Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк ЦентрКредиттің акциясы қымбаттады

Банк ЦентрКредиттің акциясы қымбаттады

Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанның қор биржасында (KASE) ЦентрКредит банкінің қағаздары қымбаттады. Бұған кореялық Kookmin Bank аталған банктегі өз үлесін сатады деген ақпараттың таралуы себеп болды.

23 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша, KASE-дегі банктің эмитент қағаздарының құны 5,9%-ға өсіп, 185,40 теңгені құрады. KASE өкілдерінің тізіміне енетін тағы да екі акция саудасын жасыл аймақта аяқтады. Осылайша, KAZ Minerals бағасы (+3,1%) жаңаша өсім көрсетті. Сонымен бірге, "БАСТ" құнды қағаздары да қымбаттады (+1%).

Қалған эмитенттер минус жағдайында қалды.

Оның ішінде Халық банк ең үлкен төмен көрсеткішке ие болып, бағасы -5,2 пайызға арзандады. Соңғы екі күнде оның акциясының бағасы 52,35 теңгеге дейін құлдырап, -6,9 пайызға төмендеді. Бұдан бөлек, «Қазақтелеком» (-2,9%) мен «ҚазТрансОйл» (-1%) акциялары арзандады.

KEGOC (-0,8%) қағаздарының да аздап құнсызданғаны байқалады. Сонымен бірге, отандық құнды қағаздардың Лондон қор биржасындағы (LSE) саудасы әр түрлі қалыпта жабылды. «ҚазМұнайГаз» Барлау және Өндіру» (+1,55%), KAZ Minerals (+3,17%), Kcell (+0,28%)  жасыл аймақта саудасын жапса, Халық банк қағаздарының бағасы -3,17% дейін төмендеп кетті.

Естеріңізге сала кетейік, кореялық Kookmin Bank қазақстандық ЦентрКредит банкіндегі өз үлесін сатуы мүмкін екенін хабарлаған. Қазіргі таңда оның БЦК-дағы капиталы – 41,9%. Бұл үлесін кореялық банк 2008 жылы 939,2 млрд вонға сатып алған еді.

 

Похожие материалы