Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

British Petroleum компаниясының табысы 20%-ға қысқарды

British Petroleum компаниясының табысы 20%-ға қысқарды

British Petroleum компаниясының табысы 20%-ға қысқарды, деп хабарлайды 24.kz.

Әлемдік ірі мұнай компанияларының ішінде өзінің шығынын ең соңғы болып көрсеткен British Petroleum компаниясы болды. Белгілі болғандай, өткен жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін компания табысы 20%-ға қысқарған. Сол себепті компания басшылары инвестицияға жұмсалатын өндірістегі шығын мөлшерін 6 млрд долларға азайтты. «Бұл әлем нарығындағы мұнай бағасының құлдырауынан болып отыр», - дейді мамандар. «Енді BP өз шығынын жіті бақылап отырады. Компания әлем нарығындағы мұнайдың жаңа бағасын қабылдауы тиіс»,- деді сарапшы Майкл Хьюсон.

Похожие материалы