Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының алғашқы жылы аяқталды. 2018 жылдың жазынан бастап іске қосылған мемлекеттік бағдарламаның бойынша не істелді, қандай жоба жүзеге асты, қанша кетті? 7kun.kz сараптап көрді.
«Зерде» Холдингі» АҚ деректеріне сәйкес, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық бюджеттен 16,37 млрд теңге бөлінді. Оның 99,8%-ы игерілген. Жоспарланған 120 іс-шараның 20-сы орындалды. 2018 жылы Цифрлық іс-шаралардан түскен экономикалық пайда 58,3 миллиард теңге болды.
1.«Экономика салаларын цифрландыру» бағыты бойынша «Индустрия 4.0» элементтерін енгізу есебінен өнеркәсіпте шығындар қысқарып, еңбек өнімділігі 10%-ға артты. 2018 жылы экономикалық тиімділік 22,9 млрд теңгені құрады. «Зияткерлік көлік жүйесі» (ЗКЖ) жобасының арқасында 279 жұмыс орны ашылды.
АӨК-ге нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлердің шығындарын 15-20%-ға төмендетуге және өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Дәнді-дақылдар сату бойынша электронды сауда жасау жүйесі іске қосылды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша электрондық сауда үлесі 2,9% болды.
2.«Цифрлық мемлекетке көшу» бағыты - бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру. Жалпы, электрондық еңбек биржасы арқылы 533 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. 100%-ға қағазсыз медициналық құжатарға көшу орындалды. Ал 64%-ы мектепке дейінгі ұйымдарда, балабақшаларға өтініш қабылдау электронды түрде жүзеге асырылуда.
Есептік кезеңде 752-ден 506 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды (67,3%), бұл қызмет көрсету мерзімін 12-ден 7 күнге дейін, яғни 40%-ға қысқартуға мүмкіндік берді. 2020-шы жылы бұл көрсеткішті 90%-ға жеткізу жоспарда бар.
2018 жылы ұлттық ақпараттық технологиялардағы ақпараттық жүйеге қолжетімділік индексі 99%-ды құрады. eGov.kz порталында қолданушылар 18,5 млрд теңгеге транзакцияларды жүзеге асырды.
2018-ші жылдың 1-ші сәуірінде «АСТАНА-1» деп аталатын ақпараттық жүйе өз жұмысын бастады. «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің арқасында кеден декларацияларын шығару бірнеше күннен 1 минутқа дейін қысқарды. Осы арқылы 680 мың электронды кеден декларациясы рәсімделген.
«Smart Aqkol» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асырылды. Аққөл еліміздегі бірінші «ақылды» қала атанады. Ол Астана қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан, халық саны - 13 мың.
3.«Цифрлық «Жібек жолын» іске асыру» бағыты бойынша КЖҚ үй желілерінің ену деңгейі енді 79%-ды құрайды. 2018 жылы барлығы 13,4 млн адам қамтитын 1530 елді мекен КЖИ-ке қосылды.
4.Адам капиталын дамыту үшін өткен жылы базалық цифрлық дағдыларға 714,7 мың адам және ШОБ оқытылды.
5.«Инновациялық экожүйені құру» бағыты аясында 2018 жылғы шілдеде «Венчурлік қаржыландыру туралы» заң қабылданды.
2018 жылы 6 қарашада - Astana Нub-тың ресми ашылуы болды. Ол бойынша өткен жылы екі акселерациялық бағдарлама өткізілді. 49 млн теңге инвестиция тартылды, 20 стартап-жоба іріктелді.
Қарастырылған кезеңде, отандық стартап жобаларға келген инвестициялар көлемі 14 млрд теңгені құрады.
Жалпы, 2018 жылы іске асырылған цифрлық іс-шаралар бойынша экономикалық тиімділік 218 млрд теңгеден асты. 43 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылған. Жоспар бойынша, 2018-2022 жылдары 300 мың жұмыс орны ашылуы керек.
Айта кетейік, бағдарлама аясында 2018-2022 жылдар аралығында 120 іс-шараны қолға алу жоспарланған. Оларды 5 бағыт бойынша жүзеге асыру көзделген: 1. «Экономика салаларын цифрландыру»; 2. «Цифрлық мемлекетке өту»; 3. «Цифрлық Жібек жолын іске асыру»; 4. «Адами капиталды дамыту»; 5. «Инновациялық экожүйені құру».
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024