Бас директоры: Руслан Омаров
Сайты: www.1cb.kz
Несие бюросы Қазақстанда идея ретінде 2004 жылы пайда болды, бастамасын «Казкоммерцбанк» АҚ көтерді, құру идеясын жергілікті IFC, Дүниежүзілік банктің өкілділіктері және ірі банктер қолдады. Осы ұйымдармен бірігіп, несие бюролары туралы заң дайындалып, кейін «Бірінші несие бюросы» (әрі қарай - БНБ) ЖШС құрылды, лицензияны 2005 жылы алды.
Осы сәттен бастап БНК банктермен келісім-шарттар жасасу бойынша жұмысы басталды. Несие бюросы әлеуетті қарыз алушының несиелік тарихын сыртынан бақылау үшін қажет, сол немесе басқа да субъектіні несиелендіру кезінде олар қандай тәуекелділікке барып жатқанын банктер түсінулері керек. Бюроның пайда болуынан бұрын банктер өздерінің ішкі қауіпсіздік қызметтері арқылы ақпараттармен алмасатын. Осы үрдісті басқару, оны көрінбейтіндей етіп жасау үшін несие бюролары қажет.
Басында компанияның штаты 10 аспайтын адамды құрады, іс жүзінде барлық бағыттағы қызметтер бойынша 1-2 маманнан келетін. Біртіндеп, клиенттердің санының, көлемнің өсуімен, жаңа өнімдердің пайда болуымен штат оннан отыз адамға дейін ұлғайды. Осы уақыт бойы компанияның басшылық құрамы да өзгерді, бұл БНБ жұмысына өзіндік түзетулер енгізді. Қазіргі қызмет атқарып жатқан басшының келуімен компанияда инновацияны енгізу мен жаңа өнімдерді дамытумен байланысқан жаңа кезең басталды.
Алғашқы кезеңде клиенттермен де қиындықтар туындады, себебі барлығы несие бюросының ролін түсіне алмады, оның мағынасын бағалай алмады. Солардың алғашқысы құрылтайшы банктер болды. Несиелік бюроға ақпараттарды ұсыну бойынша банктермен қарым-қатынасты дұрыстау кезіңінде қиыншылықтар туындады. Құрылтайшы банктердің бірі бізге ақпаратты бергісі келмеген жағдай да болды, тіпті бірге жұмыс істейміз, не істемейміз деген үзілді-кесілді талапқа дейін бардық. Осы кезеңде қатысушыларға бұл несиелік ақпаратпен бөлісу керектігін айтып жеткізу қиындықтары туындады.
Түрлі дебаттар мен пікірсайыстар өткізу кезінде банкттерден алынған ақпараттың міндетті көлемі анықталып, қарызгерді несиелендіру кезінде шешім қабылдау мен бағалау үшін несие бюросынан ақпаратты қолданудың қолжетімділігі бағаланды. Әрбір қатысушыларға тек өзара және бірдей мәліметтерді алмасу кезінде ғана толық көлемді ақпарат алуына болатынын түсіндіруге тура келді. Қазіргі таңда бұл мәселе шешілді, несиелік бюро жүйесінің барлық қатысушылары ақпаратты толық көлемде ұсынады.
2009 жылдан бастап жеке тұлғаларға есеп берулер 3-5 күннің ішінде жүзеге асырылатын, сол жылы бұл үрдіс жетілдіріліп, есеп беру 1 күнге дейін, кейін 15 минутқа қысқартты. Қазір бұл үрдіс 3-5 минутта жүзеге асырылады. Сонымен қатар egov.kz электрондық үкімет порталымен және дербес несиелік есептерді беру бойынша myth.kz мультибрендті порталымен біріккен сервисті іске қосылды.
Несие бюросының түрлері туралы
Несиелік бюроның үш түрі бар: жағымсыз ақпаратпен жұмыс істейтіндер, жағымды ақпаратпен жұмыс істейтіндер, барлық түрдегі ақпаратпен жұмыс істейтіндер. Жағымды несиелік ақпараттарды жинақтау неміс үлгісі бойынша жұмыс істейді. Яғни, банктер келісімі негізінде қарызгерлердің және өздерінің несиелері бойынша барлық ақпараттарды береді. Мысалға, жағымсыз ақпаратты несиелік бюро субъектінің мерзімі өткен төлемдері туралы ақпараттарды ғана алады.
Бәсекелестік туралы
2011 жылға дейін заң бойынша барлық банктер несиелік бюроға ақпараттарды ұсынуға міндетті болды, «Бірінші несиелік бюро» ЖШС көп уақыт бойы жалғыз іске қосылған бюро болды. Кейінірек «Орталық Азия несиелік бюросы» пайда болды. 2011 жылы заңда бұл ережені жойылған өзгертулер енгізілді. Енді банктер мемлекеттік несиелік бюроға ақпараттарды ұсынуға міндетті, ал жекеге өз еркімен ғана, дегенмен бұл ретте несиелік есептерді олар кез-келген несиелік бюродан ала алады. БНБ өзінің өосымша өнімдері мен қарапайым ақпараттарды сату болып табылмайтын сервистерін белсенді түрде дамытуда. Бұл сервистер басқа құндылықтарға ие және банктер мен басқа да қомпаниялардың несиелік және операциялық қауіпті төмендетіп, қарыз берілетін қоржындардың сапасын нығайтуға бағытталған.
