
Қазақстанның экономикалық потенциялын өзге де шетелдермен салыстырсақ елiмiзде өнеркәсiптi дамытуға барлық жағдайлардың және мүмкiншiлiктердiң бар екендiгi белгiлi. Оларды атап өтсек: шикiзат қорларының молдығы, еңбек ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, географиялық жағынан орналасу тиiмдiлiгi (Азия мен Еуропаға қақпа ретiнде болу), iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтары – мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, жас отандық өнеркәсiптiң қарқынды дамуына кедергi келтiрiп отырған мәседлелерде жоқ емес. Бүгiнде елiмiзде осы мәселелердi шешу үшiн жан-жақты қызметтер iске асуда. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң дамуында келесiдей басты мәселелердi атап өтсек болады:
- Отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра алмай отырғандығы; сондай-ақ шетелдiк тiкелей инвестициялардың 80% тек қана шикiзат өндiру саласына салынуы, ал бәсекенiң негiзi болып табылатын өңдеушi салаға және ғылыми зерттеу жұмыстарына бар жоғы 15% инвестиция тартылуда;
- Елiмiздiң өтпелi экономика кезiңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген қателiктер осы кезге дейiн экономика дамуына керi әсерiн тигiзуде;
- Отандық кәсiпорындардағы өндiрiс құрал –жабдықтарының табиғи және моралдық жағынан тозығы жеткен негiзгi қорлардың үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
- Жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның салдарынан өнiм бағасы қымбаттап, отандық өнiмдер бәсекеге шыдай алмай отыр;
- Өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен фирмалардың аздығы, кластерлiк жүйенiң толық қанды дамымауы;
- Өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпте қызмет көрсетушi әр түрлi инжинирингтiк, инновациялық, маркетингтiк, консалтингтiк құрылымдардың жай ғана қызметтерден аса алмауы;
- Жалпы ұлттық өнеркәсiптердi және ауыл шаруашылығының бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында ондағы кәсiпорындарды қаржыландырудың толық жетiлмеуi, соның iшiнде лизингтiк несиелеудiң ауылшаруашылығында дамымай отыруы.
Мiне осы мәселелердi шешiп, дамудың тиiмдi жолы болып табылатын бәсекелi экономиканы қалыптастыру бүгiнде елiмiз алдындағы басты қызметтiң бiрi екенi дау тудырмайды. Өйткенi бәсекеге қабiлеттiлiк қазiргi уақытта тек Қазақстан экономикасы үшiн ғана өзектi мәселе емес, ол әлемдегi әр мемлекет үшiн бүгiндi басты мәселе болып отыр. Сондықтан, бүгiнде бәсекеге қабiлеттiлiк әлем мойындағын теориясы мен тұжырымдары жасалу үстiнде. Осы теорияның негiзiн жасаған бәсекенiң атасы болып табылатын Гарвард бизнес мектебiнiң профессоры Майкл Портер ұлттық мемлекеттiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне ерекше көңiл бөледi, өйткенi осы көрсеткiш әр елдiң дүние жүзiндегi орнын анықтайды. Ол төрт фактормен анықталады. Бiрiншiсi - әр елдiң iшкi тұрақтылық деңгейi. Екiншi – мемлекеттiк басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгi, яғни мемлекет жүргiзiп отырған саясаттың сол елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жасаудағы ықпалы. Үшiншi – бизнестiң тиiмдiлiгi, басқаша айтқанда ел iшiндегi кәсiпорындар iс қимылының жаңашылдығы, үзбей жаңартып отыру деңгейi; Төртiншi – инфрақұрылым, немесе ұлттық экономика салаларында қолданылып отырған технологиялардың, қарым-қатынас және байланыс жүйелерiнiң, ғылыми зерттеу орындарының даму нәтижесi, инновациялардың дамуы арқылы.
