Экономика
															Выбор редактора
							
							British Petroleum компаниясының табысы 20%-ға қысқарды
							
						 
													
						
						British Petroleum компаниясының табысы 20%-ға қысқарды, деп хабарлайды 24.kz.
Әлемдік ірі мұнай компанияларының ішінде өзінің шығынын ең соңғы болып көрсеткен British Petroleum компаниясы болды.
Белгілі болғандай, өткен жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін компания табысы 20%-ға қысқарған. Сол себепті компания басшылары инвестицияға жұмсалатын өндірістегі шығын мөлшерін 6 млрд долларға азайтты. «Бұл әлем нарығындағы мұнай бағасының құлдырауынан болып отыр», - дейді мамандар.
«Енді BP өз шығынын жіті бақылап отырады. Компания әлем нарығындағы мұнайдың жаңа бағасын қабылдауы тиіс»,- деді сарапшы Майкл Хьюсон.