2013 жылы аппликациялық скорингті, несиелік тарихты алдын-ала бағалауды, алдамшылық операцияларды азайту үшін несиелік сұранымдар бойынша ақпарат іске қосылды.
Алаяқтар туралы немесе өзіңнің несиелік тарихыңды бақылаудың маңызы неде?
2013 жылдан бастап субъектілер үшін қосымша қызметтер мен өнімдер тізімін дамытыла бастады. Заңға сәйкес жылына бір рет әрбір субъектке дербес несиелік есепті ұсынуға міндетті, яғни, әрбір қазақстандық, кез-келген компания бізге өтініш білдіріп, өзінің дербес немесе корпоративтік несие есептерін сұрай алады. Келесі жалғасатын өтінім кезінде есептің құны жеке тұлғалар үшін 400 теңге, ал заңды тұлғалар үшін 800 теңгені құрайтын болады.
Бюромен бірге іске қосылған электрондық қызметтер басқа қалалардың азаматтары үшін өте тиімді болды, себебі Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындарының бұрын алған есептері нотариалды түрде расталған құжат негізінде поштамен алатын. Әлеуетті қарызгерлер үшін бұл өте маңызды сәт, өйткені бұрын несие алмаған клиенттер банкке өтінішпен келгенде қарыздың болуы негізінде өтінішті қайтарып берген жағдайлар болды. Есепті алу кезінде клиентте ұзақ мерзімі өткізілген қарыздың бар екені және алдамшы операциялардың құрбаны болғандығы анықталды. Бұл, мысалға, құжаттарды, жеке куәлігін жоғалту немесе алаяқтар әлдеқандай жолмен оның құжаттар көшірмесін пайдаланып, несие үшінші тұлғаға берілген себептері бойынша болуы мүмкін. Сәйкесінше, ол адам мойнында қарызы бар екендігінен бейхабар және зиянкес борышкердің мәртебесі негізінде банктің одан бас тартуы, әрине, оған «тосын сый» болды. Сондықтан барлығына өдерінің несиелік тарихыңызды бақылауына ақыл-кеңесімізді береміз және тоқсанға бір рет болсын өзіңнің несиелік тарихыңызды, әсіресе құжаттарды жоғалту жағдайы орын алған жағдайларда алып тұру керек деп санаймыз. Сонымен қатар іс жүзінде қарызға алушы да өзінің несиелік тарихын тексеріп отыру керек, өйткені олар туралы банктер қандай ақпарат беріп отырғандығын өте айқын әрі жете түсіну қажет, себебі келешекте бұл ақпарат қайталап несие алу кезінде қаржылық мекемелердің шешімді қабылдауда қолданылады.
Клиенттер туралы
Бюро клиенттері - екінші деңгейлі банктердің барлығы. Банктерден басқа бұл - ипотекалық, лизингтік компаниялар, «ҚазМұнайГаз», «НК» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ, «Қазақстанның даму банкі» АҚ және тағы басқалар сияқты мемлекеттік институттардың бірқатары.
Қазір бюроның мәлімет қорында 19,5 миллиондай келісім-шарт бар. Несиелік тарихтың базалық қорында 5,5 миллион субъектілер бар, олар негізінен жеке тұлғалар.
Банк жағынан неселендіруден бас тарту жағдайда жеке тұлғалар көбінесе несиелік бюроны кінәлайды. «Қара тізімнен» алып тастауды өтініп қоңырау шалады, қорқытқан кез де болды... Бірақ бюро ешқандай «қара тізім» жүргізбейді, ешқандай шешім қабылдамайды және банкке ешқандай кеңес бермейді. Несиелік бюро түрлі банктер мен қаржы институттарынан ақпаратты алып, оны жинақтап, несиелік тарихты құрады. Осы ақпараттың негізінде қарыз беруші несие беруге болатындығын, болмайтындығын шешеді, кейде банктің менеджерлері оларға несиелік бюро бас тартты деп клиенттерге айтатын кездері болады, әрине, бұл клиенттер үшін жалған мәлімет болып табылады. Әрбір субъект дербес несиелік есепте бар ақпаратқа келіспеуіне болатындығын білу қажет, олар бұл ақпаратқа түзету енгізу туралы өтініш жазса ғана! Бюро оны оқи қарай отырып, банкке қарауына жібереді, банк растау дерегі бар болуы кезінде субъектінің несиелік тарихын өзгерте алады.