3.2 Елiмiзде бәсекенi қолдау мен монополияға қарсы саясат
Ендi осы бәсекелiк ортаның дамуының негiзгi факторларының Қазақстан экономикасындағы жағдайына тоқталайық:
Бiрiншi фактор, яғни экономиканың тұрақтылығы елiмiзде жақсы деп айту қиын. Өйткенi соңғы бiрнеше жылдарда ЖIӨ-нiң өсуi тұрақты 10%-дан астам болып отырғанмен, ол негiзiнен әлемдегi шикiзат бағасының өсуi нәтижесiнде болып отыр. Ал егер шикiзат бағасы төмендеп кетсе қайтемiз немесе шикiзат қорымыз таусылса не iстеймiз деген алдымызда үлкен сұрақ тұрады. Ал мұны шешудiң бiрден бiр жолы жамудың шикiзаттық бағытынан қол үзiп, бәсекеге қабiлеттi, индустриялы-инновациялы экономикаға көшуiмiз керек;
Екiншi фактор, экономиканы мемлекеттiк басқару жүйесiнiң және ондағы саясаттардың тиiмдiлiгi. Бұл iс шаралар елiмiзде егемендiгiн алған ылдардан бастап iске асып келе жатыр. Ал бүгiнде негiзгi мемлекеттiң жүргiзiп отырған саясаты, елiмiздiң ұлттық экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етiп отыру және әлемдiк деңгейде елiмiздiң бәсеке қабiлетiн көтеру, яғни, алдынғы қатарлы дамыған 50 елдiң қатарына қосылу болып табылады. Осы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасында 2003-2015 жылдарға арналған индустриялы-инновациялы дамудың ұзақ мерзiмдi стратегиясы қабылданды;
Үшiншi фактор, ел iшiндегi кәсiорындардың жаңашылдыққа үзбей iлесiп отыруы және жаңа технологиялармен өнiм өндiруi. Дәл осы мәселе бүгiнде дереу шешудi қажет етуде. Өйткенi жоғарыда атап өткендей отандық өнеркәсiптердiң өнеркәсiптiк құрал-жабдықтарының 80%-дан астамы тозығы жеткен. Бұндай өндiрiс өз кезегiнде орны толмас шығындарға алып келедi. Ол үшiн елiмiзде отандық өнеркәсiптердi ғылыми-техникалық, инновациялық қолдау шараларын жүргiзуiмiз, кластерлiк жүйеге өтуiмiз, несиелеудiң лизингтiк формаларына өтуiмiз керек;
Төртiншi фактор жоғарыдағы аталған үш факторлар негiзiнде және олармен тығыз байланыста экономикада бәсекеге қабiлеттiлiктiң төртiншi факторы да дамиды. Елiмiздегi қарым-қатынасты жандандыру үшiн iшкi аймақтық және сыртқы көлiк тораптарын жүргiзуiмiз керек және байланысты дамытуда әлемдiк стандарттарға өтуiмiз керек.
Сондықтан да Президенттiң 2004 жылы 19 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында “мемлекеттiк қолдаудың оңтайлы ролi, бiр жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткiзуге, екiншi жағынан – инфрақұрылымды жасау және басты салаларды дамытуға жеке меншiк секторды тарту жөнiнде белсене жұмыс жүргiзуде деп бiлемiн” деп атап өткен.
Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажеттi болып отырған бәсекелiк ортаны тиiмдi қалыатастыру үшiн және оны дамуының мәселелерiн келесiдей шешу жолдары арқылы оң нәтижеге қол жеткiзуге болады. Сонымен, ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру үшiн келесi шараларды жүзеге асыруымыз керек:
- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлетiн жоғарлатуды мемлекет өз қызметi деп алуы керек;
- Отандық өнеркәсiптердiң арасында өзара бәсекелестiктi дамытып, олардың әлемдiк деңгейдегi бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;
- Өнеркәсiп салаларында фирмааралық кооперациялар құру;
- Әр түрлi дамыған елдердiң компанияларының стратегиялық альянстарына кiруге талпыныс жасау;
- Ғылыми-өндiрiстiк ресурстарды шоғырландыру арқылы шағын ғылыми-техникалық кластерлер құру, экономикалық тиiмдi қызмет ететiн ғылыми парктер, шағын бизнес инкубаторларын, технополистер мен аймақтық бiрлестiктер құру;
- ҒЗТКЖ-ның әр түрлi субъектiлерi арасындағы қауымдастықты ұйымдастыру;
- Тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту үшiн несие жүйесiн және лизингтiк қатынастарды дамыту;
- Бүкiл әлемдiк Сауда Ұйымына кiру үшiн өнеркәсiптiң жоспарын құру, оның басты мақсаты iшкi және сыртқы нарықтағы қатаң бәсекелестiк күреске басымдылық көрсетуге бейiм iрi өнеркәсiп кәсiпорындарын ұйымдастыру;
- Қабылданған 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегияны саналы түрде жүзеге асыру.
