Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанның қор биржасында (KASE) ЦентрКредит банкінің қағаздары қымбаттады. Бұған кореялық Kookmin Bank аталған банктегі өз үлесін сатады деген ақпараттың таралуы себеп болды.
Қалған эмитенттер минус жағдайында қалды.
Оның ішінде Халық банк ең үлкен төмен көрсеткішке ие болып, бағасы -5,2 пайызға арзандады. Соңғы екі күнде оның акциясының бағасы 52,35 теңгеге дейін құлдырап, -6,9 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» (-2,9%) мен «ҚазТрансОйл» (-1%) акциялары арзандады.
KEGOC (-0,8%) қағаздарының да аздап құнсызданғаны байқалады. Сонымен бірге, отандық құнды қағаздардың Лондон қор биржасындағы (LSE) саудасы әр түрлі қалыпта жабылды. «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» (+1,55%), KAZ Minerals (+3,17%), Kcell (+0,28%) жасыл аймақта саудасын жапса, Халық банк қағаздарының бағасы -3,17% дейін төмендеп кетті.
Естеріңізге сала кетейік, кореялық Kookmin Bank қазақстандық ЦентрКредит банкіндегі өз үлесін сатуы мүмкін екенін хабарлаған. Қазіргі таңда оның БЦК-дағы капиталы – 41,9%. Бұл үлесін кореялық банк 2008 жылы 939,2 млрд вонға сатып алған еді.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024