Алматы. 4 қазан. 7kun.kz – Бүгін Қазақстандық қор биржасының алаңында жергілікті атқарушы органдардың 6,6 млрд теңге көлеміндегі облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті, деп хабарлайды «Бәйтерек девелопмент» АҚ баспасөз қызметі.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алушы болып «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ болды. Бір облигацияның номиналды бағасы 1 мың теңге. Бағалы қағаздар 0,35% жылдық купондық ставкасымен екі жыл мерзімге шығарылды.
«Компания муниципалды облигацияларды Астана қаласынан - 2,5 млрд теңге сомасында, Қостанай облысынан – 1,9 млрд теңге сомасында, Атырау және Солтүстік Қазақстан облысы 1,2 млрд және 1,0 млрд теңге сомасында алды», - деп хабарлады «Бәйтерек девелопмент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алтай Куздибаев.
Ол әкімдіктің бағалы қағаздары «Бәйтерек девелопмент» тұрғын құрылысын қаржыландыру үшін 2016 жылдан бері сатып алына бастағанын атап өтті. Осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдар жаңа үйлерді пайдалануға беріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына пәтерлерді өткізді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024