Қорыта келе, осы Жолдау бiздердi бәсекеге қабiлеттi экономика жасауға, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ өсiруге шақырады. Елiмiзде отандық өнеркәсiптi дамыту шараларына нарықтық тетiктердi тиiмдi пайдалану мақсатында ресурстарды үнемдi пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өндiрiстiк құрылымды дамыту, өнеркәсiп салаларының құрылымын жетiлдiру, бәсекеге қабiлеттi жоғары сапалы тауар өндiру мүмкiндiгi бар өңдеу салаларына қолдау көрсету, әлеуметтiк-экономикалық мәнi зор және ғылыми перспективасы жоғары салаларды ынталандыру және тағы басқа шараларды iске асыру алдағы экономикасы тұрақты дамыған, индустриялы және бәсеке қабiлетiмiз жоғары ел болуымызға тiкелей жол ашпақ.
Қазақстан Республикасында рыноктық экономикада қандай-да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада “антимонополиялық саясат” дейдi.
Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi. Атап айтқанда осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi.
Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары әр түрлi тәсiлдермен реттеу саясаттарын жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны реттеу саясаттарының тәсiлдерi өздерiнiң қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей төрт түрге бөлiнедi:
- Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру;
- Монополия жағдайын реттеу;
- Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру;
- Монополистерге ешқандай әсер етпеу.
Осы монополияны реттеу саясаттарының iшiнде мемлекеттiң табиғи монополияны реттеуi монополия жағдайын реттеу және жеке меншiк монополистердi мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру болып табылады.
“Монополия жағдайын реттеу” саясатын мемлекет монополистердiң тауарларына баға белгiлеу арқылы реттеп отырады. Мысалы, электрмен қамтамасыз ету, су тарату немесежылу беру салалары бағаларын белгiледе мемлекет жетекшiлiк етiп араласып отырады. Баға белгiлегенде мемлекет бағаның шектi шығындарға тен болатын көлемiн белгiлейдi.
Бағаны шектi шығындар арқылы реттеу жүйесi өзiнiң қызмет етуiнде келесiдей тәжiрибелiк мәселеге жолығады. Табиғи монополияның ауқымнан үнемдеу анықтамасы бойынша олардың сұранысының ылдилы болуы себебiнен орта жиынтық шығындардан шектi шығындардың төмен болуы табиғи монополист фирманы зиян шегуге алып келедi. Мұндай кезде монополист фирма өзiнiң қызметiн тоқтатуы да мүмкiн. Ал бұл болса қоғамдық игiлiктердi және монополиялық өнiмдердiң тапшылығын тудырады.
Сондықтан мемлекет бұл мәселенi шешу үшiн монополистiң шеккен шығындарын өз мойнына алу болып табылады. Оны келесi 7-шi суреттен көре аламыз.
Монополист фирма мемлкеттiң баға белгiлеуде шектi шығындарға тең деп алған кезде олардың зиянының пайда болуын көрсетiп тұр. Яғни, табиғи монополист зиянының аумағы суреттегi боялған аумаққа тен. Бұл саяатты мемлекет iске асырғанда осы зияндарды өз мойнына алады. Ал бұл саясаттың тиiмдiлiгi қоғамға тиедi, яғни тұтынушылар үшiн бұл саясат дұрыс болып табылады. Бiздiң елiмiзде осындай табиғи монополияларды мемлекеттiң ретеу арқылы саясат жүргiзуiн көруге болады.
Бiздiң мемлекетiмiзде табиғи монополияларды реутеу саясаттары елiмiз үшiн маңызды болып табылатын мұнай және газ саласына, элекетр энергиясына, байланыс салаларында, сирек кездесетiн металдарды өндiруде және маңызды өнiмдер болып табылатын уран өндiрiсiнде iске асуда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, экономика халықтың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсiмнiң барынша жоғары қарқынына қол жеткiзу – негiзгi мiндетiмiз болып табылады. Бiз бұған өз экономикамыздың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарына сәйкес қол жеткiземiз.
