Экономика
Выбор редактора
"Даму" Қоры мен әкімдіктер шағын және орта бизнес үшін 23,9 млрд теңге бөледі
"Даму" Қоры мен жергілікті атқарушы органдар аймақтардағы кәсіпкерлікті дамытуға 23,9 млрд теңге қаржы бөледі. Бұл туралы "Бәйтерек" холдингі төрағасының орынбасары Ләззат Ибрагимова үкімет отырысында мәлімдеді.
«2016 жылы "Даму" Қоры әкімдіктермен біріге отырып жергілікті кәсіпкерлерді қаржыландыруға 23,9 млрд теңге бөледі. Оның 13 млрд теңгесі қордан, 10,9 млрд теңгесі әкімдіктерден беріледі", - деді Ләззат Ибрагимова.
Ол "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 7 мың 419 кәсіпкерлік жобасы қолдау тапқанын атап өтті.
Жалпы «Даму» бағдарламасының қаражат үлесі экономиканың басым секторларында 13%-ды құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024