Сәуір айында ресейлік валюта долларға қатысты 13 пайызға ұлғайды деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. 1993 жылдан бері рубль дәл мұндай өсім көрсетпеген. Раллиді тоқтату үшін Орталық банк негізгі мөлшерлемені 14-тен 12,5 пайызға төмендетті. Бұл осы жылдағы үшінші төмендету деп жазады агенттік.
Сарапшылар 2010 жылдан бері ең үлкен бюджет тапшылығы болады деп болжап отыр. Инфляциялық қысымның азаюы билікке мемлекеттік қарызды жабуға кететін шығынды қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл құлдыраумен бетпе-бет келген ірі энерготасымалдаушылар үшін өте маңызды. "Рубль тым нығайып кеткеніне қарамастан, Орталық Банк оны әлсірету үшін тым қатаң әрекеттерге бармайды деп ойлаймын. Алдағы жазда рубль өздігінен әлсіреуі мүмкін", - деді Мәскеудегі Aricapital Asset Management басшысы Алексей Третьяков. БКС тобының акциялармен сауда бөлімінің басшысы Луис Саенздың болжамы бойынша, егер мұнайдың бағасы барреліне 60-65 доллар көлемінде болса, доллар рубльге қатысты 50-55 бағамында саудалана береді. Ол Brent маркасының бағасы өткен аптада 0,4 пайызға немесе 66,10 долларға дейін жоғарылағандығын атап өтті. Өткен жылы рубль әлемдегі ең нашар валюталардың қатарына кірді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, мұнай бағасының құлдырауы мен санкциялар режиміне байланысты рубль бағамы 41 пайызға әлсіреді. 16 желтоқсандағы "қара сейсенбіде" еуроның биржалық бағамы 100 рубль, доллар бағамы 80 рубльден асқан еді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024