2004 жылғы Елбасымыздың “Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн” атты халыққа кезектi Жолдауынан бәсекенiң ұлттық экономикамыз үшiн маңызы ерекше екенiн көруге болады. Бұл бiздiң елiмiз үшiн өзектi мәселенiң бiрi. Бүгiнде, қазақстандықтар, бүкiл әлем мемлекеттерiмен, олардың халқымен, экономикасымен, бiлiм-бiлiктiлiгiмен бәсекеге түстiк, одан әрi де түспекпiз. Ал ендi осыған дайын, сәйкес болудың, қамданудың, бәсекеге қабiлеттiлiктi пәрмендi түрде жасаудың тиiмдi жолдарын айқындаудың мезгiлi жеттi.
Бүкiл әлемдегi ең бiрiншi ел – АҚШ экономикада болсын, әлеуметтiк салаларда да болсын бәсекеге қабiлеттiлiктiң басқа елдерден жоғары болуын ұлттық қағида деп есептеп, соған сәйкес саясат жүргiзедi. Ал Еуропалық Одақ болса 2001 жылы Лиссабонда алған шешiмiнде Еуропа экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн дүние жүзiнде ең жоғары дәрежеге жеткiзудi көздеп отыр. Әлемнiң тағы басқа елдерi де өздерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн күннен-күнге арттыруда. Өкiнiшке орай, Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан халықаралық сараптаушы ұйымдардың назарынан тыс қалып отыр.
Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер одан көп. Елiмiздегi экономиканы бәсеке қабiлеттiлiгiн дамытуға бағытталған шараларды келесiдей топтастыруға болады:
- Экономиканы рыноктық қатынастарға одан ары реформалау;
- Шағын және орта бизнестi дамыту және оларды қолдау шаралары;
- Өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамыту мақсатында оларға инвестициялар тарту, әр түрлi жеңiлдiктер көрсету;
- Өндiрiсте кластерлiк жүйенi дамыту;
- Ескiрген өндiрiс құрал-жабдықтарын жаңарту және лизингтiк қатынастарды жандандыру;
- Дамудың индустриялы-инновациялы сатысына бетбұрыс жасау;
- Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабiлеттiлiгiн дамыту және оны мемлекеттiк қолдау;
- Ресурстарды экспортқа шикiзат ретiнде емес жоғары сапада өңделген түрде экспорттау;
- Бiлiм беру және мамандар дайындауды жетiлдiру;
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – экономикалық өсудi тұрақтандырып, бәсекеге қабiлеттiлiктi жоғарлатудағы негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Қорыта келе, отандық өнеркәсiптi дамыту шараларына нарықтық тетiктердi тиiмдi пайдалану мақсатында ресурстарды үнемдi пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өндiрiстiк құрылымды дамыту, өнеркәсiп салаларының құрылымын жетiлдiру, бәсекеге қабiлеттi жоғары сапалы тауар өндiру мүмкiндiгi бар өңдеу салаларына қолдау көрсету, әлеуметтiк-экономикалық мәнi зор және ғылыми перспективасы жоғары салаларды ынталандыру және тағы басқа шараларды iске асыру алдағы экономикасы тұрақты дамыған, индустриялы және бәсеке қабiлетiмiз жоғары ел болуымызға тiкелей жол ашпақ.
Осылайша әрбiр кәсiпкердiң бәсекеқабiлетi жоғары болуының нәтижесiнде әлемдiк экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеқабiлеттiлiгi артады.
Жалпы осы жоғарыдағы айтылған даму шараларын мемлекет және экономика секторы болып iске асырсақ, онда Қазақстан Республикасы алдағы жылдарда әлемдiк экономикаға индустриялдық бағыттағы, бәсекеге қабiлеттi, жоғары дамыған ел ретiнде көрiнiс табады деп жақсылыққа ұмтылуымыз керек.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Джумагельдиева Т.А. Конкуренция: теория и механизм развития. – Алматы, 2003. – 130с.
- Григорий Марченко “Бәсекеге қабiлеттiлiк – экономикалық категория” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
- Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
- Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
- Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
- Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
- Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
- Кожахмедов Д.Б. “Машиностроение как основа формирования конкурентспособной экономики Қазахстана” // Аль-Пари , №1.2004 г.
- Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.
- Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
- Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2004 ж.
- Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Санк-Петербург – 2001г.
- Ю. К. Шокоманов “Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период” // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г.
- Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024